Номинализм мен реализм бағыттарын жүйелеп түсіндіріңіз — Философия | iFREEstore

Номинализм мен реализм бағыттарын жүйелеп түсіндіріңіз

Патристиканың мистикалық мәселелері енді дінді зерттеушілерді қанағаттандырмайтын болды, сол себепті жаңа қағида: «credo ut intelligam» – «түсіну үшін сенемін» деген ұстаным енгізілді. Құдайға сену даусыз және басым тұрғанмен, дегенмен енді екінші орынға білімдер қойылатын болды. Оның негізгі мақсаты – діни аяндардың түсініктерін ашып көрсету, бір-бірімен қарама-қайшы келмейтіндей үйлесімдікте ұштастыру. Соған орай XI-XII ғасырларда универсалия- лар (жалпы ұғымдар) мәселесі пайда болып, кең пікірталастар жүре бастады, нәтижесінде, екі негізгі ағым: реализм (realis – лат. – шын, нақты) және номинализм (nominis – лат. – заттың атауы) туды.

Универсалиялар мәселесі схоластикаға «римдіктердің соңғысы және схоластардың алғашқысы» деген атқа ие болған Северин Боэ- ций арқылы (480-524 жж. шамасы) енді. Грек философы-неоплатонигі, Плотиннің шәкірті Порфирийді түсіндіре отырып, ол үш қиындыққа тап болды: 1. Универсалиялар, яғни туу және түрлер: жан-жануарлар, адамдар өмір сүре ме әлде өмір сүрмей ме? 2. Олар қаншалықты дәрежеде тәннен тұрады? 3. Егер олар тәннен тұратын болса, онда сезімдікпен біртұтас па? Бұл сұрақтарды Порфирий қойғанмен, олардың жауабын Боэций берді. Аталған сұрақтың шешімінде үш ағым пайда болды. Номиналистер жалпы ұғымдардың нақты болмысын мойындама- ды. Нақты өмірде тек жекелеген заттар болады, ал жалпы ұғымдар (универсалиялар) – заттардаң атауы, біздің аузымыздан шығатын ды- быстар ғана. Ерте схоластика номинализмінің ірі өкілі, француз фило- софы және теологы Иоанн Росцеллин (1050-1120 жж. шамасы) болды. Ансельм Кентерберийскийдің және басқа схоластардың оған қарсы шығуы номинализм мен реализм төңірегіндегі айтыс-тартыстың ұзақ жылдарға созылуына себеп болды. Реалистер жалпы ұғымдардың заттарға дейінгі нақты өмір сүруін және олардың адам санасына тәуелсіз екенін мойындаған-ды. XI ғасырда «шектен шыққан» деп аталатын реализм дами бастады. Ол И.Росцеллиннің номинализміне ғана қарсылас ретінде пайда болған жоқ, бәрінен бұрын ол «алғашқы субстанция» сияқты универсалия- лар заттарда олардың мәні ретінде болады деп сендіретін, Шамподан шыққан шәкірті Гильомның (1070-1121) қағидасына да қарсы шықты. Философ және математик Аделард Батский (1080-1150) өз ілімін но- минализммен күрес және реализм идеялары аясында дамытты. Бірақ шіркеу үшін ең орнықты және қабылдауға тұрарлық деп, Альберт Великийдің және оның шәкірті Фома Аквинскийдің реализмін айтуға болады.

