Дифференциалды психология ғылым жүйесінде қалыптасуы

8-1. Дифференциалды психология ғылым жүйесінде қалыптасуы.

Индивидуалды айырмашылық психологиясы немесе дифференциалды психология – бұл психология ғылымының жекелеген индивид немесе адамдар тобын, қандайда бір ортақ белгілермен біріктіріп, ерекшеліктерін зерттейтін бөлігі болып табылады.Мұнда зерттелетін ерекшеліктер диапазоны өте кең, ал олардың құрылымы әр түрлі: индивидуалдылықтың физиологиялық негізі ретінде жоғары жүйке жүйесінің қасиеттерінен бастап, әлеуметтік бағдарлар мен кәсіби қызығушылықтарға дейін қарастырады.

Дифференциалды психология дербес ғылым ретінде ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында қалыптаса бастады, бірақ оған қарасты кейбір ғылыми көзқарастар, мысалы, темперамент, мінез-құлық, этология жайлы ілімдер сонау антикалық заманда пайда болып, көптеген ғасырлар бойында дамып отырды.

Индивидуалды айырмашылықтар психологиясының дамуына практикалық сұраныстар стимул болды. Оқыту мен тәрбиелеу аймағындағы психологиялық практикалық тіркемелер, өндірістік, адамаралық өзара қатынасты ұйымдастыру мен реттеу жекелеген адамдардың индивидуалды ерекшеліктерін есепке алмай, зерттеусіз мүмкін емес.

Қазіргі кезде дифференциалды психология психологияның нақты емес шекараланған бөлігі: тікелей психофизиология мен жалпы және әлеуметтік психология, өз кезегінде зерттеудің «эпицентрі» болып табылатын қандай да бір зерттеу әдістерін қолданушы, зерттеу мәселесі және ғылыми дәстүрі бар психиатриямен шектесіп жатыр. Индивидуалды айырмашылықтың конституционалды және физиологиялық негізін, психологиялық тестілеу, тұлға сипаттарын зерттеу, мінез-құлықтың әр түрлі типологиясын, психопатия және тағы басқаларды зерттеу дифференциалды психологияның зерттеу обьектісі болып табылады.

Психологияда индивидуалдылықты зеттеу үлкен тарихқа ие. Индивидуалдылықты жүйелі зерттеу қазіргі дифференциалды психологияның өзекті аспектілерінің бірі. Қазіргі ұлы ғалымдардың фундаментальді теориялық зерттеулерінен кейін жүйелі көзқарас индивидуалды психологияның мәселелерін өңдеуде анықтаушы болды

Субъективтілік шындықты ұйымдастырудың иерархиялық концепциясы, жүйелі көзқарас принциптерімен қатар адам индивидуалдығын зерттеудің негізі теориялық және қолданбалы еңбектерде де кездеседі.

Дифференциялды психология (қазақшаға аударғанда индивидуалды айырмашылықтар психологиясы) – бұл ғылымдағы жеке индивидті немесе топтағы адамдардың индивидуалды ерекшеліктерін зерттейтін бөлім.Оларды қандай да бірп ерекшеліктеріне байланысты: жасына, жынысына, қандайда бір әлеуметтік ортасына қарай топтастырады.

«Дифференциалды психология» терминін 1900 жылы неміс психологы В.Штерн енгізді. Сол кезде оның «Индивидуалды айырмашылықтар психологиясы» атты еңбегі жарық көріп, Штерн әр елдің ғалымдарына психологияның бұл бөлігін бір атаумен атауды ұсынды.

Дифференциалды психологияның зерттеу салалары өз бетінше дамиды және көп жағдайда өзара аз байланысады.

Дифференциалды психология аймағында өлшеу құралдары құрылған тестер-өлшеу қорытындысын анализдеу әдісі. Бұл диагностика мәселесіндегі жекелеген аймақтарды ғана шешеді: дағды, нышан, шеберлікті мінез-құлық деңгейінде шешеді, ал оның күрделі салаларын шешуде дифференциалды психофизиология алға шығады.

Кеңес Одағында индивидуалды айырмашылықтар лабораториясы 1952 жылы Орталық және педагогикалық психология институтында Б.М.Тепловтың басшылығымен ашылған.Бұл лабораторияның негізгі міндеті- индивидуалды психологиялық айырмашылықтарды зерттеудің әдіс-тәсілдерін өңдеп, қолдануға жарамды ету және ең негізгісі индивидуалды психологиялық айырмашылығының физиологиялық механизмдерін ашу, зерттеу, ал оның негізін И.П.Павловтың типологиялық концепциясы құрайды.

