Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері, бағыттары — Философия (философияның) | iFREEstore

Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері, бағыттары

Ең басты ерекшелігі - саяси-практикалық сипатының басымдылығы, яғни философиялық ой мемлекет мүддесіне қызмет етті. Бұл ерекшелік сол кездегі Қытай қоғамының әлеуметтік құрылымынан, мемлекеттік саясаттан тікелей туындайды. Көне Қытай мемлекеті иерархиялық деспотия үстемдік қүрған мемлекет болды. Мемлекет басшысы ван барлық билік соның қолында, ол әлеуметтік конустың шыңында орналасқан. Одан кейінгі қабаттарда әр түрлі деңгейдегі ақсүйектер: мемлекеттік шенеуніктер - чжухоу беделді отбасылар - дафу және ши, ең төменде - ештеңеге құқы жоқ шужэнь орналасқан. Қатаң тәртіпке, ванға бағыныштылыққа негізделген осындай қоғамның философиясы, әрине, "жоғары" мен "теменнің" арасындағы қатынастарды қалыптастыруға, реттеуге, катаң ұстауға бағытталды.2) Осы бірінші ерекшеліктен Қытай философиясының келесі ерекшелігі туындайды: философиялық мектептердің барлығының дерлік қарастырған басты мәселесі - адам, оның бойындағы ізгілік және зұлымдық мәселесі болды. Қытай философиясы адамды Көк пен Жердің арасындағы он мың заттың ең құндысы деп танығанымен, бұл дүние адам үшін «жаратылмаған, адам - қарапайым "микрокосм", табиғаттың бір бөлшегі ғана, ол космоспен мыңдаған керінбейтін жіптермен байланысты деп түсіндірді. Яғни, адамның міндеті - осы жіптерді үзбей, жеке белсенділік көрсетпей, өзінен жоғарыға, өзінен үлкенге қызмет етіп, табиғат пен өмір ағынына еріп, тыныш өмір сүру, өзінің адамгершілігін жетілдіру жолында тынымсыз еңбектену. Себебі, бұл өмірде ең маңызды нәрсе - жеке адам емес, ол өмір сүріп отырған қоғам, мемлекет, ал жетілген қоғам жетілген адамгершілікке ие адамдардан құрылмақ деп түсіндірілді.3) Қытай философиясының да бастауы мифология болды деуге болады. Ежелгі мифтердің мазмұнындағы адамның адамгершілік келбетін жетілдіру, адам және қоғамның арасындағы қатынастарды реттеу мәселелеріне басты назар аударылды. Көптеген мифтік үғымдар Қытай философиясының негізгі философиялық категорияларының қалыптасуына айқындаушы ықпал етті.4) Натурфилософиялық мәселелер мардымсыздау талқыланды, бүл мәселелерді "инь-ян" мектебі немесе натурфилософтар, моистер және даосизм мектебінің өкілдері ғана қарастырды.Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші ғасырдың аяғында пайда болған Ежелгі Қытай философиясы кейінірек негізгі алты философиялық бағытқа — мектептерге бөлінді. Олар: конфуцийшылдық, моизм, заң мектебі (легистер), даосизм, тұрпайы философтар (натурфилософия) және атаулар мектебі.Конфуцийшылдық. Бұл философиялық ағымның пайда болуы және қалыптасуы осы ағымның негізін қалаушы Кун-фуц-зы, оның ізбасарлары Мэн-цзы жөне Сюнь-цзының есімдерімен тығыз байланысты. Кун-фу-цзының ілімінше, ең жоғары жаратушы күш — Аспан, ол жерде әділеттілік болуын қадағалап отырады. Ал қоғамдағы теңсіздік, әртүрлі сатыдағы топтардың болуы — ол әділеттілік. Мэн-цзы (б.д.д. 372—289 жж.) — Кун-фу-цзының ілімін әрі қарай жалғастыра отырып, Аспан (Көк) — объективтік қажеттілік, тағдыр ретінде жақсылықты қорғайды дей отырып, аспаннның еркі адамдардың жігер-еркі арқылы көрінеді деген пікір айтады. Осыдан келіп, ол: «Адамның табиғаты тек жақсылықтан жаратылған. Олай болса, ван (билеуші) халықты өз баласындай сүйсе, халық оны әкесінен жақсы көруі керек» деген тұжырым жасайды.Сюнь-цзы (б.д.д. 313 ж. — белгісіз) Аспан мен жерді барлық денелердің шығу тегі ретінде мойыңдаса да, тағдырды Аспанның жігер-еркі ретінде мойындамайды. Оның пікірінше, Аспанды қастерлеп, ол туралы ойланып отырғаннан горі керекті заттарды көбейтіп, Аспанның өзін бағындырған дұрыс.Лао-цзы (Ли Дань) - даосизм ілімін қалыптастырушы, біздің дәуірімізге дейінгі \/І-\/ ғасырларда өмір сүрген, кейінірек мифологиялық тұлғаға айналған. Қытай философиясы тарихында алатын орны ерекше. Оның ілімін зерттеушілер Лао-цзы Конфуцийдің замандасы болды, ал оның көзқарастары "Дао дэ цзин" шығармасында жинақталған, бұл шығарманы Лао-цзының шәкірттері жазған болуы да мүмкін деген болжам пікірлер айтады. Лао-цзы даоны болмыстың алғашқы себебі,

