Экономиканы мемлекеттік реттеу

Территория рекламы

1-ТАҚЫРЫП. ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ТҮСІНІГІ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ

  1. Нарықтың жетілмегендігі және экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
    1. Мемлекеттік реттеудің әлеуметтік-экономикалық мақсаттары
    2. Экономиканы мемлекеттік реттеу субьектілері мен обьектілері
    3. Мемлекеттің экономикалық функциялары
    4. Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі туралы ғылыми бағыттар

Тақырыпты зерделеген студент, мыналарды білуі тиіс:

  • экономиканы мемлекеттік реттеу предметі, обьектісі;
  • экономикадағы және нарықтағы «сәтсіздікке ұшырауларды» мемлекеттік реттеудің қажеттілігі;
  • мемлекеттік реттеудің әлеуметтік-экономикалық мақсаттары;
  • мемлекеттің функциялары;
  • экономиканы мемлекеттік реттеу теориялары.

Әдебиеттер: 1-4, 12-19;

1.1

Нарықтың жетілмегендігі және экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі

1.2

Мемлекеттік реттеудің әлеуметтік-экономикалық мақсаттары

1.3

Экономиканы мемлекеттік реттеу субьектілері мен обьектілері

1.4

Мемлекеттің экономикалық функциялары

1.5

Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі туралы ғылыми бағыттар

Түйін

1. Қауқарсыздық (шамасы келмейтіндік) немесе нарықтың «сәтсіздікке ұшырауы» экономика аясындағы мемлекет қызметінің негізгі мотиві болып табылады.

2. Экономиканы мемлекеттік реттеу, олардың ұтымды теңгерімділігі мен макроэкономикалық тұрақтылығын ұстап тұру мақсатымен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық процестерге әкімшілік-экономикалық және ұйымдық-құқықтық араласуының негізгі формасын білдіреді.

3. Экономиканы мемлекеттік реттеудің күрделі және санқырлы процесін, мемлекеттік басқару органдарының экономиканы теңгерілімді және тұрақты дамыту мен оны өзгеруші ішкі және сыртқы жағдайларға бейімдеу мақсатында шаруашылық жүргізуші субьектілер мен әлеуметтік-экономикалық құрылымдардың тәртібіне (мінез-құлқына) тікелей және жанама ықпал етудің мемлекеттік іс-шаралар жүйесі ретінде айқындауға болады.

4. Кез келген елдегі экономиканы мемлекеттік реттеудің басты мақсаты бүкіл қоғамның ең жоғары әл-ауқат деңгейіне жетуге саяды. Негізгі мақсаттардан өзге осы заманғы әлеуметтік құрылыстың басты мақсаттарының жиынтығы – қоғамды еркін дамыту мен құқықтық тәртіп өмір сүреді.

5. Экономикалық әдебиеттерде әдетте мынайда қолданбалы мақсаттар бөліп көрсетіледі:

- экономикалық өсу (оны қамтамасыз ету ҰЖӨ-нің ұлғаюымен байланыстырылады);

- толық жұмыспен қамтушылық (ұзақ мерзімді жоспарда жұмысқа жарамды халықты тұрақты пайдаланудың жоғары деңгейіне жету). Жұмыссыздық дәрежесі 1,5-тен 4%-ға дейінгі деңгейді құрағанда (жұмысы жоқтар санының еңбекке жарамды халық санына қатынасы), толық жұмыспен қамту жағдайына қол жетті деп есептелінеді;

- бағалар деңгейінің тұрақтылығы мен ұлттық валюталардың орнықтылығы (егер инфляция жылына 1-2% құраса («баяу болса»), сондай жағдай да ғана оған қол жеткізілді деп есептелінеді).

- сыртқы экономикалық тепе-теңдік.

6. Экономиканы мемлекеттік реттеудің күрделілігі мынада: біріншіден, обьектіге ықпал етудің нарықтық және мемлекеттік тұтқалары арақатынасының оңтайлы іс-шараларын іздеп табу, осындай кезде реттеу обьектісінің өзі өзгергіш, тұрақты емес және өткінші; екіншіден, осы қозғалыста дамитын организмдегі экономиканың қандай болып саналатынын (оның қозғалысын қолданатын «сырқат және әлсіз буындарын») уақытылы және дұрыс айқындау және терең ойластырылған мемлекеттік іс-шаралар арқылы оған көмектесу.

7. Мемлекет функциялары, біріншіден, нарықтық жүйенің жұмыс істеуін ұстап тұруға және оңайлатуға бағытталған, екіншіден, оның жағымсыз жақтарын бейтараптандыруды қоса алғанда, нарықтық жүйенің жұмыс істеуіне түзетулер жасауға және түрлендіруге бағытталған.

8. Меркантилистер іліміндегі, тауар айырбасын реттеудегі мемлекеттің белсенді рөлі туралы ереже ерекше назар аударуға лайық. Мемлекеттің осы рөлін жүзеге асыру, кеден баж салықтарын, салықтарды және фискалдық саясаттың өзге де формаларын енгізу жолымен ішкі нарықты дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау ретінде түсіндіріледі.

9. Сұраныс, ұсыныс, бәсекелестік, нарықтық және нақты бағалар категорияларының өзарабайланысы мен өзара тәуелділігін талдай отырып, А.Смит жетілген бәсекелестік нарығының осы заманғы экономикалық теориясы деп аталған үлгі (модель) жасады.

10. Кейнсиандықтың келесідей үш негізгі тұсын атап өтуге болады:

- еркін нарық жүйесінің генетикалық кемістігін мойындау;

- экономикалық дамудың тұрақтылығын қамтамасыз ету тетігінің жоқтығы; экономиканы реттеудің негізгі факторы ретінде сұраныстың тауарларға және қызмет көрсетулерге бөлінуі (мемлекет, жұмыспен қамту деңгейін арттыруға, мемлекеттік сатып алуларды ұлғайтуға, несие бағаларын төмен түсіруге ықпал ете отырып, жиынтық сұранысты ынталандыруға ықпал етуге шақырылған);

- инвестициялық белсенділікті үнемі көтермелеп отыру сұранысты дамытудың басты құралы (инструменті) болып есептелінеді.