Ортағасыр христиан философиясында негізгі 4 философиялық бағыт болды. Олар: теоцентризм, креационизм, реализм, номинализм. 1) Теоцентризм – барлық тіршілік атаулыны жоғары жаратушы күш – құдай арқылы түсіндіретін философиялық бағыт. Оның негізгі зерттеу объектісі құдай болды. Оның негізінде құдайды абсолютті, ең жоғарғы тіршіліктің, кез келген игіліктің қайнар көзі ретінде түсіндіру жатыр. Теоцентризм теология және оның қағидаларымен байланысты. 2) Креационизм жер бетіндегі тіршілік мәңгілік әрі оны жаратушы күш бар деп есептейтін бағыт. Бұл бағыт латынша "creatio" — жаратушы деген мағынаны білдіреді. 3) реализм – теологиялық философияның бағыты болып табылады. Оны жақтаушылар –нақты өмір сүретін (нағыз болмыс) заттар емес, олардың жалпы ұғымы – универсалийлер дейді. ( мағынасы жағынан реализм Платонның таза идеялар туралы іліміне жақын). Реализмнің көрнекті өкілдері: Ансельм Кентерберийский, Шамподан шыққан Гильом. 4) Номинализм – (латынның помеп – атау,есім) – теологиялық философияның бағыты. Оны жақтаушылар нақты өмір сүретін заттар, ал Жалпы ұғымдар (универсалийлер) олардың атауы ғана дейді. ( мәні жағынан номинализм Аристотель іліміне жақын). Номиналистер бойынша универсалийлер затқа дейін емес, заттардан кейін өмір сүреді, ал заттар сезімдік тәжірибе арқылы танылып білінеді.

Реализм — ортағасырлық схолистикада орын алғаг философиялық бағыт, ол ұғымдар (универсалиялар) реалды түрде өмір сүреді және жалқы заттардан бұрын өмір сүреді деген көзқарасты қалыптастырды. Ортағасырлық реализм іс жүзінде ұғым мен обьективтік дүниенің, жалпы мен жалқының арақатынасы туралы мәселенің шешіміне кедгенде Платонның бағытын жалғастырды. Көрнекті өкілдері – Ансельм Кентерберийский және Шамполық Гильом, Фома Аквинский болды. Ортағасырлық реализмге қарсы номинализм өкілдері күрес жүргізді.

Номинализм (лат. nomen – есім, атау) – ұғымды тек жекелеген заттардың атауы ғана деп есептейтін ортағасырлық философиялық бағыт. Ортағасырлық реализмге қарсы номиналистер тек өздеріне тән қасиеттері бар заттар ғана өмірде бар деп тұжырымдады. Заттар туралы біздің жалпы түсінігіміз олардан тысқары бола алмайды, тіпті заттардың шынайы күйі мен қасиеттерін елестете алмайды. Номиналистер заттардың бастапқы, ал ұғымның соңғылығын мойындай отырып, материалистік тенденциялармен байланысты көзқараста болды. Көрнекті өкілдері: Росцелин, Дунс, Скотт, Оккам.

Августин Аврелий Әулие (354 — 430 ж.ж) – христиан дінбасы және неоплатонизмге жақын философ – мистик, патристиканың ықпалды өкілі. Оның дүниетанымы фиденстік сипатта, яғни «нанымсыз білім де, ақиқатта жоқ» деген қағидаға бағынады. «Құдайдын қаласы» (426 ж.) атты шығармасында Августин тарихты, адам тағдырын фаталистік (теологиялық фатализм тарихтағы оқиғалар мен адам өмірі — құдайдың құдіретімен анықталатын негізге алу) тұрғыдан түсіндіретін христиандық концепциясын ұсынды. «Жердегі қалаға», «Күнәһар» зиялы мемлекетке ол «Құдайдың қаласын», яғни шіркеудің бүкіл дүниежүзілік үстемдігін қарама — қарсы қойды. Августиннің христиан теологиясының әрмен қарай дамуына жасаған ықпалы орасан зор.

Ортағасырлық философияның белді өкілдерінің бірі Фома Аквинский (1225-1274 ж.ж.) орта ғасырлық котолик дінінің теологі, доминикандық – монах, ортадоксалдық схоластиканы жүйеге келтіруші. Негізгі еңбегі – «Теология суммасы» (жиынтығы).Аристотель философиясынан Ф.Аквинский материалистік идеяларын алып тастап, идеалистік элементтерін (жаратқан иенің қозғалыссыздығы жайындағы ілімін) күшейту бағытында әрекет етті. Ф.Аквинский бойынша универсалиялардың үш түрі бар:

1. Жеке заттарға дейінгі (құдайдың құдіреті)

2. Заттардың өздеріндегі (жекедегі жалпылық)

3. Заттардың кейінгі түрі (адам санасында танылатын).

