Шәкәрімнің «Үш анық» еңбегіне герменевтикалық талдаулар жасаңыз — Философия | iFREEstore

Шәкәрімнің «Үш анық» еңбегіне герменевтикалық талдаулар жасаңыз

Шәкәрім «Үш анық» атты философиялық еңбегінде: «Бізше адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға негізгісі - адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуға керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныш өмір сүруге мүмкіндік жоқ» деген.

«Үш анықтың» негізінде келіп ар ілімі қалыптасады. Ар ілімі - ол рухани тазару жолы.

«Үш анықта» ар ұғымы ұждан деген ұғыммен түсіндіріледі: «Адамдағы нысап, әділет, мейірім - үшеуін қосып айтқанда, мұсылманша ұждан деген ұғым туады» дейді. Сөйтеді де: «адамшылық арым соны істеуді ұнатады» деген «ұжданың солай қылғанды ұнатады» дегендік болып шығады» дейді. Демек ұждан мен ар тең түсінік. Шәкәрім ұждан, яғни ар туралы пікірін: «ұждан - жан тілегі» деп қорытындылайды. Осы философиялық трактатта Шәкәрім: «Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді... Өлімнен соң бір түрлі тіршілік бар. Екі өмірге де керекті іс - ұждан. Ұждан дегеніміз ынсап, әділет, мейірім» дейді.

Шәкәрім: «таза дене, толық мінез ой істерін керек қылады, соның қатты бір керегі - ұждан. Оны адам осы өмірі үшін ғана керек қылмайды, соңғы өмір үшін де керек қылады. Атым қалсын, мені жақсы көрсін, пәленше сондай таза деген үшін емес. ...Ұжданның жан тілегі екеніне нанған адам өмірде істеген қиянатына қатты өкініп, күйіп, істеген жақсылығына қуанып өлсе керек..Ұждан - өмірге бірдей керек таяныш. Бұған нана алмаған адамның жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір заң-жол тазарта алмайды» дейді.

Шәкәрімнің ар ілімінің мақсаты ішкі тазалыққа жету арқылы хақты тануға жол ашу. Сондықтан Шәкәрімнің ілімі барлық адамзатты бақытқа жеткізуге бағытталған дейміз. Ол қазақ философиясының ойын ерекше белеске көтерген ойшыл.

Шәкәрім: ақылды жан ғана әлемді мүлік ретінде тани алады, ондай жан дүниеге жақын тұратын басқа пенделер секілді әлемнің құбылмалы жарысында жұтылып кетпейді,- деп тұр. Әлемді мүлік ретінде санау үшін де қаншама ақыл-парасат керек.

Арлы адам дегенде халық арасында кімдерді айтады? Бойында ұят, қайрат, жігер, жауапкершілік, кісілік, намыс, талап, ерлік секілді асыл қасиеттері бар адамды айтады.

Шәкәрім қазақ қоғамын қалай құрудың тұжырымдамасын жасап кеткен адам. Оны алдымен адамның жан дүниесі таза, ары биік болумен байланыстырған.

Шәкәрім өз өмірі арқылы даналыққа жеткен тұлға екенін дәлелдеген дегдар жан. Даналық деп арлылыққа, ақыл мен сабырға, ізгілікке негізделген қарекетті айтамыз. Даналықтың арналары - ізгі ой, ізгі мінез-құлық және ізгі іс. Осы үшеуі де Шәкәрім бойынан табылған, оның тұлғасын биіктетіп тұрады.

Шәкәрім философиясы «Өзіңді таны, соның нәтижесінде адамды таны» деуге келеді. Шәкәрім зерттеулері бойынша адам болмысы үш бөліктен тұрады: тән, рух және жан. Тән табиғаттың негізгі элементтері топырақ, су, ауа, от және эфирден тұрады, ол - материалдық болмыс. Рухқа - сезім, ой-өріс, ақыл-ес, түйсік және әркімнің өзіндік «мені» жатады. Жан болса адам өмірін басқарушы, қуат көзі, тіршілік болмысы. Жан таным-білімге және рухани ләззатқа құштар. Жанның толығуы тек рухани жолмен ғана жүзеге асады. Рухани жетілген адамның бүкіл болмысы кемелді келеді. Жан тәнді тек рух арқылы билейді. Адамның материалдық болмысын жан мен рух болмысы жеңіп тұрса, нағыз жетілген адам содан шығады

← Предыдущая
Страница 1
Следующая →

Файл

философия.doc

философия.doc
Размер: 757 Кб

.

