Институционалдық реформа - ел дамуының қайнар көзі

Территория рекламы

5 институционалдық реформа - ел дамуының қайнар көзі.

Бес институционалдық реформа Жаһандық сын-қатерлер мен тәуекелдердің тереңдігі сондай, ол мемлекеттің тұрақтылығы мен табыстылығы туралы мәселені күн тәртібіне қояды. Бүгінде Қазақстанның алдында мынандай міндеттер тұр.

Біріншіден – жаһандық дағдарыстың мемлекет құрылысына ықпалының теріс сценарийіне жол бермеу. Экономикалық бағдарламалардың тиімді жүзеге асуын және мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсынуды қамтамасыз ететін заманауи, кәсіби және автономды мемлекеттік аппаратты қалыптастыру. Осы тұста айта кетерлігі, бұл бағытта біраз іс тындырылды. «А» және «Б» корпустары түзілді. Ең ақыры мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделі де қалыптасты. Алайда, осы бағытта әлі де бола олқылықтар баршылық. Мұны Елбасы былайша түсіндіреді: «Бүгінде әкімшілік мемлекеттік қызметтің саяси деңгейге тәуелді екендігін байқамау мүмкін емес. Бұл тіпті ешқандай саясатсыз-ақ кәсіби басқаруды қажет ететін жағдайлардың өзінде шешім қабылдауды саясиландырады. Мемлекеттік аппаратта белгілі бір сүйеуші тұлға айналасында командалар қалыптасады. Мұндай патронат сыбайлас жемқорлық үшін жағдайлар туғызады, «бармақ басты, көз қыстыға» шарт түзеді, кадрлық әлеуетті төмендетеді. Бұл ретте мемлекеттік қызмет жалақысының төмендігі кесірінен тартымдылығы аз сектор болып қалуда. Мемлекеттік қызметшілердің мансап сатысымен өсуінің нақты перспективасының жоқтығы жиі кездеседі. Ал қызметте жоғарылауы әлгі сүйеуші тұлғаларға байланысты болады».

Осыған орай, Президент алдағы маңызды міндет – мемлекеттік қызметшілер корпусын кәсіби және автономды ету екенін алға тартты. Бұл ретте Елбасы сайлау секілді саяси оқиғалардың, министрлердің, әкімдердің және басқа басшылардың ауысуы әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің жұмысына ықпал етпеуі керектігін алға тартты. Сосын мемлекеттік қызметте әрбір басшы төменнен бастап, барлық басқарушылық сатыларын басып өтуі тиіс.

Осы реформа аясында айтылған және бір жаңалық – мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын төлеудің жаңа жүйесі енгізу. Елбасы бұл ретте жалақыны шенеуніктің, мемелкеттік қызметкердің еңбек өнімділігіне, басқарушылық үдеріске қосқан үлесіне байланысты төленуі тиістігін алға тартып отыр. Яғни, әрбір жылдың қорытындысына сәйкес, саяси қызметшілерге қызметінің нәтижелеріне және экономикада жеткен табыстарына қарай бонустар, ал әкімшілік қызметшілерге сыйақы төлеу мәселесі қарастырылуы керек.

Бұдан бөлек, Елбасы жұртшылық арасында дарынды адамдарды тауып, мемлекеттік қызметке тарту туралы міндетті де жүктеді. Ал осы істе азаматтардың тілді білмеуі де, өзге елдің азаматтығы да кедергі болмайды. «Мемлекетке қызмет – біздің қоғамымыздың бірлігін нығайту үшін қажетті негіз болуға тиіс. Мемлекеттік қызмет – әділетті қазақстандық қоғамның прототипіне айналғаны абзал. Онда этникалық тегіне қарамастан, өз қабілет-әлеуеттерін толық жүзеге асыруда барлық азаматтарға бірдей мүмкіндіктер ұсынылуы қажет», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Екінші реформа – дамудың қол жеткізілген қарқынын сақтау. Заңның үстемдігін қамтамасыз ету. Осы арқылы меншік құқығына кепілдік беру, соттардың тәуелсiздiгi арқылы экономиканың дамуына ықпал ететiн меншiк иесi құқығын сақталады, кәсiпкерлiк үшiн жағдай жасалып, келiсiм мiндеттерiн қорғауға кепiлдiк беріледі. Бұл ретте Елбасы судьяларды таңдау, оларға қойылатын кәсiби бiлiктiлiк талаптары – сот жүйесiнiң әлсiз тұстары екендiгiн атап өттi. Мемлекет басшысының айтуынша, судьялар жабық корпорацияға айналмауы тиiс керiсiнше, қоғамға ашық болуы керек. Бұл ретте Елбасы ашық болу мәселесін судьялар қатарындағы коррупцияға қарсы дәрімен теңеді. «Судьялар сот жүйесiнде кемiнде 5 жыл iстеген болуы қажет. Олар қатаң iрiктеуден өтуi шарт және аз дегенде 1 жыл тәжiрибеден өтуi қажет. Жаңадан алынған судьялар бiр жыл тәжiрибелiк мерзiмде болуы тиiс және оқудан соң сынақ тапсырып, ең мықты дегендерi қызметке алынуы қажет», - дедi Елбасы.

