Абайдың ақындық мектебі

17. Абайдың ақындық мектебі – оның кейінгі әдебиетке әкелген жаңашыл дәстүрлері мен сол әдеби үлгі-өрнектерді жалғастырып, дамытушы ізбасар ақындардың әдебиеттегі орнын айқындайтын, сол арқылы кемеңгердің тағлым беруші ұстаздық қырын танытатын қазақ әдебиетіндегі ерекше құбылыс.

Абай дәстүрі – біз сөз етіп отырған ақындық мектепті де ішіне сыйғызып жіберетін кең ұғым. Абай дәстүрі оның қасында жүрген шәкірттерімен шектелмейді. Қазақ әдебиетіндегі Абайдан кейінгі көрнекті тұлғалардың барлығы дәстүр жалғастырушылар десек, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин сынды әдебиет қайраткерлері осы лектің алдыңғы толқыны ғана. Демек, кең мағынада алғанда дәстүр жалғастырушылардың бәрі дерлік Абайдың ақындық мектебінің өкілдері болып табылады. Алайда, Абайдың ақындық мектебі деген ұғымды нақтылап, оның маңайындағы ақын шәкірттерімен байланысын алып қарастырғанда, ақындық дәстүрден де басқа, ұстаз бен шәкірт арасындағы күнделікті қарым-қатынастардың нақтылы көріністері бой көрсетеді.

