Қоршаған ортаны қорғау бөлімі

Территория рекламы

5 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ БӨЛІМІ

5.1 Қоршаған ортаны қорғауды анықтайтын негізгі нормативтік және құқықтық құжаттар

Мұнай-газ өндіретін өнеркәсіп қоршаған ортаны ластайтын құрылым-дарының ең негізгілерінің бірі болып саналады. Мұнай және газ кен орындарын өңдеу және пайдалану жұмыстары қоршаған табиғат ортасы мен жер қойнауына техногендік әсер етеді.

Қоршаған ортаны және жер қойнауын қорғау ҚР-ның күші бар заңдылықтары мен халықаралық нормалары мен ережелеріне сәйкес іске асырылу қажет.

ҚР-ның «Жер қойнауы», «Қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы», «Рұқсат ету туралы», «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану», т.б. актілер Заңының негізінде негізінде қаралып, 1996 жылдың 18 маусымында бекітілген «Мұнай және газ кен орындарын пайдаланудың жалпы ережелерінде» мұнай және газ кен орындарын өңдіру және пайдалану кезінде қоршаған ортаны қорғаудың негізгі талаптары бекітілген.

Мекемелерде қоршаған ортаға байланысты қысқаша мәліметтер

Кеноырынында табиғатты қорғау шаралары, бұл қоршаған ортаның нормативті сапасының негізгі принциптерін сақтауды жүзеге асыру.

- Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңымен құжаттандыру мен жобалық сәйкетікті бақылау;

- кенорынның өңделу және даму процесінде қоршаған ортаға техногенді күшті төмендету үшін технологияларды пайдалану;

- табиғатты қорғау шараларын жасау және қоршаған ортаға кенорынның өңделуінің әсерін зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;

- нормативті талаптарға табиғи ортасының сәйкестік мониторингі.

Бұл жобада кеноырнды өңдеу уақытында жер қойнауын пайдаланушымен орындалған, табиғатты қорғау шараларының тиімділігі көрсетілетін өндірістік экологиялық мониторингі жүргізу бойынша деректер көрсетілген.

Кеноырнды өңдеу уақытында жер қойнауын пайдаланушымен орындалған, табиғатты қорғау шараларының тиімділігі көрсетілетін өндірістік экологиялық мониторингі жүргізу бойынша деректер көрсетілген.

Атмосфералық ауадағы зиянды заттардың ШМШ-ң (ПДК) мәндері келтірілген, олардың мәндерінің артып кетуі болмауы керек. Осы нормативтерге жету үшін жобада газдарды тазалау, күкіртті алу, соңғы газдарды толығымен тазалаудың қазіргі заманғы технологиялық үрдістерін пайдаланумен үш технологиялық желісі қаралған.

5.2 Атмосфералық ауаны қорғау

Атмосфераны зиянды заттармен ластау көздеріне мұнайды ысытатын пештер, резервуарлар, аппараттар (буфелік ыдыстар, сораптар, сепараторлар) жатады. Атмосфера зиянды бүлінгенде, ауаға көмірсутектер, азот оксиді, көміртегі оксиді, күкіртті газ тарайды.Атмосфераға зиянды заттардың тасталынатыны: жабдықтардың шығаратын көмірсутектер, ұнғымалардан шығатын көмірсутектер,көміртегі тотығы, азот тотығы, күйе, күкіртті ангидрид, күкіртсутек, меркаптан, көміртегі күкірт тотығы.

Жұмыс зонасы үшін ШРК:

Көмірсутектегі 300 мг/м3, азот оксиді 5 мг/м3, көміртегі оксиді 30 мг/м3, күкірт газ 10 мг/м3 дейін, ал елді мекендер үшін: көміртегі 5 мг/м3, азот оксиді 0,085 мг/м3, көміртегі оксиді 5 мг/м3, күкіртті газ 0,5 мг/м3 дейін ғана рұқсат етіледі.

Жоғарыда айтылған обьектілердің барлығы атмосфераны ластаушы көздер болып табылады, ал негізгі ластаушы заттарға күкірт, сутек, көмірсутек, күкірт ангидрид, азот тотығы, азот екі тотығы, көміртегі тотығы, меркаптандар, күкірт тозаңы, диэтаноламин (ДЭЛ), метил спирті, көміртегі күкірт тотығы, пісірілген аэрозоль; марганец, кремний біріктірулері, фторитер, фторлы сутек, күкірт қышқылының аэрозоль жатады.

