Астрономия пәні

№1Астрономия пәні

Астрономия нені зерттейді. Астрономия-Ғалам жөніндегі ғылым. «Астрономия» сөзі гректің астрон-жұлдыз және номос-заң деген екі сөзінен құралады. Асрономия аспан денелерінің қозғалысын, олардың табиғатын, шығу тегі мен дамуын зерттейді. Ғаламда аспан денелері күрделілігі түрліше жүйелерді құрайды. Мысалы, Күн мен оны айнала қозғалатын аспан денелері Күн жүйесін құрайды. Жер-оның ғаламшарларының бірі. Ғаламшарлардың Күн сәулесіне шағылысып көрінетінін сендер білесіңдер. Күннің олардан айырмасы-ол өзінен жарық шығаратын аспан денесі, Күн жүйесіндегі жалғыз жұлдыз болып табылады. Құралсыз жай көзге көрінетін жұлдыздар біздің Галактиканың құрамына енетін жұлдыздардың кішігірім бір бөлігі ғана. Біздің Галактикадан өзге көптеген басқа галактикалар да бар. Жақын галактиканың өзінен жарық бізге миллиондаған жылдардан кейін ғана жетеді. Аспан денелері үнемі қозғалыста, өзгерісте, дамуда болады. Ғаламшарлар, жұлдыздар мен галактикалардың әрқайсысының миллиардтаған жылдармен есептелетін өз тарихы бар. Астрономия-табиғат жөніндегі ең бір қызықты және тамаша ғылым, ол тек осы күнгіні ғана зерттеп қоймайды, бізді қоршаған мегадүниенің алыс өткенін де зерттейді, сондай-ақ болашақ Ғаламның ғылыми суреттемесін жасауға мүмкіндік береді.

Қазіргі астрономияның зерттеу ауқымы кеңейіп, көп салалы ғылымға айналды. Қазіргі астрономия келесі бағыттарға бөлінген:

Астрометрия

Теоретикалық астрономия

Аспан механикасы

Астрофизика - Астрономия нысандарын (объектілерін) физикалық әдістермен зерттейтін ғылым саласы - астрофизика деп аталады.

Жұлдыз астрономиясы

Космохимия

Космогония

Космология

XX ғасырдың екінші жартысында көне астрономиялық зерттеулерін, ежелгі астрономиялық құрылыстарды зерттейтін археоастрономия қалыптасты.

Астрономиядағы бақылаудың рөлі. Бақылау- Ғаламда болып жататын процестер мен құбылыстардың, аспан денелері жөніндегі мәліметтердің негізгі қайнар көзі болып табылады. Бақылау жүргізу үшін көптеген елдерде арнайы ғылыми-зерттеу мекемелері-астрономиялық обсерваториялар салынған. Осы заманғы обсерваториялар мейлінше үлкен, күрделі және белгілі дәрежеде автоматтандырылған құралдармен-ірі оптиклық телескоптармен жабдықталған.

Телескоп аспан денелері көрінетін көру бұрышын ұлғайтады және адамның көзіне қарағанда, ол аспан шырақтарынан келетін жарықты әлдеқайда мол жинайды. Осының арқасында телескоп арқылы Жерге жақын аспан денелерінің бетіндегі көзге көрінбейтін детальдар мен көптеген көмескі жұлдыздарды көруге болады. Астрономияда аспандағы денелердің ара қашықтығын бақылаушыдан осы объектілерге сәулелердің таралу бұрышымен өлшейді.

№2Аспан сферасы.

Жұлдыздардың, планеталардың, т.б.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%81%D0%BF%D0%B0%D0%BD" \o "Аспан" аспан денелерінің орналасу орындарын анықтау және өлшеу сияқты практикалық мәселелерді шешу үшін астрономияда аспан сферасы деген ұғым колданылады. Аспан сферасы—радиусы анықталмаған жорамал сфера. Аспан шырақтары, әртурлі қашықтықта болғандықтан, онық бетіне бақылаушы белгілі бір уаңытта өзі орналасқан орыннан кәретін букіл аспан шырақтары проекциялаиады .Аспан сферасының орталық нүктесі,өдетте, жер центрі немесе жер бетіндегі бақылаушы тұрған орынмен (бақылаушы көзімен) сәйкестендіріледі.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%81%D0%BF%D0%B0%D0%BD" \o "Аспан" Аспан сферасында тек бұрыштық өлшеулер ғана карастырылады.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D2%B1%D1%80%D1%8B%D1%88" \o "Бұрыш" Бұрыштық қашықтық деп сферадағы екі нүктенің арасындағы доғамен өлшенетін қашықтықты немесе оған сәйкес орталык бұрыш шамасын айтады. Яғни, бұл —бақылаушы көзімен қарағандағы (аспан сферасының орталық нүктесінен) осы екі нүктеге тарайтын сәулелердің арасындағы бұрыш. Еске түсірсек, бұл принцип география  пәнінде де қолданылады: ендік пен бойлық —жер шары орындарының бұрыштық мәнде берілген географиялык координаталары. Аспан сферасы туралы ұғым адамзат тарихында өте ертеде пайда болған. Себебі аспан адамға жер бетін көмкерген өте үлкен күмбез тәрізді болып кәрінеді.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%95%D0%B6%D0%B5%D0%BB%D0%B3%D1%96_%D0%B4%D2%AF%D0%BD%D0%B8%D0%B5%D1%82%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D0%BC&action=edit&redlink=1" \o "Ежелгі дүниетаным (мұндай бет жоқ)" Ежелгі дүниетаным бойынша, бүкіл әлем бетінде козғалмайтын шырақтар (Ай, Күн, планеталар,жұлдыздар) орналасқан мөлдір сфералардан құралған.

Аспан  сферасының негізгі элементтері.  Зенит (Z) нүктесі бакылаушының дәл төбесінде, ал Надир (Z) — сфераның қарама-қарсы нүктесінде орналаскан. Осы екі нүктені қосатын түзу вертикаль сызық немесе тік сызық, оған перпендикуляр әрі аспан( сферасының орталық нүктесі арқылы өтетін жазықтық математикалық немесе нақты көкжиек жазықтығы деп аталады. Ол аспан сферасын қиып, үлкен дөңгелек (центрі аспан сферасының центрімен сәйкес келетін шеңбер мағынасында) — нақты көкжиек (немесе жай ғана көкжиек) түзеді. Көкжиек аспан сферасын кәрінетін және кәрінбейтін екі бөлікке бөледі. Зениттен М шырак аркылы надирге дейін өтетін үлкен дөңгелек шырақ вертикалі деп аталады.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%81%D0%BF%D0%B0%D0%BD" \o "Аспан" Аспан сферасыжәне шырақтардың тәуліктік айналысы дірние осінің төңірегінде өтеді.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B5%D1%80" \o "Жер" Жер өлшемі жұлдыздарға дейінгі қашықтықпен салыстырғанда өте кіші болғандықтан, іс жүзінде дүние осі жер бетіндегі кез келген орын үшін Жер осіне параллель болады.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%94%D2%AF%D0%BD%D0%B8%D0%B5" \o "Дүние" Дүние осінің аспан сферасымен қиылысатын нүктелері аспан сферасының айналысына катыспайды. Сондықтан да олар дуние полюстері деп аталады. Эклиптика — Күннің зодиак шоқ жұлдыздары бойымен жылдық козғалысы атқарылатын үлкен дөңгелек. Күннің эклиптика бойымен козғалуы Жердің Күнді айналуынан туындайды. Эклиптика жазықтығы аспан экваторының жазықтығына е=23°26' бұрыш жасай орналаскан. Күн шарығының орталық нүктесі аспан экваторын жылына екі рет — 21 наурыз бен 23 кыркүйек маңында қиып өтеді. Бұл нүктелер көктемгі және кузгі күн мен түннің теңелу нуктелері деп аталады.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D3%A9%D0%BA%D1%82%D0%B5%D0%BC%D0%B3%D1%96_%D1%81%D1%83_%D1%82%D0%B0%D1%81%D1%83" \o "Көктемгі су тасу" Көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесі (ϓ — Тоқты шоқжұлдызының таңбасымен белгіленеді) арқылы Күн аспан сферасының оңтүстік жарты шарынан солтүстік жарты шарына, ал күзгі күн мен түннің теңелу нүктесі –Таразы шоқ жұлдызының таңбасымен белгіленеді) аркылы кері бағытта өтеді.Аспан координаталарының жүйелері

Жер бетіндегі кез келген нүктенің орны — ендік және бойлық (ф және X) географиялық координаталардың көмегімен анықталатыны белгілі.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%81%D0%BF%D0%B0%D0%BD" \o "Аспан" Аспан координаталары аспан денелерінің аспан сферасында орналасуын анықтайды.Координаталардың көкжиектік жүйесі. Жұлдыздардың көкжиекке және дүние бұрыштарына катысты кәрінерлік орналасуын қарастырсақ, онда координаталардың көкжиектік жүйесін алу ыңғайлы. Бұл жүйедегі негізгі жазықтық —математикалық көкжиек жазықтығы. Аспан шырағының орны екі бұрышпен анықталады, оның бірі — көкжиек сызығы бойымен өлшенетін шырақ вертикаліне дейінгі бұрыш — азимут (А). Бұл бұрыш астрономияда, әдетте, оңтүстікнүктеден батысқа қарай, ал географияда солтүстік нүктеден шығысқа қарай есептелінеді. Екіншісі —вертикаль бойымен өлшенетін шырақтың көкжиектен бұрыштық қашықтығы— шырақ биіктігі (һ). HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A8%D1%8B%D1%80%D0%B0%D2%9B" \o "Шырақ" Шырақ биіктігінің мәні -90°-тан +90°-қа дейін болады. Бұрыш өлшегіш құрал көмегімен (мысалы, теодолит) аспан денесінің көкжиектік координаталарын анықтау оп-оңай.Бірак бұл координаталар жүйесін колдану кезінде туындайтын қолайсыз жағдайлар да бар. Себебі аспан денелерінің кекжиектік координаталарының мәні уақыт пен бақылаушының тұрған орнына байланысты. Мұндай координаталарды жұлдыздық карталар мен атластарда қолдану мүмкін емес. Көкжиектік координаталар шырақтардың аспанда белгілі бір орын мен уақыттағы орналасуын анықтайды. Координаталардың экваторлық жүйесі. Аспан сферасының көрінерлік айналыста болатынын білдік, әрі жұлдыздардың ондағы орындары өзгермейді. Сондықтан онымен бірге қозғалатын координаталар жүйесін қолдану ыңғайлы. Ол — экваторлық координаталар жүйесі. Оның негізгі жазықтығы — аспан экваторының жазықтығы. Жер бетіндегі географиялық ендік сиякты, аспан шырағының аспан экваторынан бұрыштық қашықтығын керсететін координата еңістік деп аталады да, δ әрпімен белгіленеді. Ол еңістік деңгелегі бойымен өлшенетін доға үзындығына тең. Еңістіктін, аспан сферасының солтүстік жарты шарында таңбасы "оң", мәні 0-ден +90°-қа дейін, ал оңтүстік жарты шарда — "теріс", 0-ден -9 0 қа дейін. Экваторлық жүйеде қолданылатын екінші координата географиялық бойлықка ұксас. Ол тура көтерілу деп аталады да, а әрпімен белгіленеді. Тура көтерілу координатасының мәні аспан экваторының бойымен көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесінен шырақтық еңістің дөңгелегіне дейін аспан сферасының айналу бағытына карама-карсы бағытта өлшенеді

3.Күн жүйесінің барлық басқа ғаламшарлары тәрізді Жер де Күнді эллипстік орбита бойымен айналады. Сондықтан Күнге дейінгі қашықтық тұрақты емес.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%84%D0%B5%D0%BB%D0%B8%D0%B9" \o "Афелий" Афелий— орбитадағы Күннен ең қашық нүкте (152 млн км), Жер ол нүктеден 5 шілдеде өтеді; ал перигелийден — ең жақын нүктеден (147 млн км) 3 каңтарда өтеді. Орбитаның жалпы ұзындығы — 940 млн км, оның бойымен Жер түрліше жылдамдықпен қозғалады. Орташа қозғалу жылдамдығы — 29,8 км, сонда Жер өз орбитасын 365 тәулік 6 сағ 9 мин 9,6 с-та бір рет айналып шығады. Осы уақыт аралығын жұлдыздың жыл деп атайды. Ал бізге мәлім 365 күндік календарлық жыл қайдан шықты? Қалған 6 сағат пен минуттарды 4 жылда бір тәулікке жинақтап, ең қысқа ай — ақпанға апарып қосады да, ол жылды кібісе жылы (високосный год) деп атайды. Бұл — күнтізбе жасауды жеңілдету үшін қолданылған шара.

Жер шары өз білігінен сағат тіліне қарсы бағытта батыстан шығысқа қарай 24 сағатта бір рет айналып шығады. Бұл қозғалыс нәтижесінде күн мен түн алмасуы жүреді. Жердің өз білігшен айналуы кезінде оның бетіндегі барлық денелер қозғалысында ауытқу пайда болады. Бұл ауытқуды тудырушы құбылыс — Кориолис күші (француз ғалымы Г. Кориолис есімі бойынша) деп аталады. Кориолис күші әсерінен солтүстік жарты шардағы жер бетімен қозғалатын барлық денелер оңға, ал оңтүстік жарты шардағы денелер солға бұрылады. Өсіресе бұл қозғалыстар желдер мен беткі ағыстардан айқын байқалады.

Экватор бойында Кориолис күші өлсіз, керісінше полюстерге карай күшейеді. Кориолис күшінің ықпалын есепке алу өсіресе жел бағытын анықтауда ерекше маңызды, себебі өте күшті дауылдар туғызатын тропиктік циклондар қозғалысын білудің қашан да маңызы зор.

Күн мен түннің алмасуы табиғаттағы тәуліктік ырғақтылықты туғызады, ол жарық пен жылудың өзгерісіне байланысты жүзеге асады.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B4%D0%B0%D0%BC" \o "Адам" Адамның әлеуметтік өмірі детәуліктік ырғақтылыққа сәйкес келеді.

№4 Уақыт — өлшемдер жүйесінің оқиғаларды реттеу, олардың ұзақтығын және араларындағы интервалдарын сипаттауда, және нәрселердің қозғалысын сипаттауда пайдаланатын маңызды мүшесі. Уақыт мифология, философия және ғылымның әр салада пайдалану үшін қарама-қайшылысыз сипаттау, зерттеу нысаны болып, талай-талай ұлы ғалымдарды өмірге әкелген. Уақыт - оқиғаның ұзақтығы және тізбектілігін сипаттайтын физиканың негізгі түсініктерінің бірі.

Физика мен басқа ғылымдарда уақыт іргелі өлшем болып табылады, яғни ол басқа өлшемдер арқылы өрнектелмейді, себебі басқалары — жылдамдық, күш, қуат сияқты өздері іргелі өлшемдермен өрнектеледі (атап айтқанда бұл жағдайда — уақыт, әрі кеңістік деп аталатын келесі іргелі өлшемдермен). Ғылымда керектігі, әрі мүмкіндігі — өлшем үшін пайдаланатын және таңдалынып алынған өлшем бірлігі бар уақыт — операциялық анықтамасы қолданылады.

Уақытты өлшеу мәселелері.Уақыт өлшемдері. Қас пен көздің арасы-халықтық өлшем. Лезде, тез, жылдам, көзді ашып жұмғанша деген мағынаын білдіреді. Қас-қағым (көзді ашып-жұмғанша) - жарықтың жылт етуі, көзді ашып-жұмғанша кететін уақыт, шамамен 0,7-1 сек. аралығы. Сүт пісірім-халықтық өлшем, ширек сағат шамасы, шамамен 15 минут. Бие сауымдай уақыт-биенің екі сауымының арасы, бір сағат шамасындағы мезгіл. Таң сәрі-шолпан жұлдызының туған мезгілі. Бозала таң-күн шапағының белгісі, таңның ағара бастауы. Таң ата-күннің ұясынан шығар алдындағы мезгіл. Сәске-күн шығып, арқан бойы көтерілген кез. Ұлы сәске-тал түске жақындаған мезгіл. Тал түс-күннің тас төбеге келуі, яғни, мысалы, қазақтың көлеңкесі оның дәл түбіне түсуі. Сәске түс-шаңқай түс мезгілі немесе күннің қиғаш 45 градуспен түсуі, яғни, мысалы, қазақтың өзінің биіктігі мен көлеңкесінің ұзындығы теңескен кез. Кешқұрым-күн батқан кез. Түн ортасы- түнгі сағат 12. Түн жарым-түнгі сағат 3. Ат адым-ақпан айындағы күннің ұзаруы, ол 38 минутқа тең. Елік адым-қаңтардың басынан ақпанның аяғына дейінгі аралықтағы күннің ұзаруы, ол 74 минутқа тең келеді. Қарға адым-қаңтар айындағы күннің ұзаруы, ол 36 минутқа тең.

Жұлдыздық Уақыт – астрономияда қолданылатын уақыт есебі. Онда тәуліктің ұзақтығы қозғалмайтын жұлдыздар жүйесімен салыстырғандағы Жердің өз осінен айналу периодына тең деп қабылданған. 24 жұлдыздық сағат 23 сағ 56 мин 4,091 с орташа күн уақытына тең.

Кез келген жұлдызды таңдап алып, оның аспандағы орнын Жердегі козғалмайтын бір нәрсе (үй бұрышы, бағана) көмегімен белгілеп алайык. Сол жұлдыз нақ сол орынға 23 сағ 56 мин өткенде қайтып оралады. Осылайша жұлдыздарға қатысты өлшенетін тәулік жұлдыздың тәулік деп аталады. Дәл айтсақ, жұлдыздың тәулік—күн. мен түннің теңелу 1 нүктесінің қатарынан екі рет жоғары шарықтауына қажет уақыт мөлшері. Ал 4 мин қайда кетті? Жердің Күнді айнала қозғалуы себебі күннің аспандағы орны Жер бетіндегі бақылаушыға Жұлдыздарға катысты тәулігіне аспан сферасының айналу бағытына карама-карсы бағытта 1°-қа ығысып отырады. Оны "қуып жету" үшін Жерге осы 4 мин қажет. Сонымен, Жердің өз осінен айналып шығуына 23 car 56 мин уақыт кетеді. Ал 24 car осы айналыстың Күнге қатысты уақыты.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B4%D0%B0%D0%BC" \o "Адам" Адам Күнсағаты бойынша өмір сүреді, жұмыс жасайды. Ал астрономдар өз бақылау жұмыстарын ұйымдастыруда Жұлдыз уақытын қолданады.

Тәулік – тетелес бір күн мен бір түннің қосындысы. Күннің де, түннің де ұзақтығы өзгеріп, әр маусымда әр түрлі болып отырады. Тәуліктің ұзақтығын тұрақты шама деп есептеуге болады. Жуық түрде алғанда күн қанша ұзарса, түн сонша қысқарады. Шамалап алғандағы тәуліктің бұл тұрақтылығы біздің заманымыздан бұрын 4000 жылдықта анықталған. Бір тәулік ішінде Жер өз осін бір айналып шығады. Жердің өз осін бір айналып шығуына кететін уақыт жұлдыздық тәулік деп аталады. Жұлдыздық тәулік жуық түрде 23 сағат 56 минут 4 секундқа тең. Мұны тікелей бақылап анықтауға болады. Жұлдыздық тәулік – уақыттың астрономиядағы негізгі өлшемі. Ол 24-ке бөлінеді де, әрбір үлесі жұлдыздық сағат деп аталады. Жұлдыздық сағат кәдімгі сағаттан сәл кемірек, жуық түрде 59 минут 50,17 секунд болады. Уақытты жұлдыздық сағат бойынша өлшейтін аспаптар обсерваторияларда қолданылады.

№5 Жұлдыздар каталогы-белгілі бір біртекті сипаттамалары (экваторлық координаттар, жұлдыздық шамалар, спектрлік кластар,т.б.) көрсетілген жұлдыздардың тізімі. Онда жұлдыздардың негізгі сипаттамаларынан басқа, аспандағы және Жұлдыздар каталогындағы жұлдыздарды салыстыруға мүмкіндік беретін қосымша сипаттамалар да беріледі. Жұлдыздар каталогында жұлдыздар шарықтау кезіндегі өсу реті бойынша орналастырылады. Кез келген Жұлдыздар каталогында әрбір жұлдызға міндетті түрде белгілі бір нөмір беріледі. Жұлдыздар каталогының жұлдыз орны белгіленген Жұлдыздар каталогы, іргелі Жұлдыздар каталогы, жинақталған Жұлдыздар каталогы, т.б. түрлері бар. Астрономиялық бақылаулар негізінде жасалған Жұлдыздар каталогы жұлдыздық жүйелердің құрылысы мен қозғалысын зерттеуде, аспан координаттарының жүйесін анықтауда, геодезияда, т.б. пайдаланылады.

Жұлдызды аспанның жылжымалы картасы. Жұлдызды аспанның жылжымалы картасы (ЖАЖК) белгілі бір орында жылдың кез келген күні мен тәуліктің әр сәтінде жұлдызды аспанның көрінісін анықтау мақсатында қолданылады. ЖАЖК екі бөліктен құралған: жұлдыздар картасы және қондырма дөңгелек. Карта аспан сферасының жазықтыққа көшірілуінен құрылған.Картада жұлдыздар, шоқжұлдыздардың танымал бейнесі, олардың шекаралары, аспанның экваторлық координаталарының торы бейнеленген. Картаның орталығында еңістік дөңгелектерінің радиалды сызықтар түріндегі көшірмелері қиылысады. Бұл нүкте дүниенің солтүстік полюсі. Тура көтерілу мәндері сағаттық санмен карта жиегінің ішкі жағында сағат тілінің жүрісі бойынша әр 1 сағ сайын жазылған. Аспан экваторы (еңістігі 0') және аспанның үш ендігі әр 30° сайын концентрлік шеңбермен сызылып, бастапқы еңістік дөңгелегімен (0 сағ-12сағ түзуі) қиылысқан тұстарында градуспен таңбаланған. Осы сандардың көмегімен аспан шырақтарының экваторлық координаталарының мәндерін жуықтап анықтауға болады. Аспан экваторының ішкі жағында аспанның солтүстік жарты шары, одан тысқары оңтүстік жарты шарының 45° еңістікке дейінгі аймағы орналасқан. Аспан экваторымен екі нүктеде (күн мен түннің теңелу нүктелерінде: көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесі α=0 сағ, δ=0° және күзгі күн мен түннің теңелу нүктесі α=12 сағ,δ=0°)қиылысатын әрі орталық нүктесі дүние полюсімен сәйкес келмейтін шеңбер-эклиптика. Жазғы күн тоқырау нүктесі солтүстік жарты шарда эклиптиканың еңістік дөңгелегімен 6 сағ мәнінде, ал қысқы күн тоқырау нүктесі оңтүстік жарты шарда, онымен 12 сағ мәнінде қиылысқан тұста орналасқан. Карта жиегін ала күнтізбелік айлар және күндер көрсетілген. Олар Күннің эклиптикадағы орнын анықтайды. Қондырма дөңгелекте географиялық ендік мәндері жазылған сопақ пішінді түйық сызықтар көрсетілген. Оның орны мен пішіні бақылаушының Жер бетінде орналасуына, яғни оның тұрған орнының географиялық ендігіне тәуелді. Бақылаушының орналасу орнының ендігіне сәйкес бұрыштық белгі салынған қисық бойымен қиып алғанда, оның түйық жиегі осы орынның математикалық көкжиегіне сәйкес болады. Көкжиек бойында дүниенің «төрт бұрышы» белгіленген. Егер оңтүстік пен солтүстік нүктелерінің арасында жіп керілген болса, онда ол аспан меридианын көрсетеді. Осы жіптің орта шенін жуықтап зенит ретінде сақтауға болады. Оның дәл орны керілген жіптің Жер ендігі φ-ге тең аспан ендігімен қиылысқан нүктесімен сәйкес келеді.

№6

№7 Күн Жүйесі – Күннен, оны айнала қозғалатын 8 үлкен планетадан (Меркурий, Шолпан, Жер,Қызылжұлдыз, Есекқырған, Қоңырқай, Уран, және Нептун ), планета серіктерінен, мыңдаған кіші планеталардан (астероидтардан), шамамен 1011 кометадан және толып жатқан метеорлық денелерден құралған ғарыштық денелер жүйесі. Күннен ең алыс орналасқан планетаға дейінгі орташа қашықтық шамамен 40 а.б. немесе 6 млрд. км-ге тең.