1972 жылдан бастап лабароторияны Небылицин басқарып, математикалық әдістер мен есептеу техникасы дифференциалды психология аймағында кең өріс тапты.

1993 жылдан бастап «Дифференциалды психофизиология және психология» лабароториясын Э.А.Голубева өз басшылығына алды.Зерттеудің басты мәселесі қабілеттер мен оның нышандарын анықтау. Ағымды болжам Б.М.Тепловтың болжамы болды.

Психологиялық функцияларды анықтау үшін психодиагностикалық әдістемелер, тестер, ал кейбір қабілеттерді диагностикалау үшін лабаротория қызметкерлері оригиналды авторлық әдістемелерді өңдеп шығарды. Бұл жерде ортақ (мнемикалық, интеллекттік) және арнайы (музыкалық, математикалық, тілдік) қабілеттер мен олардың нышандарын қарастырады.

Дифференциация мен индивидуализация мәселесі білім беру жүйесіндегі стратегияны өңдеуде қолданылады. Оның белсенділігі, өзектілігі қоғамдық өзгерістерге, экономиканың қарқынды дамуына байланысты өсе түседі:

Оқу мен тәрбиеге альтернативті бағыт таңдау мақсатында;

Арнайыланған мектептердің пайда болып, қоғамда дифференциациялануы үшін.

Әр түрлі инновациялық және авторлық технологиялар, білім беру жүйелері және т.б. себептер әлеуметтік – экономикалық құрылымдардың салдарынан жаңа мағынаға ие болуда.

Индивидуалды психологиялық айырмашылықтарды анықтап, зерттеу жұмыстарын жүргізусіз адамдардың іс-әрекет аймағында ешқандай прогреске қол жеткізу мүмкін емес.

Дифференциалды айырмашылықтарды зерттеп, оның психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін ашу әлемдік ғылым жүйесіне қосқан үлкен үлес болып табылады.

8-2. А.Е.Личко, К.Леонгард бойынша мінез акцентуациялар типтері.

А.Е.Личко бойынша мінездің жасөспірімдерге арналған типологиясы:

1.Гипертимді тип. Бұл типті адамдардың қарым-қатынасы жоғары, қимыл – қозғалысы ширақ, қалжыңға бейім. Өздерінің ортасында шулы, көңіл – күйі жоғары. Өте жоғары қабілеті бар, бірақ тұрақсыздығының нәтижесінде сабаққа дайындығы біркелкі емес. Көңіл – күйі үнемі көтеріңкі жүреді. Ересектермен, ата – аналарымен, ұстаздарымен қарым – қатынас барысында әртүрлі қақтығыстарға түседі.

2.Циклойдты тип. Апатияға бейім, өте қызба. Көбіне үйде жалғыз қалғанды ұнатады, өздерінің құрбыларымен қарым – қатыныас жасамайды. Айналадағылардың ескетпелерін қабылдамайды, қабылдаған күнде өте қызба, жағымсыз түрде өтеді. Сәл болатын өзгерістерді қапаланып қабылдайды. Көңіл – күйі жоғарыдан өте төмен деңгейге тез ауысып отырады. Көңіл –күиінің ауысу мерзімі 2-3 апта.

3.Лабильді тип. Мінезі тұрақсыз, көңіл – күйі жиі өзгергіш. Көңіл – күйінің өзгеруіне кез – келген ұсақ – түйек әсер етуі мүмкін. Мұндай адамдардың көңіл – күйі жабырқау кезінде өздерінің жанын түсінетін адамдардың көмегін қажет етеді. Олар басқа адамдардың өздеріне деген қатынасын аса сезімталдықпен сезінеді.

4.Астенал – невротикалық тип. Бұл типті адамдар аса жоғары көңілге алушылығымен, тез шаршап, болдыруымен, қырсықтығымен көзге түседі.

5.Сензитивті тип. Аса сезімталдық: біреудің қуанышына да, қайғысына да ортақтасады. Аса үлкен ортаны, қатты қимыл-қозғалыс орындарын аса ұнатпайды. Олар танымайтын, бөтен адамдармен қарым – қатынасқа көп түсе бермейді. Өздерінің қабілет саласындағы кемшіліктерді аса ұқыптылық, кез – келген істі орындаумен толтырады.