Үшінші бағыттағы реформа – экономиканы әртараптандыруға негізделген индустрияландыру және экономикалық өсім. Бұған қатысты Президент индустрияландыру мен өңдеуші сектордың әлі күнге экономикалық өсімнің нағыз драйверлеріне айналмай отырғанын алға тартып, мұның байыбына терең баруды Үкіметке ескертті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауда олқылықтар орын алып отырғанын тілге тиек етті. «Аграрлық секторға бюджеттен қомақты қаржы бөлінуде, олар қосымша құны төмен өнімдердің өндірісін субсидиялауға жұмсалып жатыр. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне түсетін салықтық жүктеме жоққа тән. Алайда, жаңа кешенді бағдарлама негізінде ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу секторы дамымай отыр. Осы тұрғыда өңдеу саласында трансұлттық компаниялардың қатысуымен шамамен 10 ірі жобаны жүзеге асыруға кірісуіміз керек», - деді Н. Назарбаев.

Төртінші реформа – бірыңғай болашақ ұлтын қалыптастыру. Шындығында, бүгінгідей аласапыран заманда қоғамда саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтау саясаты мейлінше маңызды. Бұл жолда Қазақстанның қалыптасқан өзіндік үлгісі де баршылық. Бірқатар ұлт өкілдері Қазақстанның ортақ шаңырағы астында бас қосып, бүкіл әлем үшін ынтымақ пен берекенің үлгісіне айналды. Қазақстан бейбітшіліктің ордасы ретінде әлемге кеңінен таныла бастады. Міне, осыны одан сайын берік ете түсу керек. Елбасы да қазақстандық бірыңғайлылықты ары қарай нығайту туралы айтқанда, бұны азаматтық қағидатқа негіздеудің қажеттілігін алға тартты. «Барлық азаматтар құқықтың бірдей көлемін пайдаланатын, бірдей жауапкершілік жүгін арқалайтын және тең мүмкіндіктерді иеленетін болады. Азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, адалдық, ғұламалық және білімпаздық культі, зайырлы ел – толерантты ел, міне, Мәңгілік ел идеясы базасындағы топтастырушы құндылықтар осы. Бұл жағдайда азаматтық – орнықты және табысты мемлекеттің ең сенімді іргетасына айналады», - деді Мемлекет басшысы.

Реформаның бесіншісі – транспарентті және есепті мемлекет. Бұл бағытта Елбасы қазақстандық қоғамның өзгерістерге кезең-кезеңмен бейімделіп жатқандығын айтты. «Шындығында, әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, қуатты мемлекет қалыптастырып, либералды дамыған қоғам құру үшін елдің 40-50 жылды қамтитын тұрақты алға жылжуы қажет. Біз де соған бара жатырмыз. Мен ұсынған шаралар Қазақстандағы қоғамдық қатынастар жүйесін түбегейлі өзгертеді», - деді Мемлекет басшысы. Елбасының пайымынша, көптеген елдердің тәжірибесі көрсеткеніндей, «алдымен – күшті мемлекет пен экономика, сосын – саясат» қағидатының бұзылуы апаттарға соқтырып жатыр.

Тұтастай алғанда Елбасы ұсынған бес институционалдық реформа ел бірлігін бекемдеп, тұрақтылықты нығыздай түспек. Өйткені, әлемнің барлық табысты деген мемлекеттерінің өзі осындай жолдарды еңсеріп өткен. Сондықтан да Мемлекет басшысы мұндай реформаның әрқайсысы еліміз үшін орасан зор тәуекел екенін алға тартады. Соған орай, Елбасы ҚР Президенті жанынан бес бағыттағы реформамен түбегейлі айналысатын Модернизация жөніндегі ұлттық комиссия құруды ұсынды.

← Предыдущая
Страница 1
Следующая →

Скачать

Документ Microsoft Office Word (2).docx

Документ Microsoft Office Word (2).docx
Размер: 18.4 Кб

Бесплатно Скачать

Пожаловаться на материал

Бес институционалдық реформа Жаһандық сын-қатерлер мен тәуекелдердің тереңдігі сондай, ол мемлекеттің тұрақтылығы мен табыстылығы туралы мәселені күн тәртібіне қояды. Бүгінде Қазақстанның алдында мынандай міндеттер тұр.

У нас самая большая информационная база в рунете, поэтому Вы всегда можете найти походите запросы

Искать ещё по теме...

Похожие материалы:

Жанровая типология простых первичных PR-текстов

PR тексты. Требования к жанрам. Оперативно-новостные жанры, Исследовательско-новостные жанры, Бэкграундер, Лист вопросов-ответов, Фактологические жанры. Факт-лист. Биография. Исследовательские жанры, Заявление, Образно-новостные жанры, Байлайнер Поздравление, Письмо Жанровое своеобразие комбинированных, медиатекстов и смежных pr-текстов Комбинированные тексты Пресс-кит Буклет, проспект, брошюра Ньюслеттер Листовка. Медиатексты Имиджевая статья. Имиджевое интервью Кейс-стори. Смежные тексты . Слоган Резюме. Пресс-ревю.

Наркология. Тесты с ответами

Медицинский критерий наркотического вещества. Социальный критерий наркотического вещества. Наркологические заболевания, врач-нарколог. Задачи с ответами. В отделение наркологической клиники поступила пациентка (поступил пациент).

Основные положения строительного производства

Организация труда строительных рабочих. Техническое и тарифное нормирование. Задачи и структура технологического проектирования. Исполнительная документация в строительстве

Лучшие мази для спортсменов

Математический анализ. Множества

Операции над множествами. Способы задания функции Параметрически заданные функции

Сохранить?

Пропустить...

Введите код

Ok