Күн – Күн жүйесіндегі орталық дене болып саналады, оның массасы Күн жүйесіндегі барлық денелердің жиынтық массасынан 750 есе артық. Сондықтан Күн жүйесінің массалар центрі Күн қойнауында орналасқан. Барлық 9 үлкен планета Күнді айнала, дөңгелек дерлік орбита бойымен, бір бағытта қозғалады. Олардың орбиталарының бір-біріне қатысты көлбеулігі өте аз. Планеталардың Күннен қашықтығы белгілі бір заңдылыққа бағынған, яғни көршілес орбиталардың ара қашықтығы Күннен алыстаған сайын арта түседі. Планеталар қозғалысының физикалық қасиеттеріне байланысты Күн жүйесінің үйлесімді екі топқа бөлінуі ғарыштық денелердің кездейсоқ жиынтық емес екендігін көрсетеді. Барлық кіші планеталар да үлкен планеталар қозғалған бағытта Күнді айнала қозғалады, бірақ олардың орбиталары едәуір созылыңқы және эклиптика жазықтығына көлбеу орналасады. Кометалардың көпшілігі параболаға жақын өте созылыңқы орбита бойымен қозғалады. Айналу периоды миллиондаған жылға жетеді. Мұндай комета орбиталарының эклиптика жазықтығына көлбеулігі алуан түрлі, олар Күнді айнала тура және кері бағытта да қозғалады.

Шолпан мен Ураннан басқа планеталардың барлығының өз осінен айналу бағыты Күнді айналу бағытымен сәйкес келеді. Уран планетасының осі орбита жазықтығына 98° көлбеу орналасқан, сондықтан оның айналысы сырттай қарағанда кері болып көрінеді. Шолпан планетасы кері бағытта өте баяу айналады. Күн мен планеталар арасындағы қозғалыс мөлшерінің таралуы маңызды космогониялық сипаттама болып есептеледі. Күн жүйесінің орталық денесі Күн – жұлдыз, яғни қызған газды шар. Ол өзінің қойнауынан үздіксіз энергия бөліп шығарады. Күн бетінің күшті сәуле таратуына қарамастан, ол өзінің жоғары температурасын сақтап қалады. Күн жүйесінің қалған денелері – салқын денелер. Олардың бетінің температурасы Күн сәулесінің қыздыруына байланысты анықталады. Планеталар массасына, химиялық құрамына, айналу жылдамдығына, серіктерінің санына қарай екі топқа бөлінеді. 1.Күн жүйесінің планеталары.2. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%BB%D1%8B%D0%BF_%D0%BF%D0%BB%D0%B0%D0%BD%D0%B5%D1%82%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%80" \o "Алып планеталар" Алып планеталар.

1.Күн жүйесінің төрт ішкері планетасы (Жер тобындағы планеталар – Меркурий, Шолпан, Жер, Марс) аса үлкен емес, олар тығыз тасты заттар мен металдардан құралған.

2.Алып планеталар – Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун және Плутон әлдеқайда көлемдірек, олар негізінен жеңіл заттардан (сутек, гелий, метан, т.б.) құралған, сондықтан олардың орташа тығыздығы қойнауындағы зор қысымға қарамай аз болады. Планеталардың екі тобының аралығында орналасқан кіші планеталардың химиялық құрамы Жер тектес планеталардың құрамына жақын. Біршама тар аймақта қозғалатын кіші планеталар бір-бірімен соқтығысып, өте майда сынықтарға ыдырайды. Осындай майда сынықтар метеорлық денелердің соққысынан да бөлінеді. Ал өте майда тозаңдар қосылғанда, зодиактік жарық құбылысы байқалады. Метеориттердің жасын өлшеу (құрамындағы радиоактивті элементтерге және олардың ыдырау өнімдері бойынша) Күн жүйесінің шамамен 4,6 млрд. жыл бұрын пайда болғанын анықтады.

№8 Жердің күнді айнала қозғалысының сипаттамасы

Жер – Күн жүйесіндегі планеталардың бірі. Ол 149 600 000 км қашықтықта шеңбер дерлік орбитамен Күнді айнала қозғалады. Жердің Күнді толық бір айналып шығуына кететін уақыт жыл деп, ал оның өз осінен толық бір айналып шығуына кететін уақыт тәулік деп аталады. Бір жылда шамамен 365 ¼ тәулік бар. Жер шарының көлденеңі (диаметрі) 12 756 км, ал оның экватор шеңберінің ұзындығы шамамен 40 000 км- ге жуық. Жер шарының болжалды осі өтетін нүктелерін полюс деп атайды. Жер шары полюс бағыттары бойынша сығылыңқы, сопақтау болып келеді. Жер осі өзінің орбита жазықтығына 66 градус бұрышпен көлбей орналасқан. Осінің осындай көлбей орналасуына байланысты, Жердің Күнді айналуы кезінде, Жер бетіне күн сәулесі әр жағдайда түседі. Сондықтан да Жер бетінде жыл мезгілдері – көктемнен кейін жаз, одан кейін күз және қыс болып ауысып отырады.Күн жүйесінің кұрамында сегіз планета бар. Бұлар Күнді эллипстік орбиталар бойымен айналып жүреді.Жер - Күннен қашыктығы бойынша үшінші планета. Жердің өз осінен айналуы салдарынан, өзен суы оның бір жағасын кеулеп шайып отырады, ауа кұйындары және жел Жердің солтүстік жарты шарында оң жаққа, ал оңтүстік жарты шарында сол жаққа ауытқиды.Жер Күнді эллипстік орбита бойымен айналады. Жердің Күнді айнала қозғалатынының бір дәлелі - бізге жақын орналаскан жұлдыздардың көрінерлік ығысуы болып табылады. Мұндай ығысулар ең алғаш рет XIX ғасырдың 30-шы жылдарында бақыланған болатын. Жер бетіндегі жыл мезгілдерінің ауысып отыруы мынадай үш себептен болады, олар: Жердің Күнді айнала қозғалуы, Жердің айналу осінің орбита жазықтығына көлбеу болатыны және Жер Күнді айнала қозғалғанда оның осінің өзіне-өзі параллель қалпын сақтауы. Жердің орбитаның белгілі бір бөліктеріндегі орналасуына сәйкес оңтүстік және солтүстік жарты шарларға күн сәулесінің түсу бұрышы мен түсетін жылудың мөлшері өзгереді. Сол себепті оңтүстік жарты шарда жаз болғанда, солтүстік жарты шарда қыс болады. Осы кездегі астрономияның көптеген табыстары Жердің Күнді айнала қозғалу заңдарына сүйенеді.

9.

Жердің бір ғана табиғи серігі бар, ол – Ай, бірақ ол Жердің өзімен салыстырғанда шамадан тыс үлкен. Ай диаметрі жағынан Жерден 4 есе ғана кіші. Юпитердің дискісінен аржағына тасаланатынын, не оның көлеңкесіне еніп тұратынын көруге болады. Бәрінен серіктері көп ең ірі планета – Юпитер (он үшінші серік 1974 жылы ашылды). Ал массасы жағынан келесі планета Сатурнда 10 серік бар, оныншысы 1966 жылы ашылды, Уранда 5 серік, Нептун мен Марста 2-ден серік бар. Серіктердің ішіндегі ең ірілері: Титан (Сатурнның серігі) және Ганимед (Юпитердің 3-ші серігі). Олар диаметрі жағынан айдан 1,5 есе үлкен де, Меркурийден сәл үлкенірек. Мол атмосферасы бар жалғыз серік – Титан.Жұлдыздық, не сидерлік, ай дегеніміз – Айдың жұлдыздарға қатысты Жерді айналып шығу периоды; ал синодтық ай – Айдың Күнге қатысты Жерді айналу периоды. Синодтық ай, басқаша айтқанда, Айдың бірдей екі фазасының арасындағы уақыт мерзімі. Жұлдыздық ай 27,3 тәулікке тең, ал синодтық ай – 29,5 тәулік. Ай 1 тәулік ішінде өз орбитасымен 360о : 27,3 » 13о жүреді. Ал 27,3 тәулік ішінде Жер Т өз орбитасымен Айды ілестіре, Күнге қатысты ТТ, доғаны, яғни 27о дерлік доғаны жүріп өтеді. Айдың эллипстік орбитасының Жерге ең жақын нүктесі перигей деп, ал ең алыс нүктесі апогей деп аталады. Ай бізге жіңішке орақ тәрізді болып көрінгенде, оның бетінің қалған жері де солғын жарық шығарып тұрады. Осы құбылыс күл түсті жарық деп аталады да, былай түсіндіріледі. Жерден шағылған Күн жарығы барып Айдың түн жақ бетіне түседі.Жарықтанған Жер мен Ай, конусша көлеңке түсіреді және конусша шала көлеңке түсіреді. Жер көлеңкесіне Ай жарым-жартылай кіргенде, Айдың толық және шала тұтылуы болады. Толық Күн тұтылуы Жерге Ай көлеңкесінің дағы түскен орыннан ғана көрінеді. Дақтың диаметрі 250 км-ден артпайды, сондықтан бір мезгілде Күннің толық тұтылуы тек Жердің азғана бөлігінде көрінеді. Толық тұтылу фазасы 7 минут 70 секундтан артыққа созылмайды. Жерге Айдық шала көлеңкесі түскен орындарда Күннің шала тұтылуы байқалады. Жердің Айдан және Күннен қашықтықтары аздап өзгеруі салдарынан, Айдың көрінерлік бұрыштық диаметрі Күндікінен бірде үлкенірек, бірде кішірек, ал бірде оған тең болып қалады.Күннің толық тұтылулары ғылым үшін ерекше қызық, ал олар бұрын қараңғы адамдарды қатты үрейлендіретін.Егер Ай орбитасының жазықтығы эклиптика жазықтығымен дәл беттессе, онда әрбір жаңа айда Күн тұтылуы, ал әрбір толған айда Ай тұтылуы болып тұрады.Біздің жүйемізде Күн мен Айдың көлемі сонымен қоса Жерден Айдың қашықтығы, Күнге дейінгі қашықтық ерекше іріктелініп алынған. Егер біздің планетадан (әзірге саналы өмір бар жалғыз жер) күннің тұтылуын байқасақ, онда Айдың шарасы күннің шарасын толық жабады – олардың көлемдері дәл келеді. Ай сәл кішірек болса немесе Жерден қашығырақ болса, онда күннің тұтылуы ешқашан болмас еді.

10 кеплер заңдары

Поляк ғалымы Николай Кперник (1473-1543ж.ж) өзінің Күн жүйесінің гелиоцентрлік моделін (үлгісін) жасаған кезде өте ертеде қалыптасқан планеталардың шеңбер бойымен тұрақты жылдамдықпен қозғалады деген қағидасын сақтап қалды.

Тек XVII ғасырдың басында ғана аспан денелерінің орбиталары шын мәнінде шеңберден өзгеше екені анықталды. Бұл маңызды жаңалықты неміс астрономы Иоганн Кеплер(1571-1630 жж) ашты. И.Кеплер планеталардың Н.Коперник іліміне сәйкес алдын ала есептелеген орындары мен бақылау кезіндегі анықталған орындарының бір-бірінен айырмашылығы бар екенін байқаған болатын. Демек планеталардың Күнді айнала қозғалу траекторялары шеңбер бойымен болады деген көзқарастан бас тарту қажет болды. Планеталардың гелиоцентрлік орбиталарының түрін (пішімін) анықтау үшін ол Дания астрономы Тихо Брагеннің(1546-1601 жж) өте мұқият жасаған Марс қозғалысына қатысты бақылау жұмыстарының нәтижелерін пайдаланды. Оның көп жылғы жұмысының нәтижесі – 1609-1619 жылдары планеталар қозғалысының үш негізгі заңын ашуы болды. Бұл заңдар оның есімімен Кеплер заңдары деп аталады.

.Кеплердің бірінші заңы — планета орбитасының пішінін анықтайды: Барлық планеталар Күнді эллипс бойымен айналады, оның фокустарының бірінде Күн орналасады.

II. Кеплердің екінші заңы- аудандар заңы планета қозғалыстарының бірқалыпты емес екендігін анықтайды: планетаның радиус-векторы бірдей уақыт аралығында шамалары бірдей аудандар сызып шығады. Планеталар ең үлкен жылдамдықпен перигелийде, ал ең кіші жылдамдықпен афелий де қозғалады.

III. Кеплердің үшінші заңы- планеталардың орбиталық периодтары мен олардан Күнге дейінгі қашықтық арасындағы байланысты анықтайды: кез келген планетаның Күнді айналу периодтары жартыосьтерінің қатынасына тең болады. Екі планетаның үлкен жартыосіне а1 және а2 деп, ал айналу периодтары Т1 және Т2 деп белгілейтін болсақ, онда Кеплердің үшінші заңын мына түрде жазуға болады

Ньютон өзінің бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан соң, Кеплердің үшінші заңын жалпы түрге келтіреді. Ол массалары М1 және М2 екі дене ауырлық центрін бір-бірінен а қашықтықта Т периодпен (мерзім ішінде) айналатын болса, мына

Қатынасы міндеті түрде орындалатынын дәләлдеді. Осы қатынастың көмегімен аспан денелерінің массаларын анықтау мүмкіндігі туды.

Әлемнің гелиоцентрлік жүйесі.

 Күн жүйесі құрылысының жобасын алғаш рет дұрыс түсінген Н. Коперник болды. Ол ғасырлар бойы адамдардың санасына ұялап қалған «Жер қозғалмайды» деген жобаны теріске шығарды. Жерді өзге планеталардың қатарына косып, Жер Күннен үшінші орында болады деді. Сонымен бірге Коперник Жер өз осін айнала отырып, барлық планеталармен бірге кеңістікте Күнді айнала қозғалады деп көрсетті. Ал Ай Күнді емес,

Жерді айнала қозғалады деді.

Коперник осы идеяны айтқан кезде сол кезеңнің ғалымдары онымен бірден келісе алмады. Тіпті Коперниктің өзі де бұл тұжырымдар төңірегінде кырық жыл бойы ойланумен болды.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9A%D0%BE%D0%BF%D0%B5%D1%80%D0%BD%D0%B8%D0%BA&action=edit&redlink=1" \o "Коперник (мұндай бет жоқ)" Коперник Полыпа мен Италия университеттерінде оқып, үздік әрі жан- жақты (математика, астрономия, құкық,тіл, медицина бойынша) білім алған. Ол планеталар мен Күнді бақылау барысында алынған мәліметтерге сүйеніп, планеталардың Күнге қатысты қозғалысын анықтауды мақсат еткен еді. Теңдесі жоқ, ғаламат есептеу жұмыс тары жиырма жылға жуық уақыт бойы тікелей жүргізілген бақылаулармен ұштастырылды. Ғалым ерен математик ретінде ғылымға көп жаңалық енгізді. Ол аспан денелерінің қозғалыс кестесін жасады, ол үшін оған 324 мың шаманы есептеп шығару кажет болды.

Осындай ғылыми деректермен негізделген зерттеу жұмыс тарының нәтижесінде Коперник планеталар қозғалысының жаңа жүйесін жасады. Оның «Аспан сфераларының айналуы туралы» деп аталатын еңбегі 1543 жылы жарық көрді. Н. Коперник планеталар жүйесінің центріне Күнді орналастырғандықтан, бұл жүйе гелио-центрлік жүйе (гр. гелиос- Күн) деп аталды.

Коперниктің ілімін көптеген ғалымдар: Тихо Браге, Джордано Бруно, Иоганн Кеплер, Галилео Галилей, Исаак Ньютон қолдап, одан әрі дамытты.Н. Коперник теориясы физика мен астрономияның және тұтас жаратылыстанудың дамуында аса маңызды рөл аткарды. Соның негізінде ғылымға қозғалыстың салыстырмалылыгы және санақ жүйесі деген ұғымдар енгізілді. Тек осы теория негізінде И. Кеплер мен И. Ньютон қозғалыстың нақты заңдарын аша алды.[1]

№11.Аспан механикасының дамуы

Аспан механикасы - аспан денелерінің және олардың жүйелерінің тартылыс күштерінің және басқа күштердің әсерінен болатын кеңістіктік қозғалыстарын зерттейді. Аспан денелерінің фигуралары мен олардың орнықтылығын, аспан денелерінің және олардың жүйелерінің пайда болуы және эволюциясы мәселелерін түсінуге көмектеседі.Планеталар физикасы, Күн физикасы, астрофизика аспан денелерінің физикалық құрылымын, химиялық құрамын физикалық әдістемелердің көмегімен зерттейді. Жұлдыздар астрономиясы кеңістікте жұлдыздардың, газды - шаңды бұлттардың, жұлдыз жүйелерінің орналасуын, олардың құрылымы мен эволюциясын, орнықтылығын зерттейді. Жұлдыздар астрономиясының бір бөлімі: жұлдыз жүйелерінің динамикасы болып табылады. Астрономия тарихында жаңа планетаны ашу оқиғасы да аспан механикасының дәл есептеулерімен байланысты болған.Аспан механикасының бір саласы- астродинамика. Ол ғарышкерлік саласына да кіреді. Ғарышкерлік (космонавтика) өз алдына жеке сала болып табылады. Ол автоматты және құрамында адам бар ғарыштық аппараттарды пайдаланып, әлемдік кеңістікті зерттеуді және игеруді мақсат ететін ғылым мен техника саласы болып табылады. Ол ракетодинамика және астродинамика деп бөлінеді. Ракетодинамика саласын қарасты-ру біздің мақсатымызға кірмейді. Астродинамика -жасанды аспан денелерінің қозғалысын және оларды басқару мәселелерін зерттейтін аспан механикасының саласы болып табылады. Ньютон заңының көмегімен аспан денелерінің қозғалысын зерттеу - таза математикалық есепке айналды, ал аспан механикасының табыстары– математиканың дамуында елеулі жетістіктермен байланысты болды. Айталық, XVIII ғасырдың басында аспан механикасының дамуында Ньютон еңбектерінің күшті әсері арқасында болса, аяқ жағында бұл ғылым – математик ғалымдар Клеро (), Даламбер (), Эйлер (), Лагранж () және Лаплас ()[43] еңбектерімен дамытылды. Сол кезеңде жеке аспан денелерінің қозғалыс теорияларын құру әдістемелері жасалынды. Жер бетінде бағдарлану үшін Айдың қозғалысын анықтайтын таблицалар жасалынды.XIX ғасыр – аспан денелері, әсіресе үлкен планеталар қозғалысының аналитикалық теорияларының шығуы, қазіргі уақытқа дейін қолданылатын таблицалардың пайда болуы - астрономдардың үлкен тобының еңбегінің нәтижесі болды. Солардың ішінде көп үлес қосқандары: Леверье (), Ньюкомб (), Хилл () болған. Бұл ғасыр - аспан механикасының есептеу әдістері ғана емес, сонымен бірге бақылау әдістерінің дамып, табыстарға жетіп жүрген дәуірі. Қазіргі кезең аспан механикасының дамуында қызықты кезең. Ғарыштық зерттеулер аспан механикасына жаңа серпін бергендей болды. Космонавтиканың (ғарышкерліктің) пайда болу және даму тарихымен еңбектерінде танысуға болады. Енді ол аспан денелерінің қозғалыстарын зерттеп қана қоймай, сонымен бірге жасанды аспан денелерінің қозғалысын басқарып тұруды мақсат етеді.

№12

№13

№14

Астрофизика (грек. аstron – жұлдыз және физика) – аспан денелерінің физика күйі мен химияқұрамын және олардың жүйелерін, жұлдызаралық орта мен галактикааралық орталарды, сондай-ақ оларда өтетін химия процестерді зерттейтін астрономияның бөлімі.

Зерттеу әдістеріне қарай астрофизика астрофотография, астрофотометрия, астроспектроскопия, радиоастрономия, рентгендік астрономия, тағы басқа салаларға бөлінеді.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%82%D0%BE%D0%BC%D0%B4%D1%8B%D2%9B_%D1%84%D0%B8%D0%B7%D0%B8%D0%BA%D0%B0" \o "Атомдық физика" Атомдық физиканың 20 ғасырдың бас кезіндегі табыстары мен жаңа әрі жетілдірілген физика тәсілдер теориялық астрофизиканың қалыптасып, дамуына қолайлы жағдай туғызды. Теория астрофизикада аспан денелері құрылысының теориясы (жұлдыз атмосферасының құрылысы, жұлдыздардың ішкі құрылысы, тағы басқа) және оларда өтетін процестер қарастырылады. Негізінен ол жұлдыздар атмосферасының физикасы, жұлдыздардың ішкі құрылысының теориясы, газ, тозаң және тұмандықтар физикасы, ал зерттейтін объектілерінің ерекшеліктеріне қарай Күн физикасы, құйрықты жұлдыздар мен метеорлар физикасы, планеталар физикасы, тағы басқа болып бөлінеді. Құйрықты жұлдыздар мен метеорларды зерттеу – астрофизиканың басты мәселелерінің бірі. Астрофизикалық зерттеулер заттың физика және техникалық тәжірибелер арқылы анықталатын қасиеттерін одан әрі толықтыра түседі. Күндегі процестердің Жер бетіндегі құбылыстарға тигізетін әсерін және оның заңдылықтарын зерттейді. Астрофизиканың үлкен саласы –радиоастрономия. Оптикалық және радиастрономиялық тәсілдерді біріктіре пайдалану асқын алып жұлдыздар мен квазарларды ашуға, шаян тәрізді тұмандық жарқылының табиғатын және біздің Галактикадағы (Жұлдызаралдағы) сутегі элементінің орналасуы мен қозғалуы ерекшеліктерін анықтауға, сондай-ақ планеталаратмосфераларының құрамдарын анықтауға мүмкіндік берді.

Зерттеу объектілері: галактик. тұмандықтар, жұлдыздар, Күн, Галактика, квазарлар, планеталар, құйрықты жұлдыздар, жұлдыздық және планетааралық тозаңдықтар физикасы және космология. Институттағы алғашқы астрофизикалық ғылым-зерттеу жұмысы зодиактік жарықты зерттеуге арналды.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%81%D1%82%D0%B5%D1%80%D0%BE%D0%B8%D0%B4" \o "Астероид" Астероидтар белдеуінде астероидтар мен метеороидтардың ұсақталу себебінен зодиактік жарық құбылысының пайда болу теориясы жасалды.

15. Астрофотометрия негіздері

Астрофотометрия астрофизиканың бір маңғызды методы, яғни аспан шырақтарының жалпы шығаратын сәулелерін өлшеу. Осы мақсат үшін қолданылатын құралдарды фотометрлер деп атайды. Фотометрлердің сәулені қабылдайтын негізгі бөліктері: фотопластингка, фотоэлемент, термоэлемент , болометр. Сәуле қабылдағыштың бір түрі- өзіміздің көзіміз. Көз, фотопластинкаа, фотоэлемент жиілігі әртүрлі сәулелерді бірдей сезбей, тек оларды екшеп сезеді. Көз өте-мөте сары сәулелерді жақсы сезеді. Кәдімгі фотопластинка өте-мқте күлгін сәулелерді сезгіш. Бірақ осы кезде, көз атымен сезбейтін инфра-қызыл сәулелерді сезетін пластинкалдар бар. Ал, термоэлемент пен болометр әртүсті сәулелерді бірдей сезеді. Аспан шырағынан келген жарықтың қөзіміздің тор қабыршағын жарықтандыруын осы кезде жалтырау деп айтайтын болады.

Астрофотометрияның бақылайтын обьектілеріне түрлі аспан денелері жатады, және әрбір обьект түр іне өзіндік аппаратура, бақылау, ықшамдау және стандарт әдістері қажет.  Сондықтан алынған нәтижелерді трансформациялау және салыстыру проблемасы туады. Трансформация дегеніміз жұлдыздың өлшемді бір фотометриялық жүйеден екіншісіне аудару. Бұл проблеманы шешу әдісі ол – жұлдыз көмегімен таңдалған құбылыс моделінің параметрлерін анықтаймыз.

16. Күн физикалық табиғаты.

Күн Жер тіршілігіндегі маңызды орын алады. Күн – біздің жұлдызымыз.Күнді зерттей отырып, басқа жұлдыздарда болып жатқан және жұлдыздарға дейінгі орасан зор қашықтықтар салдарынан тікелей бақылап көруге болмайтын құбылыстарды білуге мүмкіндік аламыз.

Күн радиусы Жердің радиусымен салыстырғанда одан 109 есе, ал көлемі шамамен 1 300 000 есе үлкен. Күн массасы Жерден 330 000 еседей және оның төгірегінде қозғалатын барлық ғаламшарлардың жалпы массасынан 750 еседей көп.

Жердің Күннен алатын энергиясының мөлшері Күн тұрақтысы деп аталатын шамамен сипатталады. Күн тұрақтысын өлшеу үшін биік тау бекетінде арнаулы ыдыстағы судың Күн сәулелерімен қара түсті металл шарықтан алған жылу мөлшерін анықтайды.

Күн тұрақтысы 1400 Вт/м2 тең. Күн тұрақтысы уақыт бірлігінде шығаратын толық энергиясы тұрақты. Егер Күн тұрақтысын радиусы Жердің Күннен орташа қашықтығына тең сфераның ауданына көбейтсе, Күннің уақыт бірлігінде шығаратын жалпы энергиясы шығады. Бұл шама Күннің ж а р қ ы р а у л ы ғ ы (немесе оның сәуле шығару қуаты) Lө = 4*1026Вт.