6.Психастеникалық тип. Секем алғыштық, көңілшек, барлық жаңалықтан қорқатын, сезімі нәзік келеді. Болашақта қауіп пен сәтсіздікті сезінеді. Интеллектісі жоғары. Бірақ оқуы нашар, себебі, ауызша жауап бергенде мазасызданып, білгенін жеткізе алмай қиналады.

7.Шизойдты тип. Тұйық, айналасындағылармен қарым – қатынасқа түсуге ынта –ықыласы жоқ, оқшау жүреді, ішкі жан –дүниесі бай, бірақ сырт келбеті кедей адам. Ақыл – ой дарындылығы бола тұра, икемсіз.

8.Эпилептойдты тип. Бұл типті адамдар ызақор, өте қозғалғыш, әсіресе бұл белгілер 2-3 жас арасында корінеді. Личконың айтуынша бұл типті адамдар жан – жануарларды азаптап, қинауды, өздерінен әлсіз адамдарды мазақ етуді жақсы көреді. Аса қатыгез, өздерін аса жақсы көреді. Басшылыққа ұмтылады.

9.Истероидты тип. Бұл типке тән белгілер: үнемі назарда болуға тырысу, өзін көрсетуге және үнемі таңқалдыруға әуестік.

10. Тұрақсыз тип. Бұл типті адамдар болашақты тіпті де ойламайды. Олардың әрекеттері белгілі бір мақсатпен, міндетпен байланысты болмайды, тұрақсыз және өзгермелі.

11. Комформды тип. Кез – келген өзіне тиімді жағдайларға тез бейімделеді

К.Леонгард мінез акцентуациясының классификациясын құрды, оны шеткі норма варианты деп түсінді. Сондықтан адамнығ күшті жағына қарағанда, оның жетіспеушілігін тізбелеу әсерін жасау түрін сипаттайды. Осында әдістің ерекшелігі, бірақ әрине, оған медициналық диагноз қою жеткіліксіз. К.Леонгард жаңа ұғымды енгізе отырып, 4 мінез акцентуациясын және 6 темперамент акцентуациясын бөліп көрсетті. Бұл акцентуацияларды төменде М және Т әріптерімен көрсетемін.

Қазір, әсіресе Кеңестік тәсілдер шегінде бұл бөлімдердің тарихи құндылығы бар, “таңдамалылық” түсінігі тоталды формалды – динамикалық сапа сияқты темперамент категориясына жатады. Міне, осы типтер:

Демонстративті (истероидты) (М) — бұл тип адамның зейін ортасында болғысы келгенде көрінеді, бұл кезде ол не істеп, қалай істеп отырғанын ұмытады. Демонстративті типке жоғары ығыстыру қабілеті және әлеуметтік ортаға тәуелділік, өзін-өзі сендірушілік тән.

Педантты (жоғары пунктуалды) (М) — өткенге көп уақыт бойы ренжу, түкке тұрмайтын жағдайларға маңызды көңіл аудару, белгілі бір мінез-құлық үлгілерін қстанушы, дәстүрді ұстанушы, тұйықталған, жоғары жауапкершіл тип.

Тұйықталған тип (М) – бір күйден екінші күйге ауысу ауырлығы, ал оның негізгі қыры – бұл жоғары бағалы идеялардың қалыптасуы, соған ерекше маңыз білдіреді және қызметке өзінің және басқа адамның өмірін қоюға дайын болады.

Қозғыш тип ( эпилептоидты ) (М) — өз әсерлерін, сөзін және мінез-құлқын күшпен басқарады. Аяқ асты бүлінгіш және әлсіз тітіркендіргіштерге күшті реакциямен жауап береді. Өткен өшпесіне қайта оралып, өш алуға бейім.

Гипертимді тип (Т) – үнемі көтеріңкі көңіл-күймен жүреді, іс-әрекетке деген құштарлық, айналасындағыларға әр дайын аса зейінді болмағандықтан, өзінің жеке күйін күшпен басқарады. Бала – болашақ гипертим, таңертең оянғанда күліп тұрады және жағымды әлемдік қатынас объективті жетістіктерге әрдайын шартталған емес.

Дистимді тип (Т) – керісінше, төмен көңіл-күймен, өмірдің қараңғы жақтарына көп көңіл бөледі. Бала оянғанда жылап тұрады, ал ересек жаста өмірдің жақсы жақтарын қабылдамайды, қоршағандардың неодекватты кінә сезімдерін тудырып, соған байланысты топта жоғары статусы болмайды.

