СӨЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ

Территория рекламы

СӨЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ

Морфология сөзді, сөздің тиісті бөлшектерің, олардың мағыналары мен қызметтерін талдайды. Сөйлеу дағдысында әр сөз сөйлем ішіндегі өзге сөздермен белгілі заң бойынша әр қилы қарым-қатынасқа түседі де, түрлі өзгеріске ұшырап, әр алуан қызмет атқарады.

Әрбір сөздің өзіне тән тұлғасы бар. Сол тұлға арқасында әрбір сөз бір бүтін единица ретінде қызмет етеді. Сөздің құрамының әр түрлі болуы оның бөлшектеріне байланысты. Сөздер кейде түбір қалпында жұмсалса, кейде оларға түрлі қосымшалар жалғану арқылы жұмсалады.

Сөздің лексикалық немесе грамматикалық мағыналарын білдіретін бөлшектері морфемалар деп аталады. Морфеманың да өзіне тән мағынасы және өзіне тән сыртқы дыбыстық формасы болады. Морфема дегеніміз — сөздің езіне тән мағынасы бар ең кішкене бөлшегі.

Сөздердің ішінде жалаң түбір сөздер де (am, ac, із, жап), қосымша арқылы жасалған туынды сөздер де (атақ, астық, тершең, ізде) бар. Бұл тұлғалармен қатар, екі түбірден біріккен сөздер де (бүгін, белбеу, әкел, алабота, сексен), екі түбірден бірігіп жасалған қос сөздер де (бала-шаға көзбе-көз, кімде-кім) екі түбірдің тіркесуі арқылы жасалған сөздер де (темір жол, кемпір қосақ, ақ құба, он алты, алакет, қызмет em т.б.), бірнеше түбірден қысқарып кұралған сөздерде (Каз TAГ, ТМД, КазМ¥У, E.K.) бар. Осы айтылған негізгі түрлеріне қарай сөздер жалаң және күрделі сездер деп екі салаға бөлінеді.

СӨЗ ТАПТАРЫ

Тілдегі сөздердің мағынасы алуан түрлі. Бір топ сөздер заттың атын білдіреді, онымен бірге заттың сындық, сандық белгілерін білдіретін сөздер де бар: жақсы адам, қызық кітап, жасыл жапырақ, отыз үй, қырық бала, он жылқы дегендердегі адам, кітап, жапырақ, үй, бала, жылқы — заттардың аты; жақсы, қызық, жасыл — сындық белгілері; отыз, қырық, он — сандық белгілер.

Өмірдегі заттың қимылын, қимылдың болған мезгілін, орнын, қалай болғанын білдіретін де сөздер бар: Әкем кеше жоғары отырды дегендегі отырды — заттың қимылын, кеше — қимылдың болған мезгілін, жоғары қимылдың орнын білдіріп тұр.

Осындағы әкем деген сөздің орнына ол деген сөзді қолдануға болады: Ол кеше жоғары отырды. Мұндай сөздер езінше бір топ құрайды.

Сонымен бірге адамның кеңіл күйін білдіретін сөздердің мағынасы жоғарыдағы сөздерден басқаша: алақай, қап, әттеген-ай, үһ т. б.

Тілдегі сөздердің мағынасы ғана мұнда түрліше болып қоймайды. Олардың түрленуінде де үлкен айырма бар, бірімен-бірінің тіркесуінде де ерекшелік мол, сөйлемдегі орны мен қызметі де түрлі-түрлі.

Осы ерекшеліктеріне қарай, қазақ тіліндегі сездер төмендегіше бөлінеді:

1.ЗАТ ЕСІМ. 2.СЫН ЕСІМ. 3.САН ЕСІМ. 4.ЕТІСТІК. 5.ЕСІМДІК. 6.ҮСТЕУ. 7.ЕЛІКТЕУ СӨЗДЕР. 8.ОДАҒАЙ. 9.ШЫЛАУ.

Зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктерді жалпы атаумен есім сөздер (есімдер) деп атайды.

СИНТАКСИС ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

Синтаксис – герктің сөзі: құру, біріктіру деген мағынаны білдіреді. Ол сөз тіркесін, сөйлемді және оның түрлерін зерттейді. Қазақ тілі синтаксисі үш саладан тұрады:

Сөз тіркесі синтаксисі.

Жай сөйлем синтаксисі

Құрмалас сөйлем синтаксисі.

Сөздердің байланысу тәсілдері

Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен гармматикалық байланыста қолданылады. Кез-келген қатар тұрған сөздер бір-бірімен байланыса бермейді. Сөздердің сөйлемде байланысуының белгілі бір заңдылығы бар. Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздер жалғау арқылы,  шылау арқылы, сөздердің орын тәртібі арқылы, интонация арқылы байланысады.

Сөздер септік, тәуелдік, жіктік жалғаулары арқылы бір-бірімен байланысқа түседі. Осы жалғаулардың қатысуымен сөздің өзара байланысынан белгілі синтаксистік қатынас, грамматикалық мағына беріп отырады.