Ұлы Абайдың маңайына шоғырланған талантты жастар туралы айта келіп Мұхтар Әуезов былай деп жазады: "... Ондай ақын төртеу. Оның екеуі Ақылбай, Мағауия - Абайдың өз балалары, мұның екеуі де 1904 жылы Абай өлген жылы өлген. Қалған екеуі Көкбай, Шәкәрім. Осы төрт ақын Абайдың толық мағыналы шәкірттері". Ақылбай - Абай айналасындағы шәкірттердің ішіндегі ең таланттысы. Бірде ауылына келген Долгополовқа Абай өзі туралы да, балалары туралы да сын айтуын өтінгенде, ол Ақылбайды: «Жай ұғады, шабан қозғалады. Бірақұққаны мен алғанын қайтып жоғалтпайтын өнімі бар талант иесі. Тек онысын су тубіне кетіріп жүрген -жалқаулығы» дегенді айтады. Ол «Дағыстан» («Кәрі Жүсіп»), «Зүлыс», «Жаррақ батыр» атты поэмалар жазды. Әуезов 1923 жылы «Сана» журналының 2-3-сандарында Абайдың жарияланбаған өлеңдерінің қатарында «Зүлысты» да бастырды. «Дағыстанның» үзіндісі 1918 жылы «Абай» журналының 5-санында жарық көрген. Қанша дегенмен Ақылбай Абайдың ықпалынан кете алмады, оның әсері оған орыс ақындарын өз бетінше оқыттырды. Пушкин, Лермонтовты оқуы Кавказ тақырыбына барғыздырды, екіншіден, бұған Абай себепші болды. Ақылбай 1904 жылы Семейде Абайдың қырқын берген күні қайтыс болады. Мағауия әдебиет тарихында Абайлық дәстүрді бойына мол сіңірген ақын болып қалыптасты, нәзік лирикалық өлеңдер шығару, сюжетті поэмалар жазуды әкесі Абай ақынның өнегесінен алды. Абайдың ақылының арқасында бірнеше поэма жазады. Поэмалары: «Еңлік-Кебек», «Абылай», «Медғат-Қасым». Өз махаббаты үшін күресіп, құрбан болған Еңлік пен Кебекті келер заман жастарына үлгі етіп жырлайды. «Еңлік-Кебек», «Абылай» поэмалары қолжазба күйінде қалып, оқушыларға таралмаған. «Медғат-Қасым» поэмасының тақырыбы қазақтан жырақ, алыс елдерден, яғни Африка өмірінен алынған. Сол елді мекендеген адам қауымын реалистік шындық тұрғысынан көрсетеді. Осылайша поэзияның үлкен үлгісін шебер танытқан Мағауия осындай романтикалық поэманы қазақ әдебиетіне кіргізді. Сол кездегі өнерлі жастар осы поэманы жаттап алып, әнге қосты. Осыдан кейін де қазақ өмірінен алып, тағы бір поэма жазды. Ол «Еңлік-Кебек» жайындағы коспа поэма болды. Бұл поэмада Кеңгірбай бидің бейнесін шебер керсете білген. Еңлік-Кебектің өліміне себепкер биді кіналайды. Осылайша, образдарды бейнелеуде, өткеннің қараңғылығын сынауда адамгершілікті ең үлкен максат етіп қойған Мағауияның поэмасы өз уақытындағы бағалы еңбек болды. Көкбай он-он бес жасынан айналасына өткір тілді, өжет, суырып салма ақын ретінде таныла бастайды. Шәкірттерінің ішінде Абайдың өлеңдеріне аты кірген жалғыз Көкбай болса, ұстазына ең көп жыр жолдарын арнаған да сол (“Семейге Абай келсе бізге думан”, “Абайдай ұлы тумағы болар ғайып”, “Абайдан сабақ алдым бала жастан”, “Жаннатта жаның болғыр Абай құтып”, т.б. өлеңдері). Оның “Дүтбайға”, “Күлембайға” сияқты өлеңдері Абай үлгісіндегі сыншылдық сипатта жазылған. Көкбайдың “Сабалақ”, “Құлынды”, “Қандыжап”, “Ғаділ патша қиссасы”, “Арон Рашид қиссасы” дастандары белгілі. “Сабалақ” дастанын мезгілі, мазмұны, кейіпкерлеріне қарай үш дәуірдің адамдары туралы жазылған үш бөлімді жеке жырлар ретінде қарастыруға болады. Дастанның алғашқы бөлімі Абылай ханға арналған “Сабалақ” жыры болса, екінші бөлімі – Абылайдың бір топ ұрпақтарына арналған “Төрт төре” жыры, үшіншісі Наурызбай батыр жайында жазылған “Наурызбай – Фатима” атты ғашықтық жыр. Көкбайдың ақындық дарынына М.Әуезов жоғары баға берген. Көкбайдың өлеңдері мен айтыстары “XX ғасырдағы қазақ поэзиясы” (1985), “Айтыс” (1988, т. 2), “Абайдың ақын шәкірттері” (1994, 2-кіт.) жинақтарына еніп, ол туралы зерттеу мақалалар ұжымдық монографиясы (1988) мен Қ.Мұхамедханұлының "Абайдың ақын шәкірттері" кітабында (1994) жарияланды. Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Құдайбердіұлының қаламынан терең ойлы, сыршыл лирик. өлеңдер, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» сияқты оқиғалы дастандар, «Әділ-Мәрия» романы жөне басқа да прозалық туындылар, аудармалар, тарихқа, философияға қатысты еңбектер, сазды әндер туды. 1911 ж. «Түрік, қырғыз, қазақ Һәм хандар шежіресі», 1912 ж. Семей қаласындағы «Жәрдем» баспасынан «Қазақ айнасы», «Қалқаман-Мамыр», «Жолсыз жаза яки кез болған іс», «Енлік-Кебек», «Үшанық», «Мұсылмандық шарты», «Ләйлі-Мәжнүн» т. б. шығармалары жарық көрді. 1978 жылы Ленинградта шыққан «Поэты Казахстана» деген жинақта Құдайбердіұлының бірқатар өлеңдері орыс тілінде басылды. Үлкен жинағы 1988 ж. «Жалын» баспасынан жарық көрді. Абай тәрізді Шәкәрімнің де ақын ретінде ұсақ-түйек міндерді сынаудан бастап, өз кeзінің күрделі әлеуметтік мәселелерін көтеруге дейінгі аралықтағы терең ойлары, парасатты тұжырымдары сайрап жатыр «Ескіден қалған сөз теріп», «Сәнқойлар», «Қалжыңшыл қылжақпас», «Еріншек», «Құмарлық», «Бір салмойын сал келер» сияқты өлеңдерінде ақын замандастарының бойындағы ірілі-уақты кемшіліктер сыналады. Шәкәрім надандықтың негізін осылардан көреді. Өз халқының мүддесін көздеген ақын оның бойындағы жағымсыз қасиеттерді жұртқа жария етуші ғана емес, солардың үкімін айтушы да бола білді. Әшкерелей отырып, өз үкімін айтады, айналасына ой тастай сөйлейді. «Ашу мен ынсап», «Шаруа мен ысырап», «Анық пен танық», «Ер қоспақ пен сөз сөйлемек», «Дүние мен өмір», «Мақтау мен сөгіс», «Міндеу мен күндеу» сияқты бірқа- тар өлеңдерінде Шәкәрім айналасына сын көзбен қарай отырып, заманының шынайы суретінжасайды. Халық тағдыры - Құдайбердіұлы жырындағы арналы тақырып. Бұл тұста да ол Абаймен сабақтас, үндес.

18. Зат есім оны оқыту. Кеп жатса қазақ тілінен дайындалғанды айтасыңдар))))

19. ХХ ғасыр басындағы діни-ағартушылық бағыт (Шәді төре Жәңгірұлы, Нұржан Наушабайұлы, Мақыш Қалтайұлы). Шәді Жәңгірұлы – Шығыс тақырыбынан молынан игерген ақын. Шаян, Қарнақ, Бұхарадағы Көкелташ медреселерінде оқыған. Ақын нәзира дәстүрі бойынша Шығыс сюжетіндегі елеулі оқиғалар мен тұлғаларды дастан етіп жырлайды. Оның біразын кітап етіп бастырады. «Хайбар хиссасы» (Қазан, 1910), «Хикаят Қамар-уз-заман» (Ташкент, 1910), «Русия падишаһлығында Романов нәсілінен хөкманлық қылған падишаһлардың тарихтары һәм Ақтабан шұбырыншылық заманына бері қазақ халқының ахуалы» (Орынбор, 1912), «Хикаят Уәрәқа Гүлша ғашық уә мағшуқ» (Ташкент, 1913), «Назым Сыяр Шәриф» (Ташкент, 1913), «Назым түркі фики Қайдани» (Ташкент, 1913-1914) т.б. кітаптары тарихтан мәлім. Ақын шығармаларында ислам құндылықтарына ерекше екпін түсіріп отырады. Мысалы, істеген ісі насырға шапқан әрі онысына өкінген «Орқа-Күлшедегі» кейіпкер Халал бүй дейді:

Ажыратып қанша ренжіттім,

Опасыз дүние бұл үшін.

