ҚР-ның «Тілдер туралы» Заңы.

1-билет

1. ҚР-ның «Тілдер туралы» Заңы.

2. Жай сөйлем түрлері: хабарлы сөйлем.

Ответы:

1.ҚР-ның «Тілдер туралы» Заң.Сол тарихи кезеңдегі басты оқиғалардың бірі – 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданған «Тіл туралы» Заң еді. Бұл Заңда қазақ тілі мемлекеттік тіл, ал орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі деп бекітілді. Осылайша, тәуелсіздік жолында ұлттық тарих пен ұлттық тіл қоғамды жұмылдырушы, әрі біріктіруші күшке айналды.

2.Жай сөйлем — бір немесе бірнеше сөз бен сөз тіркестерінен құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіретін сөйлем.Қазақ тілінде сөйлемдер мағынасы мен мақсатына, айтылу сазына қарай 4 түрге бөлінеді:

1. Хабарлы сөйлем (повествовательное предложение).

2. Сұраулы сөйлем (вопросительное предложение).

3. Бұйрықты сөйлем (побудительное предложение).

4. Лепті сөйлем (восклицательное предложение).

2-билет

1. Әлеуметтік сақтандыру түрлері (сақтандыру компаниялары).

2. Сұраулы сөйлем.

Ответы:

1.Әлеуметтік сақтандыру – әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі нысандарының бірі; экономикалық тұрғыдан белсенді халықты жұмыстан, еңбек ету қабілетінен және табыстан айырылуға байланысты түрлі тәуекелден зиянды өтеудің ұжымдық ынтымақтастығы негізінде әлеуметтік қорғау нысаны; азаматтарды қартайғанда, сырқат, жазатайым оқиға салдарынан, бала туу себепті, т.б. мән-жайларға байланысты еңбекке уақытша немесе тұрақты жарамсыз болған жағдайда, сондай-ақ олардың денсаулығын сақтау, қорғау мақсатымен материалдық жағынан қамсыздандыру жүйесі.

2. Сұраулы сөйлем. Бір нәрсе жайында сұрай айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейді. Сұраулы сөйлем жолмен жасалады:

1. Сұраулық шылаулар -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жалғаулары арқылы. Мысалы: Сен келдің бе? Жанат үйде ме? Жұмысқа барасың ба?

2. Сұрау есімдіктері (қай? қашан? кім? қайда? не? қайдан? неге?) арқылы жасалады. Мысалы: Студенттер қайда? Мына бала кім? Қашан келді?

3.Кейде сұраулық шылаулары түбір сөз бен жіктік жалғауларының арасынан келіп -мы, -мі, -бы, -бі, -сы, -ні формасында да кездеседі. Мысалы: Сен немене тоңып қалғанбысың? Бұл қайсың, Мұратпысың?

3-билет

1. Заман және заң.

2. Жай сөйлем түрлері: лепті сөйлем.

Ответы:

1. Заң және заман

Ал қазіргі кезде елімізді басқару жүйесі негізінен алғанда сол баяғы заманға бір табан жақын болғанымен, талай сатылардан өтіп, жетіліп, адам мен азаматтардың құқықтарының сақталуына көп көңіл бөлінуде. Егемендігімізді алған 20 жылдан аса өзіміздің Ата Заңымыз – Конституциямызды қабылдап, онда елімізді басқару жүйесін анықтап, құқықтық, зайырлы мемлекет болуға қол жеткіздік

2. Лепті сөйлем. Адамның әртүрлі көңіл-күйін білдіру мақсатымен қолданылатын сөйлем лепті сөйлем деп аталады. Лепті сөйлемдердің мағыналары көңіл-күйіне, қуану, ренжу, таңдану, аяу, өкіну, қорқу сияқты мақсатта айтылады да, айтылу әуені, интонациясы өте асқақ, көтеріңкі болады. Мысалы: Пай-пай мына аттың жорғасын-ай! Туған күніңмен! Жолдастар! Мына үй қандай әдемі! (Как красив этот дом!) Да здравствует наша Родина! Қымбатты достар!

4-билет

1. Қазақша жарнаманың қазіргі сипаты.

2. Жай сөйлем түрлері: бұйрықты сөйлем.

Ответы:

1. Қазақша жарнаманың қазіргі сипаты

Жарнама, реклама— тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама.Жарнама тілі саласы қазақ тілінде жаңа сала деп қарастыруға болады. Қазіргі таңда жарнама үстем болып отырған орыс тілінде дайындалады да, кейін қазақ тіліне аударылады. Бұл жағдай керісінше болуы тиіс. Бірен-сараңы болмаса, кілең қазақ сөздерінен құрылған тіркестер өзара байланыспай, қиыспай нақтылы ұғым берместен сіресіп тұрады.