Мысалы: Мен өз Отан+ым+ды сүйе+мін. Мұндағы (-ым) тәуелдік жалғауы, (-ды) табыс септігінің жалғауы, (-мін) жіктік жалғауы.

Сөздер ретіне қарай шылаулар арқылы байланысады.

Мысалы: Қазақ елі бейбітшілік үшін ынтымағын нығайтады. Мұнда көмекші рөл атқарып тұрған үшін шылауы, ол мақсаттың мағынасын тудырып тұр.

Сөздер орын тәртібі арқылы да байланысады.

Мысалы: Тас жолды ағаш күрекпен күредік деген сөйлемде тас пен жол, ағаш пен күрек сөзі қатар түруы арқылы анықтауыштың қатынаста орын тәртібі арқылы байланысқанын көрсетеді. Ал егер осы сөздердің орнын өзгертіп жіберсек, мүлде басқа мағына немесе мағынасыз сөйлем туады (тас күрек, ағаш жол). Бұл сөздер бір-бірімен тиянақты орын тәртібі арқылы байланысқа түседі.

Интонация арқылы байланысу. Мұнда екі сөздегі орын тәртібі тиянақты болуымен бірге, екеуінің арасында айтылуда дауыс ырғағы сақталып, екінші сөз сәл көтеріңкі естіледі, ал жазуда ол сөздер сызықшамен ажыратылады.

Мысалы: Ол – бухгалтер.

      Қазақ тіліндегі сөздердің өзара байланысу түрлерінің бес түрі бар. Олар: қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу.

Бастауыш пен баяндауыштың жіктік жалғауы арқылы  бір жақта және 1-2 жақьарда жекеше, көпше түрде байланысуын қиысу дейміз. Ілияс дүкеннен жүгіріп шықты деген сөйлемде Ілияс пен шықты, бастауыш пен баяндауыш ІІІ жақта қиысып тұр.

Ілік септік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздердің байланысу түрін матасу деп атайды. Менің әкем Бауыржанның батырлығын, қамқорлығын айтып отырушы еді. Осындағы менің әкем , Бауыржанның батырлығы, Бауыржанның қамқорлығы тіркестері матасып тұр.

Бағыныңқы сыңар мен бағыныңқы сыңардағы сөздің атау мен іліктен басқа септік жалғауларының біреуі жалғану не шылауы арқылы байланысу түрін меңгеру деп атайды.

          Игілік Қызылжардан бұл жолы да ренжіп қайтып еді. Сөйлемдегі Қызылжардан қайтып еді меңгеріле байланысып тұр.

Сөздердің қатаң орын тәртібі нәтижесінде қатар тұру арқылы байланысу түрін қабысу деп атайды.

Отаным десем ойыма

Айдын шалқар көл түсер...

Осындағы айдын, шалқар көл дегендер берік орын тәртібі арқылы байланысқан, олардың орнын ауыстырсақ, байланыс бұзылады.

Басыңқы сыңар мен бағыныңқы сыңардың орын таңдамай, жақын да, қашық та тұруы арқылы байланысу түрін жанасу деп атайды.

Биыл ол мектепті бітіреді. Бұл сөйлемдегі биыл (бағыныңқы) сөзі бітіреді (басыңқы) сөзімен арасына сөз салып та, ол мектепті биыл бітіреді болып қатар тұрып та байланысады.

СӨЗ ТІРКЕСІ

Толық мағыналы кем дегенде екі сөздің өзара сабақтаса, бірі екіншісіне бағына байланысуын сөз тіркесі деп атайды. Мысалы: самал жел, оқыған жігіт дегенде самал, оқыған – бағыныңқы сыңарлар, жел, жігіт – басыңқы сыңарлар.

Сөз тіркесі құрамына қарай жай және күрделі тіркес болып бөлінеді. Мысалы: ағаш үй, алтын сағат – жай тіркесте, ақ боз ат , сары ала тон дегендер күрделі тіркестер.

Тіркес түрлері

Матаса байланысқан тіркестер:

1.   Зат есімді тіркестер. Мысалы: темір балға.

2.   Сын есімді мен зат есім тіркесі. Мысалы: ақ құба жігіт.

3.   Сан есім мен зат есім тіркесі. Мысалы: бес ешкі.

4.   Есімше мен зат есім тіркесі. Мысалы: жаңарған қала.

5.   Есімдіктер мен зат есім тіркесі. Мысалы: сол сәт, бұл кісі.

Етістікті тіркестердің қабыса, жанаса, меңгеріле байланысуы:

Үстеу мен етістік тіркестері. Мысалы: төмен түсті.

Еліктеуіш сөзді етістік тіркестері. Мысалы: жылт-жылт ағады.

Көсемшелі етістік тіркестері. Мысалы: сөйлей кірді, жүре берді.

Сын есімді етістік тіркестері. Мысалы: әдемі жазды, жақсы сөйлейді.

