Қоғамның рухани өмірін танудағы философияның ролін көрсетіңіз — Философия | iFREEstore

Қоғамның рухани өмірін танудағы философияның ролін көрсетіңіз

Рухани өмір – қоғамның өмір сүруі мен қызмет етуінің маңызды жағы болып табылады. Егер де, ол бай мазмұнға ие болатын болса, онда адамдардың өміріне қолайлы рухани жағдай, тиісті моральдық-психологиялық климат қалыптасады. Қоғамның рухани өмірінің мазмұнына оның нақты адамилық мәні айқындалады. Өйткені руханилық тек қана адамға тән және оны басқа тіршілік иелерінен ажырататын, табиғаттан жоғары қоятын қасиет.

Қоғамның рухани өмірі өте күрделі ұйымдасқан. Ол адам санасының әр түрлі көріністерімен, олардың ойлары мен сезімдерімен шектелмейді, бірақ, олардың санасы рухани өмірдің өзегі, тірегі деуге толық негіз бар. Қоғамның рухани өміріне келесі негізгі элементтерді жатқызуға болады: а) тиісті рухани құндылықтарды өндіру мен тұтынуға бағытталған адамдардың рухани қажеттіліктері; б) рухани құндылықтар; в) рухани қызмет; г) тұтас рухани өндіріс жүйесі; д) рухани тұтыну; е) рухани қатынастар. Философияның адам мен қоғам өміріндегі орны аса зор:1) философия жеке адамның, әсіресе, жоғары оқу орында білім алушы маманның Тұлға ретінде қалыптасуына маңызды ықпал етеді. 2) Философия адамға өмірлік бағыт-бағдар береді. 3) Философия дұрыс, ақылды ойлай білуге, өзі туралы тереңірек ойлануға әсерін тігізеді.

Швейцария философы Ю.Бохенский философияның қоғамдағы, адам өміріндегі рөлі туралы айта келіп, ұғымдар әлемінде өзімен-өзі өмір сүруші, адамдарын көбі үшін түсініксіз жан ретінде қабылданатын қарапайым философтың оны қоршаған басқа адамдардың, жалпы қоғамның санасына күштіәсер ететіндігін ескертеді, философ өз ойымен әуелі бір адаммен, сонансоң екінші, үшінші адаммен, бірте-бірте бүкіл қоғаммен бөлісіп, философиялық ой көпшілікке түсінікті болған жағдайда бүкіл адамзаттың бейнесін өзгерте алады деген болатын.

Жоғары білім беру саласында дайындалған маманның кәсіптік деңгейімен бірге адамгершіліктік-рухани және әлеуметтік келбетінің де биік болуы қазіргі кезеңде ерекше өзекті. Осы тұрғыдан алғанда университет қабырғасына білім алушы жастардың қарапайым индивид-пенде емес, өзіне, қоғамға, өмірлік процестерге деген терең көзқарасқа ие тұлға болып қалыптасуына айқындаушы әсер ететін философия ғылымы мен оны жастарға жоғары оқу орындарында оқытатын философ мамандарға қойылып отырған талаптардың маңызы арта түсіп отыр.

Философияның басқа ғылымдардан бір ерекшелігі — ол өзінің өткенін ешқашан жоққа шығармайды, керісінше, оны саралап, өзінің болашақ дамуына қажетті ой-пікір, көзқарас, идеяларды алып отырады. Философия тарихында адам ойының керемет жетістіктері, ең биік үлгілері жинақталған, бірақ олар танушы тұлғаның философиялық ойлау процесін шектемейді, оның шарықтауына, тұлғаның өзіндік «Менін» көрсетуіне шексіз мүмкіндік-кеңістік ашады.

Философия тарихын құрайтын философиялық тұлғалар. Философиялық ой біз үшін оны пайымдаған тұлғалар арқылы ғана мәнді, себебі білімді жинақтайтын нақты адамдар және олардың өзіндік ерекшеліктері, басқаға ұқсамайтын жеке қасиеттері көбірек болған сайын ғылым мен мәдениетке қосатын үлестері де маңызды және мол бола түседі. Философия тарихы біздің танымымызды тарихи тұлғалардың шығармалары, тағдыры, мінез-құлқы, өмір салты арқылы ашылатын өмірлік құндылықтармен толықтырады. Танушы субъект философияның көмегімен өз өмірін саналы түрде қайтадан, бұрынғыдан әлдеқайда жоғары деңгейде түсінуге жол табады. Философия тарихын зерттеу тұлғаның бойында адамшылық ережелерінің жетіліп-дамуының да ішкі қозғаушы күші бола алады. Жеке философиялық тұлғалардың моральдық ілімдерін, олар теориялық деңгейде зерттеп қана қоймай, іс жүзінде ұстанған парыз, әділеттілік, мейірімділік, адалдық, өзіне ғана емес, басқаларға да қызмет ете білу, жан-жақты жетілгендікке ұмтылу және тағы басқа моральдық принциптерді танып-білу, оны өзіндік өмірлік тәжірибеде жүзеге асыруға, мақсаттық жүйеге айналдыруға талпыну — индивидтен бірте-бірте тұлғаның қалыптасуына қажетті құрылымдар. Философия тарихы адамның бойында еркін ойлау принциптерін қалыптастыруға ерекше ықпал етеді, себебі философия — рухтың жоғарғы еркіндігі саласы және философия тарихы еркін ойлау мен еркін өмір сүрудің тамаша үлгілеріне толы.