Күннің темпе-сы және Күн затының күйі.Күн затының қандай күйде болатынын білу үшін, алдымен Күн темп-сын білу керек. Күннің температурасын анықтаудың бірнеше тәсілі бар. Олардың бәрі Жерде ашылған және Ғаламның бүкіл бақыланбалы бөлігінде орындалатын физика заңдарына жүгінеді. Осы тәсілдердің бірі мынаны білдіреді.Бізге Күн жарқыраулығы Lө белгілі. Күннің радиусыда белгілі демек, Күннің көрінерлік ауданы 4π R2 болып шығады. Осыларды біле отырып, Күн бетінің аудан бірлігі уақыт бірлігінде шығатын энергиясын, яғни ε шығады.

ε=Lө4πRө

Басқаша айтқанда, уақыт бірлігінде аудан бірлігінінің шығаратын энергиясы абсолют температурасының төртінші дәрежесіне пропорционал:

ε = σT4. (Стефан – Больцман заңы) мұндағы σ – пропорц –қ коэффициент 5,67 * 10-8Вт/(м2* К4).

Осыдан

Т =4Lө4πRө2σ

Сан мәндерін қойып есептесек, Т ≈ 6000 К болатынын табамыз. Осы тәсілмен анықталған температураны эффективті темп-ра д.а. Стефан – Больцман заңын қолданарда біз Күнді идеал ( қ а р а д е н е деп атайды) дене деп қарастырамыз. 6000К температурада Күн заты газ тәріздес күйге енеді, әрі кейбір химиялық элементтердің атомдары иондалған болады. Тереңдеген сайын температура өседі (Күн центрінде 1,5 * 107 К жетеді) де, онымен бірге иондалған атомдар саны артады. Сондықтан да Күн затының негізгі күйі п л а з м а , ал Күн дегеніміз қызған плазмалық шар.

Күн бетіндегі физикалық тұрақтының мәні Жер бетіндегіден 28 есе артық және 274 H/кг тең. Күн затының орташа тығыздығы p = 1410 кг/м3, яғни судың тығыздығынан сәл көптеу.

17. Күн жүйесінің алып ғаламшарлары. Алып ғаламшарларға:

Юпитер, Сатурн,Уран, Нептун. Алып ғаламшарлар өз осьтерінен өте жылдам айналады; Алып планеталардың атмосфералары олардың өздерімен бірге пайда болған және де олардың беткі қабаты жоқ. Олар Күннен өте алыс қашықтықта жатыр. Жыл маусымдарының өзгеруіне қарамай олардағы темпе-а әр уақытта төмен. Барлық алып планеталар серіктермен қоршалған. Қазіргі кезде Юпитерде 16, Сатурнда 17, Уранда 15, тек Нептунда ғана 8 серік бар.

Алып планеталардың ішіндегі ең жақсы зерттелгені – Юпитер (қазақша «Есекқырған»). Ол диаметрі бойынша Жерден 11 есе, ал массасы жағынан 318 есе үлкен.Оның Күнді айналу периоды 12 жылға жуық. Юпитердің айналу осі оның орбита жазықтығына перпендикуляр болғандықтан, онда ешқандай жыл мезгілдерінің ауысуы болмайды. Ондағы тәулік – 9 сағ 55 минут. Юпитердің өз осінен бір айналуына 10 сағаттан да аз уақыт кетеді. Диаметрі 25 000 км болатын Юпитердің ядросы темір мен тастан тұрады және центріндегі темп-ра 23 000К. Юпитер атмосферасының 89 % - ы сутекті, 11 –ы гелийді құрайды. Атмосфераның фосфор мен күкірттің қосындысынан тұруы себепті ол қызғылт сары түске боялып көрінеді.

Күн жүйесіндегі ерекше бір түзіліс – Сатурн планетасы (Қоңырқай).Күн жүйесіндегі құралсыз көзбен бақылауға болатын соңғы планета. Оның тығыздығы Күн жүйесіндегі планеталар тығыздықтарының бәрінен де, тіпті қарапайым судың тығыздығынан да аз. Өз осінен жылдам айналатын болғандықтан, оның экваторы Юпитердікі секілді шығыңқы келеді. Сатурн ені 275 000 км, ал қалыңдығы бір километрден артық емес өзінің қуатты сақиналар жүйесімен ерекшеленеді.

Оны айнала қоршаған жалпақ сақинаның қалыңдығы бірнеше километрге созылып жатыр. Сақина планетаның экватор жазықтығында орналасқан, ал бұл жазықтықтың планета орбитасының жазықтығына көлбеулігі 270.Сондықтан Сатурн 30 жыл ішінде Күнді бір рет айналып шыққанда, бізге бұл сақина әжептәуір ашылып көрінсе, бірде тура қырынан көрінеді. Қырынан келгенде оны жіңішке сызық түрінде телескоптың көмегімен ғана көруге болады. Орташа температурасы – 1500С

Уран да барлық алып планеталар тәрізді жартылай сұйық, жартылай газ күйінде тұрады. Планетаның ішінде ең елеулі ірі қатты ядро бар. Уранның түсі көгілдір, себебі оның атмосферасының жоғарғы қабаттарында сутек пен гелийдің түтіні бар.

Планеталардың қозғалысы жөніндегі өзге деректер ішінде назар аударарлық бір факт: Уранның өз осінен айналу бағыты өзге планеталардың (Шолпаннан басқа) айналу бағытына қарама – қарсы. Оның осі орбита жазықтығымен небары 80 бұрыш жасайды, сондықтан ол бүйірінен қисайып жатып айналады. Осының салдарынан бұл планетада жыл мезгілдерінің күрт ауысуы болып тұрады.Урандағы жыл Жердегі 84 жылдай уақытқа созылады. Уран мен Шолпан – өз остерінен барлық басқа планеталар айналатын бағытқа қарсы айналатын бірден – бір планеталар. Тәулік 17 сағ 14 мин –қа созылады.

Нептун Күннен 4,5 млрд км қашықтықта жатыр, бұл Жерден 30 есе алыс деген сөз. Нептунның өлшемі Ураннан аз ғана кіші және ол газды алып планеталардың ішіндегі ең кішісі болып есептеледі. Оның жарықтануы Жер бетінен 900 есе, Юпитерден 30 есе кем. Нептунның құрылымы жөніндегі мәліметтер әзірге аз. Планета өз осінен 16 сағ 7 мин – та бір айналым жасайды. Атмосферасының құрамы алып планеталарға ұқсас: 13 % - гелий, 85 % сутек және басқа да заттар мен метанның қоспасы бар. Орташа темпе-сы -2200С.

18. Күн жүйесінің кіші денелері.

Астероидтар

Марс пен Юпитер орбиталарының арасында пішіні бұрыс аспан денелері бар. Олар планеталардың серіктері емес және Күнді айнала өз еркінше қозғалады. Бұл денелер астероидтар ("жүлдызға ұқсас") деп аталады. Бірінші астероидты 1801жылы 1 каңтарда Италия астрономы Джузепе Пиации ашты. Ол тура көтерілуі мен еңкеюі тәулік ішінде елеулі өзгеретін жұлдызды бақылады.

Қазіргі кезде 12 000-нан астам астероидтар белгілі. Бастапқы кезде құдайлардың аттарымен аталған астероидтарға кейін ұлы адамдардың есімдері берілді. Астероид табылғанда оған ашылған жылы (мысалы, 1937 DA) көрсетілген белгі тағылады. Астероидтың орбитасы есептелген соң тұрақты номер және аты беріледі.

Астероидтар орбиталарының шеңберден өзгешіліғі аз, сондықтан астероидтардың көпшілігі Күн жүйесінің ішіне кірмейді.

Кейбір астероидтардың жарықтылығының периодты өзгеруі бұрыс пішінді, беткі қабаттарының тегіс емес екенін және өз остерінен айналатынын көрсетеді. Кейбір астероидтардың өз осінен айналу периоды — бірнеше сағатқа созылса, ал кейбірінде ол тәулікке жетеді. Астероидтардың беткі қабаттарының құрамындағы үлкен айырмашылық олардың жарықты шағылдыру қабілетімен анықталады: кейбір астероидтардьщ бетінен жарықтың шағылу коэффициенті бар болғаны 3%, ал кейбіреуінде ол 50%-ға жақындайды. Астероидтардың бетінде планеталар серіктерінің бетіндегі тәрізді уақ денелер соққыларының іздері болуы керек. Астероидтарда атмосфера жоқ.

Қазіргі кезде астероидтар деп өлшемдері бір километрден кіші болмайтын барлық денелерді айту қабылданған. Одан кіші денелер метеоридтер деп аталады. Астероидтардың жалпы саны 30 -50 мың.

Кометалар[өңдеу]

Күн жүйесінің периферийінде шамамен 100 000 а.б. қашықтықта Оорта бұлтында кометалар тобы шоғырланған. Мұндай бұлт 100 млрд кометалар ядросына ие болуы мүмкін. Планеталардың, Күннің тіпті жақын жұлдыздардың тартылыс күштерінің әсерінен кейде олардың кейбіреулері Күн жүйесінің ішіне кіріп кетіп, Күнге қарай қозғала бастайды. Олардың аспан механикасының заңына бағынатын қозғалыстары өздеріне тән әр түрлі болады. Барлық планеталар Күнді айнала бір бағытта дөңгелек орбита бойымен (тік бағытта)шамамен бір жазықтықта (эклиптикада) айналады. Ал кометалар тіке бағытта да, яғни қарсы бағытта да өте созылыңқы орбита (эксцентрлі) бойымен эклиптикаға әр түрлі көлбеу бұрыш жасай айналады. Оның қозғалыс сипатынан құйрықты жұлдыз екенін айыруға болады.

Кометаның негізгі салмағы оның ядросында жинақталған. Ол ядро кәдімгі мұздан, қатып қалған газдардан, қатты бөлшектерден, көмір қышқылының қоспасы бар су мұзынан, аммиактан және тозаңнан тұрады. Ядроның ұзындығы бірнеше ондаған километрге жетеді, ал салмағы 1022 гр-ға дейін барады.

Күнге жақындаған сайын Күн сәулесінің әсерінен мұз еріп булана бастайды да ядроның жанында газ-тозаңды бұлт пайда болады. Ол Күн сәулесін шағылдырады (кома) және қайта сәулелендіреді. Сондыұтан біз кұйрықты жұлдызды қатты жарқырайтын дене түрінде көреміз. Кометаның соңынан Күн сәулесінің қысымынан әр уақытта Күнге қарсы бағытталған газ бен тозаңнан тұратын бөлшектер ілеседі. Оның ұзындығы жүздеген миллион километрден астам. Құйрықты жұлдыз массасының миллионнан бір бөлігінен де аз шамасы оның кұйрығында жинақталғанына қарамастан, ол жарықтың 99%-ын, ал ядро 0,1%- ын ғана шығарады. Мәселе мынада: ядро өте жинақы, оның үстіне оның шағылдыру коэффициенті төмен (альбедо).

Бірінші рет 1986—1999 жылдары кометалардың ядросы зерттелді. Галлей кометасының ядросына жіберілген зонд 600 км кашықтыққа жакындады. Ядроның өлшемі 8 х 13 км шамасындай, қара түсті, бетінде кратерлер болды жоне құрылымы әр түрлі.

19. Аспан денелерінің температурасы. Анықтау әдістері.

Аспан денелерінің температурасы, химиялық құрамы, магниттік өрісі, сондай – ақ олардың қозғалыстары жөніндегі мәліметтер спектрлік бақылаулар арқылы алынады.

Жұлдыздардың түсі бойынша олардың фотосферасын, температурасын анықтауға болады. Сәуленің максимал толқын ұзындығы мен температурасы арасында белгілі байланыс бар. Әр түрлі жұлдыздардың сәуле шығару максимумы әр түрлі толқын ұзындығына келеді.Мысалы, Күн – сары жұлдыз. Капелла да осы түсті жұлдыз, оның темпер- сы 6000К шамасында. Температурасы 3500 – 4000 К болатын жұлдыздар қызғылт түсті (Альдебаран). Қызыл жұлдыздардың температурасы 3000 К – ге жуық. Қазіргі кезде белгілі жұлдыздардың ең суықтарының температурасы 2000 К – нен аз. Мұндай жұлдыздарды спектрдің инфрақызыл бөлігінде бақылауға болады.Күннен көп ыстық жұлдыздар көптеп саналады. Оларға, мысалы, ақ жұлдыздар (Спика, Сириус, Вега) жатады. Олардың температурасы 104 – 2*104 К аралығында. Фотосфераның температурасы 3*104 – 5*104 болатын көгілдір – ақшыл жұлдыздар сирек кездеседі. Жұлдыздар қойнауындағы температура 107К –нен кем емес.

Жер тобындағы планеталардың температурасы Меркурийде атмосфераның болмауынан планета бетінің температурасы +6000 күндізгі температурадан түнде

-1850 қа дейін бірден түседі. Шолпанның бетіндегі темпе-а оның күндізгі немесе түнгі мезгіліне қарамастан +5000С болады. Бұл қорғасынның балқу темп-на сәйкес келеді. Жердің гидросферасы жылуды сақтайды, Жер бетіндегі температураны көтереді (планетадағы темп-ра -890С – тан +580С қа дейін ) тірі организмдерге қолайлы жағдай туғызады. Марстың атмосферасы Шолпандағы тәрізді, негізінен, көмірқышқыл газынан тұрады. Планетаның беткі температурасы -1200 тан +150С қа дейін өзгереді.

Алып ғаламшарлар. Юпитер егер, Күннен алынған энергиямен ғана жылынатын болса, оның беттік температурасы 100К – ге ғана тең болар еді, ал өлшеулер нәтижесі 140 К көрсетіп отыр. Диаметрі 25 000 км болатын Юпитердің ядросы темір мен тастан тұрады және центріндегі температура 23 000 К. Сатурнды Күн сәулесі Жермен салытырғанда 90 есе әлсіз жылытады. Сондықтан оның орташа температурасы - 150 0С. ХХ ғасырдың ортасында өлшенген жоғарғы бұлттардағы шамамен -1700. Сатурнның ядросына жақын жердегі тем-ра жоғары, ал қысымы әжептәуір болуы ықтимал. Урандағы орташа температура 60К шамасында. Нептун өте салқын, бірақ белсенді. Планетаның атмосферасының орташа температурасы – 2200С.Ол Юпитер мен Сатурн тәрізді оның Күннен алған жылуынан көбірек.

20. Ғаламның құрылуы туралы көзқарастардың дамуы. Күн жүйесінің кинематикасы.

Ғалам – алуан түрлі формада болатын әрі ұдайы өзгеріп отыратын кеңістік пен уақыт бойынша шеті де, шегі жоқ бүкіл дүние. Ғаламды зерттеумен тікелей шұғылданатын ғылым – астрономия. Ғаламның туралы ұғымның дамуы бірнеше кезеңге бөлінеді. Ғаламның шексіздігі туралы алғашқы пікір ежелгі дәуірдегі грек ғалымы Гераклиттің еңбектерінде кездеседі. Ол Ғалам мәңгілік, аспан денелерін құрайтын материя жаңадан жасалмайды деп тұжырымдаған. Гераклиттің көзқарасын Демокрит,Эпикур және Лукреций одан әрі дамытқан. Одан кейінге дәуірлерде Жердің шар тәрізді екенін және аспан шырақтарының бір-бірінен алшақтығын анықтауға байланысты зерттеулер жүргізілген. Гераклиттің көзқарасын Демокрит, Эпикур және Лукреций одан әрі дамытқан. Одан кейінгі дәуірлерде Жердің шар тәрізді екенін және аспан шырақтарының бір-бірінен алшақтылығын анықтауға байланысты зерттеулер (Пифагор, Аристотель, Эратосфен) жүргізілген. Жердің шар тәрізділігі туралы түсінікке сүйеніп, грек философы Филолай (б.з.б. 5 ғ.) және грек астрономы Аристарх Самосский (б.з.б. 4–3 ғ-лар) Жердің қозғалатындығы жөнінде жорамал жасаған. Бірақ шіркеу мен дін үстем болған дәуірде мұндай озық ойлар қолдау таппай, көмескіленіп қала берген. Птолемей негізін қалаған дүниенің геоцентрлік жүйесі шіркеудің қолдауымен Қайта өркендеу дәуіріне дейін үстемдік еткен. Н.Коперниктің «Аспан сферасының айналысы туралы» атты кітабы космогонияда ғыл.-зерттеуге жол ашты. Жерді аспан денелерінің бірі деп санаған Коперниктің пікірін Дж.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D1%80%D1%83%D0%BD%D0%BE" \o "Бруно" Бруноодан әрі дамытып, жұлдыздар әлемі шексіз деген тұжырымға келді. Коперник қалыптастырған дүниенің гелиоцентрлік жүйесі Ғалам туралы ғылымның негізіне айналды. Біз мекендеген Жер де, басқа планеталар, құйрықты жұлдыздар мен метеорлық денелер тәрізді, Күн жүйесінің құрамына енеді. Күн жүйесінің диам. 10 млрд. км-дей. Бұл қашықтықты жарық 10 сағ-қа жуық уақытта жүріп өтеді.

Кейінірек Ғалам кеңістігінде біздіңГалактика тәріздес миллиондаған басқа да галактикалардың бар екендігі анықталды. Зерттелген галактикалар жиыны Метагалактика деп аталады.  20 ғ-дың 70-жылдарында әр түрлі елдердегі астрономдардың ұжымдық еңбектерінің нәтижесінде Метагалактиканың мынадай маңызды қасиеттері анықталды:

Галактикалар Метагалактикада бірқалыпты таралмаған; олардың көпшілігі галактикалар шоғырлары мен топтарына жинақталған;

Галактикалар бір-бірінен, жуық шамамен, орналасу қашықтығына пропорционал болып қашықтайды Бұл ұлғаю, Доплер принципіне сәйкес, галактикалар спектріндегі спектрлік сызықтардың қызыл ығысуы ретінде байқалады. Мұндай алып құбылыс, көбінесе Ғаламның ұлғаюы деп аталады;

Ғ-ның біз орналасқан бөлігі миллиметрлік радиотолқындар диапазонындағы радиосәулемен бірқалыпты толтырылған.

21. Күн жүйесінің түбегейлі әрекеттесуі.

Күн атмосферасындағы стационар емес құрылымдардың жиынтығы (дақтар, алаулар, протуберанецтер(Күн жалдары), от алыстар және басқалар) Күн әрекеттілігі деп аталалды. Мәселен, Күн дақтары ылғи фотосфера алауларымен байланысты, от алыстар мен протуберанецтер көп жағдайларда « ұйытқыған» фотосфера үстінде құрылады және т.с.с Күндегі дақтар, алаулар, от алыстар, протуберанецтер және Күн әрекеттілігінің басқа да көріністері бақыланатын аймақтар ә р е к е т т і а й м а қ т ар деп аталады. Әрекеттілік орталықтары фотосфера астында қандай да бір тереңдігінде пайда болып, бірнеше қабатты сәкі түрінде Күн тәжіне дейін көтеріледі. Әрекеттілік орталықтарының әр деңгейін бір – бірімен байланыстырушы – магнит өрісі.

Тек дақтардың пайда болулары ғана емес, сонымен қатар Күн әрекеттілігінің де толығымен алғанда 11 – жылдық қайталамалығы бар. Күн әрекетінің максимумы жылдары Күнде әрекеттілік орталықтары мол болады (ұйытқаған Күн).Минимум жылдары әрекеттілік орталықтары аз (тыныш Күн) болады. Күн әрекеттілігінің соңғы максимумы ерекше болып өтті.Ол жоғары әрекеттілігімен және ұзақтығымен (1989-1992 жылдарға созылған) ерекшеленеді.

22.Жұлдыздар физикасы.

Жұлдыз – "тұрақты жұлдыз" деп те аталады, салмағы ерекше ауыр, өзінен тұрақты жарық шығаратын, "өртенген" — термоядролық реакция жасайтын, плазмалық газ күйдегі аспан денесі.

 Жұлдыздар негізінен сутегіні негіз еткен күйде пайда болады және Гелий мен аз мөлшерде ауыр элементтердің сығылуынан құралады. Өзегінде жеткілікті тығыздық болса, кейбір сутегі термоядролық реакция барысында тұрақты түрде гелийге айналады.

Жұлдыздар ғарышқа біркелкі шашылған емес. Олардың көбі тартылыс күш әсерінде ұйысып екіден көпқосаржұлдыздарға біріксе, тіпті неше миллиард жұлдыздар топтасып алып үйіржұлдыздарға айналады. Екі жұлдыздың орбитасы оларды жақындатқанда олардағы өзгеріс тездейді.

Астрономдар ғарыштағы жұлдыздар саны туралы мөлшері әрқилы. АҚШ астрономы Карл Саган өзінің «Трлионның трлионы» кітабында мынадай жорамал айтады: "ғаламда трлион галактика бар. Әр галактикада трлион жұлдыз бар".

АҚШ астрономы Чарли Конрой қатарлылар галактикалар спектріне анализ жасағаннан кейінгі жорамалы бойынша ғаламда шамамен 3X1023 жұлдыз бар

Жұлдыздың барлық ерекшелігін оның әу бастағы массасы белгілейді. Оның негізгі қасиеттері болған жарқырауы, үлкен кшілігі, өзгерісі, жасы, тағдыры дегендер оның массасына байланысты болады.

Көпшілік жұлдыздардың жасы 1 млрд-тан 10 млрд жыл арасында болады. Кейбір жұлдыздардың жасы ғарыш жасымен(13.7 млрд жыл) қарайлас. Қазірге дейінгі ең кәрі жұлдыз HE 1523-0901 болып, оның жасы 13.2 млрд жыл екен.

Жұлдыз массасы қанша үлкен болса оның жарқырау ғұмыры сонша қысқа болады. Өйткені массасы үлкен жұлдыздың өзегіндегі гравитация өте жоғары болады да, сутегінің термоядролық реакциясы өте тез жүреді. Көптеген массасы үлкен жұлдыздардың орташа жасы 1 млн жыл көлемінде. Ал, массасы оған қарағанда жеңіл жұлдыздар (Қызыл ергежейлі) өте ақырын жанатындықтан, ғұмыры миллиард жылға дейін барады.

Жұлдыздардың массасы және жарқырауы бір-бірімен белгілі бір тәуелділік арқылы байланысады. Жұлдыздың ішкі қойнауын тікелей бақылап көру мүмкін емес. Сондықтан жұлдыз, оның массасы, радиусы және жарқырауы шын мәніндегі жұлдызға сәйкес етіп жасалған теориялық жұлдыз моделін құру арқылы зерттеледі. Теория жүзінде жұлдыз механикалық және жылулық тепе-теңдікте болатын әрі ұзақ уақыт бойы ұлғаймайтын және сығылмайтын газдан тұратын шар деп қарастырылады. Әдеттегі жұлдыздың температурасы оның беткі қабатында бірнеше мың градусқа, ал центрінде ондаған миллион градусқа жетеді. Жұлдыз энергиясының негізгі көзі – термоядролық реакциялар.

Негізгі тізбектегі жұлдыздардың беткі темпратурасы өзегінде жасалатын энергияға және оның радиусына байланысты болады. Оны рең индексі арқылы мөлшерлеуге болады.  Үлкен массаға ие негізгі тізбек жұлдызының беткі темпратурасы 50,000 K -ге жетеді. Ал, Күн секілді біршама кіші жұлдыздың беткі темпратурасы бірнеше мың К. Алып қызыл жұлдыздың беткі темпратурасы 3,600 K болғанымен, бірақ оның жарқырайтын аумағы үлкен болған соң жерден жарық болып көрінеді.

Жұлдызда пайда болған энергия термоядролық реакцияның нәтижесі болып, ол электромагниттік сәулелену(радиация) және бөлшектер сәулеленуы арқылы әлемге тарайды. 

Астрономия саласында, жарқырау дегеніміз аспан денесінің мәлім уақыт бірлігінде сәулеленген жарығы мен басқа да энергиялар шашырауының бірбүтін жиынтығы. Жұлдыздың жарқырауы жұлдыз радиусына және беткі темпратурасына байланысты болады. Бірақ, көптеген жұлдыздардың сәулелену ағыны біртегіс болмайды.

23.Біздің галактика.