Шығарындылар кешенінің құрамына кіретін заттар, атмосферада бірге бар болғанда бес топ құрайды:

1) азот екі тотығы + күкіртті ангидрид;

2) күкіртті ангидрид+ күкірт сутек;

3) күкіртті ангидрид + күкірт қышқылының аэрозоль;

4) күкіртті ангидрид + фторлы сутек;

5) фторлы сутек + фторидтер;

Зиянды заттардың максималды шоғырлануы: күкіртсутек, көмірсутектер, азот екі тотығы, күкіртті ангидрид, метилмеркаптан, көміртегі тотығы, күкірт шаңы, азот тотығы, диэталомин, метил спирті, көміртегі күкірт тотығы, марганец қоспалары, күкірт қышқылының аэрозолі, фторлы сутек, фторидтер, кремний қоспалары, пісіріу аэрозоль, күкіртті ангидрид, азот екі тотығы, күртті ангидрид күкірт қышқылы аэрозолі, күкіртті ангидрид, сутек фторлы сутек, фторидтер.

Ауаның ластануының негізгі көздері. Құмкөл кен орнында қолданылатын технологиялық құрал-жабдықтар мұнай ысыту пештері, резервуарлар, аппараттар, газды турбиналық двигательдер, жылумен қамтамасыз ету орындары, факельдік жүйелер болып табылады.

Технологиялық құрал – жабдықтардың әсерінен ауаның бүліну себептері: коррозия әсерінен болатын авариялар, құбыр өткізгіштердің жарылуы, олардың дұрыс жалғанбауы, амбарлардың пайда болуы және тағы басқа жағдайлар.

Кен орнын пайдалану кезінде жыл бойына ауаның ластануы 27728 т/жыл. Оның ішінде азот оксиді – 472 т/жыл, көміртегі оксиді 13916 т/жыл, күкірт оксиді 102 т/жыл құрайды.

Атмосфераны зиянды заттардан қорғау үшін мына жағдайлар қарастырылуы қажет:

-пештердің, жылу жүйелерінің, газотурбиналық двигатель жұмыстарының оптимальды жинау режимін бақылау;

-магистральды құбыр өткізгіштерді конденсат жинағыш орнату және атмосфераны газбен, конденсатпен, мұнайдың булану өнімі арқылы ластаудан сақтау;

-мұнай құбырларын, желілерді, коллекторларды дер кезінде жөндеуден өткізу;

-факельден бөлінетін зиянды заттарды 15 % азайтатын арнайы қондырғылар орнату;

-өндіру техникаларын, мұнай мен газды дайындап, тасымалдауға қоршаған ортаны қорғау шарттарына сәйкес жетілдіріп отыру.

Санитарлық қорғау зонасы зиянды заттар көздерімен, тұрған үйлердің шекарасында орналасуы керек. Өлшемі СН-245-71 және ОДН-86 сәйкес 300-1000 м болуы керек. Зонада зиянды заттар концентрациясы ПДК төмен болуы керек.

Мұнай ысытатын пештерде газ жанып болған кезде, кешендерде түтіндік газ пайда болады. Зиянды заттар атмосфераға аз таралуы үшін мына жағдайлар қарастырылуы қажет:

-Жанудың оптимальды режим параметрін бақылау үшін пеш жұмыстары түгелдей автоматты түрде болуы керек.

Ауаның ластануын бақылау тапсырыс арқылы арнайы СЭС қызметкерлерінің көмегімен анықталады. Олар көмірсутектерді, азот оксидін, көміртегі оксидін, күкіртті газдарды бақылайды.

Бақылау нүктелері – түтіндік құбырлар, қондырғылардың технологиялық жағдайлары кем дегенде 3 аптада 1 рет, технологиялық құралдары зерттеу жылына 1 рет жүргізіледі.

Жобада атмосфераның ластануын шектеу үшін келесі негізгі технологиялық шешімдер қаралған.

ТУ-39-РК 1168001-97-ге сәйкесті таулық өнімдегі күкірт сутектің мөлшері келесіні құрайды:

тауарлық мұнайда 10ррм-нен артық емес, меркаптандар мөлшері 20ррт-ге дейін;

құрғақ газда 2г/100нм3 шамасында, меркаптанда 36/100нм3.

меркаптанды күкірт ЖККФ-да 0,025%, соның ішінде;

күкіртсутектің мөлшері 0,003%;

этанды фракциялар 0,003%-н артық емес;

тауарлық күкіртте 10ррт-н артық еммес;

Атмосфералық ауадағы зиянды заттардың ШМШ-ң (ПДК) мәндері келтірілген, олардың мәндерінің артып кетуі болмауы керек. Осы нормативтерге жету үшін жобада газдарды тазалау, күкіртті алу, соңғы газдарды толығымен тазалаудың қазіргі заманғы технологиялық үрдістерін пайдаланумен үш технологиялық желісі қаралған.

Атмосферада жайлу жағдайын қамтамасыз ету үшін күкіртті алу қондырғыларының түтін құбырларының биіктігі КТЖ-1 үшін 210м деп қабылданған болатын.

