ТІЛ ДЫБЫСТАРЫНЫҢ ЖАСАЛУЫ

ТІЛ ДЫБЫСТАРЫНЫҢ ЖАСАЛУЫ

Дыбыстың жасалуы. Ритмикалық дірілдің нәтижесінде тон мен мұрын қуысын толтырып тұратын дауыс шымылдығы мен ауаның дірілі жатады. Ритмикалық дірілдің нәтижесінде салдыр пайда болады. Бұған еріннің, тілдің, кішкене тілдің дірілі және сөйлеу мүшелерінің біріне – бірінің жуықтасып немесе түйісіп тұруынан жасалған дыбыстар жатады.

Дыбыстардың жасалуы үшін резонанс (француз тілінің resonance – «жаңғырық» деген сөзінен алынған) айрықша қызмет атқарады. Резонанс жан-жағы тұйықталып бітелген ауа бар жерде (үрлеп ойнау аспаптарындағы қуыс, шекті аспаптардың декадасы, ауыз қуысы, мұрын қуысы) пайда болады.

Тіл дыбыстары адамның уақыт пен кеңістікте өмір сүріп, белгілі бір заңдылықтар бойынша дамитын табиғи тілінің (жасанды және жануарлар тілінен бөлек) ойды білдірудегі атқаратын қызмет жиынтығы. Олар, адам мен қоғам арасындағы әлеуметтік қарым – қатынасты (сөйлеу, есту, жазу, оқу) реттейтін ең маңызды байланыс құралы болып табылады. Тіл дыбыстары, өз қызметін белгілі бір ережелер негізінде дыбыстар тіркесінен тұратын сөздер мен сөйлемдер арқылы жүзеге асырады.

Мысалы: Сен едің базарым (Абай). 

Осы сөйлемде бірінші сөз (сен) үш дыбыстан (с – е – н), екінші сөз (едің) төрт дыбыстан (е – д – і – ң), үшінші сөз  (базарым) жеті дыбыстан (б – а – з – а – р – ы – м) құралған.

Тіл дыбыстары сөйлеу мүшелері арқылы жасалады. Тіл дыбыстарын және олардың артикуляциялық жақтарын түсіну үшін сөйлеу мүшелері мен олардың әрқайсысының қызметін жете білу қажет.

Тіл дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстаушы мүшелердің қызметін артикуляция дейді. Белгілі халықтың сөйлеу мүшелерінің дыбыс шығарудағы атқаратын қызметінің қалыптасқан дағдысын сол тілдің артикуляциялық базасы деп атайды.

Тіл дыбыстары тәуелсіз үш: артикуляциялық (физиологиялық), акустикалық (физикалық) және функционалдық (лингвистикалық) тапқа бөлініп, жасалым, айтылым, естілім және қолданылым тұрғыларында қарастырылады.

Кез келген тіл дыбыстарының нышандарын анықтайтын мынадай шарттар бар:

- бірмәнділік - тіл дыбыстарының бірмәнді анықталатындығын талап етеді;

- тұлғалылық – артикуляциялық орында пайда болу сапасының табиғи тұрақтылығын, әрі баламасыз жеке даралығын байқатады;

- тіркесімділік – тіл дыбыстарының тіркесе алатындығын, әрі тіркесе келе үздікті тізбек құрайтындығын көрсетеді;

- ықпалдылық - туынды мәннің пайда болу ықтималдығын қамтамасыз етеді;

- түрлендірімділік – туынды мәннің пайда болуы сөз тұлғасын түрлендіруге ықпал ететіндігін көрсетеді;

- сапалылық – тіл дыбыстарының лингвистикалық қолданбалылығын көрсетеді.                                                

Тіл дыбыстары дауысты және дауыссыз дыбыстар болып екіге бөлінеді.

ДЫБЫС, Ә Р І П, ФОНЕМА

Сөздің айтылуы бар да, жазылуы бар. Әдетте, мынадай көзқарас кездеседі: шын тіл — жазылған (көзбен көріп отырған) тіл, яғни сөзді қатесіз етіп жазу және жазылуындай етіп оқу. Ал, айту (сөйлеу) оның шылауында кете береді. Тілдің фонетикалық құрылысын дұрыс меңгеру үшін алдымен осындай қате түсініктен арылу керек.

Дұрысының өзі жазудан гөрі айту әлдеқайда маңызды. Басқаны айтпағанда, әрбір адам алдымен сөйлеуді үйренеді де, содан соң жазуға көшеді. Күнделікті өмірде де адамның сөзді жазуынан гөрі айтуы, оқуынан гөрі тыңдауы көп орын алады. Тіпті үндемей ойлау, оқу, жазудың өзі де дыбыстарды іштей айтумен байланысты. Олай болатыны, сөздің өмір сүру формасы — дыбыс. Әріп — сол дыбысқа берілген шартты таңба. Бір ғана дыбысты әр түрлі (мәселен, д, d, > т. б.) өрнектей беруге болады. Өзімізге мектептен таныс қағида: дыбысты айтамыз және есітеміз, ал әріпті жазамыз және көреміз. Әріпті оқу, айналып келгенде, дыбысты айту болып шығады.

А. Байтұрсынов өзінің “Тіл — құрал” деп.аталатын еңбегінде осыны айрықша қадағалап айтқан: “Дыбыс таңбасын қарып деп атаймыз. Сондықтан жазған сөз ішінде пәлен қарып бар дейміз. Айтқан сөз ішінде пәлен дыбыс бар дейміз. Дыбыс пен қарып екеуі екі басқа нәрсе. Біріне бірін қатыстырып, шатыстырмасқа тиіс. Дыбыс естілетің, көзге көрінбейтін нәрсе, қарып көрінетін, естілмейтін нәрсе” [6, 10]. Содан бері 70 жыл өтті. Алайда осы бір қарапайым қағиданы әлі күнге пайымдай алмай келеміз.

Әріп пен дыбысты шатыстыруға әсте болмайды. Әріп кейде жеке дыбысқа сәйкес келсе (мәселен а, э, ұ, ү), кейде бір әріп (мәселен ю, я) бірнеше дыбыстын. қосындысын (йұу, йүу, йа) өрнектейді. Керісінше, кейбір әріптердің (ь, ъ) дыбыстық мәні жоқ.

Әріп пен дыбыстын. бір-біріне ылғи да сәйкес келе бермеуі сөздің жазылуы мен айтылуының арасында ала-құлалық тудырады. Мәселен, адам, ана, жер, кісі, ойла, ат, қара, қызыл, кел, ескер; мен т. б. сөздердің жазылуы мен айтылуы бір-біріне жуық. Ал оқы, ойланба, тонға, басшы, көзсіз дегендер айтуда оқұ, ойламба, тоңға, башшы, көссүз түрінде болады. Әңгіме дыбыс туралы болған кезде әр кез сөздің айтылуы ескеріледі.

Тіл дыбыстары — адамның дыбыстау мүшелерінін, қызметінің жемісі. Дыбыс — тілдің бір жақты единицасы: дыбысталады, бірақ мағынасы жоқ. Ал олардың белгілі бір тілде қалыптасқан тіркестері мағыналы сөздерді білдіреді. Олай болса, дыбыстар — тілдің мағыналы единицалары сөз бен морфемаларды (сөз бөлшектерін) құрастыратын материалдар қызметін атқарады.