Мұсылман қылмас іс қылдым,

Азғырғандардың тілі үшін.

Құтылмаққа себеп жоқ,

Жатқызып айтып тігісін.

Өлімге лайық күнәм бар,

Ойлаған уақытта дұрысын.

Шәді өлеңдерінде ой, пәлсапа, адамның жан дүниесінің сыры мен сыны қатар өріліп отырады. Өмірдің өтпелі екені туралы ақын:

Болғанмен қанша күші тіреуленген,

Адамның әрекеті құралмайды.

Хадисі Апылатондай болса-дағы,

Бәрібір бір қалыпта тұра алмайды,-

деп жазады. Қалай дегенде Шығыс тұлғалары мен ислам қасиеттерін, ұлттың асыл мінезін ерекше жырлаған Шәді дәстүр мәселесін көбірек байыптады. Мақыш Қалтайұлы заманында мұсылманша жетiк оқып, Шығыс пен Батыстың бар құндылығын халқына жеткiзуге тырысып көп кiтап жариялаған, жаңалық атаулыны елiм бiлсе, меңгерсе деп армандаған. Ұлт рухы аяққа тапталған шақта соны көтермек ниетте Һәм халқын ағарту мақсатында «Қазақ ахуалынан бахыс еткен манзума» (1909-1910), «Бір ғибрат сөз», «Қазақтың айнасы» (1910), «Насихат қазахия» (1911), «Бар уақиға», «Тура жол» (1912) атты кітаптар жариялап, Ғ.Рашидидің «Сақ сұқ халлері», З.Каримидің «Айна» жинақтарын (1913) аударып бастыртты. Дiндар Мақыштың сөзiне дәйек болған өнер – кең ұғым (бүгiнгi “искусствоның” баламасындай емес). Шығыс түсiнiгiн сiңiрген ақын үшiн адам игiлiгiн жасалынғанның бәрi – өнер, сонымен қатар адамның күн көру мақсатындағы қарапайымнан күрделi амал-тәсiлдерiне дейiнгiнiң күллiсi – өнер.

Әдебиетiміздің елшілдік-милләтшiлдiк кезеңінде Мақыш Қалтайұлы шығармашылығы да ерекше көрiнді. Көшбасшы iздеу сарыны, “қазақ кiмнен кем” деген ұстаным Мақышқа да тән.

…Көз де бар, құлақ та бар бiзде-дағы.

Ол бiлгендi сен де бiл, iзде-дағы.

Адамбыз айтарлық сөз ақылменен,

Табылар талап қылсаң сiзде-дағы, -

дейдi ол. Ақын дiн мен ғылым – милләт iсiнiң iлгерiлеуiне себепшi деп есептейдi. Сондықтан мал-дүниеңдi дiн мен ғылымға шаш деп кеңес бередi. М.Қалтайұлы ұлт – халықтың жай бiрлестiгi емес, айрандай ұйыған, тәрбиелi, иманды отбасылардан құралған жамағат екенiн дәлелдейдi.

Нұржан Наушабайұлы (1859-1919). “Манзумат қазақия” (1903), “Алаш” (1910) жинақтарын жариялаған Нұржан дәстүрлi өлеңмен-ақ халқын оятуға жұмылды. Ол назым-термелерiнде ислам құндылықтарына қатысты ой-түйiндермен қазақ тұрмысын түсiндiруге талаптанады. Н.Наушабайұлының әдеби-эстетикалық пайымы көбiне дидактикалық пiкiрлерiмен астасып жатады. Ағарып үлгермеген халыққа, сөз жоқ, ақыл-кеңес, насихат керек едi. Сондықтан бұл ақын қаламдастарын “адамның құлқы тегiс дауға айналған” заманда елге қалқан болуға шақырды. Шығармашылықта “ықлас-ниетiңде хаққа бер” деп тұжырымдады.

Діни ағартушылық және әдебиеттегі тұлғатану мәселесі бізде негізсіз көтерілген жоқ. Елді ағарту үшін және дәстүрге сай имандылықпен жаңа өмірге аяқ басу үшін діннің – жүйелі, көшбасшының халыққа адал болмағы қажет-тін. Н.Наушабаев та Шәкәрiм сынды ғылым мен дiндi бiртұтас қарап:

Шарғыны жүргiзуге ғылым керек,

Даһиды, зейiнiңдi бөлу керек.

Мағыналы ұлағатпен тiзiп қойып,

Байлауға сөздi қысқа бiлiм керек,-

дейдi. Дiн мен өмiр байланысы мәселесiнде Нұржан әл-Маржани пайымымен таныс секiлдi. Өйткенi ол: “Ислам жолы түзелмес ыждағатсыз” деп жазады

Ұйықтама, оян, Алашым!