Галактикалар — ғаламды құрайтын, өлшемдері өте үлкен жұлдыздар жүйелері. Ғаламның бізге байкалатын бөлігіндегі галактикалар жиынтығын кейде метагалактика деп атайды. Басқа галактикалардан өзгешелініп, біздің Галактика бас әріппен жазылады. Морфологиялық тұрғыдан қарағанда сфералық, эллипстік, спираль және бұрыс пішінді галактикалар ажыратылады. Біздің Галактика спираль түріне жатады, құрамына 1011 астам жұлдыздар кіреді, үлкен диаметрі 80 мың жарық жылындай, ал орталығындағы максимал қалыңдығы 16 мың жарық жылына тең, шетіне қарай 3—6 мың жарық жылына дейін азаяды. Галактикалар кеңістікте әркелкі бөлініп, топтар мен шоғырлар құрайды. Біздің Галактика басқа 15 галактикамен бірге галактикалардың жергілікті тобы деп аталатынды құрайды. Бізге ең жақын деген галактикалар Магеллан бұлттары мен Андромеда тұмандығы.Галактика түрлері - өткен ғасырдың 20-жылдары Э.Хаббл галактикаларды пішіні бойынша бөлген үш топ. Жұлдыздары спираль бойымен орналасқан спиральдық галактикалар, эллипсоид пішіндес эллипистік галактикалар және белгілі бір пішіні жоқ бұрыс галактикалар. Біздің галактика спиральдық галактикалар қатарына жатады. Галактикалардың барлығы да қозғалыс үстінде дамиды, өзгереді, өшеді, қайтадан пайда болады. Қазіргі ғаламат Әлем тығыздығы шексіз үлкен, ал көлемі шексіз кіші нүктедей ғана белгісіз заттың жарылысынан пайда болған.Шамамен жүз жыл бұрын біздің галактика әлемдегі жалғыз дене деп есептелді және барлық көрінетін тұмандықтар біздің галактикаға жатады деп саналады. Бұл оларға дейінгі қашықтықтарды анықтаудың қиындықтарына байланысты болды. Қазір ғарыштағы 20 галактиканың жергілікті шоғырын және басқа 10 млрд-қа жуық галактиканы білеміз. Олар топтасып орналасқан және ең сезімтал құралдардың көмегімен анықтайтын қашыктықта жан-жаққа таралып, бір-бірінен алшақтап барады.Галактикалар пішінімен, салмағымен және өлшемдерімен ерекшеленеді. Галактикалардың эволюциясы жайында жұлдыздардың эволюциясына қарағанда олде кайда аз білеміз. Галактика ядролары, олардың галактиканың эволюциясына және құрылымына әсері жөнінде мәліметтер өте аз. Кейбір ғаламдардың газ бен зат бөліп жарылатыны, ал кейбірінің бірімен-бірі өзара әсерлесетінін білгеннен кейін шешілетін проблемалар қатары көбейе түсті.Біздің галактика тәрізді миллиондаған галактикалар бар.Мұндай галактикалардың тармақтарында жаңа жұлдыздардың пайда болуына негіз болатын газдар мен тозаңдар бар. Бірақ спиральдар барлық уақытта да центрге өте жақын келмейді. Кейде спираль центрден қашық жатқандай, Галактиканың ядросы мен спиральдар арасында оларды жалғайтын бар (жалғастырғыш) тұрған тәрізді көрінеді. Спиральді галактикалар да ядроларының өлшемдерімен ерекшеленеді.

24.Космология негіздері.

Космологияғарыш ілімі – Ғаламның біртұтастығы және оның астрономиялық бақылаулар арқылы танылған бөлігі жайлы ілім; астрономияның бір бөлімі.

Релятивистік космология.Қазіргі космология тартылыстың релятивистік теориясы (А.Эйнштейн, 1916) мен галактикадан тыс астрономияның (20 ғ-дың 20-жылдары) пайда болуына байланысты дамыды. Релятивистік Космологияның алғашқы даму кезеңінде Ғалам геометриясына (төрт өлшемді кеңістік пен уақыттың қисықтығы және Ғаламның не кеңістіктің мүмкін болатын тұйықтығы) ерекше назар аударылды. Ал релятивистік Космологияның екінші кезеңі орыс ғалымы А.А.Фридманның еңбектерімен (1922–24) байланыстырылады.

Қазіргі космология Ғалам дамуының әр түрлі сатысына сәйкес келетін мұндай элементар бөлшектер қоспасының құрамын (әр түрлі температурадағы) элементар бөлшектер физикасының негізінде есептеуге болады. Космология теңдеуі біртекті, изотропты Ғаламның ұлғаю заңын, сондай-ақ, Ғаламның ұлғаю процесі кезіндегі физикалық параметрлерінің өзгеруін анықтауға мүмкіндік береді. Температурасы шамамен 3 Кельвинге жуық ғарыштық сәуле – қалдық (реликт) сәуленің табиғаты да «ыстық» Ғалам моделімен түсіндіріледі. Космологияның дамуы нәтижесінде Ғаламның жалғыз болу мәселесі де алға қойылды. Қазіргі космология аясында Метагалактиканы жалғыз деп айтуға болады. Ғаламдағы зарядтың симметриясыздығы (ассимметриялығы) мәселесі де шешімін тапқан жоқ. Біздің ғарыштық кеңістікте (мысалы, Күн жүйесі мен Галактикада, мүмкін бүкіл Ғалам шегінде) заттың сандық мөлшері антизаттың сандық мөлшерінен әлдеқайда көп болып отыр. Қазақстандағы космологиялық зерттеулер

Қазақстанда космологиялық зерттеулер 20 ғ-дың 60-жылдарынан Астрофизика институты мен ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) жүргізіле бастады. Ұлғайған Метагалактиканың шектелмеуі жайлы идея одан әрі (Г.М.Идлис) дамытылды.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%93%D1%80%D0%B0%D0%B2%D0%B8%D1%82%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F" \o "Гравитация" Гравитация тұрақтысы әлсірей беретін галактикалар жүйесінің динамикалық ерекшеліктері (Т.Б.Омаров) анықталды. Космологиялық сәуледен пайда болатын қосымша күштер ескеріле отырып, ұлғайған Метагалактикадағы галактикалар типтес жүйенің динамикасы (Омаров, Т.С.Қожанов) зерттелді. Жазық космологиялық модельде гравитацияланатын тозаң тәрізді материядағы екі дене есебінің жалпы шешімі табылды, сондай-ақ осы есептің релятивистік нұсқасы қарастырылды. Басқаша айтқанда, Ғаламның біртекті емес моделі негізінде ірі масштабты ғарыштық галактикалар жүйесінің бақыланатын қасиеттерін сипаттайтын метрика (Омаров) құрылды. Тартылыстың релятивистік теориясындағы нүктелік массалардың қозғалу заңдылықтары (М.М.Әбділдин, З.Х.Құрмақаев) қарастырылды. Сондай-ақ біртекті емес кіші өлшемдегі жүйелердің құрылысы мен дамуы жөнінде теориялық болжамдар (Қожанов) жасалды.

25.Космогония негіздері.

Космогония (грек. kosmos – ғарыш және gonea – туу, шығару, ұрпақ), ғ а р ы ш т а н у – астрономияның ғарыштық денелер мен олардың жүйелерінің пайда болуы мен дамуын зерттейтін саласы. Ғарыштық жүйелердің құрамына жұлдыздар, жұлдыздар шоғыры, галактикалар, тұмандықтар, Күн жүйесі мен оған енетін денелер – Күн, планеталар (мұнда Жер де бар), олардың серіктері, астероидтар (немесе кіші планеталар), құйрықты жұлдыздар (кометалар), метеориттер енеді.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%91.%D0%B7.%D0%B1._4%E2%80%931_%D2%93%D0%B0%D1%81%D1%8B%D1%80%D0%BB%D0%B0%D1%80%D0%B4%D0%B0&action=edit&redlink=1" \o "Б.з.б. 4–1 ғасырларда (мұндай бет жоқ)" Б.з.б. 4–1 ғасырларда грек философтары Левкипп, Демокрит, Лукреций еңбектерінде аспан денелерінің дамуы туралы айтылған жалпы идеялардан кейін, орта ғасырларда діни түсініктер үстемдік еткен кезең туды. Тек 17 ғасырда Р.Декарт дүниені құдай жаратты деген аңызды жоққа шығарып, барлық аспан денелері материяның ең ұсақ бөлшектерінің құйынды қозғалысы нәтижесінде пайда болды деген пікір айтты. Планеталар Космогониясының ғылыми негізін И.Ньютон қалады. Ол планеталардың Күнді айнала қозғалуын басқаратын механиканың негізгі заңдарын және бүкіләлемдік тартылыс заңын ашып, планеталар жүйесінің құрылысы кездейсоқ жағдайдың нәтижесі емес деген қорытындыға келді. И.Кант алғаш рет планеталардың қозғалу заңдылығына Космогония тұрғысынан түсінік берді. Ол планеталар жүйесі орталық дене – Күнді бірыңғай айналатын шашыранды материядан түзілген деген болжам жасады. Планеталар космогониясы 20 ғ-дың 40-жылдары, Джинс гипотезасының күйреуінен кейін, космогония ілімі планеталардың шашыраған заттан пайда болғандығы туралы Кант пен Лапластың классикалық идеяларына қайта оралды. 20 ғасырдың 70-жылдары планеталар Күн жүйесіндегі қатты денелерден, ал Юпитер мен Сатурн сол жүйедегі қатты денелер мен газ-тозаң бұлтынан құралған деген идея жалпы жұртшылық мойындаған тұжырым болды.

Галактикалық космогония

Әр түрлі типтегі жұлдыздар Галактикада қосалқы жүйелер құрайды. Ең әуелі Галактика созылып жатқан, баяу айналатын газ бұлты түрінде болған. Газ орталыққа қарай қысылып, одан жұлдыз шоғыры түзілген. Осы кезде түзілген жұлдыздар созылыңқыорбита бойымен қозғалып, газ орнында пайда болған сәл қысылыңқы сфероидты толтырады.

26.Космостағы өзіндік құрылу мен динамикалық хаос.

Ғарыш (араб.-кеңістік, космос) - Ғаламның астрономиялық анықтамасының синонимі. Кейде Ғ. ұғымына Жер және оның атмосферасы енбей қалады .Ғ. Жер төңірегіндегі кеңністікті қамтитын (ондағы нысандарды қоса) жақын Ғ. және жұлдыздар мен галактикалар, т.б. кеңістігін қамтитын (ондағы нысандарды қоса) алыс Ғ. болып ажыратылады.

Зерттеу

Дүние жүзінде алғаш рет ғарышты зерттейтін Жердің жасанды серігі 1957 жылы 7 қазанда аспан кеңестігіне шығарылды. Осы уақыттан бастап адамзат ғарыш кеңістігін зерттей бастады. Ал қазіргі уақытта жерді айнала жүздеген Жерің жасанды серіктері ұшып жүр. Олар арқылы радио мен теледидар хабарлары тезарада дүние жүзіне таратылады. Жердің жасанды серіктері арқылы ауа райын дұрыс және дәл болжауға мүмкіндік туды. Теңізде жүзген кемелер мен ұшақтар бағытын бұрын жұлдыздарға немес Күн мен Айға қарап болжайтын болса, қазір бұл Жердің жасанды серіктерінің көмегімен жүзеге асады.

Ғарыштану немесе ғарышқа ұшу – ғарыш кеңістігіне ұшу; Жерден басқарылып ұшатын әр түрлі ғарыштық аппараттарды пайдаланып, ғарыштық кеңістікті игеруді қамтамасыз ететін ғылым мен техника салаларының жиынтығы. Оған ұшу теориясы,траекторияны есептеу, т.б. ғылыми-техникалық мәселелер – ракета тасығыштарды, ракеталық қозғалтқыштарды, т.б. құрастыру; медициналық-биологиялық мәселелер; ғарыштық кеңістікті игерудің халықаралық құқықтық мәселелерін реттеу жатады.

Ғарыштық дәуір 1957 жылдың 4-қазанында, бұрынғы КСРО-да дүние жүзінде алғаш рет Жердің жасанды серігінің ұшырылуымен байланысты басталды.

Екінші маңызды ғарыш дәуірі – 1961 ж. 12-сәуірде адам баласының (Юрий Гагарин) тұңғыш рет ғарышқа ұшуы;

ал космонавтиканың үшінші тарихи оқиғасы — 1969 ж. шілде айының 16 – 24-і күндері аралығында адамның Айға сапары (Нил Армстронг, Эдвин Олдрин, Майкл Коллинз) болды. Қазір ракета тасығыштар мен ғарыштық аппараттар бірсыпыра елдерде (КСРО-да 1957 жылдан, АҚШ-та 1958 жылдан, Францияда 1965 жылдан, Жапония мен Қытайда 1970 жылдан, Ұлыбританияда 1971 жылдан, Үндістанда 1980 жылдан) жасалып, пайдаланылып келеді.

1957 жылдың 4-қазаны мен 2000 жылдың 9-ақпаны аралығында Қазақстан аумағында орналасқан Байқоңыр ғарыш алаңынан 1147 ракета тасығыштар, 1186 ғарыштық аппараттар ұшырылды. Қазіргі ғарышқа ұшу теориясы аспан механикасы мен ұшу аппараттарын басқару теориясына негізделген. Кейін ғарышқа ұшу динамикасын зерттейтін астродинамика деп аталатын классикалық аспан механикасының жаңа тарауы пайда болды. Космонавтика ұйтқушы күштің әсерін ескере отырып, ғарыштық ұшу аппараттарының тиімді траекториясын есептеуді талап етті.

Ракеталық-ғарыштық кешенді жасау – күрделі ғылыми-техникалық мәселе. Үлкен ракета тасығыштардың ұшу алдындағы массасы 3000 тоннаға дейін, ұзындығы 100 м-ден астам болады. Оған қажетті отынды (толық массасының 90%-ы) орналастыру үшін ракета құрылымы өте жеңіл болуы тиіс. Сондықтан ғарышқа ұшыру кезінде көп сатылы ракета пайдаланылады (отыны жанып босаған бактар ажыратылады). Қазіргі ракета тасығыш күрделі құрылғылардың жиынтығынан тұрады.

27.Жер туралы жалпы мағұлмат.

Жер — Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар адамзаттың тіршілік ететін бесігі. Жерэллипстік (дөңгелекке жуық) орбита бойымен 29,765 км/с жылдамдықпен 149,6 млн. км орташа қашықтықта 365,24 орташа күн тәулігі ішінде Күнді бір рет айналып шығады. Оның табиғи серігі – Ай. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B5%D1%80_%D2%9B%D1%8B%D1%80%D1%82%D1%8B%D1%81%D1%8B_(%D0%B3%D0%B5%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F)" \o "Жер қыртысы (геология)" Жер қыртысында ерекше граниттік-метаморфты қабат қалыптасқан.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D0%BD%D1%82%D0%B8%D1%8F" \o "Мантия" Мантиядан бөлінген газдар арқылы алғашқы атмосфера мен гидросфера пайда болған. Жер бетінде табиғи алғашқы жағдайлардың қолайлы болғаны сонша, планеталар қалыптасқан соң миллиардтаған жылдардан кейін өмір, тіршілік пайда болды. Жер бетінде өмірдің пайда болуы тек қана жер планетасының болу ерекшелігімен ғана емес, сонымен бірге Күнкөзінен қолайлы арақашықтықтың да маңызы бар. Себебі Күн көзіне планеталар жақын орналасса, онда жылу мен жарық мөлшері көп болады да, кез келген жамылғы (жер беті) судың қайнау температурасынан жоғары болар еді, ал алыс орналасса жылуды аз қабылдайды да, өте қатты суық болар еді.Географиялық қабықтың құрамына: литосфера, гидросфера, атмосфера және биосфера кіреді. Бақылауға мүмкін, космостық кеңістікте Жерге ұқсайтын басқа аспан денелерідәл қазірге дейін байқалмайды.Жердің ішкі құрылысы Жердің ішкі құрылысы туралы мәліметтер әлі жете зерттелмеген аса күрделі ғылыми мәселе болып табылады. Жердің құрамы, құрылысы, қасиеттері жөніндегі мәліметтер — жер қыртысының үстіңгі қабаттарын тікелей бақылау, серпінді толқындардың таралу жылдамдығына негізделген сейсмикалық әдістер арқылы алынған жанама деректер. Осы деректерге байланысты Жер негізгі 3 геосферадан тұрады:жер қыртысы,мантия,ядро.

Жер қыртысы деп- литосфераның жоғарғы қабаты , жер бетіндегі барлық сулар - гидросфера , жерден 20 шақырым биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабатын және бүкіл тірі ағзалардың өмір сүру аймағын айтамыз. Географиялық қабықтың пайда болуынан ірі табиғи кешендері материктер мен мұхиттар пайда болды. Дүние жүзінде 6 материк немесе құрлық бар.Олар : Еуразия ,Африка , Солтүстік Америка , Оңтүстік Америка , Аустралия , Антрактида.Мұхиттардың саны 4:Тынық , Атлант , Үнді , Солтүстік Мұзды мұхиттары. Жер бетінен оның ядросының ортасына дейінгі орташа радиусы 6371 км. Зерттеу барысында жер қыртысының бар болғаны 15 км-ге дейінгі тереңдігі ғана бұрғыланып (Кола түбегіндегі ұңғыма), оны құрайтын жыныстардың нақты үлгілері алынған. Жердің ең беткі жұқа қатты қабығы — жер қыртысы. Оның орташа қалыңдығы мұхиттар астында 5 — 10 км, материктерде 35 — 40 км, ал биік таулы аудандарда 70 км-ге дейін жетеді.Жердің келесі қабаты — мантия (гр. mantion—жамылғы). Ол жер қыртысынан жұқа Мохоровичич қабаты арқылы бөлініп жатыр, оны 1909 жылы югославиялық сейсмологА. Мохоровичич анықтаған. Мантия жоғарғы (900 км-ге дейін) және төменгі (900—2900 км) мантияға бөлінеді. Мантия жер көлемінің 83%-ын, жалпы салмағының 67%-ын құрайды. Жоғарғы мантияның 250—300 км тереңдігінде қаттылығы мен беріктігі төмендеу,тұтқыр қабат орналасқан,оны астеносфера деп атайды. Астеносфераны құрайтын жыныстар онша тығыз емес, тұтқыр әрі майысқақ болып келеді; сол себепті жер қыртысында болатын қозғалыстарды және магматизм мен метаморфизм құбылыстарын күшейтеді. Астеносферадан жоғары орналасқан жоғарғы мантия мен жер қыртысы литосфераны құрайды.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9B%D0%B8%D1%82%D0%BE%D1%81%D1%84%D0%B5%D1%80%D0%B0" \o "Литосфера" Литосфера қабығы жекелеген литосфералық тақталар жиынтығынан құралады. Олар неміс геофизигі А. Вегенердің литосфералық тақталар теориясына сәйкес, үнемі қозғалыста болады; бұл қозғалыс астеносфераның тұтқыр бетінде сырғу нәтижесінде жүзеге асады. Мантиядан төмендегі, 2900-ден 6371 км аралығында орналасқан Жердің ішкі өзегін ядро деп атайды. Құрылымы жағынан ядро бірін-бірі көмкере орналасқан екі бөліктен тұрады. Күшті жер сілкінулер нәтижесінде Жердің ішкі өзегі арқылы өтетін сейсмикалық толқындардың таралу сипатын зерттеген америкалық геофизиктер Р. Кохе мен Л. Штихруде ішкі ядроның біртұтас қатты темір шар екендігі туралы болжам жасады.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%AD%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%80%D3%A9%D1%82%D0%BA%D1%96%D0%B7%D0%B3%D1%96%D1%88&action=edit&redlink=1" \o "Электрөткізгіш (мұндай бет жоқ)" Электрөткізгіштігі жоғары болатын темір, температураның күрт айырмашылығы әсерінен сыртқы ядроны да жылдам айналымға түсіреді. Соның нәтижесінде құйынды магнит өрісі пайда болады.

28.Ғаламдағы физикалық заңдылықтар.

Физиканың негізгі мақсаты - табиғатта болып жатқан әр түрлі физикалық құбылыстарды зерттеп, оларды өзара байланыстыратын заңдарды ашу. Мысалы, дененің жерге құлап түсуі Жердің оны өзіне тартуына байланысты туындайды. Жылдың төрт мезгілінің (қыс, көктем, жаз, күз) ауысуы Жердің Күнді айнала эллипс бойымен қозғалуы арқылы түсіндіріледі. Бұл мысалда төрт түрлі табиғат құбылыстары (дененің құлауы, Жердің тартуы, жыл мезгілдерінің ауысуы, Жердің Кунді айнала қозғалуы) аталып отыр. Осындай құбылыстардың арасындағы байланыстарды зерттей келе, физикада Ньютон заңдары, астрономияда Кеплер заңдары ашылды. Осылайша табиғат құбылыстары арасындағы байланыстарды табу арқылы физика заңдары ашылады. Физиканың ғылыми тілін игеріп, заңдарын оқып үйрену үшін қолданылатын арнайы сөздерді терминдер деп атайды. Мысалы, жол, жылдамдық, куиі сияқты сөздер физика тілінде жиі қолданылатын терминдер болып табылады. Физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың мағынасын терең ашып беретін арнайы терминдер физикалық ұғымдар деп аталады. Жалпы мағынасы бойынша физика — табиғаттың негізгі (іргелі) қарым-қатынастарын, заңдылықтарын зерттейді. Физика ғылымы ең жалпы және негізгі болатын, затты әлемнің күйін, өзгеруін және құрылымын анықтайтын жаратылыстану бөлімі болып келеді. Кейбір қасиеттер барлық материялдық жүйелер үшін бірдей болады, мысалы, энергияның сақталуы — оларды физикалық заңдылық деп атайды. Кейде физиканы іргелі ғылым деп те атайды, себебі басқа жаратылыстану ғылымдары (биология, геология, химия және т.б.) тек қана заттық жүйелердің, физикалық заңдылықтарға бағынатын, кейбір таптарын ғана сипаттайды. Мысалы, химия молекулалар мен олардан құралған заттегілерді зерттейді. Ал заттегілердің физикалық-химиялық қасиеттері, термодинамика, электромагнетизм және кванттық физика сияқты физика бөлімдері сипаттайтын, атомдар мен молекулалардың физикалық қасиеттерімен анықталады.  29.Ғаламның дамуына заманауи көзқарас. Ғалам сырларын анықтау жұмыстарымен астроном ғалымдар мыңдаған жылдар бойы айналысып келеді. Олар XX ғасырдың басына дейін «Ғалам мәңгілік, жаңадан жасалмайды және жойылмайды, өлшемдері өзгеріссіз сақталады» деген тұжырымды ұстаған. Бірақ, 1912-жылы Америка астрономдары ашқан жаңалықтар ғалымдардың Ғалам туралы көзқарастарын өзгертуге әсер етті. 1916-жылы Эйнштейіннің жалпы салыстырмалық теориясының ашылуына сәйкес Ғалам өлшемдері не кеңею, болмаса сығылу үрдісінде болатыны анықталды. Кеңею теориясы 1929-жылы белгілі американ астрономы Эдвин Хаббл еңбектерінің нәтижесінде  тұжырымдалды. Ғылымда осы күнге дейін толық анықталмаған «Үлкен (Ұлы) Жарылыс» гипотезасы пайда болды. Бұл теория бойынша Ғалам материясы әуелде бір нүктеге шоғырланып, өте үлкен жоғарғы температураға дейін қыздырылған. Қорытындысында өте қуатты жарылыс болған. Қатты қыздырылған  субатомды бөлшектер бұлттарының кеңеюінен біртіндеп атомдар, жұлдыздар, галактикалар, планеталар пайда болып, соңынан өмір туған. Сонымен, қазіргі ғылыми көзқарас бойынша, біз 15-20 миллиард жыл бұрын, материя түйінінен пайда болған, кеңею үрдісіндегі Ғаламда өмір сүрудеміз. «Үлкен жарылыс» теориясы әлі толық дәлелденбегендіктен, оған балама көптеген теориялар пайда болуда. Ізденушілер үшін, ерте кезден-ақ, мыңдаған жылдар бойы Ғаламды Жалғыз Жаратушы барлығын дәріптейтін қасиетті кітаптар болғаны аян. XIV ғасыр бұрын Құран Ғаламның пайда болуы туралы анықтама берген: «Көктер мен Жерді жоқтан бар етуші...[3]»; «Аспанды тұрғыздық, оны біз расында құдыретпен кеңейтушіміз[4]». Осы заманғы зерттеу құралдарының жетілдірілуі, техникалық ғылым саласының өркендеуі, Ғалам сырларын терең зерттеп, түсінуге жаңа мүмкіндіктер тудыруда. Физика ғылымында белгілі тұрақты сандар қатары анықталды. Бұл сандардың Ғаламның кез келген нүктелеріндегі мәндері өзгермейді, сондықтан ол сандарды «фундаментальді немесе әлемдік тұрақтылықтар» деп атайды. Мұндай атау бұл сандардың қоршаған ортаның құрамы мен құрылысына әсер етуімен ақталады. Ол сандар бүкіл әлемдік тартылыс (гравитациялық) тұрақтысы, Планк тұрақтысы, жарық жылдамдығы, протон, электрон массалары, Хаббл тұрақтысы (біздің дәуір үшін) т.т.  Кез келген ортада (планетада) тіршілік болған жағдайда аталған тұрақты сандардың мәні де тұрақты болуы шарт. Егер олардың мәндері берілген өлшемдерден ауытқыған жағдайда, Ғалам өзгеше жаралған болар еді. Онда Ғаламның неге өзгеше жаралғанының себебін сұраудың да реті болмаған  болар еді. Өмір –(тіршілік) Ғалам материясының өзгеру заңдылығы. Біздің галактикамызда да, басқа галактикаларда миллиондаған жұлдыздар қатарында көптеген планеталар бар. Біз өмір сүріп жатқан Жер шарынан шет Ғалам планеталаларында тіршілік, тіптен саналы ойлау қабылеті бар мақұлықаттар да  болуы әбден мүмкін.