Сөздер мен морфемаларды құрастыру үшін әр тіл өзінде бар толып жатқан дыбыстардың ішінен санаулы ғана дыбыстар типтерін (түрлерін) пайдаланады. Дыбыстық құрамының арқасында бас, көз, жер, су, адам, үй, қоян, сиыр, ауыл, қала сияқты сөздерді бір-бірімен шатастырмай, мағынасын дұрыс түсінеміз. Олай болатын болса, дыбыстар (дыбыстар типі) сөзді тануға қызмет етеді.

Қазақ тілінен хабары бар әрбір адам бал, мал, қал, жал, сал, тал; жай, жақ, жап, жар, жас, жат, жау; бар, бер, бор, бұр, бүр, бір сияқты дыбыс тіркестерінің әр

түрлі сөздер екенін бірден ажыратады. Өйткені бұларда бір-біріне үқсамайтын дыбыстар бар. Егер бір ғана сөзді (мал) тіліміздің заңына сәйкес түрлендіретін болсақ (малы, малды, малым т. б.) онда бір сөзден әр түрлі форма өрбиді де, дыбыстар оларды бір-бірінен ажыратуға тағы да тірек болады.

Қысқасы, тіл дыбыстары сөздер мен морфемаларды құрастыруға, (жасауға), тануға (түсінуге), ажыратуға қызмет етеді. Бүл, дұрысы, фонемалардың негізгі қызметі (функциясы).

Фонема деген не? -

Фонема (гр. рһопёта — дыбыс)— сөздер мен морфемаларды бір-бірінен мағына және форма жағынан ажыратуға септігі бар тілдің ең кішкене функционалды единицасы.

Тілде әдетте біз ойлағаннан әлдеқайда көп әр турлі дыбыстар бар, олар әрбір жеке тілде сөздердің мағыналары мен формаларын ажырата алатындай санаулы ғана дыбыстар типіне, фонемаларға топтастырылады. Мәселен, ат, ет, от, өт, деген сөздерде біздің түсінігімізше бір-ақ т дыбысы бар.

Шынтуайтқа келгенде, дауысты дыбыстардың әсерімен ол (т дыбысы) бірде жуан (ат, от), бірде жіңішке (ет, өт), бірде еріндік (от, өт), бірде езулік-(аг, ет) болып, біршама ауытқу ерекше-ліктерімен айтылады да, қызметіне қарай бір-ақ фонема деп танылады. Бір дыбыстың айтылуындағы мұндай ауытқу, реңк тіл білімінде аллофон (гр. аllоs — басқа) делінеді. Сондыктан сөз дыбыс емес, фонемадан құралады десе де болады.

Фонема туралы ілімнің алғаш (1870) негізін салған — орыс және поляк тілін зерттеуші И. А. Бодуэн де Куртенэ [47, 31]. Осы уақытқа дейін туркологияда, соның ішінде қазак тіл білімінде де фонема өз қолдауын тауып келеді. Тіліміздің дыбыстық жүйесін тыңғылықты зерттеп жүрген Ә. Жүнісбеков осы үғымның түркі тілдерінің табиғатына аса үйлесімді еместігін түркологтардың ішінде алғаш аңғарды [44, 60]. Ол индоевропа тілдеріндегі фонемаға оңтүстік-шығыс тілдерінде тонема сәйкес келетінін, ал құрылым-жүйесі бұлардан мүлдем бөлек, түркі тілдерінде бұған сингармема деген атаудың лайықты болатыныкн дәлелдеді [45, 6]. Мұның өзі біздің тіліміздегі ең күшті заң — сингармонизмнен туындайтынын аңғару киын емес.

Алда Ә. Жунісбековтің есімі әлденеше рет қайталанатын болады. Ол фонетика саласындағы тұңғыш ғылым докторы [42—45]. Ғалым тіліміздегі дыбыстардын. саны мен сапасы, сингармонизмнің сипаты, әсіресе, сөз екпіні жайында түркологияда қалыптасқан қасаң қағидадан өзгешелеу, соны сүрлеуімен ерекшеленеді. Бұл сүрлеу даңғыл жолға айналуға тиіс. Түбінде солай болады да. Әзірше өзімізге мектептен үйреншікті дыбысты пайдаланамыз.

Қазақ тілінде дыбыстардың айтылуындағы. ауытқулардың сөздің мағынасы мен формасына әсері жоқ деуге болады. Сондықтан да дыбыс пен фонема бірінің орнына бірі синоним ретінде қолданыла береді. Орыс тілінде олай емес, дауыссыздардын, жуан, жіңішке айтылуының (угол — уголь, стол — столь, мел — мель, тол — толь, кол — коль, кон — конь т. б.) сөз мағынасына әсері болады. Сондықтан олар бас-басына жеке фонема болады.

ҚАЗАҚ ТІЛІ ДЫБЫСТАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ТҮРЛЕРІ

Дыбыстардың құрамы

Қазақ тілінің белгілі дыбыстық құрамы бар. Қазақ тіліндегі 28 дыбыс дауысты және дауыссыз болып екі үлкен топқа бөлінеді. Оның ішінде дауыстысы – 9 дыбыс-фонема; дауыссызы – 19 дыбыс-фонема. Тілдегі дыбыстардың мұндай екі топқа бөлінуі олардың жасалуына үн (тон) мен салдырдың қатысына байланысты.

Үн өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырамай еркін шығуынан пайда болады.

Салдыр өкпеден шыққан ауаның сөйлеу мүшелерінің біріне соқтығып, кедергіге ұшырауынан пайда болады.

Осы үн мен салдырдың дыбысқа қатысуына қарай тілдегі дыбыстар дауысты және дауыссыз болып келеді.

ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАРДЫҢ ЖАСАЛУЫ)

Қазіргі қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың саны, сапасы жөнінде әлі күнге бірізділік болмай келеді. Мұның өзі дауыстыларды оқытуда, оларды танып-білуде ала-қүлалық тудырып, көп қиындық келтіріп жүр. Тіліміздегі әр түрлі фонетикалық заңдылықтарды (сингармонизм, буын екпін т. б.) дүрыс меңгеру алдымен дауысты дыбыстарды нақты білумен байланысты.

А. Байтұрсынов: “Қазақ тілінде 24 дыбыс бар. Дыбыстар дауысты, дауыссыз болады. Соған қарай таңбалары да дауысты, дауыссыз болып бөлінеді” [6, 11] — дейді де, олардың бесеуі дауыстылардың таңбасы деп көрсетеді. Мұның езі сол кездегі араб графикасының мүмкіндігіне негізделген..

Жалпы ертелі-кеш жарық көрген оқулықтар мен зерттеулерде қазақ тіліндегі дауіыстылардың саны жеті [13, 172], сегіз [46, 2], тоғыз [58, 11; 48, 15; 42—45; 35, 17], он бір [19, 103; 3, 225; 36, 82; 39, 37; 9, 18; 11, 13], он екі [29, 30; 37, 34; 4, 4], он үш [52, 3], он төрт [1], он бес [14, 97; 10, 10; 5, 11; 23, 6] болып келеді.