Атмосфераға күкіртті қоспалардың жалпы тасталуын қысқарту үшін №3 және №4 технологиялық желілердің күкіртті пайдаға асыру дәрежесі 99,9%-ке жеткізілген болатын (Клаус+Скотт үрдістері). Бұл атмосфераға шығарынды тастауды 4 есе төмендетеді.

Клаус-Сульфрен үрдісі орнына Клаус-Скотт үрдісін қолдану қосымша күкірт тотығының 60%-і газдан аминмен күкірт тазарту қондырғысында алынады, күкіртсутекке дейін гидролиздендіріледі және пайдаға асырылады. Газды өңдеу қондырғысында аминмен тазартылатын жеңіл көмірсутектердің кең фракциясының (ЖККФ)- өртелген газда 40%-і шоғырланады. ЖККФ-ы кәсіпшілік суды қайта өңдеу қондырғысында пайдаға асырылатын сілтілі ертіндімен меркаптандардан тазартылады.

Заводтар тоқтап қалғанда және газдарды түсіруде күкіртсутекті газ шығарындыларының алдын алу үшін әрбір КТЖ-де екі факелден бар факелді шаруашылықтар қарастырылған, ал таза және күкіртсутектері бар газдар үшін бір факелді жүйені қолдану КТЖ-ң жабдықтарының 70%-і күкіртсутегі бар ортада жұмыс жасауына байланысты.

Жабдықтарды дүркін-дүркін бәсеңдету есептік қысымнан артық кеткенде, қызмет көрсетуші жұмыскерлердің технологиялық ережені бұзуында және апаттық жағдайларда жабдықтарды апаттық қорғау түрінде қарастырылған. Бұл жағдайларда жабдықтарды түсіру сақтандырғыш клапандармен орындалады.

Атмосфералық ауаға зиянды заттардың мүмкін шоғырлануы (ШМК-ШРК): азот диоксиді, азот оксиді, аммиак, бензпирен, диэтаноламин, керосин, қышқылы, күкірт қышқылы, уксус қышқылы, кремний диоксиді, ксилол, марганец, мыс оксиді, меркаптандар, натрий карбонаты, қалай оксиді, органикалық емес тозаң шаң, пісіру аэрозолі, күйе, күкіртсутек, қорғасын, көміртегі оксиді, көміртегілер, көміртегі тотығы, фтор.

Ластаушы заттардың номенклатурасын анықтау т/ж

2008 жылы Құмкөл кенорынындағы атмосфералық ауаға 203 қайнар әсер етеді. Олардың ішінде: ластанудың ұйымдастырылған көздері -65, ұйымдастырылмаған – 113, 2009 жылдың екінші жартысында пайдаланылуға берілген 17өндіру және 3 су айдайтын ұңғыма кіреді.

01.01.2009 жылғы жағдай бойынша ұңғымалардың жалпы фонды 216ұңғыманы құрады; оның – 187 өндіретін, жойылуға дайыны -6, су айдайтын – 42.

2009 жылы Құмкөл кенорынын өңдеуде атмосфераға ластайтын заттардың түсуі технологиялық қондырғыны пайдаланумен, ұңғымаларды бұрғылау және сынамалаумен, факелді қондырғыларда газдың жануымен байланысты. 2004 жылы атмосфераға ластаушы заттардың түсуі 1041,462 тоннаны құрады, оның ішінде: 0,762 тоннасы – қатты және 1040,7тоннасы газ тәрізді немес сұйық заттар. 2008 жылмен салыстыру бойынша атмосфераға ластаушы заттардың түсуі 6,8% азайды.

2009 жылы атмосфераға түсетін ластаушы заттардың толық тізімі 7,1 кестеде келтірілген.

5.1- кесте-Атмосферага шығарылатын ластаушы заттар молшерi

Ластаушы заттар

Курамы

Молшерi

Кукiрт оксидi

SO2

1584.23

Азот оксидi

NO2

37.81

Кукiртсутек

H2S

2.254

Комiртегi II оксидi

CO

13269.58

Комiртегi IV оксидi

CO2

259.00

Метан

CH4

7.600

Меркоптан

0.05

Барлыгы

15160.524

Ластаушы заттардың сандық көрсеткіштері т/ж

Бұл жобада Құмкөл кенорынының санитарлы–қорғау шекарасында атмосфеалық ауаның сапасын бағалау жүргізілді.

«Құмкөл кенорынында өндірістік экологиялық мониторингтің бағдар-ламасына» сәйкес атмосфералық ауаның сапасын бақылау 10 нүктеде, сол сияқты ұңғымаларды бұрғылау мен капиталды жөндеуде жүргізілді. Атмосфераға ластаушы заттардың түсуінің төмендеуі мен атмосферада ластаушы заттардың коцентрациясының төмендеуі төмендегідей факторлармен байланысты:

- 2009 жылы газды өндіру көлемін 0.5% төмендетуі

- газдың пайдалану көлеміні өзіндік қажеттіліктеріне 1,9% жоғарылауы, бұл 2008 жылмен салыстырғанда мұнай өндіру көлемінің 17,5% жоғарылауына әсер болып табылады.