2. Бұйрықты сөйлем. Біреуге бұйыру, зеку, тілек, өтініш немесе бір нәрсені талап ету мақсатымен айтылған сөйлем бұйрықты сөйлем деп аталады. Мысалы: Балам жөніңді айтшы.

1. Бұйрықты сөйлем бәсең дауыспен айтылып, жазуда соңына нүкте қойылады.

2. Ал кейбір бұйрықты сөйлемдер бұйыру, талап ету мағынасында көтеріңкі дауыспен айтылғанда, соңына леп белгісі қойылады. Мысалы: Көрсетпе көз жасыңды! Жүр жарысайық!

Бұйрықты сөйлем әртүрлі дауыс ырғағымен айтылады да, ІІ жақта тұрады. Мысалы: Маған кел! Жоғал! Кет әрі! Сөзді доғарыңыздар! Сыпыр еденді! Сабағыңды дайында! Шық үйден!

5-билет

1. Ұлылардан қалған сөз.

2. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.

Ответы:

1. 1. Жастықта көкірек - зор, уайым - жоқ.

2. Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

3. Жастықта бір күлгенің - бір қаралық.

4. Кімді сүйсең де - шын көңілмен сүй.

5. Арсыз сөз қыдыртып, жұрт құтыртуға құмар. Абай Құнанбаев

6. Ел сонда кай жерден өзіңді еркің сезінесің. Абу-ль-Фарадж

7. Өмiр қозғалысты талап етедi. Apистотель

8. Кім өзінің елін жек көреді, сол ештемені сүйе білмейді. Байрон

9. Абзал жүрек опасыздық жасамайды.

Өзімшілдік - достық үшін у. Оноре де Бальзак

2. . Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.

Сөйлемде атау септігінде тұрып, ойдың кім, не жайында екенін білдіріп баяндауышпен қиыса байланысатын тұрлаулы мүшені бастауыш дейміз.

Бастауыш кім? не? кімдер? нелер? кімім? кімі? несі? қаншасы? т.б. деген сұрақтарға жауап береді.

Мысалы: Алмаз келді? Қыс түсті.

Бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, белгісін, қасиетін көрсететін, сөйлемді тиянақты етіп тұратын тұрлаулы мүшені баяндауыш деп атайды.

Баяндауыш қайтті? не қылды? не істеді? деген сұрақтарға жауап береді.

Мысалы: Студент (кім?) жазды (не істеді?)

Мен (кім?) оқыдым (не істедім?)

6-билет

1. Қазақстан және сыртқы саясат.

2. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері: толықтауыш.

Ответы:

1.Тәуелсіз Қазақстан Республикасына өзіндік сыртқы саясаты ұстанымын қалыптастыру қажет болды. Сыртқы саясаттағы негізгі мақсат – елдің қауіпсіздігін сақтау, саяси және экономикалық қарым-қатынастарда аймақтық, сурегионалдық құрылымдарға ену, тәуелсіз мемлекет есебінде елдің дамуы үшін сыртқы қолайлы жағдайларды қарастыру және оны тиянақтау.

2. Жай сөйлемді жайылмаға айналдырып, оның іргесін әрі қарай кеңіте беруге діңгек болатын тұрлаусыз мүше, алдымен, толықтауыш. Ол өзі бағынған сөзбен грамматикалық байланыста тұрып, табыс, шығыс, барыс, көмектес, кейде жатыс жалғауларының бірінде жұмсалады. Толықтауыштар мағынасына, синтаксистік қызметіне және тұлғасына қарай екі топқа бөлінеді : 1) Тура толықтауыш. 2) Жанама толықтауыш. Табыс септігінде жұмсалатын сөйлем мүшесі тура толықтауышболады. Ол заттың (субъектінің) қимыл процесін білдіретін сабақты етістіктермен тығыз байланыста болады. Өйткені сабақты етістіктер сөйлемде қандай мүше болмасын, әр уақытта өзіне басқа затты тура толықтауышты – керек етіп, ілестіре жұмсалады. Мысалы : Көрдім сұлу Еділді,

Билет 7.

1. Орта ғасыр ойшылдары

2. Анықтауыш

Ответы:

1. Әбу Насыр әл-Фараби Аристотельден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист ғалым. Әл-Фараби өзінің түркі тілімен қатар, араб, парсы, грек, латын, санскрит тілдерін де жетік білген. Ғұлама ғалым әл-Фарабидің атсалыспаған ғылым саласы жоқ деуге болады. Ол философия, логика, математика, астрология, астрономия, медицина, музыка, тіл білімі, әдебиет теориясы, табиғат ғылымдары, социология, поэзия-риторика т.б.