Қазақ тілінің байырғы төл сөздерінің құрамында тоғыз (а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і) дауысты дыбыс барлығы (мұның өзі жоғарыдағы пікірлердің бәріне ортақ) ешқандай дау тудырмайды. Бұл дауыстылар әсіресе тіліміздің кешегі В. В. Радлов, П. М. Мелиоранский сипаттайтын тұсына толық сай келеді.

Алайда қазіргі қалпын таныта алмайды.

Бүгінде тіліміздің сөздік құрамы күрт дамыды. “Қазақ тілінің орфографиялық сөздігіне” (1978) енген сөздердің 20 процентке жуығы орыс тілінен және орыс тілі арқылы енген халықаралық сөздер. Оларды біз орыс тіліндегідей жазып, айтып жүрміз. Бұл сөздерді айтуда біздің әлгі тоғыз дауыстымыз кейде әжетке жарағанмен, көбіне дәрменсіз болып қалары аян. Олай болса, қазіргі қазақ тіліндегі дауыстылар туралы айтқанда, осы тоғызбен шектелуге әсте болмайды.

Қазіргі.тілімізде он бір, он екі дауысты бар деушілер щындыққа жақын тұр. Бұлардың біріншісіне екіншісшің қосқаны — тек э дыбысы. Қалған жағдайда іштей жіктеу, сипаттауға келгенде бір-бірімен үндесіп жатады. Екі топқа да тән үлкен жаңсақтық — қазақтың байырғы сөздерінің құрамында и, у (мысалы: бу, су, ки, қи, т. б.) дауысты дыбыстары кездеседі деп қарауы. Бір қызығы, зерттеушілер мен оқулық авторларының көбісі бұл екі әріптің әрқайсысы екі дыбыстың ұу, үу.ыу, іу, ый, ій, қосындысы екенін біле отырып, дауыстыға жатқызып жүр. Жатқызып қана қоймай, оларды ( и, у әріптерін) дифтонг, дифтонгоид деп дәлелдеуге тырысады [19, 111— 112; 3,223].

Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарды эксперименттік жолмен зерттеп жүрген Ә. Жүнісбеков және басқа ғалымдар байырғы сөздеріміздің құрамында кездесетін осы екі (и, у) әріпті дауысты дыбыстар деп қарамайды [42-45; 24-25; 35].

Мұндай дауыстылар бар десек, басқаны айтпағанда тіліміздің екі үлкен заңының түп-тамырына балта шапқан болар едік. Біріншіден, сөздердің құрамында екі дауысты қатар тұра беретін болады: суы, буын, келуі, миы, тиын, тиін. Екіншіден, сөз ішінде буын дауыстыдан басталып (бару-ым, келу-ін, оқи-ын, су-ық) және дауысты жеке буын құрайтын (су-ы, бару-ы, келу-і, қи-ы.) болады. Мұның екеуі де тіліміздің табиғатына қайшы екенін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. И, у байырғы сөздеріміздің құрамында дыбыс бола алмайтыны Ә. Жүнісбеков еңбектерінде әбден дәлелденген.

Ал қазақ тілінде 15 дауысты бар дейтін пікір тіпті де сын көтермейді. Бұл дыбыс пен әріпті шатастырудын нәтижесі ғана.

Қысқасы, қазіргі қазақ тіліндегі дауыстылардын саны, сапасы

дейтін мәселеге қолда бар оқулықтар мен зерттеулердің бірде-біреуі толық жауап бере алмаса керек. Сондықтан алдымен тіліміздегі дауыстыларды сан жағынан айқындап алу керек болады.

Біріншіден, қазақ тілінің байырғы сөздерінің құрамында тоғыз дауысты дыбыс бар екені рас.

Екіншіден, орыс тілінен және орыс тілі арқылы енген сөздердің дыбыстық құрамын ескеру қажет, Ескеріп қана қоймай, олардың табиғатын терең танып, төл дыбыстарымызбен бірдей қарауымыз керек.

Қазіргі орыс тілінің дауыссыздары төл дыбыстарымызға айналды. Тіпті байырғы сөздеріміздің өзін в, ф, х дыбыстарымен (орфоэпиялық сөздіктерді қараңыз) айтып жүрміз.

Ал орыс тілінін. дауыстыларын танып игеруде онша бір ауыздылық жоқ. Дауыстыларымыздың санындағы ала-қүлалықтың өзі алдымен осымен байланысты. Егер саусакпен санарлық сөздердің құрамында (қаһар, гауһар, жаһан) үшырайтын һ өз алдына дербес дыбыс деп танытатын болса, тіліміздегі мыңдаған сөздердің қүрамында кездесетін орыс тілі дауыстыларынын әрқайсысы фонетикамыздан өз паспорттарын алатын уақыт жетті. Сондықтан да қазіргі қазақ тілінің дыбыс жүйесі сөз болған кезде оларға да лайықты орын берілуге тиіс.

Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала: “Дауысты дыбыстар мыналар: а, ә, е, ё, и, о, в, у, ү, ұ, ы, і, э, ю,я [5, 11] —деп үйренеді. “Бұлардың ішінде орыс тілінен енген дауысты дыбыстар мыналар; ё, э, ю, я” [23, 6] Сонда орыс тілінде қанша дауысты фонема болғаны?

Орыс тілінің академиялық грамматикасының айтуынша, негізгі дауысты фонемалар: и, у, е, о, а [51, 76]. Рас, бірсыпыра оқулық, зерттеулерде бұларға ы дыбысында қосады [47.] Әлгі аталған грамматикада мүның өз алдына фонема бола алмайтындығы, тек и фонемасынын бір (жуан) түрі ғана екені айтылған (51, 70).

Орыс тіліндегі дауыстылар сан жағынан аз болғанмен, сапа жағынан аса күрделі. Қазақ тілінің байырғы дауыстыларынан ерекшелігі — олардың дауыссыз дыбыстарға тәуелді болып, солардың жетегінде кететіндігі, бір дауыстының бірнеше сапаға ие болатындығы. Мәселен, бір ғана а фонемасы екпіннің түсуіне, екпінді буыннан ара қашықтығына, дауыссыздардың жуан және жіңішке түрлерімен қатар тұруына қарай он шақты түрлі сапаға ие болады (38; 49;51; 47). Егер орыс тілі арқылы еңген сөздердің айтылуын дұрыс меңгереміз десек, дауыстылардың осы қасиетін танып, білуіміз керек-ақ.

Орыс тіліндегі екпін түсіп тұрған а, о, э дыбыстарының қазақ тіліндегі а, о, е дыбыстарына азды-көпті ұқсастығы бар, сондықтан да оларды қосып қарауға болады десек, ал и, у дыбыстарының табиғаты бөлектеу, орыс тіліне ғана тән дауыстылар деп білген жөн.

И— қысаң, езулік монофтонг. Ол тек жіңішке айтылады. Қазіргі кезде жастардың (әсіресе мектеп оқушыларының) байырғы сөздерімізде кездесетін и әрпін орынсыз жіңішке айту тенденциясы байқалып жүр: мійіміз ашійді, жійна, қійна, қійын, қійсық, бійіл, сійа, сійақты т. б. Мұның өзі осы орыс тіліндегі и-дің әсері болса керек. Қазақ тілінде ол ій-ге жуық (мыс, ійністійтут) айтылатын сияқты болғанмен, дұрысы, оның өз қалпын сақтауға тырысқан жөн.

