Қаупсіздік және еңбек қорғау бөлімі

4 Қаупсіздік және еңбек қорғау бөлімі

Дипломдық жобаның бұл бөлімі ҚР заңдарына сүйеніп жасалған. Тоқталып өтсек:

1) ҚР Еңбек кодексі 2007 жыл 15 мамыр №252-IП

2) Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың тізбектерін тексеру тәртібін «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» ҚР 2014 жылғы 11 сәуіріндегі заңына сәйкес өнеркәсіптік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мүдделі орталық атқарушы органдарымен бірлесе отырып, олардың құзыреті шегінде авариялардың себептерін тексеруді жүргізеді.

3.Азаматтық қорғау туралы ҚР-ның 2014 жылғы 11 сәуіріндегі №188-V заңы.

4.1 Өнеркәсіптегі қауіпті және зиянды факторлар

Кәсіпорынның бас жобасы өндірістік нысандарды жобалаудың өртке қарсы және санитарлық нормаларына жауап беруі керек. Өндірістік кәсіпорын алаңын жобалау кезінде келесі қағидаларды ескеру қажет:

а) бөлінетін зияндылықтар (газ, шаң, түтін, шу т.б.) түрлеріне және атмосфераға лақтырылатын шығарылымдарды тазалау дәрежесіне байланысты технологиялық үрдіс сипаты;

Осыған сәйкес кәсіпорын класы белгіленіп, кәсіпорын мен жақын маңайда орналасқан тұрғын аймақ арасындағы санитарлық қорғаныс алаңының ені таңдалады. Санитарлық қорғаныс аймағының алаңын көгалдандырылу және жайландыру көзделеді.

б) алаң бойына адамдардың жүруі үшін аяқжол ұйымдастыру (аяқжолдардың ені, жабындысы, авто көлік пен темір жол көлігіне қатысты орналасуы);

в) адамдар мен көліктердің жұмыс істеу және қозғалыс алаңдарын жасанды жарықтандыру.

г) кәсіпорын алаңында орналасатын өндірістік ғимараттар, үймереттер, жабық

қоймалар және қосалқы ғимараттар арасындағы негізгі өртке қарсы алшақтық

е) өндірістік зияндылықтар бөлінетін барлық өндірістік ғимараттар басқа ғимаратттар мен тұрғылықты кварталдарға қатысты алғанда басым желдердің бағытына сәйкес орналастырылуы керек;

ж) кәсіпорынның бас жоспарында өртке қарсы іс-шаралар кешеніне кіретін барлық ғимараттар, оның ішінде гидранттардың орналасуымен өртке қарсы су құбырлары да белгіленуі қажет

Бас жобада ғимараттар мен үймереттер өндірістің өрт қауіптілігіне, құрылыс бөлшектерінің отқа төзімділігіне, қоршаған ортаға бөлінетін зиянды заттардың (шаң, газ, зиянды сәулеленулер және т.б.) бар болуына және сипатына байланысты бір-бірінен және жақын маңайда орналасқан тұрғылықты аймақтардан белгілі ара-қашықтықта орналасуы қажет. Өндірістік ғимараттар мен тұрғылықты аймақ арасындағы алшақтықтар бөлінетін зияндылықтардың сипаты мен көлеміне байланысты, өндірістің бес кластың біріне жатуына орай санитарлық қорғаныс аймағының шамасына тәуелді анықталады.

Өндірісте еңбектің қолайлы жағдайларын қамтамасыз ететін профилактикалық жұмыстарды жүргізу – кәсіпорындағы техника қауіпсіздігі және еңбек қорғау қызметінің негізгі мақсаты болып табылады. Өндірісте туатын қауіпті және зиянды өндірістік факторларға байланысты, қабатты сұйықпен жарудыпайдаланған кезде қандай операциялармен кездесетінімізді қарастырайық.

Қабатты сұйықпен жарудың негізінде өңделетін қабатта ірітүйіршікті құммен бір немесе бірнеше саңылау жасау жатыр.

Қабатты сұйықпен жарудың ерекшеліктері, үлкен қысыммен жұмыс жасайтын жабдықтарды қолдануға болады.

Үлкен қысымен ұңғыға айдау үшін (4АН-700,SAH, АЗИНМАШ-30А т.б) сораптары қолданылады.