- 2009 жылы 10 ұңғыманы бұрғылауда атмосфераға ластаушы заттардың пайда болуына мердігер ұйым жауапты болды.

- жоғарыда аталған факторларды ескерумен көмір оксидінің конценрациясының көбеюін түсіндіру мүмкін емес.

Атмосфераға шығарылатын зиянды қалдықтарды азайту шаралары

Пи Джи Эс Оншор Инк компаниясы 2009 жылға табиғатты қорғау шараларының жоспарын орындау туралы есеп беруге сәйкес атмосфералық ауаға кері әсерді төмендету бойынша шаралар қатарын қабылдады.

Оларға мыналар жатады:

- ЗУ, ЦППН және ЦНС газды жою;

- кәсіпорын ішіндегі жолдарда шаңды қысым;

- «Құмкөл кенорыны үшін ластаушы заттардың нормативті жобасына» өзгерістер енгізу және ластау көздерін жою;

- санитарлы–қорғау белдемінің шекарасында атмосфералық ауаның мониторингін жүзеге асыру;

- жаңа ұңғымаларды бұрғылау мен ұңғыманы толықтай жөндеуде атмосфералық ауаны мониторингі.

Сонымен бірге осы шараларды жүзеге асыру атмосфералық ауаның сапасының өзгеруін бақылауға мүмкіндік береді. Атмосфераға ластаушы заттардың түсуін айтарлықтай қысқарту жолда кездесетін газды мұнайды қыздыратын пештерде пайдаланғанда мүмкін.

Санитарлы-қорғау аймағы

Жобада атмосфераның ластануын шектеу үшін келесі негізгі технологиялық шешімдер қаралған.

ТУ-39-РК 1168001-97-ге сәйкесті таулық өнімдегі күкірт сутектің мөлшері келесіні құрайды:

тауарлық мұнайда 10ррм-нен артық емес, меркаптандар мөлшері 20ррт-ге дейін;

құрғақ газда 2г/100нм3 шамасында, меркаптанда 36/100нм3.

меркаптанды күкірт ЖККФ-да 0,025%, соның ішінде;

күкіртсутектің мөлшері 0,003%;

этанды фракциялар 0,003%-н артық емес;

тауарлық күкіртте 10ррт-н артық еммес;

Атмосфералық ауадағы зиянды заттардың ШМШ-ң (ПДК) мәндері келтірілген, олардың мәндерінің артып кетуі болмауы керек. Осы нормативтерге жету үшін жобада газдарды тазалау, күкіртті алу, соңғы газдарды толығымен тазалаудың қазіргі заманғы технологиялық үрдістерін пайдаланумен үш технологиялық желісі қаралған.

Атмосферада жайлу жағдайын қамтамасыз ету үшін күкіртті алу қондырғыларының түтін құбырларының биіктігі 210м деп қабылданған болатын. Атмосфераға күкіртті қоспалардың жалпы тасталуын қысқарту үшін №3 және №4 технологиялық желілердің күкіртті пайдаға асыру дәрежесі 99,9%-ке жеткізілген болатын . Бұл атмосфераға шығарынды тастауды 4 есе төмендетеді.

Газды өңдеу қондырғысында аминмен тазартылатын жеңіл көмірсутектердің кең фракциясының (ЖККФ)- өртелген газда 40%-і шоғырланады. ЖККФ-ы кәсіпшілік суды қайта өңдеу қондырғысында пайдаға асырылатын сілтілі ертіндімен меркаптандардан тазартылады.

Заводтар тоқтап қалғанда және газдарды түсіруде күкіртсутекті газ шығарындыларының алдын алу үшін әрбір КТЖ-де екі факелден бар факелді шаруашылықтар қарастырылған, ал таза және күкіртсутектері бар газдар үшін бір факелді жүйені қолдану КТЖ-ң жабдықтарының 70%-і күкіртсутегі бар ортада жұмыс жасауына байланысты.

Жабдықтарды дүркін-дүркін бәсеңдету есептік қысымнан артық кеткенде, қызмет көрсетуші жұмыскерлердің технологиялық ережені бұзуында және апаттық жағдайларда жабдықтарды апаттық қорғау түрінде қарастырылған. Бұл жағдайларда жабдықтарды түсіру сақтандырғыш клапандармен орындалады. Атмосфералық ауаға зиянды заттардың мүмкін шоғырлануы (ШМК-ПДК): азот диоксиді, азот оксиді, аммиак, бензпирен, диэтаноламин, керосин, қышқылы, күкірт қышқылы, уксус қышқылы, кремний диоксиді, ксилол, марганец, мыс оксиді, меркаптандар, натрий карбонаты, қалай оксиді, органикалық емес тозаң шаң, пісіру аэрозолі, күйе, күкіртсутек, қорғасын, көміртегі оксиді, көміртегілер, көміртегі тотығы, фтор.

