«Мен-Тұжырымдама» идеясы бойынша мысалдар келтіріңіз

Қозғалыстағы заттар мен неше түрлі үрдістер кеңістік пен уақыттың шеңберінде өтіп жатады. Ең жалпы түрде алғанда, кеңістік деп заттар мен құбылыстардың бірінің жанында бірінің орналасуын айтамыз, ал уақытқа келер болсақ, ол - дүниедегі болып жатқан уақиғалардың бірінің соңынан екіншісінің келуі.Кеңістік пен уақыттың табиғаты жөнінде сонау көне заманнан бастап осы уақытқа шейін, негізінен, екі көзқарас қалыптасты. Олар: субстанциализм - кеңістік пен уақытты дүниенің алғашқы негіздерінің бірі ретінде қарайды және релятивизм (салыстырмалы) - кеңістік пен уақыт қозғалып жатқан неше түрлі материалдық объектілердің формалары, соған бағынышты.

Бірінші көзқарастың негізін жасаған көне грек философы Демокрит болды. Ол өзінің атомистік ілімінде дүниенің алғашқы негізін құрайтын екі бастаманы мойындайды: оның бірі көзге көрінбейтін әрі қарай бөлінбейтін ұсақ бөлшектер -атомдар және ғарыштағы бос кеңістік. Атомдар сол кеңістікте құлдырап келе жатып бір-бірімен соқтығысып, табиғатың заттарын тудырады. Яғни кеңістік - субстанциялық алғашқы негіздердің бірі. Егер дүниедегі атомдар бір сәтте жоғалып кетсе, Дүние құрымайды -кеңістік алғашқы негіздердің бірі болып қала береді.Сол заманның ірі ойшысы Эмпедокл бұл пікірге қарсы шығып: «Судағы балыққа қараңызшы - онда бос кеңістік жоқ, бірақ балық қозғалады», - деген пікір айтқан болатын. Яғни ол бос кеңістік идеясына қарсы шықты.

Аристотельдің ойынша да, бос қуыс жоқ, кеністік - дүниедегі заттардың алатын орны, ал уақыт - қозғалыстың саны, мөлшері.Орта ғасырдағы ойшылдар кеңістік пен уақытты Құдайдың жасампаздық іс-әрекетіне теңеді. Дүние өтпелі болып кеңістік пен уақытта берілген, тек Құдай ғана – мәңгілік, олардан тыс жатыр.Жаңа дәуірде Декарт «бос қуыстық» идеясына қарсы шығып, кеңістіктің заттармен толы екені жөніндегі идеясын ұсынды. Олай болса, кеңістік пен созылу - бір. Ол ұзақтық пен уақытты айыру керектігін де айтады. Ұзақтық заттарға тән нәрсе болса, уақыт - сол ұзақтықтың ой өрісіндегі көрінісі. Осыған жақын көзқараста Лейбниц те болды.Алайда XIX ғ. бастап жоғарыда айтылған көзқарастарға күмәндану басталады. Электромагниттік үрдістерді зерттей бастаған М.Фарадей мен Дж.Максвелл тарту күші қашықтық, пен қатар жылдамдыққа байланысты және тікелей тарамайды деген пікірге келеді. Ал күштің тарауы сол сәтте емес, белгілі бір шектелген жылдамдықпен жүреді. Соңында, олар сәуле, магнетизм, электр қуатын біріктіріп, электромагниттік өрістің әртүрлі көріністері ретінде қарай бастады.

