Гегельдің диалектикалық пен метафизикалық ойлау тәсілдерін түсіндіріп беріңіз

Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831 ж.ж.) Негiзгi еңбектерi: “Рухтың феноменологиясы (құбылысы) ², “Логика ғылымы², “Философиялық ғылымдардың энциклопедиясы², “Құқ философиясы², “Эстетикаға арналған лекциялар² т.с.с.

Гегель идеалистік диалектиканың негізін салушы ретінде, диалектика заңдары мен категорияларын ұсынған. Метафизикалық мәселелерді еркін сараптаған, онтология мен теологияны зерделі байыптаған, космология мен антропологияны өз тұғырнамалық идеялары бойынша бағдарлаған ойшыл философия тарихында дамуды онтологиялық үстем деңгейде тиянақты жүйелеп, оны шешудің жоғарғы және дәйекті ой толғамдарын ұсынды.

Гегель ойлау мен болмыстың теңдiгiн ғана мойындап қоймай, оны айырмашылық ұғымымен тығыз байланыстырып, олардың өзара iшкi диалектикасын ұғымдық (категориялық) деңгейде түсiнуге болатынын айтады. Екiншiден, Гегель Абсолюттi дамып жатқан субстанция ретiнде қарап, философияға тарихи көзқарасты еңгiзедi. Сонымен қатар, дамудың өзi қайшылықтың негiзiнде, заттың бүгiнгi жағдайының терiске шығарылып, оның қарама-қарсыға өтуi, соңғының өзi жүре келе терiске шығарылатыны т.с.с. ретiнде қаралады.

Оның өз-өзiне келiп тануын, өз-өзiн анықтауын ол “Логика ғылымы² арқылы бередi. Сонымен қатар, абсолюттiк идея өз-өзiне тең ойлау сатысынан өтiп, iс-әрекет арқылы өзiнiң өзге болмысына - табиғатқа айналады. Ал табиғат дегенiмiз, Гегельдiң ойынша, немқұрайлы сыртқы затқа айналған идея. Табиғаттың мақсаты - өзiнiң тiкелей сезiмдiк сатысынан өтiп, Феникс құсы сияқты өзiн қайта жаңару үшiн жағып, жасарып, осы сыртқы болмыстан рух ретiнде қайта дүниеге келу болып табылады.

Гегельдiң ойынша, философия ғылымын үшке бөлуге болады. 1.Логика. Ол - өзiнде және өзiне бағытталған идеяны зерттейтiн ғылым. 2.Табиғат философиясы. Ол - өзiнiң өзгеше болмысындағы идеяны зерттейтiн ғылым. 3.Рух философиясы. Ол - өзгеше болмысынан қайта өзiне оралып жатқан идея жөнiндегi ғылым.

Бүгiнгi таңда Гегельдiң жасаған философиялық жүйесi қанағаттандырмауы мүмкiн. Алайда, осы жүйенi жасау жолында ол көне заманда негiзi қаланған диалектикалық iлiмдi пайдаланып бүкiл табиғат, тарих және рухани өмiрдi белгiлi бiр процесс, яғни тоқтаусыз қозғалыс, өзгерiс, қайта құрылу, даму ретiнде қарап, олардың iшкi қайшылықтары мен байланыстарын зерттедi. Ал мұның өзi диалектика iлiмiн жаңа сатыға көтерiп, дүниеге деген жаңа таным теориясын тудырды. Негiзiнен алғанда, Гегельдiң философия саласындағы қалдырған өшпес iзiн көп ғалымдар осыдан көредi. Бұл пiкiрге толығынан қосылуға болады. Гегельдiң ойынша, адамдар өздерiнiң күнбе-күнгi өмiрiнде ақыл-ой арқылы заттар мен құбылыстарды талдап, олардың бiр-бiрiнен айырмашылығын анықтайды. Тiкелей заттарды аңлауға қарағанда, ақыл-ой оларды бiр-бiрiнен абстракциялау арқылы бөлiп алып қарайды. Ол шынайы адамдардың күнбе-күнгi өмiрiнде де, таным процесiнде де қажеттi нәрсе. Мысалы, қоғам өмiрiндегi адамдардың өзара байланыстары мен iс-әрекеттерi жемiстi болуы үшiн олардың алдына қойған мақсаттары айқын да анықталған болуы керек.

Қайсыбiр ғылым саласында, тiптi философияның өзiнде де ойлау процесiнде қолданылатын ұғымдар айқын, сонымен қатар, тұрақты мағыналы болуы қажет. Егер олар бұлдыр және тұрақсыз болатын болса, онда бiз ешқандай нәтижеге жете алмай бiр-бiрiмiздi түсiнуден қаламыз. Ендi сол бiздiң жан-дүниемiзде бейнеленетiн Дүниенiң өзiн алып қарасақ, онда да бiз заттардың өзгеруiмен қатар белгiлi бiр жағдайдағы тұрақтылығын байқаймыз.

