Журналистің мәдени тілі

Аида жауаптар

Журналистің мәдени тілі

«Тіл мәдениеті» курсы нені зерттейді, оның алдына қоятын басты мақсаты қандай? Жаңадан «тіл мәдениеті», «сөйлеу мәдениеті» деген күрделі ұғым-түсініктер пайда болды, кейін оның арнасы кеңейіп, өзіндік бір мақсаты бар жеке ғылымға айналды. «Сөз мәдениеті» дегеніміз мағыналық өрісі кең дүние. Тіл жеке сөздерден тұрса да, оның әрбір сөзінде тура, ауыспалы, қосымша мағынасы болады (омоним, синоним, метафора). Мысалы: Ақындар «сөз» деп, поэзияны ұғынса, ұлы Абай «... сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел» деп, «сөз» деген ұғымды жаңа сападағы поэзияға байланысты қолданады. «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» деп, жүректен шығатын әрбір ойды бейнелі де көркем, қысқа да нұсқа бір негізі - поэзияда екендігін нақты мысалдармен айқындап береді. «Сөз» деп - жеке адамның ой-пікірін де, сонымен қатар идеясын да айтады.. «Тіл мәдениеті» дегеніміз - сөздерді дұрыс қолданудың емле мен белгілері ережелерін сақтап, сауатты жазу, оның ғасырлар бойы сұрыпталып келген, сөз зергерлері оюлап берген көркемдігі мен әсем өрнегін орнымен қолдану сияқты амал-әрекеттерді қамтиды. Тіл мәдениеті - тілдік нормаларының, тіл тәсілдерінің жетіп, ширап даму дәрежесі. Тіл мәдениеті негізінен сөзді орынды қолдану деген ұғымды білдіреді. Сөйлеу коммуникативтік қызмет атқарумен қатар, адамның ішкі өмірінің рухани байлығын жарыққа шығарып, жан сарайын танытады

Тілді қадірлейтін халқымыз тіл құдіретіне байланысты қандай қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер қолданған?Тіл тазалығына, сөйлеу шеберлігіне қазақ халқы ерекше мән берген. Ғылым-білім дегендерден алыс жүрген замандардың өзінде де тіл өнерін - өнердің өнері, «Өнер алды - қызыл тіл» деп бағалаған. Асылы, жақсы сөзді жанына азық ете білген, атқан оққа тоқталмаса да жүйелі сөзге бас иген, орнын тапқан екі ауыз сөзді ер құнымен теңестірген бір халық болса, ол қазақ халқы болар. Тіл ұстартқан халқымыз тіл өнерін мәпелеп отырып, сол қадірлісінің қадірін түсіретін, оған жауапсыз қарайтын, сөз мәнісін білмейтін көз жұмбайлыққа да жирене қарап, солардың атына да ащы, өткір сын айтқан. Мәселен: Байлауы жоқ шешеннен, үндемеген есті артық; аузына келгенді сөйлеу - ақымақтың ісі, алдына келгенін жеу - айуанның ісі, өсекшінің тілі қышып тұрады; іріген ауыздан - шіріген сөз шығады; Жақсы сөйлесе - аузынан гүл төгіледі, Жаман сөйлесе аузынан жын төгіледі - деген мақалдар осындайларға айтылса керек. Сондықтан да «бауыздамай қан шығаратын», «мірдің оғындай өткір» ащы мысқылдарды тіл бұзушыларға, сөз жүйесін білмейтін бәтуәсіз адамдарға айта білген.

«Тіл мәдениеті», «сөз мәдениеті» деген тіркестердің арасында қандай табиғи байланыс бар, оны басқаша атау мүмкін бе?Жаңадан «тіл мәдениеті», «сөйлеу мәдениеті» деген күрделі ұғым-түсініктер пайда болды, кейін оның арнасы кеңейіп, өзіндік бір мақсаты бар жеке ғылымға айналды. «Сөз мәдениеті» дегеніміз мағыналық өрісі кең дүние. Тіл жеке сөздерден тұрса да, оның әрбір сөзінде тура, ауыспалы, қосымша мағынасы болады (омоним, синоним, метафора). Мысалы: Ақындар «сөз» деп, поэзияны ұғынса, ұлы Абай «... сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел» деп, «сөз» деген ұғымды жаңа сападағы поэзияға байланысты қолданады. «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» деп, жүректен шығатын әрбір ойды бейнелі де көркем, қысқа да нұсқа бір негізі - поэзияда екендігін нақты мысалдармен айқындап береді. «Сөз» деп - жеке адамның ой-пікірін де, сонымен қатар идеясын да айтады.

Мысалы: «Ол артында сөз қалдырды» (соңында өшпес мұра қалдырды), «сөзі өтімді» дегенде - «айтқан пікір қонымды, нақты, иненің көзінен де өте алады» дегенді, «Ол маған сөз айтты» дегенде - «мені жақсы көретіндігін, сүйетіндігін білдірді» деп айтылғанын түсінеміз.

Сөзге байланысты мынадай да тіркестер бар: «отты сөз», «жылы сөз», «жүйелі сөз», «орынсыз сөз», «жаман сөз», т.б. Бұлардың қайсысы болсын, сөйлеуші адамның ішкі жан дүниесін қандай мақсатпен қозғалысқа түсетіндігінен хабар береді десек, артық айтқандық емес.

Шешендік өнердің өрісі.Тілдің майын тамызып, сөздің балын ағызатын қас шешен болу оңай да емес. Өйткені шешендік дарындылықты керек етеді. Оған сондай талап қойылатындықтан да халық «жүзден біреу шешен, мыңнан біреу көсем болады» дейді. Шешендік отбасы, ошақ қасында сыналмайды, жиын, топ алдында, сөз қадірін білетін, «көкірегі сезімді, тілі орамды» көпшілік алдында сыналады.

Шешендік-шеберлік сөйлеу өнері. Ол - тіл мәдениетінін бір саласы.

Шешендік - сөйлеу тілінің орамды формасы. Оның қоғамдық қызметі әрбір тарихи кезеңде әр түрлі болып құбылуы қызметінің өзгеруімен байланысты. Сол орайда казіргі шешендер және шешендік бұрынғыларға мүлде ұқсамайды. Қазіргі шешендік саясатпен, өнер-біліммен, экономикамен байланыста дамитындықтан, жұрт алдында айтылған сөз дәл, мүлтіксіз болуды керек етеді. Сол үшін хатқа қарап, жазғанды оқып сөйлеу ерекше күш алды.

Шешендік көркем әдебиет тілінің эмоция, экспрессияға негізделген көріктеу тәсілінің бірі болуға тиіс.

Бидің де биі бар, шешеннің шешені де бар. Сондай билердің биі, шешеннің шешені аталып, қазақ даласына даңқы шыққан. Мысалы, Төле биді, Қаздауысты Қазыбекті, Қаражігіт Әйтеке шешенді, «көмей әулиесі» атанған Бұқар жырауды мақтаныш етпеске болмайды. Олар сөз қадірін білетін, шешендік өнерінің көрнекті уәкілдері ретінде сөз өнері төрінен ерекше орын алады

Тіл мәдениеті мен мәдениетті, ой-өрісі жоғары, парасатты адамдарды бір-бірінен бөліп алып қарауға бола ма? Болса оны қалай түсіндірер едіңдер, оған өз орталарыңнан мысалдар келтіріп дәлелдеңдер.

Шынында да, тіл - адам қоғамының туындыларының ішіндегі асылдардың асылы, қымбаттың қымбаты, адамды адам еткен ұлы күштердің бірі. Ол қоғам тарихының барлық дәуірінде де оның күресі мен дамуының құралы, рухани өмірінің, бүкіл мәдениетінің тұтқасы болып келеді. Қоғамдық ой-сана, дүниетаным тіл арқылы ғана қалыптасып, жарыққа шығады, басқаларға беріледі.

Тіл - адам баласын қазіргі прогреске жеткізген ұлы да бірегей туынды. Осы себептерден де сөйлеу мәдениетіне жетілу, тілді дұрыс та, тиімді және шебер де тартымды пайдалана білу талабы көне замандардың өзінде-ақ басталған.

Адамдар өздерінің өмірлік серігі, бүкіл тіршіліктің құралы, рухани өмірінің айнасы - тіліне, оның тағдырына бейтарап қарамаған, оны қызғыштай қорып мәпелеген. Қоғамның мәдени дәрежесін көтеру бағытындағы әрбір қадам, алдымен, тіл мәдениетін, жазу, сөйлеу шеберлігін дұрыс жолға қою, оны үздіксіз жетілдіре беру талабынан басталып отырған.