Қожа Ахмет Яссауи ( ?-1166)Қожа Ахмет Йассауи – қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын. Өз аты – Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Йассауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Қожа Ахмет 1166 жылы қайтыс болады. Түркістан қаласында жерленген.

Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551)Дулат Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар – әйгілі тарихшы, әдебиетші. Монғолстан мен оған іргелес жатқан елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаһаннама» дастанының авторы

2. Анықтауыш - сөйлемде сандық, сындық, мөлшерлік мағынаны білдіретін тұрлаусыз мүше. Ол қандай? қай? кімнің? ненің? деген сұрақтарға жауап береді. Анықтауыш негізгі, туынды сын есімдерден, сан есімнен, заттанған есімдерден, есімдіктен, есімшеден жасалады.

Мысалдар: Ақ сары ат доп болып ішін тартқан.

Жаңадан екі үй құрылып жатыр.

8-билет

1. Нақыл сөздер.

2. Бұйрықты сөйлем.

Ответы:

1.Кімде-кім халқынан алмаса тәлім, Оны үйрете алмас ешбір мұғалім. Жүсіп Баласағұн Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз. Луций Анней Сенека

Адам өмірі-қамшының сабындай ғана қысқа екен, досы көп, ұрпақ тәрбилеген ұтады екен.

Адам көркі – ақыл.

Мұғалімі қандай болса – мектебі де сондай болмақ.

2.Бұйрықты сөйлем. Біреуге бұйыру, зеку, тілек, өтініш немесе бір нәрсені талап ету мақсатымен айтылған сөйлем бұйрықты сөйлем деп аталады. Мысалы: Балам жөніңді айтшы.

9-билет

1. Әл-Фараби шығармашылығы.

2. Сабақтас құрмалас сөйлем: мезгіл бағыныңқылы, шартты бағыныңқылы сабақтастар.

Ответы:

1. Ғұлама ғалым әл-Фарабидің атсалыспаған ғылым саласы жоқ деуге болады. Ол философия, логика, математика, астрология, астрономия, медицина, музыка, тіл білімі, әдебиет теориясы, табиғат ғылымдары, социология, поэзия-риторика т.б. ғылым салалары бойынша қыруар ғылыми еңбектер жазды. Кейбір еңбектерін атайтын болсақ: «Ақылдың мәні туралы трактат», «Данышпандықтың інжу-маржаны», «Ғылымдардың шығуы», «Философияны оқу үшін алдымен не керек?», «Аристотель еңбектеріне түсіндірме» («Поэтика», «Софистика», «Риторика, т.б.») сияқты зерттеулері оның есімін әлемге философ ретінде танытты.

2. Сабақтас құрмалас-құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі.Сабақтас құрмаластың бірінші жай сөйлемдерін (бағыныңқы сөйлемдер) өз алдына бөлек айтуға келмейді, өйткені олар тиянақсыз. Мысалы: Таңертеңгі тұнық ауа мұнартып, кең даланы сұлу сағым басты. (Т.Абдрахманова.)Екінші сөйлемдері (басыңқы сөйлемдер) тиянақты, олар өздігінен дербес айтыла береді.. Мысалы, Май құйған шам сөнсе де, Шамшырақ сөнбес дүниеде. (Жамбыл) Шартты бағыныңқылы іс-әрекеттің орындалу шартын білдіреді, -са, -се жұрнағы арқылы жасалады.Қарсылықты cабақтас құрмалас сөйлемде бағыныңқы сөйлем басыңқыдағы ойға қарама-қарсы мағыналық қатынаста болады. бағыныңқылы сабақтас;

10-билет

1. Қазақтың билері

2. Салалас құрмалас сөйлем: қарсылықты, түсіндірмелі салаластар

Ответы:

1. Төле би (1663-1756)

Төле би Әлібекұлы ХVІІ – ХVІІІ ғасырларда өмір сүрген. 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысына қарайтын Шу өзенінің бойында Әулие ата маңындағы Жайсаң жайлау деген жерде дүниеге келген. «Жеті жарғы» заңын жасасқан, сол заң кодексін шығарушылардың бірі.

Қаз дауысты Қазыбек би (1667 – 1764)Қаз дауысты Қазыбек Келдібекұлы қазақ халқының XVII-XVIII ғасырлардағы үш ұлы биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі етіп тағайындайды

Әйтеке би (1683-1722)

Әйтеке – қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әмір Темірдің бас кеңесшісі болған Ораз қажының бесінші ұрпағы. Тәуке хан мен билердің қатысуымен 1684 ж. «Жеті жарғы» қабылданды.