Қолыңда жоқ заманның

Амал қылар құралы,-

деген Н.Наушабайұлы сөзсiз “амал қылар құралды” бiлiм мен бiлiктен iздесе керек. Ақын пайдалы бiлiмге ғана мойынұсынады. Оның тұсында өмiрге жолдама алған жәдит – халыққа төтеден олжа салудың жолы едi.

Жәдитшiлдiктi атын атап, түсiн түстеп қолдаған ақындардың бiрi – Мақыш Қалтайұлы. Ол – дiндар ақын. Бiрақ Мақыш – бiржақты емес, “Ең әуелi ғылым парыз құп бiлiңiз, Ғылымсыз ғибадат та болмайды тез” деген көзқарастағы кемел дiндар.

20. ХІХ ғасыр әдебиетідегі Қоқан езгісіне қарсы күрес сарыны. Абыл – Каспий алқабы, Маңғыстау түбегін жайлаған малшылар семьясынан шыққан, аты әйгілі ақын; Қазтуған,Шалгез, Жиембет дәстүрлерін жалғастырушы, батыл сөзді өжет ақын, импровизатор. Абыл «Қарасай-Қази», «Қырымның қырық батыры» циклдас ескі эпостарды жырлап келген. «Сүйекем сапар шекті...», «Құлбарыққа» толғаулары Қоқан ханы Алақұл барымташыларына қарсы тұрған қазақ батырларының ерліктерін дәріптейтін толғаулар. Бізге бұл толғаулардың үзінділері ғана жеткен. Бұл жырларда ел басына күн туғанда күші басым жауға қарсы түра білген, көзсіз ерлік көрсеткен адамдар ардақталады. Абылдың, Абыл сияқты өткір тілді ақындардың тілдерінен өркөкірек хан-сұлтандар именіп, еріксіз санасып отырады. Қайыпқали сұлтанның бөлініп, Қоқанға бет бұрғанын жақтырмай тілдейді.

Баймағамбет өзіңнен артық десе,

Ұстайды сонда сенің жының тақсыр.

Қолдаған сол сұлтанды губернатор,

Өзгеден артық па еді дінің тақсыр?

Қоқанның қонышына кіріп кеттің,

Бір уыс болмаса еді күнің, тақсыр! Қоқан хандығының тұсында өмір сүріп, үлкен оқиғаларға белсенді түрде араласқан, халық мұңын шерткен жалынды ақынның бірі Жанкісі. Жанкісінің шығармалары – Қоқан әміршілерінің озбырлығын әшкерелейтін, қасірет шеккен халық атынан айтылатын арыз ретіндегі туындылар. Бұл жырларында ақын езілген елді қан жылатып, ауыр салықтар жинап, ешнәрсемен санаспастан талан-таражға салушылардың жүгенсіздігін өткір сөздермен ашына айтып бетіне басады.

Өзіңіз қосқан зекетші,

Біздің елде Жұбай бар.

Жұбайдың жүрген жерінде,

Жылау менен ойбай бар.

Және оның жолдасы

Қаратамыз Дадан бар.

Шоңмұрын деген молдасы бар,

Төлеген деген жорғасы бар.

Аттарына жемді салуға

Алты еннен тіккен дорбасы бар..

«Келі түсім» деп алады,

«Кеусенім» деп алады,

«Құшақ зекет» деп алады...

Жанкісінің бұл өлеңі тарихи шындықтың бетін ашады. Өктем озбырлыққа душар болған найман елінің ауыр халін сипаттайды. Қоқан ханы таяу елдерден ауыр алым-салық жинап, халықты мықтап күйзелтеді, Ханның салық жинаушы зекетшісі ел-жұртты зар жылатып, малшы және егінші шаруалардың зығырын қайнатады. Ақын қазақ ішінен шыққан жалдаптардың да елді жауға қосыла тонап жатқанын зор күйінішпен баяндайды. Қоқан ханының зұлымдық әрекетін ашына сынайды . Қойдан жуас момындарды бөрідей талап, елді бүлдіріп жатқанын айтады.

Айтайын десе ұрады,

Ұрмақ түгел қырады.

Ел ішінде ажарлы

Қыз, қатынды қоймайды,

Жақсыларды сөгеді,

Ат үстінен тебеді.

21. Көркем шығарманың сюжеті мен композициясы. Композиция (латынша сomposito-құрастыру, қиыстыру)-көркем шығарманың құрылысы. Композиция, сөз жоқ, сюжетпен тығыз байланысты: сюжет те, композиция да әдеби шығарманың мазмұнын көркем жинақтап, мазмұнды пішінге көшірудің құралы. Сюжет-сюжет болу үшін оның барлық кезең-кезеңі түп-түгел белгілі бір композициялық жүйеге түсіп, бірлік табуы қажет.

Сюжет композицияның осындай өзара бола тұра олардың бір-бірінен өзгешелігі де болады.

Екіншіден, композиция сюжеттің өрбу кезеңдерін жүйеге түсіріп қана қоймайды, сюжеттен тыс нәрселерді де өзара қиюластырып, белгілі бір арнаға салады.

