Көне Шығыс философиясы: Үнді және Қытай философиясы. — Философия (философияның) | iFREEstore

Көне Шығыс философиясы: Үнді және Қытай философиясы.

Ежелгі Үнді философиясының бастауы - біздің дәуірімізге дейінгі II және I мыңжылдықтарда қалыптасқан Ведалар, олар тек Үнді елінің ғана емес, бүкіл адамзаттың көне әдеби ескерткіштері болып саналады. Ведалар 4 бөліктен тұрады:Самхиттер - кұдайларға арналған гимндер жинағы; олардың ең көнесі Ригведалар құдайларға арналған 1028 гимннен тұрады;Брахмандар - діни салт өлеңдер жинағы, философиялық маңызы аса зор болмаса да, Самхиттер мен Упанишадалардың арасын байланыстырып тұр.Аранъяктар - "Орман кітаптары" - қоғамнан бөлектенушілерге немесе орман кеңістігінде ақиқат пен табиғат туралы ойға берілушілерге арналған ережелер жинағы. Қоғамнан бөлектенудің өзі "іс-әрекет жолынан" "білім жолына", тереңірек пайымдау жолына көшу дегенді білдіреді, яғни Араньяктарда дүниетанымдық мазмұн басымырақ бола бастайды.Упанишадалар - философиялық мазмұны терең, рационалистік сипаты басым негізгі бөлім, Ведаларды аяқтаушы болғандықтан кейде веданта ("Ведалардың соңы") деп аталады. Upani-sad ("қасында отыру"), яғни ұстаздың аяғының жанында отырып, уағыз тындау, "жұмбақ білім" дегенді білдіреді. Упанишадалар - ұстаздың шәкіртпен диалог әңгімесі, оның тақырыбы - болмыстың алғашқы бастауы, сол арқылы табиғат пен адамның бойындағы құбылыстар түсіндіріледі. Көне Үнді философиясының негізгі ұғымдары.Көне Үнді философиясын зерттеуші ғалымдар ежелгі Үнді философиясының терминологиясы аударуға қиын, бір ұғымның өзі бірнеше мағынаны береді деп ескертеді.Үнді философиясының негізгі ұғымдарының мазмұны туралы жалпы түсінік беріп қарайық. Карма - "іс-әрекет". Ең мардымсыз деген іс-әрекеттің өзі бүкіл өмір ағымына әсер етеді де, бұл себеп, - жақын уақытта болсын, не біраз уақыт өткен соң болсын, - міндетті түрде салдар туғызады, ол жақсы немесе жаман болуы мүмкін. Жағымды істердің нәтижесінде бақыт пайда болады, ал жағымсыз істер азап, қасірет әкеледі. Осы адамгершілік заңдылығы карма деп аталады.Нирвана -"жоғалу", "сөну", Күнделікті өмір - бітпейтін қүйбең тіршілікке, азап-қасіретке толы бақытсыз болмыс, ал нирвана - осы азап-қасірет шегуден, карма заңының негізінде қайта туылудан құтылып, сананың өшуі, болмыстың арамдықтан тазаруы.Сансара - азап-қасіретке толы қайта туылудың, өмір мен өлімнің үздіксіз процесі. Сансараның тамыры - білместікте, сондықтан одан құтылу жолы - нирванаға ену.Қытай философиясы өз бастауын біздің дәуірімізге дейінгі VIII -VI ғасырлардан алып, тарихи даму барысында көптеген философиялық мектептер мен бағыттарды, ғұлама философтарды дүниеге әкелді.Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері:1) Ең басты ерекшелігі - саяси-практикалық сипатының басымдылығы, яғни философиялық ой мемлекет мүддесіне қызмет етті. Бұл ерекшелік сол кездегі Қытай қоғамының әлеуметтік құрылымынан, мемлекеттік саясаттан тікедей туындайды. Көне Қытай-мемлекеті иерархиялық неспотия үстемдік Құрған мемлекет болды. Мемлекет басшысы вая, барлык билік соның қолында, ол әлеуметтік конустың шыңында орналасқан.2)Осы бірінші ерекшеліктен Қытай философиясының келесі ерекшелігі туындайды: философиялық мектептердің барлығының дерлік қарастырған басты мәселесі - адам, оның бойындағы ізгілік және зұлымдық мәселесі болды. Қытай философиясы адамды Көк пен Жердің арасындағы он мың заттың ең құндысы деп танығанымен, бұл дүние адам үшін жаратылмаған, адам - қарапайым “микрокосм”, Табиғаттың бір бөлшегі ғана, ол космоспен мыңдаған көрінбейтін жіптермен байланысты деп түсіндірді.3)Қытай философиясының да бастауы мифология болды деуге болады. Ежелгі мифтердің мазмұнындағы адамның адамгершілік келбетін жетілдіру, адам және қоғамның арасындағы қатынастарды реттеу мәселелеріне басты назар аударылды. Көптеген мифтік ұғымдар Қытай философиясының негізгі философиялық категорияларының қалыптасуына айқындаушы ықпал етті.Натурфилософиялық мәселелер мардымсыздау талқыланды, бұл мәселелерді "инь-ян" мектебі немесе натурфилософтар, моистер және даосизм мектебінің өкілдері ғана қарастырды. Көне Қытайдың негізгі философиялық ескерткіштері: "И цзйн" - "Өзгерістер кітабы", "Ши цзин" - "Өлеңдер кітабы", "Шу цзин" - "Тарих кітабы". Көне Қытай философиясының негізгі мектептері: Конфуций мектебі, даосизм, легизм, моиз, натурфилософия және номиналистер мектебі.
← Предыдущая
Страница 1
Следующая →

Файл

filosofia1.docx

filosofia1.docx
Размер: 170.4 Кб

.