30.

31. .Аспан сферасының негізгі элементтері. Аспан сферасы деп ортасы бақылаушы тұрған жерде, ал радиусы кез-келген болатын және бетіне аспан шырақтары бақылаушыға қалай көрініп тұрса, солай проекцияланған ойша алынған сфераны атаймыз. Аспан сферасы аспанның тәуліктік қозғалысын қайталайды. Аспан денелерінің көрінетін орны мен қозғалысын сипаттау үшін аспан сферасында негізгі нүктелер мен сызықтарды тағайындап алу қажет. Өлшеулер осы нүктелер мен сызықтарға қатысты бұрыштық немесе доғалық бірліктермен (градус, минут, секунд) жүргізіледі.Қарастыруды жеңілдету үшін аспан сферасының радиусын әдетте 1-ге тең деп алады. Аспан сферасы ортасынан өтетін және бақылау орнындағы ілме сызығына сәйкес келетін ZOZ` түзуі вертикаль тік сызық немесе ілме сызығы деп аталады.Бұл сызықтың аспан сферасын қиып өтетін жоғарғы нүктесі зенит, төменгі нүктесі надир деп, жазықтығы ілмеге перпендикуляр болатын үлкен шеңбер математикалық немесе шын көкжиек д.а. Математикалық көкжиек көзге көрінетін көкжиекпен сәйкес келе бермейді. Математикалық көкжиекке параллель кіші шеңберлер альмукантараттар деп аталады. Зенит пен надирді қосатын үлкен жарты шеңбер вертикаль шеңбер д.а. Аспан сферасы бойымен айналатын РР` диаметрі әлем осі д.а. Аспан экваторына параллель кіші шеңберлер тәуліктік параллельдер д.а. Шырақтардың тәуліктік қозғалыстары осы сызықтар бойымен жүреді. Екі полюсті қосатын үлкен жарты шеңберлер сағаттық шеңберлер  немесе еңкею шеңберлері д.а. Аспан экваторы бойымен математикадық көкжиектен қиылысу нүктелері батыс W және шығыс E нүктелері д.а. Зенит, надир солтүстік пен оңтүстік полюстер арқылы өтетін үлкен шеңбер аспан меридианы д.а. Аспан меридианы мен көкжиектің қиылысу нүктелері оңтүстік S және солтүстік N нүктелері д.а. Осы екі нүктені қосатын түзу сызық тал түстік сызық д.а. Аспан шырақтарының аспан сферасындағы орнын бірмәнді анықтау үшін оларды белгілі бір негізгі сызықтар мен нүктелерге қатысты аспан координаттары деп аталатын екі шама арқылы сипаттау жеткілікті. Әртүрлі координаттар негізінде сәйкес аспан координаттар жүйелерін жасауға болады.

32. Шырақтың кульминациясы. Шырақтардың көпшілігі күншығыс жақтағы көкжиектен көтеріле келе шырақтап барып-барып меридианнан өтеді. Бұдан кейін шырақ төмендеп барып он екі сағаттан соң меридианның төменгі жағынан екінші рет өтеді. Шырақтың меридианнан өту құбылысын кульминация деп атайды. Сөйтіп бір тәулік ішінде шырақ меридианнан екі рет өтеді. Бірінде меридианнан полюстің оңтүстік жағынан кесіп өтеді, бұл кезде шырақ горизонттан ең жоғарыда болады да, мұның жоғарғы кульминация деп атайды. Екіншісінде меридианды шырақ горизонт астында болған кезде қиып өтеді де ең төменгі қалыпта болады, оны төменгі кульминация деп атайды. Батпайтын жұлдыздардың екі кульминациясы да горизонт үстінде, ал тумайтын жұлдыздардың екі кульминациясы да горизонт астында болады. Күннің жоғарғы кульминациясы кезінде – шын талтүс, төменгі кульминация кезінде – шын түн ортасы болады. Орта ендікте орналасқан бақылаушы үшін шырақ белгілі бір мезетте көкжиектің шығыс тұсында шығады. Шырақ көкжиектен көтеріле отырып аспан меридианы арқылы жоғары шарықтауда болады. Шырақ өзінің одан арғы жолын көкжиек астында жалғастырады, аспан меридианын қиып өтеді. Бұл шырақтың төменгі шарықтауы. Шырақ өз жолының соңғы бөлігін төменгі шарықтау нүктесінен көкжиектен шығу нүктесіне дейін жүріп өтеді. Жұлдызды аспанның жылжымалы картасының көмегімен әртүрлі астрономиялық есептер шығара аламыз. Олар берілген орындағы жұлдыздардың шығу, бату, жоғары және төмен шарықтаудың (яғни көкжиектен ең биік және ең төмен орналасуының) қай күні қай уақытта болып өтетінін анықтау да қажет. Мәселен, берілген күннің белгілі бір уақытында жұлдызды аспанның көрінісін анықтау үшін қондырма дөңгелегінің сағаттық жиегіндегі уақыт шамасы картаның жиегіндегі күн санымен сәйкестендіріледі. Осы кезде ойық ішінде аспанда көрінетін жұлдыздар пайда болады. Талтүстік сызық бойындағы жұлдыздар шарықтау шегінде: дүниенің солтүстік полюсінің оңтүстік жағындағылары – төменгі шарықтау сәтінде орналасады.Шығып келе жатқан жұлдыздар көкжиектің шығыс бөлігінде, ал батып бара жатқандары батыс бөлігінде орналасады.

33. Уақыт — өлшемдер жүйесінің оқиғаларды реттеу, олардың ұзақтығын және араларындағы интервалдарын сипаттауда, және нәрселердің қозғалысын сипаттауда пайдаланатын маңызды мүшесі. Уақыт мифология, философия және ғылымның әр салада пайдалану үшін қарама-қайшылысыз сипаттау, зерттеу нысаны болып, талай-талай ұлы ғалымдарды өмірге әкелген. Уақыт өлшем бірліктері. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%AE%D0%BB%D0%BA%D0%B5%D0%BD" \o "Үлкен" Үлкен және кіші уақыт аралықтарын өлшеу үшін астрономиялық кұбылыстармен тығыз байланысты табиғи бірліктер колданылады. Уақыттың негізгі бірліктері — астрономиялык бакылау бойынша анықталған тәулік, ай және жыл. Бұлардың алғашқысы күн мен түннің алмасуына, екіншісіАй жүзініц (фазасының) өзгеруіне, ал соңғысы жыл маусымдарының ретті түрде алмасуына байланысты. Бұлардың әрқайсысы, әрине, аспан денелерінің қозғалысына (кәрінерлік жәнө нақты) негізделген.Жұлдыздық уақыт келген жұлдызды таңдап алып, оның аспандағы орнын Жердегі козғалмайтын бір нәрсе (үй бұрышы, бағана) көмегімен белгілеп алайык. Сол жұлдыз нақ сол орынға 23 сағ 56 мин өткенде қайтып оралады. Осылайша жұлдыздарға қатысты өлшенетін тәулік жұлдыздың тәулік деп аталады. Дәл айтсақ, жұлдыздың тәулік—күн. мен түннің теңелу 1 нүктесінің қатарынан екі рет жоғары шарықтауына қажет уақыт мөлшері. Ал 4 мин қайда кетті? Жердің Күнді айнала қозғалуы себебі күннің аспандағы орны Жер бетіндегі бақылаушыға Жұлдыздарға катысты тәулігіне аспан сферасының айналу бағытына карама-карсы бағытта 1°-қа ығысып отырады. Оны "қуып жету" үшін Жерге осы 4 мин қажет. Сонымен, Жердің өз осінен айналып шығуына 23 car 56 мин уақыт кетеді. Ал 24 car осы айналыстың Күнге қатысты уақыты. Адам Күн сағаты бойынша өмір сүреді, жұмыс жасайды. Ал астрономдар өз бақылау жұмыстарын ұйымдастыруда Жұлдыз уақытын қолданады. Қазақ дәстүрлі уақыт өлшемдері. Уақыт өлшемдері. Қас пен көздің арасы-халықтық өлшем. Лезде, тез, жылдам, көзді ашып жұмғанша деген мағынаын білдіреді. Қас-қағым (көзді ашып-жұмғанша) - жарықтың жылт етуі, көзді ашып-жұмғанша кететін уақыт, шамамен 0,7-1 сек. аралығы. Сүт пісірім-халықтық өлшем, ширек сағат шамасы, шамамен 15 минут. Бие сауымдай уақыт-биенің екі сауымының арасы, бір сағат шамасындағы мезгіл. Таң сәрі-шолпан жұлдызының туған мезгілі. Бозала таң-күн шапағының белгісі, таңның ағара бастауы. Таң ата-күннің ұясынан шығар алдындағы мезгіл. Сәске-күн шығып, арқан бойы көтерілген кез. Ұлы сәске-тал түске жақындаған мезгіл. Тал түс-күннің тас төбеге келуі, яғни, мысалы, қазақтың көлеңкесі оның дәл түбіне түсуі. Сәске түс-шаңқай түс мезгілі немесе күннің қиғаш 45 градуспен түсуі, яғни, мысалы, қазақтың өзінің биіктігі мен көлеңкесінің ұзындығы теңескен кез. Кешқұрым-күн батқан кез. Түн ортасы- түнгі сағат 12. Түн жарым-түнгі сағат 3. Ат адым-ақпан айындағы күннің ұзаруы, ол 38 минутқа тең. Елік адым-қаңтардың басынан ақпанның аяғына дейінгі аралықтағы күннің ұзаруы, ол 74 минутқа тең келеді. Қарға адым-қаңтар айындағы күннің ұзаруы, ол 36 минутқа тең,

34. Телескоп туралы, ол сыңардүрбі (теле және грекше skopeo – қараймын) – аспан шырақтарын электр-магниттік сәуле арқылы бақылауға арналған астрономиялық құрал. Телескоп гаммалық телескоп, рентген, ультракүлгін, оптикалық, инфрақызыл және радиотелескоп; оптикалық сұлбасы бойынша айналы (рефлектор), линзалы (рефрактор) және айналы-линзалы телескоп болып бөлінеді.

Телескоптардың көмегімен фотографиялық, теледидарлық, электронды-оптикалық, т.б. сәуле қабылдағыштарды пайдалану арқылы фотографиялық, спектрлік, т.б. бақылаулар жүргізіледі. Телескоптар пайдалану ретіне қарай: астрофизикалық (жұлдыздарды, планеталарды, тұмандықтарды зерттейтін) телескоп, Күн телескопы, астрометрикалық телескоп, серіктік фотокамералар (Жердің жасанды серіктерін бақылайтын), сондай-ақ метеорларды бақылайтын метеор патрульдері мен кометаларды бақылайтын телескоп, т.б. болып бөлінеді. Күн телескопының трубасы қозғалмай не горизонталь не верткаль тұрады. Телескоптың (оптикалық рефрактордың) көмегімен алғашқы астрономиялық бақылауды Г.Галилей жүргізді. Радиотелескоптар – координаттары кеңістіктегі құрылымы, сәулеленудің интенсивтілігі, спектрі және поляризациясы секілді сипаттамаларды зерттеу және өзінің аспан объектілерінің радиосәулелерін (Күн жүйесінде, Галактикада және Метагалактикада) қабылдауға арналған астрономиялық құрылғы. Радиотелескоп астрономиялық инструменттердің ішінде диапазоны бойынша бастапқы орынды алады, ал электромагниттік сәулеленуді зерттеу үшін жоғары жиіліктілеу болып жылу, көрінетін ультракүлгін, рентген және гамма сәулелері болып табылады. Ғарыштық телескоптар ғарыштық кеңістікте орналастырылады. Оның мүмкіншілігі көп. Себебі жер атмосферасы ғарыштық денелерді бақылауға кедергі жасамайды. Атақты америка астрономы Э. П. Хабблдың телескопымен кез келген кішкентай нысандарды көруге болады. Мысалға: 20 км қашықтықтан шыбынды анық көруге болады. Радиоқабылдағыштардан, телевидениялардан, радарлардан және тағы басқа сәуле шығарғыш құрылғылардан электромагниттік бөгеттерді максималды түрде азайту мақсатында радиотелескоптарды басты жергілікті тұрғын пункттерінен алысырақ орналастырған жөн. Радиотелескоптар екі маңызды элементтерден тұрады. Олар: антенналық құрылғы мен өте сезімтал қабылдағыш құрал – радиометр. Радиометр алынған антенналық радиосәулеленуді күшейтіп, оны регистрация жасап өндейтін құрылғыға айналдырады.

35.Күннің ішкі құрлысының моделі. Күн – қатты қызған (беткі температурасы – 6000С), плазмалық шар (тығыздығы 1,4 г/м3). Оның лаулаған от пен протуберанецтер орналасқан тәжі бар. Күннің сәуле шығаруының – Күннің белсенділігінің – 11 жылдық циклі бар. Күннің белсенділігінің ең жоғарғы шегінде оның бетінде ерекше көп дақ байқалады. Күннің ішкі құрылысы:  1–Гелийлік ядро; 2-конвекция зонасы; 3-хромосфера; 4-фотосфера; 5–кун дақтары; 6-протуберанецтер; 7-тәжірбиелік  термоядролық реакциялар күн энергиясының көзі болып табылады. Алғаш рет термоядролық реакциялардың жүріп өтуіне қажетті температураны теориялық түрде Артур Эддингтон есептеп шығарған. Неміс физигі Ганс Бете (1967 жылы Нобель сыйлығын алған) Күнде жүретін сутегімен гелийдің термоядролық синтезінің реакциясын есептеп шығарды. Күн жүйесі мен жұлдыздардың пайда болуы жайлы кез-келген проблема немесе гипотезаның негізінде, Ғаламның үш фундаменталдық ерекшелігі бар: біріншіден Ғаламдағы заттардың басым көпшілігі сутегіден (75%), гелийден (25%) және басқа да химиялық элементтердің азғантай бөліктерінен құралған; екіншіден Ғаламның кезкелген нүктесінде жұлдызаралық газ және шаң бар; үшіншіден Ғаламда барлық заттар айналмалы және турбулентты қозғалыста (галактиканың формасы спираль тәріздес, жұлдыздар айналуда, планеталар күнді айналады және т.б.). Сондай ақ бізге Күн жүйесінің жасы 5 млрд жылға тең екендігін білеміз. Бұл мағлұмат бізге ғаламның өзіміз орналасқан бөлігінің тарихын елестетуге мүмкіндік береді. Күн жүйесінің пайда болуы жөнінде бірнеше гипотезалар бар. Өткен ғасырда осындай гипотезаны И.Кант ұсынды. Бұл гипотезаны П. Лаплас қолдады. Жақын арада ғана В.Фесенков пен О. Шмидтің жаңа гипотезалары пайда болды. Бұл гипотезалардың басқа гипотезалардаң айырмашылығы, оларға сәйкес планеталар бастапқы ыстық компоненттерден емес, суық күйдегі заттардан түзілген. Швед астрофизигі Х.Альвен ұсынып, кейін Ф.Хойл жетілдірген Күн жүйесінің пайда болуы гипотезасының электромагниттік варианты қазіргі таңда кең таралған.         

36.Жұлдыз өлшемі. Жұлдыздық абсолюттік шама және жұлдыздардың жарқырауы

Жұлдыз- өте күшті қызған газдан тұратын, өзінен жарық шығаратын және табиғаты жағынан Күнге ұқсас аспан денелері.Күнге жақын болғандықтан ғана үлкен болып көрінеді.Күнен Жерге дейінгі аралықты жарық 81/3 мин, ал ең жақын Центравдағы α жұлдызына дейінгі аралықты 4 жыл 3 айда жүріп өтеді.Жұлдыздар Жерден өте қашық орналасқандықтан, телескоп пен қарағанның өзінде де нүктедей ғана болып көрінеді.Айсыз түнде жай көзбен қарағанда 5 мыңға жуық жұлдызды, ал күшті телескоппен арқылы млрд-таған жұлдызды көруге болады.

Жұлдыздардың негізгі сипаттамалары – олардың массасы, радиусы жəне жарқырауы. Бұл шамалар, көбінесе Күннің массасы, радиусы жəне жарқырауының үлестерімен өрнектеледі. Негізгі параметрлерден басқа эффективтік температура, спектрлік класс, абсолюттік жұлдыздық шама, түрлі-түстілік көрсеткіші тəрізді туынды параметрлер де қолданылады. Жұлдыздар əлемі өте əр алуан

Жұлдызды аспанмен танысқаннан-ақ жұлдыздардың жарықтығы бірдей емес екендігін білеміз. Ең жарық жұлдыздарды ертеде (ертедегі грек астрономы Гиппарх біздің дəуірімізге дейінгі II ғасырда) бірінші жұлдыздық щама деп атаған.Жұлдыздарға дейінгі арақашықтық бірдей деп есептеп, жұлдыз неғұрлым жарық болған сайын, оның өлшемі де үлкен болады деп ойлаған.Ең жарық жұлдыздарды бірінші шамаға (қысқаша таңбалануы 1m, латынның magnitudo-шама сөзінен), ал қарусыз көз ұшында әрең көрінетіндерін алтыншы шамаға (6m) топтастырған.Қазіргі кезде жұлдыздық шама жұлдыз өлшемін емес, оның жылтырауын, яғни жұлдыздың Жер бетін жарықтандыруын сипаттайтын білеміз.

Қарапайым көзбен аспанда 5 000 жұлдызды көруге, ал жуық мөлшерде телескоп арқылы миллиардтаған жұлдызды: жартысын оңтүстүк жарты шарда, жартысын солтүстік жарты шарда көруге болады. Астрономияда «жұлдыз кескінінің жарықталынуы» деген ұғым орнына жалтырау ұғымы қолданылады.

Жалтырау азайған сайын бақылау жасау мүмкін болатын жұлдыздар саны арта береді. Жұлдызды картаға 11-жұлдыздық шамадан жарық барлық жұлдыздар түсірілген.

Алып жұлдыздардың температурасы 3 000 К- 4 000 К, оларды қызыл алыптар деп атайды. Аса алып жұлдыздар, мысалы, Бетельгейзе жарықтың ең қуатты көздеріне жатады. Жарқырауы ең төмен жұлдыздарды ергежейлілер деп атайды. Жұлдыздар Жердегі белгілі химиялық элементтерден тұрады, бірақ проценттік қатыста жеңіл элементтер сутегі мен гелий басым. Жұлдыздардан спектрі бойынша олардың жарқырауын, жұлдызға дейінгі қашықтықты, температурасын, өлшемін, оның атмосферасының химиялық құрамын, осінен айналу жылдамдығын, ортақ ауырлық центрі айналасында қозғалу ерекшеліктерін білуге болады. Телескопқа орналастырылған спектрлік аппарат жұлдыздар жарқырауын толқын ұзындығы бойынша спектр жолағына түсіріп береді. Спектр бойынша жұлдыздан қандай толқындағы энергия келетін жəне оның температурасын бағалауға болады.

37.Күн- Күн жүйесінің негізгі обьектісі

Күн Жүйесі – Күннен, оны айнала қозғалатын 8 үлкен планетадан (МеркурийШолпанЖер, ҚызылжұлдызЕсекқырған,  ҚоңырқайУран, және Нептун ), планета серіктерінен, мыңдаған кіші планеталардан (астероидтардан), шамамен 1011 кометадан және толып жатқан метеорлық денелерден құралған ғарыштық денелер жүйесі. Күннен ең алыс орналасқан планетаға дейінгі орташа қашықтық шамамен 40 а.б. немесе 6 млрд. км-ге тең.Күн жер тіршілігінде маңызды орын алады.Ғаламшарымыздағы бүкіл органикалық дүниенің бар болуы тікелей Күнге байланысты.Күн тек жарық пен жылудың ғана қайнар көзі болып қана коймай, сонымен қатар басқа да көптеген энергия түрлерінің (мұнай, көмір, су, жел энергияларының) алғашқы көзі болып табылады.

Күн кейбір халықтарды табыну объектісі болып келген.Оны ең күшті құдірет тұтқан.Күнге арнап кесене салып, жыр жазып, құрбандық шалған.

Күн – Күн жүйесіндегі орталық дене болып саналады, оның массасы Күн жүйесіндегі барлық денелердің жиынтық массасынан 750 есе артық. Сондықтан Күн жүйесінің массалар центрі Күн қойнауында орналасқан. Барлық 9 үлкен планета Күнді айнала, дөңгелек дерлік орбита бойымен, бір бағытта қозғалады. Олардың орбиталарының бір-біріне қатысты көлбеулігі өте аз. Планеталардың Күннен қашықтығы белгілі бір заңдылыққа бағынған, яғни көршілес орбиталардың ара қашықтығы Күннен алыстаған сайын арта түседі. Планеталар қозғалысының физикалық қасиеттеріне байланысты Күн жүйесінің үйлесімді екі топқа бөлінуі ғарыштық денелердің кездейсоқ жиынтық емес екендігін көрсетеді. Барлық кіші планеталар да үлкен планеталар қозғалған бағытта Күнді айнала қозғалады, бірақ олардың орбиталары едәуір созылыңқы және эклиптика жазықтығына көлбеу орналасады. Кометалардың көпшілігі параболаға жақын өте созылыңқы орбита бойымен қозғалады. Айналу периоды миллиондаған жылға жетеді. Мұндай комета орбиталарының эклиптика жазықтығына көлбеулігі алуан түрлі, олар Күнді айнала тура және кері бағытта да қозғалады.

Шолпан мен Ураннан басқа планеталардың барлығының өз осінен айналу бағыты Күнді айналу бағытымен сәйкес келеді. Уран планетасының осі орбита жазықтығына 98° көлбеу орналасқан, сондықтан оның айналысы сырттай қарағанда кері болып көрінеді. Шолпан планетасы кері бағытта өте баяу айналады. Күн мен планеталар арасындағы қозғалыс мөлшерінің таралуы маңызды космогониялық сипаттама болып есептеледі. Күн жүйесінің орталық денесі Күн – жұлдыз, яғни қызған газды шар. Ол өзінің қойнауынан үздіксіз энергия бөліп шығарады. Күн бетінің күшті сәуле таратуына қарамастан, ол өзінің жоғары температурасын сақтап қалады. Күн жүйесінің қалған денелері – салқын денелер.

Күн радиусы Жердің радиусымен салыстырғанда одан 109 есе, ал көлемі шамамен 1300000 есе зор.Күн массасы да орасан зор.Ол жер массасынан 330000 еседей және оның төңірегінде қозғалатын барлық ғаламшарлардың жылпы массасынан 750 еседей көп.Күнді бақылау өте сақ болуды қажет етеді.Көзді өте тығыз жарық сүзгішпен қорғамай, Күнге қарауға болмайды.Тіпті жарық сүзгіші бар болғанның өзінде де Күнге мектеп телескопымен қарауға болмайды.Ең дұрысы телескоптың окулярлық жағына бетінде ақ қағазы бар экран орналастырып, Күн кескінін экранда қарастырған дұрыс.Күнді бақылау үшін арнаулы құрылымды телескоптарды-Күн телескоптарын қолданады.Күннің өз осінен бір айналуы экватор аймағында-25, ал Күннің полюсіне жақын аймағында-шамамен 30 Жер тәулігінде өтеді.Күн экваторындағы сызықтық жылдамдық 2 км/с.6000 К температурада Күн заты газ тәріздес күйге енеді, әрі кейбір химиялық элементтердің атомдары иондалған болады.Тереңдеген сайын температурада өседі де, онымен бірге иондалған атомдар саны артады.Сондықтан да Күн затының негізгі күйі плазма , ал КҮН дегеніміз қызған плазмалық шар.

38.Қос жұлдыздар.Жаңа және аса жаңа жұлдыздар.

Құралсыз көзге Мицар маңынан көмескі жұлдыз-Алькор көрінеді.Алькор мен Мицардың бұрыштық ара қашықтығы 12" шамасында, ал олардың сызықтық ара қашықтығы шамамен 1,7*104 а.б..Бұлар оптикалық қос жұлдыз, себебі: Мицар мен Алькор аспан күмбезіне қатар проекцияланады, яғни олар бір бағытта көрінеді,бірақ бір-бірімен физикалық түрде байланыспаған.Егер Мицар мен Алькор ортақ масса орталығын айнала физикалық қос жұлдыз жүйесін құра қозғалса, онда айналыс периоды 2*106 жыл болар еді.