Байырғы замандардан пайда болған алғашқы грамматикалық топшылауларды «өнертабысы», «грамматикалық өнер» деп атау, грамматиканы сөйлеу, жазу өнерін үйрететін ілім деп анықтау, тілді шебер қолдануға, шешендікке үйрететін «риторика», «стилистика» деп аталатын ғылымдардың пайда болуы айтылғандарды дәлелдесе керек.

Тіл тазалығына, сөйлеу шеберлігіне қазақ халқы ерекше мән берген. Ғылым-білім дегендерден алыс жүрген замандардың өзінде де тіл өнерін - өнердің өнері, «Өнер алды - қызыл тіл» деп бағалаған.

Ауызша сөйлеу мәдениеті дегенді қалай түсінесіңдер, оның жазба тілден қандай айырмашылығы бар?Ауызша сөйлеу мәдениеті сөйлеген кезде орфоэпия қағидаларын сақтап мәнерлеп сөйлеумен тығыз байланысты, яғни, сөздер қалай дыбысталса сөйлеген кезде де әрбір сөздің дұрыс айтылуына мән беруіміз керек.Ауызекі сөйлеу тілінің өзіндік ерекшелігі - бірін-бірі бетпе-бет көріп отырған екі не одан да көп адамдардың өзара пікір алысу, түсінісу құралы.

Бірін-бірі түсіну үшін сөйлеуші адамдардың дауыс ырғақтары, сөз құралындағы әрбір дыбыстың орфоэпиялық нормаға сай естілуі қажет.

Қазақ тілінің орфоэпиясы.

Ауызша сөздің дұрыс айтылуын орфоэпия оқытады. Орфоэпия дегеніміз тек қана дұрыс ауызша сөздің үлгісі емес (грамматикалық және сөздің дұрыс айтылу түрі), бірақ сонымен орфоэпикалық нормаларды бекітетін ғылым.

Біздің кезімізде айрықша сөйлеу мәдениетінің негізгі жағынан орфоэпия рөлі өсті. Радио және теледидар арқасында біздің кезімізде ауызша сөз белгілі мағынада кең қатынаста қажет болды, хатқа қарағанда....Қазіргі қазақ әдеби тілінің ауызекі сөйлеу стилі фонетикалық жағынан өте-мөте ерекшеленеді. Бұл ерекшелік, әсіресе, орфография мен орфоэпия материалдарын салыстырғанда, айқындала түседі, өйткені сөздердің барлығы да жазылып, қағазға түскеніндей оқыла, айтыла бермейді. Мұның өзі, шынтуайтқа келгенде, ана тілін қадірлеу, тіл мәдениетін сақтау сияқты ұғымдарды еске салады.

Жасыратыны жоқ, сөздердің дұрыс айтылуы тек ауызекі сөйлеуге ғана қатысты емес. Орфоэпияның заңдылығын барьнша мұқият сақтау ауызша сөйлеудің барльқ салаларында да қажет. .Қазақ тілінің орфоэпиясында мынадай үш түрлі кемшілік орын алып жүр:

а) әдеби тілде тұрақты нормасы бар сөздерді бұзып айту (китап - кітап деудің орнына), (ештеңке - ештеңе деудің орнына), (чық түсті - шық түсті деудің орнына);

ә) орфографиялық ережелер бойынша сөйлеу (қиян кескі - қияң- гескі деудің орнына), (қосшы - қошшы деудің орнына);

б) орыс тілінен немесе орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген терминдік мәні бар сөздер мен интернационалдық терминдердің бұзып айтылуы (телифон - телефон деудің орнына).

Тіл мәдениетін қалыпқа келтіру үшін қандай жагдайлар керек, оны әдеби нормаға қалай жеткіземіз? Әдеби тіл дегеніміз не?

Тіл мәдениетінің басты талаптарыньщ бірі - сөздердің дұрыс айтылып, дұрыс жазылуы. Дұрыс айтылмаған сөз тындаушының құлағына турпідей тиеді,- сөйлеушінің тіл мәдениетінің төмен екенін көрсетеді. Әрбір сөз халық тілінің өшпес дәулеті ретінде ол тілде сөйлеушілердің бәріне ортақ белгілі дыбыстық құрамда жұмсалып, әбден үйреншікті болғаннан кейін, оны әркімнің өзінше құбылтып айтуына болмайды. Болмайтын себебі әр сөздің белгілі тұтастық құрамы белгілі мағына білдіруіне ұштасады. Сауаттылық - тіл мәдениетінің де, мектепте қазақ тілін оқытудың да басты талабының бірі.

Әдеби тіл - адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау нәтижесінде қалыптасып бекіген, жалпы халыққа тегіс танылған тілдік құбылыстар жүйесі. Стильдік тармақтары сараланған, қолдану өрісі кеңейген, қоғамдық қызметі әр алуан жүйелі тіл саналатын болғандықтан, оны қалыптасқан бір қалыпты (нормалы) тіл деп те айта аламыз. Өйткені әдеби тіл мен тілдік норма бір-бірімен тығыз байланысты.

Ақпарат құралдары: радио, теледидар тілдерінің дыбыстық ерекшелігі, ортаға бейімделуі, көпшілік қауымды өздеріне тарта білетін қасиеттері неге байланысты? Оны қандай ғылыммен тікелей байланыстыруға болады?

. Ақпарат құралдары: радио, теледидар тілдерінің дыбыстық ерекшелігі, ортаға бейімделуі, көпшілік қауымды өздеріне тарта білетін қасиеттері неге байланысты? Оны қандай ғылыммен тікелей байланыстыруға болады?

. Радио және теледидар арқасында біздің кезімізде ауызша сөз белгілі мағынада кең қатынаста қажет болды, хатқа қарағанда....

Орфоэпия рөлі орфография рөліне ұқсас. Нақты, қатесі көп хатты оқитын сияқты (қате – бұл оқу кезіндегі кедергі) сөйлемді дұрыс емес құрау, стандартты емес ауызша сөйлем бір-бірімен қатынаста және түсінуіне кедергі болып табылады. Міне неге: әрбір түзу айтылмаған сөйлем тыңдаушыны ойынан ауытқытады, сөйлемнің сыртқы жағын ескеруді мәжбүр етеді және тіл қатынасына кедергі жасайды.

Жаңылтпашта дыбысты босатудан жасқану керек (дауыссыз және дауысты), нақты артикулдеу керек, жақсы мәнерлеуді қалыптастыру керек.Бірақ осының барлығы жеткілікті емес: орфоэпиканы қолдану арқылы осының барлығын дұрыс аталған қазақ тілі нормасында істеу керек.

Дауысты дыбысты айтқан кезде қандай ережелерді білу кажет? Бұнда редукция заңы негізгі заң болып табылады яғни жеңілденген артикуляция, барлық дауысты дыбыстарда болады.

Қазіргі қазақ әдеби тілінің ауызекі сөйлеу стилі фонетикалық жағынан өте-мөте ерекшеленеді. Бұл ерекшелік, әсіресе, орфография мен орфоэпия материалдарын салыстырғанда, айқындала түседі, өйткені сөздердің барлығы да жазылып, қағазға түскеніндей оқыла, айтыла бермейді. Мұның өзі, шынтуайтқа келгенде, ана тілін қадірлеу, тіл мәдениетін сақтау сияқты ұғымдарды еске салады.

Жасыратыны жоқ, сөздердің дұрыс айтылуы тек ауызекі сөйлеуге ғана қатысты емес. Орфоэпияның заңдылығын барьнша мұқият сақтау ауызша сөйлеудің барльқ салаларында да қажет. Демек, от басында, ошақ қасында немесе бейресми жағдайда ғана дұрыс сөйлеп, басқа ресми жағдайларда сөйлеу ережесі бұзыла берсін деген түсінік болмағаны абзал.Өкінішке орай, басқа стильдер ынғайында да, айталық, үлкенді-кішілі бас қосу барысында, радио мен теледидардан хабар беру кезінде де көптеген орфоэпиялық қателердің орын алуын мұндай маңызды мәселеге немқұрайлы қараудың көрінісі деп білу керек.

Әдеби тіл нормасы бай болса да оның сезімге, ой-санаға әсер етпеуін қалай түсінеміз? Дауыс ырғағы, интонация, мимика, дикция сияқты ұғымдардың, ерекшеліктердің ауызша сөйлеу мәдениетіне қатысы бар ма, мысалдармен дәлелдеңдер.