2. Салалас құрмалас-құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі. Қарсылықты; бірақ, алайда, дегенмен. Талғаулы; не, немесе, я, яғни, әлде, бірде

3. Балалар сөйлесті кітап оқыды

Ораз,Болатқа өлең айтқызды

Мен еқі күннен соң жолға әзірлендім

Билет 11.

1. Нобель сыйлығы

2. Пысықтауыш

Ответы:

Нобель сыйлықтары (шведше: Nobelpriset, ағылш. Nobel Prize) — жыл сайын әйгілі ғылыми зерттеу, революциялық жаңалықтар немесе мәдениет не қоғам дамуына зор үлес қосатын жұмыстар үшін берілетін халықаралық сыйлықтардың ішіндегі ең танымалдарының бірі.1895 жылы құрылған және келесі бес бағыттың өкілдеріне сыйлық беруді қарастыратын Альфред Нобельдің өсиетнамасына сәйкес құрылған:1. Әдебиет2. Физика3. Химия4. Физиология және медицина5. Бүкіл әлемде бейбітшілік жасауға іс-әрекет.

Пысықтауыш – Сөйлемде етістіктен болған мүшенің қимылдық, іс-әрекеттік сапасының сынын білдіріп, сипаттап тұратын тұрлаусыз мүше. Мезгіл пысықтауышы – іс-әрекеттің мезгілін білдіріп, қашан? қашаннан? деген сұраққа жауап береді. М: Фирма президенттері бүгін кездеспекші болды.Мекен пысықтауышы – іс-әрекеттің болу орнын білдіреді. Қайда? сұрағына жауап береді. М: «Орталық Қазақстан» газетінің тілшісі бүгін Ресейге ұшып кетуі мүмкін.Мақсат пысықтауышы – іс-әрекеттің мақсатын білдіріп, не мақсатпен? деген сұраққа жауап береді. Пікірді конференцияда оқу үшін жаздым. Хабар тыңдағалы келдік. Ол әдейі істеді.Себеп пысықтауышы – іс-әрекеттің себебін білдіріп, не себептен? неліктен? деген сұраққа жауап береді. М: Қызметін жақсы атқарғаны себепті, сыйлыққа ұсынылды.Амал пысықтауышы – іс-әрекеттің сапасын, сан мөлшерін білдіріп, қалай? деген сұраққа жауап береді. М: Біздің банктің президенті жылдам сөйлейді екен

12-билет

1. Әлеуметтік зейнетақы ұйымдары.

2. Сұраулы сөйлем

ОТВЕТЫ:

1. ) Әлеуметтік зейнетақы ұйымдары

Әлеуметтік арналым қорларын қалыптастырудың екі қағидаты бар:ұрпақтар ынтымақтастығының негізінде; жұмыс істейтін ұрпақ жұмыс істемейтіндерді қамтамасыз етеді, ал, өз кезегінде, еңбекке жарамдылықтан айырылуына қарай оларды еңбек қызметіне кірген жаңа ұрпақ ауыстырады. әлеуметтік қорларға, көбінесе әлеуметтік қорға азаматтардың дербес аударымдарының негізінде; бұл қағидаттың іс-әрекеті кезінде төлемақылардың мөлшері нақты тұлғаның бүкіл жұмыс істеген кезіндегі салған сомасына байланысты болады.

2. Сұраулы сөйлем. Бір нәрсе жайында сұрай айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейді. Сұраулы сөйлем 2 жолмен жасалады: 1. Сұраулық шылаулар -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жалғаулары арқылы. Мысалы: Сен келдің бе? 2. Сұрау есімдіктері (қай? қашан? кім? қайда? не? қайдан? неге?) арқылы жасалады. Мысалы: Студенттер қайда? Мына бала кім? Қашан келді?

Кейде сұраулық шылау лары түбір сөз бен жіктік жалғауларының арасынан келіп -мы, -мі, -бы, -бі, -сы, -ні формасында да кездеседі. Мысалы: Бұл қайсың, Мұратпысың?

13-билет

1. Ерлік туын көтерген ерлер

2. Салалас құрмалас сөйлем: ыңғайлас, қарсылықты салаластар

Ответы:

1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат төрт шамасында фашистік Германия әскері КСРО–ның батыс аймағынан Ленинградты қоршады. Кинохроника Германияның КСРО–ны басып алу жоспары «Барбаросса» деп аталды. Ол бойынша КСРО-ны алты, сегіз аптада жаулау алу жоспарланды. Бұл соғыс Германия тарапынан әділетсіз, агрессиялық соғыс болды. Кеңес елінің тарихында «Ұлы Отан» соғысы деп аталды. Бұл екінші дүние жүзілік соғыстың аяғы болды.