У дыбысы да қысаң монофтонг, бірақ еркіндік, жуан, Мұны меңгеру қиындық келтірмейді. Қазақ тілінде ол ұу-ға жуықтайды. Орыс тілінде қазақ тіліндегідей е дыбысы және осыған жуық дыбысталатын э бар. Ерекшелігі е-нің алдынан әнтек й (йе) айтылады, э-де ол жок. Оның үстіне э аздап ашықтау.

Бірақ оларда фонематикалық (сөз мағынасын ажырататын) қасиет жоқ, сондықтан бір-ақ фонема деп танылады [49, 93].

Қазіргі кезде ерін үндестігіне мән бермеудің салдарынан екінші буында ө айтылатын жерде э дыбысының қалыптасып келе жатқанын аңғару қиын емес. Бұл — әсіресе жастардың тілінде көбірек байқалатын құбылыс, Мысалы өлэң, өзэн, өнэр, үлкэн, бөлэк, түлэк, күрэк т. б. Бүлай болатыны, еріндік буыннан кейін езулік, қы-саң е дыбысын анық айту өте қиын. Ал э өзінің жартылай ашықтығының арқасында айтуды жеңілдетеді.

Орыс тілінде ы фонема ретінде толық танылып болған жок дедік. Оны и-дің жуан түрі ғана деп қарау бар. Екіншіден, қазақ тілінде бұл кездесетін сөздер әзірге өте аз. Мәселен, орфографиялық сөздікте музыка, монастырь, цыган деген сияқты бірер сөз ғана кездеседі. Үшіншіден, қазақ тіліндегі ы және й дыбыстары бірігіп (ый) осы ы-ға жуық дыбысталады. (51,8). Салыстырыңыз: мы (біз) — мый (жазылуы ми), ты (сен)—тый.

Сонымен қазіргі қазақ тілінде он бір дауысты фонема бар. Олар дыбыстау мүшелерінің қызметіне қарай іштей үш топқа жіктеледі.

1. Тілдің қатысына карай:

а) Жуан (гуттураль) дауыстылар: а, о, ұ, ы, у;

ә) Жіңішке (палаталь) дауыстылар: ә, ө, ү, і, е, и.

Жуан дауыстыларды айтқанда, жіңішкелерімен салыстырғанда, тіл сәл артқа қарай тартылады (ортасы көтеріліңкірейді), жіңішкелерді айтқанда тіл сәл ілгері жылжиды. Бүған көз жеткізу үшін дауыстылардың жуан және жіңішке сыңарларын (а//ә, о//ө, ұ//ү, ы///і) қатар айтып көруге болады. Дауыстылардың бұлайша (тіл қатысына) жіктелуін дұрыс білмейінше, тіліміздегі ең, күшті фонетикалық заң — сингармонизмді (оның ішінде тіл үндестігін) түсіну мүмкін емес. Тіліміздегі сөздердің бірыңғай жуан, не жіңішке буынды болып келуі тілдің қалпымен байланысты.

2. Еріннің қатысына қарай:

а) Еріндік (лабиаль) дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у;

ә) Езуліқ дауыстылар: а, ә, ы, і, е, и.

Еріндік дауыстыларды айтқан кезде ерін дөңгеленіп, сүйірленеді де, езуліктерді айтқанда ерін екі жаққа қарай тартылып, езу жиырылады. Еріндік дауыстылардың да тіліміздің байырғы заңы сингармонизмді (оның ішінде ерін үндестігін) танып білуде мәні зор.

Көрші буындардың бірыңғай жуан не жіңішке, еріндік не езулік болып келуі (яғни сингармонизм заңы) тіл мен еріннің неғұрлым үнемді қызметіне негізделген,

3. Жақтың қатысына қарай:

а) ашық дауыстылар: а, э;

ә) жартылай ашық дауыстылар: о, ө, е;

б) қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.

Ашық дауыстыларды айтқанда астыңғы жақ (үстінгі жақ қозғалмайды) барынша тәмен түседі де, қысаңдарды айтқанда жоғары көтеріледі, Басқаша айтқанда, ашықтарды айтқанда екі жақ бір-бірінен қашықтай (ауыз ашыла) түседі де, қысаңдарды айтқанда бір-біріне жуықтай түседі. Алайда ауаның еркін шығуына кедергі жасамайды. Ал жартылай ашықтар осы екеуінің аралығында айтылады.

Дауыстылардың жақтың қатысына қарай жіктелуін тілдің тік (вертикаль) бағытта қозғалуы түрінде де тануға болады. Өйткені тіл жақтың қалпына қарай жоғары, төмен қозғалатынын аңғару қиын емес. Орыс тілінде дауыстылар тілдің көлбеу (по горизонтали) және тік (по вертикали) бағытта қозғалуына қарай жіктеледі.

Қазақ тілінде, сондай-ак барлық түркі тілдерінде осы

уақытқа дейін дауыстыларды ашықтар (а, ө, о, ө, і) және қысаңдар деп екіге бөліп келді.

Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарды арнайы зерттеп жүрген Ә. Жүнісбеков байырғы сөздеріміздің кұрамында алты (а, ә, ұ, ү, ы, і) монофтонг (жалаң дауысты), үи (о, ө, е) дифтонг бар дейді. Сонда біздің о, ө, е дыбыс тарымыздың әрқайсысы екі (дауыссыз және дауысты) дыбыстың қосындысы түрінде келеді. Атап айтқанда /о=у+ұ/уұ/, ө=у-ү/уү/, е-й-і/йі/ [43, 17—21]. Егер мүны объективті шындық деп танысақ, онда бұл (о, ө,ә) дауыстыларды ашықтан гөрі қысаң деп қараған жөн болар. Алайда бүлардың нағыз қысаңдардан (ұ, ү, ы, і) өзгешелеу өзіндік ерекшеліктерін де ескеру керек. Атап айтқанда:

1. Қейбір екі буынды сөздердің екінші буынындағы (дауыссыздар қоршауында тұрған) қысаңдар дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанда түсіп қалады. Мысалы: қорұқ, қорқ-а, қорқ-ақ, қорқ-ып, қорқ-ыңқыра, қорқ-ыт, қорқ-у; үрүк: үрк-е, үрк-ек, үрк-іп, үрк-іңкіре, үрк-іт, үрк-у; қырық: қырқ-а, қырқ-ыл, қырқ-ын, қырқ-ып, қырқ-у; ірік; ірк-е, ірк-іл, ірк-іңкіре, ірк-іс, ірк-іп, ірк-у.

Ал ө, е дыбыстары екінші буында ешқашанда түспейді. О дыбысы байырғы сөздерде тек бірінші буында ғана айтылады, қалған буындарда кездеспейді.