5.3 Су ресурстарын қорғау

Жер бетіндегі және жер астындағы суларға әсерлер келесі көздерден болуы мүкін:

тазартылмаған немесе жеткіліксіз тазартылған өндірістік және тұрмыстық бұралқы сулар;

жер бетіндегі бұрамдысулар;

құрғатылған бұрамды сулар;

апаттық лақтырулар және бұрамды сулардың жиналуы;

сыйымдылықтардан, құбыр желілерінен және басқа құрылымдардан сулы сұйық материалдардың сүзіліп шығуы;

сулы объектілердің және рельефтердің бетіне тұнатын зиянды заттардың атмосфераға тасталуы;

7) апаттық шығарынды тастау (мұнайдың, газды тазалау өнімдерінің, реагентердің түгілуі);

8) материалдармен қалдықтарды сақтау орындары, кәсіпының өндіріс-

тік алаңдарының шегінде ұйымдастырылған тасымалдауға арналған алаңдар;

9) ұйымдастырылмаған қалдықтар үйінділері;

Жер бетіндегі және жерасты суларының бүліну көздеріне дұрыс тазартылмаған өндірістік және тұрмыстық сулар, кәсіпорынның өндіріс аудандарынан, құбыр өткізгіштерден шыққан зиянды заттар жатады.

Су мен қамтамасыз ету көздеріне жерасты сулары жатады. Ішуге және технологиялық сумен жабдықтауға сеноман шөгінділеріндегі сулар пайдаланылады. Оның минерализациясы 1-1,2 г/л аспайды. ГОСТ 2874-82 бойынша «ішуге жарамды» деп табылған. Санэпидемстанция пайдалануға рұқсат еткен. Техникалық сумен қамтамасыз ету үшін альбсеномандық су қолданылады. Ол кен орының шығыс шекарнасына таяу орналасқан.

5.4.1 Суды тұтыну. Өндірістік ағынды сулардың көлемі, олардың құрамы және ағынды суды тазалау

Жер бетіндегі және жер астындағы суларға әсерлер келесі көздерден болуы мүкін:

тазартылмаған немесе жеткіліксіз тазартылған өндірістік және тұрмыстық бұралқы сулар;

жер бетіндегі бұрамдысулар;

құрғатылған бұрамды сулар;

апаттық лақтырулар және бұрамды сулардың жиналуы;

сыйымдылықтардан, құбыр желілерінен және басқа құрылымдардан сулы сұйық материалдардың сүзіліп шығуы;

сулы объектілердің және рельефтердің бетіне тұнатын зиянды заттардың атмосфераға тасталуы;

7) апаттық шығарынды тастау (мұнайдың, газды тазалау өнімдерінің, реагентердің түгілуі);

8) материалдармен қалдықтарды сақтау орындары, кәсіпының өндіріс-тік алаңдарының шегінде ұйымдастырылған тасымалдауға арналған алаңдар;

9) ұйымдастырылмаған қалдықтар үйінділері;

Жер бетіндегі және жерасты суларының бүліну көздеріне дұрыс тазартылмаған өндірістік және тұрмыстық сулар, кәсіпорынның өндіріс аудандарынан, құбыр өткізгіштерден шыққан зиянды заттар жатады.

Су мен қамтамасыз ету көздеріне жерасты сулары жатады. Ішуге және технологиялық сумен жабдықтауға сеноман шөгінділеріндегі сулар пайдаланылады. Оның минерализациясы 1-1,2 г/л аспайды. ГОСТ 2874-82 бойынша «ішуге жарамды» деп табылған. Санэпидемстанция пайдалануға рұқсат еткен.

Техникалық сумен қамтамасыз ету үшін альбсеномандық су қолданылады. Ол кен орының шығыс шекарнасына таяу орналасқан.

Гидросфераны сенімді қорғау үшін осы жобада келесілер арастырылған:

1)Өндірістің жоғары тиімді үрдістерін, су қалдықты және қалдықсыз технологиялық, сондай-ақ өндірістік үрдістерді пайдалану;

2)Су қорларын тиімді пайдалану;

3)Бұралқы суларды тазалау мәселелерінде алдыңғы қатарлы;

4)Өндірістік қалдықтармен грунттық және жоғары бетіне суларды ластануын болдырмаудың алдын алу шаралары;

5)Бұралқы сулардың апаттық тасталуының алдын алу бойынша инженерлік шараларды жүзеге асыру және өндірістік объектілерді экологиялық қауіпсіз пайдалану;

6) Өндірістік алаңның жоғарғы бетіне өндіріс өнімдерінің және оларға ілесетін ластанушы заттардың түсуін болдырмау;

Жобада қабылданған су қорларын қорғау және тиімді пайдалану бойынша негізгі ұсыныстар, сәйкесті жүйелерімен объектілердің технологиялық жағдайынан, тозуынан және ластануынан су қорларын қорғау және тиімді пайдалану деңгейін есепке ала отырып жасалған.

