Дифференциалды психология Шизотимикалық темперамент.

Емтихан билеті №22

Дифференциалды психология

Шизотимикалық темперамент.

Темперамент тұлғаның мәнді қасиеттерінің бірі. Берілген мәселеге деген қызығушылық ерте кезде туындап, қазіргі кезге дейін психологияның зерттейтін маңызды бөлігі болып табылады. Темперамент адамның табиғи сипатының, психологиялық іс-әрекетінің динамикалық ерекшеліктері, яғни психикалық процестер мен жағдайлардың әрекеттерінің ырғағы, қарқыны, жылдамдығы жатады.

Темперамент келесі құбылыстарда көрінеді:

1.Адамның жалпы белсенділігінен;

2.Қозғалу ерекшелігі және сөздік қозғалу ерекшелігінен;

3. Эмоционалды процестер ерекшелігінен: эмоцияның туындау және өшу жылдамдығы, күші мен тереңдігі, эмоционалды аймақтың сапалық қасиеті, яғни кез келген эмоцияны бастан кешіру жылдамдығы және т.б.

Сонымен, темперамент адамның белсендік ерекшеліктерін және реактивтілігін біріктіреді. Темперамент бойынша адамдарды ажырату сыртқы өңдерінде, барлық мінез-құлықта және іс-әрекетте байқалады.

Ерте кезден осы көріністердің барлығы ғалымдардың назарын аударды. Темпераменттің туа біткен, адамның табиғи сипаты, яғни ағзаның физиологиясымен байланысты екеніне ешкім күмәнданбайды. Ғылым тарихында темперамент жайлы көптеген теориялар бар.

Темперамент жайлы теорияларды үлкен үш топқа бөлуге болады:

1.Гуморальді теориялар;

2.Конституционалды теориялар;

3.Жоғары жүйке жүйесі ерекшеліктеріне байланысты темпераментті түсіндіруші теориялар.

1921 жылы Э. Кречмердің әйгілі «Дене бітімі және мінез» атты еңбегі жарық көрді. Оның негізгі идеясы белгілі типті адамдар белгілі психологиялық ерекшеліктерге ие. Адамдарды дене бітіміне байланысты Кречмер төрт конституционалды типке бөлді: лептосоматик, пикник, атлет, диспластик.

1. Лептосоматик – нәзік денелі, ұзын бойлы, кеуде қуысы қушық, иығы тар, ұзын және арық аяқ-қолды.

2. Пикник – май қабаты анық көрінеді, орта және аласа бойлы, жайылған денелі, домалақ басты, мойыны қысқа адамдар.

3. Атлет – бұлшық еттері күшті дамыған, дене бітімі мығым, ұзын және орта бойлы, кең иықты, жамбасы тар.

4. Диспластик – формасыз адам, дене бітімі дұрыс емес. Бұл типтегі индивидтер әр түрлі дене бітімінің деформациясымен сипатталады.

Аталған типтерге байланысты үш темперамент типтерін бөліп көрсетеді: шизотимик, иксотимик, циклотимик. Шизотимикке астеникалық дене бітімі тән, тұйық, көңіл-күйі ауысып отырады, бірбеткей, бағдарлары мен көзқарастарын өзгертпейді, қоршағандарға күшпен бейімделеді. Иксотимикке атлет дене бітімі тән, салмақты, жесттері мен мимикасы ұстамды, ойлау майыспалығы төмен, ұсақ-түйекке көңіл аударушы. Циклотимик пикник дене бітіміне ие, эмоциясы қуаныш пен қайғы арасында алмасып келіп отырады, адамдармен жылдам араласады, көзқарастары шындыққа жақын.

2.В.С.Мерлин және Б.М.Теплов мектептеріндегі темперамент зерттеу бағыттары.Қазіргі кезде ғалымдар ізденістер нәтижесінде темперамент типологиясын жаңа мәліметтермен толықтыруда. В.С.Мерлин мектебінде темпераменттің негізгі 9 параметрлерін бөліп көрсетті: 1)эмоционалдық,қозғыштық; 2)зейіннің қозғыштығы; 3)эмоцияның күші;4)мазасыздық;5)еріксіз қозғалыстардың реактивтілігі;6)мақсатты бағытталған әрекет белсенділігі;7)пластикалық,ригидтілік;8)қарсылық;9)субьективация. Алайдабарлық ұсынылған сипаттамаларды темпераментке жатқыза алмаймыз, мысалы, зейіннің қозғыштығы таным үрдістерін сипаттайды, ал еріктің белсенділігі және субьективация мінездің қасиеттеріне жатқызамыз.

Кеңестік психологияда темперамент теорияларының дамуына үлкен үлес қосқан Б.М. Теплов еңбектері болып табылады. Теплов темпераменттерінің қасиеттеріне психикалық іс-әрекет динамикасын сипаттайтын тұрақты психикалық қасиеттерді жатқызды. Темпераменттің индивидуалды ерекшелігін темпераменттің қандайда бір қасиеттерінің даму деңгейімен түсіндірді. Темпераменттің мәнді қасиеттеріне келесілерді жатқызды:

1. Эмоционалды қозу;

2. Зейіннің қозуы;

3. Эмоцияның күші;

4. Мазасыздық;

5. Ырықсыз қозғалыстардың реактивтілігі;

6. Ерікті мақсатқа бағытталған іс-әрекеттің белсенділігі;

7. Майыспалылық – регидтілік;

8. Резистенттілік;

9. Субъективтілік.