Сан есімді етістік тіркестері. Мысалы: екі келіп, екі кетті.

Сан есім мен зат есімнен тіркескен тізбектер орын тәртібі арқылы етістікпен қабыса байланысады. Мысалы: екі рет айтып, бес метр өлшеді.

ЖАЙ СӨЙЛЕМ

Біршама тиянақты ойды білдіре алатын сөздер табын сөйлем дейміз. Сөйлем – ойды білдіретін тілдің ең кіші бөлшегі. Сөйлем ойды білдіру мен қатар екінші бір ерекшелігі: оның белгілі дауыс ырғағы, интонациясы болады. Сөйлем тұлғасы жағынан да тиянақты болады.

Дауыс ырғағы, интонация жағынан сөйлемнің тиянақтылығы сөйлем соңында дауыс ырғағының бәсеңдеп барып бітетін кідірістен көрінеді. Оны былай көрсетуге болады.

Жазуда сөйлем бір-бірінен айтылу мақсатына лайық нүкте мен белгісі, сұрау белгісі сияқты тыныс белгілері арқылы ажыратылады. әр сөйлем бас әріппен басталып жазылады.

Сөйлем түрлері

Сөйлем құрылысына қарай жай сөйлем және құрмалас сөйлем болып екіге бөлінеді.  Бір ғана ойды білдіріп, бір ғана интонациямен айтылатын сөйлем жай сөйлем деп аталады да: екі  я одан да көп жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз.

Сөйлем айтылу мақсаты мен интонациясына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты және лепті сөйлем болып бөлінеді.

Хабарлы сөйлем - айтылу мақсаты хабарлау, суреттеу, баяндауды білдіретін сөйлемнің түрі.

Мысалы: Мен жалақы алдым.

Сұраулы сөйлем - жауап алу мақсатымен қарай айтылған сөйлем.

Сұраулы сөйлемдер мынадай жолдармен жасалады:

а)  Сөйлемде сұрау есімдігінің қолданылуы арқылы. Не үшін?

ә)  ма, ме, ба, бе, па, пе, ша,ше шылауларының қолдануы арқылы. Жерім жаман ба?

б)  ғой, қой, ау, еу шылауларының , ә, сірә сияқты оқшау сөздердің; болар, шығар, қайтеді, білемін деген көмекші сөздердің сұрау мәнінде қолданылуы арқылы:

– Осы ғой алған жоспары? – Иә, осы.

в)  Сұрау интонация арқылы. Япырай, ие бермей кетпесе?

Бұйрықты сөйлем - біреуге бұйыру, тілек – өтініш ету мақсатында айтылған сөйлем.

Бұйрықты сөйлемде интонация біркелкі бола бермейді: бірде хабарлы сөйлем интонациясымен айтылса, бірде лепті сөйлем интонациясымен айтылады да, соған сәйкес сөйлем соңында нүкте(.) я леп белгісі(!) қойылады. Бұйрықты сөйлемнің баяндауышы етістіктің бұйрық рай тұлғасынан және бұйрық не шартты рай тұлғасына тілек-өтініш мәнді –шы, -ші жұрнағының үстеуі арқылы жасалады. М:  Бар! Шап! Жиып кел тегіс! – деді...

Лепті сөйлем - айтушының көңіл күйін (қуану, ренжу, зеку, алу, өкіну т.б.) білдіретін сөйлем.

Лепті сөйлем ерекше әуенмен айтылып, дауыс ырғағы сөйлем соңында да көтеріңкі қалыпта болады. Соған сәйкес сөйлем соңында леп белгісі (!) қойылады. Құнанбай қатты зекіп қалып:

– Жә тоқтат! – деді. (М.ә)

Сөйлем мүшесі

Сөйлемде сөздер бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі мағынаны, ұғымды білдіріп, ой білдіруге себебін тигізіп тұрады. Сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі бір сұраққа жауап бере алатын мағыналы сөзді я сөз тізбегін сөйлем мүшесі дейміз. Сөйлем мүшелері атқаратын қызметі жағынан бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш болып беске бөлінеді.

Олар сөйлем құрай алу қасиетіне байланысты тұрлаулы мүше және тұрлаусыз мүше болады. Бастауыш пен баяндауышты тұрлаулы мүшелер, ал  анықтауышты, толықтауышты, пысықтауышты тұрлаусыз мүшелер дейміз

Бастауыш - сөйлемде атау септігінде тұрып, ойдың кім, не жайында екенін білдіріп, баяндауышпен қиыса байланысатын тұрлаулы мүше.

Бастауыш кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімі? несі? және басқа сөз топтарының заттанып, атау септігіндегі сұрақтарына жауап береді.    

Бастауыш атау септігінде зат есім мен есімдіктен болады: Бәйге бригадаға берілді. Сіз өз басыңызды ғана ойламаңыз. (Ғ. Мұст)

Атау септігінде тұрып заттанған басқа сөз топтары да (сын есім, зат есім, етістіктің есімше, тұйық етістік түрлері т.б.) бастауыш қызметін атқарады.