Бұралқы суларды тазарту үшін қазіргі заманғы механикалық және геологиялық тазарту жүйелері бар және қарастырылуда, қабат суларын айдаудың дүниежүзілік тәжірибесі пайдаланылады.

Жасанды сұрыпталған, қимылсыздандырылған ыдыратқаш-микро-аэзаларды суда қолдануға негізделген амины бар бұралқы суларды микробиологиялық тазалау қолданылған, бұл органикалық бұралқы суларды – биологиялық объектілерде (бактериялармен) экологиялық қауіпсіз өнімді шығарумен пайдаға асыру.

Тазалау технологиясы анаэробты және аэробты микроаэзаларды қолдануды қарастырады. Алшыны бар бұралқы суларды тазалаудың қарастырылған биотехнологиясының дүниежүзілік тәжірибеде ұқсасы жоқ.

Жобада бұралқы сулардың жер бетіне тасталуы қаралмайды.

Судың ластануының алдын алу шаралары.

Шөгілулер есебінен сұйық зиянды заттардың қоршаған ортаға түсуі келесі жобалық шешімдермен төмендегілері: Жоғары арынды саңылаусыз-дандырылған жүйені қалыпты пайдалану қоршаған табиғи ортаның ластануын болдырмайды, оның ішінде гидросфераның ластануын.

Жерасты суларын қорғау мақсатында санитарлық қорғау зонасы жұмыс істейді. Ол жерасты суларын химиялық және бактериялық лас нәрседен қорғауға арналған.

Құмкөл кен орнындағы өнімді су қабаттары мергельді қабаттармен қорғалған.

Жерасты суларын қорғау үшін мына шарттардың орындалуы қатаң талап етіледі:

-сулы қабаттарды бұрғылау кезінде су алу және бақылау ұңғыларының дұрыс толық жұмыс істеуі;

-кен орнын игеру кезінде мұнай өндіру, айдау ұңғыларының жұмыстарының дұрыстығы;

-амбарлардың дұрыс изоляциялануы.

«Құмкөл» МГӨБ өндірісін 3 ұңғы ішетін сумен қамтамасыз етеді. Өндіріс қажетін – 11 сулы ұңғы 1512 м3/тау өнім беру арқылы өтейді. Осы сулар қабатқа айдалады.

Ішуге жарамды су сумен қамтамасыз ету құралдары арқылы шаруашылықтарға, өртке қарсы, өндірістік технологиялық қажеттерді өтеуге таратылады.

Жер ресурстарын қорғау

Жер ресурстарының жағдайы туралы жалпы мәлімет және жердің бүлінуін алдын алу шаралары

Мұнай газ кен орнын игергенде жер беті мұнаймен, әртүрлі химиялық заттармен және минералдылығы жоғары сулармен ластанады. Мұнай және басқа компоненттер жерге тамып, гидронизация цементтелу сияқты процесстердің жүруіне әкеп соғады.

Бұл процесстер өсімдіктер әлемінің және өнімділіктің нашарлануына әкеліп соқтырады. Жер бедерінің бұзылуына байланысты эррозия, дефляция, криогенез процесстері жүреді.

Кен орнының грунтары сазды және құмды фракциядан тұрады. Жер бедері жалаң, сұрғыш қоңыр топырақты, горизонт қалыңдығы 25 см-ге дейін.

Регионалды сейсмикамен, шөгумен және жарықтардың қалыптасуымен байланысты жерлерді бұзумен мұнай өндіруші кешендер литосфераға әсер етеді.

Жер бедерінің бүлінуі және оны дұрыс пайдаланбау – жер беті және жер асыт суларының, атмосфераның, өсімдіктер дүниесінің бұзылуына әкеліп соқтырады.

Кен орнын бұрғылау кезінде және игергенде жер бедерінің тепе-теңдік режимі бұзылатындығы белгілі. Су көп айдалған сайын қабаттағы судың минерализациясы күшейеді. Мұнайда, қабат суында, газда күкіртсутектің болуы қабаттың өткізгіштігін нашарлатады.

Мұнай және газ ұңғыларын қазуда, кен орнын игеріп пайдаланылғанда, барлық технологиялық процесстерде жер қойнауын қорғау өте маңызды.

Кәсіпшілік аймағында топырақ жабынының антропогендік нашарлау қарқындылығының үш дәрежесі бар.