     Сюжетті шығармадағы оқиға желісін, адамдардың арақатынасын, образдар жүйесін қалыптастыруда сірескен қағида жоқ. Әр суреткер өз шығарманың сюжетін өз қалауынша құрады. Демек; сюжеттің композициялық бітімі әр шығармада әр түрлі болуы мүмкін. Қалай болғанда да кез келген шығармада сюжеттің табиғи басталу (экспозициясы), байланысы (заявка), дамуы (ситуация), шарықтауы (кульминация), шешімі (развязка) болады.

     Сюжеттің басталуы (латынша-дәйектеме) оның кіріспесі іспетті; мұнда әдеби қаһармандар өзара қарым-қатынасқа көшпас бұрынғы хал-жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі. Экспозицияның бір ерекшелігі-ол шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тәікелей ықпал жасамайды, тек мезгіл мен мекенге меңзеу, дерек, дәйек түрінде ғана қалды.

     Сюжеттік байланыс-адамдар арасындағы әрекеттің басы; тартыстың басталуы іспетті, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі секілді. Демек, байланыс экспозициясындай емес, шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тікелей ықпал жасайды, оқиғаны өрбу жолына салады.

     Сюжеттік даму адамдардың өзара қарым-қатынасынан, қимыл-әркетінен туған түрліше жағдайларға, шиеленістіре байланысты. Шебер суреткердің қолынан шыққан ширыққан, шиыршық атқан серіппелі шиеленістер шарықтау шегіне жетеді.

     Шарықтау шегі (латншы-шың)-сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы; адамдар арасындағы қимыл-әркеттің мейлінше күшейіп, өрбіп жеткен жері, шығармалардағы драмалық тартыстың өрістеп шыққан биігі. Шығарма сюжетін күллі кезең-кезеңімен тұтастырып, белгілі біл бүтіндікке, үндестікке әкеліп тұрған композицияның ең жауапты тұсы осы. Сайып келгенде, сюжеттік шарықтау-шығармада суреттелген барлық шындық құбылыстар мен өзекті оқиғалардың шоғырлану шоқтығы.

     Шешім-суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған «үкімі»,адамдар арасындағы қарама-қарсы тайталастардың, күрделі күрестердің бітуі; түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты көріністердің соңғы сахнасы.

     Шығарма сюжетінің шешімі-оның идеялық-көркемдік шешімі. Шығармада қақтығыстар неғұрлым күшті болған сайын, сюжеттік шешім де соғұрлым мықты болады.

     Сонымен, сюжеттік дамудың жоғарыда айтылған кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын нәрсе-шығарманың композициясы.

     Композиция-әдеби шығарманың құрылыс, оның үлкен-кішілі бөлім-бөлшектерінің бір-бірімен қисынды түрде қиюластырып, әр түрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық-бірлігі. Шығарманың құрылысы шымыр болуы, бас-аяғы жеке тараулары жнақы келуі жекелеген бөлімбөлшектердің орынды жалғасуына байланысты.

22.Қазіргі қазақ фольклортануы. Қазақ фольклортану ғылымы – қазақ фольклорының жиналу, жариялану тарихы мен табиғатын, даму жолдарын зерттейтін ғылым.

Фольклорды жинау тәсілдері.

Тікелей жинау тәсілі

Тұрғылықты түрде жинау тәсілі

Экспедициялық тәсілмен жинау

Фольклорды жариялаудың шарттары мен түрлері.

Бұқаралық және оқу-ағарту мақсаттағы басылымдар

Ғылыми-көпшілік және ғылыми сипаттағы жарияланымдар

Фольклорды зерттеудің түрлері мен мақсат-бағыттары.

Отарлау мақсатындағы зерттеулер

Оқу-ағарту мақсаттағы еңбектер.(мақалалар, оқулықтар мен хрестоматиялар,

Ғылыми және ғылыми-көпшілік зерттеулер (Мақалалар мен кіріспелер, алғысөздер, монографиялар, ұжымдық еңбектер)

Тәуелсіздік жылдары қазақ фольклортану ғылымына жаңа серпін әкелді. Қазақ фольклорының түрлі жанрларын зерттеуге С.Қасқабасов Бақытжан Әзібаева, Едіге Тұрсынов, Тынысбек Қоңыратбаев, Шәмшадин Керімов, т.б. атсалысты. Бұрын жарияланбай келген шығармалар, әсіресе, тарихи жырлар, діни дастандар ғылыми айналымға түсті. Шет елдегі қазақтар фольклорымен, ғалымдарының еңбектерімен етене танысуға мүмкіндік туды. ҚР ҰҒА-ның Әдебиет және өнер институты қазақ фольклорының 100 томдық «Бабалар сөзі» еңбегін шығарды.

«Бабалар сөзі» жинағы - қазақ фольклорының 100 томдығы.Алматыда Мәдениет және спорт министрлігі мен ұлттық Кітап палатасының қолдауымен Орталық Азия елдері фестивалі мен ІІІ Халықаралық кітап форумы (17.11.2014) аясында «Бабалар сөзі» атты қазақ фольклорының 100 томдығының тұсаукесері өтті.