Салалас құрмалас-құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі. Ыңғайлас салалас-құрамындағы жай сөйлемдерінің бірінде айтылған ойға екіншісінде айтылған ойдың мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде қарым-қатынаста болуы .Жалғаулықты ыңғайлас салалас және, та, те, да, де, әрі деген ыңғайлас мәнді жалғаулықтардың қатысуы арқылы жасалады. Мысалы: Сиырдың тұқымы да жақсы, бабы да келіскен екен. Қарсылықты салалас-құрамындағы жай сөйлемдері бір-біріне қарама-қарсы мәнде айтылғандықты білдіретін салаластың түрі.Жалғаулықты қарсылықты салалас.Бірақ, сонда да, дегенмен, алайда, әйтсе де, сонда да, сөйтсе де, әйткенмен деген қарсылық мәнді жалғаулық шылаулардың қатысуы арқылы жасалады.Мысалы: Күн сайын бір жаңалық болады, алайда бұл жаңалық ананы бұрынғыдай онша мазасыздандырмайды.50Түсіндірмелі салалас- Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысына нұсқап, ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің мазмұнын ашатындай, талдап түсіндіріп тұратын құрмаласты түсіндірмелі салалас дейміз.Түсіндірмелі салаластың жай сөйлемдері жалғаулықты шылаусыз, іргелес байланысады. Бірінші жай сөйлемде көбінесе сілтеу есімдіктері мен сілтеу мәнді сөздер (мынау, мынаны, сол, сонша, соншалық, сондай) болады.

14-билет

1. Әлемдегі ең бай адамдар

2. Мақсат бағыныңқылы, амал бағыныңқылы сабақтастар

Ответы:

1.Биыл да бірінші орынды мексикалық медиа алпауыт Карлос Слим иеленді. Форбс Слимнің қазына-мүлкін 69 миллиард долларға бағалаған. Ал екінші орынға Майкрософтың негізін қалаған Билл Гейтс шықты. Форбс Гейтстің жиған-тергенін 61 миллиард долларға бағалаған. Тағы бір АҚШ азаматы қаржыгер Уоррен Баффет үшінші орынды иеленді. Журнал сарапшылары оның байлығын 44 миллиард долларға бағалапты. Ал Еуропаның ең дәулеттісі, франциялық Луи Виттон концернінің басшысы Бернар Арно 41 миллиард доллармен төртінші орында.

15-билет

1. Қазақстандықтардың ғылыми жаңалықтары

2. Себеп-салдар, талғаулы, кезектес салаластар

Ответы:

1.Осы аптадағы ең қызықты деген жаңалықтар ғылыми журналдар бетінен табылып отыр. Ғылыми басылымдарға қарай келе, біз назар аударатын үш оқиғаны таптық. Африкада жұмыс істейтін биологтар мүйізтұмсық түрлерінің жойылып бара жатқанын айтады. Геологтар мұхит түбінен бұзылмаған жартас тапса, Ұлыбританиялық ғалымдар адамның нерв жүйесін дамыту үшін жібек жіптің бір түрін пайдаланып жатқанын жазған..Африка континенті тығыз да жасыл жунглиясы мен қатар арыстан, піл және мүйізтұмсықтар кезіп жүретін ашық та кең дала көрінісімен белгілі. Бірақ бүгінде ол көріністер солай болып қалмауда, өйткені Африка аңдары барған сайын жойылып барады. ..Осы жылдың басында үш ғылыми маман қандайда бір мүйізтұмсықтың түрін іздеп және олардың тірішілікте бар жоғын анықтау үшін солтүстіктегі Камерунға барған.  Екінші ғылыми жаңалық== Коста Риканың батысынан 640 шақырымдай жерде желкен қайықтан мұхит теңізінің түбіне жаттықтырушыларды жіберіп, төменге жүздірген. Бұл жақында ғана Тынық мұхитында ең терең жүзушіні анықтауға арналған жоба бойынша халықаралық ғалымдар тобының жоспары болды. Оның нәтижесінде, ғалымдар теңіз түбінен бұрын соңды көрмеген әрі қатты сақталып еш бұзылмаған геологиялық жартасты тапқан. Ғалымдар енді ол мұзға айналған әрі қатты сақталған геологиялық денені зерттеп жатыр. Үшінші ғылыми жаңалық==Жібек матаны әлемдегі адамдар әдемілігі мен жұмсақтығы үшін бағалайды. Дегенмен, қазір Ұлыбританияның зертттеушілер тобы жібек жіпті басқалай мадақтайтын себеп тауып отыр. Ол келешекте адамдардың үзілген немесе нұқсан келген жүйкесін жібекпен жалғауға болады екен.Екі түрлі лабораториялық және жануарлардағы зерттеулерде жібек жіптің арнайы түріне сынақ жасалған. Сол себепті жібек жіптермен жұмыс жасаған зерттеушілер алдағы кезде оны жүйкені жөндеуге пайдалану мүмкіндігін айтып отыр.

