Арктикалық ландшафттар мен тундра зонасының топырақтары. Арктикалық топырақтардың таралуы, географиялық түзілу жағдайлары — Топырақ | iFREEstore

Арктикалық ландшафттар мен тундра зонасының топырақтары. Арктикалық топырақтардың таралуы, географиялық түзілу жағдайлары

Зоналық топырақтар. Жоғарыда келтірілген топырақтардың әлемдегі таралу заңдылықтары, Жер бетінің алтыдан бір бөлігін алып жатқан кеңбайтақ тәуелсіз мемлекеттер достығы елдеріне де тән. Бұл өзгерістердің терістіктен оңтүстікке қарай

жылжығанда межелері анық байқалады. (12 сурет) Әр түрлі зоналарға бөлінуі де осыдан. ТМД елдерінің негізгі бөлігі мұхиттардан алыс, ішкі құрлықта орналасқан. Ресейден басқасының жер көлемдері аса көп емес. Терістік жарты шардың бұл бөлігінде құрлық секторында терістіктен оңтүстікке қарай кездесетін, яғни Арктикалық тундрадан бастап оңтүстіктегі құрғақ шөлдермен қатар ылғалды субтропикалық зоналық топырақтарға шейін түгел кездеседі. Топырақ түзуші факторлар зоналық тәртіпке бағынып, ретімен тарағандықтан, осы факторлардың әсерінен топырақ та осы тәртіпке бағынады. Сонымен жазық территорияларда терістіктен оңтүстікке қарай байланысты топырақтың да өзгеріп әр түрлі зоналарға бөлінуін топырақтың көлденең (ендік) зоналығы дейді. Ал биік таулы аймақтарда табиғат жағдайы жазық алқаптарға қарағанда өзгеше. Таулы аймақтардың ауа райы да, өсетін ағаш, өсімдіктері мен жан-жануарлар дүниесі де басқаша. Бұл өзгерістер тау етегінен жоғары көтерілген сайын анық білініп, көзге түседі. Географиялық жағынан алып қарағанда таулы аймақтар бір алқапта орналасқанымен жоғары қарай өрлеген сайын табиғатының, климатының өзгешелігі байқала береді. Осындай өзгерістерді топырақтан да көруге болады. Топырақтың былай өзгеріп, әр түрлі зоналарға бөлінуін топырақтың тік (белдеулік) зоналылығы деп атайды. Кеңбайтақ ТМД елдерінің әр аймақтарында топырақтардың көлденең зоналықтары да және олардың тік (белдеулік) зоналықтары тараған алқаптары кездеседі. Дегенмен жер бетінде таулы алқаптардың аздығына байланысты негізінен топырақтың көлденең зоналық таралуы басым. Соған байланысты біздер ТМД елдерінің жазық территориясындағы негізгі зоналық (ендік) топырақтардың қысқашасипаттамасына тоқталамыз. Оны солтүстіктен оңтүстікке қарай келтіреміз. (Топырақтың барлық түрлері кітаптағы қосымшада келтірілген Топырақ пішіндерінің суреттері ҚСРО топырақ атласынан алынған).1. Полярлық белдеу. Тундра зонасы. Бұл зона Ресейдің солтүстік шеткі бөлігін алып жатыр. Оған Солтүстік Мұзды мұхиттағы кейбір арктикалық аралдар да кіреді. Бұл зонаның көлемі 180 млн гектардай, яғни ТМД елдерінің барлық жер көлемінің 8,1%-ін алып жатыр. Бұл көлемге негізінен Сібір өңіріндегі таулы алқаптардағы таулы-тундралық топырақтар көлемі 150-160 млн гектар жерде қосылады. Геологиялық дәуірі жағынан алып қарағанда, бұл аймақ мұз дәуірінен кейін босаған ең жас аймақ.. Біршама жерлерін әлі де мұз басып жатыр. Бұл Ресейдің ең суық зонасы. Қысы 7-8 айға дейін созылады да, жазы өте қысқа әрі салқын болады. Бұл зонадағы вегетациялық кезеңнің ұзақтығы небары 2-3 ай ғана. Ылғал аз түседі, жылына 150-300 мм, әрі күні суық, булану аз болады және топырақтың астын мыңдаған жылдан мәңгі тоң басып жатқандықтан, ылғалдың жерге сіңуі де жоқтың қасы. Ылғалдың жер бетіне сіңуінің мардымсыздығынан аз түскен ылғалдың өзі бұл жерде керекті мөлшерден артық.

