Халықаралық қатынастарды реттеудің құқықтық мәселелері

Территория рекламы

37. Халықаралық қатынастарды реттеудің құқықтық мәселелері. Халықаралық құқық субъектілері.Халықаралық құқық — бұл халықаралық құқықтың субъектілері туындататын және халықаралық құқықтың субъектілері (мемлекеттер, өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар, халықаралық ұйымдар арасындағы, сонымен қатар кейбір жағдайларда, жеке және заңды тұлғалар қатысатын) арасындағы қатынастарды реттейтін халықаралық- құқықтық қағидалар мен нормалардың жиынтығы.

Халықаралық құқықтың субъектісі–халықаралық құқықтың нормаларына немесе халықаралық-құқықтық актілердің ұйғарымдарына сәйкес туындайтын халықаралық құқық мен міндетті тасушы. Халықаралық құқықтың субьектісі- субьективті құқық пен міндет берілген халықаралық-құқықтық қатынастардың қатысушылары.

Халықаралық құқықтың субьектілерін 2 топқа бөлуге болады

1) Алғашқы (егеменді) субъектілер, оларға егемендігі бар мемлекеттер мен өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар мен ұлттарды жатқызуға болады.

2) Туынды (егеменді емес) субъектілер халықаралық ұйымдар, мемлекет тәрізді құрылымдар.

Халықаралық құқықтың субьектілерінің ерекше тобы - жеке тұлғалар.

Ерекше құқықтық жүйесі ретінде халықаралық құқық ерекшелігі халықаралық құқық субьектілік ерекшелігін айқындайды және сонында халықаралық субьектілерінің сапалы сипатында анықтайды.

Жалпы алғанда, халықаралық құқық субьектілікті – тұлғаның халықаралық құқықтың субьектісі бола алатындай заңды қабілеттілігі ретінде анықтауға болады.

Халықаралық құқықтың алғашқы субьектілері ( мемлекет, өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар мен ұлттар) оларға тән мемлекеттік және ұлттық егемендікке-суверенность-ipso facto- байланысты халықаралық-құқықтық құқықтар мен міндеттерді тасушылар болып табылады.

Егемендік (мемлекеттік немесе ұлттық) оларды халықаралық құқықтың басқа субьектілерінен тәуелсіз етеді және олардың халықаралық қатынастарға жеке қатысу мүмкіндігін алдын-ала анықтайды. Халықаралық құқықтың алғашқы субьектілерінің құқық субьектілігін белгілейтін нормалар жоқ, бірақ олардың құрылған сәттен бастап құқық субьектілігінің болатынын бекітетін нормалар ғана бар.

Халықаралық құқықтың егеменді емес (туынды) субьектілерінің құқық субьектілігінің заңды қайнар көзі болып олардың - құрылтай құжаттары болып табылады. Бұндай құжаттар халықаралық келісімшарт түріндегі халықаралық құқықтың алғашқы субьектілері қабылдайтын және бекітетін олардың жарғылары болып табылады. Туынды халықаралық құқықтың субьектілерінің құқық субьектілігі шектеулі, сондықтан да олардың құқық субьектілігінің көлемі мен мазмұны халықаралық құқықтың алғашқы субъектілерінің ерік-жігеріне байланысты болады.

Халықаралық құқықтың субьектілерінің ішкі мемлекеттік құқықтың субьектілерінен ажырататын белгілері болады:

1) Халықаралық құқықтық нормалардан туындайтын құқықтар мен міндеттердің болуы;

2) Ұжымдық құрылым болып табылады [мемлекет билік және басқару аппарат; күресуші халық - ел ішінде және халықаралық қатынастарда оны білдіретін - саяси орган. Халықаралық ұйымдар - тұрақты әрекет ететін органдары; Биліктік өкілеттіліктерін жүзеге асыруда халықаралық- құқықтың субьектілері салыстырмалы түрде тәуелсіз және бір-біріне бағытынышты емес. Әрқайсысының өзінің халықаралық мәртебесі бар және халықаралық қатынастарға өз атынан қатысады].

3) Халықаралық нормаларды әзірлеуде және қабылдауда қатысатын қабілеттілігі бар. Келісімшарттың құқық-әрекет қабілеттілік халықаралық құқық субьектіліктің маңызды элементі. Халықаралық құқықтың субьектілері халықаралық-құқықтық нормалардың адресаттары ғана емес, сондай-ақ оларды шығаратын (тудыру, құрастыру) тұлғалар болып табылады. Халықаралық құқықтың субьектілері – сонымен бір уақытта халықаралық құқықтың саласы – халықаралық келісімшарт құқығының субьектілері болып табылады.

Осы аталған үш элементтің болуы (халықаралық құқықтың нормалардан туындайтын құқықтар мен міндеттердің болуы, ұжымдық құрылым түрінде болуы, халықаралық құқықтық нормаларды құруда тікелей қатысуы) қандайда бір құрылымды халықаралық құқықтың субьектісі деп санауға болады.

Мемлекет халықаралық құқықтың негізгі субъектісі болып табылады. Халықаралық құқық субъектілік мемлекетке өзінің өмір сүру кезінен бастап тән.

← Предыдущая
Страница 1
Следующая →

Скачать

Халықаралық құқық  субъектілері.docx

Халықаралық құқық субъектілері.docx
Размер: 16.5 Кб

Бесплатно Скачать

Пожаловаться на материал

Халықаралық қатынастарды реттеудің құқықтық мәселелері. Халықаралық құқық субъектілері.Халықаралық құқық — бұл халықаралық құқықтың субъектілері туындататын және халықаралық құқықтың субъектілері

У нас самая большая информационная база в рунете, поэтому Вы всегда можете найти походите запросы

Искать ещё по теме...

Похожие материалы:

Классификацию плотин ГЭС

Потерна ГЭС. Классификация плотин. Водосливная плотина. Допустимые перегрузки синхронного генератора: причины, характеристики.

Задачи с решением

Трудовые ресурсы организации. Курсовая работа

Курсовая работа по дисциплине «Экономика организации» тема: «Трудовые ресурсы организации» Работу выполнил учащаяся 2 курса специальности «Экономика и организация производства»

Теория государства и права. Учебно-методическое пособие по написанию курсовых работ

Теория государства и права: учебно-методическое пособие по написанию курсовых работ. Методические требования к организации выполнения курсовой работы. Порядок написания курсовой работы по выбранной теме. Список литературы.

Структура имиджа организации. Институциональная реклама. Структура PR-отдела

Три сферы профессиональной деятельности специалистов паблик рилейшнз: государственный PR. коммерческий PR, PR некоммерческих организаций. Структура PR-отдела

Сохранить?

Пропустить...

Введите код

Ok