Алайда, бiз осы ұғымдардың тұрақтылығын шегiне шейiн жеткiзсек, онда олар өзiнiң қарама-қарсылығына айналып, абстрактылық ойлауды тудырады. Гегельдiң ойынша, ол қуыс кеуделiктi, мәселеге үстiрт қарауды туғызады. Мысалы, дарға асуға қылмыскерді әкеле жатыр. Оны қарапайым жұрт тек қылмыскер ретiнде қарауда. Бiрақ, кейбiр әйелдер оған қарап: “ол қандай сұлу, қайратты, тартымды едi ²- деп қалуы мүмкiн. Сол сәтте-ақ басқа адамдар оларға бас салып: “Қалай? Қылмыскер сұлу ма? Қалайша бұлай ойлауға болады ?! Шамасы, өздерi де сол қылмыскерден артық емес шығар²,- деп қорытады. Осы мысалды келтiрiп, Гегель оны абстрактлы ойлау түрiне жатқызады. Өйткенi, алаңдағы жиналған адамдар қылмыскерден оның тек қылмыс жасағанынан басқа ешқандай қасиеттердi көрмейдi. Мұндай ойлау бiтiмiн Гегель метафизикалық ойлау әдiсi деп қорытады.

Бiздi жағалай қоршаған ортаның өзiн-ақ диалектиканың үлгiсi ретiнде қарауға болады. Өйткенi, дүниедегi қай зат болмасын шектелген, ол тұрақтылығымен қатар үне бойы өзгерiсте, өтпелi.

Диалектика жөнiндегi өзiнiң терең ойларын Гегель былайша қорытады: “еш жерде - аспанда, жерде, рухани өмiрде, табиғатта болмасын, ешқандай ақыл-ойдың белгiлейтiн абстрактылы “немесе бұлай - немесе олайы² жоқ. Қай жерде болмасын өмiр сүрiп жатқан барлық - ол нақтылы, олай болса, өз iшiнде белгiлi-бiр айырмашылық пен қарама-қарсылықты қамтиды. Қайшылық - мiне бұл дүниенiң шынайы қозғаушысы, ал қайшылықты ойлауға болмайды деген пiкiр тек күлкiнi туғызады².

← Предыдущая
Страница 1
Следующая →

Философия ғылымының негізгі зерттеу обьектілерін көрсетіңіз. Көне Үнді дүниетанымындағы бастапқы. Қайта өрлеу дәуріндегі пантеизм. И. Канттың жаратылыстанулық идеяларын

У нас самая большая информационная база в рунете, поэтому Вы всегда можете найти походите запросы

Искать ещё по теме...

Эта тема принадлежит разделу:

Философия

Философия ғылымының негізгі зерттеу обьектілерін көрсетіңіз. Көне Үнді дүниетанымындағы бастапқы. Қайта өрлеу дәуріндегі пантеизм. И. Канттың жаратылыстанулық идеяларын

К данному материалу относятся разделы:

Философия ғылымының негізгі зерттеу обьектілерін көрсетіңіз

Философияның басқа ғылыми пәндерден айырмашылығын табыңыз

Философия мен өнердің айырмашылығы мен ұқсастықтарын салыстырыңыз

Философияның гносеологиялық (танымдық) қызметін сипаттаңыз

Көне Қытай философиясындағы дүниетаным ерекшеліктерін анықтаңыз

Көне Үнді дүниетанымындағы бастапқы жаратылыстанулық білімдерді талдап көрсетіңіз

Көне Үндінің діни философиясындағы адам мәселесінің қойылуын түсіндіріңіз

Көне Грекиядағы космологияның даму бағыттарын сараптаңыз

Көне Грекиядағы адам мәселесінің философиялық тұрғыдан қойылуын ұғындырыңыз

Аристотель мен Платонның танымтеориясының ерекшеліктерін талдаңыз

Орта ғасырлық философиялық ойдың қалыптасуындағы діннің ролін анықтап беріңіз

Номинализм мен реализм бағыттарын жүйелеп түсіндіріңіз

Ғылыми таным дамуындағы араб-мұсылмандық әлемнің тарихи бастамаларын талдаңыз

Орта ғасырдағы еуропалық философия және тәжірибелік-қолданбалы білімдердің дамуын сипаттаңыз

Орта ғасырдағы жалған ғылымдардың қалыптасуы –магия, оккультизм, алхимия мен астрологияны түсіндіріңіз

Адамға бетбұрыс, оның жеке даралығы мен креативтілік бастауы – Қайта өрлеу дәуріндегі маңызды ерекшелігі екендігін дәйектеңіз

Қайта өрлеу дәуріндегі пантеизм ерекшеліктерін сипаттаңыз

Коперниктің, Галилейдің, Бруно мен Кеплердің жаратылыстанулық-ғылыми жетістіктері көрсетіңіз

Н.Макиавелли шығармашылығындағы саясаттанудың негіздерінің қалыптасуын сараптаңыз

Ф.Бэконның ғылыми таным дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз және елестер туралы ілімін байыптаңыз