Батыстан шығысқа қарай мөлшері азайып, оның есесіне күн суыта түседі.Бұл аймақта қалыпты өмір сүруге қажет күн сәулесі жетіспейді, ауа райы суық, тіршіліктің дамуына қолайсыз. Күннің суықтығынан топырақ қабаттары ұзақ жылдар бойы тоң болып жатады. Тек жаздың 2-3 айларында ғана топырақтың беткі жұқа қабаты еріп, мұздан арылады. Жалпы тундраның өзі терістіктен оңтүстікке қарай үш зонашаға бөлінеді: 1) арктикалық тундра; 2) кәдімгі тундра; 3) орманды тундра. Алғашқысы ең терістіктегі қар-мұз басқан жалаңаш тундра. Екіншісі жөнді дамымаған батпақты-глейлі топырақтар, біркелкі түзілмеген ойдым-ойдым бөлшектерден тұрады. Булану аз болғандықтан, жер бетін ылғал басып, оның астына ауа бармағандықтан, онда анаэробтық құбылыстар жүріп, топырақтағы темірлі қосылыстар тотықсызданып, топыраққа көкшіл- жасыл түс береді. Осындай топырақтарды глейлі топырақтар деп атайды. Жалпы "тундра" деген сөз жергілікті карель тілінде жөнді дамымаған, ормансыз деген түсінікті береді. Жөнді дамымаған, мәңгі мұзы мол топырақтар орманның өсуіне сөзсіз қолайсыз. Мұнда

глейлі-батпақты топыраққа бейімделген батпақты шөптер, мүктер қыналар өседі. Ал оңтүстікке жылжыған сайын орманды зонаға шекаралас бөлігінде, әсіресе өзен бойларында орманды-тундра зонашасы орын алады. Табиғат жағдайына сай мұнда өсетін өсімдіктер де шамалы. Негізінен қына мен мүк, қышқыл өлең шөптер, бұталар, қара бүлдірген өніп-өседі, ал оңтүстікке таман жылжыған сайын тапал қайың, шілік және басқа ағаштар өсетін орманды-тундра басталады. Дегенмен бұл жерлердің де ағаштары мардымсыз. Тундра топырағы тоңның әсерінен әр түрлі бөлшекке бөлінетін ыдырмалы, батпақты-күлгінді болып келеді. Бұл зонада негізінен бұғы шаруашылығы жақсы дамыған. Егіншілік жоқтың қасы. Кейбір жел тимейтін ықтасын жерлерге топырақты дұрыстап өңдеп, тыңайтқыштар енгізіп, көң төгіп, аз мөлшерде ерте пісетін көкөніс, басқа да дақылдар егуге болады. Ал жабық жылытқысы бар қондырғыларда көкөністерді жыл бойы өсіруге болады.

← Предыдущая
Страница 1
Следующая →

Файл

топрак шгару.docx

топрак шгару.docx
Размер: 240.8 Кб

.

Пожаловаться на материал

Топырақтану ғылымының дамуының негізгі кезендері. Топырақ құраушы факторлар Үгілу құбылысы. Топырақтың морфологиялық белгілері. Топырақтың органикалық бөлігі. Топырақ қара шіріндісі, оның құрамы. Қазақстан

У нас самая большая информационная база в рунете, поэтому Вы всегда можете найти походите запросы

Искать ещё по теме...

Эта тема принадлежит разделу:

Топырақ

Топырақтану ғылымының дамуының негізгі кезендері. Топырақ құраушы факторлар Үгілу құбылысы. Топырақтың морфологиялық белгілері. Топырақтың органикалық бөлігі. Топырақ қара шіріндісі, оның құрамы. Қазақстан

К данному материалу относятся разделы:

Топырақтану ғылымының дамуының негізгі кезендері

Топырақ құраушы факторлар

Үгілу құбылысы

Топырақтың морфологиялық белгілері

Топырақтың органикалық бөлігі

Топырақ қара шіріндісі, оның құрамы

Топырақ коллоидтары, оның құрамы

Топырақтың ұсақ дисперсті бөлігі және сіңіру қабілеті

Топырақ сулары мен топырақтың сулы қасиеттері

Топырақтың физикалық қасиеттері мен су-ауа режимі

Топырақтың жылулық режимі және оның экологиялық маңызы

Топырақ құнарлығы

Топырақ жамылғысына антропогендік факторлардың әсері

Топырақтың минерологиялық құрамы

Топырақтың макро және микроэлементтері

Топырақтың біріншілік минералдары

Топырақтың екіншілік минералдары

Арктикалық ландшафттар мен тундра зонасының топырақтары. Арктикалық топырақтардың таралуы, географиялық түзілу жағдайлары