Сораптық қондырғыларды қауіпсіз пайдаланудың маңызды шарт, сораптарда зауыттық сақтандырушы құрылғылар мен монометрлерді орналастыру керек. Сораптағы сақтандырушы құрылғыдан лақтырыс қаптамамен жабылған және агрегат астына шығарылған болу қажет. Айдаушы тізбектерде (манифольд блогында ) кері клапандар орнатылу қажет.

Құмараластырушы агрегаттарды күту кезінде оларда тор болмаған кезде бункерге құлау қаупі, жіне де жиналатын қоршаулары бар алаңшаларды және бункерге көтерілуге арналған сатыларды қолдану кезінде биіктен құлау қаупі туындайды.

Қабатты сұйықпен жару кезінде ұңғы сағасы арнайы арматурамен жабдықталады, оның корпусында құбыраралық кеңістікті қымтақтау мақсатында резеңке нығындағыштар және сығымдаушы металл сақиналар орналастырылады.

Сұйықпен жаруда қысымды өлшеу және тіркеу үшін, көрсетуші және тіркеуші манометрлер қолданылып, олар импультік түтікшелер көмегімен қауіпсіз қашықтыққа шығарылуы мүмкін. Арматура агрегатпен арнай құбырлармен немесе жоғарғы қысымды шлангілермен жалғанады.

Қабатты жаруда қолданылатын сұйықты тасуға және үлкен қысыммен сораптық агрегаттарға беруге арналған автоцистерналарды күтуде, тыныстық клапанның, сораптағы редукциондық клапанның, сүйеніштері бар сатылардың, люкті күтуге арналған алаңның ақаусыз болуына көңіл аудару қажет.

Қабат сұйықпен жару қауіпсіздігін қамтамасыздандыруда, алдын ала дайындау шаралары үлкен орын алады. Ұңғы айналасындағы территория тазартылған және мүмкіндігінше түзетілген болу қажет.

Жабдықтарды орналастыру және құбырлауды төсеуге кедергі келтіретін барлық заттарды алып тастау қажет. Қабаттарды сұйықпен жару жұмыстарын жүргізу алдында жабдықтардың сақтандырушы құрлымдардың бақылау- өлшеу аспаптарының және басқа қауіпсіздік техникасы бойынша құралдардың ақауларын тексеру керек. Ұңғыдағы жабдықтарды және айдаушы тізбекті монтаждаудан кейін, жару кезіндегі максимал қысымнан бір жарым есе артық қысыммен сығымдау қолданылады.

Қабатты гидравликалық жару барысында агрегаттар, құбырлар, саға арматурасы маңайындағы аумақ қауіпті болады. Сондықтан қабатты сұйықпен жару немесе жабдықтарды сығымдау алдында, барлық адамдар ұңғы сағасынан және орам элементтерінен қауіпсіз аймаққа шығарылу керек.

Қабатты сұйықпен жаруды қауіпсіз орындау үшін қондырғы ұңғы саласынан қарама-қарсы бағытталы, 10 м қашықтықта орналастырылады.

Үлкен қысымдағы жабдықтарды қолдану қаупімен қатар, жару сұйығы ретінде тұтқыр мұнайды, мазут қоспаларын пайдалану нәтижесінде өрт қауіпі пайда болады.

Осымен байланысты сораптық және құмараластырғыш қондырғылар, автоцистерналар немесе мұнайға арналған ыдыстар, және де арындық тізбектер орналасқан аумақтар үстінен күштік немесе жарықтандыру желілері өтпеуін қатаң қадағалау керек.

Сұйықпен жаруда қолданылатын қондырғылар және машиналардың лақтыру құбырлары, ұшқын өшіргіші бар сөндіргіштермен жабдықталу қажет.

Әрбір қондырғыда және автоцистернада өрт сөндіргіш болуы қажет.

Егер қабаттарды гидравикалық жаруда қышқылдар мен сілтілер қолданылса, онда ұңғыларды қышқылмен өңдеу талаптарымен, ал радиоактивті изотоптарды қолданса-радиоактивті заттар мен иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс ережелерін қолдану қажет.