Р.Декарт шығармашылығындағы таным мәселесін көрсетіңіз

Дж. Локктың бірінші және екінші сапалары туралы идеясын талдаңыз

И. Канттың жаратылыстанулық идеяларын бағалаңыз

И. Кантың таным теориясындағы агностицизм мен антиномиялар ілімін талдаңыз

Гегельдің диалектикалық пен метафизикалық ойлау тәсілдерін түсіндіріп беріңіз

Гегельдің диалектика категорияларының ағымдылығы, ауыспалылығы туралы көзқарастарын сараптаңыз

К. Маркстің қоғамды танудың әдіснамалық қағидасын түсіндіріңіз

Марксизм мен неомарксизмнің даму эволюциясын сипаттаңыз

Позитивизмнің ғылым философиясы ретіндегі көрінісін және оның дамуының негізгі кезеңдерін көрсетіңіз

Герменевтика мен феноменологиядағы таным мәселесін түсіндіріп беріңіз

Адам тылсымын танудағы экзистенциализмнің маңызын ұғындырыңыз

Психоанализдің әдіс ретіндегі қолданылуын айшықтаңыз

Неотомизмнің басты қағидалары мен ұстанымдарын көрсетіңіз

ХХ ғасырдағы ғаламдық мәселелер философиясы және ондағы ғылым дамуы турпалы көзқарастарды талдаңыз

Көшпелілердің жалпы адамзаттық өркениеттік дамуға қосқан үлесін анықтаңыз

Әл-Фарабидің энциклопедистік әмбебаптылығын сипаттап беріңіз

Шәкәрімнің үш анық ілімі және оның бүгінгі өмір үшін маңызын түсіндіріңіз

Абайдың «нұрлы ақылының» адамның ғылыми танымындағы сенімді бағдары ретіндегі көрінісін дәйектеңіз

Танымның тәжірибелік табиғатына тоқталып өтіңіз

Ғылыми танымның деңгейлері мен әдістерін саралаңыз

Танымдағы ақиқат, адасу мен жалғандық мәселелерін салыстыра отырып ұғындырыңыз

Болмыс және оның түрлері мен Бейболмыс мәселесін сараптаңыз

Материя мен қозғалыс мәселелерін талдаңыз

Қазіргі заманғы әлемді синергетикалық, кванттық-релятивистік тұрғыдан түйсіну әлемді тереңірек түсінудің баспалдағы екендігін дәйектеңіз

Қоғамның ғылыми таным обьектісі ретіндегі көзқарастарды келтіріңіз

Қоғамның рухани өмірін танудағы философияның ролін көрсетіңіз

Адамның био-психо-әлеуметтік мәнін көрсетіңіз

Антропогенез бен антропосоциогенездің ғылыми және діни нұсқаларын дәйектеңіз

Адам өмірінің мәні, мәңгілік өмір идеясын саралаңыз

Анимизм ұғымын түсіндіріп өтіңіз

Адамның жаратылуы туралы діни түсініктерді салыстырыңыз

Адам-жеке адам-тұлға құрылымын түсіндіріңіз

«Мен-Тұжырымдама» идеясы бойынша мысалдар келтіріңіз

Кеңістік пен уақыттың қазіргі заманғы тұжырымдамаларын ашып беріңіз

Ақиқат пен сенім мәселелерін салыстырыңыз

ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының қоғам дамуындағы ролін түсіндіріңіз

Шәкәрімнің «Үш анық» еңбегіне герменевтикалық талдаулар жасаңыз

Абайдың қара сөздерінің ішкі мағынасын ұғындырыңыз

Қазақ дүниетанымындағы: заман, жалған дүние, құт-береке т.б. ұғымдардың мәнін ашып беріңіз

Похожие материалы:

Воспитание ребенка как человека культуры

Концепция разработана известным ростовским Ученым академиком Евгенией Васильевной Бондаревской. Понятие «воспитание». Базовые воспитательные процессы. Цель и принципы воспитания. Человек культуры. Механизм воспитания.

Новые тенденции финансового обеспечения физической культуры и спорта

Научно исследовательская работа. Роль физической культуры и спорта в жизни общества. Понятие физической культуры и спорта и необходимость их существования. Развитие физической культуры и спорта – приоритетное направление социальной политики государства. Финансирование физической культуры и спорта. Финансировании профессионального спорта в России: текущее состояние и перспективы.

Интеллектуальная собственность

Объект права интеллектуальной собственности Объекты системного права Субъекты права интеллектуальной собственности

Органічна Хімія. Відповіді на тест

Сполуки, які входять до складу нафти, ацетилен, вільнорадикальний механізм, насичені вуглеводи.

Государственное принуждение: понятие, содержание, виды государственных принудительных мер

Государственное принуждение — специфическое воздействие на поведение людей, основанное на его организованной силе. Но это не просто государственное принуждение, а принуждение к исполнению норм права. Характерная особенность такого принуждения заключается в том, что сама эта деятельность строго регламентирована законом, имеет свои правовые рамки.