Ритмикалық топ деген не, ауызша сөйлеу мәдениетіне оның әсері туралы айт, шешендік сөздерден, поэзиялық шығармалардан мысалдар келтіріп айтып көріңдер. Сөз бен сөз аралыгында кездесетін «элизия», «протеза», «редукция» құбылысына әдеби шығармалардан мысалдар келтір, мәнеріне, дыбыстың ерекшелігіне көңіл бөл.Өкпедегі ауаның мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, сөз немесе бірнеше сөзден соң пауза жасауға тура келеді. Осы кідірісті тілде бунақ дейді (фраза, синтагма, тіркес, ритмикалық топ, синтаксистік топ т.б.) деп атайды.Бунақ қазақ тілінде поэзияда маңызды міндет атқарады. Дәрісте мысалдармен түсінік беріледі. Сөйлеу кезінде қандай сөздер мен сөз тіркестері бунақ құрап айтылатыны туралы сараланып берілген.

Сөз қолдану мәдениеті мен жазу мәдениетінің байланысы, оған қойылатын талаптар

Сөз қолдану мәдениеті мен жазу мәдениетінің бір бірімен байланысы, туыстық қарым-қатынасы қандай, оны қандай мысалдармен дәлелдеп айтуга болады?Сөзді дұрыс қолдану мен жазу мәдениеті әрқашан да бір-бірімен тығыз байланысты, яғни, бір нәрсенің екі жағы сияқты оны бір-бірінен бөліп алып қарауға болмайды.

Сондықтан да ішкі ой дүниемізге байланысты қандай сөзді қолдансақ та оны сауатты жаза білуіміз керек. Ол үшін мынадай принциптерді білудің маңызы өте зор:

Грамматикалық принцип - тыныс белгілерді грамматикалық ережелерге сүйеніп қою.

Мағыналық принцип - сөйлемнің тыныс белгілерін синтаксистік категориялар мен синтаксистік тұлғалардың мағынасына негіздей қою.

Интонациялық принцип - сөйлемнің тыныс белгілерін синтаксистік категориялар мен синтаксистік тұлғалардың сазына, нақышына келтіріп айтылуына және естілуіне қарай қою.

Бұл принцип, біріншіден, тыныс белгілерін дұрыс қою арқылы ой-өрісті кеңейтеді, екіншіден, тілдің ішкі заңдылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік жасайды, үшіншіден, әдеби тілдік нормаға сай сөйлей білуге баулиды.

Ауызекі тілде нақты сөз өрнектері ым-ишара, мәнерлі қимыл қозғалыстар адамның жан дүниесіне әсер етсе, ал жазба түрде ойды оқырманға дәл жеткізу үшін әрбір сөз, әрбір тыныс белгі өз орнында келіп, ой мен сезімге бірдей дөп тиіп жатуы қажет, басы артық сөздердің болмағаны дұрыс.

«Ақылдың көзі - аталы сөз» деп халқымыз бекерге айтпаған. Сонда әдеби тілді еркін меңгеру үшін, сөз қадірін терең түсініп тілдік оралымға байланысты тиімді қолдана білу үшін қандай жағдайлар қажет деп ойлайсыңдар?

«Тіл - ақылдың өлшемі» дейді. Осыған байланысты көркем әдеби шығармалардан адамгершілікке, имандылықка байланысты үзінділерді таңдап алып, жатқа айтып көріңдер.

Дауыстың актер шығармашылығындағы орныТіл тазалығы мен сөздің дұрыс айтылу ережелерін меңгеру, оны іс жүзінде қолдана білу –

драмалық театр актері үшін басты міндеттердің бірі. Өйткені актердің сөзі түсініксіз болса, онда ол

қаншалықты дарынды болғанымен айтайын деген ойын, талап-тілегін тыңдаушы-көрермен

қауымға толық жеткізе алмайды. Міне, сондықтан да болашақ актер тіл тазалығына, сөздің дұрыс

айтылуына қатты көңіл бөлуі керек. Тіл тазалығына арналып іріктелініп алынған жаттығуларды

барлық студенттер меңгеруге тиіс. Тілінің кемшіліктері бар студенттерге қосымша, арнайы

жаттығулар, тапсырмалар беріледі. Негізінен тіл ұстарту жұмыстары жеке сабақтарда жүргізіледі.

Жұмбақтармен жаттығулар жасау

Сөз өнері және журналист

Дикция –дұрыс сөйлеудің басты кілті-фотосы бар ватсапта Айгерим жиберген

Қазақ тіліндегі сөздердің дұрыс айтылуы мен жазылуы

Қазақ тілінде сөздердің жазылу заңдылығы мен айтылу заңдылығы бар.

Орфография – сөздердің дұрыс жазылу заңдылығы.

Орфоэпия – сөздердің дұрыс айтылу заңдылығы

Дыбыс үндестігі орфоэпияның негізгі нормаларының бірі болып табылады.

Орфоэпиялық норма бойынша сөз бен қосымшаның шегіндегі, сөз бен сөздің аралығындағы дыбыстар бір - біріне үндесіп айтылуы керек.

Ілгерінді ықпал

Жазылуы ----------- айтылуы

Көрікбай ------------ Көрікпай

Көк гүл -------------- Көк күл

Қас жау ------------- Қаш жау

Ашса ----------------- Ашша

Ішсе ------------------ Ішше

Қашса --------------- Қашша

Ала көз ------------- Ала гөз

Алып бер ---------- Алып пер

Тоқ бала ------------- Тоқ пала

Кейінді ықпал

; азылуы ------------- айтылуы

Жанболат ------------ Жамболат

Кек алу --------------- Кег алу

Қара ала ------------- Қарала

Сақ адам ------------ Сағ адам

Он бес ---------------- Ом бес

Есенбай -------------- Есембай

Көп бала ------------- Көп пала

Тоқ екен ------------- Тоғ екен

Журналистикадағы «ақпарат ұғымы»Журналистік ақпарат – адамзат қалыптастырған жалпы ақпараттың құрамдас бір бөлігі болып саналады. Журналистикадағы ақпарат ұғымының басты екі мағынасы бар. Ақпараттың кең мағынасы – журналистика аудиторияға жеткізетін барлық мәліметтердің жиынтығы. Яғни көпшіліктің дүниетаным шеңберін ұлғайтатын хабарлар мен жарияланымдардың бәрі де журналистік ақпарат болып табылады. Мақалалар мен очерктер, телефильмдер мен сазды хабарлар, радиоспектакльдер мен бейнеклиптер, жарнамалар мен телекөпірлер, баспасөз конференциялары мен боифингтер, сөз жұмбақтар мен хабарландырулар т.б. БАҚ жүйесінде қолданылатын материалдардың кең спектрі түгел қамтылады.

Журналистикадағы ақпарат тар мағынасында үш түрлі ұғымды білдіреді:

а) бұл – ішкі және сыртқы, халықаралық жаңалықтардың жиынтығы;

ә) публицистиканың ақпараттық жанрлары: заметка, есеп, репортаж, сұхбат;

б) ең шағын жанр заметканы кейде хабар, ақпар деп атаймыз.

Жалпы журналистикадағы ақпаратты мән-маңызына қарай бірнеше түрге бөліп қарастыруға болады.

Олар:

а) оқиғалы ақпарат

ә) көркем ақпарат

б) публицистикалық ақпарат

в) анықтамалық ақпарат

г) жарнамалық ақпарат

ғ) көңіл көтеретін ақпарат

д) түсініктемелі ақпарат

е) түсініктемесіз ақпарат

Сөйлемдегі сөз – дикциямен жұмыс істеудің басты кезеңі

Сөздің анық шығуындағы тілдің қатысы

Материал дайындау кезіндегі талаптар

Сөйлеу техникасы дегеніміз не?Көркем сөз оқу өнері сөйлеу техникасын әбден меңгеруді талап етеді.Сөйлеу техникасы сөйлеу мүшелерінің қызметімен тығыз байланысты.Сөйлеу техникасына жақсы жаттықпаған адам,дағдыланбаған адам көркем шығарма тексін тыңдаушыларына ауызша,мәнеріне,нақышына келтіріп жеткізі алмақ емес.Сөйлеу техникасын игеру тәсілі музыкалық аспаптарды күйіне келтіру сияқты.Егер аспап күйіне келмесе орындалатын шығарманың әуезділік сапасы төмендейді,тыңдаушылардың құлағына жағымсыз тиеді.Демек,тексті оқыр алдында сөйлеу техникасына біршама көңіл бөліп,дайындық жұмысын жүргізу қажет.Сөйлеу техникасына;тыныс алу,(ауаны ішке жұту,сыртқа шығару,)дауыс,дикция жатады.