Баяндауыш - сөйлемде жіктеліп келіп бастауыштың қимылын іс-әрекетін, кім екенін білдіріп, онымен жақ жағынан, кейде жекеше, көпше (1-2 жақта) түрде қиыса байланысын қолданылатын тұрлаулы мүше.

Баяндауыш не істеді? қайтті? неғылды? деген сұрақтарға жауап береді.

Кейде сөйлемде бастауыш тасаланып жасырын да тұрады, ал оның қай сөз екенін баяндауыштан анықтауға болады.

Толықтауыш - сөйлемде атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып, бір мүшені заттық мағына жағынан толықтырып тұратын тұрлаусыз мүше.

Толықтауыштың сұрақтары: кімді? нені? кімге?  неге? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? кім (не) туралы жөнінде? кім (не) жайында?

Анықтауыш - сөйлемде зат есімнен болған не заттық мағынада қолданылған мүшені сын-сапалық, сан-мөлшерлік, меншіліктік–қатыстың жағынан анықтап тұратын тұрлаусыз мүше.

Анықтауыш қандай? қай? кімнің? ненің? қайдағы? қашанғы? қанша? неше? нешінші? қайткенде? не еткенде? деген сұрақтардың біріне жауап береді. Құрамына қарай дара (қара), күрделі (қара көк) болып екіге бөлінеді.

Пысықтауыш - сөйлемде іс-әрекет, қимылдың жай-күйін, амалын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүше.

Пысықтауыш қалай? қайтіп? қашан? қайда? қайдан? неліктен? не себепті? кім үшін? не үшін? не істеуге? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? неше рет? Деген сұрақтарға жауап береді.

Пысықтауыш болатын сөз табы – үстеу. Сонымен бірге барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктеріндегі зат есімдер, кейде сын есім мен сан есім, етістіктің көсемше түрі барыс, шығыс, көмектес септіктеріндегі сөз бен қарай, таман, шейін, дейін, бола, соң, кейін, ары, бері, бұрын бірге, қабат,қатар және септік тұлғасыз сөз бен арқылы, арқасында, үшін, сайын септеулік шылаулардың тіркесінен құралған тізбектер де пысықтауыш қызметін атқарады.

Құрамына қарай дара (үшін), күрделі (ермек үшін) болып екіге бөлінеді.

а)  Қимыл-сын пысықтауыш қалай? қалайша? қайтіп? неше рет? не арқылы?

ә)  Мезгіл пысықтауыш қашан? қашаннан бері? қай кезде? қашанға шейін?

б)  Себеп пысықтауыш неліктен? не себепті? не үшін?

в)  Мақсат пысықтауыш не мақсатпен? неге бола? неге? не үшін?

Сөйлемнің біріңғай мүшелері

Сөйлемнің біріңғай мүшелері, бір сұраққа жауап беріп, бір ғана қызмет атқарып, бір ғана мүшемен байланысатын екі я одан көп мүшелерді біріңғай сөйлем мүшелері дейміз.

Мысалы: Елбол, Еламан, Райхан келді.

Біріңғай сөйлем мүшелері бір-бірімен ешбір жалғаулықсыз да, жалғаулықтар арқылы да байланысады. Ыңғайлас жалғаулар: да, де, та, те, әрі, және, мен, бен, пен.

Талғаулы жалғаулықтар: я, не, немесе, әлде.

Қарсылықты жалғаулықтар: бірде, біресе, кейде.

Кезектес жалғаулықтар: бірде, біресе, кейде.

Сөйлемде біріңғай мүшелермен қызметтес, тұлғалық болып барлық біріңғай мүшенің ортақ жинақталу аты есебінде айтылатын да сөздер болады. Олар жалпылауыш сөз деп аталады. Егер жалпылауыш сөз біріңғай мүшелерден бұрын тұрса, одан кейін келсе, оның алдынан сызықша қойылады.

Жай сөйлем түрлері

Жай сөйлем құрамы мен құрылысына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Сөйлемде тұрлаусыз мүшелердің болу, болмауына қарай жалаң сөйлем және жайылма сөйлем болып бөлінеді.

Жалаң сөйлем - тұрлаусыз мүшелер болмай, тек бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем.

Жайылма сөйлем - тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер де бар сөйлем.

Сөйлемде бастауыштың болу, болмауына қарай жақты сөйлем, жақсыз сөйлем болып бөлінеді.

Жақсыз сөйлем - бастауышы бар кейде айтылмай тұрса да, бастауышын баяндауышы арқылы табуға болмайтын, баяндауыштың өзі ғана сол сөйлемге ұйытқы болатын жай сөйлем түрі.

Жақсыз сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғада келеді:

–қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақты қалау рай етістікке бол көмекші етістігі тіркесіп келеді: айтқысы келді.

Тұйық  етістікке керек, жөн, мүмкін, тиіс сияқты сөздер тіркесіп келеді: баруы керек, айтуы тиіс  т.б.

