Философиялық ойтолғаныс тек сыртқы дүниеге ғана емес, сол дүниені субъектісі болып отырған, жер планетасының белсенді «лидері» ретінде танымалданған, өзін табиғатқа үстемдік етуші деп жариялаған адам мәселесіне де тоқталады. Себебі, философияның объектісінің жалпылама нұсқасы - адам мен дүние болып табылады. Бірақ адам сол өзі өмір сүріп тұрған әлемнен оқшау қарастырылмайды, оның мәнінің ашылуы, жұмбақтығының сыры да табиғаттың бір бөлшегі болып табылатын тіршілік иесі болуымен айқандалады. Сондықтан философиядағы рефлексия, өзін тануға ұмтылыстың жалпы көрінісі адамтану болып табылады. Көне Грек ойшылы Сократтың «Өзіңді-өзің таны» деген қағидасын жалпыласақ, тек жеке тұлғалықты ғана емес, бүкіл адамзатты тануға ұмтылыстың қажеттілігін сезінуге болады. Сондықтан философия тарихында «адам дегеніміз кім немесе ол не» деген сауалдар мыңдаған жылдық таным кеңістігін қамтып жатыр. Осыған орай, адамды анықтауға әр түрлі түсініктер мен анықтамалар берілген.
Адам белсенді әрекет ететін сананы иемдену арқылы еңбек құралдарын жасап, пайдаланып, өнім өндіріп табиғатты өзгертетін барша тіршіліктің лидері: жан мен тәннен құралған, табиғаттан мәдени-рухани асқақтығы, ойлау тереңдігі, мақсат қоюы және т.б арқылы ажыратылады. Ол мәдени-рухани игілікті иеленіп, жер бетінде саналы тіршілік ететін субъект.
Осыдан адамның басқа тіршілік иелерінен айырмашылықтарын былайша зерделеп көрсетуімізге болады: санасы бар, дискурсивті ойлайды; еңбек құралдарын жасап пайдаланады, мәдениетті жасаушы, мақсат қоя тіршілік етеді, өзінің өмір сүріп тұрғандығын және оның аяқталатындығын саналы түрде түйсінеді т.б.
Адам мәнін ашатын философиялық мәселелердің бірі - өлім мен өмір мәселелесі.
Өмір мәндердің ішкі белсенділігімен бөлінген болмыс тәсілін бекітетін тіршіліксіздіктен айрылатын құбылыс. Тірінің негізгі қасиетін алып жүретін негізгі субстраттары ДНК молекулалары мен белоктар. Тірінің ұйымдасуының мынандай өлшемдері бар: организмдік, популяциялық, түрлік, биоценотикалық, биосфералық. Адам өмірі оны өзі саналы түйсінуінде, өмір сүруін, өлімін сезінуінде болып табылады. Витализм - өмірдің көрінуі оған тәуелді болатын организмдерде ерекше өмірлік күш бар деп санайтын биологиялық бағыт, неовитализмде ұрық элементінің проспективті потенциясы мен энтелехия ролін көрсетеді. Бұл өмірлік процестердің себепті механикалық мүмкіндіктерін терістеп, оған жоспарлықты, мақсатқа ұмтылушылықты, ішкі және жеке заңдылықтарын қосады. Психоанализдегі өмірге ұмтылатын инстинктік эрос танатоспен қайшылық құрап, қайтадан екеуі келісімге келіп отырады деп түсіндіріледі.
Мәңгі өмір сүру идеалының діни тұрғыдан келуден басқаша да көптүрлі формалары бар. 1) Ген түсінігіне байланысты ұрпақтардың сабақтасуы оның, сол өлген тұлғаның заңды биологиялық жалғасы деп түсінушілік. Ген туа біткен қасиеттік сабақтастық материалының бірлігі. Сабақтастық геннің жаңа ұрпаққа берілуі, ген барлық клеткаларда өмір сүретін бөлінбейтін, араласпай берілетін өз бетінше бірліктер. Туа біткен қасиеттер белгілі бір генге байланысты емес, ядро мен плазманы қамтитын генетикалық клетка жүйесіне байланысты. Бұнымен биологияның генетика саласы айналысады; 2) Мумификация организмнің физологиялық негізін ұзақ уақытқа сақтау үшін қолданылатын тәсілдер. Бальзамдау көне Египеттік фараондардан бері сақталып келе жатырған организмнің ыдырамауын қамтамасыз ететін әдіс; 3) Тарихи-биографиялық, бұнда өлген адамның артына қалдырған мұралары мен тарихтағы орны арқылы оның рәміздік түрде мәңгі жасайтындығы бағамдалады.