Мәнерлі сөйлей білу мен оқи білу деңгейіне көтерілу үшін,тілдің дыбыс шығаратын мүшелерін көп жаттықтыру,сөйлеу техникасын жақсы біліп, игеру міндеті қойылады.Бұл мәселеге қазақ тілінің фонетикасын өткенде,дыбыстардың шығу,жасалу орнына айрықша көңіл бөлінеді.Сөйлеу мүшелері және оның дыбыс жасаудағы қызметі баса айтылады.

Ауызекі сөйлеу тілінің қазақ тілі тарихындағы орны.Әдеби тілдің не екенін, оның халық тілінен айырмашылығын, карым-қатынасы қалай болатынын білмей тұрып, тіл мәдениетінің биік шыңына кол созуға болмайды. Өйткені тіл мәдениетінің қағида, талаптары жазба әдеби тіл мен «ауызша әдеби тіл» дегеннің арақатынасынан пайда болады.Ғасырлар бойы жасалып, үздіксіз даму, жетілу процесіндегі тілдің тарихи дәуірлері оны жасаушы халықтың тарихымен, ой-санасының даму процесімен байланысты. Сондай даму кезеңінің бірі, әдеби тіл болып қалыптасу дәуірі. Әдеби тіл - халық тілінің жоғары формасы екені, оның басты белгілері өзінен-өзі түсінікті сияқты. Дегенмен де әдеби тіл жайындағы көзқарастар әр қилы. Көркем әдебиетке қатысты етіп, «әдеби тіл деп көркем сөз шеберлері шыңдаған тілді айтамыз» (М.Горький) десе, әдебиеттің толып жатқан басқа да салаларындағы тілдің қоғамдық қызметін ескертіп, кейбіреулер «әдеби тіл - жазба тіл», ал тағы біреулер «әдеби тіл - нормаланған тіл» дейді. Қазақ тілі мамандары мен әдебиетшілерінің әдеби тіл туралы пікір айтпағандары кемде-кем. Бірақ олардың ешқайсысы әдеби тілдің анықтамасы мынау, сипаттамасы мынау деп, соқырға таяқ ұстатқандай пікір айтқан емес Міне, осылай әдеби тілдің тарихы жайында пікірлердің шым-шытырық болуы әдеби және әдеби емес тілді айыра алмаудан, әдеби тілдің сипаттамасы қалай болмақ, анықтамасы не болмақ дегенге мән бермеуден деп білеміз. Әдетте бір категорияның не екенін білмей, айқындай алмай тұрып, онын басқа мәселелерін дұрыс шешу мүмкін емес. Кейбір ғылыми атаулардын әдебиетте екі түрлі аталатыны бар, мысалы, семантика - мағына, субъект - бастауыш, объект - толықтауыш, предикат - баяндауыш, лингвистика - тіл білімі. Бұл сөздердің барлығы орыс тілінен енген. Бұлар дублет синонимдер

Имидж дегеніміз не?Имидж (ағылш. image — бейне, бейнелеу) — өнер ретiнде мақсатты түрде адамның өзiн, не бұқаралық ақпарат арқылы белгiлi бiр зат немесе адам жөнiндегi керек мәлiметтi бейнелеп керсету.[1]

іскер адамның бет-бейнесі‚ оның қоғамдағы беделі. Мұның өзі нарықтық қатынас жағдайында кәсіпкер бизнесінің дамуына тікелей ықпал етеді;

фирманың‚ тауарлардың‚ көрсетілетін қызметтердің‚ сауда таңбасының қызметтен қосымша табыс беретін немесе залал келтіретін бейнесі. Фирманы тұтас мүліктік кешен ретінде сату кезінде имидж субъектінің сату (сатып алу) бағасы мен баланстық құны арасындағы айырма ретінде бағалануы мүмкін. Оң айырма – “гудвилл”‚ теріс айырма – “бэдвилл” деп аталады.[2]

Oғaн жарнаманы да қосyға болады. Имидж қолданбалы өнердiң құрамдас бөлiгi және бедел мен абыройын, қажеттiлiгiн арттыру үшiн де қажет. Сондай-ақ, имидж әлеуметтік-саяси бағытта да адамның бағасын арттыруға ықпал етер маңызы бар. [3

Тіл қатысу және оның құрылымы

Құрама дауыссыз дыбыстарАйтылу кезінде ауаның еркін шықпай, кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз.

Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жанасуы немесе толық қабысуы арқылы пайда боладыҚазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар дауыс қатысына және жасалуына қарай өзара бірнеше топтарға бөлініп, жүйеленеді. Олар:

- үн мен салдырдың қатысына қарай: қатаң, ұяң және үнді дауыссыз дыбыстары;

- айтылу жолына қарай: шұғыл, ызың және діріл дауыссыз дыбыстары;

- жасалу орнына қарай: ерін және тіл дауыссыз дыбыстары.

1. Қатаң дауыссыздар

Тек салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар деп атаймыз.

Қатаң дауыссыздарға мыналар жатады: к, қ, п, с, т, ш

2. Ұяң дауыссыздар

Үн мен салдырдың қатысы арқылы жасалған дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атаймыз. Ұяң дауыссыздарда үннен гөрі салдыры басым болады.

Ұяң дауыссыздарға мына дыбыстар жатады: б, г, ғ, д, ж, з.

3. Үнді дауыссыздар

Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан гөрі үн басым болатын дыбыстарды үнді дыбыстар деп атаймыз.

Үнді дауыссыздар жұмсақ таңдайдың қалпына қарай екіге бөлінеді:

- ауыз жолды: й, л, р, у;

- мұрын жолды: м, н, ң.

Сөз және оның басқа нәрселермен байланысы

Тыныс алу жүйелерінің жұмысын қалай реттеуге болады-фотосы бар ватсаппен жиберген Айгерим

. Журналист әдебі қырлары

Журналист және оның жүріс-тұрыс әдебі. Журналист жұмыс үстінде. Журналист жол үстінде. Журналистің жұмыс күні. Журналистің жұмыс столы. Журналистің жұмыс жоспары. Журналистің жұмыс киімі. Журналистің жұмыс құралдары. – Бәрі-бәрі журналистің жүріс-тұрыс әдебіне енеді. Бұл әдепке қатысты заңдылықтар тікелей теледидар функциясына, бағытына байланысты. Мысалы, ақпараттық функцияны орындайтын жаңалықтардағы жаршылар (дикторлар) тиянақты болуы керек, бұл оның киіміне де, өзін ұстауына да қатысты.Оларда артық қимыл жасау (көздерін жыпылықтатып, теңселіп, қолдарын ербеңдетіп және т.б.), күрделі, түсініксіз, ұзын құрмалас сөйлемдер айту этикаға қарама-қайшы келеді. Олар жаңалықты нақты, қысқа және түсінікті етіп жеткізе білуі керек. Ал ойын-сауық бағдараламаларының жүргізушілері, керісінше, өз талғамы бойынша киім киіп, өзіндік стиль қалыптастыруға тырысады. Бағдарламаларды қызықты өткізу үшін, оларда, кейбір кездерде мимикалық шектен тыс қимылдар келтіріліп (әсіресе, музыкалық бағдарламалар) те жатады.

Сұхбат барысында журналиске қойылатын талаптарСұхбат барысында журналиске қойылатын талаптар

1. Сұхбат алуға бармастан бұрын не сұрайтыныңды жоспарлап ал. Ол қандай ақпарат айтқанда, сенің қандай сауалың болуы мүмкін? Сұхбат алудың картинасын көз алдыңа елестет!

2. Сұрай бер, сұрай бер және сұрай бер! Сұрақ сұрағаннан еш қысылма!

3. Сұрай бер дегенді, сұхбаттасымен тайталасу, салғыласу деп түсінбе!

Газет беттерін ақтарып отырып, журналистердің сұхбаттасымен тайталасу, салғыласу тенденциясын байқауға болады. Сұхбаттасыңа ақылды болып көрінудің қажеті шамалы. Сен онымен білім жарыстырайын деп емес, ақпарат алуға келдің. Тәжікелесуге уақыт зая еткенше, тағы бір сұрақ қойғаның тиімді.