–ып, -іп, -п жұрнақты көсемшеге бол (көбіне болма тәрізді болымсыз түрінде) көмекші етістігі тіркесіп келеді: айтып болмайды, ұғып болмайды.

Баяндауыш құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар, бірақ сөйлем мүшелеріне жіктеуге келмейтін тұрақты тіркестерден болады: шек сілесі қатты, шарасы қалмады.

Толымды сөйлем - сөйлемде ойға қатысты айтысуға мүшелері түгел жай сөйлемнің түрі.

Толымсыз сөйлем - айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлаусыз мүшенің бірі түсіп қалған жай сөйлемнің түрі.

Мысалы: Кәлен бір ытқып сыртқа шықты.  Күпі сыртынан қайыс белбеуін буып алды. Көзінен жасы ыршып кетті.  Осы үш сөйлемнің алдыңғысы – толымды cөйлем, өйткені оны сөйлем етіп тұрған баяндауышы (не істеді? - шықты) да, бастауышы (кім шықты? – Кәлен) да бар және сөйлем білдіретін ойға қатысты пысықтауыш (қайда шықты? – сыртқа және қалай шықты – бір ытқып ) та жұмсалған. Сондықтан бұл  -  толымды сөйлем.  Екінші сөйлемде баяндауыштың (не істеді? – буып алды) иесі бастауыш жоқ, сөйлемде түсіп қалған, бірақ оны табуға болады: кім буып алды? – ол (Кәлен). Үшінші сөйлемде көзінен сөзінің анықтауышы (кімнің көзінен?) түсіп қалған. Сондықтан екінші, үшінші сөйлемдер толымсыз сөйлемдер деп танылады.

        Атаулы сөйлем - ойды білдірмей, тек соған байланысты заттың құбылыстың, мезгілдің, мекеннің аты аталып көрсетілетін жай сөйлемнің ерекше түрі.

Атаулы сөйлем жеке дара қолданылатындықтан, шартты түрде сөйлем деп танылады. Бірақ оның мәні тек өзінен кейін қолданылған сөйлемдер арқылы түсініледі. Атаулы сөйлем өз ішінде сөйлем мүшелеріне жіктелмейді.

Мысалы: Кеш. Ымырт жабылған кезі. Көкшетау маңы. Айнадай тұнық  сулы Көлшүмектің қасы. Көлшүмектің жағасындағы көк ала қамыс, судыр құрғақтар айнаның жиегіне салынған салынған әдемі өрнек сияқты. Мұнда алғашқы 4 сөйлем мезгілді (1-2 сөйлемдері кеш және ымырт жабылған кез) және мекенді (3-4 сөйлемдер: Көкшетау маңы және айнадай Көлшүмектің қасы) атап қана тұр.

Мысалдан көргеніміз атаулы сөйлем бір сөзден де, бірнеше сөзден де құрала береді.

ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

Сөйлем құрамына қарай жай сөйлем және құрамалс сөйлем болып екі топқа бөлінеді . Жәй сөйлем бір ғана ойды білдіріп, бір интононациямен айтылады да, құрмалас сөйлем екі я одан да көп жай сөйлемнен құралып күрделі ойды білдіреді.

Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер өзара мынадай жолдармен байланысады :

а) Интонация арқылы іргелесе байланысады :

Байжанның оны көруі біріншірет еді: орта бойлы, төртбақтау, толықша , сарғылы өңділеу, қырықты алқымдап қалған жігіт екен.

Мұнда  бірінші жай сөйлемнен кейін дауыс ырғағы көтеріңкі айтылып, кідіріс ұзаққа созылмай, екінші сөйлеммен ұласып кетеді де , екі сөйлемнің арасын байланыстырып, күрделі ойды білдіруге дәлекер болып тұрады.

ә) Жалғаулық шылаулар (септеулік )  арқылы байланысады: Құланбай күзеуден ерет қайтып кеткен соң, өзге елдің бәрі де дағдыдан тыс күземді ерте алып көшіп еді .

б) Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемнің баяндаушы тиянақсыз тұлғада келіп, келесі жай сөйлеммен ұласып, құрмаласа байланысады. Мысалы: Құрымбайдың оқуға кетуі шын болса, ол өз ісін ойламаған жерден істеген екен.

Құрмалас сөйлемдер байланысу тәсілдеріне қарай үш түрге бөлінеді:

Салалас құрмалас .

Сабақтас құрмалас.

Аралас құрмалас.

Салалас құрмалас сөйлем

Салалас құрмалас сөйлем - құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп , өзара бір-бірімен тең дәрежеде байланысқан құрмаластың түрі. Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірімен бағынбай, тең дәрежеде байланысып, баяндауыштары тиянақты келіп жай сөйлемдерді жеке – жеке қолдануға болады.

Салалас құрамластың құрамындағы жай сөйдемдер өзара бір – бірімен екі түрлі жолмен байланысады.

Интонация арқылы мағыналарының жаңындағына қарай іргелесе байланысады.

Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірінен өзара жалғаулық щылаулар арқылы байланысады.

Ыңғайлас мәнді да, де,та, әрі, және , мен жалғаулық шылаулар.

Қарсылық мәнді  бірақ, алайда , дегенмен, сонда да, әйтсе де, сөйткенмен, ал тәрізді жалғаулық шылаулар.

Себеп – салдар мәнді өйткені , себебі, сол себепті, сондықтан, неге десеңіз тәрізді жалғаулық шылаулар;

Талғау мәнді не, немесе, я, яки, не болмаса, я болмаса, яеи болмаса, әлде тәрізді жалғаулық шылаулар.

Кезектес мәнді кейде, бірде , біресе тәрізді жалғаулық шылаулар.

Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері .

Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірімен өзара белгілі мағыналық қарым – қатынаста айтылады. Мағыналық қарым-қатынаста жұмсалуына қарай салалас құрмалас сөйлем мынадай алты түрге бөлінеді :

Ыңғайлас салалас.

Қарсылықты салалс.

Себеп – салдар салалас.

Ілектес салалас.

Талғаулы салалас.

Кезектес салалас.

Ыңғайлас салалас сөйлем - құрамындағы жай сөйлемдер білдіретін ой өзара мезгілдес, бағыттас , ыңғайлас мәнде, қарым – қатынаста айтылған салаластың түрі.

Ыңғайлас салалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен жалғайлық , жалғаулықсыз да байланыса береді.  

Мысалы: Басшы жұмысты тексерді де, ойдағы жоспардың орындалуын бағылады. Және, да, де, әрі – жалғаулықтар.

Қарсылықты салалс құрмалас сөйлем - құрамындағы жай сөйлемдердің бірінде айтылған ой, екіншісіндегі ойға қарсы мәнді білдіретін салалстың түрі.

Қарсылықты салалс құрмаластың құрмындағы жай сөйлемдер жалғаулықпен де, жалғаулықсыз да салаласып, екіге бөлінеді.

Мысалы: Жоғары қарай өсе алмады, сонда да бұтақтары көп. Әрі түртінектеді, бері түртініктеді, түк таппады. Жалғаулықсыз қарсылықты салалс құрмалстағы жай сөйлемдердің араына үтір және сызықша қойылады.

Жалғаулықтар: бірақ , сонда да, дегенмен , алайда , әйтсе де , сөйткенмен.

Себеп – салдар салалалас құрмалас сөйлем - құрамындағы жай сөйлемдердің бірі екіншісінде айтылған ойдың болу себебін білдіретін салаластың түрі.

Себеп –салдар салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірімен жалғаулық шылаулар (сондықтан, сол себепті, себебі, өйткені) арқылы да, жалғаулықсыз, іргелес тұрып та байланысады.

Мысалы: Жұмысты бастап бару міндеті Саусақовқа тапсырылды, себебі ол қазақ, орыс тідін жақсы біледі.

Іліктес салалас құрмалас сөйлем - құрамындағы жай сөйлемдерінің алдыңғысы жалпы мәнді білдіріп, соңғысы оны аша түсетін, түсінік беретіндей қарым – қатынасты білдіретін саластың түрі.

Мұндағы жай сөйлемдер іргелес орналасып, интонация арқылы байланысады. Мағыналық қарым – қатынасты білдіретін сонша, сондай, соншалық, сол, мынау, мынадай сияқты сілтеу есіңмдіктері көбіне бірінші жай сөйлемнің баяндаушы қызметін атқарады.

Мысалы: Ашуланғаны сонша - өңінде ызаның ұшқындары шаршып тұрды.

Талғаулы салалас сөйлем - құрамындағы жай сөйлемнің біреуіндегі ғана іс- әрекет, қимылдың жүзеге асатындығына болжам жасауды білдіретін саластың түрі.

Талғаулы саластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірімен әдетте не, немесе, болмаса, не болмаса, я болмаса, я, яки, өйтпесе, әлде шылаулары арқылы құрмаласады. Бұлардың ішінде не, немесе, я, яки , әлде шылаулары бір – ақ рет қолданылып та, қайталанып та жұмсалады.

Кейде талғаулы салас үш  жай сөйлемнен құралады да, олардың алғашқы екеуі – ма, - ме сұраулы шылаумен қолданылып, соңғы жай сөйлем  алғашқыларында болжам, тұспал жасалған ойдың , іс әрекеттің қорытындысын, түсінік білдіреді.

Мысалы: Сіз менің жалақымды беренің , әйтпесе біз қамтамасыз.

Кезектес салалас сөйлем - құрамындағы жай сөйлемдер білдіретінойдың кезектесіп келуін көрсететін салаластың түрі.

Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдер әдетте бір – бірімен кейде, бірде, біресе деген кезектес мәнді шылаулардың қайталанып қолданылуы арқылы құрмаласады. Аққу біресе төмен, біресе жоғары ұшады.

