Абайдың қара сөздерінің ішкі мағынасын ұғындырыңыз — Философия | iFREEstore

Абайдың қара сөздерінің ішкі мағынасын ұғындырыңыз

Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған.

Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.

Қара сөзде айтылған ой

Ақынның бүкіл шығармаларындағы негізгі бір тұтас тақырыпта өзекті идея болған. Абайдың пікірінше, ішкі рухани казынамыздың молығуы тікелей өзіміздің қолымыздағы іс. Осы реуішті пікір Абайдың "Он тоғызыншы сөзінде" де қайталанады. Абайдың дүние танымы бойынша сананың, ақылдың пайда болуы күнделікті өмір тәжірибесінің нәтижесінен ғана туындайтын табиғи құбылыс.

Абайдың қара сөздерінің кім үшін болса да, тәрбиелік мәні зор. Әйтсе де білімге ұмтылушы жастар үшін айрықша құнды. Өйткені ғылым да, өнер де жастар үшін. Адамның қолын бақытқа жеткізетін ілім - білімді игеру де жастардың ғана қолынан келетін іс. Қартайған адам қанша ұмтылса да, өндірері аз болмақ. Сондықтан білімге ұмтылған жастар ұлы ақынның бұл айтқандарын берік есте сақтауы қажет.

Абайдың «Алтыншы», «Сегізінші», «Он бірінші» сөздері жоғарғы ілім - білімге ұмтылуға бөгет жасайтын надандық, мақтаншақтық мінездерді шенеуге арналады. «Бірлік, тірлік» деген сөз ұғымдарының мәнін аша келіп, «Алтыншы сөзінде» Абай: «Ырыс - алды тірлік» дейді.

Ұлы ақын «Үшінші», «Он бірінші» сөздерінде: Мал үшін ар - намысын сату, бірінің үстінен бірі арыз беріп жала жабу, ауызбіршіліктің болмауы тәрізді мінездердің бәрі де надандықтан, мәдениетсіздіктен, жалқаулықтан, еңбексіздіктен келіп туатынын дәлелдей келе, ақын өзінің оқырмандарын бұл мінездерден қашық болуға тәрбиелейді. Бұл әңгімелердің идеялық мазмұны да, келешек ұрпақ үшін құндылығы да осында.

Өзінің өлеңдеріндегі тәрізді қара сөздерінде де ұрлық, парақорлық, пәлеқорлық, мансапқорлық, тағы басқалар елдің ел болуына зор бөгет екендігін айтады.

Абайдың «Он жетінші сөзі» қайрат, ақыл, жүрек, ғылымға арналады. Алдыңғы үшеуі адам үшін өздерінің атқаратын жұмыстарын айта келіп, әр қайсысы өзін бірінші орынға қойып таласады да, ғылымға төрелікке жүгінеді. Ғылым үшеуінің де жақсылы, жаманды қасиеттерін дәл сипаттап, әділ сынайды. Жеке – жеке үшеуінде де кемшілік бар. «...Осы үшеуің басынды қос, оның ішінде жүрекке билет», - деп үкім шығарады. «Егер үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтаймын», - дейді оларға ғылым. Демек Абай жүректі, яғни адам – адамды сүю, адам үшін қызмет етуді бірінші орынға қояды. Бірақ ғылым бойынша да, Абайша да ең идеал нәрсе – осы үшеуінің бірлігі. «Осы үшеуі ( ақыл, қайрат, жүрек ) бір кісіде менің айтқанымдай табылса, табанының топырағын көзге сүртерлік қасиетті адам сол», - дейді.

Тап осы тәрізді, тағы бір үлкен адамгершілік мәселесін қозғайтын шығармасы – «Отыз алтыншы сөзі». Қара сөз ұят туралы. Өз кезегінде ұяттан, ардан безгендерді сынай келіп, ұят және оның түрлерін сөз етеді. Ұяттың бір түрі – адамның балалық дәуірінде болатын табиғи құбылыста, екіншісі – жасықтық, ынжықтықпен байланысты. «Ұялмас нәрседен ұялған ұялу – ақымақтық, жамандық», - дей келіп, шын мәніндегі ұят қандай болу керек деген сұраққа жауап береді.