2.Себеп-салдар салалас-құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының немесе соңғысы алдыңғысының себебін білдіретін құрмаластың түрі. Жалғаулықты се,беп-салдар салалас сондықтан, себебі, өйткені, сол себепті деген себеп-салдар мәнді жалғаулық шылаулар арқылы жасалады. Мысалы: Жүрген жерін білетін шығар, өйткені ол да жақында Жайық бетінен келді. Талғаулы салалас-құрамындағы жай сөйлемдерінің тек біреуіндегі іс-оқиғаның жүзеге асатындығына болжал жасауды білдіретін салаластың түрі.Талғаулы салалас не, немесе, я, болмаса, әлде деген шылаулар арқылы жасалады. Мысалы: Бұл жерде я сен тұрарсың, я мен тұрамын. Кезектес салалас-құрамындағы жай сөйлемдері арқылы берілген істің, оқиғаның кезектесіп келуін білдіретін салалас құрмалас түрі.Кезектес салалас бірде, біресе, кейде деген кезектес мәнді жалғаулық шылаулардың қатысуы арқылы жасалады. Мысалы: Машина жүрісін бірде шапшаңдатады, бірде баяулатып әндетеді.

6-билет

1. Ұлы ғалымдар өмірі

2. Қарсылықты бағыныңқылы, себеп бағыныңқылы сабақтастар

ответы:

2.Қарсылықты бағыныңқы сабақтас-басыңқыдағы іске бағыныңқыда айтылған іс немесе бағыныңқыдағы іске басыңқыдағы іс қарсы қойыла айтылған сабақтас.Себепті бағыныңқы сабақтас-бағыныңқысы басыңқыда айтылған ойдың себебін білдіретін сабақтас.

17-билет

1. Қазақстанның экологиясы

2. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері: Анықтауыш

Ответы:

1. ) Қазақстандағы қазіргі кездегі экологиялық мәселелерге байланысты бірнеше экологиялық аймақтарды көрсетуге болады:Бірінші аймаққа – Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу салаларына маманданған облыстар кіреді. Бұл аймақтағы мәселе – табиғи ортаның мұнаймен ластануы. Екінші аймаққа еліміздің солтүстік-шығыс облыстары – Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола жатады. Бұл аймақтарда ҚР-ның өнеркәсібі жоғары дамыған. Ірі түсті және қара металлургия, энергетикалық комплекс шоғырланған. Семей полигоны Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында АҚШ әлдеқайда алда келе жатты. Невада-Семей» қозғалысының шерулерінде 1949 жылдан 1989 жылдар аралығында 40 жыл қырғын болды, 500-ге жуық бомба жарылды.

2. Анықтауыш - сөйлемде сандық, сындық, мөлшерлік мағынаны білдіретін тұрлаусыз мүше. Ол қандай? қай? кімнің? ненің? деген сұрақтарға жауап береді. Анықтауыш негізгі, туынды сын есімдерден, сан есімнен, заттанған есімдерден, есімдіктен, есімшеден жасалады.

18-билет

1. ҚР Атазаңы

2. Бұйрықты сөйлем

Ответы:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы – демократиялық, адамзаттық даму жолына орныққан қоғамның және мемлекеттің негізгі, басты құжаты/ Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда қабылданған. Адам құқықтары мен бостандықтары Қазақстан Республикасын адам және азамат құқығын құрметтеп сыйлайтын мемлекет ретінде айқындайтын бірден бір белгі – Қазақстан аумағын мекендейтін халық мүддесінің мемлекет мүддесінен үстем тұруы, оған басымдылықтың берілуі.

2. Бұйрықты сөйлем. Біреуге бұйыру, зеку, тілек, өтініш немесе бір нәрсені талап ету мақсатымен айтылған сөйлем бұйрықты сөйлем деп аталады. Мысалы: Балам жөніңді айтшы.

20-билет

1. Жарнама – ақпараттың бір түрі

2. Сабақтас құрмалас сөйлем (анықтамасы, түрлері, жасалу жолдары)

Ответы:

1. Жарнама - ақпараттың бір түрі

Жарнама, реклама (франц. reclame, лат. reclamo — жар саламын) — тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу. Қазіргі мағынадағы жарнама Қазақстанда 1920 жылдардағы жаңа экономикалық саясат кезінде пайда болды. Одақ көлемінде В.Маяковский, В.Лисицкий, А.Родченко, А.Мандрусов сияқты белгілі тұлғалар жарнаманы саяси ұрандар тілімен сөйлете білді

2.Сабақтас құрмалас-құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі.Сабақтас құрмаластың бірінші жай сөйлемдерін (бағыныңқы сөйлемдер) өз алдына бөлек айтуға келмейді, өйткені олар тиянақсыз. Мысалы: Таңертеңгі тұнық ауа мұнартып, кең даланы сұлу сағым басты. (Т.Абдрахманова.)Екінші сөйлемдері (басыңқы сөйлемдер) тиянақты, олар өздігінен дербес айтыла береді.