Бұл жинақ «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарыққа шыққан.

«Бабалар сөзі» топтамасының 20 томы батырлар жырына, 13 томы тарихи жырларға арналған. Жетеуі діни, 13-і хикаялық дастандар. 8-і ғашықтық дастандар, 5-томы ертегілерден тұрады. «Бабалар сөзі» жинағында қазақ халқының ғасырлар бойы жинаған асыл мұрасы, тарихы, мәдениеті, салт-санасы, философиясы, педагогикасы, өнері түгел қамтылған.

2014 жылы Франкфуртта өткен әлемдік кітап жәрмеңкесінде қазақ фольклорының 100-томдық «Бабалар сөзі» топтамасы әлем жұртшылығына таныстырылды. Франкфурттағы кітап жәрмеңкесі 1473 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді. (Аз деп жатсаңдар, Қасқабасовтың «Жаназығын» айтып жібересіңдер)

23. Поэма жанрын оқыту жолдары. Поэма – эпостық жанрдың бір түрі. Оны жеңілдетіп, үстірт оқыту дұрыс емес. Поэманы мұқият меңгерген оқушы повесть, роман жанрларын талдауды тез игереді. Мұғалім осы үлкен прозаның бастауы болатын поэманы меңгертуге көп көңіл бөлген жөн.

Поэманың жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Поэма сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жағдайларға қайта оралуға, тәптіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оөыту процесінде қолданылатын техникалық құралдарға байланысты. Поэманы оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен оқушыларды таныстырарда олардың сезім мұшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Сондықтан экрандық, техникалық құралдарды кең қолдану керек.

Қандай поэма болса да алдымен мәтінімен таныстырылады. Мұнан соң поэмада қандай оқиғалар болды, кейіпкерлері кім, оқиғалары қалай баяндалған, автордың оқиғаға көзұарасы қандай деген мәселер анықталады. Поэмада қоғамдағы алуан түрлі мәселелер, көкейкесті тақырыптар қозғалады. Оқушылар мәтіндегі мәселені түсініп, нақты сюжетті меңгеруінде жоспардың атқаратын рөлі айтарлықтай. Мұғалім жоспарды екі түрлі жолмен ұсына алады. Жоспарды оқушыларға алдын ала беріп, сол арқыды поэманың сюжетін ашып, рет-ретімен баяндауыа жол салуға болады немесе мұғалім мазмұнын аша отырып, оқушылармен бірлесе жоспар құрады. Жоспар арқылы поэма сюжеті қайталанып, оқушы есінде сақталады.

24. ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасындағы әлеуметтік романдар («Бақытсыз Жамал», «Қамар сұлу»). Халық тағдыры М. Дулатұлының прозалық шығармаларына да арқау болды. 1910 жылы оның "Бақытсыз Жамал" атты романы жарық көрді. Бұл роман жазушының шығармашылық жолындағы ірі табыс қана емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі елеулі көркем туынды болды. "Бақытсыз Жамал" қазақ әдебиетінде көркем прозалық үлгіде жазылған тұңғыш роман еді. Міржақып осы шығармасы арқылы бұдан кейін жазылған Т.Жомартбаевтың "Қыз көрелік", С.Көбеевтің "Қалың мал", С.Торайғыровтың "Қамар cұлу", т.б. романдарына жол ашты. Бұлардың бәрі де сол кезектегі аса маңызды әлеуметтік мәселеге арналды. Қазақ ауылының тұрмысы жайында жазылды. Әйелдердің бас еркі, қоғамдағы жағдайы туралы баяндады.