Көп құрамды салалас сөйлем - салаластың құрамына енген жай сөйлемдердің мағыналық қарым – қатынасы әр түрлі, байланысу жолы әрі жалғаулықтар арқылы , әрі жалғаулықсыз, іргелес болып келетін салалас сөйлем түрі.

Мысалы: Өкпелі адамша Олжабекке тура қарай қойған жоқ, екі көзі боарздады: ішкі өгіздің бірі аяғыш шалыс басып еді, шыбыртқысы шарт етті, өгіз бір қайқаңдап бораздаға түсе қойды.

Сабақтас құрмалас.

Сабақтас құрмалас сөйлем - құрамындағы жай сөйлемнің біреунің (көбіне алғашқысының) баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, екіншісіне бағына байланысқан құрмаластың түрін дейміз.

Сабақтас құрмаластың құрамындағы брінші сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз тұлғада келетіндіктен, ол өз бетімен жеке тұрып сөйлем бола алмай, келесі жай сөйлемге бағына байланысады.

Бағыныңқы сөйлемБасыңқы сөйлем.Мен келгенде,оқушы дайындалып отыр.Сен келсең,оқушы дайындалып отыр.Біз келсек,оқушы дайындалып отыр.Олар келсе,оқушы дайындалып отыр.

Сабақтас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір- бірімен, бір жағынан, бағыныңқы сөйлемнің баяндауыш тұлғасының тиянақсыз болып келуімен құрмаласса, екінші жағынан, олардың өзара мағыналық қарым – қатынасы арқылы да құрмаласады.

Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем - бағыныңқылы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың болу шартын білдіретін сабақтастың түрі.

Шартты бағыныңқылы сөйлем қайтсы? не етсе? Қайткенде?  Не еткенде? Қайтпей? Не етпей? Қайтпейінше?  Не етпейінше ? деген сұрақтарға жауап береді.

Шартты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады:

а) Етістіктің шартты рай түрінен болады. Осындай қалың жұрт батысқа қарай ағылып бара жатса, сол көптің бірі боп біз қандай оп – оңай араласып кетер едік.

ә) Болымсыз етістіктің –й тұлғалы көсемше түрінен болады: Мен үйге келмей, іс бітпейді.

б) Жатыс септік тұлғасындағы есімшеден болады. Қара теке Әзімбай болғанда, осы текенің әкесі – сары теке қатар тұр еді.

Қимыл–сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем - бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың қалай орындалғынын білдіретін сабақтастың түрі.

Сұрақтары: қалай? Қайтіп? Не етіп?

Қимыл–сын бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғаларданжасалады.

а) – а,-е,-й және –ып,-іп,-п тұлғалы көсемше деген болады.Осынша қуаңшылыққа қарамай, жылан биыл да түлеген.

ә) Есімше тұлғаласына – дай,-дей жұрнағы жалғанып жасалалады.Балалары анасынан туғандай, түрлері бір келбетте.

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем - бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың болу мезгілін білдіретін құрмаластың түрін мезгілін білдіретін құрмаластың түрі.

Сұрақтары: Қашан? Қашаннан бері? Қашанға шейін ?

Мезгіл бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады.

  а) Жатыс септік тұлғаласындағы есімшіден болады. Екеуі ымырт үйіріле үйден шыққанда, қонақтардың соңы әлі тараған жоқты.

  ә) Есімше тұқлғалы етістік пен кезде , күнле , шаңта, уақытта деген мезгіл мәнді сөздердің тіркесінен болады: Күн ұясына төліп келген кезде, Аманкелдіге тағы он шақты адам кездеседі.

  б) Барыс және шығыс септік тұлғаысндағы есімше мен шейін, дейін , кейін , соң,бері, бұрын шылаулардың тіркесінен болады. Сейіттің әке-шешес, даланың бір айналсаң қырғыны одадан өлгеннен кейін, Игілік – қалған мал-мүлкін жинап алғысы кеп жетім баланы өз қасына алдырған.

  в) –Ша,-ше тұлғалы  есімшіден болады. Зейнептен апасын сұрағанша, отырған жерін өзім таптым.

  г) Көсемшенің – ғалы,-гелі,-қалы,-келі тұлғасынан болады:Шынында да, Барластар келгелі,Құланбай бұл үйіне кеп қалған емес.     

 д) Етістіктің шартты райынан да болады: Мен кетсем де, ол үйге кіреді.

  е) –ысымен (-ісімен) қосымшалы етістікпен болады. Бүгін қара жел басталысымен, қиыршықтап қар да түсе бастады.

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құмалас сөйлем - басыңқысөйлем білдіретін ой бағыныңқыда айтылған ойға немесе бағыныңқыдағы ой басыңқыдағы ойға қарсы қойылатын сабақтастың түрі.

Сұрақтары: Қайтсе де? Не етсе де? Қайткенмен ? не еткенмен? Қайтпесе ?

Қарсылықты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады:

а) Шартты райлы етістікке да,де шылауы тіркесінен болады: Мен қанша қарасам да, ол мені байқамады.