11. Монетаризм, ақша айналымын, экономикалық процестерді реттеудің басты құралы (инструменті) деп таниды. Монетарлық үлгілерден үш ерекшелікті бөліп көрсетуге болады. Нарықтар жеткілікті шекте бәсекелес және бәсекелестік жүйе макроэкономикалық тұрақтылықтың жоғары дәрежесін қамтамасыз етеді. Экономиканың жұмыс істеуіне мемлекеттің араласуын азайту шаралары жүзеге асырылады. Ақша, экономикадағы бүкіл процестерді жанама реттеудің шешуші факторы ретінде қарастырылады.

12. Нарықтық экономикадағы мемлекеттің мақсаты – нарықтық тетікке түзету жасау емес, оның еркін жұмыс жасауы үшін жағдай жасау болып табылады: қай жерде мүмкін болады, сол жердің бәрінде бәсекелестік қамтамасыз етіліп, қай жерде қажет болады, сол жерлердің бәрінде мемлекеттің реттеушілік ықпалы жүзеге асырылуы тиіс.

Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1.ЭМР-дің қажеттілігін қандай факторлар туғызады?

2. «Экономиканы мемлекеттік реттеу» түсінігінің анықтамасын беріңіз.

3. ЭМР-дің басымдық танытушы субьектісі болып кім саналады?

4. ЭМР-дің негізгі обьектілерін атаңдар.

5. ЭМР қандай мақсаттарды шешеді?

6. Экономиканы реттеудегі мемлекеттің үнемі қауқарсыздығының (шамасы келмейтіндігінің) негізгі себептерін атаңдар.

7. Тікелей экономикалық реттеуіштер жанама реттеуіштерден несімен ерекшеленеді?

8. Экономиканы ырықтандырудың мәні неде?

9.ЭМР – ғылми пән ретінде нарықтық экономика жағдайында қандай мәселелерді шешеді?

10. Кейнсиандықтың, монетаризмнің, институционализмнің басты идеялары қандай ережелерге негізделген болатын?

Тестілік сұрақтар

1. Төменде айтылғандардың қайсысы, нарықтық тетік жететін шектерден тыс болатын қоғамдық тауарларға жатпайды, өйткені тым ірі көлемде инвестициялар салуды талап етеді:

А) ұлттық қорғаныс;

В) іргелі (фундаментальная) ғылым;

С) маркетинтік зерттеулер;

D) коммуникациялық құрылғылар;

Е) білім беру.

2. «Көрінбейтін қолдар» принципінің кім негізін қалаушы болып саналады:

А) К.Маркс;

В) У.Петти;

С) П.Самуэльсон;

D) А.Смит;

Е) И.Мэнкью.

3. Төменде айтылған мақсаттардың қайсысы мемлекеттік реттеудің 4 қолданбалы мақсаттарының тобына кірмейді:

А) экономикалық өсу;

В) толық жұмыспен қамтушылық;

С) бағалар деңгейінің тұрақтылығы және ұлттық валютаның орнықтылығы;

D) сыртқы экономикалық тепе-теңдіктер;

Е) халықтың тауарларға және қызмет көрсетулерге деген қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру.

4. Төменде айтылған себептердің қайсысын батыс экономистері, экономиканы реттеудегі мемлекеттің үнемі қауқарсыз болуының (шамасы келмеуінің) себебі ретінде қарастырмайды:

А) өз қызметінің салдарлары туралы мемлекеттің жеткіліксіз хабардар болушылығы;

В) төрешілдіктің үстінен бақылаудың шектеулілігі;

С) жеке сектордың жауап кері әсерінің үстінен шектеулі бақылау;

D) саяси процестермен жасалатын шектеулер;

Е) шаруашылық жүргізуші субьектілер арасындағы байланыстарды белгілеуге шектеулі бақылау.

5. А.Смит, Д.Рикардо, Ж.Сэй, Д.Милль, А.Маршалл... мектебінің жарқын өкілдері болып саналады:

А) институционалдық;

В) неоклассикалық;

С) физиократтар;

D) монетаристік;

Е) классикалық.

2-ТАҚЫРЫП. ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МЕТОДОЛОГИЯСЫ

2.1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің методологиялық негіздері

2.2 Экономикалық процестерді тікелей және жанама мемлекеттік реттеу әдістері

2.3 Ұйымдық-институционалдық әдістер

2.4 Статистикалық әдістер

2.5 Арнаулы әдістер

2.6 Экономикалық нормативтер

Тақырыпты зерделеген студент:

  • ЭМР-дің методологиялық негіздерін;
  • экономикалық процестерді тікелей және жанама мемлекеттік реттеу әдістерін;
  • ұйымдық-институционалдық әдістерді;
  • статистикалық әдістерді;
  • арнаулы әдістерді;
  • экономикалық нормативтерді білуі тиіс.

Әдебиеттер: 3, 8, 9-13.

2.1

Экономиканы мемлекеттік реттеудің методологиялық негіздері

2.2

Экономикалық процестерді тікелей және жанама мемлекеттік реттеу әдістері

2.3

Ұйымдық-институционалдық әдістер

2.4

Статистикалық әдістер

2.5

Арнаулы әдістер

2.6

Экономикалық нормативтер

Түйін

1. Қайшылықтарды жеңуге, сондай-ақ нарық пен мемлекет арасындағы функциялардың аражігін ажырату мен өзара іс-қимыл тетіктеріне негізделген мемлекет пен нарық арасындағы қатынастарды реттеу методологиялары үшін үлкен маңызы бар. Методология осы тетікті: ұйымдық-әдістемелік құжаттарда: әдістемелік нұсқауларда, ережелерде, ұсынымдарда, көрсеткіштерде және оларды негіздеу тәсілдерінде бекітеді.