Тайга-орман ландшафттарының топырақтары

Аралас орман топырақтары. ТМД мен шетелде таралуы

Сұр орман топырақтары. ТМД-да таралуы. Ауа райы жағдайы. Жіктелуі

Шалғынды және шалғынды-алуаншөптесінді далалар топырақтары

Құрғақ дала зонасының қара қоңыр топырақтары

Даланың гидроморфты топырақтары. Сор және сортаң топырақтар

Шөл зонасының топырақтары

Субтропикалық белдеу топырақтары

Ылғал субтропикалық ормандардың қызыл және сары топырақтары

Топырақтардың жер бетінде таралу заңдылықтары

Қазақстан топырақтары және олардың қалыптасуының экологиялық жағдайы

Қазақстан топырақ қорлары, оларды пайдалану және қорғау жолдары

Өсімдіктердің тіршілік жағдайлары және оларды реттеу тәсілдері

Арамшөптер және олармен күрес жолдары

Арамшөптердің жіктелуі

Ауыспалы егістік

Топырақты өңдеу жүйесі

Өсімдіктер қоректенуінің ғылыми негіздері

Өсімдіктердің қоректенуіне сыртқы орта факторларының әсері

Минералдыжәне микротыңайтқыштар

Дәнді астықты дақылдар

Дәнді бұршақты дақылдар

Негізгі тары тәріздес дақылдар

Тамыржемісті дақылдар

Майлы дақылдар

Талшықты дақылдар

Көкөніс дақылдардың жалпы сипаттамасы

Негізгі жеміс-жидек дақылдары

Техникалық дақылдар

Қой шаруашылығы

Шошқа шаруашылығы

Құс шаруашылығы

Жылқы шаруашылығы

Қоян шаруашылығы

Терісі бағалы аңдарды ұстау

Ауыл шаруашылық жануарларын азықтандыру

Өсімдіктерге қоректік элементтердің түсу теориялары

Тыңайтқыштарды пайдалану жүйелері

Жаздық және күздік дәнді дақылдар

Әлемнің топырақ қорлары

Өсімдіктерді химиялық қорғау

Бақша дақылдары

Топырақты далалық жағдайда зерттеу әдістері

Топырақтың бөлшектік құрамын М.М.Филатов әдісімен анықтау

Топырақ қабаттарын морфологиялық белгілеріне қарай сипаттау

Топырақтағы қарашірік мөлшерін И.В.Тюрин әдісі арқылы сандық анықтау

Топырақтың жұту қабілетін анықтау

Топырақтағы ылғал түрлерін анықтау

Топырақтың физикалық қасиеттерін анықтау

Топырақтағы бірқатар химиялық элементтерінің жеңіл және орташа еритін формаларын сапалық анықтау

Топырақтың сулы сығындысын химиялық талдау

Тұқымның сапасын анықтау

Сулы және тұзды сығындының рН мөлшерін анықтау

Тұқымның ылғалдылығын анықтау

Жалпы сілтілік пен қышқылдылықты анықтау

Хлор ионды және сульфат ионды анықтау

Топырақтың механикалық және физикалық жұту қабілетін анықтау

Топырақтың құрылымдық құрамын анықтау

Топырақтың сыбағалы салмағын анықтау

Топырақтың көлемдік салмағын анықтау

Топырақтың толық су сыйымдылығын анықтау

Негізгі көкөніс дақылдарға толық сипаттама беру

Негізгі жеміс-жидек түрлеріне толық сипаттама беру

Жалпы сілтілік пен қышқылдылықты анықтау

Хлор ионды және сульфат ионды анықтау

Топырақтың механикалық және физикалық жұту қабілетін анықтау

Топырақтың құрылымдық құрамын анықтау

Топырақтың сыбағалы салмағын анықтау

Топырақтың көлемдік салмағын анықтау

Топырақтың толық су сыйымдылығын анықтау

Топырақтың гигроскопиялық ылғалдылығын анықтау

Негізгі көкөніс дақылдарға толық сипаттама беру

Негізгі жеміс-жидек түрлеріне толық сипаттама беру

Похожие материалы:

Нужен ли ребёнку логопед

Вашему ребенку необходима помощь специалиста, если:

Рак ободочной и прямой кишки. Лекция

Классификация рака клиника и диагностика рака ободочной кишки осложненные формы операция  

ДОГОВОР Купли-продажи автомобиль

Интенсификация работы очистных сооружений

Стилистика и литературное редактирование

Методические указания для выполнения контрольных работ. Курс «Стилистика и литературное редактирование» является одним из базовых, общих профессиональных курсов.