2. Қысаң дыбыстар кірме сөздерге жамалып (протеза жасап) айтылуға бейім. Мысалы ұ-рұқсат, ү-рүстем, ы-рақмет, і-рәсім, ы-рас, (рас), ү-стел (стол), танк-і-лер т. б. Сондай-ақ бұлар сөздердің екінші буынында кейде көмескіленіп (редукцияға ұшырап), әлсіз айтылады. Мектеп оқушылары жазуда оларды аңғармай қалатыны да содан. Мысалы жұд' рық, құм' ра, көк' рек, қүд' рет, аз' рақ, қат'- нас, ад' раңдау, тәж' рибе, қас' ірет, қаб' лет т. б. Мұндай қасиет ө, е дыбыстарында жоқ дерлік, Рас о дыбысы да бірер сөзде протеза түрде кездеседі: орыс (русс, орамал (румал), ораза (руза).

3. Дауыстыларды жақтың қатысына қарай жіктегенде елеулі белгі ретінде ұйқастың жасалуын ескеру керек болады. Өлең ұйқастарын жасауда буын құрамындағы дауыстылардың жақ катысы жағынан деңгейлес болып келуі өте маңызды. Сонда ұйқасатын сөздердің буындары бірыңғай не ашықтардан (а, ә), не қысаңдардан {ұ, ү, ы, і) тұрады екен. Ал е, о, ө, дыбыстары әлгілердің ешқайсысымен де ұйқаса алмайды, тек өзімен-өзі(мәселен, о дыбысы: даңғой, жан ғой, байқалған ғой (Абай) түрінде немесе өзара мыс, өлең, денең, елең-селең (Абай) түрінде ғана ұйқасады. Мұның өзі бұларды жартылай ашық дауыстылар деп қарауды қажет етеді. Түркі тілдері фонетикасын салыстырмалы-тарихи түрғыдан қарастыратын соңғы бір іргелі еңбекте де бұлар жартылай ашық түрінде танылған [53].

ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАРДЫҢ ЖАСАЛУЫ

ДАУЫССЫЗДАР (КОНСОНАНТИЗМДЕР)

Тілімізде дауыстыларға қарағанда дауыссыз фонемалар әлдеқайда көп. Оқулықтарда бұлардың саны 25, енді біреулерінде 26 болып келеді. “Қазіргі қазақ тілі” (Лексика, фонетика) оқулығы: “Қазіргі қазақ тілінде мынадай 25 дауыссыз бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, л, м, н, п, р, с, т, у, һ, ф, х, ц, ч, щ, қ, ң — дейді (241-бет). Алайда бұларды топтастырған кезде (қатаңдардың құрамына) 26-болып щ әрпі еніп кеткен (256-бет). Қазақ тілінде 26 дауыссыз бар деушілер осы щ әрпін дыбыспен шатастырып жүр. Дұрысы щ дыбыс емес, әріп. Ол — созылыңқы (немесе қос) ш дыбысының таңбасы.

Сонымен қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз фонема бар. Ал орыс тілінде мұның саны — 37. Олай болатыны, орыс тілінде дауыссыздардың жуан және жіңішке болып келуінде фонематикалық қасиет бар және олардың дауыстыларға ықпалы күшті болады. Алайда бұл фонематикалық қасиет орыс тілінен қазақ тіліне енген сөздерде байқалмайды, сондықтан олар бас-басына (жуан, жіңішке боп) фонема бола алмайды.

Азын-аулақ ерекшеліктерді ескермегенде, қазақ тілі мен орыс тіліне ортақ дауыссыз фонемалар — он бес: б, г, д, ж, з, й, к, л, м, н, р, п, с, т, ш.

Қазақ тілінде бар, орыс тілінде жоқ дауыссыздар - бесеу: ғ, ң, ц, у, һ.

Қазақ тілінде бұрын болмаған, орыс тілінен енге дауыссыздар да бесеу: в, ф, х, ц, ч. 

Дауыссыз фонемалар акустика-артикуляциялық ерекшеліктеріне қарай үшке жіктеледі.

1. Дауыстың (салдардың деуге де болады) қатысына қарай дауыссыздар әдетте үшке бөлінеді:

а) үнділер: л, м, н, ң, р, й, у; 

ә) ұяңдар: б, в, г, ғ, д, ж, з;

б) қатаңдар: п, ф, к, ң, х, ш, с, х, һ, ц, ч;

Ұяңдар мен қатаңдар үнсіздер делінеді.

Алфавит тәртібін жақсы білген жағдайда дауыссыздардың бұлай жіктелуін есте сақтау қиындық тудырмайды. Алғашқы 10 әріптің үшеуі (а, ә, е) дауыстылардың, қалған жетеуі ұяңдардың таңбасы болып шығады. Жеті ұяңның жеті қатаң сыңарын жақсы білу керек. Яғни

б в г ғ д ж з

п,ф к қ т ш с

Үнділер — жетеу. Үш жерде жеті — 21. Қалған дыбыс (х, һ, ц, ч) қатаңдардың қатарынан орын алады.

Бұлардың бір-бірінен айырмасы дауыстың және салдырдың қатысу дәрежесіне байланысты. Сонда үнділерде дауыс (тон) басым да, салдыр аз; ұяңдарда керісінше, салдыр басым да дауыс аз болады. Ал қатаң дауыссыз тек салдырдан жасалады (яғни оларға дауыс қатыспайды).

Дауыссыздарға дауыстың катысу дәрежесін білудің маңызы зор. Осыны білгенде ғана бала-ға, қыз-ға, ат-қа, ас-қа дегендерге неге қосымша ғ, қ түрінде жалғанады, ақ ешкі, қара қой айтуда неге ағешкі, қарағой болып кетеді дейтін сұрақтарға нақты жауап беруге болады.

2. Дауыссыздарды айтылу (ауанын, шығу) жолына қарай да үш топқа бөлуге болады.

а) Шұғыл (эксплозив) дауыссыздар: п, б, т, д, к, г,қ, ц, ч, м, н, ң;

ә) Ызың (фрикатив) дауыссыздар: ф, в, с, з, ш, ж, х, ғ, һ, л, й, у;

б) Діріл дауыссыз — р.

Шұғыл фонемаларды айтқанда дыбыстау мүшелері біріне-бірі жабысып, ауа кілт үзіледі де, содан соң шұғыл кайта жалғасады. Ал ызындарды айтканда дыбыстау мүшелері біріне-бірі жуысып, ауанын жолын барынша тарылтады, бірақ ауа біржола үзілмейді, сыздыктап, сүзіліп шығады. Діріл дауыссыз (р) тіл ұшының дірілдеуінен пайда болады.

3. Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай дауыссыздар алдымен үш топқа бөлінеді:

а) ерін (лабиаль) фонемалары: п, б, ф, в, м, у;

ә) тіл (лингваль) фонемелары: т,д,с,з,ш,ж,ц,ч,к,г,қ,ғ,х,ң,н,л,р,й;

б) көмей (фарингаль) фонемасы — һ.

Ерін фонемалары іштей еріндік (п, б, м, у) және ерін мен тіс (ф, в) болып бөлінеді. Еріндіктерді айтқанда екі ерін біріне-бірі жабысып (п, б, м) немесе дөңгелене жуысып (у) тұрса, ерін мен тіс дыбыстарында астыңғы ерін үстіңгі (күрек) тіске жуысады.

