Р.Декарт шығармашылығындағы таным мәселесін көрсетіңіз — Философия | iFREEstore

Р.Декарт шығармашылығындағы таным мәселесін көрсетіңіз

Декарт Рене (1569-1650 жж.) – француз физигі, физиологы, математигі және философы, рационализм бағытының көрнекті өкілі. Негізгі шығармалары: «Әдістер жөніндегі пікір», «Философия бастамасы», «Метафизикалық толғаныстар» т.б. Ол механика, космогония салаларында біршама жетістіктерге жетті. Философияны екі саладан тұрады деп түсіндірді: материалистік физика (табиғат туралы), идеалистік метафизика (философиялық жеке өз жүйесі).

Таным теориясы мәселелеріне баса назар аударып, білімнің көзі мен оның ақиқаттылығының өлшемі ол сыртқы дүниеде емес, адамның ақылмен іздеуінде деп байыптап, танымның көзі – интеллектуальды интуиция екендігін дәйектейді. Бұл сезім мүшелерінің көрсеткіштері мен логикалық дәлелдерге сүйенбейді, әрі ақиқатқа тез жете алады деп интуицияның артықшылықтарына сүйенді. Интеллектуальді интуиция – материалды шындықтан таза ақылмен бөлінген нәрсе, ол жалпыға бірдей: ойлайды, өмір сүреді, таниды, мәселен, үшбұрыш үш сызықтан тұратындығын аңғарады т.б шындықтарды біледі. Бэконның таным теориясындағы индукцияға қарсы бірден-бір таным дедукция деп білді. Ол жалпыдан жекеге қарай жүретін логикалық тұжырым бола отырып, жеке ақиқатқа сәйкес келетін жалпы ұғымдардың интеллектуальді интуициясынан туындайды дей келе, нтуицияда ой қозғалысы жоқ, оған алғашқы, тікілей нақты жалпы қағидалар беріледі; дедукцияда ой қозғалысының процесі жүзеге асады. Интуициядан берілгендердің мазмұнын ашу дедукцияға жүктеледі деп пайымдайды.

Декарт білімдердің ақиқаттығына күдіктеніп, танымның басты екі мақсатын көрсетті: 1) қағидалардың, метафизиканың шығу көзін табу; 2) фантастикалық елестерден қашу, жалған ұғымдардан құтылу, схоластикадан арылу. Ғылым жолын осылай тазалау керек деп ой түйді.

Өзінің кейіннен философия тарихына әйгілі болған: «Ойлаймын, демек өмір сүремін» тезисін ұсынды. Бұл интеллектуальдік интуицияның құнды өнімі, сондықтан әлем туралы барлық білімдерді дедуктивтік әдіспен бұдан шығаруға болатындығын дәйектейді. Ойшылдың идеялары бұл салада әрі қарай күрделене түседі, мәселен, «Метафизикалық толғаныстарында» Декарт: «Әлдеқандай күш бар, қандай екенін білмеймін, бірақ зұлым ниетті, мені алдау үшін бәрін пайдаланатын. Егер ол мені алдайтын болса, менің өмір сүретіндігімде ешқандай күмән жоқ; қаншалықты қажет етеді, мені соншалықты алдай берсін, - мен ойлайтын болып тұрғанда ол мені ештеңеге айналдыра алмайды.22. Спиноза мен Лейбництің таным туралы ілімдерін саралаңыз.

Таным мәселелерiне келгенде бiз Б.Спинозаны рационализм бағытына жатқызамыз. Ол әрқашанда сезiмдiк танымды ой елегiнен өткiзген бiлiмнен айыру керек екендiгiн басым айтқан. Сезiмдiк таным әрқашанда бұлдыр, көмескi. Тек ақыл-ой ғана айқын бiлiм бередi. Ғылымдардың iшiндегi ең айқыны - математика.

Сезiмдiк танымның бұлдырлығы - ол тек қана сыртқы затты ғана көрсетiп қоймай, сонымен қатар, оны өзiнiң денесiндегi өзгерiстермен, әсiресе, сезiм мүшелерiмен байланыстырады.

Санадағы сезiмдiк бейнелердiң бiр-бiрiмен байланыстары кездейсоқты. Мысалы, аттың iзiн көрген әскери адам жақындап қалған жауды есiне елестетсе, қарапайым шаруа - соқа мен жыртылған жердi елестетедi,-дейдi Б.Спиноза.