← Предыдущая
Страница 1
Следующая →

Файл

философия.doc

философия.doc
Размер: 757 Кб

.

Пожаловаться на материал

Философия ғылымының негізгі зерттеу обьектілерін көрсетіңіз. Көне Үнді дүниетанымындағы бастапқы. Қайта өрлеу дәуріндегі пантеизм. И. Канттың жаратылыстанулық идеяларын

У нас самая большая информационная база в рунете, поэтому Вы всегда можете найти походите запросы

Искать ещё по теме...

Эта тема принадлежит разделу:

Философия

Философия ғылымының негізгі зерттеу обьектілерін көрсетіңіз. Көне Үнді дүниетанымындағы бастапқы. Қайта өрлеу дәуріндегі пантеизм. И. Канттың жаратылыстанулық идеяларын

К данному материалу относятся разделы:

Философия ғылымының негізгі зерттеу обьектілерін көрсетіңіз

Философияның басқа ғылыми пәндерден айырмашылығын табыңыз

Философия мен өнердің айырмашылығы мен ұқсастықтарын салыстырыңыз

Философияның гносеологиялық (танымдық) қызметін сипаттаңыз

Көне Қытай философиясындағы дүниетаным ерекшеліктерін анықтаңыз

Көне Үнді дүниетанымындағы бастапқы жаратылыстанулық білімдерді талдап көрсетіңіз

Көне Үндінің діни философиясындағы адам мәселесінің қойылуын түсіндіріңіз

Көне Грекиядағы космологияның даму бағыттарын сараптаңыз

Көне Грекиядағы адам мәселесінің философиялық тұрғыдан қойылуын ұғындырыңыз

Аристотель мен Платонның танымтеориясының ерекшеліктерін талдаңыз

Орта ғасырлық философиялық ойдың қалыптасуындағы діннің ролін анықтап беріңіз

Номинализм мен реализм бағыттарын жүйелеп түсіндіріңіз

Ғылыми таным дамуындағы араб-мұсылмандық әлемнің тарихи бастамаларын талдаңыз

Орта ғасырдағы еуропалық философия және тәжірибелік-қолданбалы білімдердің дамуын сипаттаңыз

Орта ғасырдағы жалған ғылымдардың қалыптасуы –магия, оккультизм, алхимия мен астрологияны түсіндіріңіз

Адамға бетбұрыс, оның жеке даралығы мен креативтілік бастауы – Қайта өрлеу дәуріндегі маңызды ерекшелігі екендігін дәйектеңіз

Қайта өрлеу дәуріндегі пантеизм ерекшеліктерін сипаттаңыз

Коперниктің, Галилейдің, Бруно мен Кеплердің жаратылыстанулық-ғылыми жетістіктері көрсетіңіз

Н.Макиавелли шығармашылығындағы саясаттанудың негіздерінің қалыптасуын сараптаңыз

Ф.Бэконның ғылыми таным дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз және елестер туралы ілімін байыптаңыз

Р.Декарт шығармашылығындағы таным мәселесін көрсетіңіз

Дж. Локктың бірінші және екінші сапалары туралы идеясын талдаңыз

И. Канттың жаратылыстанулық идеяларын бағалаңыз

И. Кантың таным теориясындағы агностицизм мен антиномиялар ілімін талдаңыз

Гегельдің диалектикалық пен метафизикалық ойлау тәсілдерін түсіндіріп беріңіз

Гегельдің диалектика категорияларының ағымдылығы, ауыспалылығы туралы көзқарастарын сараптаңыз

К. Маркстің қоғамды танудың әдіснамалық қағидасын түсіндіріңіз

Марксизм мен неомарксизмнің даму эволюциясын сипаттаңыз

Позитивизмнің ғылым философиясы ретіндегі көрінісін және оның дамуының негізгі кезеңдерін көрсетіңіз