Қабаттарды сұйықпен жарудан кейін құбырларды оловкадан ажырату алдында, головкадағы крандарды жауып, құбырөткізгіштегі қысымды атмосфералыққа дейін түсіру қажет. Барлық жабдықтар қабатты жаруда қолданылған қоспалар қалдықтарынан тазартылуы керек. Қоспалар қалдықтарын өнеркәсіптік канализацияға, мұнайұстағышқа немесе сиымдылыққа төту ғана жіберіледі.

Қыс уақытында тоқтаула, жұмыс үзілісінен кейін құбырөткізгіштерде мұз бітеулер жоқ екендігіне көз жеткізу үшін, сорапты тек сынама сұйықты құбырмен айдағанан кейін ғана іске қосу қажет.

Жарылыс немесе өрттің алдын - алу мақсатында арындық тізбектерді және қондырғыларды ыстық бумен немесе сумен қыздыру қажет.

Қабаттарды сұйықпен жаруда ЯАЗ-210, ЯАЗ-219 және басқа машиналар негізінде құралған қуатты машиналар қолданылуы салдарынан, санитарлық нормалардан 15-17 Дб асатын шу пайда болады. ВНИИТБ машинист жүргізуші кабинасындағы шуды 18-20 Дб төмендететін жабындар шығарды.

Қабаттарды сұйықпен жару процесі бекітілген жоспар бойынша, инженерлік-техникалық жұмысшы басқаруымен жүреді. Қабатты сұйықпен жару агрегаттарын 1 м арақашықтықпен, ұңғыдан кері бағыттап, 10 м қашықтықта орнатылады.

Қабатты сұйықпен жару алдында сол бүйірі түсіріліп, шет жаққа ысырылып, көтеру қондырғы аяғына бекітіледі.

Тереңді сораптың ұңғыларында zi станок-каяалка жетегі –редуктор, тежеледі және планат қысмырылады: Қоспаңдар –адамдар жұмыс жасауда.

Арындық құбыр өткізгіштер монтажында және ұңғы сағасын орамдауда, сығымдау араматурасында кері клапондар, ал сорапқа сақтандырушы құрылғылар және манометрлер орнатылады. Импульстік түтіктер көмегімен манометрлер алшақтатылады. Сорапта орнатылған сақтандырушы қондырғыны бұрылуы қаптамаменжабылады және агрегат астына шығарылады.

Агрегаттарда орнатылған жетектердің және басқа машиналардың лақтыру құбырлары ұшқын өшіргіш сөндіргіштер және нейтрализаторлармен жабдықталып, платформадан 2м кен емес биәктікке шығарылады. Егер қабатты сұйықпен жаруда, осы ұңғының пайдалану тізбегі артық қысым пайда болу мүмкін болса, онда колоннаны пакерлеу жүргізіледі. Сұйық пен жаруға арналған сұйықты ұңғыға айдау алдында сораптың агригаттар және басқа жабдықтау ақаулары,олардың орам сенімділігі мен сағалық арматураға жалғануы тексеріледі . Сағалық және бітеу араматурасы, кері клапондар, қысымды өлшеу және тіркеу аспаптары тексеріледі.

Айдаушы құбырөткізгіштер, жару кезінде болатын қысымына 1,5есе артық қысымен сығымдалады, адамдар қауіпті аймақтан шығарылады. Қабаттарды гидравликалық жаруды жүргізу үшін, агригаттарды басқарушымен қауіпсіз аймақтан сенімді байланыс орнату қажет. Сұйықпен жару барысында адамдардың ұңғы сағасы және айдағыштар маңында болуына қатаң тиім салынады.

Агрегаттар жұмыс уақытында оларды жөндеуге, орамды бекітуге немесе бітеу арматурасындағы жылыстарды жоюға тиім салынады. Құбырөткізгіштерді сағалық арматурадан ажырату алдында ондағы крондар жабылып, ал құбырөткізгіштегі қысым атмосфералыққа дейін төмендетіледі.

Жару сұйығының қалдықтары канализацияға немесе арнайы сиымдылыққа төгіледі. Қабаттарды сұйықпен жару процесі үлкен қысымдар нәтижесінде оны жүргізетін персаналға қауіп төндіреді.Агрегаттар жұмыс уақытында норма пардан асатын шу пайда болады. Бұл процессті күрделендіріп, керексіз нәтижелерге әкелуі мүмкін. Қышқылдарды тасымалдау, қышқыл ертінділерін дайындау, ертіндіні ұңғыға айдауда жұмысшылардың қышқылмен күю қаупі пайда болады. Қабатты сұйық пен жаруда қолданылатын агрегаттар максимал мәннен артық қысымға есептелген.