Сонымен ғарыштағы күштердің жылдамдығының шектелгені Ньютонның алыстан әрекет ету теориясына үлкен соққы жасап, А.Эйнштейннің ғылыми жаңалықтарын ашуға белгілі алғышарттар жасады. 1905 ж. ол өзінің кеңістік пен уақыт жөніндегі арнаулы салыстырмалы теориясын жасап шығарады. Бұл теорияның негізінде ғарыштағы ең асқан жылдамдық – сәуле жылдамдығы 300 мың км. сек. деген қағида жатыр. Онымен салыстырғанда, басқа жылдамдықтарды 0-ге теңеуге болады. Биологиялық уақыт та организмнің өмір сүруінің әр сатысында соған сәйкес өзгеріп отырады. Адамның жас кезінде организмдегі «сағат» айнала қоршаған уақыттан гөрі тезірек өтеді де, психологиялық тұрғыдан келгенде, адам өмірі баяу өтіп жатқан тәрізді болады. Кәрілік келіп, организм қартайған кезде оның «сағаты» қоршаған ортадағы уақыт ритмінен қалыңқырап, психологиялық тұрғыдан алғанда, өмірдің зымырап тез өтіп бара жатқанындай әсер тигізеді. Сонымен биологиялық кеңістік пен уақыт та бірқалыпты емес, өмірдің ерекшелігіне сай өзгеріп отыратынын анықтадық.

Психологиялық кеңістік пен уақытқа келер болсақ, оның да өз ерекшеліктері бар екенін байқаймыз. Ол, негізінен алғанда, тек адамға тән нәрселер. Ол дүниені адами қабылдау мүмкіндіктерімен бірге оның іс-әрекетімен тығыз байланысты. Егер сіз өте қызықты шығармашылық іспен айналысып жатсаңыз, онда уақыттың қалай өткенін байқамай қаласыз. Жалғыздық адам уақытын қорғасын басқандай басып, баяулатады. Ағылшындар айтқандай, ісі жоқтық, адамның миын шайтанның шеберханасына айналдырып, ақырында адам ішімдікке, нашақорлыққа салынып, я болмаса қылмыстық жолға түсіп, өзін-өзі жоғалтып, бір-ақ рет берілетін өмірінің быт-шытын шығарады.Kеңістік пен уақыт қайтадан материя атрибуты ретінде оны анықтайтын байланыстары және өзара байланыстары арқылы түсіндірледі.Уақыт пен кеңістіктің қазіргі кездегі түсінігі А.Эйнштейннің салыстырмалылық теориясы арқылы түсіндіріледі.Cоңғы әлеуметтік кеңістік пен уақытқа келер болсақ, ол да өне бойы өзгерісте. Біржолата және біркелкі берілген әлеуметтік кеңістік пен уақыт - жоқ. Мысалы, алғашқы қауымдағы әлеуметтік кеңістік адамның жаяу біркүндік жолының шеңберіне тең болды, яғни 20-30 шақырым. Жылқыны үйреткен кезден бастап, әлеуметтік кеңістік анағұрлым кеңейді. Машиналық техника пайда болған кезде, ол мыңдаған шықырымға өсті. Ал қазір сіз Лондон-ның «Хитроу» аэропортында 2,5 дыбыс жылдамдығымен ұшатын «Конкорд» ұшағына мінсеңіз, 4 сағаттан кейін Американың «Дж.Кеннеди» аэропортына қонасыз! Адам омірі - «Ұлы мәртебелі Табиғаттың», я болмаса Кұдайдың бізге берген сыйы, өмір уақыты. Уақытында Ибн-Сина айтып кеткендей, біздің бұл Дүниеге келуіміз де, келмеуіміз де мүмкін еді. Алайда біз келдік. Біле білген кісіге, жалғыз соның өзі ғана - үлкен бақыт, ғажап оқиға. Олай болса, өмірдің әр сәтін бағалап, оны өте ұқыпты пайдалануымыз керек. Тек сонда ғана өмірде үлкен жетістіктерге жетуге болады. Жас уақытын зая өткізген адам жасы келгенде қынжылады, өйткені қанша өмірдегі болған мүмкіндіктер іске аспай қалды, ал өткенді қайта оралтуға болмайды: ол мәңгілікке кете барды.