Косарлық- жұлдыздар арасында кең тараған құбылыс: барша жұлдыздардың жартысына жуығы қос немесе күрделі (еселі) жүйелердің құрамына кіреді.Мысал ретінде α Егіздер (Кастор) жұлдызын алалық.Бұл жүйеде ара қашықтық шамамен 100 а.б, ал айналу периоды-600 жыл шамасында.Кастордың А және В жұлдыздары өз кезегінде қос жұлдыздар.Бірақ олардың қосарлығын көзбен немесе фотосуреттен бақылауда анықтау мүмкін емес, себебі сыңарлар бар болғаны астрономиялық бірліктің бірнеше жүздік бөлігіндей қашықтықта орналасқан.Мұндай тығыз жұптардың қосарлығы тек олардың спектрлерін зерттеу кезінде ғана айқын болады, онда спектр сызықтарының мерзімді түрде екі сызыққа жіктеліп, қосақталып тұруы байқалады.Біз әр бағытта қозғалатын жұлдыздардың спектрлерінің қабаттасуынан пайда болатын қосынды спектрді көреміз. Әр түрлі стационар емес жұлдыздардың ішінде өздеріне ерекше көңіл аударатындар жаңа және аса жаңа жұлдыздар.Шын мәнінде бұлар жаңадан пайда болған жұлдыздар емес, олар бұрын да болған, жылтырауы кенет өсуімен өздеріне назар аудартқан жұлдыздар.

Аса жаңа жұлдыздардың от алысы сирек құбылысқа жатады.Соңғы мыңжылдықта біздің жұлдыз жүйемізде аса жаңа жұлдыздың бар болғаны бірнеше ғана от алысы болды.Олардың ішінде мынадай үшеуі деректі түрде анықталды: 1054 ж. Торпақ шоқжұлдызында, 1572 ж.-Кассиопея шоқжұлдызынды, 1604 ж.-Жыланбөктерген шоқжұлдызында.Бұл аса жаңалардың алғашқысын-қытай және жапон астрономдары "қонақ-жұлдыз" ретінде, екіншісін Тихо Браге суреттеген, ал үшіншісін Иоганн Кеплер бақылаған.1054 ж және 1572 ж аса жаңаның жылтырауы Шолпан жылтырауынан асып түсіп, ол жұлдыздар күндіз де көрінген.Телескопты ойлап тапқалы біздің жұлдыз жүйемізде бір де бір аса жаңа жұлдыз бақыланған жоқ.

39. Лүпілдеуші жұлдыздар және нейтрон жұлдыздар.

Пульсар— (қазақша "лүпілжұлдыз" деп те атауға болады) тұрақты периодпен әлемге (жер бетіне дейін) радиолық (радио-пульсар), оптикалық (оптикалық пульсар), рентгенді (рентгенді пульсар) немесе гаммалық (гамма-пульсаримпульс сигналын (ақпарын) тарқатып тұратын жұлдызды дене.

Лүпілдектер-шапшаң өте тез айналушы, радиусы 10 км-ге жуық, ал массасы Күн массасына жақын өте тығыз жұлдыз.

Лүпілдектер радиосәуленің керемет қайнар көзі болып шықты.

1967 жылы қазанда Кембридж университеті Кавендиша зертханасы Антоний Хьюиш профессордың 24 жасар аспирант қызы Jocelyn Bell Burnell радиотелескопқа келген ақпарларды тексерген кезде кейбір дыбыс сигналының өте тәртіпті екеніне назар аударады. Олардың периоды тұрақты болып, шамамен 1.337 секунд болады. Алғашында ол мұны бөгде ғаламшарлық "кішкентай жасылдар" (LGM) жіберген ақпар болуы мүмкін деп есептейді. Нейтрон жұлдыз -жұлдыз өзгерісінің соңғы мезгілінде кейбір үлкенірек жұлдыздар гравитация коллапсінен ғаламат жұлдыз жарылыстарын бастан кешіріп, негізінен нейтроннан құралатын жұлдызға айналады. Нейтрон жұлдыз –электронпротон және аса ауыр атом ядросының шамалы қоспасынан құралған аса тығыз жұлдыз есептеледі. Ондай жұлдыздардың өзегіндегі сутегі, гелий, көміртегі қатарлы элементтер термоядролық реакция барысында сарқылып, соңғы қалдық ретіндегі темір элементі энергия жеткіліксіздігінен термоядролық реакцияға түсе алмайды. Нейтрон жұлдыздар көлемі өте кішкентай. Алайда олардың салмағы аз емес. Көптеген нейтрон жұлдыздардың салмағы Күн салмағынан 1,5 еседей артық. Ғалымдардың пікірінше, олардың беткейі тегіс және ортасы өте тығыз болады. Беткейі тор тәрізді тәртіппен орналасқан қарапайым атомдық ядролардан тұрады. Нейтрон жұлдыздар беткейлерінде элетрондар да ұшып жүреді. Нйтрон жұлдыздарының ішіне қара йжылжысақ, нейтрон тамшысы деген жерге жетеміз. Бұл тұста нейтрондар ядроларынан ағып шығады. Бұл аймақта көптеген нейтрондар мен электрондар орналасқан.

40. Құрдым апандар.

Қара құрдым (ағылшын: Black hole)— жойқын тартылыс күші арқылы бүкіл материя мен жарық нұрын еш жібермей өзіне тартып ала-алатын массасы өте ауыр жұлдыздық дене (үңгір емес) айтылады. Массасы белгілі шамадан жоғары тұрақты жұлдыз өзінің термоядролық реакциясына қажетті отыны таусылған соң тартылыс күшінің әсерінде ішіне қарай шұғыл жемірілуден деформацияланып қара құрдым пайда болады. Қара құрдымның массасы өте жоғары, тартылыс күші өрісі тым жойқын болғандықтан, ешқандай материя, магнитті толқын, жарық жылдамдығында қозғалады делінетін жарық радиациясы одан қашып құтыла алмайды (оның бетіне түскен жарық ешқашан кері шағылыспайды), сыртқа еш жарық шығармайды. Түрге бөлудің бірінші тәсілі:

1.Аса салмақты қара құрдым: Қазірге дейін белгілі болған галактикалардың орталық өңіріне жайғасқаны байқалады. Олардың массасы миллионнан 17 миллиардқа дейінгі күн массасына тең келеді екен. Қазіргі біршама белгілі аса ауыр салмақты қара құрдым NGC 1277 галактикасының өзегінде орналасқан, массасы күн массасының 17 млрд есесіндей қара құрдым есептеледі.

2. Орташа салмақты қара құрдым: Массасы тұрақты жұлдыздың орташа массасынан асып кеткен, бірақ аса ауыр салмақтағы қара құрдымнан (күннің массасынан мииллион есе үлкен) кіші қара құрдымдар. Ол ғаламатжұлдыздар жарылып, қалған қалдығының массасы күн массасының 3-15 есесіндей болған жағдайда қалыптасқан Қара құрдым. Теориялық есептеулерге негізделгенде, күн массасының 40 есесіндей үлкен ғаламатжұлдыз жарылғанда осы түрдегі Қара құрдым пайда болады.

3. Жұлдыз салмақты қара құрдым: Үлкен салмақты тұрақты жұлдыз (күннің 20 есесіндей ауыр) тартылыс күшінің ішкі тартылысынан кеусей жеміріліп қалыптасқан қара құрдым. Оны гамма сәулесінің атқылауы арқылы, немесе көрінбей кеткен ғаламатжұлдыз арқылы мөлшерлеуге болады. Егер тығыздығы жоғары жұлдыздың массасы соңғы шектен (Pro intermediate value) өтіп кеткенде тартылыс жеміруі жалғасып, қара құрдым пайда болады. 4.Ұсақ қара құрдым: Ол кейде кванттық қара құрдым, немесе кішкентай қара құрдым деп те аталады. Кванттық қара құрдым дейтін себебі осы өлшем көлемінде оған кванттық күштің әсері негізгі рөл ойнайды. Ұсақ қара құрдым пайда болуының ең басты себебін үлкен адронды коллайдер аясында байқалатын құбылыстармен ғана түсіндіру мүмкін.

Түрге бөлудің екінші тәсілі: Қара құрдымның өз физикалық ерекшелігі бойынша (массасы, заряды, бұрыштық моментті) арқылы түрге бөлу.

1.Айналмайтын, зарядсыз қара құрдым. Оның уақыт-кеңістіктік құрылымын Шварцшильда ашып, Шварцшильда қара құрдымы деп аталады

2.Айналмайтын зарядты қара құрдым. Рейснер-Нордстрем (Reissner-Nordström) қара құрдымы деп те аталады. Уақыт-кеңістік құрылымын 1916-1918 жылдары Рейснер мен Нордстрем айқындаған.

3.Айналатын зарядсыз қара құрдым. Керр қара құрдымы деп те аталады. Уақыт-кеңістік құрылымын 1963 жылы Керр анықтаған.

4.Жай қара құрдым, Керр-Ньюмен қара құрдымы деп аталады. Оны 1965 жылы Ньюмен анықтаған.

41.Галактика түрлері.

Галактика — миллиардтаған жұлдыздардың байланысқан шоғыры. Галактикалар —ғаламды құрайтын, өлшемдері өте үлкен  жұлдыздар  жүйелері. Ғаламның бізге байкалатын бөлігіндегі галактикалар жиынтығын кейде метагалактика деп атайды. Басқа галактикалардан өзгешелініп, біздің Галактика бас әріппен жазылады. Морфологиялық тұрғыдан қарағанда сфералық, эллипстік, спираль және бұрыс пішінді галактикалар ажыратылады. Біздің Галактика спираль түріне жатады, құрамына 1011 астам жұлдыздар кіреді, үлкен диаметрі 80 мың жарық жылындай, ал орталығындағы максимал қалыңдығы 16 мың жарық жылына тең, шетіне қарай 3—6 мың жарық жылына дейін азаяды. Галактикалар кеңістікте әркелкі бөлініп, топтар мен шоғырлар құрайды. Біздің Галактика басқа 15 галактикамен бірге галактикалардың жергілікті тобы деп аталатынды құрайды.Бізге ең жақын деген галактикалар Магеллан бұлттары мен Андромеда тұмандығы. Галактика – жұлдыздар мен жұлдыздардың шоғырлануы, жұлдызаралық газдар мен тозаңнан және түнек материясынан құралған алып, гравитациялық-байланысқан жүйе. Галактика түрлері - өткен ғасырдың 20-жылдары Э.Хаббл галактикаларды пішіні бойынша бөлген үш топ. Жұлдыздары спираль бойымен орналасқан спиральдық галактикалар, эллипсоид пішіндес эллипистік галактикалар және белгілі бір пішіні жоқ бұрыс галактикалар. Біздің галактика спиральдық галактикалар қатарына жатады. Галактика деп бәріне ортақ бір центрден айналатын сансыз мол жұлдыздардың алапат үлкен жүйесін айтады.  Аспандағы жай көзбен көрінетін самсаған 6000 жұлдыз Біздің Галактика деп аталатын бір ғана галактикаға жатады. Өткен ғасырдың 20-жылдары Э. Хаббл  галактикаларды пішіні бойынша үш топқа бөлген болатын:

1. Жұлдыздарды спираль бойымен орналасқан спиральдық галактикалар;

2.Эллипсоид пішіндес эллипистік галактикалар;

3.Белгілі бір пішіні жоқ бұрыс галактикалар.

Біздің Галактика  спиральдық галактикалар қатарына жатады.Галактикалардың барлығы да қозғалыс үстінде дамиды, өзгереді, өшеді, қайтадан пайда болады. Бұдан 15 миллиард жыл бұрын Әлем болмаған. Қазіргі ғаламат әлем тығыздығы шексіз үлкен, ал көлемі шексіз кіші нүктедей ғана белгісіз заттың жарылысынан пайда болған. Әлемнің бастауында тұрған жарылысты астрономияда «Үлкен Жарылыс» деп атайды. Біздің Галактиканың жасы 12 миллиард жылдай. Күн оның спираль бұтағының шеткергі аймағында орналасқан. Күннің пайда болғанына 5 миллиардтай жыл болды. Оның құрамындағы элементтердің ядролық отындарының қоры тағы да 5-10 миллиард жылға жетеді. Галактикадағы барлық жұлдыздар оның ядросын (центрін) айнала қозғалады. Күн Галактика центрінен 25000 жарық жылындай қашықтықта орналасқан. Ол Галактика центрін секундына 250 километр жылдамдықпен 480 миллион жылда бір рет айналып шығады. Бұл уақыт аралығын бір галактикалық жыл дейміз. Құс жолы (немесе бас әріппен Галактика) — құрамына Күн жүйесі және көптеген жұлдыздар енетін алып аумақты спиральді галактика.

42. Жұлдыздардың түсі, спектрі және спектрлік классификациясы.

Кызған металдың түсі бойынша оның температурасы болжауға болатыны сияқты,жұлдыз түсі де оның фотосферасын, температурасын көрсетеді. Мысалы, біздің Күн-сары жұлдыз.Капелла да осы түсті жұлдыз, оның темп. 6000 К шамасында.Темп. 3500-4000 К болатын жұлдыздар қызғылт түсті (Альдебаран).Қызыл жұлдыздардың темп. 3000 К.

Жұлдыздардың бір-біріне ұқсас спектрлері жеті негізгі спектрлік кластарға топтастырылған.Олар латын алфавитінің бас әріптерімен таңбаланады:

O-B-A-F-G-K-M

және тізбекте реті бойынша солдан оңға ауысқанда жұлдыз түсі көгілдірден (О класы) аққа (А класы), сарыға (G класы), қызылға (М класы) өзгереді.Демек, осы бағытта кластан класқа өткен сайын жұлдыздың температурасы кемиді.

Сонымен,спектрлік кластар тізбегі жұлдыздардың түстері мен температуралары айырмашылығын көрсетеді.Әр класс ішінде жұлдыздар қосалқы тағы да он класқа жіктеледі.Мысалғы, F спектрлік класында келесі қосалқы кластар бар:

F0-F1-F2-F3-F4-F5-F6-F7-F8-F9

Жұлдыздар бір-бірінен түсімен, жалтырауымен өзгешеленеді. Телескоп арқылы жүргізілетін зерттеулер бірдей екі жұлдыздың болмайтынын көрсетті. Олардың эффективті температуралы 3 000 К-50 000К аралығында жатады, массалары жүздеген есеге, радиуыстары миллиардтаған есеге дейін өзгеше болады.

Ең жарық жұлдыздарды ертеде (ертедегі грек астрономы Гиппарх біздің дəуірімізге дейінгі II ғасырда) бірінші жұлдыздық щама деп атаған. Қарапайым көзбен аспанда 5 000 жұлдызды көруге, ал жуық мөлшерде телескоп арқылы мсиллиардтаған жұлдызды: жартысын оңтүстүк жарты шарда, жартысын солтүстік жарты шарда көруге болады. Астрономияда «жұлдыз кескінінің жарықталынуы» деген ұғым орнына жалтырау ұғымы қолданылады.

Жалтырау азайған сайын бақылау жасау мүмкін болатын жұлдыздар саны арта береді. Жұлдызды картаға 11-жұлдыздық шамадан жарық барлық жұлдыздар түсірілген.

Бір жұлдыздардың көп жалтырауы, екіншілерінің аз жалтырауы жұлдыз жайлы нақты ақпарат бере алмайды. Өте жарық жұлдыз үлкен жарқырауға ие болып, бірақ өте алыста орналасуы мүмкін, сондықтан жұлдыздық шамасы да үлкен болады. Жұлдыздың нақты жалтырауын анықтау абсолют жұлдыздық шама ұғымын енгізеді. Бір жұлдыздар күшті,екіншілері əлсіз жарқырайды. Сəуле шығарудың қуатын жарқырау деп атайды. Жарқырау- бұл жұлдыздан 1 секундта бөлінетін толық энергия.

Жұлдыздардың жарқырауын жұлдыздың барлық бағыт бойында шығаратын энергия ағынын көрсетеді, өлшем бірлігі Дж\с немесе Вт. Жарқырауы өте жоғары жұлдыздар ішінде алып жұлдыздар жəне аса алып жұлдыздар болады. Алып жұлдыздардың температурасы 3 000 К- 4 000 К, оларды қызыл алыптар деп атайды. Аса алып жұлдыздар, мысалы, Бетельгейзе жарықтың ең қуатты көздеріне жатады. Жарқырауы ең төмен жұлдыздарды ергежейлілер деп атайды. Спектріне байланысты жұлдыздар спектрлік кластарға бөлінеді. Жұлдыздардың нақтырақ классификациясын гарвард классификациясы деп атайды. Жұлдыздың түсі оның сыртқы қабаттарының жақсы температуралық индикатор көрсеткіші болып табылады. Ыстық жұлдыздар көк түсті, Күн секілді жұлдыздар сары түсті, салқын жұлдыздар қызыл түсті болып келеді. Жұлдыз массасы- оның бүкіл өмір жолын көрсетеді.

43.Галактика

44. Шолпан ғаламшарының физикалық ерекшелігі: атмосферасы, беті, серігі, сақинасы, ғарыштық станциялар зерттеулері.

Шолпанның массасы Жердің 0,815 массасына тең, ал оның радиусы R = 6050км немесе Жердің 0,950 радиусындай, ғаламшар затының орташа тығыздығы 5,24 г/см3 шамасында. Ғаламшардың айналу осі перпендикулярдан оның орбита жазықтығына бар болғаны 3°-қа қиғаш. Ғаламшар осінде шығыстан батысқа қарай (яғни Жер айналысына қарсы) P = 243,0 тәулік периодта айналады, сондықтан жердегіше көзге елестетсек, ғаламшардағы шығыс көкжиек Күн шығар жақ болғанымен, онда Күн батыстан шығып, шығысқа басқандай көрінеді. Шолпанның Күн төңірегіндегі айналу периодын Т =225к және оның жұлдыздық тәулігін P = -243к біле отырып, синодтық теңдеу бойынша ғаламшардың күндік тәулігін S = 117 тәулікті табу оңай. Осінің өте аз қисаюынан ғаламшардың екі жарты шары бірдей жарықтанады және оынң барлық бетінде дерлік күн мен түн 58 тәулікке созылады, тек поляр аймақтарында (полюстердің 3° төңірегінде) орталықтарында күн мен түн 112 тәулікке дейін ұзақ. Сондықтан Шолпанның 1761 жылғы маусым күні 6-да Күн шартабағынан өтуін бақылау кезінде М. В. Ломоносов ашқан тығыз атмосферасы сақталған. Атмосферасы Айда да, Меркурийде де болмайтын өте қызық құбылыс тудырады. 1967 мен 1983 жылдар аралығында автоматты «Шолпан-4», «Шолпан-16» станцияларымен ғаламшарды зерттеудің негізгі программалары орындалды. 1985 жылғы маусымның ортасында Шолпаннның жанынан ұшып өткен «Вега-1» және «Вега-2» ғарыш станциялары оның атмосферасына аэростаттық шарлар мен ғаламшардың бетіне қонатын қону блоктарын тастады. Зерттеу нәтижемінде Шолпан атмосферасының 96%-ке жуығы көмірқышқыл газынан, 4%-ке жуығы азот, 0,002%-і оттегі және 0,02%-і су буынан тұратыны анықталды. Шолпан атмосферасындағы басым түсетін көмірқышқыл газ ғаламшарды көктеме эффектісін тудырады, мұның себебі, Күн сәулелері (түгелдей болмаса да) атмосферадан өтеді және Шолпанның ұзақ күнінде ғаламшар бетін әжептәуір қыздырады, ал бетіндегі инфрақызыл жылу сәулелері айнала кеңістікке мейлінше баяу тарайды, өйткені оларды көмірқышқыл газы түгелдей дерлік жібермейді. Шолпан бетінің бедері Жерден тікелей радиолокациямен де, ғаламшардың жасанды серіктерімен де зерттелуде. Осы зерттеулердің негізінде Шолпан бетінің картасы жасалады. Ғаламшар бетінің тегістігі айтарлықтай екені анықталды, бірақ онда да ойпаттар, жазықтармен бірге тау шоқылары мен қыраттар, сақина таулар мен қазаншұңқырлар, тік жарлар мен жарықтар бар. Ғаламшарда атмосферада көмірқышқыл газ, күкіртті және хлорлы қосылыс лақтыратын әрекетті жанартаулар да бар. Ғаламшардың экваторына жақын оның қыртысынан ұзындығы 1400 км, ал ені 150 км дерлік және тереңдігі 2 км-ге дейін алапат жыра болып табылды.Шолпанда су бассейні де магнит өрісі де жоқ. Ғаламшардың қойнауында диаметрі 5800 км-ге (ғаламшардың0,48 диаметрі) жуық тығыз темірлі ядросы бар деп болжануда. Ғаламшардың табиғи серігі жоқ. Соңғы мәліметтер бойынша Шолпанның солтүстік полюсінде екі атмосфералық желдер үйіріліп соғып тұр, бұл оңтүстік полюсінде де байқалады. Мұны EKA Venus Express планеталық аппарат дәлелдейді.VIRTIS-тің көмегімен жасалған Шолпанның бейнесі Ғарыштық аппарта Venus Express Шолпанның орбитасына 2006 жылдың 11 сәуірінде кірді. Бірінші он күнінде аппаратбіріншілік орбитада орналасып және планетаның атмосферасын инфрақызыл, көрінетін және ультракүлгін сәуледе зерттеді. Зерттеу 350000 км-ден 400000 км-де жүзеге асты. Мұндай үйірмелі желдер зерттеушілердің айтуы бойынша Шолпанның атмосферасындағы ыстықауаның табиға циркуляциясы мен батысқа бағытталған желмен түсіндіріледі. Жел бүкіл планетаны тек 4 күнде ғана айналып шығады.

№45. Марс ғаламшарының физикалық ерекшелігі: атмосферасы, беті, серігі, сақинасы, ғарыштық станциялар зерттеулері.

МАРС, қ ы з ы л ж ұ л д ы з — Күн жүйесінің Күннен бастап санағандағы 4-планетасы. Марс жер тобындағы планеталар қатарына жатады. Орташа диам. 6800 км, яғни Жер диаметрінің жартысынан сәл үлкен (0,53). Полярлық диа-метрі экваторлы диаметрінен 1:190 есе кіші. Марстың көл. 0,15 Жердің көлеміндей. Массасы 6,4231023км (0,017 Жер массасындай). Марс беті. Марс бетінде шартты түрде құрлық деп аталатын қызыл сары түсті дақтар көрінеді. Құрлыққа қарағанда теңіздер жарықты аз ша-ғылыстырады, сондықтан ол қоңырлау болып көрінеді. Марс дискісінің солт. және оңт. полюстік бөліктері өте жақсы бақыланады. Бұл ақ дақтардың мөлшерлері марстык, жыл ішінде өзгеріп отырады. Атмосферасы. Марста атмосфера бар екендігін оның дискісінің шетіне қарай күңгірттенуімен, планетаның тасасындағы жұлдыздардың бөсендеп сөнуімен, Марс бетіндегі заттардың айқындылығы жойылуымен дәлелдеуге болады. Марс дискісінің шетінде жеңіл түтін, өте жоғарыда жұқа дискреттік бұлттар, планетаның біраз бөлігін тасалайтын тозаң дауыл байқалады. Спектрлік бақылаудың нәтижесі бойынша Марс атмосферасының құрамында 50-ден 100%-ға дейін көмірқышкыл газы (СО2), су буының іздері жөне көміртек тотығы (СО) бар екендігі анықталды. 1000 км-ден жоғ. биіктікте Марс атмосферасының басым көпшілігі сиреген (1 см3-де 104 атомдай) сутек атомдарынан тұрады. Марстың бірнеше қабаттан кұралған ионосферасы бар. Онда оттек (О2) байқалмаған. Марс серіктері. Марстың Фобос және Деймос деген екі серігі экваторлык, жазықтықта планетаға жақын — 9,37 және 23,25 мың км қашықтықта қозғалады, периодтары 7 сағ 40 мин және 30 сағ 21 мин. Бүлар планетаны оның өз осінен айналуынан гөрі тезірек айналады. "МАРС" — Марс планетасын және планетааралық кеңістікті зерттеуге арналған кеңестік планетааралық автомат станциялар. Массасы 893,5 кг, үз. 3,3 м, диам. 1,1 м, ең алғашқы "М.-І" автомат ст. 1962 ж. 1 қарашада ұшырылды. Оның борты орбиталық және планеталық бөліктерден тұрады. Орбиталық бөлігінде Марс планетасына қарай ұшуды қамтамасыз ететін аппаратуралар, ал планеталық бөлігінде Марс планетасын жақын аралықтан зерттеуге арналған приборлар топтастырылды.

№46. Меркурий ғаламшарының физикалық ерекшелігі: атмосферасы, беті, серігі, сақинасы, ғарыштық станциялар зерттеулері.