Дауыссыз фонемалардың көпшілігі тілдің тікелей атысуымен жасалады. Тіл фонемалары үшке бөлінеді:

а) тіл алды: т, д, с, з, ш, ж, ц, ч, н, л, р;

ә) тіл ортасы: й;

б) тіл арты: г, ғ, к, қ, ң, х.

Тіл фонемаларын тіл-тіс, тіл ұшы, т. б. түрде бөлу шырайды [3; 15]. Бірақ олай бөлу есте сақтауды қиыіндатады және оның практикалық мәні де аз.

Дауыссыздардың жасалуына дыбыстау мүшелерінің катысын (артикуляциясын) білудін. маңызы зор. Мұны білмейінше, дыбыстардың артикуляциялық жақтан өзгеруін түсіну де, түсіндіру де мүмкін емес. Мәселен, қан, қон сөздерінің соңындағы “ дыбысы қосымша жалғайған кезде кейде н (айтылуы қанға, қоңған) кейде м (айтылуы қаммен, қомбады) болып өзгеруі тек артикуляциямен байланысты.

БУЫН ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

Біздін сөзіміз айтылуы жағынан ең кішкене единицалар (бөлшектер)—буындарға ажырайды. Сөздерді, буындарды жеке фонемаларға жіктеу лингвистикалық талдаудың нәтижесі деп қарау керек.

Жанып тұрған май (балауыз) шамға таяу отырып сөйлегенде, ол жалп-жалп етіп тұрады. Мұның өзі сөздің буын жігін аңғартады. Өйткені ауа сөздің құрамындағы дауыстыларды айтқанда еркін шығады да, дауыссыздарды айтқанда кедергіге ұшырайды. Сонда буын өкпеден келе жатқан (фонациялық) ауамен тікелей байланысты болады.

Буын - фонациялық ауаның кілт үзілуінің не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда болатын жеке (дауысты) дыбыс, не дыбыстар (дауысты, дауыссыз) тобы. Қазақ тілінде буынның маңызы ерекше. Фонетикалық негізгі заңдар осы буынның төңірегінде өрбиді.

1. Буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болуға тиіс және оның саны біреуден артық болмауға тиіс. Сонда сөздің құрамында қанша дауысты фонема болса, сонша буын болады деген сөз. Балаларға дегенде, дұрысы бір-ақ дауысты фонема (а) бар. Алайда бұл сөз төрт буыннан (ба-ла-лар-ға) тұрады. Бір фоне-ма бірнеше буынның құрамында қайталанып келе береді.

2. Буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің әрбір буыны лексикалық немесе грамматикалық мағынасы бар бөлшектерге (морфемаларға) тура келіп калады. Мәселен, ат-ты-лар-ға, дейтін төрт буынды сөздің 1-буы-ны (ат)— түбір, 2-буыны (ты)— сын есім тудыратын жұрнақ. 3-буыны (-лар)— көптік жалғау, ал 4-буыны (-ға)-~- септік жалғау. Мұны кездейсоқ сәйкестік деп түсіну керек. Буында мағына болуы міндетті емес: ба-ла-ла-ры-на, а-ты-ңа, ке-лі-сі-мі-міз, жар-қы-рай-ды т. б.

3. Тіліміздегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды (мәселен, ба-ла-ла-ры-мыз-ды, а-на-ла-ры-мыз-ға, қа-на-ғат-тан-дыр-май-ды), не жіңішке буынды (жі-лін-шік-те-рі-не, бөл-ті-рік-те-рін, кү-мі-сі-міз-ді, сән-ден-ді-ріп, бе-ре-ке-лі) болып келеді. Мұның өзі тілдің үнемді қызметіне негізделеді. Егер тілімізде аралас буынды сөздер кездесетін болса, онда олар кірме сөз болғаны:мұғалім, қабілет, қажет, педагог, методика, параллелипед т. б. Буынның жуан, жіңішкелігі казақ тілінде дауыстыларға байланысты.

4. Тіліміздегі байырғы сөздер, сондай-ақ, буындар да екі дауыссыздан басталмайды. Орыс тілінен енген біраз сөздің біздің тілімізде жазылуы соның айғағы бөрене (бревно), жеребе (жребий), кереует (кровать), кінәз (князь), үстел (стол). Сондықтан да байырғы сөздерді Смаил, Сқақ, Рза, Сланов, Рсалды түрінде жазу тіліміздің табиғатына сай келмейді. Ертеректе енген үстел (стол) осының айғағы. Ал Октябрь революциясынан бергі жерде орыс тілі арқылы енген сөздер (буындар) екі, тіпті үш дауыссыздан да бастала береді: стиль, спорт, станция, студент, процент, транспорт, спринт, стратегия, структурализм т. б. Бұларды осылай және айту — әдеби норма.

Сондай-ақ тіліміздегі байырғы сөздердің (буындардың) соңында екіден артық дауыссыз тұра алмайды. Оның өзінде негізінен еліктеуіш сөздер: былқ, жалп, күңк, күмп, бырт. Мұндай жағдайда қос дауыссыздың алдыңғысы міндетті түрде үнді, соңғысы қатаң дыбыс болады. Ал орыс тілінен енген сөздер (буындар), екі, тіпті үш дауыссызға еркін аяқтала береді: акт, кадр, спорт, пункт, текст, спектр, цилиндр, министр т. б.

5. Қазақ тілінде басқы (сөздің басындағы) буын ғана дауыстыдан басталуы мүмкін, калған жағдайда (екінші, үшінші...) буындар дауыстыдан басталмайды.

Қазіргі қазақ тіліндегі буындар дыбыстық құрамы жағынан мынадай болып келеді:

1) бір дыбысты: а-та, ә-же, а-па, і-ні, а-ла, а-са, о-қы, а, ә, е, о, о-тыр. Бір дыбысты буындар тек дауысты болады да, жеке сөз түрінде, не сөз басында ғана кездеседі;

2) екі дыбысты: ба-ла, қа-ла-да, та-за-ла, жа-ға, ой-на, та-за;

3) үш дыбысты: бас, бет, сөз, көз, өрт, акт, бөл-шек- тер, тас-тақ;

4) төрт дыбысты: қант, төрт, былқ, жалт, жылт, кадр, такт, порт.

Тіліміздегі байырғы сөздердің дыбыстық құрамы осы төрт дыбыстан аспайды, Ал орыс тілі аркылы енген сөздерде буын бес, тіпті алты дыбысты да бола алады:

5) бес дыбысты: пункт, спорт, текст, скетч, старг фланг, трест, спирт, стенд;

6) алты дыбысты: спектр, спринт.

Қазақ тіліндегі буынның түрін Қ. Жұбанов алтыға ( 3, 164), Н. Сауранбаев төртке [29, 46], С. Кеңесбаев үшке [19, 141] бөледі. Соңғы бөліс (ашық, тұйық, бітеу) барлық оқулықта жүр.

Құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың орын тәртібіне қарай қазіргі қазақ тіліндегі буынның екі түрі бар: ашық буын және тұйық буын. Бұлай бөлу теориялық та, практикалық та мәніне сай келеді.