Пожаловаться на материал

У нас самая большая информационная база в рунете, поэтому Вы всегда можете найти походите запросы

Искать ещё по теме...

Эта тема принадлежит разделу:

Философия (философияның)

К данному материалу относятся разделы:

Л.Фейербахтың антропологиялық материализмі

Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері, бағыттары

Материализм және идеализм, оның түрлері

И.Кант іліміндегі таным мәселелері

Антикалық философияның ерекшеліктері, бағыттары.

Субстанция туралы түсінік, оның түрлері.

Онтология, болмыс формалары.

Дүниетанымның тарихи түрлері, ерекшеліктері.

Диалектика және метафизика.

ХІІІ ғ француз материалистерінің көзқарастары.

Жаңа заман философиясының басты ерекшеліктері.

Орыс философиясының ұстанымдары.

“Менің білетінім, ештеңе білмейтінім” афоризмінің мағынасы.

Н.Маккиавеллидің мемлекет туралы философиялық көзқарастары.

Антикалық философияның классикалық кезеңі.

Креационизм, теоцентризм, догматизм ұғымдарының мағынасын анықтау

Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері, бағыттары.

Әл-Фарабидің саяси-әлеуметтік көзқарастары

Космоцентризм, перипатетизм, номинализм ұғымдарының анықтамасы.

Гегельдің абсолюттік идеализмі.

Ортағасыр христиан философиясының ерекшеліктері, бағыттары.

“Бір өзенге екі рет түсуге болмайды” афоризмінің анықтамасы.

Марксизм философиясы.

Ортағасыр араб-мұсылман философиясының ерекшеліктері, бағыттары.

Гуманизм, антропоцентризм, гелиоцентризм, пантеизм ұғымдарының анықтамасы.

Жаңа заман философиясының бағыттары.

Ибн-Рушд философиясындағы “қос ақиқат” ілімі.

Номинализм, реализм, схоластика, патристика ұғымдарының анықтамасы.

Қазақ дүниетанымының ерекшеліктері.

Ренессанс философиясының бағыттары.

Материя, оның өмір сүру формалары мен тәсілдері.

Ортағасыр араб-мұсылман философиясы.

ХІХ ғ иррационализм философиясы: А.Шопенгауэр, С.Кьеркегор.

Рационализм, эмпиризм, сенсуализм ұғымдарының анықтамасы.

Философияның негізгі мәселесі.

Қазақ ағартушыларының саяси-әлеуметтік көзқарастары.

Дж.Локктың “таза тақта” концепциясы.

Платон және Аристотель философиясы.

Ибн Рушдтың “қос ақиқат” ілімі.

Эпистемология ілімінің әдістері, таным формалары.

Қытай философиясының мектептері: конфуций, даосизм, легизм.

Утопиялық философия: Т.Мор, Т.Кампанелла.

Абайдың “қара сөздерінің” философиялық мәні.

Ахмет Йассауидің суфизм іліміндегі сенім мен білім мәселесі.

Үнді философиясындағы астика және настика.

Платонның “эйдос әлемі”-“үңгір туралы аңыз”.

Буддизм ілімі, 4 ақиқат, 8 шарты.

Фараби іліміндегі адам және әлем мәселесі.

“Адам-барлық заттың өлшемі” афоризмін талдау.

ХХ ғ Батыс философиясының бағыттары мен ілімдері.

Антикалық философияның эллинистік кезеңі.

Деизм, теизм, атеизм, политеизм, монотеизм.

Психоанализ философиясы: З.Фрейд, К.Юнг ілімдері.

Ибн Рушдтың қос ақиқат ілімі.

Диалектикалық және тарихи материализм.

Көне Шығыс философиясы: Үнді және Қытай философиясы.

Ақын-жыраулар философиясы.

Танымдағы ақиқат мәселесі.

Ортағасыр христиан философиясы: ерекшеліктері мен ұстанымдары.

Конфуций ілімінің тәрбиелік мәні.

Догматизм, релятивизм, абсолютизм ұғымдарының анықтамасы.

Ортағасыр мұсылман философиясындағы мутаккалимдер мен мутазалиттер.

Дүниетанымның тарихи түрлері, ерекшеліктері.

Экзистенциализм ұғымының негізгі қағидалары.

Диалектика заңдары,категориялары.

Неміс классикалық философиясының ерекшеліктері.

Философияның пәні, мәселесі, қызметтері.

Материяның басты атрибуттары: қозғалыс, өзіндік құрылым, бейнелену.

Қайта өрлеу дәуірі философиясының ерекшеліктері.

Философияның дүниетанымдық және әдістемелік қызметтері.

Похожие материалы:

Вопросы к зачету по физической и коллоидной химии для студентов агрономического факультета

Храм усіх богів –Пантеон. Практичне заняття

Интервальные ряды с неравными интервалами

Условия применения рядов с равными интервалами. Правила построения интервальных рядов с равными и неравными интервалами.

Ценообразование

Ценообразование методические рекомендации и задания к домашней контрольной работе для учащихся заочной формы обучения специальности «Экономика и организация производства».

Сочинения по литературе 10 класс, второе полугодие.