Болпан немесе Меркурий немесе Олпан, Таңшолпан, Кіші Шолпан — Күнге ең жақын және Күн жүйесінің 1-ші ең кіші ғаламшары. Күнді 88 тәулік ішінде айналып шығады.Ал өз белін ұзақ уақытта айналып шығады, Болпанның бір тәулігі Жердің 176 тәулігіне сәйкес. Болпанды бақылау өте қиын. Бетіндегі температура күндіз +300 дәреже болса, түнде -200 дәрежеге төмендейді. Болпанның үстінде бұлттар жоқ, соңдықтан ғаламшарда жуан атмосфера жоқ. Аспаны қараңғы, жұлдыздар Болпаннан жарық көрінеді, Күн үлкен тәжі бар шар сияқты көрінеді. Меркурийдің беткі қабаты құлаған метеориттерден пайда болған кратерлермен жабылған. Болпанды әлемде "Меркурий" деп атайды, бұл атау көне юнанның Гермес құдайының мадағына берілген. Күннен орташа қашықт. 0,387 а.б. (58 млн. км), Күнді айналу периоды 88 тәулік, өз осінен айналу периоды 58,6 тәулік, орташа диам. 4878 км, массасы 3,31023 кг; өте сирек атмосферасының құрамында Ar, Ne, He бар. М. беті сыртта. Меркурий ежелгі римдіктердің құдайы болды. Оный қанатты аяқ киімі болғандықтан тез жүретін. Планета Күннің айналасын тез айналып өтетіндіктен, осы құдайдың құрметіне оның атын берген.Меркурий күнге ең жақын планета болғандықтан оны бақылау өте қиын. Әйтсе де, соңғы радиобақылаулардың мәліметтері бойынша, Меркурийдің өте баяу айналатыны анықталды, яғни бұл планетадағы тәулік шамамен жердегі 176 тәулікке тең. Бірақ ол күнге жақын орналасқандықтан, оның орбитасы жерге қарағанда кіші. Меркурий өлшемдері жағынан да, массасы жағынан да, кішкене болғандықтан, ол өзінің айналасындағы атмосфераны тұрақты ұстай алмайлы.

№47. Күннің және айдың тұтылуы. Болу шарттары мен тұтылу жиілігі. Сарос. Тұтылуды бақылаудың ғылыми мағынасы.

Ғарыш кемелерінің көмегімен Жердің Күн мен ғарыш кемесі арасына орналасуына байланысты пайда болатын Күннің тұтылуын байқауға мүмкіндік туды. Ай кеңістікке Күн мен Айдың сыртқы жанамасы арқылы түзілетін конустық көлеңке түсіреді, оның төбесі Ай ортасынан 368 – 380 мың км қашықтықта болады. Сондықтан конустық көлеңке Айдан 363 – 406 км қашықтықтағы Жерге дейін жетеді. Ай көлеңкесінің Жерге түсетін диаметр 270 км. Бұл – Күн толық тұтылатын ең үлкен аймақ. Осы аймақта Ай Күнді түгелдей тасалайды. Конус төбесінің арғы жағындағы аймақта бақыланған Айдың бұрыштық диаметрі Күн диаметрінен кіші болады да Ай Күн дискісінің ортасын тасалап, оның шетінен жарық сақина қалады. Мұны Күннің сақина тәрізді тұтылуы дейді. Айдың орбита бойымен қозғалуы және Жердің өз осінен айналуы салдарынан Ай көлеңкесі Жер бетімен батыстан шығысқа қарай шамамен 1 км/с жылдамдықпен жылжып отырады. Күн мен Айға жүргізілген ішкі жанама шала көлеңке конусын шамамен 3500 км радиуспен шектейді. Осыдан Күннің шала тұтылуы байқалады. Толық Күн тұтылуды бақылаудың ғылыми маңызы зор. Өйткені толық Күн тұтылу кезінде Ай Күнді ғана тасалап қоймай, жер атмосферасын да көмескілендіріп, күн тәжі мен хромосферасын бақылауға кедергі болатын себептерді жояды. Сарос-ұзақтығы 18 жыл 11,1/3 тәулікке тең Күн мен Айдың бірдей тұтылып тұратын уақыттарының арасындағы кезең. Бір саростың ішінде Күн орта есеппен 41рет , Ай 27-29 рет тұтылады. Бұл кезең тіпті Ертедегі Греция мен Египетте белгілі болып, Күн мен Айдың тұтылуларын алдын ала болжап айтуға мүмкіндік берген.Жер мен Айдың қозғалыстары жақсы зерттелгендіктен толық Күн тұтылуының уақыты мен орнын дәл есептеп шығаруға болады. Айдың тұтылуы. Ай Жердің көлеңке аймағына енгенде , Ай тұтылуы басталады. Ай тұтылуы тек Айдың толған кезінде, яғни Ай аспанында Күнге қарсы нүктесі маңайында болған кезінде байқалады. Бұл уақытта Ай жерге өзінің барлық жарықталған жарты шарымен қарайды.Ай батыстан шығысқа қарай қозғалғандықтан, Жер көлеңкесіне бірінші болып Айдың шырыс сол жақ шеті көрінеді. Оның бетінде біртіндеп үлкейетін кішкене кетік пайда болады. Ай орақ пішінін қабылдайды.Егер толық Ай өзінің Жер айналасындағы қозғалысында толығымен Жердің Көлеңкесіне енсе, онда Айдың толық тұтылуы болады. Егер ол көлеңке шетін жанап өтсе, онда тұтылу жартылай болады.Айдың толық тұтылуы ұзаққа созылады,екі сағат (1сағ 40 мин) дерлік болуы мүмкін. Жердің барлық нүктелері үшін ол бір уақытта басталып және бір уақытта аяқталады, әрі Айға қараған Жердің бүкіл жарты шарында бірдей байқалады.Ай толық тұтылғанда, әдетте Ай аса қараңғы болыа немесе толық көрінбей қалмайды. Бұл жердің атмосферасының бар болуымен түсіндіріледі. Жер атмосферасынан сынған Күн жарығы оған қызғылт түс беріп таралады және бір жағынан Ай дискісін жарықтандырады.

№ 48. Сатурн ғаламшарының физикалық ерекшелігі: атмосферасы, беті, серігі, сақинасы, ғарыштық станциялар зерттеулері.

Сатурн — Күннен санағанда алтыншы, салмағы мен үлкендігі бойынша Күн жүйесіндегі екінші ғаламшар.Қоңырқай Күннен 1429 млн км (9,58 а.б.) қашықтықта орналасқан. Күннен айналу уақыты - 29,46 жыл.Қоңырқайдың шамамен 60 серігі бар және ең күрделі сақиналар құрылысы бар ғаламшар.Сатурнның жоғарғы атмосферасының 90%-ы сутегінің және 7 пайызы гелийден тұрады.метанның, су буының, аммиактың және басқа газдардың қоспалары бар. Аммиак бұлттары Юпитерге қарағанда қоюырақ болады. Сатурнның атмосферасында кейде аса күшті құйын түріндегі орнықты түзілулер пайда болады. Ұқсас объекттер Күн жүйесінің басқа да ғаламшарларында да байқалады (Юпитердегі Үлкен қызыл дақ, Нептундағы Үлкен қара дақ). Ірі "Үлкен ақ доғал" Сатурнның бетінде шамамен 30 жыл сайын көрінеді, соңғы рет ол Сатурн бетінде 1990 жыл жылы көрінген (одан кішігірім құйындар жиірек көрінеді).

Күні бүгінге шейін Сатурнның бетіндегі "Ірі гексагонның" табиғаты белгісіз болып отыр. Бұл орнықты түзіліс ғаламшардың солтүстік полюсінде орналасқан, ұзындығы 25 мың. км, дұрыс алтыбұрыш түрінде.

Атмосферада күшті найзағайлар, полярлық жарықтар, сутегінің ультракүлгін шашыратуы байқалады.

Сатурнды алғаш рет бақылаған Галилео Галилей ғаламшарды біркелкі аспан денесі емес, бір-біріне жанасатын үш дене деп, бұлар Сатурнның екі ірі серіктері деп болжам жасады.1659 жылы Гюйгенс өзінің одан қатты телескобымен қарап, серіктердің дене емес - жұқа және жалпақ сақина екенін және ғаламшарға тимей тұрғанын көрді. Және Гюйгенс Сатурнның ең үлкен серігі - Титанды ашты. 1675 жылдан бастап ғаламшарды зерттеуді Кассини бастады. Оның байқағаны, сақина аралары ашық екі сақинадан, ал ортасындаға анық көрінетін қуыс, яғни ["[Кассини қуысы]]нан" тұрады, және тағы бірнеше ірі серіктерді ашады.1979 жылы "Пионер-11" құрылғысы алғашқы рет Сатурнның қасынан ұшып өтеді, оның артынан 1980 және 1981 жылдары "Вояджер-1" және "Вояджер-2" өтеді. Бұл құрылғылар алғашқы рет Сатурнның магниттік ортасын байқап, оның магнитосферасын зерттеді, Сатурн атмосферасындағы құйындарды байқады, сақиналардың анық (детальды) құрылысын алды және құрамын анықтады.1990 жылдары Сатурнды, оның серіктерін және сақиналарын Хаббл телескобы зерттеді. Ұзақ бақылаулар "Пионер-11" және "Вояджер" құрылғыларының ғаламшарлардың қасынан бір өтіп кетіп, толық зерттелмей қалған көптеген жаңа мәліметтер әкелді. Серіктердің ең үлкені - Титан. Ғалымдардың болжауы бойынша, бұл серіктегі орта біздің ғаламшарымыздың 4 миллиард жыл бұрынғы түріне, Жерде өмірдің жаңа туған кезіне ұқсас.Қоңырқай Күн жүйесіндегі ең күрделі сақиналардың жүйесіне ие. Сақиналар жүйесінің шеттері экватордан 67 мың. және 121 мың. км қашықтықта орналасқан. Сақиналар үлкендігі бірнеше микроннан бастап, бірнеше ондаған метрге жететін бөлшектерден тұрады, олардың құрамдарында мұз, тас породалары, темір оксиді бар. Ортасында қуысы бар көптеген сақиналар белгілі, қуыстардың ең ірісі — Кассини қуысы.

№49.Плутон. Плутон - Күн жүйесінің сыртқы жағында айналатын ергежейлі ғаламшар.Күн мен Плутонның арасындағы қашықтық 7 миллиард 307 миллион шақырымға сәйкес. Күннен алыс болғаннан Плутонның бетіндегі температура -270 дәрежеге Цельсий бойынща сәйкес.Плутон Күнді 248 жылда бір рет айналады яғни Плутонның жылы ұзақ.Плутон жоғарғы ғаламшарларының тобына кіреді, ал оның физиологиялық ерекшелері бойынша оны Жер тобы ғаламшарларының бірі деуге болады. Плутонның диаметрі небәрі 3000 шақырым. Күшті телескопқа қарап фотосурет түсіргенде, Плутон сол суреттерінде кішкентай жұлдыз сияқты көрінеді.Уранның  қозғалысын байқап, ғалымдар жаңа дененің орбитасы мен көрінетін орбитасының айырмашылығын көріп, Нептунның ар жағында тағы бір ғаламшар бар екенің түсінді. 1930 жылының ақпан айының 18 жұлдызында жас астроном Клайд Томбо Американың Ловвелов обсерваториясында зерртеу жасап, Плутонды ашқан.Ғаламшардың атауы көне гректердің "өлім әміршісі" Аидтың атына сәкес, латын тілінде Аидты "Плутон" деп атаған. Ақырында, жас астроном Клайд Томбо 1930 жылғы 18 ақпанда Американың Ловелл обсерваториясында Күн жүйесінің тағы бір жаңа планетасын тапкан еді. Бұл планета Плутон деген атқа ие болды. Ірі телескоптар көмегімен алынған фотосуреттерде ол кішкентай ғана әлсіз жұлдыз тәрізді көрінеді. Оның диаметрі 3000 километрге жуық. Ол Күннен шамамен 6 млрд километр қашықтыкта баяу қозғала отырып, оны 248 жылда бір айналып шығады. Плутон - Күн жүйесіндегі планеталардың ең кішісі болып есептеліп келген еді. Алайда соңғы зерттеулер нәтижесінде алынған планеталар Әлемі жөніндегі делелді мөліметтер негізінде Халықаралық астрономиялық одақтың шешімімен (Прага, тамыз, 2006 ж.) Плутон «ергежейлі планета» аталып, оған ресми астероидтық 134340 нөмірі берілді. Сонымен қазіргі кезде Күн жүйесінің сегіз планетасы белгілі. Ғалымдар әлі де болса жаңа планеталарды іздестіру жұмысын жалғастыруда.

Жалпы, "планета" деген сөз - гректің сөзі, мағнасы қазақтың "жолаушы" сөзіне жақын. Жұлдыздар аспанда қозғалусыз тұрады десек, планеталар жұлдыздарды айналып жүреді. Әзірше Күн жүйесінде тоғыз планета бар деп есептеледі. Тоғызыншы планета – Плутон, және де Плутон планета деп осыдан 70 жыл бұрын ғана танылған.

№50. Нептун - Күн жүйесінің сегізінші ғаламшары, Күн Жүйесіндегі күннен ең алыс орналасқан ғаламшар. Диаметрі жөнінен ең үлкені, салмағы бойынша үшінші ғаламшар. Нептун Жерден 17 есе ауыр, Жерден 15 есе ауыр Уран ғаламшарынан сәл ауыр. Нептунның атмосферасы Есекқырған мен Қоңырқайдың негізінен сутегі және гелийден тұратын атмосферасына ұқсас болғанымен, су, аммиак және метан тұратын ірі "мұздарға" толы,  гидрокарбон  және шамасы, оттегі іздері бар.Нептунның бетінде Күн Жүйесінде тіркелген ең қатты желдер болады, олардың жылдамдығы 2100 км/сағат. Нептун бетіндегі бұлттардың температурасы −218 °C (55.1 K)-ге дейін жетеді, бұл Күн Жүйесіндегі ең салқын температура, Күннен алыстығы бұған себеп болады. Нептунның ортасындағы температура 7,000 °C (7,270 K)-ге дейін көтеріледі, бұл Күннің бетіндегі температураға ұқсас және басқа да белгілі ғаламшарларға тән. Нептунның бұлыңғыр әрі әркелкі орналасқан сақина жүйесі бар, бұл сақина 1960 жылдары байқалғанымен, Вояджер-2-нің зерттеулері сақиналарының бар екендігін дәлелдеді.

Нептунның сегіз серігі бар. Оның Тритон деп аталатын серігі мұз жамылғысына оранған. Күннің әлсіз сәулесі мұз қабатынан өте отырып, ішіндегі газды қыздырады. Қызған ыстық газ ағыны сыртқа атқылайды. Уақыт өткен сайын Нептундағы жұмбақтық бірде пайда болады, бірде жоғалып кетеді. Ғалымдардың ұйғаруынша, бұл- осы планетадағы қатты қапталудың белгісі. 1989,1994 жылдары астрономдар Қара дауыл деп аталатын үлкен қара дақты бақылады. 1994 жылы планетадан "Хаббл" телескопы Жердің мөлшеріндей үлкен түтікті байқады. Алып дауыл оны планетаның беткі қабаты бойымен екпіндетіп алып кеткен болу керек.Галилео Галилей суреттері оның Нептунды алғашқы болып 1612 жылдың 28 желтоқсан көргенін көрсетеді, 1613 жылдың 27 қаңтар ол тағы да бақылады; екі жағдайда да ол Нептунды жақындап тұрған жұлдызбен шатастырды - бұл түнгі аспандағы Есекқырған болатын. Сондықтан, бұл Нептунның ашылуы болып саналмайды. 1612 жылдың желтоқсанындағы алғашқы бақылауындағы кезде, ғаламшар дәл сол күні теріс қараған болатын, сондықтан бір орында тұрған жұлдыз болып көрінген. Бұл қозғалыс Жердің алыс ғаламшардан өте қашық нүктесінен байқалады. Нептун өзінің жылдық айналымын бастап жатқандықтан, ғаламшардың қозғалысы Галилеоның кішкене телескобынан көрінбеді.1821 жылы Алексис Бувар Уранның астрономиялық кестесін басып шығарды.

№51. Уран - Күн жүйесінің жетінші ғаламшары. 1781 жылы наурыздың 13-інде Уильям Гершель ашқан. Грек (юнан) уақыттың құдайы Кроностың мадағына аталған. Уран - бұл Кроностың латын атауы. Күнді 84 жылында бір рет айналады. Уран - күннен алыс жатқан планета. Ол газдан және қатты ядродан тұрады. Оның беткі қабатын көгілдір тұман жауып жатады. Оны тастар мен мұз кесектерінен тұратын 11 жұқа сақина, 15 серігі қоршап жатады. Ежелгі жұлдызшыларға бұл планета белгісіз болды. Планетаны ағылшынның ұлы астрономы В. Гершель телескоптың көмегімен ашқан. Оның Күнді айналу ұзақтығы 84 жердегі жылға тең. Оған гректің аспан құдайының аты берілген. Соңғы екі жүз жылдықта телескоппен бақылау нәтижесінде Уранның сақиналары мен 5 ірі серігі ашылды. Тағы шағындау 10 серігі бар. Олар 1986 жылы "Воджер- 2" автоматты станциясы Уранға ұшып барғанға дейін белгісіз болды. Оберон мен Титания атаулары В.Шекспирдің "Жазғы кештегі ұйқы" комедиясымен байланысты. Миранда мен Ариэль- Уранды айнала қозғалатын серіктері. В.Шекспирдің "Дауыл' пьесасындағы екі кейіпкер осылай аталған. Ал Умбриэль атауы А.Поповтың "Ұрланған бұрым" поэмасынан алынған.

№52.Планеталардың серіктері және Ай.

Меркурий мен Шолпанда серіктер жоқ. Қалған планеталардың (Жерді қоспағанда) серіктері өз планеталарынан өлшеусіз кіші. Жердің бір ғана табиғи серігі бар, ол – Ай, бірақ ол Жердің өзімен салыстырғанда шамадан тыс үлкен. Ай диаметрі жағынан Жерден 4 есе ғана кіші. Юпитердің дискісінен аржағына тасаланатынын, не оның көлеңкесіне еніп тұратынын көруге болады. 

Бәрінен серіктері көп ең ірі планета – Юпитер (он үшінші серік 1974 жылы ашылды). Ал массасы жағынан келесі планета Сатурнда 10 серік бар, оныншысы 1966 жылы ашылды, Уранда 5 серік, Нептун мен Марста 2-ден серік бар. Серіктердің ішіндегі ең ірілері: Титан (Сатурнның серігі) және Ганимед (Юпитердің 3-ші серігі). Олар диаметрі жағынан айдан 1,5 есе үлкен де, Меркурийден сәл үлкенірек. Мол атмосферасы бар жалғыз серік – Титан.Жұлдыздық, не сидерлік, ай дегеніміз – Айдың жұлдыздарға қатысты Жерді айналып шығу периоды; ал синодтық ай – Айдың Күнге қатысты Жерді айналу периоды. Синодтық ай, басқаша айтқанда, Айдың бірдей екі фазасының арасындағы уақыт мерзімі. Жұлдыздық ай 27,3 тәулікке тең, ал синодтық ай – 29,5 тәулік. Ай 1 тәулік ішінде өз орбитасымен 360о  13: 27,3 о жүреді. Ал 27,3 тәулік ішінде Жер Т өз орбитасымен Айды ілестіре, Күнге қатысты ТТ, доғаны, яғни 27о дерлік доғаны жүріп өтеді. Айдың эллипстік орбитасының Жерге ең жақын нүктесі перигей деп, ал ең алыс нүктесі апогей деп аталады.Ай бізге жіңішке орақ тәрізді болып көрінгенде, оның бетінің қалған жері де солғын жарық шығарып тұрады. Осы құбылыс күл түсті жарық деп аталады да, былай түсіндіріледі. Жерден шағылған Күн жарығы барып Айдың түн жақ бетіне түседі.

53. Құйрықты жұлдыздар құрылысы: ядросы, басы және құйрығы. Құйрықты жұлдыздардың жарқырау механизмі. Құйрықты жұлдыздардың ыдырауы.

Комета (гр. kometes – құйрықты жұлдыз, дәл мағынасы ұзыншашты), яғни ірі құйрықты жұлдыздың Күнге қарама-қарсы жаққа шұбатылған бір не бірнеше жарқыраған құйрықтары болады.Құйрықты жұлдыз, комета – Күн жүйесінің кіші денесі;аспанда оқтатекте тұманданған нысан түрінде байқалып,жұлдыздарға қатысты орын ауыстыратын, центрінде ядросы аспан денесі. Құйрықты жұлдыздың басы ядро бөліп шығаратын газ бен тозаңнан түзіледі.( HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D2%B1%D0%B7" \o "Мұз" Мұз,метан және будан) Күнге жақындаған кезде буланып кетеді. Қазіргі таңда 400-ге жуық қысқа кезеңді кометалар анықталған. Олардың 200-ге жуығы бір үлкен өлшемде байқалған.Олар үлкен тұқымдас қауымды құрайды.Мысалы: көбінесі қысқа кезеңді комета (олардың Күнді айналуы 3-10 жылға созылады)Юпитер тұқымдасынан құралады.

Күн жүйесіндегі құйрықты жұлдыздардың саны орасан көп: кейбір мәліметтер бойынша олар жүздеген миллиардқа жетеді.Ядросының массасы 1011 – 1015 кг шамалас, ал оның басының өлшемі 103 – 106 км аралығында; құйрығының ұзындығы жүздеген млн км-ге жетуі мүмкін Күннен алыс жерде құйрықты жұлдыз – қатты дене. Күнге жақын келгенде Жерден телескоп арқылы, кейде көзбен көруге болады. Күннен қашықтаған сайын құйрықты жұлдыздың жалтырауы кеми береді. Көзбен көруге болатын кометаларды «үлкен кометалар» деп атайды. Галлей 1531,1607 және 1682 жылғы кометалардың бір екендігін және ол 1759 жылы қайта оралатынын дәлелдегеннен кейін ол комета Галлей кометасы деп аталады. Халықаралық келісім бойынша құйрықты жұлдыздар оны алғаш ашқан адамның атымен белгіленеді (мысалы, Эдмунд Галлей, Иоганн Энке-Оскар Баклунда т.б) XX ғасырдың басында кометалардың ашылуы жекеменшік құбылыс бола бастаған кезде, келісім бойынша үш тәуелсіз бақылаушы болған кезде аты берілетін болды.Бұл әлі күнге дейін жалғасуда. Қазіргі таңда оларды бірнеше ғалымдар құрамымен көптеген құралдармен анықтай бастаған. Бұл жағдайда оларға құралдардың атауы беріле бастады. Құйрықты жұлдыздар Күн айналасында эллипстік орбита бойымен қозғалады. Кометалар ортасында ядросы бар жан-жағы тұманды қабықшадан тұрады. жұлдыздарға қатысты орын ауыстыратын, центрінде ядросы аспан денесі. . Құйрықты жұлдыздың басы ядро бөліп шығаратын газ бен тозаңнан түзіледі.(Мұз,метан және будан) Күнге жақындағанда жарық кометаның «құйрығы» сызығы пайда болады. Құйрықты жұлдыздың пішініне және ондағы өтетін процестердің қалыптасуына Күннің корпускулалық сәуле шығаруы – Күн желінің ықпалы да өте үлкен.Кометаның құйрығымен пішінін (формасын) ХІХ ғасырда (1831-1904 жылы) орыс астрономы Федор Бредихин құйрықты жұлдыз пішіндерінің механикалық теориясын жасады.

№54. Біздің галактика. 

Галактика — миллиардтаған жұлдыздардың байланысқан шоғыры. Галактикалар —ғаламды құрайтын, өлшемдері өте үлкен  жұлдыздар  жүйелері. Ғаламның бізге байкалатын бөлігіндегі галактикалар жиынтығын кейде метагалактика деп атайды. Басқа галактикалардан өзгешелініп, біздің Галактика бас әріппен жазылады. Морфологиялық тұрғыдан қарағанда сфералық, эллипстік, спираль және бұрыс пішінді галактикалар ажыратылады. Біздің Галактика спираль түріне жатады, құрамына 1011 астам жұлдыздар кіреді, үлкен диаметрі 80 мың жарық жылындай, ал орталығындағы максимал қалыңдығы 16 мың жарық жылына тең, шетіне қарай 3—6 мың жарық жылына дейін азаяды. Галактикалар кеңістікте әркелкі бөлініп, топтар мен шоғырлар құрайды. Біздің Галактика басқа 15 галактикамен бірге галактикалардың жергілікті тобы деп аталатынды құрайды.Бізге ең жақын деген галактикалар Магеллан бұлттары мен Андромеда тұмандығы. Галактика түрлері - өткен ғасырдың 20-жылдары Э.Хаббл галактикаларды пішіні бойынша бөлген үш топ. Жұлдыздары спираль бойымен орналасқан спиральдық галактикалар, эллипсоид пішіндес эллипистік галактикалар және белгілі бір пішіні жоқ бұрыс галактикалар. Біздің галактика спиральдық галактикалар қатарына жатады. Галактикалардың барлығы да қозғалыс үстінде дамиды, өзгереді, өшеді, қайтадан пайда болады. Қазіргі ғаламат Әлем тығыздығы шексіз үлкен, ал көлемі шексіз кіші нүктедей ғана белгісіз заттың жарылысынан пайда болған.