Ал екінші жағынан, тайталасу арқылы сен өзіңнің субъективті ойыңнан хабар бересің. Субъективті мақала жазатын журналист қоғамға шынайы ақпарат тарата алмайды. Сұрақ қоюдан қорқып, жалтақтаудың да қажеті жоқ, сонымен қатар, салғыласудың да қажеті шамалы. Сауатты, ақпарат ала-алатын сұхбат жаса. Сұхбатыңда өзіңді ірілетіп, сұхбаттасыңды кішірейтіп беріп, арзан абырой жинауға ұмтылудың қажеті жоқ. Бізде сол тенденция бар. Газетке шыққан мақаланы оқып отырып, журналистің зіркілдеген кейпін, ал сұхбаттасының бейшара қалпын көз алдыңызға елестетесіз.

4. Сен әрине, интервью алатын адамыңның жұмыс істейтін саласының қыр шұқырынан барынша хабардар болуың керек. Бірақ, ол білетін кей мәселені сенің білмеуің ықтимал болғандықтан, еш қымсынбай білмейтін нәрсеңді сұрап ал. Өйтпеген жағдайда, өзіңе беймәлім нәрсе жайлы мақаланы оқырманыңа қалайша ұсынасың?

5. Сұхбат алатын адамыңның қызметтік шені мысыңды басып кетпесін! Сен өз жұмысыңды атқаруың керек. Сенің міндетің – қоғамға толық ақпарат беру. Сұрамасаң, саған ешкім ақпарат бермейді. Керісінше, баспасөз-хабарламасымен алдарқатып қояды. Бізде лауазымы үлкен шенеуніктен сұхбат алса, мақтаныш кернеп, бірнеше жылға азық болады. Саған ол шенеунікпен кездесу емес, одан алған ақпарат маңызды болуы тиіс!

6. Қоштасар кезде, артық ақпарат керек болса, тағы да хабарласатыныңды ескертіп қой.Қоңырау шалудан, қайта хабарласудан еш қымсынба! «Уақытын алу ыңғайсыз» деген ойдан аулақ бол! Түсінбеген нәрсені қайта сұраудың ағаттығы жоқ. Есесіне, газет бетіндегі бірер қате азаяды!7. Ақпарат көздеріне оқтын оқтын хабарласып тұр. Хабарласқан сайын, жаңа ақпарат алуың мүмкін. Әрі сенімді ақпарат көзіне айналады, бірақ, ол ақпаратты екінші ақпарат көзінен растатып алуды ұмытпа!

8. Ақпарат көзімен етене араласудан сақтан! Ондай жағдайда, ол жайлы объективті мақаладан гөрі, субъективті мақала жазасың!

9. Айтылып отырған сөздерге немқұрайлылық та танытпа! Бізде сұхбат алушы журналистер кейіпкерінің айтып отырған әңгімесінен гөрі, келесі сұрағын ойлап отырады.Құлағы түрік тыңдаушы әрі қырағы бақылаушы бол!

Журналистке арналған гигеналық талаптар- негизи сокпаид,бирак жоктан бар жаксыго))))))Бүгінгі таңда журналистерге қойылатын талаптар – бұрынғыдан әлдеқайда қатаң. Заман ағымына сай кез-келген жағдайға бейімделе алмайтын, сөзге шорқақ адам журналистика саласында табан тіреп тұра алмайды. Бәсекеге төтеп бере алатын білікті, білімді, шебер маман ғана тұрақты қызмет ете алады. Біріншіден, таза шығармашылық талаптарға қоса, журналист жаңа техникалық құрал-жабдықтармен жұмыс істей алуы керек. Екіншіден, оның денсаулығы мен психологиясы орнықты болуы керек. Журналистің шығармашылық шеберлігі қатып қалған қағидаға байланысты қалыптасып, дамымайды. Дегенмен, төмендегі жайттарды ескерген ләзім:

1.Тақырып таңдай білу.Журналистің тіл шұрайлылығы

Дерек және шындық.

. Тапқырлық шеберлігі\

Сөз ішіндегі дыбыстардың бір-біріне әсері

Дауысты дыбыс әріптерінің емле заңдылықтарыДауыты дыбыс әріптерінің емлесі

Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың сөз құрамында қолданылу тәртібі бірдей емес.

1. А, е, ы, і әріптері сөздің барлык орындарында қолданыла береді: алғандары, ыстық, елдес, еріншек т. б.

2. Сөздің соңғы буынында ы, і дыбыстары болып, оған жалғанатын қосымша дауысты дыбыстан басталса, кей сөздерде ы, і дыбыстары түсіп қалады: көңіл — көңлі (көңілі емес), ауыл — аулы (ауылы емес), халық — халқы (халықы емес).

3. Тек түу одағайынан басқа сөздерде у әріпінің алдынан ұ,ү. ы, і әріптері жазылмайды: тоқы — тоқу (токыу емес), шоқы шоқу (шоқыу емес), біл — білу (біліу емес), күл — күлу (күлүу емес).

4. ә, ө, о, ұ, ү әріптері жалаң сөздердін бірінші буындарында қос сөз бен біріккен сөздердің екінші сыңарларының бірінші буынында жазылады: Жәнібек, орман, өңір, көңіл, жұмыртқа, жүгіру Үмбетәлі, көл-көсір, Тереңөзек, Әсемкүл, тоғызқұмалақ т. б.

5. ә, ұ, ү әріптері мына сөздердің екінші буынында жазылады: сірә, күнә, іңкәр, мәрмәр, мазмұн, бұлбұл, мақұл, мәжбүр, дәстүр дүлдүл, т. б.

6. Етістіктің -йы, -йі дыбыстар тіркесіне аяқталатын туынды түбіріне көсемшенің -й жұрнағы жалғанғанда -ый, -ій әріптерінің орнына бір гана и жазылады: колхоз байыды — колхоз байиди (байыйды емес, баиды емес), ол кейіді — ол кейиді (кейійді емес, кеиді емес).

7. Сый, тый түбір сөздерінен ербіген сөздерде ғана -й, -я, -ю әріптерінің алдынан ы жазылады: сый, сыйлық, сыяды, сыю, тый, тыяды, тыюлы.

8. Э, е әріптері орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылады электр, экскаватор, вертолет.

Сөйлеу теникасын шыңдаудағы драматургияның әсері

Тіл қатысу және оның құрылымы

Дауыссыз дыбыстардың түрлері мен олардың айтылуыДАУЫССЫЗДАР

ҚАТАҢ

П, Ф, К, Қ, Т, С, Ш, Щ, Ч, Х, Ц, Һ.

ҰЯҢ

Б, В, Г, Ғ, Д, З, Ж.

ҮНДІ

Р, Л, Й, (У), М, Н, Ң.Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар деп атаймыз.

Салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалған, бірақ үннен салдыры басым дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атаймыз.

Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан үні басым болатын дауыссыз дыбыстарды үнді дыбыстар деп атаймыз.

Адамды иландыруға көмектесетін 14 ереже.

Ымдау және қимыл қарым-қатынастың вербальды емес құралы.Кейбір кездерде вербалды емес құралдармен, сөзсіз де ойынды жеткізуге болады. Мәскеуде пантомима театры бар. Көбінесе сіз бір де бір дыбыс естімейсіз. Бірақ, залы көрермендерге толы.

Ым және қимыл әлемі өте бай. Мысалға, мына ымдар не білдіреді?

Тіл көрсету - мазақтау-ымы.

Маңдайдан соғу - еске түсіру-ымы.

Жұдырықпен қорыту – қорқыту ымы.

Қабағын көтеру - таңғалу-ымы.

Басты екі қолмен ұстау - қорқу-ымы.

Ымдар және жағдайлардың жазылуын лингваәлемтану сөздігінде таба аласыздар. «Орыс сөздігіндегі ымдар мен қимылдыр» А.А. Акишинованың, Х.Кано, Т.Е.Акишининованың редакциясынан (М. 1991ж.).

Ым және қимыл тілінің тарихы.

Ым - ішкі жан дүниені көрсететін бет бұлшық еттерінің қимылдары.

Қимыл – қолдың немесе басқа дене мүшесінің қимылы.

Сонымен, ым және қимыл сөзбен тығыз байланысты. Қимыл және ым жалпы сөзді ауыстырады. Цицерон айтқандай, біздің ішкі дүниеміздің қимылын білдіреді.

Көптеген ымдар өзінің тарихи және олардың ұлттық ерекшеліктерімен байланысты. Сіздерге саусақтарды көтеру немесе түсіру ымы таныс. Саусақты көтеру бағытын император гладиаторға өмір сүру шешімін көрсеткенде қолданған.