Пожаловаться на материал

Философия ғылымының негізгі зерттеу обьектілерін көрсетіңіз. Көне Үнді дүниетанымындағы бастапқы. Қайта өрлеу дәуріндегі пантеизм. И. Канттың жаратылыстанулық идеяларын

У нас самая большая информационная база в рунете, поэтому Вы всегда можете найти походите запросы

Искать ещё по теме...

Эта тема принадлежит разделу:

Философия

Философия ғылымының негізгі зерттеу обьектілерін көрсетіңіз. Көне Үнді дүниетанымындағы бастапқы. Қайта өрлеу дәуріндегі пантеизм. И. Канттың жаратылыстанулық идеяларын

К данному материалу относятся разделы:

Философия ғылымының негізгі зерттеу обьектілерін көрсетіңіз

Философияның басқа ғылыми пәндерден айырмашылығын табыңыз

Философия мен өнердің айырмашылығы мен ұқсастықтарын салыстырыңыз

Философияның гносеологиялық (танымдық) қызметін сипаттаңыз

Көне Қытай философиясындағы дүниетаным ерекшеліктерін анықтаңыз

Көне Үнді дүниетанымындағы бастапқы жаратылыстанулық білімдерді талдап көрсетіңіз

Көне Үндінің діни философиясындағы адам мәселесінің қойылуын түсіндіріңіз

Көне Грекиядағы космологияның даму бағыттарын сараптаңыз

Көне Грекиядағы адам мәселесінің философиялық тұрғыдан қойылуын ұғындырыңыз

Аристотель мен Платонның танымтеориясының ерекшеліктерін талдаңыз

Орта ғасырлық философиялық ойдың қалыптасуындағы діннің ролін анықтап беріңіз

Номинализм мен реализм бағыттарын жүйелеп түсіндіріңіз

Ғылыми таным дамуындағы араб-мұсылмандық әлемнің тарихи бастамаларын талдаңыз

Орта ғасырдағы еуропалық философия және тәжірибелік-қолданбалы білімдердің дамуын сипаттаңыз

Орта ғасырдағы жалған ғылымдардың қалыптасуы –магия, оккультизм, алхимия мен астрологияны түсіндіріңіз

Адамға бетбұрыс, оның жеке даралығы мен креативтілік бастауы – Қайта өрлеу дәуріндегі маңызды ерекшелігі екендігін дәйектеңіз

Қайта өрлеу дәуріндегі пантеизм ерекшеліктерін сипаттаңыз

Коперниктің, Галилейдің, Бруно мен Кеплердің жаратылыстанулық-ғылыми жетістіктері көрсетіңіз

Н.Макиавелли шығармашылығындағы саясаттанудың негіздерінің қалыптасуын сараптаңыз

Ф.Бэконның ғылыми таным дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз және елестер туралы ілімін байыптаңыз

Р.Декарт шығармашылығындағы таным мәселесін көрсетіңіз

Дж. Локктың бірінші және екінші сапалары туралы идеясын талдаңыз

И. Канттың жаратылыстанулық идеяларын бағалаңыз

И. Кантың таным теориясындағы агностицизм мен антиномиялар ілімін талдаңыз

Гегельдің диалектикалық пен метафизикалық ойлау тәсілдерін түсіндіріп беріңіз

Гегельдің диалектика категорияларының ағымдылығы, ауыспалылығы туралы көзқарастарын сараптаңыз

К. Маркстің қоғамды танудың әдіснамалық қағидасын түсіндіріңіз

Марксизм мен неомарксизмнің даму эволюциясын сипаттаңыз

Позитивизмнің ғылым философиясы ретіндегі көрінісін және оның дамуының негізгі кезеңдерін көрсетіңіз

