Коперниктің, Галилейдің, Бруно мен Кеплердің жаратылыстанулық-ғылыми жетістіктері көрсетіңіз — Философия | iFREEstore

Коперниктің, Галилейдің, Бруно мен Кеплердің жаратылыстанулық-ғылыми жетістіктері көрсетіңіз

Жалпы алғанда Қайта өрлеу философиясы негізгі үш бағытта дамыды:1) Біріншісі :Н.Кузанский, П.Мирандолла, Леонардо да Винчи, т.б.2) Екіншісі: Т.Компанелла, Т.Мор.3) Үшіншісі (Н.Коперник, Д.Бруно, Г.Галилей), табиғаттану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, христиан дінінің әлемнің пайда болуы және оның құрылысы туралы іліміне сәйкес келмейтін, табиғат құбылыстарын өз заңдылықтарына сүйеніп түсіндіруге болатын көзқарастың дамуына үлкен әсер еткен революциялық жаңалықтар ашты.

Коперник Николай (1473-1543 жж.) поляк астрономы, әлемнің гелиоцентрлік жүйесін жасаушы. Негізгі еңбегі - «Аспан денелерінің айналуы туралы». Схоластар және шіркеу өкілдерінің орта ғасырлық дәстүріндегі Аристотель - Птолемейдің геоцентристік теориясына қарсы шықты. Жердің Күнді айналуы және Жердің бір тәулік ішінде өз кіндігін айналып шығуы туралы теориясын ежелгі грек ғалымы, Аристрах Самоскийдің пікіріне сүйеніп ұсынды:

- Жер әлемнің орталығы емес. Күн жерге қарағанда ортада тұр, Жер Күнді айналады;

- Барлық ғарыштық денелер өзінің траекториясы бойынша жылжиды. Ғарыш шексіз;

- Ғарыштағы процестер, табиғи көзқарас бойынша түсінікті, «қасиеті» қағидалар мәтінінде түсініксіз.

Джордано Бруно (1548-1600 жж.). Оның орталық категориясы біртұтастық, ол бір мезгілдегі болмыстың болу себебі және болмыс заттарының өзі. Бруно: «Табиғат деген ол заттардағы құдай, табиғаттың өзі құдай не құдай заттардың ішінде»,- дейді. Тұтастық материя түрімен үйлеседі, ал руханилығы денемен сәйкес болады. Материяға келетін болсақ, ол бұл жағдайда әлемдік заттардың басы мен соңы болады. Онда түр пайда болып, және жоғалады, материяның өзі мәңгілік, «себепсіз себеп» бола береді.

Табиғат өздігінен табиғи қозғалыста болады. Күн жерге қарағанда ортада, бірақ әлем дүниесінің ортасы емес, әлем - шексіз. Әлем дүниесі галактикадан тұрады. Барлық аспан денелері және ондағы бардың бәрінің қозғалу қасиеті бар. Әлем дүниесінен бөлек құдай жоқ. Бруноның көзқарасын шіркеу идеологтары аса жек көрді. Ол 1592 жылы түрмеге жабылды. Инквизация одан өз көзқарасынан бас тартуды ұсынды. Ол көнбеді. 1600 жылы Римде Орталық «Гүл» алаңында оны отқа өртеп жіберді. Негізгі еңбектері: «Себептілік бастама және біртұтастық туралы», «Әлемнің және заттардың шексіздігі туралы».

Галилео Галилей (1564-1642) – итальяңдық Ренессанстың дамуын аяқтаушы. Оның ғылыми қызметін екі бағытқа болуге болады:1) механика принциптерін, денелердің қозғалысын зерттейтін ғылымды — динамиканы дамытты. Денелердің еркін құлауы заңы, жылдамдық пен үдеу туралы түсініктер табиғаттың таза, физикалық, объективті заңы туралы үғымды қалыптастырды2) астрономия саласындағы ғылыми ізденістері — айдың бетін зерттеді, күннің бетінен дақтар тауып, Венераның фазаларын, Юпитердің серіктерін, Сатурнның айналасындағы жарық құбылыстарын анықтады.Галилейдіц бұл ізденістері аспан дүниесі туралы схоластикалық түсініктерге қатты соққы болды, олар аспанды эфирден түратын тылсым дүние деп түсіндіріп келген болатын. Енді оның бәрі теріске шықты. Күннің бетіндегі дақтар Бруноның гелиоцентристік идеясын, Күннің оз осін айналатынын, жұлдыздар шоғы Әлемдегі шексіз дүниенің растығын дәлелдеді. Бұл жаңалықтарды қоштаушылар да, оларға қарсы шығушылар да, әрине, мол болды. Галилейдің механикалық заңдары Коперниктің теориясын ғылыми түрде негіздеді. Шіркеудің өте-мөте қарсы шыққаны осы еді. Коперниктің еңбектеріне тиым салынып, Галилей ескерту алды, бірақ ізденістерін жалғастыра берді.