Қауіпті – қорқақ тип (Т) — қоқақ, тіпті өмірдің қиын емес тапсырмаларымен байланысты болғанда да үнемі қауіпті сезінеді.

Циклотимді тип (Т) – жоғарыда көрсетілген екі типтің кемшіліктерін біріктіреді. Тұлғаның потологиялық дамуында моникалды-депрессивті психозға әкеледі.

9. Эмотивті тип (Т) – сезімдерімен өмір сүреді, барлық эмоционалды күйдің диапазонын қобалжиды, басқа адамдардың көңіл-күйін тез қабылдайды.

10. Аффективті – экзальтировты тип (Т) – нәзік және әсершіл адамдар, шындық өмірді иллюзорлы әлемге ауыстырады.

Аталған белгілердің акцентуациясының әлсіз түрінде көрсетілген. Олардың кейде пайдасы да бар. Мысалы истероидты акцентуациясы бар Адам публикалық мамандыққа шизоидты акцентуация шығармашылық ойлауға және оригиналды шешім қабылдауға, параноидты мінез-құлқының мақсаттылығында көрінеді.

К. Леонгард мінездің кейбір өмірге қиындық туғызатын сипаттарын ғана көрсетті. К. Леонгард еңбегін Санкт – Петербург зерттеушісі Личко толықтырды. Ол акцентуацияның 12 түрін көрсетті. Көбінесе К. Леонгард классификациясын мінезі әлі қалыптаспаған жеткіншектермен жұмыс жасағанда қолданады.

8-3. Жыныстардың арасындағы психологиялық аырмашылықтар.