мәңгілік, езгермейтін бастауы деп түсіндірді. Адам ойлауда да, іс-әрекетінде де осы лзо жолын ұстануы, яғни "у -вэймен" айналысуы қажет. "У-вэй" " келісу" дегенді білдіреді, кейінірек "әрекетсіздік, ештеңеге араласпау" деген қазіргі мағынасында түсініле бастады.Даосизм (VI—V ғғ. б.д.д.). Бүл ілімнің негізін қалаушы б.д.д. VI ғ. өмір сүрген Лао-цзы деп есептеледі. Оның негізгі еңбегі — «Дао және дэ туралы кітап» («Дао дэ цин»). Даоцизм ілімі «дао» үғымына негізделген. Егер басқа қытайлық философиялық ағымдарда «дао» «жол» деген мағына берсе және ол Қытайдың дамуы-мен әдептілікті жетілудірудегі негізгі үғым болса, даосизмде «дао» — жалпы дүниетанымдық үғым. «Дао» — алғашқы бастама, алғашқы түпнегіз және Қытайдағы, Жердегі және Әлемдегі барлық құбылыстардың, денелердің бірлігі, соңғы сатысы. «Да-оның» алғашқы түпнегіз екенін мынадай сөздерден байқаймыз: «Дао — барлық заттардың анасы», «дао — барлық заттардың түп атасы», «Даоны аспан аясыңдағы империяның (Қытайдың) анасы деп есептеуге болады», т.б.Легистер (заңгерлер) Негізгі өкілдері Шан Ян (б.д.д IV ғ.), Хань-Фэй-цзы (шамамен б.д.д III ғ.). Легистер конфуцийшылдардың мемлекетті әдептілікке негізделген заңдарды жүзеге асыру арқылы басқару керек деген пікірлеріне қарсы болып, керісінше, мемлекетті тек қана заңға сүйеніп басқаруға болады, себебі «мейірімділік пен адамгершілік» — қылмысқа апаратын бірден-бір жол, ал шын қайырымдылық өзінің бастамасын жазалаудан алады деп уағыздайды. Сөйтіп, легистер ар-ожданның орнына қорқынышты дәріптейді.

← Предыдущая
Страница 1
Следующая →

Файл

filosofia1.docx

filosofia1.docx
Размер: 170.4 Кб

.

Пожаловаться на материал

У нас самая большая информационная база в рунете, поэтому Вы всегда можете найти походите запросы

Искать ещё по теме...

Эта тема принадлежит разделу:

Философия (философияның)

К данному материалу относятся разделы:

Л.Фейербахтың антропологиялық материализмі

Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері, бағыттары

Материализм және идеализм, оның түрлері

И.Кант іліміндегі таным мәселелері

Антикалық философияның ерекшеліктері, бағыттары.

Субстанция туралы түсінік, оның түрлері.

Онтология, болмыс формалары.

Дүниетанымның тарихи түрлері, ерекшеліктері.

Диалектика және метафизика.

ХІІІ ғ француз материалистерінің көзқарастары.

Жаңа заман философиясының басты ерекшеліктері.

Орыс философиясының ұстанымдары.

“Менің білетінім, ештеңе білмейтінім” афоризмінің мағынасы.

Н.Маккиавеллидің мемлекет туралы философиялық көзқарастары.

Антикалық философияның классикалық кезеңі.

Креационизм, теоцентризм, догматизм ұғымдарының мағынасын анықтау

Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері, бағыттары.