Біз амандасу кезінде қолымызды қысамыз. Бұл ым бәріне белгілі. Бірақ, мысалы, қытайлықтар ерте кезде өз қолдарын бір-біріне қысқан. Біздің кезде шешендер тындаушыларымен осылай амандасады.

Тибет елінде кездескен кезде бас киімдерін оң қолдарымен шешіп, сол қолдарын құлақтың артына жібереді, сонымен қатар өздерінің тілдерін шығарады. «Саған қарсы ештеңе ойлап тұрған жоқпын. Сабыр бол» дегенді білдіреді. Бұл ымдарды тек Тибет елінде ғана қолданыңыз.

Эскимостар бір-бірімен амандасқанда жұдырықпен бастан және иықтан жеңіл ұрады.

Лапландтар мұрындарымен жұғысады.

Тарихтағы ымдар туралы айта берсек, олар өте көп. Ал егер, біреу қатты қызықса керекті мәліметтерді кітапханада таба алады.

Сөз қолдану мәдениеті мен жазу мәдениетінің байланысы, оған қойылатын талаптар.Сөз өнерінің қиын екендігі, өнер атаулының ең биігі екендігін, Бұқар жыраудың осы бір сөзінен-ақ аңғаруға болады. Қазақ халқы өз ұрпақтарының тіліне, сөйлеу мәнеріне ерекше көңіл бөліп, сөздік қорының молайып отыруына, әдемі сөз саптауларына, өз ойларын еркін айтуларына мән беріп отырған.«Барлық өнерден сөз өнері жақсы екенін білген жөн. Адамзаттың ең абзал қасиетінің бірі - сөз сөйлей білу. Бұл жағдайды жете түсін де, жақсы сөйлей білуге үйрен: сыпайы, анық сөйлеуді әдет қылғайсың, өйткені қандай сөзді айтуды әдеттенсең тіл соны айтады. Сөзді өз орнымен сөйле. Орынсыз айтылған сөз жақсы болса да жаман көрінеді. Орынсыз айтылған артық сөз опық жегізеді.

Егер сөйлеген сөзіңнен бір нәрсенің пайдалы иісі сезіліп тұрмаса, ондай сөздің айтылмағаны жақсы.

Халқымыздың ғасырлар бойы сақтап бізге жеткізген сөз мұрасын толық меңгеру, оны өз орнымен пайдалану - баршаның міндеті.

Кім болса да өз пікірін дәлелдеу үшін сөзге, сөйлемге байланысты қажетті сөз тіркестерін терең меңгеріп, күнделікті өмірде қолдана білулері керек.

Қазір жеке ел болып, өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілгендей кезеңде қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алды. Қазір де қазақ тілін дамытуға толық мүмкіндік бар.

Сондықтан ауызекі тілде сөздерді орынды қолданумен қатар, дұрыс жазу талабына, жазу мәдениетіне де көңіл бөлінеді. Яғни, орфографиялық нормадан ауытқуға, оны өз бетімізше өзгертіп жазуға болмайды.

Өйткені, емле ережелері заңды түрде бекітіледі, жалпыға ортақ емле ережелерін сақтау, оны грамматикада қолдана білу - бәріміздің міндетіміз.

Қазір қазақ тілінің лексикасы молайды, оның сөздік құрамына интернационалдық, ғылыми-техникалық жаңа терминдер енді. Мысалы: Ғарыштық кеңістікке байланысты - ғарышкер (космонавт), ғарышжай (космодром), әуежай (аэропорт), көгілдір экран, теледидар (телевизор), көгілдір от (газ), электрондық өткізгіш, ұшақ (самолет), тік ұшақ (вертолет), ұжым (коллектив) т.б.

Кейінгі кезде пайда болған аң-құс, жан-жануар, өсімдік атаулары, шаруашылық, тұрмыс, мәдениет, өнер, спорт салаларына байланысты құрал-жабдық, ұғым атаулары және екінші сыңары «аралық», «тану», «сымақ» сөздерімен келген атаулар бірге жазылады. Мысалы: Көзқарас, сутегі, сүтқоректілер, түйеқарын, жанкүйер, көрермен, оқырман, ауданаралық, қоғамтану, тәнтану, дүниетану, т.б. сөздер бірге жазылып, бір жүйеге түсті

Сөздің анық шығуындағы тілдің қатысы.ТЫҢДАУШЫЛАРЫҢА ойыңды жақсы жеткізе білу үшін анық сөйлеуің керек. Айтқалы отырғаның өте қызықты, тіпті маңызды болуы мүмкін, бірақ сөздеріңді түсіну қиын болса, мұның бәрі далаға кетеді.

Адам айтылып жатқанды түсінбесе, әрекет жасауға талпынбайды. Сөйлеушінің даусы, мейлі, қатты әрі сазды болсын, егер ол анық сөйлемесе, тыңдаушыларға әсер етпейді. Бұл тыңдаушылар түсінбейтін шет тілінде сөйлеп тұрғанмен бірдей болады (Ер. 5:15). Бұл жөнінде Киелі кітап: “Егер керней белгілі әуенді тартпаса, кім шайқасқа дайындалмақ? Дәл сол сияқты сендер өз тілдеріңде Құдайдың хабарын түсінікті қып айтпасаңдар, тыңдаушылар не туралы айтқандарыңды қайдан білмек? Сөздеріңнің желмен ұшып кеткені ғой”,— деп ескертеді (Қор. 1-х. 14:8, 9).

Анық сөйлеу неге қиын? Бұл ауызды кеңірек ашпағандықтан болуы мүмкін. Жақ бұлшық еттері жиырылып, ерін білінер-білінбес қимылдаса, сөздерің анық айтылмайды.

Адам өте жылдам сөйлегенде де, сөздерін түсіну қиынға соғуы мүмкін. Бұл үнтаспаға жазылған баяндаманы жылдам айналдырып тыңдағанға ұқсайды: оны бастан-аяқ ешбір сөзін қалдырмай тыңдасаң да, ештеңе түсінбейсің.Сөздерді анық айтудың бір жолы — өз тіліңдегі сөздердің жасалу жолдарын білу. Көптеген тілде сөздер буындардан тұрады. Буын — сөздерді айту кезіндегі ауаның қарқынмен кілт үзіліп шыққан бір немесе бірнеше дыбыстар тізбегі. Мұндай тілдерде әдетте буындардың барлығы айтылады; буын екпінді және екпінсіз болып келеді. Егер сөздерді анық айтқың келсе, асықпай сөйлеуге және барлық буынды айтуға тырыс.

Сөз және оның басқа нәрселермен байланысы.

«Қазақ тілінің орфоэпиясы.Орфоэпия (гр. 'orthos' – дұрыс, epos – сөз, сөйлеу) – сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылу ережелерінің жиынтығы. Тілдегі сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей бола бермейді. Қазақ тілінің дыбыс үндестігіне сәйкес көптеген сөздер орфография нормадан ауытқып айтылады. Мысалы, құлұн, өнөр, түңгү, Амаңгелді, көг гүл, айталады, ағиық, т.б. Сөздерді дұрыс айту нормалары дыбыс үндестігіне, яғни ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал заңдылықтарына негізделеді. Сөздердің дұрыс айтылуы орфоэпия сөздіктерде көрсетіліп отырады. Орфоэпия нормада дұрыс сөйлей білу сөздің әуезділігін сақтауға мүмкіндік береді, сөз құлаққа жағымды естіледі. Орфоэпия тілдің ауызша сөйлеу нормаларын реттеп отырады. Әр тілдің орфоэпиясы сол тілдің басты фонетикалық заңдылықтарына сүйенеді. Мысалы: орыс тілінде сөздің дұрыс айтылуы, негізінде, екпінге байланысты болса, қазақ тілінде сингармонизм зандылығына байланысты

Шешендік өнердің өрісіШешендік - ой-пікірді тыңдаушыларға айқын, анық, әсерлі етіп айту (жазу) шеберлігі. Сөйлесудің сөйлеудің әдеттегі қарапайым қызметі пікір алысу, өзгелерге сөйлеушінің ой-пікірін білдіру болса, шешендік трибунасына шыққандар нәрлі, тартымды сөздер арқылы тыңдаушылардың сана-сезіміне әсер етуді көздейді.Шешендік - ұзын сонарлы дәстүрлік құбылыс болғандықтан, сөз шеберлерінің соңғылары бұрынғыларынан үйреніп қана қоймаған, олардың терең ойлы сөздерінің мирасқоры болғанТілдің майын тамызып, сөздің балын ағызатын қас шешен болу оңай да емес. Өйткені шешендік дарындылықты керек етеді. Оған сондай талап қойылатындықтан да халық «жүзден біреу шешен, мыңнан біреу көсем болады» дейді. Шешендік отбасы, ошақ қасында сыналмайды, жиын, топ алдында, сөз қадірін білетін, «көкірегі сезімді, тілі орамды» көпшілік алдында сыналады.