Есте дұрыс сақтау үшін буын құрамында кездесетін дауыстыны шартты түрде А, дауыссыздарды В әріптерімен таңбалап, буынның, түрлерін, оның дыбыстық құрамын былай өрнектеп көрсетуге болады.

1. Ашық буын — жеке дауыстыдан тұратын немесе

дауыссыздан басталып дауыстыға бітетін буын. Мұның дыбыстық құрамы:

1) А: а, ә; а-на, ә-же, е-не, о-қы, ө-ре, ұ-зақ, ү-кі, ы-дыс;

2) ВА,: ба-ла-сы, бі-лі-мі, де, не, же-лі, та, те, да-ла;

3) ВВА: ста-нок, ста-кан, сти-мул, гра-нат, гра-фа, пра-во, пла-кат;

4) ВВВА: стра-тег, стра-тегия, стра-тификация, стра- тостат, стра-тосфера.

2. Тұйық буын — соңы дауыссызға аяқталатын буын. Дыбыстық құрамы:

1) АВ: ат, ай, ән-детті, ой-ланды, үй, ақ-тар, әл-ден;

2) АВВ: ант, өрт, ұлт, өрт-те, ыңқ-ыңқ, ырс-ырс, акт;

3) ВАВ: бас-тар, бас-тық, тас-тай, бұл-бұл-дар, тақ-тақ;

4) ВАВВ: қант, былқ-былқ, жалт-жұлт, жарқ-жұрқ,қарт, танк;

5) ВАВВВ: пункт, центр, Маркс, фильтр, текст

6) ВВАВ: шкаф, шлаг, шлем, шлюз, крем, штаб, шпал, стаж, граф, хлор, хром, стиль;

7) ВВАВВ: спорт, старт, скетч, трест, стенд, штамп, крест;

8) ВВАВВВ: спектр;

9) ВВВАВ: штрек, штраф, штрих, щприц, стрелька,струк-тура.

Қазақ тілінің дыбыс және буын кұрамына орыс тілінің ықпалын ескеру керек. Егер байырғы сөздеріміздің буын құрамы А, ВА, АВ, АВВ, ВАВ, ВАВВ түрде үшыраса, ендігі жерде мұның саны екі есе артты. Тілімізде бес, алты дыбысты буындар да пайда болды. Сөздер мен буындарымыздың екі-үш дауыссыздан басталып, үш дауыссызға аяқталуы етене құбылысқа айналды, Тілі- міздің дыбыстық құрамы и, у дауыстылары мен в, ф, х, ц, ч сияқты дауыссыздармен толысты. Бір фонеманың өзін ретіне қарай әр түрлі реңде айтуға қалыптастық. Мұның өзі артикуляциялық базамыздың байып, барынша оралымды, икемді болуына жағдай жасады.

Қазақ тілінде дауыстыдан басталатын (А, АВ, АВВ)| буындар үнемі сөзді бастап тұрады: а, ә, ас, ат, ант, ұлт, ас-қа, ат-қа, ант-ты, ұлт-тық. Сондықтан да бірінші буыннан баска буындар дауыстыдан басталмайды. Оның үстіне қазақ тілінде байырғы буындар қос (екі) дауыссыздан басталмайды дедік. Міне, осы қағиданы еске берік үстаған жағдайда сөздерді буынға бөлу қиын болмайды. “Осы қорытындыға сүйене отырып — деп жазды Қ. Жұбанов отызыншы жылдары,— буын жігін оңай, механик түрде табуға болады. Ол үшін жазылған әрбір сөздің дыбыстарын аяк жағынан бастап шоламыз. Дауысты дыбыстан соң келген дауыссызды елемей өте шығып (үйткені дауыстының соңында дауыссыз болмай да қалады, біреу де, екеу де бола береді), әрбір дауыстының алдыңғы жағына бір дауыссыз тастап бөле береміэ (өйткені сөз ортасында дауыстыдан буын басталмаушы еді ғой). Сонда неше бөлік шықса, сонша буын боладыз [13,339].

Орыс тілінде буынға белудің принципі біршама бөлектеу. Дыбыстар үнділігіне қарай дауыстылар (3), сонорлар (2) және үнсіздер (1) деп ажыратылады да, буын көбіне үлкен цифр мен кішкене цифрдын аралығынан ажырайды. Мысалы: вексель—131132, каска-13113, маска — 23113, вельвет — 13231, паспорт 1311323, костюм— 131131, семестр— 1323113 деген сөздер ве-ксель (13—1132), ка-ска (13—113), ма-ска (23-113), ве-львет (132—131), па-спорт (13—1132), ко-стюм (13—1132), се-местр (13—23112) түрінде ажырайды [51,23].

Қазақ тілі оқулықтарында да тіпті “Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелерінде” де мұндай сөздерді тасымалдаудың жайы айтылмайды. Күнделікті практикада сөз ортасында екі-үш дауыссыздан басталатын кірме буындардыа да жеке дауыссыздан басталып жүргені анғарылады. Яғни тіліміздің тарихи дамуы нәтижесінде қалыптасқан заңдылықтар өз күшін сақтайды. Мысалы: век-сель, кас-ка, мас-ка, пас-порт, кос-тюм т. б.

ЕКПІН, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

Екпін. “Сөз ішінде бір буынның күшті айтылуың екпін дейміз. Қазақ тілінде екпін сөздің соңғы буынына түседі” [37]. Бұл — бізге мектептен таныс қағида. Мұның өзі бүкіл түркологияда бір ғасырдан астам уақыттан бері айтылып, қайталанып келеді. А. Байтұрсыновта: “Қазақ тілінде екпін буыны сөздің я аяғында келеді, я аяғына таяу буын болып келеді” [6, 190] — дейді. Деуін десек те, осы құбылыстың шын сырьщ түсіне алмай жүрдік. Екінші ана тіліміз деп жүрген орыс тілінін, екпінін келістіре алмай қалатынымыз да содан болар.

Ә. Жүнісбеков қазақ тілінің фонетикалық жүйесін мұқият зерттеудің нәтижесінде индоевропа тілдеріне тән осы құбылыстың орынсыз тықпаланып келгенін,. түркі тілдерінде сөз екпінінің жоқ екенін, оның қызметін бұл тілдерде сингармонизм атқаратынын дәлелдеді [44; 45; 54]. Бұл, әрине, түркологтар тарапынан бірден қолдау таба қойған жоқ. Тіпті мектеп табалдырығынан екпін бар деп үйренген қатардағы оқушыға да бұлай ойлау оңай бола қоймасы аян. Алайда бұл — шындық. Олай болса, жоқты жоқтап, дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Ал бунақ екпіні туралы жоғарыда айтылды. Бұл, әдетте, фразалық екпін, тіркес екпіні делінеді.

Екпіннің екі түрі бар (қазақ тілінде): бірі – негізгі; екіншісі – көмекші екпін деп аталады.

Негізгі екпін сөздің соңғы буынына түссе, көмекші екпін қосымшалы сөздің түбірінің ең соңғы буынына түседі. Мәселен: шеге, кереге, орақ, балға, балта сөздеріне қосымшаларды жалғағанда шегелер, керегелер, орақшылар, балташылар дегендерде негізгі екпін соңғы буынға көшеді де, түбірдегі екпіннің орны көмекшілік қызметті атқарады.