Ұңғыға қысыммен сұйықты айдау үшін (НАН-700. 5НН-700.АЗИНМАШ-30А және т.б.) сораптық қондырғылар қолданылады. Олардың пиевматикалық және гидраваликалық жүйелері сақтандырушы құралдармен жабдықталған.

Қондырғыларға, механиздерге және агрегаттағы өлшеуіштерге тұрақты бақылау және күтімді қажет етсе, қолайлы және қауіпсіз жететін жағдай жасалуы керек. Барлық қозғалатын бөлшектер қоршалу қажет.

Жабдықтарға күтім көрсетілетін (қозғалтқыштар, сораптар трансмиссиялары, монифольд) алаңдары, 1м кем емес биіктікте қоршалады. Агрегат платформасына көтерілу үшін сүйеніштері бар саты немесе ілме басқыш жобаланады.

Орамдар құбырөткізгішіндегі бітеу арматурасы бір адам күшімен оңай реттелу қажет. Бітеу қондырғылары ретінде цилиндрлі тығынды крандар қолданылады. Крандар тығын жоғары қаратылып орнатылады. Сораптың гидравликалық бөлігінің маңында айдаушы құбырөткізгіште, сұйықты лақтыратын әкету құбыры бар сақтандырғыш клапан орнатылады. Қабылдау және айдау құбырлары агрегатта резенке немесе ағаш төсемелерді қолдану арқылы берік бекітіледі.

4.2 Енбек қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету шаралары

4.2.1 Қорғаныс шаралары

Қондырғыларды пайдалану, монтаждау және демонтаждау бойынша барлық жұмыстарды жүргізуде, мұнай өндіретін өнеркәсіптегі «электроқондырғыларды орнату шаралары» және «электроқондырғыларды пайдаланудың техника қауіпсіздігі мен нұсқаулары» талаптарын қатаң сақтап отыруымыз керек.

Ток жүретін бөліктерге жақындау мүмкіндігімен байланысты аппараттардың бекітілуінің сенімділігі мен жер асты қондырғыларының байланыстарын тексеруіміз және тағы да басқа жұмыстарды қондырғының өшірулі күйінде ғана жүзеге асырамыз.

Трансформатордың кабелін, басқару станцияларын сол сияқты кабельдің сауытын (броня) жерлендірмеге қосуымыз керек.

Қондырғыны басқару станциясының есігінің сыртында орналасқан «қосу» және «тоқтату» батырмаларын немесе пакеттік бұрғышты біліктілігі бірінші топтағы арнайы персоналдың басуымен қосамыз немесе өшіреміз.

Басқару станциясынан ұңғы сағасына дейінгі кабельді жер бетінен 400 мм арақашықтықтағы арнайы тіреулерде төсейміз.

Қондырғы оқшаулануының кедергісі 1000 Ом-ға дейінгі қуатты мегаллетрмен өлшейміз.

Басқару станциясының есігінде құлып болуы керек, оның кілті қондырғыға қызмет ететін электротехникалық қызметкерде болады.

Ұңғы сағасынан шығатын сауытталған кабель трассаның әрбір 50 м-де орнатылған сақтық белгілерімен арнайы тіреулер бойынша төсейміз.

Кабельде көтеру-түсіру операциялары кезінде қандай да бір жұмыстарды жүргізуге болмайды.

4.2.2 Өндірістік санитария

Өндірістік кәсіпорындарды жобалаудың санитарлық нормалары, кәсіпорынның аумағына, ондағы сумен қамсыздандыру жүйесіне және канализациясына, қосалқы құрылыстарға арнайы талаптарды жүктейді.

Жұмыс орнының метеорологиялық жағдайын стационарлық және ашық жерде деп бөлуге болады. Стационарлық, яғни операторлық күркені жылыту кәсіпшілік ішіндегі газбен жылыту жүйесі арқылы және ауаны кондиционерлеу үшін БК-200 кондиционерлері қолданылады.

Ашық алаңда жұмыс істейтін жұмысшылар тобы үшін кәсіпшіліктің әрбір учаскесіндегі әкімшілік ғимараттары орналасқан. Онда санитарлы тұрмыс бөлмелері қарастырылған. Олардың құрамында душ бөлмелері, жуынуға арналған бөлмелер, таза және арнайы жұмыс киіміне арналған киімілгіш шкафтар және т. б. кіреді.