ә) Болымсыз тұлғадағы етістіктің шартты райынан болады. Мотор үні өшті демесең,екпіні басылып тұр.

б) Көмектес септік тұлғасындағы есімшеден болады. Бұл ажыраптың күні ыстық болғанмен, түні салқын.

в) – ша,-ше тұлғалы есімшеден болады. Мыңның түсін білгенше , бірдің атын біл.

г) Көсемше тұлғалы күрделі етістіктен болып, көмекші етістік тура, тұрып сөзі болады. Дүкеннің жабық екенін біле тұрып, Рүстем соған беттеді.

ғ) Шығыс септік тұлғасындағы болымсыз есімше түрінен болады: бетіме көз салмастан, жасқа ерін бергеніне таң қалдым.

Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем - бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемде айтылған ойдың себебін білдіретін сабақтастың түрі.

Сұрақтары: неліктен? Не себепті? Неге? Не деп? Себеп бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады.

а) – дықтан,-діктен қосымшасы үстелген есімшеден жасалады: Үйдің іші қараңғы болғандықта, Зәмзегүл есікті айқара ашып қойды.

ә)Есімше тұлғалы етістікке соң шылауы тіркесінен жасалады: Балуан аәңға көшкен соң, қалғандары да тақыл суыта бастады.

б) Болымсыз етістік көсемше тұлғасынан болады: Ол өзін - өзі тоқтата алмай, мәуені тағы да жеуге кірісті.

Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем - бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың болу мақсатын білдіретін сабақтасытың  түрі.

Сұрақтары: Не мақсатпен? Не етпек болып? Не үшін? Неге?

а) –мақ, -мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек етістікке тіркеледі. Керек болған затты алып шықпақ болып, өзі жалғыз кірді.

ә) Тұйық етістік пен үшін шылауының тіркесуінен: Кесе-шәйнекті сындырмай ұстау үшін, жақсы сөре керек.

б) Шартты , бұйрық және қалау рай тұлғалы етісітк пен деп көмекші етістік тіркесінен болады. Сол шаң тына қалар ма екен деп, Көпей самауырда есік алдына қойды.

Көп бағыныңқылы салалас құрмалас сөйлем - құрамында екі немесе одан да көп бағыныңқы сөйлемі бар сабақтас сөйлем.

Бұл екіге бөлінеді.

а) Бағыныңқы сөйлемдерінің әрқайсысы басыңқы сөйлеммен тікелей байланысқан сабақтасты жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас дейміз.

Мысалы: Уайым ойламаса да, қаланың ыстық шағында тұншығып булыққандай боп жатқандықтан, Абай тамақ іше алмады.

ә) Бағыныңқы сөйлемдер басыңқыментікелей байланыспай, өзара бір-біріне бағынып барып құрмаласқан сабақтасты сатылы көп бағыныңқылы сабақтас дейміз.

Мысалы: Екі – үш жыл кісіге жалданып, інісі ер жеткен соң, жалдануды тастап үйінде отырды.

Аралас құрмалас сөйлем - құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен өзара салаласып та, сабақтасып та байланысқан құрмаластың түрі.

← Предыдущая
Страница 1
Следующая →

Скачать

СИНТАКСИС.doc

СИНТАКСИС.doc
Размер: 113 Кб

Бесплатно Скачать

Пожаловаться на материал

Морфология сөзді, сөздің тиісті бөлшектерің, олардың мағыналары мен қызметтерін талдайды. Сөйлеу дағдысында әр сөз сөйлем ішіндегі өзге сөздермен белгілі заң бойынша әр қилы қарым-қатынасқа түседі де, түрлі өзгеріске ұшырап, әр алуан қызмет атқарады.

У нас самая большая информационная база в рунете, поэтому Вы всегда можете найти походите запросы

Искать ещё по теме...

Похожие материалы:

Навчально-методичне забезпечення

Действия экипажа по ликвидации разливов

Доклад по дисциплине: «Организация транспортных услуг и безопасность производства»

Історія українського мовознавства

Захоплено працював В.Русанівський над пам’ятками історії української мови Вихованець Іван Романович (*9 жовтня 1935, с. Ко­лосова, тепер Кременецького району Тернопільської області) — український мовознавець  Період 1917 - кінця xx століття Активний розвиток мовознавства

Зв'язок фізіологічного та психологічного в емоціях: гнів, презирство і відраза

Київський Національний Університет імені Тараса Шевченка факультет психології кафедра загальної психології курсова робота на тему: Зв'язок фізіологічного та психологічного в емоціях: гнів, презирство і відраза спеціальності «Психологія»

Билеты рубежного контроля по темам: «Опухоли органонеспецифические, органоспецифические.»

Вопросы, билеты. Понятие опухоли. Патогенез.Теория развития опухолей. Морфологичекая характеристика плоскоклеточного рака Морфологическая характеристика опухолей печени.

Сохранить?

Пропустить...

Введите код

Ok