Даралық психологиялық ерекшеліктерді зерттеу бағыттары

Емтихан билеті № 2

Даралық психологиялық ерекшеліктерді зерттеу бағыттары

Даралық құрлымын бөліп көрсетудің басқада талпыныстары бар. Мысалы, К. Леонгард үш сферасын бөліп көрсетеді: қызығушылық және бейімділіктің бағыттылығы (мазмұны жағынан біз бөліп көрсеткен рухани – дүниеге көзқарастық қасиеттеріне ұқсайды), сезім мен ерік («Темперамент» түснігіне жақын) және ассоциативті – интеллектілі ( қабілет пен стильдік ерекшеліктерге сәйкес келеді). Отандық психология шеңберінде қалыптасқан даралық құрлымы туралы көрсетілген салыстырмалы анализді қазіргі кітаптарда М. С. Егорова қарастырады. Осылайша, үш қабаттың бөлінуі әртүрлі ықпалдарда тұрақты қарастырылып келеді.

Даралықтың әр «қабатына» зерттеуде әртүрлі ықпалдар сәйкес келетіні тарихи қалыптасқан, «Мазмұнды – мағналы» ықпал танымына және мінезіне, біліміне, икемділігіне, қабілеттеріне, мағналарына, күйзелістеріне, және де басқа адамның тұрақты психологиялық ерекшеліктерінің даралық вариацияларын өлшеуге бағытталған «Мінез –құлықтық» ықпал (мұны бихевиористікпен шатастыруға болмайды!) адамның белсенділігін құрайтын моторлы, вегативті, биохимиялық – мінез – құлық формасының объективті тіркелген талдауымен байланысты. Б. М. Теплов бірінші болып ықпалдың барлық мазмұнды көңіл бөлдіртуіне қарамастан, онда көрсетілген психологиялық түсініктердің валенттілігін нақтылайтын теориялық негіз жоқ деп әділетті атап көрсеткен. Тұлға қырларына мысалы мінез – құлықтың таза жағдайлық флуктуацияларды сирек жатқызылады, ал олардың тұрақтылығы күмәнді. Тесттердің көмегімен өлшенген индивидуалды айырмашылықтарын кездейсоқ елес екеніне көз жеткізу үшін оларды міндетті түрде жүйке жүйесінің қызметімен байланыстыру қажет (және де басқа биологиялық факторлармен). Яғни, дифференциалды психологияның мазмұнды валенттілігін дәлелдегеннен кейін ғана обьективті ғылым болып мойындалуы мүмкін.

Адамның даралығы және қабілеттілік мәселесі

Индивидтілік индивидуалдылықта болады. Индивидуалдылық – бұл өздігінен дамитын және өздігінен реттелетін автономдық ерекше және қайталанбайтын биоәлеуметтік жүйе.

Бұл жеке адамның болмысының өзіндік бүтіндігін сақтау шеңберінде үздіксіз сыртқы және ішкі өзгерістерін өз - өзіне ұқсастыру формасы.

Бұл қиын анықтаманы қабылдауда маңызды болып табылады. Драмалықта ағза ретіндегі тұлға және өзіндік сана жетектеушісі адамдардың барлық көріністері сонымен қоса бір – біріне өзара әсер етеді, мұндағы өзіндік реттелудің қабілеті көрінеді. Яғни күрделендіріп айтсақ, мысалы темперамент адамдардың жүктемесін білдіреді, және оның мамандық таңдауына бейім келеді, ал мақсаты мен құндылықтары психотиппен байланысты болуы мүмкін деп айтуға болады (мінездік ерекшеліктермен). Адамның ұлпалық құрлымы жаңарып отыратынына қарамастан (ішкі өзгерістер), ал өмір жаңа (тапсырмаларын) міндеттерді қояды (сыртқы өзгерістер), адам өзіндік «Мен» сезімін жоғалтпайды - бүтіндік шарты бұзылғанда тұлға ішкі қарама – қайшылықты, конфликтіні бастан кешіреді, былай айтқанда, өзіндік бұзылуға әкелуі мүмкін.

Осылайша, біршама жеңілдетілген түрде индивидуалдылық – бұл индивид, тұлға және олардың арасындағы байланыстар деп айтуға болады. Индивидуалдылықтың бірыңғай емес, әртүрлі сипаттамаларын белгілей отырып, оны үш қабатты «Ғимарат» ретінде елестетуге болады.

Сонда төменгі деңгейде (тұлғалық биологиялық іргетасы) біз барлық индивидті, формальді – динамикалық сипаттамаларды жинай аламыз (жыныс, темперамент, қабілеттіліктің қасиеттері, бас ми жарты шарының ассиметриясы). Екінші деңгейде біз заттық – мазмұнды сипаттамаларды қарастырамыз (тұлға түрлері, қырлар, қабілеттер, мінез – құлықтың стильдік сипаттамалары). Ал үшінші жоғарғы деңгейде рухани – дүниеге көзқарастық сипаттамалар болады (тұлғаның бағыттылығы, құндылығы, пайымдауы, көзқарастары, және ұстанымдары).

Темперамент теориялар

Темперамент тұлғаның мәнді қасиеттерінің бірі. Берілген мәселеге деген қызығушылық ерте кезде туындап, қазіргі кезге дейін психологияның зерттейтін маңызды бөлігі болып табылады.