Химикаттар дайындау және олармен жұмыс жасау кезінде көзілдіріктер, шаңға қарсы респираторлар кию керек.

Электросораптар орналасқан территорияда әртүрлі жарықты талап ететін едәуір алаңды (100х100) орналасқан әртүрлі үрдістер мен жабдықтар бар. Сондықтан электросорап орналасқан территорияны прожекторлы жарықтандыру және әрбір жұмыс орны, бөлмелерде жергілікті жарықтандыру қолданылады. Сонымен қатар, прожекторлы жарықтандыруда жарықтану территориясы әуе сымдарымен, тіректерімен айтарлықтай аз үйіріліп тасталады.

Жарықтандыру территориясында тым жағымсыз көлеңкелер пайда болады, олар заттарды қарауға кедергі жасайды. Бірақта олардың қондырылу орнын, иілу бұрышын және қондыру биіктігін дұрыс таңдаса, онда олар анағұрлым азаяды.

Электр жарықтандыру шырақпенен жарылу қауіптілігінің атқаруында орындалған. Беті жағында берілген температурада (адамға зиянсыз) жылу изоляциясының конструкциясының керекті қалындығын таңдауға тоқталамыз. Ол 1м диаметрлі цилиндірлі обьетілер үшін мына формуламен анықталады.

(4.1)

мұнда:гу-жылуөткізгіштік коэффициентті (стекловат үшін t=800с-та 0,058Дж/мск)- қа тең.

Dk-жылу бергіштік коэффициенті (1м диаметрлі цилиндірлі бет үшін 15 м/с желдің жылдамдығында 34,9 Дж(м2ск)-ға тең)

tт- құбырдың температурасы (700с)

tк- сыртқы температурасы (250c)

tn- бетінде берілген температура (200c)

Сонымен,

, (4.2)

Натуралды логарифм кестесі бойынша табамыз.

, (4.3)

бұдан dиз=0,2346м.

(4.4)

Сонымен 219,1мм диаметрлі құбырды изоляциалау үшін стекловаттың 8мм изоляция қалындығын аламыз.

Экономика жағынан бұл тиімді, себебі изоляция қызметаерлерді тек қана күйіктен қорғап қана қойма, сонымен қатар жылудың жойылуын төмендетеді.

Жерсіңдіруші найзағай бағыттауыш қондырғының тізбектелген тізбегінің соңғы элементі болып табылады. Найзағай тоғын жерге бағыттауға және қондырғының жерге қатысты жеке бөліктерінің тоғын азайтуға арналған.

Жердің мүмкін кедергісін R=4 Ом деп қабылдаймыз.

Көлденең электродтардың өлшемдері мен грунтқа бату тереңдігі t=1,75м; l=2,5м; d=10мм.

Грунттың 10% ылғалдылықта байқалған меншікті кедергісі

Грунттың есептік кедергісін деп қабылдацмыз. Мұндағы климаттық аймақтағы тік электродтар үшін мезгілдік (сезонность) коэффициенті:

қалыпты ылғалдылықтағы жердің жағдайын ескеретін коэффициент.

Грунтқа батырылған қөлденең стержень үшін грунт кедергісін есептейміз.

(4.2)

Мұндағы көлденең электродтар үшін коэффициент.

қалыпты ылғалдылықтағы жердің жағдайын ескеретін коэффициент.

Бірлік жерсіңдірушілердің кедергілерін анықтаймыз:

а) грунтқа тігінен батырылған стержньді бірлік жерсіңдірушінің кедергі

(4.5)

Мұндағы: Р=120 Ом- грунттық есептік кедергісі

L=2.7- электродтың ұзындығы

D=10 мм-электродтың диаметрі

t=1,3 м- батырылу тереңдігі

б) грунтқа көлденең батырылған стерженьді бірлік жерсіңдірушінің кедергісі:

(4.6)

Грунттық жерсіңдірушінің кедергісін анықтаймыз:

(4.7)

Мұндағы: мен -тік және көлденең жерсіңдірушілердің

коэффициенттері.

R=1-вертикал электродтардың саны.