«Ұят деген – адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіп, қылған қылмысының аты. Ол уақытта тілге сөз де түспейді, көңілге ой да түспейді. Көзің кісі бетіне қарамақ түгіл, еш нәрсені көрмейді. «Ұят кімде болса, иман сонда» деген қазақтың мақалынан да ұятқа үлкен мән бергенін көреміз. Сондықтан да ұлы ақынымыз Абай да бұл мәселеге аса көңіл бөліп, өскелең ұрпақтың ар – ұяттарын таза сақтауын арман еткен. Бұл қара сөздің бүгінгі таңда да тәрбиелік мәні зор.

Қорытындылай келе, біз ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының дәуірінде айтып кеткен атама сөздерінің әлі күнге дейін өз өмірімізге қажеттілігін ұғындық. Оның адамгершілікке баулыған, тәрбиеге негізделген қара сөздері арқылы рухани азық алдық, адамдық сипатта бой түзеуге тырыстық. Демек бұл ақынның халықпен бірге жасағандығы. Ақын мұрасы – халықтың сарқылмас асыл қазынасы. Әр қазақта тәлім алар ғибратты сөздер көп болғай...

← Предыдущая
Страница 1
Следующая →

Файл

философия.doc

философия.doc
Размер: 757 Кб

.

Пожаловаться на материал

Философия ғылымының негізгі зерттеу обьектілерін көрсетіңіз. Көне Үнді дүниетанымындағы бастапқы. Қайта өрлеу дәуріндегі пантеизм. И. Канттың жаратылыстанулық идеяларын

У нас самая большая информационная база в рунете, поэтому Вы всегда можете найти походите запросы

Искать ещё по теме...

Эта тема принадлежит разделу:

Философия

Философия ғылымының негізгі зерттеу обьектілерін көрсетіңіз. Көне Үнді дүниетанымындағы бастапқы. Қайта өрлеу дәуріндегі пантеизм. И. Канттың жаратылыстанулық идеяларын

К данному материалу относятся разделы:

Философия ғылымының негізгі зерттеу обьектілерін көрсетіңіз

Философияның басқа ғылыми пәндерден айырмашылығын табыңыз

Философия мен өнердің айырмашылығы мен ұқсастықтарын салыстырыңыз

Философияның гносеологиялық (танымдық) қызметін сипаттаңыз

Көне Қытай философиясындағы дүниетаным ерекшеліктерін анықтаңыз

Көне Үнді дүниетанымындағы бастапқы жаратылыстанулық білімдерді талдап көрсетіңіз

Көне Үндінің діни философиясындағы адам мәселесінің қойылуын түсіндіріңіз

Көне Грекиядағы космологияның даму бағыттарын сараптаңыз

Көне Грекиядағы адам мәселесінің философиялық тұрғыдан қойылуын ұғындырыңыз

Аристотель мен Платонның танымтеориясының ерекшеліктерін талдаңыз

Орта ғасырлық философиялық ойдың қалыптасуындағы діннің ролін анықтап беріңіз

Номинализм мен реализм бағыттарын жүйелеп түсіндіріңіз

Ғылыми таным дамуындағы араб-мұсылмандық әлемнің тарихи бастамаларын талдаңыз

Орта ғасырдағы еуропалық философия және тәжірибелік-қолданбалы білімдердің дамуын сипаттаңыз

Орта ғасырдағы жалған ғылымдардың қалыптасуы –магия, оккультизм, алхимия мен астрологияны түсіндіріңіз

Адамға бетбұрыс, оның жеке даралығы мен креативтілік бастауы – Қайта өрлеу дәуріндегі маңызды ерекшелігі екендігін дәйектеңіз

Қайта өрлеу дәуріндегі пантеизм ерекшеліктерін сипаттаңыз

Коперниктің, Галилейдің, Бруно мен Кеплердің жаратылыстанулық-ғылыми жетістіктері көрсетіңіз

Н.Макиавелли шығармашылығындағы саясаттанудың негіздерінің қалыптасуын сараптаңыз

Ф.Бэконның ғылыми таным дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз және елестер туралы ілімін байыптаңыз