← Предыдущая
Страница 1
Следующая →

Философия ғылымының негізгі зерттеу обьектілерін көрсетіңіз. Көне Үнді дүниетанымындағы бастапқы. Қайта өрлеу дәуріндегі пантеизм. И. Канттың жаратылыстанулық идеяларын

У нас самая большая информационная база в рунете, поэтому Вы всегда можете найти походите запросы

Искать ещё по теме...

Эта тема принадлежит разделу:

Философия

Философия ғылымының негізгі зерттеу обьектілерін көрсетіңіз. Көне Үнді дүниетанымындағы бастапқы. Қайта өрлеу дәуріндегі пантеизм. И. Канттың жаратылыстанулық идеяларын

К данному материалу относятся разделы:

Философия ғылымының негізгі зерттеу обьектілерін көрсетіңіз

Философияның басқа ғылыми пәндерден айырмашылығын табыңыз

Философия мен өнердің айырмашылығы мен ұқсастықтарын салыстырыңыз

Философияның гносеологиялық (танымдық) қызметін сипаттаңыз

Көне Қытай философиясындағы дүниетаным ерекшеліктерін анықтаңыз

Көне Үнді дүниетанымындағы бастапқы жаратылыстанулық білімдерді талдап көрсетіңіз

Көне Үндінің діни философиясындағы адам мәселесінің қойылуын түсіндіріңіз

Көне Грекиядағы космологияның даму бағыттарын сараптаңыз

Көне Грекиядағы адам мәселесінің философиялық тұрғыдан қойылуын ұғындырыңыз

Аристотель мен Платонның танымтеориясының ерекшеліктерін талдаңыз

Орта ғасырлық философиялық ойдың қалыптасуындағы діннің ролін анықтап беріңіз

Номинализм мен реализм бағыттарын жүйелеп түсіндіріңіз

Ғылыми таным дамуындағы араб-мұсылмандық әлемнің тарихи бастамаларын талдаңыз

Орта ғасырдағы еуропалық философия және тәжірибелік-қолданбалы білімдердің дамуын сипаттаңыз

Орта ғасырдағы жалған ғылымдардың қалыптасуы –магия, оккультизм, алхимия мен астрологияны түсіндіріңіз

Адамға бетбұрыс, оның жеке даралығы мен креативтілік бастауы – Қайта өрлеу дәуріндегі маңызды ерекшелігі екендігін дәйектеңіз

Қайта өрлеу дәуріндегі пантеизм ерекшеліктерін сипаттаңыз

Коперниктің, Галилейдің, Бруно мен Кеплердің жаратылыстанулық-ғылыми жетістіктері көрсетіңіз

Н.Макиавелли шығармашылығындағы саясаттанудың негіздерінің қалыптасуын сараптаңыз

Ф.Бэконның ғылыми таным дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз және елестер туралы ілімін байыптаңыз

Р.Декарт шығармашылығындағы таным мәселесін көрсетіңіз

Дж. Локктың бірінші және екінші сапалары туралы идеясын талдаңыз

И. Канттың жаратылыстанулық идеяларын бағалаңыз

И. Кантың таным теориясындағы агностицизм мен антиномиялар ілімін талдаңыз

Гегельдің диалектикалық пен метафизикалық ойлау тәсілдерін түсіндіріп беріңіз

Гегельдің диалектика категорияларының ағымдылығы, ауыспалылығы туралы көзқарастарын сараптаңыз

К. Маркстің қоғамды танудың әдіснамалық қағидасын түсіндіріңіз

Марксизм мен неомарксизмнің даму эволюциясын сипаттаңыз

Позитивизмнің ғылым философиясы ретіндегі көрінісін және оның дамуының негізгі кезеңдерін көрсетіңіз

Герменевтика мен феноменологиядағы таным мәселесін түсіндіріп беріңіз

Адам тылсымын танудағы экзистенциализмнің маңызын ұғындырыңыз

Психоанализдің әдіс ретіндегі қолданылуын айшықтаңыз

Неотомизмнің басты қағидалары мен ұстанымдарын көрсетіңіз

ХХ ғасырдағы ғаламдық мәселелер философиясы және ондағы ғылым дамуы турпалы көзқарастарды талдаңыз