Әл-Фарабидің саяси-әлеуметтік көзқарастары

Космоцентризм, перипатетизм, номинализм ұғымдарының анықтамасы.

Гегельдің абсолюттік идеализмі.

Ортағасыр христиан философиясының ерекшеліктері, бағыттары.

“Бір өзенге екі рет түсуге болмайды” афоризмінің анықтамасы.

Марксизм философиясы.

Ортағасыр араб-мұсылман философиясының ерекшеліктері, бағыттары.

Гуманизм, антропоцентризм, гелиоцентризм, пантеизм ұғымдарының анықтамасы.

Жаңа заман философиясының бағыттары.

Ибн-Рушд философиясындағы “қос ақиқат” ілімі.

Номинализм, реализм, схоластика, патристика ұғымдарының анықтамасы.

Қазақ дүниетанымының ерекшеліктері.

Ренессанс философиясының бағыттары.

Материя, оның өмір сүру формалары мен тәсілдері.

Ортағасыр араб-мұсылман философиясы.

ХІХ ғ иррационализм философиясы: А.Шопенгауэр, С.Кьеркегор.

Рационализм, эмпиризм, сенсуализм ұғымдарының анықтамасы.

Философияның негізгі мәселесі.

Қазақ ағартушыларының саяси-әлеуметтік көзқарастары.

Дж.Локктың “таза тақта” концепциясы.

Платон және Аристотель философиясы.

Ибн Рушдтың “қос ақиқат” ілімі.

Эпистемология ілімінің әдістері, таным формалары.

Қытай философиясының мектептері: конфуций, даосизм, легизм.

Утопиялық философия: Т.Мор, Т.Кампанелла.

Абайдың “қара сөздерінің” философиялық мәні.

Ахмет Йассауидің суфизм іліміндегі сенім мен білім мәселесі.

Үнді философиясындағы астика және настика.

Платонның “эйдос әлемі”-“үңгір туралы аңыз”.

Буддизм ілімі, 4 ақиқат, 8 шарты.

Фараби іліміндегі адам және әлем мәселесі.

“Адам-барлық заттың өлшемі” афоризмін талдау.

ХХ ғ Батыс философиясының бағыттары мен ілімдері.

Антикалық философияның эллинистік кезеңі.

Деизм, теизм, атеизм, политеизм, монотеизм.

Психоанализ философиясы: З.Фрейд, К.Юнг ілімдері.

Ибн Рушдтың қос ақиқат ілімі.

Диалектикалық және тарихи материализм.

Көне Шығыс философиясы: Үнді және Қытай философиясы.

Ақын-жыраулар философиясы.

Танымдағы ақиқат мәселесі.

Ортағасыр христиан философиясы: ерекшеліктері мен ұстанымдары.

Конфуций ілімінің тәрбиелік мәні.

Догматизм, релятивизм, абсолютизм ұғымдарының анықтамасы.

Ортағасыр мұсылман философиясындағы мутаккалимдер мен мутазалиттер.

Дүниетанымның тарихи түрлері, ерекшеліктері.

Экзистенциализм ұғымының негізгі қағидалары.

Диалектика заңдары,категориялары.

Неміс классикалық философиясының ерекшеліктері.

Философияның пәні, мәселесі, қызметтері.

Материяның басты атрибуттары: қозғалыс, өзіндік құрылым, бейнелену.

Қайта өрлеу дәуірі философиясының ерекшеліктері.

Философияның дүниетанымдық және әдістемелік қызметтері.

Похожие материалы:

Определение наилучшей альтернативы с помощью МАИ

Правозащитная деятельность в Египте

Российский Университет Дружбы Народов Статья по дисциплине «Права и свободы личности на Арабском востоке»

Анализ результатов социологического исследования профессионального самоопределения школьников

В основу социологического анализа положены результаты анкетного опроса учащихся 9-х и 11-х классов общеобразовательных учебных заведений г. Новосибирска.

Центральний банк України: Національний банк України (НБУ)

Основні функції НБУ. Виникнення НБУ. Грошова маса. Кредитно-фінансова система країни. Аналіз зміни руху грошей. Причини збільшення грошової маси.

Анафилактический шок

Анафилактический шок — аллергическая реакция немедленного типа, состояние резко повышенной чувствительности организма, развивающееся при повторном введении чужеродных белков и сывороток, медикаментов, при укусе перепончатокрылых