Өлім мен өмір мәселесіне қатысты маңызды түйткілдердің бірі өмірдің мағынасы. Ол адам мәңгілік өмір сүрсін, мейлі өлімді болсын одан тыс болып табылады да, «өмірдің мәні неде, мен не үшін өмір сүрдім және өмір сүремін, қалай өмір сүру керек, өмірде қандай мақсаттар бар» деген сияқты сауалдарды қамтитын күрделі мәселе бола отырып, «өмірдің мақсатының мәні неде, мәнінің мақсаты бар ма, өмірдің мағынасының мәні қандай, мақсаттардың мәні, негізгі мәннің мағынасы, жалпы мазмұнның мақсаты» деген тәрізді мәселелермен күрделене түседі. Өмірдің мағынасы адам болмысының сыры, өмір сүрудің түпкі мақсатын, негізгі мәнін, жалпы мазмұнын ашуға ұмтылатын философиялық және этикалық проблема. Сонымен қатар діни, атеистік, психологиялық тұрғыдан жан-жақты қарастырылады.
Адамның өмip cүpyi мәселесi де адам мәнi мәселесi сияқты маңызды. Оның алғышарты туралы емес, адамның өмip cүpyi мен мәндiлiгiнiң тұтастығы мен қажеттi байланысы туралы айтуға болады. Адам әрқашан да, бiр жағынан, әуел бастапқы «әлдене» және, екiншi жағынан, ол өзiнiң iз таңбасы мен шектеуін қалдыратын әлеуметтiк ортада дамиды. Сондықтан да индивидуалдық өмip сүру осы қажеттiлiксiз, оның мәнін құрайтын қоғамдық қатынастар жүйесiнсiз мүмкін емес. Сонымен қaтap, оның мәнi де оның өмip cүpyiнeн тыс бола алмайды. Адам бойындағы биологиялық пен әлеуметтiлiктiң арақатынacы мәселесi де осы өмip сүру мен мәндiлiк мәселесiмен байланысты. Өзiнiң мәнi жағынан адам әлеуметтiк жан. Сонымен бiр мезгiлде ол табиғаттың жемiсi және оның шектерiнен тыс өмip сүре алмайды, өзiнiң биологиялық қажеттiлiктерiн өтейдi, iшедi, жейдi, дене қабатын тастап кете алмайды. Адамдағы биологиялық пен әлеуметтiлiк ажырамас тұтастықта орналасады, оның бiр жағын «әлеуметтiк сапаға» ие тұлға құраса, екiншi жағын табиғи негiзi болып табылатын ағза құрайды.
Әлеуметтiлiк пен биологиялық мәселелердi қарастырғанда eкi көзқарастан бойды аулақ ұстау керек: әлеуметтiк факторды абсолюттендiру мен биологиялық факторды абсолюттендiру. Бiрiншiсiнде адам әлеуметтiк ортаның абсолюттiк нәтижесi болып көрiнедi. Екiншi концепцияға әр түрлi биологияландырушы iлiмдер жатады. Оның iшiнде, мысалы, табиғи тұрғыда бiр нәсiлдi екiншiсiнен жоғары қоятын нәсiлшiл теорияларды жатқызуға болады. Нәсiлшiлдiлiктiң баянсыздығын адам генотипi ерекшелiгiнiң нәсiлдiк емес, индивидуалдық деңгейде көрінетiндiгi арқылы дәлелдеуге болады. Табиғатта қандай да болсын нәсiлдiк, ұлттық немесе әлеуметтiк генотиптер өмip сүрмейдi.
Адам белсеңді әрекет иесі. Ол әлеуметтік дамуды жеделдетіп немесе тежеп, оған тура ықпал ете алады. Тарихтың түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыратын адам өмірінің мәнін, құндылығын айқындаушы сол адамның өзі. Және ол жеке адамнан, қоғамнан тыс ұғым емес, адамның мақсаттары мен қоғамды диалектикалық тұрғыдан біріктіретін ұғым.