Г.И.Кеплер (1571-1630 жж.) жиырма жыл бойы зерттеген «Жаңа астрономия» атты еңбегінде Күнді айналатын ғаламшарлардың қозғалысы туралы тәжірибелік зерттеуін баяндаған. Ол ғылымға айналым сөзінің орнына эллиптикалық орбита ұғымын енгізе отырып, Коперниктің теориясын біраз түзеді. Математик-неоплатоник бола отырып, Кеплер Құдай әлемді математикалық гармониямен жаратқан, ал ғалымдардың міндеті сол жұмбақты шешу деп есептеген.

«Коперниктік астрономияның қысқаруы» (1618) және «Әлем гармониясы» (1619) атты еңбектерінде Кеплер ғаламшар қозғалысының осы күнге дейін сақталып келе жатқан үш заңын айтады. Осы заңдарды ашу – нағыз ғылыми ізденісті талап етеді. Өзінің көруі нашар болғандықтан, өз тәжірибелерінде көбіне Тихо Брагтың нақты өлшемдерін қолданған. Кеплердің арқасында ғаламшарлар қозғалысында гелиоцентрлік жүйенің мәні арта түсті.

Қайта өрлеу дәуірін қорытындылай келе, бұл дәуірдің ортағасырлық схоластикадан бөлініп, Жаңа дәуір философиясына енуімізге үлкен септігі тигенін айтуға болады.

← Предыдущая
Страница 1
Следующая →

Файл

философия.doc

философия.doc
Размер: 757 Кб

.

Пожаловаться на материал

Философия ғылымының негізгі зерттеу обьектілерін көрсетіңіз. Көне Үнді дүниетанымындағы бастапқы. Қайта өрлеу дәуріндегі пантеизм. И. Канттың жаратылыстанулық идеяларын

У нас самая большая информационная база в рунете, поэтому Вы всегда можете найти походите запросы

Искать ещё по теме...

Эта тема принадлежит разделу:

Философия

Философия ғылымының негізгі зерттеу обьектілерін көрсетіңіз. Көне Үнді дүниетанымындағы бастапқы. Қайта өрлеу дәуріндегі пантеизм. И. Канттың жаратылыстанулық идеяларын

К данному материалу относятся разделы:

Философия ғылымының негізгі зерттеу обьектілерін көрсетіңіз

Философияның басқа ғылыми пәндерден айырмашылығын табыңыз

Философия мен өнердің айырмашылығы мен ұқсастықтарын салыстырыңыз

Философияның гносеологиялық (танымдық) қызметін сипаттаңыз

Көне Қытай философиясындағы дүниетаным ерекшеліктерін анықтаңыз

Көне Үнді дүниетанымындағы бастапқы жаратылыстанулық білімдерді талдап көрсетіңіз

Көне Үндінің діни философиясындағы адам мәселесінің қойылуын түсіндіріңіз

Көне Грекиядағы космологияның даму бағыттарын сараптаңыз

Көне Грекиядағы адам мәселесінің философиялық тұрғыдан қойылуын ұғындырыңыз

Аристотель мен Платонның танымтеориясының ерекшеліктерін талдаңыз

Орта ғасырлық философиялық ойдың қалыптасуындағы діннің ролін анықтап беріңіз

Номинализм мен реализм бағыттарын жүйелеп түсіндіріңіз

Ғылыми таным дамуындағы араб-мұсылмандық әлемнің тарихи бастамаларын талдаңыз

Орта ғасырдағы еуропалық философия және тәжірибелік-қолданбалы білімдердің дамуын сипаттаңыз

Орта ғасырдағы жалған ғылымдардың қалыптасуы –магия, оккультизм, алхимия мен астрологияны түсіндіріңіз

Адамға бетбұрыс, оның жеке даралығы мен креативтілік бастауы – Қайта өрлеу дәуріндегі маңызды ерекшелігі екендігін дәйектеңіз

Қайта өрлеу дәуріндегі пантеизм ерекшеліктерін сипаттаңыз

Коперниктің, Галилейдің, Бруно мен Кеплердің жаратылыстанулық-ғылыми жетістіктері көрсетіңіз

Н.Макиавелли шығармашылығындағы саясаттанудың негіздерінің қалыптасуын сараптаңыз

Ф.Бэконның ғылыми таным дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз және елестер туралы ілімін байыптаңыз

