Ақиқат - алған білімнің шындыққа сәйкестігі. Егер сәйкес болмаса, білім жалған. Материализмде, идеализмде де осыны мойындайды, бiрақ шындық дегендi әртүрлi түсiнедi. Материализм үшiн, ол - бiзден тәуелсiз өмiр сүретiн объективтiк дүние болса, идеализм оны идеялар дүниесiнiң жай көмескi көлеңкесi, жалған дүние деп есептейдi.
Философия тарихында ақиқаттың бiрнеше теориясы жасалынған.
Корреспонденттiк (тiршiлiк немесе классикалық) ақиқат бiлiм ретiнде шындыққа сәйкес түсiндiрiледi.
Прагматикалық ақиқат. Қандай ой-пiкiр, немесе әрекет болса да, егер ол пайда әкелсе ғана ақиқат (У. Джеймс).
Когеренттiк (лат. cohaerentia тiркесу, байланыс) ақиқат дегенiмiз ойлаудың өзiмен өзiнiң келiсуi, ондағы қайшылықтың жоқтығы (Кант, Гегель). Ең көп тараған, Аристотельден басталатын, бiлiмдi затпен сәйкестiретiн беделдi ақиқат теориясы - корреспонденттiк болып есептеледi. Аристотель: “ажыратылғанды - ажыратылған, байланысқанды - байланысқан деп есептейтiн адам шын сөйлейдi, ал жалған сөйлейтiн адам - заттардың нақтылығы туралы керi ойлайтын адам”- дейді.
Философиядағы ақиқат туралы ұшқыр ойлар: Бэкон:»Ақиқаттың атасы бедел емес, уақыт» Гегель: «Ақиқат - ұлы сөз, одан да жоғары ұлы зат, олай болса сау адамның бұл сөзді естігенде көкірегі көкке көтерілуі тиіс» дейді. Ақиқат ешнәрсеге байланысты емес. Сондықтан ақиқат әртүрлі - объективтік, абсолюттік, салыстырмалы (относительдік), нақты:
Объективтік ақиқат деп біздің білімімiздің субъектiге тәуелсіз өмір сүретін мазмұнын айтамыз. Мысалы, металдың бәрі электр тогын өткізеді деген тұжырымды келтiруге болады. Объективтiк пен субъективтiк бұл екi бөлек ақиқат емес, ғылыми теорияда, бiлiмде бiрiккен, екi қарама-қарсы сипаты бар, бiр ақиқат.
Сенім дегеніміз белгілі бір қоғамдағы уағыздалатын пікірлерге, нәрселерге берілу, олардың шындығын тексеру, я болмаса дәлелдеуді қажет етпеу. Осы тұрғыдан алғанда сенімді екіге бөлуге болады. Олардың бірі - ғылыми сенімдік. Оған қазіргі адамдардың ғылым мен техниканың жетістіктеріне, олардың болашақта адамзат өмірін түбегейлі өзгертетіне сену.
Сенімнің екінші түріне адамзаттың күнделікті тәжірибесінен, я болмаса ғылыми деректерден шықпайтын, тіпті оған қайшы келетін қиялдарға нандыру және соларды адамның өз - өзіне нандыруы жатады. Міне, осы соңғы сенімдік түрі қайсыбір діннің негізін құрайды. Діни сенімнің қайнар көзі адамның дүниені сезімдік-құндылық тұрғыдан игеруінде.
Енді философия тарихында кең орын алып, осы уақытқа дейін талданып келе жатқан "ақиқат пен сенім" мәселесіне көшейік. Өз уақытында Ибн-Рошид белгілі бір нәрсе жөнінде екі қарама-қарсы тұрған ақиқат айту мүмкін емес, ол біреу, олай болса, ақыл-ой таразысынан өтуі қажет, - деген пікір айтқан болатын. Ф.Аквинскиге келер болсақ, ол, керісінше, сенім ақиқаты білім ақиқатынан жоғары, өйткені, ол Құдайдың аяны,- деген пікір ұстады. Бүгінгі таңда бұл мәселе "ғылым және мораль" мәселесіне айналды. Өйткені, адамзаттың әрі қарай өрлеуі моральдық құндылықтарға сәйкес келетін ғылым нәтижелерімен тығыз байланысты екенін баса айтуымыз қажет.