2. Нақты тәсілдер мен амалдардың жиынтығын: нарықтың өзін-өзі ұйымдастыруымен үйлестікте ЭМР тетіктерін әзірлеу үшін қажет экономикалық, техникалық-экономикалық және экономикалық-математикалық есептеулерді білдіретін әдістеме, реттеу методологиясының құрамды бөлігі болып саналады.

3. Тікелей ықпал ету әдістері экономика субьектілерін дербес экономикалық таңдауға негізделмеген, мемлекеттің нұсқауларына (салықтар, амортизациялық аударымдар бойынша заңдық нормалар, мемлекеттік инвестициялар бойынша бюджеттік рәсімдер...) негізделген шешімдер қабылдауға мәжбүрлейді. Экономикалық нәтижеге жедел жететіндіктен тікелей әдістердің тиімділігі жоғары болады.

4. Мемлекет жанама ықпал еткен жағдайда, субьектілердің дербес таңдауы кезінде мемлекеттік саясаттың мақсаттарына (жанама салықтар, баж салықтары, ақпараттар беру) сәйкес келетін нұсқаларға тартыла алатындай ғана алғышарттар жасайды.

5. Әкімшілік әдістер – құқықтық инфрақұрылымдарды қамтамасыз етумен байланысты іс-қимылды қамтитын әкімшілік тұтқалардың жиынтығы. Олар тыйым салу, рұқсат ету, мәжбүрлеу шараларына бөлінеді.

6. Экономикалық шаралар – бұл, соның көмегімен, нарықтық процестердің дамуын мемлекетке қажетті сүрлеуге (атап айтқанда, жиынтық сұраныс пен ұсынысқа, капиталды орталықтандыру дәрежесіне, экономиканың әлеуметтік және құрылымдық аспектілеріне) бағыттайтын, белгілі бір жағдай жасайтын мемлекеттік ықпал ету шаралары. Қаржылық және ақша-несие саясаты, бағдарламалау және болжам жасау экономикалық шаралар қатарына жатады.

7. Институционалдық әдістер – ұйымдық ресімделген іс-қимылдар жүйесі. Бұл, салыстырмалы түрде ұзақ уақыт өмір сүретін құбылыстармен байланысты іс-әрекет, мысалы, «құқық институты», «меншік институты»...

8. Баланстық әдіс – халық шаруашылығының пропорцияларын, тұтастай түрдегі мемлекеттік жоспардың жекелеген бөліктерінің байланысуын анықтау кезіндегі маңызды әдістің бірі.

9. Бағдарламалық-мақсатты әдіс, оны өзге әдістермен шешудің мүмкін еместігімен сипатталатын, салалардың және арнаулы тәсілді талап ететін тоғысында пайда болатын нақты проблемаларды шешу кезінде пайдаланылуы мүмкін. Бағдарламалық мақсатты әдісті қолдану үшін проблемаларды таңдауды негіздеу маңызды болып саналады. Кең мағынасындағы бағдарламалық-мақсатты әдіс проблемаларды шешуге кешенді тұрғыдан келуді және оны жүзеге асыруды білдіреді.

10. Экономикалық нормативтер бүкілі үшін ортақ шаруашылық агенттерін немесе олардың топтары үшін дифференциацияланған «ойын ережелерін» - салық мөлшерлемелерін (ставкаларын), кеден баж салықтарын, валюта бағамдарын және т.б. айқындайды. Олар реттеу құралы (инструменті) болып саналады және өңірлік, республикалық мүдделерді ескере отырып шаруашылық бірліктеріне өз қызметінің жоспарын айқындауға мүмкіндік береді.

Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1. Сіз, ЭМР-дің қандай формаларын білесіз?

2. Тікелей экономикалық реттеуіштер жанама реттеуіштерден несімен өзгешеленеді?

3. Болжамдардың негізгі түрлерін атаңдар.

4. Индикативті жоспарлардың нұсқаулық (директивалық) жоспарлардан айырмашылығы неде?

5. Мемлекеттік реттеудің негізгі формалары қандай?

6. Нарықтық экономикада ЭМР-дің әкімшілік әдістері қажет пе және олардың мәні неде?

7. Аралас экономикадағы баланстық әдіс функцияларының өзгеруін сіз, неден көресіз?

8. Нарықтық шаруашылық жүргізу жағдайында ұдайы өндірістің жекелеген аспектілерінің теңгерілімді еместігі неден көрінеді?

Тестілік сұрақтар

1. Төменде айтылған тәсілдердің қайсысы формалды-логикалық әдісті тану тәсілдеріне жатпайды:

А) талдау және синтез;

В) индукция және дедукция;

С) ғылыми болжам (гипотеза);

D) дәлелдеу;

Е) аллегориялық және логикалық бірлік.

2. Экономикаға тікелей мемлекеттік ықпал ету әдістеріне жатпайды:

А) экономиканың даму стратегиялық мақсаттарын айқындау және индикативті және өзге жоспарларда, мақсатты бағдарламаларда олардың көрінуі;

В) өнімдерге және технологияларды сертификаттауға, сапаға қойылатын нормативтік талаптар;

С) тауарлар экспорты мен импорты бойынша операцияларды, яғни сыртқы сауда операцияларын лицензиялау;

D) бағдарламаларды, тапсырыстарды және жобаларды мемлекеттік қолдау;

Е) экспорт пен импортты кедендік реттеу, валюта бағамдары және валюта айырбастау талабы.

3. Экономикалық процестерді жанама мемлекеттік реттеу әдістеріне жатпайды:

А) ресурстар үшін төлемдер, несие үшін пайыз мөлшерлемелері (ставкалары) және несие жеңілдіктері;

В) бағаларды, олардың деңгейлерін және арақатынасын реттеу;

С) салық салу, салық салу деңгейі және салық жеңілдіктері жүйесі;

D) экспорт пен импортты кедендік реттеу, валюта бағамдары және валюта айырбастау талабы;

Е) белгілі бір өнімдердің түрлерін шығару бойынша құқықтық және әкімшілік шектеулер мен тыйым салулар.

