Орта ғасырларды астрология және алхимия сияқты ерекше ғылымдар дамыды. Астрология жұлдыздарға қарап, болашақты болжауға болады-мыс дегенді айтты. Королбдап, қолбасшылар мен саяхатшылар қандай болмасын іске кірісер алдында астрологтармен ақылдасты.Алхимия(лат.alchemіa)-химия дәуірлерінің алғашқысы, ерте дүние мен орта ғасырлардағы(1,5 мың жыл бұрын)ғылыми және мәдени дәстүр; оның негізі табиғатта кездеспейтін"философиялық тас" жай металдарды алтынға айналдырады деген сенімнен туған.Алхимия жер бетіндегі және космостағы процестерді, жанды және жансыз табиғатты, табиғат пен қоғамды, адам әрекеттері мен зат әрекеттерін тұтас алып қарауды білдіреді Алхимиктер кез келген металды алтынға айналдыра алатын «сиқырлы тасты» іздеумен шұғылданды. Алхимиктер бояуды, металл қорытпаларын, дәрі-дәрмектік заттарды алудың тәсілін ашып, жетілдірді. Оккультизм (лат. occultus жасырын, құпиялы) ғылыми зерттеуге келмейтін ғажайыптар мен тылсым күштердің бар екенін мойындайтын және олармен өзара іс-қимылдың ерекше әдістерін жасайтын ілім.19-ғасырда мистик. ағым ретінде пайда болған оккультизм барлық заттар тұтастықты, жиынтықты құрайды, олардың арасында мақсатты қатынастар болады деген теорияға негізделеді. Оған магия, теософия, спиритизм секілді әр түрлі ілімдердің мистик. бағыттары жатады. Оккультизм тәжірибелік мақсаттар үшін пайдалану мүмкін деп есептейтін жасырын табиғи күштерді зерттеумен шұғылданады.Магия( лат. magia гр. μαγεία сиқыршылық) алғашқы қауымдық дін формаларының бірі; іс-әрекеттердің (жеке дара немесе ұжымдық) символдық бейнесі. Магия алғашқы қауым адамы ойының көрінісі және жаратылыстан тыс күштерге сенімнің күшеюімен тікелей байланысты болды. Магиямен байланысты дүние туралы түсініктер ежелгі натурфилософиялық ілімдер мен алуан түрлі“құпия ілімдер” негізінде алынды. ртағасырлық алхимияда магиялық негіз айқын көрінді. Қайта өркендеу дәуірінде Дж.Делла Порта, Дж. Кардано, Парацельс сынды ойшылдардың еңбектерінде магиялық белгілер көрініс тапқан. Табиғат күштеріне бағынышты ежелгі адам күрделі мәселелерді шеше алмағандықтан құпия, тылсым күштерге арқа сүйеп, магиялық іс-әрекеттер жасады. Олар магияны табиғатпен қарым-қатынас формасы ретінде және өзара қарым-қатынас барысында қолданды. Магия көптеген тылсым құбылыстарды жұмбақ күштердің әсеріне жатқызуға негізделіп, адамдарға, жануарларға, рухтарға, тағы басқаға әсер ету мақсатын көздейтін салт-жоралар жиынтығынан көрінеді. Магия адамдардың өзінің немесе басқалардың бойында табиғатқа ықпал етудің табиғаттан тыс барлық мүмкіндіктеріне сенімін білдіреді. Магия мынадай түрлерге бөлінеді: өндірістік, емдеу, сақтаушы (қорғаушы), зиян келтіруші, соғыс, ауа райы магиясы.Өндірістік магия ежелгі адамның шаруашылық іс-әрекетімен егін егу, аң, балық аулау, тағы басқа байланысты.Емдеу магияның мақсаты дуалау, үшкіру, басқа да “сиқырлық” тәсілдер арқылы ауруларды емдеу.Сақтаушы (қорғаушы) магия тыйым салу (табу) жүйесінен тұрады. Магиялық тыйым салу жаман ниеттер мен бақытсыздықтардан сақтану үшін қолданылады.Зиян келтіруші магия жануарларға зиян, залал келтіру үшін қолданылатын дуалар жүйесін білдіреді.Соғыс магиясында жау әскеріне қарсы сиқырлық іс-әрекеттер жасалады.Ауа райы магиясында шаруашылық өмірге қолайлы табиғат жағдайын туғызу үшін сиқырлық әрекет жасау орын алады. Астрология (көне грекше: ἄστρον жұлдыз, көне грекше: λόγος ғылым) аспан шырақтары мен адамдар арасында байланыс бар деп есептейтін ілім; орта ғасырларда таралған, қазір де келешекті болжап айту үшін (гороскоп құрастыру үшін) астрологтар пайдаланады. Табиғат құбылыстарның шын мәнісін түсінбеген ертедегі адамдар аспан шырақтарын да құдай деп қастерлеп, оларға табынатын болған. Міне , сондықтан да абыздар планеталарды өздері табынатын құдайларының атымен Юпитер, Марс, Венера т.т деп атайтын болған. Осыдан барып аспан денелері жер бетіндегі уақиғаларға, адамның тағдырына әсерін тигізеді деген сенім туды. Аспан шырақтарының аспандағы орнына қарап жердегі уақиғаларды жеке адамдардың тағдырын күні бұрын болжайтын жалған ғылым астрология- әсіресе орта ғасырларда Еуропада күшті өркендеді. Патшалар , корольдер, князьдар , т.т Күннің ,Айдың, планеталардың орнына қарап келешекті болжап отыратын қолдарына арнаулы адамдарды ұстады. Бала туысымен астролог оның келешегі қай планетаның ықпалымен, қандай болып өтетінін болжап жазып қоятын болған. Юпитердің таңбасының астында туған кісі жауынгер болады, т.т деп сенетін. Қазақ елінің арасында да сапарға шығарда, көшіп қонуда жұлдыз тууына қарап ырым етушілер болған. Жұлдыз туып келе жатқанда оған қарсы жол жүрмеу керек, ««»лмегенге білдірермін, біле тұра білмегендей болып көше бүлдірермін» деп аспандағы пәлен жұлдыз айтқан деп сенетіндер бұрын аз болмаған. «Ол екеуіміз бір құдықтан су ішпейміз, жұлдызымыз қарсы»,жұлдзы оңынан туды деген сияқты сөздер де апсандағы жұлдыз жердегі адамның ісіне әсер тигізеді деген сенімнен шыққан.
Орта ғасырдағы жалған ғылымдардың қалыптасуы магия, оккультизм, алхимия мен астрологияны түсіндіріңіз
← Предыдущая |
Страница
1
|
Следующая → |
Файл
![]() |
философия.doc |
Философия ғылымының негізгі зерттеу обьектілерін көрсетіңіз. Көне Үнді дүниетанымындағы бастапқы. Қайта өрлеу дәуріндегі пантеизм. И. Канттың жаратылыстанулық идеяларын
У нас самая большая информационная база в рунете, поэтому Вы всегда можете найти походите запросы
Искать ещё по теме...