топырақтың әлсіз нашарлануы- 5см тереңдіке профилінің бұзылуы;

топырақтың әлсіз нашарлануы-кенорынның басым бөлігі, 5-10см тереңдіке профилінің бұзылуы;

топырақтың өте күшті нашарлануы- көлік жолдары, оларды бұрғылау учаскелері, қалдықтарды өртеу орындарында 10-15см тереңдіке профилінің бұзылуы;

Топырақ мұнай өнімдерімен ластанған, әлсіз және күшті атпарланған, радионуклиндерімен ластанған. Құмкөл кенорындағы ұңғымалар топырағын зертеу нәтижелері келтірілген.

Мұнай кәсіпшілігі Каспий теңізіне әсер етеді, себебі ол теңізден 50км кашықтықта орналасқан.

Жер ресурстарын қорғау бойынша негізгі шараларға келесілер жатады;

бұрғылау жұмыстарына және сызықтық құрылымдарға жерді бөлу нормаларын сақтау;

грунт жолдарының органикалық тораптары;

қалпына келтіру шараларын жүзеге асыру;

топырақ жағдайын бақылауды ұйымдастыру;

Бұзылған жерлерді қайта қалпына келтіру. Қайта қалпына келтіру жоспарына келесілер кіру керек:

Құбыр желілерін төсеу үшін траншеяларды қайтадан ашу. Көлік жолдары құрылысында трассалық резервуарлармен карьерлердің қайта қалпына келтірілуі қарастырылады.

Қайта қалпына келтірудің техникалық кезеңіне кіретіндер:

ашылған грунтты алу және оны жинау, құламаларды 1:10 түзетуде грунтты игеру, карьер құрамаларымен түбін жобалау, ашылған грунттың кері жылжуы;

ұңғыма құрылысында бұрғы аймағын ластанудан, қалдықтардан тазарту, шламдарды, бұрғылау ертінділерін және бұралқы суларды пайдаға асыру бойынша жұмыстар, амбарларды көму, грунтты жоспарлау, топырақты кешенді реагенттермен өңдеу қарастырылады;

Желіні төсеудің барлық тереңдігіне пышақты желі төсегішпен қатты кесу тәсілімен желіні төсеуде, байланыс желілері құрылысында жерді қайта келтіру қаралмайды;

ВЛ трассасы бойынша электро беріліс желілері құрылында қалпына келтіру жұмыстары тіректерге бөлінген жер учаскесінде жүргізіледі.

Биологиялық қалпына келтіру бұзылған жерлерді қалпына келтірудің технологиялық кезеңінен кейін жүзеге асырады.

Топырақты эрозияға қарсы бекіту теріскен, сексеуіл, қара сүзгін егумен өсімдіктерді қалпына келтіруді қарастырады.

Олардың топыраққа терең енетін тамыр жүйесі бар.

Биологиялық қайта қалпына келтіру жүргізіледі;

ұңғыма алаңының периметірінен 100м қашықтағыбелдеуде;

орталық манифольдтің қоршалған өлшеу қондырғыларының периметрі бойынша 50м қашықтықтағы белдеуде;

Ұңғыма сағасымен өлшеу қондырғылары алаңының қоршаулары шегінде топырақты ұшудан сақтайтын 20см қабаты қиыршықтасты жабынмен жабылған.

Ұңғыма, өлшеу қондырғылары, газ құбырлары, су құбырлары, 5және 35кв мұнай жинау желілері трассалары аймағын биологиялық қайта қалпына келтіру, қайта қалпына келтірілетін аймаққа құмбекіткіш өсімдіктерді егу жолдары қарастырылады. Өсімдіктерді отырғызудың терең 0,35-0,45м, ара қашықтықтары 1м, қатарлар арасы 6м болады.

Жолдар, карьерлер бауырайларын биологиялық қайта қалпына келтіру үшін дәнді егу нормасы 32кг/га жергілікті күнсүйгіш көпжылдық шөптерді егу қарастырылған.

Бөлінетін құмдарды бекіту бойынша эрозияға қарсы шаралар екі кезеңде қарлады:

Құм беттерін тұтқыр материалдармен бекіту;

Қайталама тұтқыр материалдармен өңдеп құм бекіткіш өсімдіктерді отырғызу.

Топырақтың ластану деңгейін төмендететін шаралар:

ұйымдастырушылық

технологиялық

жобалық конструкторлық

санитарлық эпидемияға қарсы

1)Ұйымдастырушылық:

- қалдықтарды басқаруды ұйымдастыру;

- кен орын аймағымен көлік қозғалысын ұйымдастыру және бекіту;

- қалдықтардыбасқару жүйесін бұзатын санкцияланбаған жұмыс жүргізудіболдырмау;

2) Келесі жағдайларда ластанумен байланысты жұмысты жүрнізуді мұқият бекіту немесе технологиялық:

- бұрғылауда

- жабдықтарды тасымалдауда;

- жердегі жұмыстар барысында;

- техникалық қайта қалпына келтіру;

3) Жобалық конструкторлық:

СЭС және табиғатты қорғау ұйымдарда жасалған жобаларды сәйкестендіру және тексеру;

топырақтың ластануын төмендетуге бағытталған жобалық конструкторлық шешімдердің тиімдісін таңдау.