4. Экономикалық шаралар – бұл:

А) құқықтық инфрақұрылымдарды қамтамасыз етумен байланысты іс-қимылды қамтитын, әкімшілік тұтқалардың жиынтығы;

В) тыйым салу, рұқсат ету, мәжбүрлеу шаралары;

С) ұйымдық-ресімделген іс-қимылдар жүйесі;

D) нормативтік-заңнамалық актілердің жиынтығы;

Е) соның көмегімен, нарықтық процестердің дамуын мемлекетке қажетті сүрлеуге бағыттайтын белгілі бір жағдай жасайтын, мемлекеттік ықпал ету шаралары.

5. Экстрополяция әдісі басты түрде ... әзірлеу кезінде қолдануға ыңғайлы:

А) дәл экономикалық-математикалық бағдарламаларды;

В) нормативтік-заңнамалық актілерді;

С) ұзақ мерзімді кезеңге арналған болжамдарды;

D) тар шеңберде мамандандырылған бағдарламалар жобаларын;

Е) негізгі бағыттардың, бағдарламалардың бастапқы болжамдарын, жобаларын.

3-ТАҚЫРЫП. ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ҰЙЫМДЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ

ОНЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ

3.1 Мемлекеттік сектор – экономикалық қатынастар жүйесі ретінде. Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі жекешелендіру

3.2 Қазақстанда мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігі

3.3 Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері

3.4 Дүниежүзілік экономиканы жаһандандырудың ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеуге тигізетін әсері

Студент тақырыпты зерделегеннен кейін:

  • экономикалық қатынастар жүйесі ретіндегі мемлекеттік сектордың мәнін;
  • нарықтық экономикасы дамыған елдердегі мемлекеттік реттеудің ерекшеліктерін;
  • жаһандандыру процестерінің ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеуге тигізетін әсерін білуі тиіс.

Әдебиеттер: 2, 6, 6, 9, 12-15, 25

3.1

Мемлекеттік сектор – экономикалық қатынастар жүйесі ретінде. Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі жекешелендіру

3.2

Қазақстанда мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігі

3.3

Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері

АҚШ экономикасын мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері

3.4

Дүниежүзілік экономиканы жаһандандырудың ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеуге тигізетін әсері

Түйін

1. Мемлекеттік секторға алуан түрлі және өзарабайланысты қатынастар кіреді.

2. Шаруашылық субьектілерінің жеке меншіктен мемлекеттік меншікке өтуі мемлекет иелігіне алу (национализация) деп аталады. Мемлекет иелігіне алу (национализация), оның дамуының қиын кезеңдерінде нарықтық экономика жүйесін ауқымды нығайту мен тұрақтандырудың қуатты құралы (инструменті) болып қызмет етеді. Мемлекет иелігіне алудың (национализациялаудың) мақсаттары мен негізі әртүрлі болуы мүмкін. Мемлекет иелігіне алу (национализациялау) тәртібі: мәжбүрлеу және ерікті сияқты екі жақты болуы мүмкін.

3. Жекешелендіру – бұл мемлекеттік меншік обьектілерінің жеке меншікке өтуі. Жекешелендірудің пайдасына, негізінен, дәлелдердің келесі екі тобы ұсынылады:

1) идеологиялық – нарықтық экономика жеке меншікке негізделуі тиіс;

2) экономикалық – мемлекеттік кәсіпорындар нарықтық жағдайлардың өзгеруіне жеткілікті түрде жеңіл жедел әрекет етпейді, төрешілдендірілген, артық қызметкерлер ұстайды, экономикалық жағынан тиімсіз.

4. Жаһанданудың жағымды, сол сияқты жағымсыз (теріс) жақтары бар. Оның басты оң мүмкіндіктерінің бірі – бұл нарықтарға ену мүмкіндіктерінің кеңеюі, жаңа технологиялар беру, осы айтылғандар еңбек өнімділігінің өсуіне және өмірлік деңгейдің артуына әкеледі. Оның жағымсыз тұстары – ұлттық шаруашылықтың орнықсыздығының күшеюі, трансұлттық корпорацияларға үлкен тәуелділік, әлеуметтік аядағы елеулі қажетсіз өзгерістер.

Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1. Мемлекеттік меншіктің құрамына не кіреді?

2. Мемлекет иелігіне алу (национализациялау) ретінде не түсіндіріледі?

3. Мемлекет иелігіне алу (национализация) қандай мақсаттарды көздеуі мүмкін?

4. Жекешелендіруге анықтама беріңіз.

Жекешелендірудің қандай артықшылықтары бар?

Меншікті басқару тиімділігін арттыру үшін қандай шаралар қабылдау қажет?

5. Дирижизм теориясына сипаттама беріңіз.

6. Жаһанданудың неғұрлым сипатты белгілерін ашып көрсетіңдер.

7. Жаһандану саясатын қандай халықаралық қаржылық құрылымдар жүзеге асырады?

8. Жаһанданудың ұлттық шаруашылыққа жағымды және жағымсыз әсері неден көрінеді?

Тестілік сұрақтар

1. Шаруашылық обьектілерінің жеке меншіктен мемлекеттік меншікке өтуі ... деп аталады:

А) интернационалдандыру;

В) әлеуметтендіру;

С) капиталдандыру;

D) диверсификациялау (әртараптандыру);

Е) мемлекет иелігіне алу (национализациялау).

2. Жоспарлауға деген қажеттілік туғызатын факторларға не жатпайды:

А) еркін нарық тетігі;

В) жиынтық тұтынудағы қоғамдық тұтыну (ұжымдық қажеттіліктер) үлесінің ұлғаюы;

С) қоршаған ортаның ластануының жағымсыз зардаптарын жоюдағы ИРС-тың үлкен қажеттілігі;

D) нарық агенттері арасындағы технологиялық байланыстардың күрделенуі;

Е) нақты экономикалық құбылыстардың абстракциялануы.