Бiрақ, сезiмдiк танымды толығынан жалған деп есептеуге де болмайды, олардың қайсыбiрiнде аз-да болса ақиқаттың жұрнақтары бар. Мысалы, надан адамның “күн - кiшкентай зат және жерге өте жақын орналасқан,- деген жалған пiкiрiнiң өзiнде күннiң өмiр сүрiп бiзге ықпалын тигiзiп жатқаны жөнiнде ақиқаттық пiкiр бар,- дейдi ұлы ойшыл.

Күнбе-күнгi өмiрден алатын сезiмдiк таным - қалың бұқараның негiзгi тәжiрибесi, соның арқасында олар бiр-бiрiмен қарым-қатынасқа түсiп өмiр сүрiп жатады. Ақыл-ой арқылы алынатын бiлiмнiң шындығының өзiн бiз оқтын-оқтын тәжiрибе арқылы тексерiп отыруымыз қажет,- деп қорытады Б.Спиноза.

Абстрактылық бiлiм де тәжiрибеден шығады. өйткенi, адамдар дүниеден алған тәжiрибесiн сөз арқылы қорытады. Бiрақ, сөзге адамдар өзiнiң тәжiрибесiне сәйкес әр-түрлi мағна бередi. Сондықтан, бiреулерге адам - тiке жүретiн жануар, екiншiге - күлетiн пенде, ал үшiншiге ол ойлай алатын тiршiлiк т.с.с. Сондықтан, сөз заттың кейбiр ғана қасиеттерiн белгiлеуi мүмкiн, яғни оның мағнасы затпен толық тең емес. Ал схоластика мектебi универсалияларды (ең жалпы ұғымдарды) дүниемен теңеп, оларды шынайы болмыс деп есептейдi. Философия саласындағы көп даудамалар көбiне “ойды дұрыс көрсететiн сөздердi қолданбағаннан, иә болмаса басқаның айтқан сөздерiн дұрыс түсiнбегеннен туады,-дейдi ұлы ойшыл.

Б.Спиноза нағыз шынайы бiлiмге тек қана ақыл-ой, зерде (ratio, intellectus) арқылы жетуге болады деген пiкiрде болды. Ақыл-ой арқылы сөздердi жалпы ұғымдық дәрежеге көтерiп, оның мән-мағнасын айқындауға болады. Ғылымдағы ең құнды ұғымдар математика саласынан шығады. Олар бiр-бiрiмен байланысты, жүйелi - сондықтан сезiмдiк танымға қарағанда анағұрлым биiк дәрежеде. Егер, Б.Спинозаның ойынша, сезiм заттың сыртқы жағын бейнелесе, онда ақыл-оймен бiз заттың iшкi сырын ашамыз. Сондықтан болар, Б.Спиноза өзiнiң “Этика деген еңбегiнде “геометрикалық методты пайдаланып, анықтама, аксиома, теорема деген ұғымдарды мораль саласын талдауға пайдаланады.

Б.Спинозаның ойынша, шындықты танып-бiлудiң үшiншi түрi - ол интеллектуалдық интуиция. Интуиция дегенiмiз - тiкелей, сезiм мен ақыл-ой елегiнен өткiзбей-ақ ақиқатқа жету. Ол бүкiл Дүниенiң бiртұтастығын тануға мүмкiндiк бередi. Адам рухының шығармашылық қасиетiнiң негiзiнде бiз шынайы аяқталған шексiздiк идеясын ашамыз. Ол бiзге интуиция арқылы ғана берiледi.

Тағы да бiр ерекше атап кететiн нәрсе - ол Б.Спинозаның таным теориясының (гносеология) оның болмыс iлiмiмен (онтология) қосылып жатқанында. Оның себебi - субстанция-табиғаттың ойлау қасиетi бар.

Лейбниц танымның терең негiзiн сезiмнен тыс өмiр сүретiн зердеден көредi. Яғни, ол Декарттың танымға деген козқарасын қолдайды. Бiрақ, Декарттың зерделiк “айқын және анық ақиқатына Лейбниц қанағаттанбайды. Оның ойынша, алғашқы ақиқаттар қисынның “тепе-теңдiк заңына сәйкес келуi қажет. Содан кейiн “қайшылық заңы арқылы зерделiк бiлiмдi тереңдетуге болады. Бұл қажеттi ақиқаттар - оларды негiзiнен математика саласынан табуға болады,- дейдi ұлы ойшыл.