Философиялық ойлауға тән ашықтық, сыни верификация, реализм, скептицизм, өзін-өзі сынай білу философияны игеруші субъект-тұлғаның рухани дүниесінің қалыптасуына айқындаушы әсер етеді. Философия адамға өз өмірі мен тағдырын өзі айқындауға мүмкіндігі бар екендігін, таңдау еркіндігі адамның өз қолында екендігін түсіндіреді. Бұл мәселе, әсіресе, кішкентайынан тиым салу ережелерінің қатаң шеңберінде тәрбиеленетін қазақ балалары үшін аса маңызды екенін атап ету керек. Қорқыту, тыиым салу арқылы емес, саналы еркіндіктің көмегімен ғана қоғамның еркін азаматтарын қалыптастыруға болады. Әрине, абсолюттік еркіндік мүмкін емес, бірақ саналы еркіндікке ие адам ғана өзінің индивидуалдылығын қоғамдық деңгейде жүзеге асыратын тұлғаға айналады.

← Предыдущая
Страница 1
Следующая →

Файл

философия.doc

философия.doc
Размер: 757 Кб

.

Пожаловаться на материал

Философия ғылымының негізгі зерттеу обьектілерін көрсетіңіз. Көне Үнді дүниетанымындағы бастапқы. Қайта өрлеу дәуріндегі пантеизм. И. Канттың жаратылыстанулық идеяларын

У нас самая большая информационная база в рунете, поэтому Вы всегда можете найти походите запросы

Искать ещё по теме...

Эта тема принадлежит разделу:

Философия

Философия ғылымының негізгі зерттеу обьектілерін көрсетіңіз. Көне Үнді дүниетанымындағы бастапқы. Қайта өрлеу дәуріндегі пантеизм. И. Канттың жаратылыстанулық идеяларын

К данному материалу относятся разделы:

Философия ғылымының негізгі зерттеу обьектілерін көрсетіңіз

Философияның басқа ғылыми пәндерден айырмашылығын табыңыз

Философия мен өнердің айырмашылығы мен ұқсастықтарын салыстырыңыз

Философияның гносеологиялық (танымдық) қызметін сипаттаңыз

Көне Қытай философиясындағы дүниетаным ерекшеліктерін анықтаңыз

Көне Үнді дүниетанымындағы бастапқы жаратылыстанулық білімдерді талдап көрсетіңіз

Көне Үндінің діни философиясындағы адам мәселесінің қойылуын түсіндіріңіз

Көне Грекиядағы космологияның даму бағыттарын сараптаңыз

Көне Грекиядағы адам мәселесінің философиялық тұрғыдан қойылуын ұғындырыңыз

Аристотель мен Платонның танымтеориясының ерекшеліктерін талдаңыз

Орта ғасырлық философиялық ойдың қалыптасуындағы діннің ролін анықтап беріңіз

Номинализм мен реализм бағыттарын жүйелеп түсіндіріңіз

Ғылыми таным дамуындағы араб-мұсылмандық әлемнің тарихи бастамаларын талдаңыз

Орта ғасырдағы еуропалық философия және тәжірибелік-қолданбалы білімдердің дамуын сипаттаңыз

Орта ғасырдағы жалған ғылымдардың қалыптасуы –магия, оккультизм, алхимия мен астрологияны түсіндіріңіз

Адамға бетбұрыс, оның жеке даралығы мен креативтілік бастауы – Қайта өрлеу дәуріндегі маңызды ерекшелігі екендігін дәйектеңіз

Қайта өрлеу дәуріндегі пантеизм ерекшеліктерін сипаттаңыз

Коперниктің, Галилейдің, Бруно мен Кеплердің жаратылыстанулық-ғылыми жетістіктері көрсетіңіз

Н.Макиавелли шығармашылығындағы саясаттанудың негіздерінің қалыптасуын сараптаңыз

Ф.Бэконның ғылыми таным дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз және елестер туралы ілімін байыптаңыз