4) Санитарлық – эпидемияға қарсы:

- өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған орындардың сәйкесті учаскелерін орналастыруды таңдау және ұйымдастыру.

- жұмысшыларды аса қауіпті инфекциялардан эпидемияға қарсы қорғауды қамтамасыз ету;

Қалдықтарды жинау және жою принциптері. Қалдықтарды жинау және жоюдың негізгі принциптері мұнайды барлау және оны өндіру Форумының негізгі ұсыныстарына, сондай-ақ РНД 0,30,04,01-95 сияқты ҚР нормативті құжаттары талаптарына сәйкесті болады, және оған кіретіндер:

Қалдықтар жиналуының көздерін анықтау

Жиналатын қалдықтарды анықтау

Қалдыықтар түрлерін және олардың қауіптілік категориясын топтастыру;

Қалдықтарды жинау және жою әдістерін таңдауда келесі факторларға көңіл аудару керек: жергілікті рельефпен географиялвқ ерекшелігі, қабат суларының жағдайларымен ерекшелігі, топырақтың жағдайы және бар қабілеті, құрғалу жағдайлары, берілген аймақтың экологиялық сезімталдығы, атмосфералық ауаның сапасы және геологиялық, экологиялық, жағдайлар.

Қалдықтарды жинау және жою варианттары. Жобада ҚР табиғатты қорғау заңдылықтары талаптарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, өзін сәтті көрсеткен және жалпы қабылдаған технологиялар қаралады.

Ауаның және судың эррозиясынан жер бетін қорғау үшін көпжылдық өсімдіктер өсіріледі. Жер қойнауын қорғау негізгі жағдайлары:

-сепарация, мұнайды дайындау, жинау және тасымалдаудың герметизациясының болуы;

-авария кезінде ұңғылардың автоматты түрде тоқтауы;

-қабаттық және өндірістік суларды қабатқа айдауға мейлінше көп пайдалану;

-транспорттың тек автожолдармен жүруін қадағалау.

Жер қойнауын қорғау шараларына мыналар жатады:

-ашық фонтандауды, ұңғы қабырғаларының құлауын, жуу сұйықтығын жұтылуын, ластанбауды болдырмау. Бұл үшін мұнайлы, газды және сулы интервалдар бір-бірінен изоляциялануы керек. Ұңғы оқпанын кондуктормен, жоғары сапалы цементажды аралық пайдалану колоннасымен қамтамасыз ету.

Технологиялық схемалық бөлімдеріне сәйкес:

-жерасты және жер бетіндегі құрал – жабдықтардың герметизациясы;

-мұнайды жинау, дайындау, тасымалдау және сақтау жүйесінің авариясыз сенімді жүруін қамтамасыз ету;

-технологиялық режимдегі ұңғылар жұмысын қабат құрылымының бұзылмауын және ұңғының уақытытынан ерте суланбауын қадағалау;

-сумен қамтамасыз ету жүйесінің тұйық түрін қолдану, өндірістік суларды қабатқа айдауға мейлінше көп қолдану.

← Предыдущая
Страница 1
Следующая →

Скачать

9 Қоршаған ортаны қорғау.docx

9 Қоршаған ортаны қорғау.docx
Размер: 40.6 Кб

Бесплатно Скачать

Пожаловаться на материал

Қоршаған ортаны қорғауды анықтайтын негізгі нормативтік және құқықтық құжаттар. Атмосфералық ауаны қорғау. Су ресурстарын қорғау

У нас самая большая информационная база в рунете, поэтому Вы всегда можете найти походите запросы

Искать ещё по теме...

Похожие материалы:

Общая  характеристика  отраслей   материального  и  процессуального  права

Вопросы  тестового  контроля  к  рубежному  контролю  для  студентов 1го  курса  факультетов  фармация,  медико-профилактическое  дело, общая медицина  и  стоматология  на  осенний  семестр  2014-2015 учебного года. по теме «Общая  характеристика  отраслей   материального  и   процессуального  права».

Психолго-педагогическая антропология

Четвертичная геология. Ответы на зачет

Задачи четвертичной геологии. Методы абсолютной геохронологии, основные геоморфологические методы, культуры древнего человека.

Коммерческая деятельность

Цель коммерческой деятельности. Коммерция - это деятельность в сфере распределения и обмена товаро-материальных ценностей. Электронный аукцион. Исключительное право на товарный знак.

Международное право

Право международных договоров. Право внешних сношений, международных организаций. Право прав человека. Право международной безопасности (ПМБ). Международное уголовное право. Международное морское, воздушное, космическое право, экологическое право. Международное экономическое право. Мирные способы разрешения международных споров (МС). Право вооруженных конфликтов.

Сохранить?

Пропустить...

Введите код

Ok