Екпін түспейтін буындар

1. Жіктік жалғауына. Мысалы: оқушымыз, барамыз.

2. Болымсыз етістіктің жұрнағына. Мысалы: ағашты жарма, сен оған айтпа.

3. Шылау сөздерге. Мысалы: үй де, мал да – бәрі де аман.

4. Көмекші сөздерге. Мысалы: мен ғой кеңседе болдым, үйге шейін атпен келдім.

ҚАЗАҚ ОРФОГРАФИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ

Орфография (грек. огtһоs — дұрыс, gгарһо жазамын)— 1) жазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихи қалыптасқан жүйесі; 2) біркелкі жазуды қамтамасыз eтетін ережелер жүйесін жасайтын және зерттейтін тіл білімінің саласы. Орфография тілдің белгілі бір даму кезеңіндегі жазба тілдің нормаларын айқындайды деуге де болады.

Ережелер жүйесі: 1) дыбыстарды (фонемаларды) әрштермен беру; 2) сөз және оның мағыналы бөлшектерін жазу; 3) сөздерді бірге, бөлек және дефис арқылы жазу; 4) бас әріпті пайдалану; 5) тасымалдау сияқты мәселелерді қамтиды және айқындайды. Орфография ара-тұра “дұрыс жазу” дегенге синоним ретінде де қол-данылады). Бұлардың әрқайсысы белгілі бір принциптерге негіз-делген ережелердің жиынтығынан тұрады.

Орфографиялық принцип бір сөз екі түрлі не одан да көп түрде жазылатын жағдайда соның біреуін таңдап алуды айқындайды. Осы принциптердің (лат. ргіпсіріum — негіз, бастау) негізінде орфографиялық ережелер жасалады. Жазу ережелері ойды дәл жеткізіп, жазылғанды дұрыс түсіну үшін өте қажет.

Қазіргі дыбыс — әріпке негізделген жазу жүйесінде дыбыстарды (фонемаларды) әріптермен белгілеу орфографияның өзекті мәселесі болып табылады. Сөздің дыбыстық құрамын белгілеуде көбіне-көп басшылыққа алынатын принцип жетекші принцип немесе негізгі, басты принцип делінеді.

Қазіргі орфографияларда негізінен морфологиялық, фонетикалық және дәстүрлік принциптер қолданылады. Сондай-ақ дифференция-лаушы принцип те болуы мүмкін.

Морфологиялық принцип — сөздің морфологиялық құрамын ескеріп, морфемалар (сөз және қосымша) құрамында болатын дыбыс алмасуларын елемей, бастапқы қалпын сақтап жазу. Мысалы: жан, жамбады, жаңғанда түрде айтылатын сөзформаларға ортақ түбір — жан, сондықтан жан, жанбады, жанғанда деп жазылады. Ал жаз, жазса, жазшы, айтуда жаз, жасса, жашшы алайда түбір (жаз) сақталып жазылады. Морфологиялық принципті фонематикалык принцип деп те атайды. Мұнда бір фонема әр түрлі құбылғанына қарамастан үнемі алфавиттегі бір-ақ әріппен белгіленеді. Бұған жоғарыдағы мысалдан көз жеткізуге болады.

Фонетикалық принцип бойынша сөз айтылуындай жазылады, яғни әрбір әріп фонеманы емес, дыбысты білдіреді. Сонда жаз, жасса, жашшы, жан, жамбады, жаңғанда түрде жазылады да, фонетикалық транскрипцияға жуықтайды.

Дәстүрлік принцип — сөздің бір кезде жазылып қалыптасқан, дәстүрге айналған түрін сақтап, жазу. Бұған қазақ тіліндегі хат, хабар, халық, каһар, жаһан сияқты сөздерде х, һ әріптерін пайдалануды жатқызуға болады. Дәстүрлік принцип тілдің қазіргі қалпына қайшы келуі де, келмеуі де мүмкін.

Дифференциялаушы (лат.differentia — айырым) принцип — дыбыстық құрамы бірдей сөздерді бір-бірінен орфографияның көмегімен айыру. Бұл принцип қазақ тіл білімінде ескерілмейді. Дұрысы, дәстүрлік принцип бойынша хабар, хал, халық, хан, хат, хош түрінде жазып жүргендеріміз, о баста тіліміздегі омонимдерді (қабар, қал, қалық, қат, кош) орфографиялық жақтан айырудың нәтижесі деп түсіну керек. Қазақ тілінде 2,5 мың омоним сөз бар, 10—15 сөзді түрлендіріп жазу арқылы бұл мәселені шешу мүмкін емес.

Дифференциялаушы принципке тілімізде бір сөздің мағыналық жақтан екіге жарылып, соған орай орфограммасының (грек. огtһоs — дұрыс, gгаmmа —әріп) да өзгеруін айтуға болады: үкімет — өкімет, ауа — әуе, ақырет — ақирет, уақиға — оқиға, балағат — балиғат, ғылым--ілім, дауа — дағуа, дуа — дұға, дуана — диуана, қазір — әзір, жаңқа — жоңқа, қажет — әжет, қаһар — кәр, хал — әл, мәлім — мағлұм, тәлім — тағлым, мән — мағына, уәде — уағда т. б.

Қазақ орфографиясының негізгі принципі — морфологиялық принцип. Орыс орфографиясында да солай.

Осы принциптердің негізінде “Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері” жасалған.

← Предыдущая
Страница 1
Следующая →

Файл

ФОНЕТИКА.doc

ФОНЕТИКА.doc
Размер: 134 Кб

.

Пожаловаться на материал

Дыбыстың жасалуы. Ритмикалық дірілдің нәтижесінде тон мен мұрын қуысын толтырып тұратын дауыс шымылдығы мен ауаның дірілі жатады.

У нас самая большая информационная база в рунете, поэтому Вы всегда можете найти походите запросы

Искать ещё по теме...

Похожие материалы:

Маркетинг. Вопросы 92-102 к экзамену

Организационная эффективность, план маркетинга, конфликты внутри организации, менеджмент, методы в менеджменте

Части речи и члены предложения

Образовательные: - закрепить знания по морфологии и синтаксису; - развивать умение определять части слова и члены предложения; - закрепить умения определять грамматические признаки частей речи (им.сущ., им.прил.,) и их синтаксическую роль в предложении.

Механизм правового регулирования

Механизм правового регулирования - это система правовых средств, при помощи которых осуществляется правовое регулирование общественных отношений

Антифосфолипидный синдромю Лекция

Антифосфолипидный синдром (АФС) – мультисистемное заболевание, характеризующееся повышенным уровнем антифосфолипидных антител (аФА), артериальными и/или венозными тромбозами, иммунной тромбоцитопенией, синдромом потери плода и неврологическими расстройствами.

Воспитание на основе потребностей человека

Концепция. Эту концепцию разработал ижевский ученый Валерий Петрович Созонов. Основные ее положения изложены автором в методическом пособии «Организация воспитательной работы в классе», опубликованном в издательстве «Педагогический поиск» б 2000 году.

Сохранить?

Пропустить...

Введите код

Ok