Әрине, бұған қарамастан бiз өмiрден алған адамдардың тәжiрибелерiн де бағалап, пайдалануымыз керек. Бiрақ, қайсыбiр тәжiрибе - ол кездейсоқтықтың туындысы. Ол болуы да, болмауы да мүмкiн. Ол нақтылы деректер ақиқаты - әрқашанда жеткiлiксiз, кездейсоқтық. Оларды ғылыми тұрғыдан сараптауға болады, ол үшiн бiз “жеткiлiктi негiздеу заңына сүйенуiмiз керек, өйткенi, қайсыбiр деректiң, құбылыстың себебi, негiзi бар. Сол негiздi анықтау бiздi белгiлi бiр табиғат заңдылықтарына әкелуi тиiс. Дегенмен, тәжiрибелiк бiлiм бiздi тек қана әр-түрлi деңгейдегi ықтималдық, болуы мүмкiн нәрселерге ғана жеткiзедi.

← Предыдущая
Страница 1
Следующая →

Файл

философия.doc

философия.doc
Размер: 757 Кб

.

Пожаловаться на материал

Философия ғылымының негізгі зерттеу обьектілерін көрсетіңіз. Көне Үнді дүниетанымындағы бастапқы. Қайта өрлеу дәуріндегі пантеизм. И. Канттың жаратылыстанулық идеяларын

У нас самая большая информационная база в рунете, поэтому Вы всегда можете найти походите запросы

Искать ещё по теме...

Эта тема принадлежит разделу:

Философия

Философия ғылымының негізгі зерттеу обьектілерін көрсетіңіз. Көне Үнді дүниетанымындағы бастапқы. Қайта өрлеу дәуріндегі пантеизм. И. Канттың жаратылыстанулық идеяларын

К данному материалу относятся разделы:

Философия ғылымының негізгі зерттеу обьектілерін көрсетіңіз

Философияның басқа ғылыми пәндерден айырмашылығын табыңыз

Философия мен өнердің айырмашылығы мен ұқсастықтарын салыстырыңыз

Философияның гносеологиялық (танымдық) қызметін сипаттаңыз

Көне Қытай философиясындағы дүниетаным ерекшеліктерін анықтаңыз

Көне Үнді дүниетанымындағы бастапқы жаратылыстанулық білімдерді талдап көрсетіңіз

Көне Үндінің діни философиясындағы адам мәселесінің қойылуын түсіндіріңіз

Көне Грекиядағы космологияның даму бағыттарын сараптаңыз

Көне Грекиядағы адам мәселесінің философиялық тұрғыдан қойылуын ұғындырыңыз

Аристотель мен Платонның танымтеориясының ерекшеліктерін талдаңыз

Орта ғасырлық философиялық ойдың қалыптасуындағы діннің ролін анықтап беріңіз

Номинализм мен реализм бағыттарын жүйелеп түсіндіріңіз

Ғылыми таным дамуындағы араб-мұсылмандық әлемнің тарихи бастамаларын талдаңыз

Орта ғасырдағы еуропалық философия және тәжірибелік-қолданбалы білімдердің дамуын сипаттаңыз

Орта ғасырдағы жалған ғылымдардың қалыптасуы –магия, оккультизм, алхимия мен астрологияны түсіндіріңіз

Адамға бетбұрыс, оның жеке даралығы мен креативтілік бастауы – Қайта өрлеу дәуріндегі маңызды ерекшелігі екендігін дәйектеңіз

Қайта өрлеу дәуріндегі пантеизм ерекшеліктерін сипаттаңыз

Коперниктің, Галилейдің, Бруно мен Кеплердің жаратылыстанулық-ғылыми жетістіктері көрсетіңіз

Н.Макиавелли шығармашылығындағы саясаттанудың негіздерінің қалыптасуын сараптаңыз

Ф.Бэконның ғылыми таным дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз және елестер туралы ілімін байыптаңыз

Р.Декарт шығармашылығындағы таным мәселесін көрсетіңіз

Дж. Локктың бірінші және екінші сапалары туралы идеясын талдаңыз

И. Канттың жаратылыстанулық идеяларын бағалаңыз

И. Кантың таным теориясындағы агностицизм мен антиномиялар ілімін талдаңыз

Гегельдің диалектикалық пен метафизикалық ойлау тәсілдерін түсіндіріп беріңіз

Гегельдің диалектика категорияларының ағымдылығы, ауыспалылығы туралы көзқарастарын сараптаңыз