Герменевтика мен феноменологиядағы таным мәселесін түсіндіріп беріңіз

Адам тылсымын танудағы экзистенциализмнің маңызын ұғындырыңыз

Психоанализдің әдіс ретіндегі қолданылуын айшықтаңыз

Неотомизмнің басты қағидалары мен ұстанымдарын көрсетіңіз

ХХ ғасырдағы ғаламдық мәселелер философиясы және ондағы ғылым дамуы турпалы көзқарастарды талдаңыз

Көшпелілердің жалпы адамзаттық өркениеттік дамуға қосқан үлесін анықтаңыз

Әл-Фарабидің энциклопедистік әмбебаптылығын сипаттап беріңіз

Шәкәрімнің үш анық ілімі және оның бүгінгі өмір үшін маңызын түсіндіріңіз

Абайдың «нұрлы ақылының» адамның ғылыми танымындағы сенімді бағдары ретіндегі көрінісін дәйектеңіз

Танымның тәжірибелік табиғатына тоқталып өтіңіз

Ғылыми танымның деңгейлері мен әдістерін саралаңыз

Танымдағы ақиқат, адасу мен жалғандық мәселелерін салыстыра отырып ұғындырыңыз

Болмыс және оның түрлері мен Бейболмыс мәселесін сараптаңыз

Материя мен қозғалыс мәселелерін талдаңыз

Қазіргі заманғы әлемді синергетикалық, кванттық-релятивистік тұрғыдан түйсіну әлемді тереңірек түсінудің баспалдағы екендігін дәйектеңіз

Қоғамның ғылыми таным обьектісі ретіндегі көзқарастарды келтіріңіз

Қоғамның рухани өмірін танудағы философияның ролін көрсетіңіз

Адамның био-психо-әлеуметтік мәнін көрсетіңіз

Антропогенез бен антропосоциогенездің ғылыми және діни нұсқаларын дәйектеңіз

Адам өмірінің мәні, мәңгілік өмір идеясын саралаңыз

Анимизм ұғымын түсіндіріп өтіңіз

Адамның жаратылуы туралы діни түсініктерді салыстырыңыз

Адам-жеке адам-тұлға құрылымын түсіндіріңіз

«Мен-Тұжырымдама» идеясы бойынша мысалдар келтіріңіз

Кеңістік пен уақыттың қазіргі заманғы тұжырымдамаларын ашып беріңіз

Ақиқат пен сенім мәселелерін салыстырыңыз

ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының қоғам дамуындағы ролін түсіндіріңіз

Шәкәрімнің «Үш анық» еңбегіне герменевтикалық талдаулар жасаңыз

Абайдың қара сөздерінің ішкі мағынасын ұғындырыңыз

Қазақ дүниетанымындағы: заман, жалған дүние, құт-береке т.б. ұғымдардың мәнін ашып беріңіз

Похожие материалы:

Интродукция декоративных древесных и кустарниковых растений

Методические указания для студентов направление подготовки Ландшафтная архитектура

Основания и виды юридической ответственности

Юридическая ответственность - особое охранительное отношение, которое возникает между субъектом или иным уполномоченным субъектом с одной стороны, и правонарушителем, с другой и связано это охранительное отношение с претерпеванием нарушителем мер карательного характера за правонарушение.

Перерасчет и индексация страховых пенсий

У каждого пенсионера перерасчет его страховой пенсии носит индивидуальный характер и может измениться несколько раз в год.

Ґрунти та підґрунтя. Тест з відповідями

Які мінерали є джерелом калію в грунті? Що є джерелом азоту в грунті? Який хімічний меліорант є відходом хімічного виробництва, збагаченим на фтор?

Анализ реформаторских проектов

Целью курсовой работы, является анализ реформаторских проектов М.М. Сперанского, рассмотрение его проектов и записок, которые он создал в начале карьеры, а также проведение им кодификационной работы.