21-билет

1. Ұлттық байлық

2. Сабақтас құрмалас сөйлем: мезгіл бағыныңқы, шартты бағыныңқы сабақтастар.

Ответы:

1. Ұлттық байлық дегеніміз – елдің экономикалық күш-қуатының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ұлттық байлықты алғаш рет 1664 жылы ағылшын экономисі У.Петти есептеп шығарған. Ұлттық байлық негізінен мына салалардан тұрады:а) Қазақстан аймағындағы және сырт жерлердегі ғасырлар бойы ата-бабаларының қалдырған барлық мұрасы.ә) Табиғатымыздың және жер асты байлығымыз.б) Әдеби, мәдени, тарихи мұралар.

2. Мезгіл бағыныңқы сабақтас-бағыныңқысы басыңқыдағы істің мезгілін білдіретін сабақтас.Сұрақтары - қанша? қашаннан бері? қашанға шейін?Шартты бағыныңқы сабақтас-бағыныңқы сөйлемі басыңқы сөйлемдегі істің шарты болып келетін сабақтас

22-билет

1. Халықаралық бизнес тілдер

2. Толықтауыш

ОТВЕТЫ:

Халықаралық бизнес — түрлі мемлекеттердің фирмалары бірлесіп қатысатын және халықаралық капитал пайдаланылатын кәсіпкерлік қызмет. Пайда алу мақсатымен жүзеге асырылады және халықараралық экономикалық аяда қолданылады.

Пысықтауыш – Сөйлемде етістіктен болған мүшенің қимылдық, іс-әрекеттік сапасының сынын білдіріп, сипаттап тұратын тұрлаусыз мүше. 1. Мезгіл пысықтауышы – іс-әрекеттің мезгілін білдіріп, қашан? қашаннан? деген сұраққа жауап береді. М: Фирма президенттері бүгін кездеспекші болды.

23-билет

1. Қазақстанның пайдалы қазбалары

2. Мезгіл бағыныңқылы, шартты бағыныңқылы сабақтастар

ОТВЕТЫ:

Қазақстан Республикасы – экономикалық өсімінің негізгі көзінің бірі пайдалы қазбалар өндіру болып саналатын индустриялық ел. Республика әлемде мырыш, вольфрам және бариттің барланған қоры бойынша – бірінші орын, күміс, қорғасын және хромит қоры бойынша – екінші, мыс және флюорит бойынша – үшінші, молибденнен – төртінші, алтын қоры жөнінен  алтыншы орын алады.

2. Мезгіл бағыныңқы сабақтас-бағыныңқысы басыңқыдағы істің мезгілін білдіретін.

Шартты бағыныңқы сабақтас-бағыныңқы сөйлемі басыңқы сөйлемдегі істің шарты болып келетін сабақтас

24-билет

1. Р.Қошқарбаев естелігі

2. Ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалстар.

ОТВЕТЫ:

1. Рақымжан Қошқарбаев естелігінен

Батальонның саяси жетекшісі, аға лейтенант Васильченко терезе рамасының сынығынан сап жасалған жалауды маған тапсырды. Мен оны қалың қара қағазға орап алдым. Кешкі сағат он шамасында рейхстагқа 756-шы атқыштар полкінің командирі полковник Зинченко келді. Ол бәрімізді жақындап келе жатқан жеңіспен құттықтады. Осынау «Жеңіс!» деген қуанышты сөзді біз 30 апрельдің кешінде, соғыстың 1410-шы күнінде, рейхстагтың алдында естідік.

2. Ыңғайлас салалас-құрамындағы жай сөйлемдерінің бірінде айтылған ойға екіншісінде айтылған ойдың мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде қарым-қатынаста болуы .Жалғаулықты ыңғайлас салалас және, та, те, да, де, әрі деген ыңғайлас мәнді жалғаулықтардың қатысуы арқылы жасалады. Мысалы: Сиырдың тұқымы да жақсы, бабы да келіскен екен.Қарсылықты салалас-құрамындағы жай сөйлемдері бір-біріне қарама-қарсы мәнде айтылғандықты білдіретін салаластың түрі.Жалғаулықты қарсылықты салалас.Бірақ, сонда да, дегенмен, алайда, әйтсе де, сонда да, сөйтсе де, әйткенмен деген қарсылық мәнді жалғаулық шылаулардың қатысуы арқылы жасалады.Мысалы: Күн сайын бір жаңалық болады, алайда бұл жаңалық ананы бұрынғыдай онша мазасыздандырмайды.Түсіндірмелі салалас- Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысына нұсқап, ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің мазмұнын ашатындай, талдап түсіндіріп тұратын құрмаласты түсіндірмелі салалас дейміз.Түсіндірмелі салаластың жай сөйлемдері жалғаулықты шылаусыз, іргелес байланысады. Бірінші жай сөйлемде көбінесе сілтеу есімдіктері мен сілтеу мәнді сөздер (мынау, мынаны, сол, сонша, соншалық, сондай) болады.