3. Кейнс теориясына сәйкес, ЭМР көмегімен ... жою қажет:

А) мұнайгаз дағдарысын;

В) машинажасау нарығындағы проблемаларды;

С) мемлекеттік бюджетті тиімді бөлу проблемаларын;

D) саяси қайшылықтарды;

Е) өндірістің, жалпы табыстың, жұмыспен қамтудың, инвестициялардың циклдік ауытқуын.

4. Экономикалық шешімдер қабылдауда ортақ мүддеге кепіл ретінде мемлекетке жетекші рөл беретін, экономикалық саясат, бұл:

А) фетишизм;

В) меркантилизм;

С) протекционизм;

D) либерализм;

Е) дирижизм.

5. Жаһандану процесі ... сақтауға оң ықпал етпейді:

А) фирмалар пайдаларының үлесін;

В) сыртқы сауда операцияларының дамуын;

С) ТҰК-ті;

D) мемлекеттік монополияны;

Е) ұлттық мәдени колоритті.

4-ТАҚЫРЫП. ӨТПЕЛІ ЭКОНОМИКАДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ РӨЛІ

4.1 Экономикалық жүйе және оның негізгі элементтері

4.2 Әміршілдік-әкімшілік экономикалық жүйенің нарықтық жүйеге трансформациялану проблемалары

4.3 Өтпелі экономиканы мемлекеттік басқару

Студент, аталған тақырыпты зерделей отырып:

  • экономикалық жүйенің негізгі элементтерін;
  • әміршілдік-экономикалық жүйеден нарықтық жүйеге өтудің ерекшеліктерін;
  • өтпелі экономиканы мемлекеттік реттеудің ерекшеліктерін;
  • Қазақстан Республикасының экономикасын реформалаудың кезеңдерін білуі тиіс.

Әдебиеттер: 1, 2, 3, 5-12;

4.2

Әміршілдік-әкімшілік экономикалық жүйенің нарықтық жүйеге трансформациялану проблемалары

4.3

Өтпелі экономиканы мемлекеттік реттеу

Түйін

1. Қолданыстағы мүліктік қатынастар және ұйымдық формалар негізінде қоғамда жасалатын бүкіл экономикалық процестердің жиынтығы, осы қоғамның экономикалық жүйесін білдіреді.

2. Ресурстарға деген меншік формаларына негізделетін әлеуметтік-экономикалық қатынас; шаруашылық қызметінің ұйымдық формалары; шаруашылық тетігі, яғни макроэкономикалық деңгейдегі қызметті реттеу тәсілі; шаруашылық жүргізуші субьектілер арасындаңғы экономикалық байланыстар экономикалық жүйенің негізгі элементтері болып саналады.

3. Өтпелі экономикадағы мемлекеттік реттеуді қалыптастыру сыртқы және ішкі факторлармен өзара байланыста қарастырылады.

4. Макродеңгейдегі өтпелі экономиканы мемлекеттік реттеу келесі мақсаттарды іске асыруды болжайды:

- нарықтық қайта жаңаруларды жеделдету;

- инфляцияның баяулығы және ұлттық валютаны және қаржыны тұрақтандыратын ақша реформасы;

- салық кодексін дайындау;

- кәсіпкерлердің қалық топтарын қалыптастыру;

- халықтың нарықтық ойлауы мен нарықтық мінез-құлқын қалыптастыру;

- трансформациялық құлдыраудан шығу, экономиканың жандануы, тұрақтануы және дамуы.

5. Микродеңгейде өтпелі экономиканы мемлекеттік реттеу келесі мақсаттарды іске асыруды болжайды:

- орта және ірі мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіруді жеделдету;

- олардың жекешелендіруден кейінгі қызметінің тиімділігін арттыру;

- кәсіпкерлікті және әсіресе шағын бизнесті мемлекеттік ынталандыру;

- экономиканы реформалаудағы жергілікті әкімшіліктер мен өзін-өзі басқару органдарының белсенділігін арттыру;

- еңбек ұжымдарының әлеуметік қорғалуын күшейту.

6. Өтпелі экономиканы жаһандық деңгейде мемлекеттік реттеу келесі мақсаттарды іске асыруды болжайды:

- экспорттық әлеуетті кеңейту;

- ұлттық тауар өндірушілерді қолдау;

- сыртқы сауда айналымының тұрақты өсуі және сыртқы сауданың актив сальдосы;

- теңгенің өзге елдің валютасына айналу мүмкіндігі; ұлттық экономиканың дүниежүзілік нарыққа толық ауқымда қосылуы.

Білімін өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар

1. Жоспарлық экономиканың артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңдар.

2. Экономиканы басқарудың әміршілдік-әкімшілік үлгісі қай елдерде қолданылады?

3. Өтпелі кезеңнің әлеуметтік-экономикалық және саяси ерекшеліктеріне сипаттама беріңдер.

4. Қазақстанда жекешелендіруді және мемлекеттік мүлікті басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды атаңдар.

5. Қазақстан Республикасында меншік формаларын қайта жаңартудың әрбір кезеңіне сипаттама беріңдер.

Тестілік сұрақтар

1. Осы заманғы қандай экономикалық теория мемлекеттің экономикадағы рөлін елемейді және оған екінші кезекті маңыз береді, мемлекеттің экономикадағы рөлін төмендетудің дәйекті жақтасы болып қатысады:

А) неоклассикалық;

В) неокейнсиандық;

С) институционалдық;

D) болжамдық-прагматикалық;

Е) неолибералдық.

2. Өтпелі экономиканы макродеңгейде мемлекеттік реттеу мақсаттарының ішкі жүйесіне мыналар кірмейді:

А) нарықтық қайта жаңаруларды жеделдету;

В) инфляцияның баяулығы және ұлттық валютаны және қаржыны тұрақтандыратын ақша реформасы;

С) салық кодексін дайындау;

D) трансформациялық құлдыраудан шығу, экономиканың жандануы, тұрақтануы, дамуы;

Е) шағын және орта кәсіпорындарды жекешелендіру.

