Ф.Бэконның ғылыми таным дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз және елестер туралы ілімін байыптаңыз

Жаңа замандағы көрнекті ойшылдардың бірі – Бэкон (Bacon) Фрэнсис (1561-1626 жж.) – британ философы, тәжірибелі ғылым әдіснамасының негізін қалаушы, жаңа заманғы философиялық ойдың бастаушысы ретінде белгілі және эмпиризм бағытын ұстанушы. Негізгі шығармалары: «Ғылымның беделі мен өсімі», «Жаңа Органон...», «Жаңа Атлантида» т.б.

Ол орта ғасыр схоластикасын сынай отырып, бұл әлемге айтыс пен тартыстан басқа ешнәрсе алып келмегендігін көрсетеді. Оның жеміссіздігінің басты себептері: жаратылыстану саласына айтарлықтай көңіл бөлмегендігі, философияны діннің қызметшісі деңгейіне дейін төмендеткендігі екендігін атап өтіп, ғылыми білімді насихаттауға айтарлықтай үлес қосты.

Гносеологияда – танымның индуктивті әдісін қолдай отыра, ол дүниені тәжірибе арқылы ақиқатты тануды қолдауға қарай бағытталады. Заттар мен құбылыстар бір-біріне қатыссыз жеке дара өмір сүреді дей келе, тек силлогизмдерді қолдану арқылы дұрыс білімге жетуге, табиғат заңдарын тануға болмайды. Ақыл ұғымдары заттардан бөлінген, күмәнді, анықталмаған болып келеді. Силлогизм пікірден, пікір сөзден тұрады. Сөз заттардың символы мен белгісі.

Басты философиялық шығармасы –«Жаңа Органон немесе табиғатты түсіндірудегі ақиқат нұсқаулар» атты туындысында ол табиғатты зерттеудің дұрыс әдісін қалыптастыру мақсатын қояды. Бэкон табиғатты игеруде оның имманентті заңдарына бағына отырып, образының өңін айналдырмау қажеттігін ұсынады. Осы жолда адам көптеген кедергілерге, атап айтқанда, адасу түріндегі «елестерге» тап болып, олар ақиқатқа жақындай түсуге бөгет болады деп байыптаған болатын.

Табиғатты тану айтыспен емес, тәжірибемен шешіледі. Оны тануда адам санасына тән болып келетін түрлі елестер қателікке ұрындырады. Олар: 1) тектік елестері. Бүкіл адамдарға тән, адам ақылы мен сезімдерінің шектілігінен, өзінің табиғаты туралы түсініктерін заттарға араластырып жібереді. Олардан құтылу үшін сезім мүшелерінің көрсеткіштері мен қоршаған орта заттарын салыстыру керек, сөйтіп, олардың дұрыстығын тексеру қажет; 2) үңгір елестері. Жеке адамдарға байланысты. Әрбір адамның өзінің ішкі үңгірі, субъективті ішкі әлемі бар. Олар туа біткен қасиеттерінен, тәрбиелеуден, білімнен, біреуге көзсіз сенген беделден пайда болады; 3) Базар елестері. Сөздерді дұрыс қолданбаудан, базардағыдай әр түрлі мағына беретін сөздердің бір жерде қолдануынан болатын қателіктер. Бұл жеміссіз таласқа әкеледі, әрі табиғаттан алыстатады; 4) Театр елестері. Әлем туралы жалған елестер мен сынсыз философия жүйелерінен пайда болады. Бұл театрдағы жасанды әлем сияқты көрініс қалыптастырады деп тұжырымдаған.

← Предыдущая
Страница 1
Следующая →

Философия ғылымының негізгі зерттеу обьектілерін көрсетіңіз. Көне Үнді дүниетанымындағы бастапқы. Қайта өрлеу дәуріндегі пантеизм. И. Канттың жаратылыстанулық идеяларын

У нас самая большая информационная база в рунете, поэтому Вы всегда можете найти походите запросы

Искать ещё по теме...

Эта тема принадлежит разделу:

Философия

Философия ғылымының негізгі зерттеу обьектілерін көрсетіңіз. Көне Үнді дүниетанымындағы бастапқы. Қайта өрлеу дәуріндегі пантеизм. И. Канттың жаратылыстанулық идеяларын

К данному материалу относятся разделы:

Философия ғылымының негізгі зерттеу обьектілерін көрсетіңіз

Философияның басқа ғылыми пәндерден айырмашылығын табыңыз

Философия мен өнердің айырмашылығы мен ұқсастықтарын салыстырыңыз

Философияның гносеологиялық (танымдық) қызметін сипаттаңыз

Көне Қытай философиясындағы дүниетаным ерекшеліктерін анықтаңыз

Көне Үнді дүниетанымындағы бастапқы жаратылыстанулық білімдерді талдап көрсетіңіз

Көне Үндінің діни философиясындағы адам мәселесінің қойылуын түсіндіріңіз

Көне Грекиядағы космологияның даму бағыттарын сараптаңыз

Көне Грекиядағы адам мәселесінің философиялық тұрғыдан қойылуын ұғындырыңыз

Аристотель мен Платонның танымтеориясының ерекшеліктерін талдаңыз

Орта ғасырлық философиялық ойдың қалыптасуындағы діннің ролін анықтап беріңіз

Номинализм мен реализм бағыттарын жүйелеп түсіндіріңіз

Ғылыми таным дамуындағы араб-мұсылмандық әлемнің тарихи бастамаларын талдаңыз

Орта ғасырдағы еуропалық философия және тәжірибелік-қолданбалы білімдердің дамуын сипаттаңыз