25-билет

1. Астана – әсем қала.

2. Себеп-салдар, талғаулы, кезектес салаластар

ОТВЕТЫ:

2. Себеп-салдар салалас-құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының немесе соңғысы алдыңғысының себебін білдіретін құрмаластың түрі. Жалғаулықты се,беп-салдар салалас сондықтан, себебі, өйткені, сол себепті деген себеп-салдар мәнді жалғаулық шылаулар арқылы жасалады. Мысалы: Жүрген жерін білетін шығар, өйткені ол да жақында Жайық бетінен келді.Талғаулы салалас-құрамындағы жай сөйлемдерінің тек біреуіндегі іс-оқиғаның жүзеге асатындығына болжал жасауды білдіретін салаластың түрі.Талғаулы салалас не, немесе, я, болмаса, әлде деген шылаулар арқылы жасалады. Мысалы: Бұл жерде я сен тұрарсың, я мен тұрамын.Кезектес салалас-құрамындағы жай сөйлемдері арқылы берілген істің, оқиғаның кезектесіп келуін білдіретін салалас құрмалас түрі.Кезектес салалас бірде, біресе, кейде деген кезектес мәнді жалғаулық шылаулардың қатысуы арқылы жасалады. Мысалы: Машина жүрісін бірде шапшаңдатады, бірде баяулатып әндетеді.

1. Тәуелсіз Қазақстанның қол жеткізген табыстары ,түсінікте тату-тәтті өмір сүріп жатқан тұрғындардың достық қарым-қатынасы, ынтымақ –бірлігі, Отан сүйгіштігі, ел жандылық сезімдері ой арқауына айналған.Тарихымен табиғаты, сәулетімен бүкіл тіршілігі дара, ғажап үлгілі күйіміздің күмбірі, көңіліміздің жыр-гүлі жас қала Астана күн сайын енсесі биіктеген қалаға айналуы өзімізді сүйсіндіріп , әлем жұртын көркімен тамсандырды. Тарих үшін 10 жыл — өте қысқа уақыт.Мереке құшағындағы Астана қыз жасауындай құлпырып , сән-салтанатын асқақтата түскен.Бүгін көк аспанды кереукелеген ақшанқан бұлттар да ыдырап, шілденің арайлы күні нұрлы шуағын жомарттана тойы тұр. Астана дегеніміз- алдымен адамдар. Астана-толассыз түлеу, дамылсыз даму үстінде әсем қала.Бұл біздің Астанамыз жайқалған жас қаламыз ұрпақтан ұрпаққа айтылатын аңыз болып айтылар ардақты Астанамыз!

← Предыдущая
Страница 1
Следующая →

Файл

казахский полный.docx

казахский полный.docx
Размер: 44 Кб

.

Пожаловаться на материал

Описание к данному материалу отсутствует

У нас самая большая информационная база в рунете, поэтому Вы всегда можете найти походите запросы

Искать ещё по теме...

Похожие материалы:

Порядок отцепки локомотива от поезда

Порядок отцепки действующих локомотивов в поездах повышенных веса и длины, а также отцепка от поездов действующих локомотивов, которые следуют на часть участка, и условия их обращения, обеспечивающие безопасность движения, устанавливаются начальником железной дороги. Обязанности помощника машиниста при прицепке к составу

Творческий проект по технологии «Шкатулка»

Менеджмент. Все шпоры

Сущность, виды, подходы, функции и уровни менеджмента. Управление в менеджменте, стресс и его причины, мотивация. Деловые беседы, совещания в управленческой деятельности. Культура организации.

Эпоха Екатерины II — время просвещенного абсолютизма в России

После смерти Петра I его реформаторский курс продолжила Екатерина II, которая сумела выразить национальные интересы русских и войти в историю как великая императрица, правившая страной 34 года

Специфіка науково-дослідницької діяльності

Лекція. Завдання і зміст курсу. Поняття про науку. Основні поняття науки. Науково-дослідницька діяльність студентів. Організація творчої діяльності. Психологія наукової творчості.

Сохранить?

Пропустить...

Введите код

Ok