3. Өтпелі экономиканы макродеңгейде мемлекеттік реттеу мақсаттарының ішкі жүйесіне мыналар кірмейді:

А) орта және ірі мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіруді жеделдету;

В) олардың жекешелендіруден кейінгі қызметінің тиімділігін арттыру;

С) кәсіпкерлікті және әсіресе шағын бизнесті мемлекеттік ынталандыру;

D) экономиканы реформалаудағы жергілікті әкімшіліктер мен өзін-өзі басқару органдарының белсенділігін арттыру;

Е) трансформациялық құлдыраудан шығу, экономиканың жандануы, тұрақтануы және дамуы.

4. Өтпелі экономиканы жаһандық деңгейде мемлекеттік реттеу мақсаттарының ішкі жүйесіне мыналар кірмейді:

А) экспорттық әлеуетті кеңейту;

В) ұлттық тауар өндірушілерді қорғау;

С) сыртқы сауда айналымының тұрақты өсуі және сыртқы сауданың актив сальдосы;

D) теңгенің өзге елдің валютасына айналу мүмкіндігі; ұлттық экономиканың дүниежүзілік нарыққа толық ауқымда қосылуы;

Е) экономиканы реформалаудағы жергілікті әкімшіліктер мен өзін-өзі басқару органдарының белсенділігін арттыру.

5) Қазақстан экономикасын реформалау ... кезеңде өтті:

А) 1 кезеңде;

В) 2 кезеңде;

С) 3 кезеңде;

D) 4 кезеңде;

Е) 5 кезеңде.

5-ТАҚЫРЫП. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ: ОНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ НЕГІЗГІ

ФАКТОРЛАР МЕН МЕМЛЕКЕТТІК

ІС-ШАРАЛАР

5.1 Экономикалық өсу түсінігі мен факторлары

5.2 Экономикалық өсуді қамтамасыз ететін экономикалық саясаттың түрлері

5.3 Экономикалық өсуді мемлекеттік реттеу

Студент, тақырыпты зерделеу арқылы:

  • экономикалық өсу факторларын;
  • экономикалық өсуді қамтамасыз ететін макроэкономикалық саясаттың түрлерін;
  • экономикалық өсуді мемлекеттік реттеудің ерекшеліктерін білуі тиіс.

Әдебиеттер: 4-9, 12-17

5.1

Экономикалық өсу түсінігі мен факторлары

5.2

Макроэкономикалық саясаттың түрлері

5.3

Экономикалық өсуді мемлекеттік реттеу

Түйін

  1. Экономика ауқымдарының ұзақ уақыт тұрақты ұлғаюы, яғни абсолютті түрде, сол сияқты жан басына шаққандағы ҰЖӨ-нің, ІЖӨ-нің немесе ҰТ-тың үдемелі өсу процесі экономикалық өсу болып түсіндіріледі. Ол ІЖӨ-нің және оның құрамды бөліктерінің тікелей сандық ұлғаюынан көрінеді. Тиісінше, экономикалық өсуді өлшеу үшін тұтастай түрдегі немесе халықтың жан басына шаққандағы өнімдерді шығарудың нақты көлемінің өсу қарқындары немесе абсолюттік көрсеткіштері пайдаланылады.
  2. Капиталдың еркін қозғалуы жағдайындағы ашық экономикада инвестициялардың жинақтарға тең болуы тиіс екендігі міндетті емес, өйткені елдер әлемдік нарықтағы ақшаларды әлемдік пайыз мөлшерлемесімен (ставкасымен) алып пайдалануы және осылайша, ағымдағы операциялардың тапшы шотына ие болуы мүмкін. Ішкі инвестицияларды жүзеге асыру жағдайында, инвестициялық жобамен қамтамасыз етілетін, көлемі бойынша әлемдік пайыз мөлшерлемесіне (ставкасына) сәйкес келетін қарыз (борыш) пайыздарын төлеу үшін жеткілікті табыс алына ма деген тұрғыда ғана оның маңызы бар.
  3. Адам капиталын ұлғайту арқылы жұмысшылардың еңбек өнімділігін арттыру, ұсынылатын еңбек қызметін көрсету санын арттыру жолы болып саналады.
  4. Адам капиталының жағымды сыртқы эффектісін 10%-ға ұлғайту өнім шығаруды 4% ұлғайтуға әкеледі. Одан шығатын қорытынды, адам капиталын ұлғайтатын білім беру, кәсіптік даярлық және қызметтің өзге де түрлерін мемлекет субсидиялауы тиіс дегенді білдіреді.
  5. Әлеуметтік-бағдарланған нарықтық экономикада көп дәрежеде ұлттық байлық жасау мен экономикалық өсудің аса маңызды факторы ретінде «адам капиталы», адамның шығарымашылық, новаторлық қызметі рөлінің өсе түсуімен байланысты әлеуметтік қамтамасыз етуге, денсаулық сақтауға, білім беруге мемлекеттік шығыстардың маңызды көлемде ұлғайғандығы байқалады.

Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

  1. Келесі тұжырымды түсіндіріңдер: «Халықаралық сауда ұзақ мерзімді экономикалық өсуге оң ықпал етуі мүмкін, өйткені ол технологиялық жаңалықтар енгізуді көтермелейді».
  2. Экономикалық өсу сапасы нені білдіреді?
  3. Экономика динамикасына болжам жасау үшін өндірістік функциялар аппараты қалай пайдаланылады?
  4. Қоғамдық өндірістің тиімділігі қандай көрсеткіштермен өлшенеді?
  5. Дамыған елдердегі қазіргі жағдайдағы экономикалық өсудің негізгі шектеулері неден тұрады?