Есептеуден алынған грунттық кедергі қабылданған кедергіні; шартты қанағаттандырады.

4.2.3 Шу және дірілмен күресу іс-шаралары

Ғимараттағы шу мен дірілдің пайда болу көздері белгіленеді және ғимараттағы діріл акустикалық активті қондырғыларды есепке ала отырып, жұмыс орындарындағы олардың нақты деңгейлері бағаланады.

Шекті рұқсат етілген дыбыс қысымдары, дыбыс деңгейлері, дыбыстың эквивалентті деңгейі,діріл үдетуінің және діріл жылдамдығының шекті деңгейлері, сонымен қатар оның түзетілген, эквивалентті түзетілгендеңгейлері анықталады.Өндірістік ғимарат жұмыс орындарындағы және кәсіпорын аймағындағы дыбыс қысымының деңгейлері, дыбыс деңгейлері және эквивалентті дыбыс деңгейлері.

Шу мен дірілдің шекті және одан жоғары деңгейлерінде олардытөмендетуге қажетті деңгейлер анықталады, осыған сүйене отырып шығару көздеріне әсер ету, дыбыс оқшаулауыш және дыбыс сіңіруші, діріл оқшаулауыш және діріл сіңіруші құралдарды, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану іс-шаралары ұйымдастырылады.

4.2.4 Ауаның шаңдылығы және газдылығымен күресу іс-шаралары

Технологиялық үрдіс және қондырғыларды зерттеу негізінде өндірістік кәсіпорында пайда болатын зиянды заттар, олардың агрегаттық күйлері (шаң, газ, булар) анықталады.Олардың шекті рұқсат етілген мөлшері (ШРМ) және қауіптілік класы белгіленеді. Қарастырылып отырған ғимарат ішіндегі басқа бір қондырғының жұмысын есепке ала отырып, кеңесшінің нұсқауымен біртекті зиянды заттардың бөліну қарқындылығының шамасы алынады (шаң, газ, булар немесе төмендегі теңсіздік сақталуы тиіс болатын бір бағытта әсер

Ететін заттар).Ғимаратқа келіп түсетін әрбір зиянды зат үшін оның қауіптілік көрсеткіші белгіленіп,басым зат анықталады және ол арқылы жалпыалмасымды желдетудің өнімділігі есептеледі.

Қауіптілік көрсеткіші (мг/м3)Ро = М / СШРМ ,

Мұндағы М – ғимаратқа келіп түсетін қарастырылып отырған зиянды заттың қосынды мөлшері, мг/м3;СШРМ – оның ШРМ, мг/м3.

4.2.5 Электр қауіпсіздігі

Кернеулі токты бөлікке адам жақындаған жағдайда, оны токтың әсерінен ажырату керек, егер ол оны өзі істей алмаса, босатудың ең сенімді тәсілі токты бөліктерді өшіру болып табылады.

Егер кернеулі қондырғыдан тез ажырату мүмкін болмаса, зақымданғанда токты бөліктерден тарту қажет. 1000 В-қа дейінгі кернеулі электроқондырғыларда зақымданушыны оның құрғақ киімінен тартуға немесе электр сымының оқшауланған бөлігімен тартып алуға рұқсат беріледі.

Көмек көрсетуші өзі токқа түспеуі үшін, өзінің қолдарын алдын-ала изолирлеуі керек. Ол үшін диэлектрлік қолғаптар, шарф қолғап және т. б. пайдалану қажет. Сонымен бірге көмек көрсетуші өзін жерден изолирлеуі қажет. Ол үшін алғының астына алдын-ала резинка кілемше, құрғақ тақтай немесе өзінің киімін тастау қажет.

1000 В кернеулі электроқондырғыларда көмек көрсетуші өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, диэлектрлік қолғап киюі керек, содан кейін токты бөліктен зақымданушыны босату керек.

Жөндеу жұмыстарын бастауға дейін электросораптың жетегі сөндіріледі, ал қосатын қондырғыда «адамдар жұмыс істеп жатыр» деген жазбалар ілінеді. Кезеңдік жұмыс істейтін автоматтар немесе қашықтықтан қосылатын ұңғыларда жетекті өшіру және сақтандырғыш плакаты іліну тек жөндеудің алдында ғана емес, сонымен бірге қондырғыны тексерер алдында да міндетті түрде жүзеге асуы қажет.