"Бақытсыз Жамал" романының оқиғасына арқау болған мәселе де осы, ескі әдет- ғұрыптың қыспағына түскен қазақ қызының тағдыры. Сүйгеніне қосылып, бақытты өмір сүруді армандаған бойжеткеннің трагедиялық жолы. Шығарма сол кезеңдегі қазақ даласының шынайы тыныс-тіршілігін көрсететін эпизодтан басталады. ... Жайлауға жаңа көшіп қонған ауыл. Саумалкөл маңына жағалай тігілген киіз үйлер. Бие байлап, қымыз сапырған жайма-шуақ ауыл адамдары. Қыстай араласа алмай, сағынысқан жұрт енді бірін-бірі қонаққа шақырып мәз. Үй жағалап қымыз ішкен жастар... Осылайша жайбарақат жатқан ауылға патша ұлықтары келе жатқаны туралы хабар тарайды. Абыр-сабыр басталады. Ауыл сыртына үй тігіледі. Арнайы үйге келіп түскен екі ұлықты "ләббай, тақсыр" деп күткен ауылнайдың сөзінде де ерекше бір мақтаныш сезіледі. Міржақып Дулатұлы осы шағын көріністі суреттеу арқылы өз заманының тұрмыс-жағдайын, адамдардың психологиясын дәлме-дел береді. Ауыл адамдарының өзара әңгімелерінен, ауылнай бастаған белсенділердің іс-әрекет, мінез-құлықтарынан жазушы мол сыр ұқтырады. ...Дәл осындай абыр-сабыр сәтте ауыл қазағы Сәрсенбайдын әйелі босанып, дүниеге қыз бала келгені туралы қуанышты хабар жетеді. Дүниеге келген бұл сәби романның бас кейіпкері Жамал болатын. Табиғатынан зерек жаратылған Жамал молдадан ескіше, жаңаша оқып, хат таниды. Түрлі хисса-дастандарды көп оқиды. Бірқатарын жатқа да айтатын болады. Сөйтіп елдің көзіне түсіп, қыз айттырам деушілердің назарына ілігеді. Жамал он бес жасқа келді. Сұлулық, ақыл, салтанат үшеуі бір-біріне муафиқ келіп, Жамал сол елдің қызының алды болды. Бұл айтылмыш артықшылығының үстіне сөзге бек ұста болып, өз ойынан шығарып өлең де жазатын болды. Олай-бұлай қалжыңмен сөйлескен бозбаланы сөйлетпейтін еді. Ел ішінде тілді бозбалалардың көзі түсе бастап, шет елдерге де "Сәрсенбайда бек көркем бір ақын қыз бар" деген лақап жайыла бастады. Көркіне ақылы сай болып бойжеткен Жамалды Байжан деген бай баласы Жұманға айттырады. Қыз шешесінің қарсылығына қарамастан, Сәрсенбай болашақ құдасының байлығына қызығып, құдалыққа келіседі. Бірақ бай баласы топас, нашар болады. Жамал оны менсінбейді. Сөйтіп жүргенде бір тойда оқыған, мәдениетті, жаңаша киінген, сыпайы, әдепті Ғали деген жігітпен танысын, көңілдері жарасады. Арада біраз уақыт өтіп, қыздың Жұманға ұзатылар шағы туғанда, Жамал Ғалимен қол ұстасып қашып кетеді. Жастарды қудалау басталады. Сөйтіп жүргенде аяқ астынан Ғали ауырып қайтыс болады. Қайғыға батқан Жамал көп ұзамай Жұманға ұзатылады. Көрмеген қорлықты көреді. Ақыр аяғында бір боранды күні Ғалидың қабірінің басына барып, жылап жатып қайтыс болады. Романда оқиға желісі—суреттелетін ауыл өмірі, әр түрлі әлеуметтік топтар өкілдері арасындағы қарым-қатынастар мен жекелеген адамдар түсінігіндегі қайшылықтар шырмауына түскен Жамал мен Ғалидың мөлдір махаббаты, өз еркіндіктеріне жету жолындағы үмтылысы осы арнада өрбиді. Ақыр аяғында трагедиямен аяқталады. М. Дулатұлы бұл оқиғаны кездейсоқ болған бірді-екілі жай ретінде қарамайды. Ғашықтар трагедиясын ол қазақ даласындағы әлеуметтік мәселе дәрежесіне көтереді. Сол арқылы қазақ қыздарының бас еркі, жастардың өз қалауымен өмір сүру қажеттігі туралы ой ұсынады. Жазушы үшін әйелдің бас бостандығы, өзінің сүйгеніне қосылып, өмір сүруге мүмкіндік алуы ең бір түйінді мәселе болды. Ол әйелдің арын аяққа басатын ескі әдет-ғұрыпқа үзілді-кесілді қарсы шығады. Міржақып Дулатұлының романдағы Жамал бейнесін сомдаудағы жаңалығы да өзінің осы идеясына негізделеді. Романдағы Ғали — сол замандағы оқыған, мәдениетті жастарының жиынтық бейнесі. Сырт келбетіне ақылы сай жігіт Ғалидың әрбір іс-әрекетінен, сөйлеген , жазған хаттарынан бұл қасиет айқын аңғарылады. Ал шығармадағы Байжан бай, оның баласы Жұман, сондай-ақ Жамалдың әкесі Сәрсенбай, үлкен шешесі Қалампыр — ескі психологияның адамдары. Оларға адамгершіліктен гөрі байлық, шен мақтанышы қымбатырақ. Тұтастай алғанда, "Бақытсыз Жамал" романы сол кездегі тарихи-әлеуметтік шындықты шынайы да көркем бейнелеуімен, авторлық идеяның айқындығымен өзінен кейінгі қазақ прозасының өркендеуіне дәстүрлі жол көрсетті, үлгі болды.

«Қамар сұлу» романының тақырыбы әйел мәселесі: қазақ әйелінің бас бостандығы, теңдігі, әлеумет қайраткері болу мәселесі. Бұл роман қазақ қауымындағы жаңалықты көре білді. Оның «Қамар сұлу» романындағы кейіпкерлері: Қамар, Ахмет, Омар, Хасен – бәрі де ақылды, ұстамды, ескілікке қарсы жандар, сол кездегі қазақ ауылындағы жаңа адамдар.