Көшпелілердің жалпы адамзаттық өркениеттік дамуға қосқан үлесін анықтаңыз

Әл-Фарабидің энциклопедистік әмбебаптылығын сипаттап беріңіз

Шәкәрімнің үш анық ілімі және оның бүгінгі өмір үшін маңызын түсіндіріңіз

Абайдың «нұрлы ақылының» адамның ғылыми танымындағы сенімді бағдары ретіндегі көрінісін дәйектеңіз

Танымның тәжірибелік табиғатына тоқталып өтіңіз

Ғылыми танымның деңгейлері мен әдістерін саралаңыз

Танымдағы ақиқат, адасу мен жалғандық мәселелерін салыстыра отырып ұғындырыңыз

Болмыс және оның түрлері мен Бейболмыс мәселесін сараптаңыз

Материя мен қозғалыс мәселелерін талдаңыз

Қазіргі заманғы әлемді синергетикалық, кванттық-релятивистік тұрғыдан түйсіну әлемді тереңірек түсінудің баспалдағы екендігін дәйектеңіз

Қоғамның ғылыми таным обьектісі ретіндегі көзқарастарды келтіріңіз

Қоғамның рухани өмірін танудағы философияның ролін көрсетіңіз

Адамның био-психо-әлеуметтік мәнін көрсетіңіз

Антропогенез бен антропосоциогенездің ғылыми және діни нұсқаларын дәйектеңіз

Адам өмірінің мәні, мәңгілік өмір идеясын саралаңыз

Анимизм ұғымын түсіндіріп өтіңіз

Адамның жаратылуы туралы діни түсініктерді салыстырыңыз

Адам-жеке адам-тұлға құрылымын түсіндіріңіз

«Мен-Тұжырымдама» идеясы бойынша мысалдар келтіріңіз

Кеңістік пен уақыттың қазіргі заманғы тұжырымдамаларын ашып беріңіз

Ақиқат пен сенім мәселелерін салыстырыңыз

ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының қоғам дамуындағы ролін түсіндіріңіз

Шәкәрімнің «Үш анық» еңбегіне герменевтикалық талдаулар жасаңыз

Абайдың қара сөздерінің ішкі мағынасын ұғындырыңыз

Қазақ дүниетанымындағы: заман, жалған дүние, құт-береке т.б. ұғымдардың мәнін ашып беріңіз

Похожие материалы:

Инвестиции и инвестиционная деятельность

Сущность инвестиций и их экономическое значение. Инвестиционная деятельность. Государственная инвестиционная политика и механизм инвестиционного рынка.

Каталоги звездных положений и собственных движений. Фундаментальные каталоги

Обзор исходных каталогов. Составление описаний звездного неба и получение из наблюдений положений звезд производилось еще на заре развития науки и культуры

Подготовка к внедрению системы электронного документооборота в условиях школы подготовки водителей

Курсовой проект по дисциплине ”Управление качеством в производственно-технологических системах” Цена обучения: указанная на сайте стоимость не содержит скрытых платежей (расходов на бензин, масло и так далее).

Ураження електричним струмом

Дія електроструму на організм людини. Електричні травми. Чинники, що впливають на наслідки ураження електричним струмом. Класифікація приміщень за ступенем небезпеки ураження електричним струмом. Умови ураження людини електричним струмом. Надання першої допомоги при ураженні електричним струмом.

Общее земледелие

Законы земледелия формулировка и практическое значение. Водный режим и его регулирование. Применение гербицидов при возделывании озимой пшеницы. Сочетание агротехнических и химических способов борьбы с сорняками при возделывании сои. Система основной и предпосевной обработки почвы. Меры борьбы с многолетними сорняками. Классификация севооборотов. Система почвозащитной обработки почвы.