Тестілік сұрақтар

1. Экономикалық өсу теорияларында:

А) елдердің – бай, орташа дамыған және кедей әртүрлі топтары қандай қарқынмен дамуы тиіс екендігі көрсетіледі;

В) еңбекпен, капиталмен және табиғи ресурстармен толық қамтуға қалай жетуге болатыны түсіндіріледі;

С) экономиканың тұрақты тепе-тең өсуі траекториясынан ауытқу себептері ашылып көрсетіледі;

D) толық жұмыспен қамту арқылы динамикалық тепе-теңдіктің сыйымдылығын қамтамасыз ететін факторлар зерттеледі;

Е) белгілі бір экономикалық мақсаттарға жету үшін мемлекет жүргізетін іс-шаралар көрсетіледі.

2. Дамыған елдердің экономикалық өсуінің неғұрлым түбегейлі себебі болып саналады:

А) жұмыс күші санының ұлғаюы;

В) өндірістегі технологиялық өзгерістер;

С) пайдаланылатын капитал көлемінің ұлғаюы;

D) мемлекеттің ынталандырушы ақша-несие және фискалдық саясатты пайдалануы;

Е) еңбек заттары мен құралдарының ұлғаюы.

3. Статистикалық органдар мерзімді жариялайтын, ҰЖӨ-нің жыл сайынғы нақты ұлғаюы немесе өзге макроэкономикалық көрсеткіштер – бұл:

А) қысқа мерзіміді өсу;

В) орта мерзімді өсу;

С) ұзақ мерзімді өсу;

D) әлеуетті өсу;

Е) нақты өсу

4. Әлеуетті өсу – бұл:

А) ҰЖӨ-нің жыл сайынғы нақты өсуі;

В) халықтың жан басына шаққанда ҰЖӨ-нің жыл сайынғы нақты ұлғаюы;

С) бүкіл макроэкономикалық көрсеткіштердің жыл сайынғы нақты ұлғаюы;

D) экономиканың бәсекеқабілеттілік дәрежесін сипаттайтын көрсеткіш;

Е) экономика сондай қарқынмен дами алатын жылдамдық.

5. Технологиялық парктер үшін бірегей болып саналатын және қосымша құн деңгейі жоғары өндіріске қызмет көрсетумен байланысты, қызмет көрсетулер ... болып аталады:

А) нақты;

В) номинал;

С) инновациялық;

D) технологиялық;

Е) базалық

6-ТАҚЫРЫП. ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ БОЛЖАМ ЖАСАУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ – ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТАПҚЫ КЕЗЕҢІ РЕТІНДЕ

6.1 Ұлттық экономиканың әлеуметтік-экономикалық динамикасына болжам жасау

6.2 Ұлттық экономиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау

Студент, тақырыпты зерделеу арқылы:

  • ұлттық экономиканың әлеуметтік-экономикалық динамикасына болжам жасау ерекшеліктерін;
  • ұлттық экономиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау ерекшеліктерін білуі тиіс.

Әдебиеттер: 4-8, 21-24

6.1

Ұлттық экономиканың әлеуметтік-экономикалық динамикасына болжам жасау

6.2

Ұлттық экономиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау

Түйін

  1. Экономиканың даму болжамы – сандық және сапалық формаларда көрсетілетін және ұлттық экономика дамуының болашақтағы параметрлері туралы түсінік беретін, дәлелдер келтірілген жорамалдар кешені. Әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды танудың ғылыми әдістері мен экономикалық саясат әдістерінің, құралдарының бүкіл жиынтығын пайдалану осы болжамдарды әзірлеудің негізіне жатады.
  2. Уақытша лагтан қатыссыз ұлттық болжамдар әзірлеу келесі әдістемелік принциптерге негізделеді:
  • ғылыми негізділік принципі;
  • объективтік заңдылықтарға болжамның барабарлығы;
  • мақсатты бағыттаушылық;
  • баламалық;
  • жүйелік.

3. Болжам жасауда келесі жалпығылыми: тарихи және кешенді тәсілдер пайдаланылады. Тарихи тәсіл әрбір процесті оның тарихи формаларымен өзарабайланыста қарауды болжайды.

Кешенді тәсіл – өзге процестермен және құбылыстармен қатыстылықта қарастырылады. Оның шеңберінде генетикалық (зерттеушілік, іздеушілік) және нормативтік (мақсатты) тәсілдер бөліп көрсетіледі. Генетикалық тәсіл жағдайында осы объектінің даму үрдістерінің сақталуын ескере отырып, болашақтағы болжам жасау объектісінің ықтимал жағдайын анықтау түпкі мақсат болып саналады. Нормативтік тәсіл жағдайында объектінің болашақтағы ықтимал жағдайына жету мерзімдері жолдарды айқындау мақсаттары ретінде қабылданады.

4. Жоспарлау - ЭМР-дің пәрменді әдістерінің бірі болып саналады. Ол, бастапқы ақпараттарды өңдеуге негізделген, оған мақсаттарды таңдау және ғылыми даярлық, оларға жетудің құралдары мен жолдары кіретін, басқару шешімдерін дайындау мен қабылдауды білдіреді. Ел экономикасының дамуына ғылыми негізделген басшылықты қамтамасыз ету қажеттілігі жоспарлаудың маңызы болып табылады.

5. Жоспар зерттеліп отырған объектінің белгілі бір мақсаттарының алдыға дәл қойылысын және егжей-тегжейлі оқиғаларын топшылауды білдіреді. Оның басты белгісі – уақыт жағынан және саны жағынан олардың айқындығы, көрсеткіштерінің нақтылығы.

6. Жоспарлауда оның: әлеуметтік-экономикалық, методологиялық және ұйымдық 3 қыры бөліп көрсетіледі.

Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

  1. Стратегиялық жоспарлау дегеніміз не?
  2. Болжам жасаудағы генетикалық әдістің маңызы неде?
  3. Болжам жасаудың, Сіз, қандай әдістерін білесіз?
  4. Жоспарлаудың негізгі әдістеріне сипаттама беріңіз.
  5. Нормативтік база дегеніміз не?
  6. Стратегиялық жоспарлаудың қажеттілігі немен байланысты?