Орта ғасырдағы жалған ғылымдардың қалыптасуы –магия, оккультизм, алхимия мен астрологияны түсіндіріңіз

Адамға бетбұрыс, оның жеке даралығы мен креативтілік бастауы – Қайта өрлеу дәуріндегі маңызды ерекшелігі екендігін дәйектеңіз

Қайта өрлеу дәуріндегі пантеизм ерекшеліктерін сипаттаңыз

Коперниктің, Галилейдің, Бруно мен Кеплердің жаратылыстанулық-ғылыми жетістіктері көрсетіңіз

Н.Макиавелли шығармашылығындағы саясаттанудың негіздерінің қалыптасуын сараптаңыз

Ф.Бэконның ғылыми таным дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз және елестер туралы ілімін байыптаңыз

Р.Декарт шығармашылығындағы таным мәселесін көрсетіңіз

Дж. Локктың бірінші және екінші сапалары туралы идеясын талдаңыз

И. Канттың жаратылыстанулық идеяларын бағалаңыз

И. Кантың таным теориясындағы агностицизм мен антиномиялар ілімін талдаңыз

Гегельдің диалектикалық пен метафизикалық ойлау тәсілдерін түсіндіріп беріңіз

Гегельдің диалектика категорияларының ағымдылығы, ауыспалылығы туралы көзқарастарын сараптаңыз

К. Маркстің қоғамды танудың әдіснамалық қағидасын түсіндіріңіз

Марксизм мен неомарксизмнің даму эволюциясын сипаттаңыз

Позитивизмнің ғылым философиясы ретіндегі көрінісін және оның дамуының негізгі кезеңдерін көрсетіңіз

Герменевтика мен феноменологиядағы таным мәселесін түсіндіріп беріңіз

Адам тылсымын танудағы экзистенциализмнің маңызын ұғындырыңыз

Психоанализдің әдіс ретіндегі қолданылуын айшықтаңыз

Неотомизмнің басты қағидалары мен ұстанымдарын көрсетіңіз

ХХ ғасырдағы ғаламдық мәселелер философиясы және ондағы ғылым дамуы турпалы көзқарастарды талдаңыз

Көшпелілердің жалпы адамзаттық өркениеттік дамуға қосқан үлесін анықтаңыз

Әл-Фарабидің энциклопедистік әмбебаптылығын сипаттап беріңіз

Шәкәрімнің үш анық ілімі және оның бүгінгі өмір үшін маңызын түсіндіріңіз

Абайдың «нұрлы ақылының» адамның ғылыми танымындағы сенімді бағдары ретіндегі көрінісін дәйектеңіз

Танымның тәжірибелік табиғатына тоқталып өтіңіз

Ғылыми танымның деңгейлері мен әдістерін саралаңыз

Танымдағы ақиқат, адасу мен жалғандық мәселелерін салыстыра отырып ұғындырыңыз

Болмыс және оның түрлері мен Бейболмыс мәселесін сараптаңыз

Материя мен қозғалыс мәселелерін талдаңыз

Қазіргі заманғы әлемді синергетикалық, кванттық-релятивистік тұрғыдан түйсіну әлемді тереңірек түсінудің баспалдағы екендігін дәйектеңіз

Қоғамның ғылыми таным обьектісі ретіндегі көзқарастарды келтіріңіз

Қоғамның рухани өмірін танудағы философияның ролін көрсетіңіз

Адамның био-психо-әлеуметтік мәнін көрсетіңіз

Антропогенез бен антропосоциогенездің ғылыми және діни нұсқаларын дәйектеңіз

Адам өмірінің мәні, мәңгілік өмір идеясын саралаңыз

Анимизм ұғымын түсіндіріп өтіңіз

Адамның жаратылуы туралы діни түсініктерді салыстырыңыз

Адам-жеке адам-тұлға құрылымын түсіндіріңіз

«Мен-Тұжырымдама» идеясы бойынша мысалдар келтіріңіз

Кеңістік пен уақыттың қазіргі заманғы тұжырымдамаларын ашып беріңіз

Ақиқат пен сенім мәселелерін салыстырыңыз

ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының қоғам дамуындағы ролін түсіндіріңіз

Шәкәрімнің «Үш анық» еңбегіне герменевтикалық талдаулар жасаңыз

Абайдың қара сөздерінің ішкі мағынасын ұғындырыңыз

Қазақ дүниетанымындағы: заман, жалған дүние, құт-береке т.б. ұғымдардың мәнін ашып беріңіз

Похожие материалы:

Лекции по истоории

Современная организация СМИ. Медиа-холдинги в Пермском крае

редство массовой информации – это периодическое печатное издание, сетевое издание, телеканал, радиоканал, телепрограмма, радиопрограмма, видеопрограмма, кинохроникальная программа

Гимнастика, ответы

ОРУ - Общеразвивающие упражнения; Акробатические упражнения; правила, методика, требования, особенности гимнастики

Облік, аналіз та аудит надходження та наявності, використання основних засобів

Дипломна робота на тему: Облік, аналіз та аудит надходження та наявності, використання основних засобів (на матеріалах Державної інспекції сільського господарства в Київській області).

Бурситы. Клинические признаки. Лечение

Бурзы, или слизистые сумки, представляют собой замкнутые слепые мешки, которые образуются из рыхлой соединительной ткани путем растяжения и смещения ее волокон под влиянием сокращений мышечной ткани, движения сухожилий или связок.