Шешендік-шеберлік сөйлеу өнері. Ол - тіл мәдениетінін бір саласы.

Шешендік-шеберлік сөйлеу өнері. Ол - тіл мәдениетінін бір саласы.

Ойшылдарға сүйене айтсақ, шешендік – кісі көркі, ақылмен билеу өнері. Тіл өнері мен сөйлеу мәдениетінің ең жоғарғы сатысы. Дидарласушымыздың жүрегі мен ақыл-ойын баурап алуға, оны не нәрсеге болса да сендіруге, иландыруға септесетін бізге берілген сый. Кез келген нақтылы зат туралы шебер сөйлеу өнері және сонысымен өзгелерді өз ойына ойыстыра білу. Біліктілік пен білімнен, қуатты түйсік пен терең сезімнен, санадағы саңлақтық пен ұшқыр қиялдан, тер төгу мен ой тербелісінен туындай келе, білгірліктен кейін тұрады. Сөз бен ойға негізделеді нәтижесі. Шешендік-шеберлік сөйлеу өнері. Ол - тіл мәдениетінін бір саласы.

Шешендік - сөйлеу тілінің орамды формасы. Оның қоғамдық қызметі әрбір тарихи кезеңде әр түрлі болып құбылуы қызметінің өзгеруімен байланысты. Сол орайда казіргі шешендер және шешендік бұрынғыларға мүлде ұқсамайды. Қазіргі шешендік саясатпен, өнер-біліммен, экономикамен байланыста дамитындықтан, жұрт алдында айтылған сөз дәл, мүлтіксіз болуды керек етеді. Сол үшін хатқа қарап, жазғанды оқып сөйлеу ерекше күш алды.

Шешендік көркем әдебиет тілінің эмоция, экспрессияға негізделген көріктеу тәсілінің бірі болуға тиіс.

Бидің де биі бар, шешеннің шешені де бар. Сондай билердің биі, шешеннің шешені аталып, қазақ даласына даңқы шыққан. Мысалы, Төле биді, Қаздауысты Қазыбекті, Қаражігіт Әйтеке шешенді, «көмей әулиесі» атанған Бұқар жырауды мақтаныш етпеске болмайды. Олар сөз қадірін білетін, шешендік өнерінің көрнекті уәкілдері ретінде сөз өнері төрінен ерекше орын алады.

Мәтін мәдениет мұрасы ретіндеТіл мәдениетінің тірегі - әдеби тілдің нормалары мен стильдік жүйелері. Бұлар әдеби тілдің қоғамдық қызметімен астарласып жататындықтан, «тіл мәдениеті» деген ұғымының аясы кең.

«Мәдениет» сөзінің бұрын қоғамның материалдары, рухани байлықтарының түрлі тарамдарын қамтиды деп қолдансақ, осы күндері оның жұмсалу аясының кеңейгені байқалады, мысалы: еңбек ету мәдениеті, сауда-саттық мәдениеті, егін жинау мәдениеті, мәдениетті дақылдар. Осылардың қатарында «Тіл мәдениеті» деген ұғым да жиі қолданылатын болды. Тіл – адамның барлық саналы өмірінің құралы: өнер-білімді, мәдениеттілікті, қоғамның белсенді азаматы болуды ол тіл арқылы үйренеді. Тіл, оның ішінде қазақ тілі де, халықтың барлық іс-әрекетінің, қарым-қатынасының құралы болғандықтан, оның мәдениетін жоғары сатыға көтеру әрбіріміздің борышымыз. Тіл байлығын игеру – ана тілін қадірлейтін, тіл мәдениетінің шыңына қол созатын адамның әрекеті. Тіл арқылы айтылатын ой сөзге, сөз тіркесіне, солардан құралған сөйлемдерге негізделеді. Тілдің бас арқауы – сөз. Арқаусыз кілем, алаша, мата тоқылмайтыны сияқты, сөзсіз сөйлем де құралмайды. Сөйлем адам ойын айтудың негізгі формасы болатындықтан, оқушының сөзден сөйлем құрап, өзгелермен тілдесе, жаза білуі – оның ақыл-ойының дамып, сана-сезімінің арта түскенінің белгісі.

.

«Ұлттық мәдениет және баспасөз.

Мәдениет кең мағыналы ұғым. Оның салалары мен түрлері қандай көп болса, қоғамдық өмірден алар орны да әр алуан және маңызды, "Мәдениеттің өзін ғылым, өнер, ағарту, тіл және әдебиет құрайды". (Қазақ Кеңес Энциклопедиясы. 7-тен 544 бет). А. 1976.

"Егемен Қазакстан" газетінің "Жансарай" атты әдебиет пен онер бетінде өмір мен өнер шұғыласы, егемен елдердің өнер өлкесінде не болып жатыр, деген оймен газет 19 маусым 1993 жылы «Шұғыла» атты жаңа айдар ашып, алдағы кезде тамырлас, бауырлас түбі бір туысқан халыктардың өнер өлкесінен елеулі жаңалықтармен тұрақты таныстыруды мақсат еткен екен. Алғашқы кезде, Түркіменстан, Өзбекстан мемлекетгерінің өнерлерінен хабардар болғанымыз анық.

: Эстетикалық мәдениет жайында "Өркен" газетінің 1994 жылғы 26 ақпанында жарық керген Жүмабай Ахметовтің "Мәдениеттілік туралы сөз" атты мақаласын талдап көрелік.

Автор мақалада жүріс-тұрыс, сөйлеу, тамақтану, көпшілік орындарында өзін-өзі ұстау мәдениетіне тоқталады.

Біз өзімізді қоғамдық көлікте, дүкенде, қонақта, туыстар арасында ұстауды білеміз бе? деген өз сұрағына былай деп жауап береді.

"Дөрекі сөз дұрыс қарым-қатынасқа кедергіжасап, адамның көңіл-күйін төмендетеді. А.П.Чехов өзінің інісіне жазған хатында мәдениетті адамға тән төмендегі негізгі талаптарды ашып корсетеді. Олардың кейбіреулері:

1) "Олар адамның тұлғасын сыйлайды, сондықтан сыпайы, биязы келеді".

2) "Олар адамдарда аяғыш".

3) "Олар ағынан жарылады; ешкашан өтірік айтпайды" дейді.

Сонымен қатар, басқышпен көтеріліп, төмен түскен жағдайда ер адам әйелдің соңында жүргені жөн.

Сөз дәлдігі (С.Қожамқұлов)

... Жастарымыздың үлкен кемшілігі бар. Ол мынау: сөйлесе кетсең, көпшілігі-ақ мүдіріп, аузына сөз түспей, білген сөзінің өзін бұзып айтып қиналады да қалады. Ана тілінде таза сөйлей алмайтыны, сөйлемдердің басы мен аяғы араласып, сөздері шұбарала келетіні бірден байқалады. Бұның өзі, әрине, тілін ұстартуға зер салмағандықтың салдарыҚазақ тілі мәдениетінде сөйлеуші өз сөзін дәл тауып, тыңдаушыға әсерлі жеткізе білсе, оны «дәл айтты, тауып айтты» деп түсінеміз. Бұл – сөз дәлдігі жөнінде әдеттегі түсінігіміз. Мұнда нақтылықтан гөрі жалпылық басым. Ал сөз дәлдігі деген лингвистикалық терминнің бұл түсінікпен дәл келетін тұстары да, одан өзгешелеу ұғынылатын жерлері де бар. Солардың бірі - әрбір сөзді тілдегі мағынасына лайық қолдану. Әсіресе, ауызға жиі алынып, жаза басқан қаламның көп сыналатын да жері осы. Қарапайым тілмен сөйлесек те, жүрек сезімі арқылы шығатын ішкі ойымызды өзге біреулерге дәл жеткізе білудің өзі – мәдениеттіліктің белгісі.