Автордың айтуынша, Қамар сұлу болуы үстіне ақылды, алды-артын ойлайтын паймды, аздап оқыған, сөзге ұста, ақындығы да бар қыз.Сол сипаттарымен ол көзге түседі, ауызға ілінеді, ел ішінде оның жақсы атағы жайылады: сұлу Қамар, ақылды Қамар, ақын Қамар аталады. Оны ата-ана, аға, ақсақал, өыз біткенге үлгі етеді. Сол сияқты Ахмет те оқыған, зерек, ақылды, ел аузына ерте ілінген жігіт. «... Ахмет ақыл-ой зеректігі үстіне, сұңқардың баласындай, бітімі жақсы, көзге түсерлік көркі де бар, сөзге шешен, ойдан шығарғыш ақын, жарып салма өткір еді. Той секілді жұрт жиналған жерде өлең болсын, ойын болсын, газет-журнал, кітап оқып, насихат айту болсын, ең арты, біреуді сықақтаған қулық болсын, бас бәйгі Ахметтікі еді. Сол үшін де ауылдың атқамінерлері: «Оқыды деп Жәукенің баласын айт. Қамарды қызға үлгі қылатыны сықылды, боз балаға Ахметті үлгі қылып тұрушы еді..»

Осындай зерек, ақылды, оқыған, пайымды, ұстамды болғандығынан олар – Қамар мен Ахмет – өздерінің хал-жайларын айқын аңғарады; екеуінің екі тап өкілі екенін; бірі байдың қызы, екіншісі кедейдің баласы екенін бірін-бірі қанша сүйсе де екеуінің қосыла алмайтындарын қосылауларына үстем тап, ескілік қалып, әдет заңы жол бермейтінін әбден біледі. Бірақ сол ақылдылардың ескі тәртіпке, әдет заңына қарсы тұруға болатынына, сол жолда өздерінің табанды құлшынып күресу керек екеніне ақылдары жетпейді, батылдары бармайды. Екеуміз ғашықпыз, теңбіз, қосылуға лайқыпыз. Тек қосыла алмаймыз. Ескілік, әдет заңы жол бермейді деп, аһ ұрып, тек отырады. Ескілік: Нұрым, Қалтан, Оспандарөздеріне не істесе соған көне береді.

Жазушы баста Қамардың әкесі Омарды да, ағасы Хасенді де көзі, көңілі ашық, ақылды, жігерлі адамдар етіп, екеуін де Қамарды Нұрымға беруге қарсы етіп суреттейді. Бірақ, артынша, неліктен екені белгісіз, Омар ол бетінен сөзінен қайтып қалады. Нұрымның, Оспан, Қалтандардың айтқандарына көніп, айдауларына жүре береді. Нұрым, қожа-молда қызына қанша азап көрсетсе де мыңқ етпейді.

Қамар мен Ахмет ақылды, оқыған, жігерлі, шешен ақын бола тұрып, бәрін біліп, түсініп отырып, ескі тәртіпке, әдет заңына қарсы күресуге, оларды бұзуға ақылы жетпеуі,батылы бармауы нанымсыз, біріне бірі қайшы. Сондай-ақ Омардың Нұрымды сонша жек көріп, әшкерелеп, балағаттап отырып, Қамарды оған беруге сонша қарсы болып, жігерлі, ашулы сөздер айтып отырып, лезде тектен тек жуасығаны, Нұрымның айтқанына көніп, айдауына жүргені нанымсыз, біріне бірі қайшы. Осыны жазушы, терең ойлай отырып, әлеуметтік мәселені көтере білген.

← Предыдущая
Страница 1
Следующая →

Файл

17-24.docx

17-24.docx
Размер: 33.8 Кб

.

Пожаловаться на материал

ХХ ғасыр басындағы діни-ағартушылық бағыт (Шәді төре Жәңгірұлы, Нұржан Наушабайұлы, Мақыш Қалтайұлы). Шәді Жәңгірұлы. ХІХ ғасыр әдебиетідегі Қоқан езгісіне қарсы күрес сарыны. Көркем шығарманың сюжеті мен композициясы. Қазіргі қазақ фольклортануы. Поэма жанрын оқыту жолдары. ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасындағы әлеуметтік романдар («Бақытсыз Жамал», «Қамар сұлу»).

У нас самая большая информационная база в рунете, поэтому Вы всегда можете найти походите запросы

Искать ещё по теме...

Похожие материалы:

Основные положения правил игры в баскетбол, нарушения и фолы

Виды нарушений. Наказание, штрафные броски. Основные положения правил игры в баскетбол – судьи, судьи за столиком и комиссар, их обязанности, судейские жесты. Судьи: обязанности, при несоблюдении Правил. Секундометрист: обязанности. Характеристика футбола как средства физического воспитания и вида спорта.

Психиатриялық қызметтің әрекеттілігі

Психиатриялық қызметтің әрекеттілігі және психикалық бұзылыстары бар тұлғалардың құқықтық жағдайы реттеледі: Психикалық бұзылыстармен зардап шегетін тұлғалардың мынаған құқығы бар. Науқас әлемді жеткілікті айқын қабылдаса.

Дополнительное соглашение к трудовому договору

Муниципальное автономное общеобразовательное учреждение

Молекулярлық биология. Ответ на тесты

Обучение измерительным навыкам детей

Длина. Пространственные представления детей. Знакомство с прямой линией и отрезком. Для формирования измерительных навыков выполняется система разнообразных упражнений. Сравнение двух длин

Сохранить?

Пропустить...

Введите код

Ok