Р.Декарт шығармашылығындағы таным мәселесін көрсетіңіз

Дж. Локктың бірінші және екінші сапалары туралы идеясын талдаңыз

И. Канттың жаратылыстанулық идеяларын бағалаңыз

И. Кантың таным теориясындағы агностицизм мен антиномиялар ілімін талдаңыз

Гегельдің диалектикалық пен метафизикалық ойлау тәсілдерін түсіндіріп беріңіз

Гегельдің диалектика категорияларының ағымдылығы, ауыспалылығы туралы көзқарастарын сараптаңыз

К. Маркстің қоғамды танудың әдіснамалық қағидасын түсіндіріңіз

Марксизм мен неомарксизмнің даму эволюциясын сипаттаңыз

Позитивизмнің ғылым философиясы ретіндегі көрінісін және оның дамуының негізгі кезеңдерін көрсетіңіз

Герменевтика мен феноменологиядағы таным мәселесін түсіндіріп беріңіз

Адам тылсымын танудағы экзистенциализмнің маңызын ұғындырыңыз

Психоанализдің әдіс ретіндегі қолданылуын айшықтаңыз

Неотомизмнің басты қағидалары мен ұстанымдарын көрсетіңіз

ХХ ғасырдағы ғаламдық мәселелер философиясы және ондағы ғылым дамуы турпалы көзқарастарды талдаңыз

Көшпелілердің жалпы адамзаттық өркениеттік дамуға қосқан үлесін анықтаңыз

Әл-Фарабидің энциклопедистік әмбебаптылығын сипаттап беріңіз

Шәкәрімнің үш анық ілімі және оның бүгінгі өмір үшін маңызын түсіндіріңіз

Абайдың «нұрлы ақылының» адамның ғылыми танымындағы сенімді бағдары ретіндегі көрінісін дәйектеңіз

Танымның тәжірибелік табиғатына тоқталып өтіңіз

Ғылыми танымның деңгейлері мен әдістерін саралаңыз

Танымдағы ақиқат, адасу мен жалғандық мәселелерін салыстыра отырып ұғындырыңыз

Болмыс және оның түрлері мен Бейболмыс мәселесін сараптаңыз

Материя мен қозғалыс мәселелерін талдаңыз

Қазіргі заманғы әлемді синергетикалық, кванттық-релятивистік тұрғыдан түйсіну әлемді тереңірек түсінудің баспалдағы екендігін дәйектеңіз

Қоғамның ғылыми таным обьектісі ретіндегі көзқарастарды келтіріңіз

Қоғамның рухани өмірін танудағы философияның ролін көрсетіңіз

Адамның био-психо-әлеуметтік мәнін көрсетіңіз

Антропогенез бен антропосоциогенездің ғылыми және діни нұсқаларын дәйектеңіз

Адам өмірінің мәні, мәңгілік өмір идеясын саралаңыз

Анимизм ұғымын түсіндіріп өтіңіз

Адамның жаратылуы туралы діни түсініктерді салыстырыңыз

Адам-жеке адам-тұлға құрылымын түсіндіріңіз

«Мен-Тұжырымдама» идеясы бойынша мысалдар келтіріңіз

Кеңістік пен уақыттың қазіргі заманғы тұжырымдамаларын ашып беріңіз

Ақиқат пен сенім мәселелерін салыстырыңыз

ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының қоғам дамуындағы ролін түсіндіріңіз

Шәкәрімнің «Үш анық» еңбегіне герменевтикалық талдаулар жасаңыз

Абайдың қара сөздерінің ішкі мағынасын ұғындырыңыз

Қазақ дүниетанымындағы: заман, жалған дүние, құт-береке т.б. ұғымдардың мәнін ашып беріңіз

Похожие материалы:

Общая характеристика педагогической профессии. Понятие профессионально значимых качеств

Социальное значение педагога. Функции педагога. Педагогические профессии и специальности. Особенности педагогической деятельности. Теория модульного обучения.

Каменные работы

Виды каменной кладки. Материалы для каменной кладки. Армирование кладки. Правила разрезки каменной кладки. Системы перевязки.

Безвиїзний нагляд та виїзне інспектування банків

Вивчення цієї теми слід розпочати із розгляду методів ефективного банківського нагляду та їх взаємозв’язку.

Системы счисления древнего мира. Реферат

Теоретическая механика. Кинематика

Учебное пособие для студентов технических вузов