3. В.Д.Небылицыннің жүйке жүйенің негізгі қасиеттері ториясына қосқан үлесі.

Б. М. Теплов пен В. Д. Небылицын қозу және тежелу процестеріне қатысты барлығы төрт – төрттен қасиеттерді бөліп көрсетті, барлығы – сегіз.

1.Қозуға тең емес жүйке жүйесі болып табылатын күш (төзімділік) – бұл ұзақ ұстайтын немесе жиі қолданылатын қозу.

Бекітулермен бірге шартты рефлекстердің қысқа интервалдарының көптеген қайталанулар арқылы – эксперименталды әдіспен күшті зерттеу үшін қолданады. Күшпен бөтен тітіркендіргіштерге, концентрация ерекшеліктеріне, көру және естудің абсолютті болжамның жүйке жүйесінің күші – бұл И. П. Павлов қабілетті – дифференцианалдылық құрау үшін қажетті жиі қайталанатын тежелу тітіркендіргіштердің әрекетін ұстайтын қабілет деп көрсеткен. Сонымен, күш жүйке жүйесінің төзімділігі мен еңбекке қабілеттілігін білдіреді.

2.Динамикалылық – шартты реакциялардың қалыптасу жылдамдығы.

3.Жүйке процестерінің жігерлілігі – тітіркендіргіш белгілерінің қайта қарастырылуы, қозудың күйзеліспен, күйзелістің қозумен ауыстырылу жылдамдығы. Бұл қасиет оқытудың негізі болып табылады.

4.Лабильділік – жүйке процестерінің тоқтатылуымен пайда болатын жылдамдығы.

Парциалды сипат емес, бұл қасиеттердің валенттілігін бөліп көрсетуге кеңейтілген мидің белсендіру қасиеттерін білдіру мүмкін болатын және осылайша коррелятор негізі ретінде орталық жүйке жүйесінің қасиеті табылады. Э. Э. Г. көмегімен орталық жүйке жүйесінің қасиеттеріммен сәйкес келетін төрт интегративті қасиеттер: кеңістік – уақыттық синхронциясы, мидің бүтіні ретіндегі лабильділігі максималды жетістік жылдамдығы мен белсенділік жетістіктерінің минималды шегі. Көрініп тұрғандай, бұл қасиеттер психиканың барлық маңызды бөліктерінде индивидуалды айырмашылықтарды түсіндіре алады, - темперамент түрлері, мінездің, когнетивті стильдер, интеллектуалды және де басқа процестердің жылдамдығы бұл сипаттамалармен байланысты.

Жүйке жүйесінің динамикалылығы мен күшін зерттей отырып, В. Д. Небылицын орталық жүйке жүйесінің қасиеттері мен психологиялық көріністерінің анық байланысатынын белгілеген, - мысалы жүйке жүйесі әлсіз адамдар монотонды жұмыстарымен жеңіл шұғылданады, ал экстремальді жағдайда күш – қуаты мен динамикалылығы жоғары адамдар өздерін жақсы көрсетеді.

Жүйке жүйесінің жалпы қасиеті адам мінез – құлқының тұрақты негізін құрайды, сондықтан олардың тұқымқуалаушылығын зерттеу туралы сұрақ туады. Егіздерге жасалған зерттеулер Э. Г. Г. – нің ішкі құрсақтық ұқсастығы аса жоғары, оған қоса бұл балалар мен егде егіз адамдарға да қатысты екенін көрсетті. Сонымен қатар онтогенездегі орталық жүйке жүйесінің қасиеті (динамикалылық пен күштің) табиғи тұқымқуалаушылыққа қатысты тұрақты өмір сүреді.

Осылайша, Орталық жүйке жүйесінің тұрақтылығы жайлы қорытынды шығаруға болады, бірақ олардың шығу тегін түсіндіруге болмайды. Осылай адам мінез – құлқы мен оның индивидуалды вариацияларын биологиялық тұрғыда анықтай отырып, олар әрқашан тұқым қуаламайтынын көреміз.

← Предыдущая
Страница 1
Следующая →

Файл

22.docx

22.docx
Размер: 19.2 Кб

.

Пожаловаться на материал

Описание к данному материалу отсутствует

У нас самая большая информационная база в рунете, поэтому Вы всегда можете найти походите запросы

Искать ещё по теме...

Похожие материалы:

Методические рекомендации к дипломной работе

Методические рекомендации предназначены  для студентов для оказания помощи при выполнении и оформлении выпускной квалификационной работы (дипломной работы).

Теория потребительского поведения. Экономическая теория

Экономическая теория. Рыночные структуры несовершенной конкуренции. Олигополия. Политика ценообразования. Общественные потери и выгоды от олигополии. Монополистическая конкуренция: основные характеристики. Равновесие в коротком и длительном периодах.

Виды служебных документов и деловых писем

Особенности составления и оформления организационно-распорядительных, справочно-информационных и справочно-аналитических документов. Пример личной доверенности. Письмо-ответ. Рекламное деловое письмо. Требования к документам, составляемым при устройстве на работу. Особенности электронного делового письма.

Товар, потребительные стоимости товаров

Товар: определение, классификация. Потребительные свойства товаров медицинского назначения. Основные характеристики товара.

Горнотехнический. Макет экономической части

Режим работы разреза в соответствии с требованиями «Норм технологического проектирования угольных шахт, разрезов и обогатительных фабрик»

Сохранить?

Пропустить...

Введите код

Ok