Р.Декарт шығармашылығындағы таным мәселесін көрсетіңіз

Дж. Локктың бірінші және екінші сапалары туралы идеясын талдаңыз

И. Канттың жаратылыстанулық идеяларын бағалаңыз

И. Кантың таным теориясындағы агностицизм мен антиномиялар ілімін талдаңыз

Гегельдің диалектикалық пен метафизикалық ойлау тәсілдерін түсіндіріп беріңіз

Гегельдің диалектика категорияларының ағымдылығы, ауыспалылығы туралы көзқарастарын сараптаңыз

К. Маркстің қоғамды танудың әдіснамалық қағидасын түсіндіріңіз

Марксизм мен неомарксизмнің даму эволюциясын сипаттаңыз

Позитивизмнің ғылым философиясы ретіндегі көрінісін және оның дамуының негізгі кезеңдерін көрсетіңіз

Герменевтика мен феноменологиядағы таным мәселесін түсіндіріп беріңіз

Адам тылсымын танудағы экзистенциализмнің маңызын ұғындырыңыз

Психоанализдің әдіс ретіндегі қолданылуын айшықтаңыз

Неотомизмнің басты қағидалары мен ұстанымдарын көрсетіңіз

ХХ ғасырдағы ғаламдық мәселелер философиясы және ондағы ғылым дамуы турпалы көзқарастарды талдаңыз

Көшпелілердің жалпы адамзаттық өркениеттік дамуға қосқан үлесін анықтаңыз

Әл-Фарабидің энциклопедистік әмбебаптылығын сипаттап беріңіз

Шәкәрімнің үш анық ілімі және оның бүгінгі өмір үшін маңызын түсіндіріңіз

Абайдың «нұрлы ақылының» адамның ғылыми танымындағы сенімді бағдары ретіндегі көрінісін дәйектеңіз

Танымның тәжірибелік табиғатына тоқталып өтіңіз

Ғылыми танымның деңгейлері мен әдістерін саралаңыз

Танымдағы ақиқат, адасу мен жалғандық мәселелерін салыстыра отырып ұғындырыңыз

Болмыс және оның түрлері мен Бейболмыс мәселесін сараптаңыз

Материя мен қозғалыс мәселелерін талдаңыз

Қазіргі заманғы әлемді синергетикалық, кванттық-релятивистік тұрғыдан түйсіну әлемді тереңірек түсінудің баспалдағы екендігін дәйектеңіз

Қоғамның ғылыми таным обьектісі ретіндегі көзқарастарды келтіріңіз

Қоғамның рухани өмірін танудағы философияның ролін көрсетіңіз

Адамның био-психо-әлеуметтік мәнін көрсетіңіз

Антропогенез бен антропосоциогенездің ғылыми және діни нұсқаларын дәйектеңіз

Адам өмірінің мәні, мәңгілік өмір идеясын саралаңыз

Анимизм ұғымын түсіндіріп өтіңіз

Адамның жаратылуы туралы діни түсініктерді салыстырыңыз

Адам-жеке адам-тұлға құрылымын түсіндіріңіз

«Мен-Тұжырымдама» идеясы бойынша мысалдар келтіріңіз

Кеңістік пен уақыттың қазіргі заманғы тұжырымдамаларын ашып беріңіз

Ақиқат пен сенім мәселелерін салыстырыңыз

ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының қоғам дамуындағы ролін түсіндіріңіз

Шәкәрімнің «Үш анық» еңбегіне герменевтикалық талдаулар жасаңыз

Абайдың қара сөздерінің ішкі мағынасын ұғындырыңыз

Қазақ дүниетанымындағы: заман, жалған дүние, құт-береке т.б. ұғымдардың мәнін ашып беріңіз

Похожие материалы:

Лабораторное бактериологическое исследование крови

Главная цель лабораторного бактериологического исследования крови — определить, содержит ли кровь пациента бактерии. Рост бактерий, культура, обогащенная бактериями, окрашивается и исследуется под микроскопом

Образцы сочинения по Русском языку

Что важнее: красота душевная или физическая. Связь таланта и трудолюбия. Трагедия одинокой души. Взаимоотношения личности и коллектива. Какие нравственные черты вырабатывает спорт у человека. О нравственных калеках. О силе доброго слова Что лежит в основе воспитанности человека. Что влияет на человека в ситуации нравственного выбора. Как противостоять низости и подлости. Нужно учиться культуре радости. Душевная чуткость человека и доброта

Питання модульного тестового контролю з історії української культури

Орієнтовні питання модульного тестового контролю з історії української культури для студентів

Основные умения школьников при обучении праву

Понятия «умение» и «навык» и их роль в развивающем обучении. Группы и виды умений и навыков, способы их классификации. Методика формирования умений. Учебник права. Учебная литература по праву. Особенности учебных занятий по теории права и конституционному праву

Упаковка

Упаковка играет сегодня огромную роль в развитии потребительского рынка, являясь важной составляющей имиджа брендов. Коммуникационная задача упаковки