Жерлендірілген электроқондырғы үшін ұңғының кондукторын пайдалану керек.

Өрт-жарылыс қауіпсіздігі

Жаңа ұңғыларды бұрғылау барысында, оларда ашық фонтандаудың алдын алатын шараларды қабылдау қажет. Ұңғыны игергенде және сынағанда, жерлердің құлауын ескеру қажет. Өндіру және айдау ұңғыларының пайдаланылуы лақтырыстарды және ашық фонтандауды болдырмайтын саға жабдығына сәйкес жүргізілуі тиіс.

Жобаментөмендегілерқарастырылады:

Жәнежинайтынжүйеніңтолықсаңылаусызболуы Мұнаймен суды дайындайтын, айыратын;

Лақтыружелісініңжарылужағдайыкезінде, ұңғыжұмысыныңавтоматы түрде тоқтауы;

ТӨҚ-ның, СС-дың, ұңғыныңтүсуінескеру;

Жобада өндірістік ғимараттар мен жабдықтар территориясына қойылатын төмендегідей талаптар қарастырылған:

барлық өндірістік объектілер, сонымен қатар өндірістік ғимараттар территориясының таза және жинақы болуы;

өндіріс және ғимараттар территориясының майланбауы, тез тұтанғыштармен, ыстық сұйықтармен, қоқыстар және өндірістік қалдықтармен ластанбауы;

өндірістің жанатын қалдықтарының жойылуы, ал тез тұтанғыш пен ыстық сұйықтар төгілген жерлер ұқыпты тазаланып, құммен немесе грунтпен көмілуі;

МГӨБ-ның әрбір объектілерінде майланған материалдар мен шүберектерге арналған, қақпағы бар жәшіктердің болуы;

өрт-жарылыс қауіпті алаңдар мен объектілер және құрылымдардың маңайында орналасқан шөптер радиусы 5 м-ден кем емес аймаққа дейін шабылуы;

топтық қондырғылар, жеке және топталған резервуарлардың жобаға сәйкес және де әр уақытта дұрыс болуы;

объектілердегі таңба-көрсеткіштердің түнгі уақыттарда жарықтандырылуы;

өрттік гидранттардың қатып қалмауы үшін жылумен қамтамасыз етілуі;

өрт-жарылыс қауіпті объектілер, цехтар, қоймалар территориясында темекі шегуге тыйымның салынуы. Мұндайжерлерде «ТЕМЕКІ ТАРТУҒА БОЛМАЙДЫ» дегенжазулардыңболуы;

топтық қондырғы және басқа да аймақтарда от жағуға, шөпті, мұнайды өртеуге болмайтындығы.

← Предыдущая
Страница 1
Следующая →

Файл

8 Қауіпсіздік және еңбек қорғау.docx

8 Қауіпсіздік және еңбек қорғау.docx
Размер: 77.1 Кб

.

Пожаловаться на материал

Дипломдық жобаның бұл бөлімі ҚР заңдарына сүйеніп жасалған. Енбек қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету шаралары. Қорғаныс шаралары. Өндірістік санитария Шу және дірілмен күресу іс-шаралары

У нас самая большая информационная база в рунете, поэтому Вы всегда можете найти походите запросы

Искать ещё по теме...

Похожие материалы:

Доврачебная помощь

Вопросы и ответы о первой доврачебной помощи

Курсовая работа по бюджетированию

Данная курсовая работа по дисциплине «Бюджетирование деятельности предприятия» содержит две части: теоритическую и аналитическую.

Пневмония. Тест с ответами

Укажите возбудителей внебольничной пневмонии? Продолжительность временной нетрудоспособности при пневмонии легкой степени тяжести. Крупозная пневмония. Хроническим бронхитом

Праксиологический (поведенческий) аспект профессиональной педагогической этики

Ситуации морального выбора в деятельности педагога. Моральные дилеммы в работе педагога и алгоритм их решения. Профессионально-этические конфликты в деятельности педагога и стратегии их разрешения. Этическая защита в педагогическом общении.

Анализ деятельности участников педагогического процесса

Благодаря педагогическому анализу в каждой конкретной ситуации могут своевременно приниматься эффективные решения тех или иных задач, встающих перед педагогами и учащимися.

Сохранить?

Пропустить...

Введите код

Ok