Герменевтика мен феноменологиядағы таным мәселесін түсіндіріп беріңіз

Адам тылсымын танудағы экзистенциализмнің маңызын ұғындырыңыз

Психоанализдің әдіс ретіндегі қолданылуын айшықтаңыз

Неотомизмнің басты қағидалары мен ұстанымдарын көрсетіңіз

ХХ ғасырдағы ғаламдық мәселелер философиясы және ондағы ғылым дамуы турпалы көзқарастарды талдаңыз

Көшпелілердің жалпы адамзаттық өркениеттік дамуға қосқан үлесін анықтаңыз

Әл-Фарабидің энциклопедистік әмбебаптылығын сипаттап беріңіз

Шәкәрімнің үш анық ілімі және оның бүгінгі өмір үшін маңызын түсіндіріңіз

Абайдың «нұрлы ақылының» адамның ғылыми танымындағы сенімді бағдары ретіндегі көрінісін дәйектеңіз

Танымның тәжірибелік табиғатына тоқталып өтіңіз

Ғылыми танымның деңгейлері мен әдістерін саралаңыз

Танымдағы ақиқат, адасу мен жалғандық мәселелерін салыстыра отырып ұғындырыңыз

Болмыс және оның түрлері мен Бейболмыс мәселесін сараптаңыз

Материя мен қозғалыс мәселелерін талдаңыз

Қазіргі заманғы әлемді синергетикалық, кванттық-релятивистік тұрғыдан түйсіну әлемді тереңірек түсінудің баспалдағы екендігін дәйектеңіз

Қоғамның ғылыми таным обьектісі ретіндегі көзқарастарды келтіріңіз

Қоғамның рухани өмірін танудағы философияның ролін көрсетіңіз

Адамның био-психо-әлеуметтік мәнін көрсетіңіз

Антропогенез бен антропосоциогенездің ғылыми және діни нұсқаларын дәйектеңіз

Адам өмірінің мәні, мәңгілік өмір идеясын саралаңыз

Анимизм ұғымын түсіндіріп өтіңіз

Адамның жаратылуы туралы діни түсініктерді салыстырыңыз

Адам-жеке адам-тұлға құрылымын түсіндіріңіз

«Мен-Тұжырымдама» идеясы бойынша мысалдар келтіріңіз

Кеңістік пен уақыттың қазіргі заманғы тұжырымдамаларын ашып беріңіз

Ақиқат пен сенім мәселелерін салыстырыңыз

ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының қоғам дамуындағы ролін түсіндіріңіз

Шәкәрімнің «Үш анық» еңбегіне герменевтикалық талдаулар жасаңыз

Абайдың қара сөздерінің ішкі мағынасын ұғындырыңыз

Қазақ дүниетанымындағы: заман, жалған дүние, құт-береке т.б. ұғымдардың мәнін ашып беріңіз

Похожие материалы:

Расчет земляных работ при устройстве траншеи

Расчет земляных работ при устройстве траншеи. Определяем ширину откоса, размеры траншеи. Трудозатраты и машино смен на земляные работы.

Аттестационный лист

Негосударственное образовательное учреждение среднего профессионального образования«Ульяновский техникум экономики и права Центросоюза РФ» Аттестационный лист Характеристика учебной и профессиональной деятельности обучающегося во время преддипломной  практики

Классификация норм права

Классификация правовых норм. Оперативные нормы устанавливают даты вступления нормативного акта в силу, прекращения его действия

Ортопедическая стоматология. Тесты с ответами

готовые ответы на тесты по ортопедической стоматологии. Диагностика в ортопедической стоматологии. Полное отсутствие зубов. Дефекты коронковой части зубов. Дефекты зубных рядов. Ортопедическое лечение пародонтита. Анатомия зубов и полости рта. Протезирование частичными съемными протезами.

Договор управления многоквартирным домом

Образец. Форма заполнения. Пример договора. В соответствии с решением общего собрания собственников помещений данного многоквартирного дома об утверждении условий настоящего договора управления многоквартирным домом заключили настоящий договор об управлении многоквартирным домом.