Мысалы: «Қаздар жейтін шөп пен қарғатұяқ қабындап көтерілмей, жер борсымайды» деген сөйлемдегі атаулардың біразын қысқартып, «қазоты мен қарғатұяқ қабындап көтерілмей, жер борсымайды» десе, «қаздар жейтін шөп» деп жатпай, «қазоты» деп, бір ғана сөзбен (біріккен сөзбен) айтсақ, көңілге әлдеқайда қонымды, сөйлем де ықшамдалап, әдеби түрде ұғынықты боп тұрады.

Қазақ тілі ұлттық мұра

Қазақ тілінің қоғамдық қызметі арта түсіп отырған қазіргі кезде оның үздіксіз даму процесін терең ұғынып, өмірлік мәселелерін жан-жақты зерттеуге ерекше мән беріліп отыр. Солардың қатарында теориялық, тәжірибелік биік талаптар деңгейінен қарайтын сала - тіл мәдениеті мәселелері болмақ.

Бұл - қазақ тіл білімінің өзінің даму жолына түскен саласы. Тіл мәдениеті халқымыздың жалпы мәдениетімен астарлас дамуға тиісті болатындықтан, бұл ғылым саласы алдымен тіл мәдениетінің дәрежесін арттыруды, тілдің қатынас құралдық қызметін жетілдіру үшін оның күнделікті өмірлік мәселелерін ғылыми тұрғыдан дұрыс шешіп, жөн сілтеуді көздейді.

Еңсесі биік еліміздің барлық іс-әрекеті мәдениетінің, әсіресе тіл мәдениетінің дәрежесін көтеру халыққа кызмет ету мүддесімен ұштасып жатса, әрине, ондай іске тілшілер ғана емес, көп болып көмектесу талабы қойылады. Тіл қоғамдық құбылыс болғандықтан, тілді жасаушы, тілді өмір құралы етіп жұмсаушы қоғамның сана өкілдері, көзі ашық тіл ұстартушылары тіл мәдениеті мәселелеріне әрдайым көңіл бөліп, игілікті істерге ат салысуы тиіс. Тіл мәдениетінің басты талабының бірі - тілдің халықтық қасиетін дамыту, ана тілінің байлықтарын талғам елегінен өткізіп молынан әдеби тіліне енгізу.

Сөз жатықтығы.Жазушы кейіпкердің ішкі сезім дүниесін ашу үшін әдеби жатық тіл мен көркемдік тәсілдерді қолданады. Әсіресе, ішкі монологқа, ішкі тебіреніс-толғанысқа жиі ерік береді. Мұнда басы артық сөз, оралымсыз тіркестер атымен жоқ. Бәрі де орнықты, ой дүниесіне байланысты өз орындарын тауып, әдеби нормаға сай берілген. Көркем әдебиет тілінде ғана емес, ауызекі тілде де әрбір сейлеуші өз сезімін осындай әдеби жатық тілмен еркін жеткізе білу керек.

Тіл жатықтығын жүзеге асыру үшін тілдік норманы үш түрлі принципте қолданамыз:

1) Тілдік норма қоғам мүшелерінің барлығына түсінікті, ортақ сипатқа негізделеді.

2) Тілдік нормаға тән екінші принцип - тұрақтылық.

3) Тілдік материалдарды қалай болса солай ала салмай, іріктеп екшеп қолдану. Сөйтіп, тілдің сымбаттылығын көрсетіп сөз өнерінің қадір-қасиетін үздіксіз жетілдіріп, тілдік ортаны, сөйлеу мәдениетін дамытып, олардың жауапкершілігін, ұқыптылығын арттырып отыруға түрткі болуымыз керекТіл мәдениетінің әдеби тілдің талаптары тұрғысынан алғанда жазуда ғана емес, сөйлеу тілінде де белгілі нормалары болуға тиіс. Әдеби тілдің түрлі-түрлі стильдерге қат-қабаттарынан негіз болатын нәрселері де жалпы сол халық екшеген нормалары. Тілдік нормалар қоғам мүддесіне негізделеді, олар жалпы халыққа бірдей түсінікті, көңілге қонымды болуы тиіс. Сөздердің айтылу нормасы мен жазылу нормасы бірдей бола бермейді. Дүрысында: ішсе, сенбе, ақ ешкі, сақ бол, құлын, өрік, кез салды, бара алмады, Қонысбек, кім келді? Жаңақорған, асшы, тұз сал, түнгі, Жанқожа, айта көр - дегендердің осы жазылуындай етіп айтудағы түрін нормаға жатқызуға болмайды. Оның себебі, сөздердің айтылу нормасы мен жазылу нормасы әр уақытта бірдей емес. Бұл - қазақ тілінің орфоэпиялық заңдылығымен тығыз байланысты. Дұрыс сөйлей білу тілдің жатықтығын көрсетеді.

Жоғарыдағы мысалдарды сөздің айтылу нормасына сәйкес қолданатын болсақ, ол былайша естіледі және солай айтылуға тиісті. Мысалы: ...ішше, сембе, ағешкі, сақ пол, құлн, өрүк, көс салды, баралмады, Қоныспек, кім гелді? Жаңағорған, ашшы, тұс сал, түңгү, Жаңғожа, айта гөр, т.б.

Ауызша сөйлеу мәдениетіне дыбыс тілінің қандай қатынасы бар, оны қалай түсіндірер едіңдер? Орфоэпиялық дағдының ауызекі тілге әсері қандай, мысалдармен дәлелдеңдер.

Қарашаш сұлудың қайтыс болғанын естірту.Қарашаш сұлу Жиренше үйде жоқта ауырып қаза болыпты.

Әз Жәнібек хан: «Жиреншеге біз естірте алмаспыз, өзіне-өзі естіртсін, ешқайсысың сездіріп қоймаңдар», - деп, уәзірлерімен сөз байласып қояды. Бір күні Жиренше шешен елге қайта оралып, ханның үйіне түсіп, сәлемдесіп отырады. Хан Жиреншеге:

Ау, шешенім, әкесі өлген қалай болады? - депті. Жиренше отырып:

Әкесі өлсе, асқар тауының құлағанымен бірдей болады, - депті.

Шешесі өлген қалай болады?

Ағар бұлағы суалғанымен бірдей болады.

Ағасы өлген қалай болады?

Оң қанаты қайырылғанымен бірдей болады.

Інісі өлген қалай болады?

Сол қанаты қайырылғанымен бірдей болады.

Апа-қарындасы өлген қандай болады?

Ұзын өрісі қысқарғанымен бірдей болады.

Қатыны өлген қандай болады?

Аһ!.. Менің Қарашашым өлген екен ғой? - депті Жиренше. Ол күйініп, қамшысын таянғанда, қамшының сабы ортасынан шарт сынып кетіпті.

Сөз әсерлілігі (Б.Момышұлы)

Қазақ тілі - өзінің өткірлігімен бой балқытып, тамыр шымырлатып, жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандырып, ұғымына қонымды, жүрегіне тиімді, қысылтаяң қатал жағдайға қайрап, егеп, «сөз тапқанға қолқа жоқ» дегендейін ерге, елге медет болып, адам түгіл жағдайдың көмейіне құм құйып, аузын аштырмай, үнін шығармай қоятын ең әсерлі, ең әдемі шешен тіл.Б.Момышұлы

← Предыдущая
Страница 1
Следующая →

«Тіл мәдениеті» курсы нені зерттейді, оның алдына қоятын басты мақсаты қандай Аида жауаптар

У нас самая большая информационная база в рунете, поэтому Вы всегда можете найти походите запросы

Искать ещё по теме...

Похожие материалы:

Кожно-аллергические пробы

Кожно-аллергические пробы - это диагностический метод выявления специфической сенсибилизации организма. Виды кожно-аллергических проб.

Final examination (Answers to management)

Мanagement and functions of management Managers and types of managers/ Management roles and management skills.

Жалоба по установке дорожных знаков и светофоров

В г. Воткинске выявлены замечания по установке дорожных знаков и светофоров, которые создают спорные ситуации, вводят в заблуждение участников движения и не соответствуют требованиям ПДД.

Модуль программиста. Программы, использующие модуль программиста

Лабораторная работа. Что такое модуль программиста, в чем преимущество его использования. Как оформить заголовок модуля. Что включает интерфейс модуля. Как оформить исполнительную часть модуля. Для чего нужна секция инициализации

Індустрія туризму

Формування туристського попиту, розвиток туризму. Бухгалтерський облік господарської діяльності туристичного підприємства. Турпродукт.

Сохранить?

Пропустить...

Введите код

Ok