К. Маркстің қоғамды танудың әдіснамалық қағидасын түсіндіріңіз

Марксизм мен неомарксизмнің даму эволюциясын сипаттаңыз

Позитивизмнің ғылым философиясы ретіндегі көрінісін және оның дамуының негізгі кезеңдерін көрсетіңіз

Герменевтика мен феноменологиядағы таным мәселесін түсіндіріп беріңіз

Адам тылсымын танудағы экзистенциализмнің маңызын ұғындырыңыз

Психоанализдің әдіс ретіндегі қолданылуын айшықтаңыз

Неотомизмнің басты қағидалары мен ұстанымдарын көрсетіңіз

ХХ ғасырдағы ғаламдық мәселелер философиясы және ондағы ғылым дамуы турпалы көзқарастарды талдаңыз

Көшпелілердің жалпы адамзаттық өркениеттік дамуға қосқан үлесін анықтаңыз

Әл-Фарабидің энциклопедистік әмбебаптылығын сипаттап беріңіз

Шәкәрімнің үш анық ілімі және оның бүгінгі өмір үшін маңызын түсіндіріңіз

Абайдың «нұрлы ақылының» адамның ғылыми танымындағы сенімді бағдары ретіндегі көрінісін дәйектеңіз

Танымның тәжірибелік табиғатына тоқталып өтіңіз

Ғылыми танымның деңгейлері мен әдістерін саралаңыз

Танымдағы ақиқат, адасу мен жалғандық мәселелерін салыстыра отырып ұғындырыңыз

Болмыс және оның түрлері мен Бейболмыс мәселесін сараптаңыз

Материя мен қозғалыс мәселелерін талдаңыз

Қазіргі заманғы әлемді синергетикалық, кванттық-релятивистік тұрғыдан түйсіну әлемді тереңірек түсінудің баспалдағы екендігін дәйектеңіз

Қоғамның ғылыми таным обьектісі ретіндегі көзқарастарды келтіріңіз

Қоғамның рухани өмірін танудағы философияның ролін көрсетіңіз

Адамның био-психо-әлеуметтік мәнін көрсетіңіз

Антропогенез бен антропосоциогенездің ғылыми және діни нұсқаларын дәйектеңіз

Адам өмірінің мәні, мәңгілік өмір идеясын саралаңыз

Анимизм ұғымын түсіндіріп өтіңіз

Адамның жаратылуы туралы діни түсініктерді салыстырыңыз

Адам-жеке адам-тұлға құрылымын түсіндіріңіз

«Мен-Тұжырымдама» идеясы бойынша мысалдар келтіріңіз

Кеңістік пен уақыттың қазіргі заманғы тұжырымдамаларын ашып беріңіз

Ақиқат пен сенім мәселелерін салыстырыңыз

ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының қоғам дамуындағы ролін түсіндіріңіз

Шәкәрімнің «Үш анық» еңбегіне герменевтикалық талдаулар жасаңыз

Абайдың қара сөздерінің ішкі мағынасын ұғындырыңыз

Қазақ дүниетанымындағы: заман, жалған дүние, құт-береке т.б. ұғымдардың мәнін ашып беріңіз

Похожие материалы:

Гражданский кодекс РФ и Государство. Некоторые ответы

Некоторые ответы. Основные формы юридических лиц как субъектов коммерческой деятельности. Деликтоспособность. Способы обеспечения исполнения обязательств. Способы осуществления безналичных расчетов. Ответственность за нарушение условий договора. Признаки юридического лица. Рекламная деятельность

Клинические задачи с ответами по специальности: Сестринское дело

Сборник клинических задач для итоговой государственной аттестации по специальности Сестринское дело. Базовый уровень среднего профессионального образования. Эталоны ответов к задачам.

Применение катализа для защиты окружающей среды

Каталитические свойства твердого тела Синтез катализаторов смешением гидрогелей Автокатализ  Термостойкость твердых катализаторов и адсорбентов тип промышленных катализаторов крекинга

Вопросы к экзамену по лексике, лексикология

Основные компоненты ЛВС

Компьютер, предназначенный для локальной сети, называют рабочей станцией. Для подключения к ЛВС компьютер должен быть оснащен специальной платой, которая позволяет ему взаимодействовать с другими устройствами данной сети. Такая плата называется сетевым адаптером.