Темперамент адамның табиғи сипатының, психологиялық іс-әрекетінің динамикалық ерекшеліктері, яғни психикалық процестер мен жағдайлардың әрекеттерінің ырғағы, қарқыны, жылдамдығы жатады.

Темперамент келесі құбылыстарда көрінеді:

Адамның жалпы белсенділігінен;

Қозғалу ерекшелігі және сөздік қозғалу ерекшелігінен;

3. Эмоционалды процестер ерекшелігінен: эмоцияның туындау және өшу жылдамдығы, күші мен тереңдігі, эмоционалды аймақтың сапалық қасиеті, яғни кез келген эмоцияны бастан кешіру жылдамдығы және т.б.

Темперамент жайлы теорияларды үлкен үш топқа бөлуге болады:

Гуморальді теориялар;

Конституционалды теориялар;

Жоғары жүйке жүйесі ерекшеліктеріне байланысты темпераментті түсіндіруші теориялар.

Гиппократ теориясы бойынша, адам ағзасында төрт негізгі сұйықтық бар: қан, қара өт, сары өт, сөл. Гиппократ пікірінше, адам ағзасында қай сұйықтық басым болса, соған байланысты 4 темперамент типінің бірі сай келеді: қан басым болса - сангвиник типі, сөл басым болса - флегматик типі, сары өт басым болса - холерик, қара өт басым болса - меланхолик типі. Гиппократтың ойынша, адам ағзасындағы сұйықтықтың біреуінің басым болуы климат жағдайына және адамның айналысатын іс-әрекетіне байланысты.

1921 жылы Э. Кречмердің әйгілі «Дене бітімі және мінез» атты еңбегі жарық көрді. Оның негізгі идеясы белгілі типті адамдар белгілі психологиялық ерекшеліктерге ие. Адамдарды дене бітіміне байланысты Кречмер төрт конституционалды типке бөлді: лептосоматик, пикник, атлет, диспластик.

1. Лептосоматик – нәзік денелі, ұзын бойлы, кеуде қуысы қушық, иығы тар, ұзын және арық аяқ-қолды.

2. Пикник – май қабаты анық көрінеді, орта және аласа бойлы, жайылған денелі, домалақ басты, мойыны қысқа адамдар.

3. Атлет – бұлшық еттері күшті дамыған, дене бітімі мығым, ұзын және орта бойлы, кең иықты, жамбасы тар.

4. Диспластик – формасыз адам, дене бітімі дұрыс емес. Бұл типтегі индивидтер әр түрлі дене бітімінің деформациясымен сипатталады.

Аталған типтерге байланысты үш темперамент типтерін бөліп көрсетеді: шизотимик, иксотимик, циклотимик. Шизотимикке астеникалық дене бітімі тән, тұйық, көңіл-күйі ауысып отырады, бірбеткей, бағдарлары мен көзқарастарын өзгертпейді, қоршағандарға күшпен бейімделеді. Иксотимикке атлет дене бітімі тән, салмақты, жесттері мен мимикасы ұстамды, ойлау майыспалығы төмен, ұсақ-түйекке көңіл аударушы. Циклотимик пикник дене бітіміне ие, эмоциясы қуаныш пен қайғы арасында алмасып келіп отырады, адамдармен жылдам араласады, көзқарастары шындыққа жақын.

И.П.Павлов пікірінше, жүйке жүйесінің Гиппократ бөліп көрсеткен темперамент типтеріне жақын негізгі төрт типі бар. Жүйке процестерінің күшінің көрінуіне байланысты күшті және әлсіз типтерге жіктеледі. Олар өз кезегінде салмақты және ұстамсыз болып бөлінеді. Ұстамсыз тип қозудың тежелуден басымдылығымен сипатталады. Күшті ұстамды тип қозғалымпаз және инертті немесе енжар болып бөлінеді.

Сангвиник – күшті, тепе-тең, қозғалғыш тип;

Флегматик – күшті, тепе-тең, инертті тип;

Холерик – күшті, қозуы тежелуінен басым тип.

Меланхолик – қозу күші де , тежелу күші де әлсіз тип.

← Предыдущая
Страница 1
Следующая →

Файл

2.docx

2.docx
Размер: 17.6 Кб

.

Пожаловаться на материал

Адамның даралығы және қабілеттілік мәселесі Темперамент теориялар

У нас самая большая информационная база в рунете, поэтому Вы всегда можете найти походите запросы

Искать ещё по теме...

Похожие материалы:

Психология развития

Темперамент, индивидуальность человека. Психоанализ. Понятие и виды темперамента. Отечественные и зарубежные теории темперамента. Принцип психолога

Деньги, кредит, банки. Лекции

Краткий курс лекций. Эмиссия и выпуск денег, оборот, валютная система. МФК. Банки и их роль в Республике Беларусь

Концепция Ф.Соссюра

Концепция Ф.Соссюра. - разделял язык как абстрактную надындивидуальную систему, языковую способность как функцию индивида. Языковой знак. В чем же видит Соссюр выход из этой ситуации?

Аналіз математичної моделі спірально – гвинтового транспортера

Аналіз двомасових електромеханічних систем (ЕМС) Поняття від’ємного в’язкого тертя Забезпечення астатизму системи керування

Врожденные и приобретенные нарушения функции половых желез. Биохимические нарушения, возникающие при гипер- гипоэстрогенемии, гипер- и гипоандрогенемии

Учебное пособие для самостоятельной работы студентов

Сохранить?

Пропустить...

Введите код

Ok