Гендер - [gender] - жыныстың әлеуметтік және мәдени аспектілері. Қазіргі әлеуметтік және қоғамдық ғылымдарда "жыныс" (sex) және "гендер" (gender) ұғымдарының ара-жігін ажыратып қарастырады. Дәстүрлі түрде олардың алғашқысы адамдардың биологиялық жынысын анықтау үшін, анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін белгілеу үшін қолданылды. XX ғасырдың 60-шы жылдарына дейін адамдардың жыныстық айырмашылықтары олардың психикалық сипатының, темпераментінің, ерекшеліктерінің, ақыр соңында әлеуметтік рөлдері мен экономикалық дәрежесін, тіпті, азаматтық және саяси құқықтарын анықтайтын жіктеме ретінде қарастырылып келді (З.Фрейдтің пікірінше, "анатомия - тағдыр"). Бірқатар интеллектуалдық және әлеуметтік факторлардың ықпалымен (адам құқы философиясының дамуы, құрылымды антропология тұрғысынан этнографиялық зерттеулердің мәліметтерін қайта қарау, феминистік теориялардың қалыптасуы) әйелдер мен ерлердің психологиялық және әлеуметтік сипатының қалыптасуына биологиялық айырмашылықтардың қатысы шамалы екендігі анықталды. Алғаш рет "гендер" ұғымын ғылыми айналымға 1968 жылы американдық психолог Роберт Столлер енгізді. Өзінің транссексуалдарды зерттеу жеке тәжірибесінің негізінде адамның психологиялық тұрғыдағы жыныстық бірегейлігін өзгертуден, оның жынысын хирургиялық жолмен өзгерту оңайырақ деген қорытындыға келген. Столлер жыныстың әлеуметтік және мәдени белгілерін атау үшін бұған дейін биологиялық жыныспен еш қатысы жоқ, тек грамматикалық мағынада қолданылып келген "gender" ұғымын қолдануды ұсынған. Ғалымдардың ішінде алғашқы болып, қоғамдағы әйел және еркек рөлдерін анықтауда едәуір ерекшеліктерді анықтаған антрополог-структуралистер жыныс және гендер ұғымдарымен жіктеу идеясын қолдады. Бүгінгі әлеуметтік және қоғамдық ғылымдарда қалыптасқан гендердің негізгі теорияларына гендерді жіктеу белгісі әрі оны мәдени символ ретінде түсіндіру, әлеуметтік құрылымдау теориясы жатады. Гендерді әлеуметтік құрылымдау теориясы екі сипаттауды керек етпейтін жорамалдарға негізделген: 1) гендер Әлеуметтендіру, еңбек бөлінісі, гендерлік рөлдер жүйесі, отбасы, бұқара лық ақпарат құралдары арқылы құралады; 2) гендер - жеке тұлғалардың әзімен де саналық деңгейде (яғни, гендерлік бірегейлік), қоғам ұсынатын ережелер, рөлдерді қабылдау, олардың ығына жығылудан (киім киюде, сырт келбеті, мінез-құлқына) құрылады. Бүл теория гендерлік бірегейлік, гендерлік идеология, гендерлік жіктеу және гендерлік рөл ұғымдарын жиі қолданады. Гендерлік бірегейлік адамның өз мәдениетіне сай әйелдік және еркектік белгілерді қабылдауын білдіреді. Гендерлік идеология - гендерлік айырмашылықтар мен ген-дерлік жіктеуің әлеуметтік тұрғыда анықталатын идеялар жүйесі, соның ішінде "табиғи" айырмашылықтармен қатар, қайшылықты ұстанымдар да бар. Гендерлік жіктеу әйелдер мен ерлер арасындағы биологиялық ерекшеліктер әлеуметтік сипат алып, әлеуметтік жіктеу құралы ретінде қолданылатын процесс ретінде анықталады. Гендерлік рөл белгіленген әлеуметтік ұйғарымдарды орындау ретінде түсініледі, яғни жынысқа сай әрекет жасау. Гендер әйелдер мен ерлердің қоғамдағы, оның институттарындағы (отбасы, саяси құрылым, экономика, мәдениет, білім және т.б.) орнын анықтайтын әлеуметтік үлгі ретінде қоғаммен құрылады.Гендерлік жүйелер әртүрлі қоғамдарда әртүрлі ерекшеленеді, алайда әр қоғамда олар мынадай жолдармен сәйкестендіріледі: барлық еркектер "ерге тән" қасиеттері (мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, кәсібі, т.б.) аса маңызды, бірінші орында, басым келеді, ал, әйелдер "әйелге тән" нәрселер әлеуметтік тұрғыдан алғанда аса маңызды емес, екінші деңгейлі, бағыныңқы сипатта анықталады. Гендерді құрудың мәні полярлылық және қарама-қарсылық. Белгілі бір уақыттан бері әлеуметтік ұйғарымдар екі негізгі түрден тұратын барлық дерлік қоғамда бір биологиялық жынысқа екінші рөлді таңады. Оның қандай әлеуметтік рөл екендігі аса маңызды емес: әртүрлі қоғамдарда әркелкі болуы мүмкін, бірақ әйелдерге таңатынның барлығы да екінші дәрежелі сипат алады. Уақыт өте келе әлеуметтік ережелер өзгеруде, алайда, гендерлік теңсіздік сол күйінде қалуда. Осылайша, гендерлік жүйе жыныс теңсіздігінен құрылған әлеуметтік жүйе деп айтуға болады. Гендер - нәсілдік, ұлттық, таптық, топтық, жастық, әлеуметтік-демографиялық факторлармен қатар жүріп, әлеуметтік иерархия құрылымын жасайтын, қоғамды әлеуметтік стратификация лаудың бір әдісі болып табылады. Гендер иерархияландыратын әлеуметтік қатынастар және әйелдер мен еркектер арасындағы рөлдер стратификациялық категориясы болып табылады. Гендерлік стратификация - гендер әлеуметтік стратификацияның негізіне айналатын процесс, ал, гендерлер арасындағы айырмашылықтар - жүйелі түрде бағаланатын және бағаланған болып есептеледі. Алайда, гендерден басқа мұндай категориялар ретінде тап, нәсіл, жас қолданылады. Жыныс, тап, нәсіл және жас гендерлік жүйені анықтайтын негізгі өзгермелілер болып табылады. Гендерлік ерекшеліктерді құрудың маңызды элементтері - еркек және әйелді қарсы қою және әйел бастауларын еркекке бағынышты ету. Гендерлік көзқарас әйелдер мен ерлер арасындағы биологиялық ерекшеліктер емес, осы ерекшеліктерге мәдени және әлеуметтік мән беретін айырмашылықтар идеясына негізделген.

← Предыдущая
Страница 1
Следующая →

Индивидуалды айырмашылық психологиясы немесе дифференциалды психология – бұл психология ғылымының жекелеген индивид немесе адамдар тобын, қандайда бір ортақ белгілермен біріктіріп, ерекшеліктерін зерттейтін бөлігі болып табылады

У нас самая большая информационная база в рунете, поэтому Вы всегда можете найти походите запросы

Искать ещё по теме...

Похожие материалы:

Сохранить?

Пропустить...

Введите код

Ok