Галактика деп бәріне ортақ бір центрден айналатын сансыз мол жұлдыздардың алапат үлкен жүйесін айтады.  Аспандағы жай көзбен көрінетін самсаған 6000 жұлдыз Біздің Галактика деп аталатын бір ғана галактикаға жатады. Кейде «Сүт Жолы» деп те атайтын Біздің галактикада жай көзге көрінбейтін 200 миллиардтай жұлдыз бар. Оған аспан күмбезін белдеулеп жатқан, шашырап төгілген сүтке ұқсас, ақшыл жолақ та кіреді. Бұл жолақты Сүт жолы, ал қазақтар Құс жолы деп атайды.Күн – Жерден орташа алғанда 150 млн. км  қашықтықта орналасқан.Ол осы Галактиканың кішігірім жұлдызы. Жарық Жер бетіне секундна 300000 км жылдамдықпен 8 минутта жетеді.Жарық бір жылда 9 460 528 405 000км жол жүреді. – осы қашықтық астрономияда бір жарық жылы деп аталады Біздің Галактиканың бір шетінен қарсы шетіне жарық 100 мың жылда жетеді.  Әлемнің кеңдігі сондай,  Біздің Галактикамен шамалас миллиардтаған галактикалар бар. Ал біздің галактикаға жақын көршілес екі галактика бар. Олардың бірін- Үлкен Магеллан Бұлты, екіншісін Кіші Магеллан Бұлты деп атайды. Біріншісінен жарық бізге 169 000 жылда, екіншісінен 180 000 жылда жетеді. 

Өткен ғасырдың 20-жылдары Э. Хаббл  галактикаларды пішіні бойынша үш топқа бөлген болатын:

1. Жұлдыздарды спираль бойымен орналасқан спиральдық галактикалар;

2.Эллипсоид пішіндес эллипистік галактикалар;

3.Белгілі бір пішіні жоқ бұрыс галактикалар.

Біздің Галактика  спиральдық галактикалар қатарына жатады.  

№55. Астероидтардың өлшемі, массасы, айналу периоды. Орбиталарының ерекшеліктері.

Астероид (гр. astеroeіdйіs – жұлдызсияқтылар) — газ-тозаңды бұлттардың эволюциясы барысында пайда болған Күн жүйесіндегі кіші денелер, кіші планеталар деп те аталады.Олар планеталардың серіктері емес және Күнді айнала өз еркінше қозғалады. Бірінші астероидты 1801 жылы 1 қаңтарда Италия астрономы Джузеппе Пиации ашты. Ол тура көтерілуі мен еңкеюі тәулік ішінде елеулі өзгеретін жұлдызды бақылады. Неміс математигі Гаусс үлкен жарты осі 2,77 а.б. болатын бұл астрономиялық дененің орбитасын есептеп тапты. Сатурн мен Юпитердің арасынан планета табылды деп есептеп, оған ескі Римнің табыс әкелетін әйел құдайы Церераның есімі берілді. 1802 жылы астрономиямен айналысатын неміс дәрігері Ольберс Церераға жақын жерден жаңа астероидты ашып, оны Паллада деп атады. 1804 жылы Юнона, 1807 жылы Веста табылды. Кішкентай планеталарды Гершель грекше «жұлдыз бейнелі» деген мағынаны білдіретін астероидтар деп атауды ұсынды.Қазіргі кезде 12000-нан астам астероидтар белгілі. Бастапқы кезде құдайлардың аттарымен аталған астероидтарға кейін ұлы адамдардың есімі берілді. Астероидтар табылғанда оған ашылған жылы көрсетілген белгі тағылады. Астероидтың орбитасы есептелген соң тұрақты номер және аты беріледі.Астероид орбиталарының шеңберден өзгешілігі аз, сондықтан астероидтардың көпшілігі Күн жүйесінің ішіне кірмейді. Бірақ кейбір астероидтар Күнге жақын келіп немесе Сатурн орбитасының сыртына шығып кетеді. Юпитер орбитасы бойымен планетаның алдында және артында қозғалатын астероидтардың екі тобы бар. Олар «Гректер» мен «Трояндықтар» деп аталады. Олардың айналу периоды Юпитердің айналу периодына сәйкес келеді және орбитадағы орны аспан механикасының теориясын құрушы Лагранждың тапқан заңы бойынша есептеп шығарған нәтижесінен ауытқымайды.Қазіргі уақытта Күн жүйесінен 100мыңдаған астероид анықталып отыр. Қазіргі уақытта анықталған астероидтардың көбісі Марс пен Юпитердің арасында орналасқан астероидтар белдеуіндеорналасқан.Осы уақытқа дейін Церера Күн жүйесіндегі ең үлкен астероид саналып келді. Оның өлшемдері - 975×909 км, бірақ 2006 жылдың 24 тамызынан ол ергежейлі планета санаттарына қосылды. Қалған екі үлкен астероид Паллада мен Вестаның диаметрлері 500км. Веста Жерден оптикалық құралсыз бақылауға болатын астероидтық белдеудің жалғыз өкілі. Қалған астероидтарды жерге жақын аралықта қозғалған кезде ғана байқауға болады.

№56 Ежелгі Грециядағы астрономияның даму тарихы. Пифагор, Аристотель, Гиппарх, Птоломей.

Самостық Пифагор ( 570—490 жж. б.з.д) — ежелгі грек философы және математигі. «Философия» алғаш рет қолданған Антика дәуірінің атақты философы және математигі Пифагор болған.Пифагоршылардың күннің шығуын күтіп алуы, суретті Fyodor Bronnikov сызған.Пифагордың ұстаздарынан Гермодамант пен Ферекид Сиросскийді атауға болады. Ферекид Италия мектебінің негізін қалаған философ болған. Ол грек философиясында санға айырықша назар аудару дәстүрін қалыптастырды, бүкіл ғарышты, зат атаулыны сан арқылы тануға, тіпті санның бойынан киелі мағыналар оқуға тырысты. Ғарышты түсіндіруде, Пифагор Милет мектебінің дәстүрін өзінің Сан туралы идеяларымен ұштастырды. Ол көптеген шекті әлемдер өмір сүреді, жер шары шар пішінде, бірақ жер ғаламның орталығы емес деп есептеді. Оның бұл идеяларын қазіргі танылған шындықтарға негізінен жат келмейді деп бағалауға болады.Пифагор Шығыс елдеріне, Египетке және Вавилонға көп саяхат жасаған.Оңтүстік Италияның грек колонияларының бірінде ежелгі Грецияның ғылыми және саяси өмірінде үлкен роль атқарған белгілі «Пифагор мектебінің» негізін салған.

Аристотель  — ежелгі грек философы, Платонның шәкірті, Ескендір Зұлқарнайынның  ұстазы, «адамзаттың бірінші ұстазы» деген құрметті атаққа ие. Аристотель ғылымның көптеген саласының алғашқы негізін қалады, олардың арасында  физика,метафизика,  поэтика,  театр,  музыка, логика,  риторика (шешендік өнері), саясат,  этика, эстетика,  биология, зоология және экономика қатарлылар айрықша аталады. Аристотель сөзінің грекше мағынасы «ұлы мақсат» дегенді білдіреді.18 жасында Аристотель Афина қаласына барып, Платон Академиясында  шамамен жиырма жыл бойы – б.з.д. 347 жылы Платон  қайтыс болғанға дейін академиялық білім алады. Аристотель көптеген еңбектерін өмірінің осы кезеңінде жазған болуы мүмкін. Оның табиғат және физика туралы жаратылыстанулық және философиялық еңбектері Платон диалогтарына қарағанда күрделі болып келеді. Кейбір диалогтар жазғаны белгілі, бірақ ол диалогтарының аз бөлігі ғана сақталған. Аристотель (б.з.д. 323 жылы) ол Еубеяда ауырып қайтыс болды. «Метафизика» еңбегінде және басқа да еңбектерінде Аристотель заттарды табиғатын түсінудің төрт себебін көрсетеді

Гиппарх Никейский (шамамен 190ж б.з.б.- 120ж б.з.б. - көне уақыттың ғаламат астрономы атанатын II ғасырда өмір сүрген грек астроомы, механик, географ, математик. Гиппархтың ең бағалы еңбегі оның Көне Вавилон астрономиясына грек геометриясындағы аспан денелері қозғалысы моделіне жуық дәлдік алып келгені болып саналады.

Клавдий Птолемей (100 - 178 жыл шамасы) - грек математигі және астрономы.Клавдий Птолемейдің өмір жолы туралы мағұлмат жоқтың қасы, тек қана біздің заманымыздың 120 жылынан бастапАлександрияда өмір сүргені белгілі. Ол өзінің жетістіктері негізінде арабтар «Альмагест» деп атап кеткен. Үлкен еңбектің авторы «Алмагест» арабша «алмаджести», яғни «аса ұлы» шығарма дегенді білдіреді.

№57. Әлемнің геоцентрлік жүйесі. Өзінің дүние жүйесі туралы поляктың ұлы астрономы Николай Коперник (1473-1543) ол өзі қайтыс болған жылы жарық көрген «Аспан сферасының айнала қозғалысы жөнінде» деген еңбегінде жазған еді. Оның ілімі бойынша, дүние центрінде Жер емес, Күн тұр. Жерді айнала Ай ғана қозғалып жүреді. Жердің өзі Күннен қашықтығы бойынша үшінші ғаламшар болып саналады. Ол Күнді айнала және өз осінен айналады. Жер орбитасының сыртында Марстың, Юпитердің және Сатурнның орбиталары орналасқан. Коперник «жылжымайтын жұлдыздар сферасын» Күннен өте қашыққа орналастырды. Коперник ұсынған дүние жүйесі гелоиоцентрлік деп аталды. Гелиоцентрлік дүниетанымның қалыптасуы. Коперниктің ілімі бір дегеннен мойындалып қабылданған жоқ. Мысалы, 1600 жылы инквизицияның үкімімен Римде Италияның ұлы философы, Коперниктің ізін қуушы Джордано Бруно (1548-1600) өртелді. Бруно Коперниктің ілімін дамыта отырып, Ғаламда центр жоқ және болуы мүмкін емес, ал Күн — бұл Күн жүйесінің ғана центрі деп пайымдады. Ол сондай-ақ жұлдыздар — біздің Күн сияқты басқа жүйедегі «Күндер», сонымен бірге сансыз жұлдыздарды айнала ғаламшарлар айналып жүреді, олардың көпшілігінде саналы өмір бар деген данышпан ой-болжам жасады. Инквизицияның ешқандай от-жалыны Джордано Бруноның жігерін жасыта алмады, оны жаңа ілімінен бас тартқыза алмады.

1609 жылы Галилео Галилей (1564-1642) тұңғыш рет телескопты аспанға бағыттап, Коперниктің ілімін көрнекі түрде дәлелдейтін жаңалық ашты. Ай бетінен ол тауларды көрді. Ендеше, Айдың беті Жер бетіне біршама ұқсас және «Жер» мен «аспан» арасында принциптілік айырмашылық жоқ. Галилей Юпитердің төрт серігін ашты.

Әлемнің гелиоцентрлік жүйесі - кайта өрлеу дәуірінде пайда болған ұғым. Бұл ұғым бойынша, "Жер және басқа планеталар Күннің төңірегінде айналады, сонымен бірге өз өсінде өздері айналады" деп тұжырымдалды. Мұны сол заманға дейінгі басым болып келген "әлемнің геопентрлік жүйесі" ұғымын жоққа шығарып, поляк астрономы Н. Коперник дәлелдеп берді.

Бруно Джордано Филиппо — италиялық философ, ақын, астроном. Дінге қарсы көзқарасы үшін шіркеу басшылары оны қуғынға ұшыратты. Сондықтан ол Италиядан кетіп, Францияда, Англияда, Германияда тұрды. Италияға қайтып оралғаннан кейін (1592), инквизиция оны діннен безген деп айып тағып, сегіз жыл түрмеде ұстады, кейін тірідей отқа жағып өлтірді. Ол ғаламның шексіз екендігі жайында идея ұсынды (“Ғалам және ғалам дүниелері, шексіздік туралы”, 1584).

Галилео Галилей Арчетри, Флоренция альян философы, математик, физик, механик және астроном, табиғаттану ғылымдарының негізін салушы, өз заманындағы ғылымға өте қатты әсер еткен. Ол ұлы ғалым болумен бірге, музыкант, суретші, ақын, әдебиетші де болған.

Ол Италияның Пиза қаласында 1564 жылдың он бесінші ақпанында кедейленген ақсүйек отбасында туған. 1581 жылы Пиза университетіне түсіп, медицинаны оқып үйренеді. Мұнда ол Аристотель,  Евклид,  Архимед  еңбектерімен танысады.

№58.Ғаламдағы материя түрлері.-алуан түрлі формада болатын әрі ұдайы өзгеріп отыратын, кеңістік пен уақыт бойынша шеті де, шегі де жоқ бүкіл дүние. Ғаламды зерттеумен тікелей шұғылданатын ғылым – астрономия. Ал барлық ғылым білімге негізделген Ғалам жөніндегі пайымдаулар космологияның мәселесі болып есептеледі. Ғалам туралы ұғымның дамуы бірнеше кезеңге бөлінеді. Ғаламның шексіздігі туралы алғашқы пікір ежелгі дәуірдегі грек ғалымы Гераклиттің (б.з.б. 5 ғ.) еңбектерінде кездеседі. Ол Ғалам мәңгілік, аспан денелерін құрайтын материя жаңадан жасалмайды және жойылмайды деп тұжырымдаған. Гераклиттің көзқарасын Демокрит, Эпикур және Лукреций одан әрі дамытқан. Одан кейінгі дәуірлерде Жердің шар тәрізді екенін және аспан шырақтарының бір-бірінен алшақтылығын анықтауға байланысты зерттеулер (Пифагор, Аристотель, Эратосфен) жүргізілген. Жердің шар тәрізділігі туралы түсінікке сүйеніп, грек философы Филолай (б.з.б. 5 ғ.) және грек астрономы Аристарх Самосский (б.з.б. 4–3 ғ-лар) Жердің қозғалатындығы жөнінде жорамал жасаған. Птолемей негізін қалаған дүниенің геоцентрлік жүйесі шіркеудің қолдауымен Қайта өркендеу дәуіріне дейін үстемдік еткен. Н.Коперниктің «Аспан сферасының айналысы туралы» атты кітабы космогонияда ғыл.-зерттеуге жол ашты.

Галактиканы (Құс жолы) зерттеуге байланысты жұмыстар кеңінен жүргізілді. Сөйтіп, Күн жүйесінің өзі Галактиканың құрамына енетіні дәлелденді. Галактиканың мөлшері мен құрылысы дәлірек анықталды. Бұл аса күрделі жүйенің диам. шамамен 30 мың пк-ке (шамамен 100 мың жарық жылы) жуық. Кейінірек Ғалам кеңістігінде біздің Галактика тәріздес миллиондаған басқа да галактикалардың бар екендігі анықталды. Зерттелген галактикалар жиыны Метагалактика деп аталады. Астрономия аспаптардың көмегімен Метагалактиканың бірнеше млрд. пк қашықтықтағы кейбір бөліктерін бақылауға болады. 1963 ж. бұдан да алыс қашықтықтағы квазарлар ашылды. Ғ-ның зерттелген бөлігінің шектеулігі кеңістіктің шексіздігі туралы идеяға ешқандай қайшы келмейді. Өйткені қазіргі физ. көзқарас бойынша кез келген нақты не болжалды жүйенің алатын көлемі осы жүйеге қатысты әр түрлі жылдамдықпен қозғалатын бақылаушылар үшін бірдей болмайды. Метагалактиканың белгілі бір бақыланған бөлігінің қасиеттерін бүкіл Ғ-ға таратуға және сол арқылы бүкіл Ғ-ды түсіндіруге болады деген Ғ. құрылысының әр түрлі теориялары бар. Мұндай жеңілдетілген сұлбалар көптеген нақты зерттеулер үшін өте құнды болып есептеледі. Өйткені олар ғаламның үлкен көлемінің қасиеттерін зерттеуге мүмкіндік береді. Дегенмен, алдын ала жиналған жорамалдар шартты екендігін ұмытпау керек. Шын мәнісінде, жұлдыздық астрономияның көптеген есептерін шешу кезінде Галактиканы шексіз созылып жатыр деп ұйғару қолайлы болады.

№59. Күн атмосферасының құрылысы

Атмосфера деген атау гректің екі сөзінен: atmos –ауа және phaira-шар,алынған..Атмосфера жер бетінен жоғары қарай шамамен 3000 км-ге дейін созылады. Жоғарылаған сайын атмосфера-ның химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері өзгереді. Температураның өзгеруіне байланысты атмосфера бірнеше қабаттарға (сфераларға) бөлінеді.Жер бетіне ең жақын орналасқан қабатты тропосфера деп атайды. Бұл қабат жер белдеулерінен 7-10 км-ден (полярлық бөліктерде) 16-18км (экватор үстінде ) биіктікке дейін созылады. Атмосферадағы бөлшектср өздері таралған кеңістікте толассыз козғалыста болғандықтан, көлемі мен пішінін сақтамайды. Сондыктан ауаның белгілі бір жерде қысымы артса, қысымы аз жаққа ауысып отырады. Ауаның осындай козғалысынан жел пайда болады. Жер бетінен әр шақырымға көтерілген сайын ауаның температурасы 6,5 "С төмендеп  отырады да, ал 18-20 км биіктікте төмендеу тоқтатылып, температура тұрақталады, шамамен — 56 "С болады. Атмосфераның бұл бөлігін тропопауза дсп атайды.Жер бетінен 20-50 км биіктікте орналасқан келесі кабат –стратосфе-ра. Ауаның қалған бөлігі осы кабатта болады, жел екпіні төменгі кабаттармен салыстырғанда мұнда оте баяу келеді. 25 км биіктіктен кейін бұұл кабаттың жоғары бөлігінде әр шақырымға көтерілген сайын температура орта есеппен 6 "С-ге жоғарылап отырады. 46-54 км биіктікте орналаскан аралық стратопауза кабаты, онда температура 0 "С шамасында.Атмосфераның 55-80 км биіктігінде орналасқан кабат - мезосфера. Бұл қабатта әр шақырымға жоғары көтерілген сайын температура 2-3 "С-ге төмендеп отырады. Келесі мезопауза деген қабатта түрақталған температура мөлшері 75 - 90 "С шамасында.Жоғарыда қаралған кабаттардың үстіндегі атмосфера қабатында газ молекулаларының иондарға ыдырау қабілеті өте жоғары болғандықтан, оған ионосфера деген атау қолданылады. Бұл қабаттың калыңдығы бірнеше мыңдаған км-ге дейін созылады. Атмосфера қабатының нақты шекарасы аныкталмаған. Жер серікіері мен ракеталар арқылы алынған деректер бойынша атмосфера 10-20 мың км биіктікке дейін жайылған. Атмосфераның ең үстіндегі қабатын экзосфера деп атайды. Атмосфералық газдардың экзосферадан әлем кеңістігіне шашырай бастауына байланысты, осы қабатты планета аралық кеңістік деп те есептейді.Атмосфераның химиялық құрамы 90 км биіктікке дейін тұрақты. Күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен 90' км-дейін  жоғары жатқан атмосфера кабаттарында бұл тұрақтылық бұзылады, осыған орай оның химиялық кұрамы да тұрақсызданады.Космонавтар жүргізілген зерттеулер нәтижелеріне сүйенсек, 250-300 км биіктікте атмосфераның негізгі компоненті атомарлық оттек, 500-600 км-гден  жоғары биіктікте атмосфераның негізгі құрамы – гелий мен сутек,  атмосфераның  ең  сыртқы жоғарғы қабатын (1600 км жоғары) құрушы  компонент автомарлы сутек.Ауаны көп  компоненттен тұратын газды ерітінді деп айтуға болады. Оның  60. Жұлдыздарға дейінгі қашықтық. Жұлдыздардың кеңістік жылдамдығы.

Жұлдыз – "тұрақты жұлдыз" деп те аталады, салмағы ерекше ауыр, өзінен тұрақты жарық шығаратын, "өртенген" — термоядролық реакция жасайтын,  плазмалық газ күйдегі аспан денесі. Марс та, Шолпан да, құйырықты жұлдыз да жай тілмен жұлдыз есептеледі.

Жұлдыздың радиалды жылдамдығын есептеу

Жұлдыздардың күнге салыстырмалы қозғалысы сол жұлдыздың жасы мен келіп шығуы туралы, сондай-ақ айналасындағы галактикалардың құрылымы мен өзгерісі туралы пайдалы ақпар береді. Бір жұлдыздың қозғалысы радиалды жылдамдығын және аспанды кесіп өтудің импульс моментін қамтиды. радиалды жылдамдық жұлдыздың күнге салыстырмалы жақындау, не алыстауына қаратылса, ал импульс моменті оның өз бетінше қозғалысына қаратылады.Радиалды жылдамдық жұлдыз спектріндегі Доплер ауысымын өлшеу арқылы анықталады, оның бірлігі Км/сек. Жұлдыздың өз бетінше қозғалуынан туған импульс моментін тауып шығу нәзік астроесептеулер арқылы орындалады, оның бірлігі миллионнан бір доғалық секунд (МП)/жыл. Жұлдыздардың көріну парқын өлшеу арқылы нақты жылдамдықты есептеуге болады. Егер жұлдыздың жылдамдығы жоғары болса, ол сөзсіз күнге біршама жақын болғаны.Екі жылдамдық та өлшенген жағдайда оның күн жүйесі кеңістігіне салыстырмалы қозғалысын есептеп шығаруға болады. Жақын маңдағы жұлдыздарда бірінші әулет жұлдыздарының жылдамдығы екінші әулет жұлдыздарынан төменірек болады. Кейінгілері жазыққа бейім эллиптис орбитада айлналады.Белгілі бір жұлдызды есептеу арқылы қасындағы одақтас, не қосар жұлдызының жылдамдығын да есептеп шығуға болады. Олар ортақ молекулялрық тұмандықтан келіп шыққан жағдайда, қозғалыстарында белгілі бір ортақтық ерекшеліктер болады.

Жұлдыздарға дейінгі қашықтықты анықтаудың негізгі әдісі – Жердің күн төңірегінде айналуын негізге ала отырып, жұлдыздардың көрінерлік орын ауыстыруын өлшеу. Сондықтан, Доплер принципі бойынша жұлдыздың айналу жылдамдығын анықтауға болады. Температурасы жоғары (экватор аймағында) жұлдыздар 100 – 200 км/с және одан да артық жылдамдықпен ал температурасы салқындау жұлдыздар одан кем, яғни секундына бірнеше км жылдамдықпен айналады

Жұлдыздың өз өсінде айналуын спектрометриялық құрылым арқылы өлшеуге болады, немесе жұлдыз дағының жылжуымен де шамалауға болады. Жас жұлдыздар өз өсінде тез айналады, экваторында жылдамдық 100Км/сек -ке дейін жетеді. Сондықтан оның экваторының радиусы екі полюсіне қарағанда 50% үлкен. Мұндай жылдамдық Ахернарды бөлшектеп тынатын 300Км/сек жылдамдықтан сәл кішкене ғана болып тұр

← Предыдущая
Страница 1
Следующая →

Астрономия нені зерттейді. Астрономия-Ғалам жөніндегі ғылым. «Астрономия» сөзі гректің астрон-жұлдыз және номос-заң деген екі сөзінен құралады.

У нас самая большая информационная база в рунете, поэтому Вы всегда можете найти походите запросы

Искать ещё по теме...

Похожие материалы:

Определение органолептических свойств и жесткости воды

Лабораторная работа по Экологии. Понятие о жесткости воды. Характеристика видов жесткости воды. Способы умягчения воды.

Эталоны заданий по патологической анатомии

Прикладная военная психология

Представленный в книге материал ориентирован на расширение знаний о прикладных аспектах военной психологии. В ней рассматриваются вопросы, связанные с организацией психологической работы в Вооруженных силах РФ

Шляхи формування педагогічної майстерності спортивного педагога

Психолого-педагогічна підготовка майбутнього педагога. Складові компоненти авторитету спортивного педагога та його різновиди. Шляхи підвищення педагогічної майстерності спортивного педагога.

Қонақ үйінің шаруашылық жағдайы мен басқару құрылымын талдау

Қонақ үй кешені халықтың өмірлік деңгейінің өсуін қоғамдық ынталандыру және өндірудің тиімділігін жоғарлатуда үлкен рөл атқаратын әлеуметтік саланың маңызды бөлігі болып табылады.

Сохранить?

Пропустить...

Введите код

Ok