Р.Декарт шығармашылығындағы таным мәселесін көрсетіңіз

Дж. Локктың бірінші және екінші сапалары туралы идеясын талдаңыз

И. Канттың жаратылыстанулық идеяларын бағалаңыз

И. Кантың таным теориясындағы агностицизм мен антиномиялар ілімін талдаңыз

Гегельдің диалектикалық пен метафизикалық ойлау тәсілдерін түсіндіріп беріңіз

Гегельдің диалектика категорияларының ағымдылығы, ауыспалылығы туралы көзқарастарын сараптаңыз

К. Маркстің қоғамды танудың әдіснамалық қағидасын түсіндіріңіз

Марксизм мен неомарксизмнің даму эволюциясын сипаттаңыз

Позитивизмнің ғылым философиясы ретіндегі көрінісін және оның дамуының негізгі кезеңдерін көрсетіңіз

Герменевтика мен феноменологиядағы таным мәселесін түсіндіріп беріңіз

Адам тылсымын танудағы экзистенциализмнің маңызын ұғындырыңыз

Психоанализдің әдіс ретіндегі қолданылуын айшықтаңыз

Неотомизмнің басты қағидалары мен ұстанымдарын көрсетіңіз

ХХ ғасырдағы ғаламдық мәселелер философиясы және ондағы ғылым дамуы турпалы көзқарастарды талдаңыз

Көшпелілердің жалпы адамзаттық өркениеттік дамуға қосқан үлесін анықтаңыз

Әл-Фарабидің энциклопедистік әмбебаптылығын сипаттап беріңіз

Шәкәрімнің үш анық ілімі және оның бүгінгі өмір үшін маңызын түсіндіріңіз

Абайдың «нұрлы ақылының» адамның ғылыми танымындағы сенімді бағдары ретіндегі көрінісін дәйектеңіз

Танымның тәжірибелік табиғатына тоқталып өтіңіз

Ғылыми танымның деңгейлері мен әдістерін саралаңыз

Танымдағы ақиқат, адасу мен жалғандық мәселелерін салыстыра отырып ұғындырыңыз

Болмыс және оның түрлері мен Бейболмыс мәселесін сараптаңыз

Материя мен қозғалыс мәселелерін талдаңыз

Қазіргі заманғы әлемді синергетикалық, кванттық-релятивистік тұрғыдан түйсіну әлемді тереңірек түсінудің баспалдағы екендігін дәйектеңіз

Қоғамның ғылыми таным обьектісі ретіндегі көзқарастарды келтіріңіз

Қоғамның рухани өмірін танудағы философияның ролін көрсетіңіз

Адамның био-психо-әлеуметтік мәнін көрсетіңіз

Антропогенез бен антропосоциогенездің ғылыми және діни нұсқаларын дәйектеңіз

Адам өмірінің мәні, мәңгілік өмір идеясын саралаңыз

Анимизм ұғымын түсіндіріп өтіңіз

Адамның жаратылуы туралы діни түсініктерді салыстырыңыз

Адам-жеке адам-тұлға құрылымын түсіндіріңіз

«Мен-Тұжырымдама» идеясы бойынша мысалдар келтіріңіз

Кеңістік пен уақыттың қазіргі заманғы тұжырымдамаларын ашып беріңіз

Ақиқат пен сенім мәселелерін салыстырыңыз

ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының қоғам дамуындағы ролін түсіндіріңіз

Шәкәрімнің «Үш анық» еңбегіне герменевтикалық талдаулар жасаңыз

Абайдың қара сөздерінің ішкі мағынасын ұғындырыңыз

Қазақ дүниетанымындағы: заман, жалған дүние, құт-береке т.б. ұғымдардың мәнін ашып беріңіз

Похожие материалы:

Рекреаційна географія

Методи рекреаційних досліджень. Предметом рекреаційної географії є територіальна організація рекреаційного господарства. Методи рекреаційних досліджень. Рекреаційно-туристичне господарство.

Задачи с решениями по земельному праву

Задачи и Ответы. Земельный кодекс ЗК РФ. Какие ограничения на изменение целевого назначения земель сельскохозяйственного назначения устанавливает действующее земельное законодательство. Гражданами заключен договор купли-продажи земельного участка. Каковы основания принудительного прекращения прав на землю.

Автоматизация офиса

Реферат. Цель автоматизации офиса - повышение эффективности управления предприятием и обеспечение согласованности и бесперебойности работы всех офисных служб.

Ребрендинг

Я обрала для свого проекту відомий радянський бренд « Советское шампанское ». Ця відома торгова марка, яка набула популярності ще в СРСР, користується широким попитом і сьогодні. Спочатку, я хочу згадати історію цієї торгової марки.

Документирование

Кафедра менеджмента. Краткий курс лекций с заданиями. Документирование управленческой деятельности. Организационно-распорядительная документация (ОРД).