Тестілік сұрақтар

1. Жоғарыда айтылғандардың қайсысы ұлттық болжамдардың мақсаты болып саналмайды:

А) экономиканың даму үрдістерін ғылыми талдау кіретін, ғылыми алғышарттар жасау;

В) қалыптасқан үрдістерді, сол сияқты белгіленген мақсаттарды ескертіп, қоғамдық ұдайы өндірістің алдағы дамуының нұсқаларын топшылау;

С) қабылданатын шешімдердің ықтимал зардаптарын бағалау;

D) басқару шешімдерін қабылдау үшін елдің әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық даму бағыттарын негіздеу;

Е) өнеркәсіп кәсіпорындарының әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуының бағыттарын негіздеу.

2. Жоғарыда айтылғандардың қайсысы зерттеліп отырған объектілердің сипатына қатысты жіктелетін болжамдардың түрлеріне жатпайды:

А) экономикалық болжамдар;

В) оларды шаруашылық айналымына қатыстыруды сипаттайтын және қоғамдық ұдайы өндіріс ресурстарының бүкіл түрлерін және табиғи ортаны қамтитын, табиғи ресурстардың болжамдары;

С) ҒТП жетістіктерін қарастыратын, өндірісті орналастыруға, табиғи факторларға әсерін тигізетін ғылыми-техникалық болжамдар;

D) халықтың қоныстану қозғалысын және еңбек ресурстарын қалпына келтіруді, жұмыспен қамту деңгейін, оның біліктілік және кәсіби құрамын қамтитын, демографиялық болжамдар;

Е) жекелей алғандағы экономикалық субъектілердің экономикалық тәртібі деңгейіндегі болжамдар.

3. Халықтың тамақ өнімдері мен азық-түлік емес тауарларды тұтынуы, бөлшек тауарайналымы, өндірістік емес аялар: жалпы және кәсіптік білім беру, мәдениет пен өнер, денсаулық сақтау, коммуналдық шаруашылық және тұрмыстық қызмет болжамдары – бұл ... болжамдар:

А) микроэкономикалық;

В) еңбек өнімділігі;

С) экономикалық өсу қарқындары;

D) еңбек ресурстарын тиімді орналастыру;

Е) әлеуметтік даму.

4. Өндіргіш күштердің және өндірістік қатынастардың жекелеген элементтерінің даму перспективаларын зерттейтін болжамдар:

А) өзіндік;

В) қоғамдық;

С) саяси;

D) әлеуметтік;

Е) экономикалық

5. Экономиканың жұмыс істеуіне ықпал етудің негізгі әдісі, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүзеге асырудың құралы қалай аталады. Ол, мемлекеттің экономикалық саясатына сәйкес келетін жағдайды сипаттайтын, параметрлер (индикаторлар) жүйесін қалыптастыру процесін білдіреді.

А) интенсивті жоспарлау;

В) экстенсивті жоспарлау;

С) болжамдық жоспарлау;

D) перспективалық жоспарлау;

Е) индикативті жоспарлау.

7-ТАҚЫРЫП. ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСТІҢ БАҒЫТЫ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІҢ ОНЫ ЖЕДЕЛДЕТУДЕГІ РӨЛІ

7.1 Ғылыми-техникалық прогресс – аса маңызды экономикалық ресурс ретінде.

7.2 Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі ҒТП-ны мемлекеттік қолдаудың ерекшеліктері.

7.3 Негізгі капиталды жедел аммортизациялау тетігінің маңызы – ЭМР құралы (инструменті) ретінде.

7.4 2003-2015 жылдардағы ҚР дамуының индустриалды-инновациялық стратегиясы.

Студент, тақырыпты зерделеу арқылы:

  • ғылыми-техникалық прогрестің мәнін;
  • нарықтық экономикасы дамыған елдерде ҒТП-ның дамуын мемлекеттік қолдау бағыттарын;
  • негізгі капиталды жедел амортизациялау тетігін;
  • 2003-2015 жылдардағы Қазақстан Республикасы дамуының индустриалды-инновациялық дамуын білуі тиіс.

Әдебиеттер: 4-8, 21-23.

7.1

Ғылыми-техникалық прогресс – аса маңызды экономикалық ресурс ретінде

7.2

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде ҒТП-ны мемлекеттік қолдаудың ерекшеліктері

7.3

Негізгі капиталды жедел амортизациялау тетігінің маңызы – ЭМР құралы (инструменті) ретінде

7.4

2003-2015 жылдардағы Қазақстан Республикасының даму индустриалды-инновациялық стратегиясы

Түйін

  1. Ағылшын экономисі Нобель сыйлығының лауреаты Джон Хикс техникалық прогресті бейтарап, еңбекті көп жұмсамайтын және капиталды көп жұмсамайтын деп бөлуді ұсынды.
  2. Бейтарап техникалық прогресс еңбек өнімділігі мен капиталды бір мезгілді арттыруды қамтамасыз етеді.
  3. Еңбекті көп жұмсамайтын техникалық прогресс – еңбек пен капиталды, ең алдымен еңбекті үнемдеуді қамтамасыз етеді.
  4. Капиталды көп жұмсамайтын техникалық прогресс – капитал мен еңбекті пайдаланудың, ең алдымен капиталды пайдаланудың тиімділігін арттырады.
  5. Батыс Мемлекеттері іргелі зерттеулер шығындарының басым бөлігін қаржыландырады. Жеке капитал, жеке-құқықтық негізде ұйымдастырылатын және аралас қаржыландыру көздеріне ие әртүрлі зерттеу қорлары мен қоғамдар арқылы осындай зерттеулерге ішінара ғана демеушілік жасайды.
  6. Қазіргі жағдайда негізгі капиталды жедел амортизациялық есептен шығару экономикадағы құрылымдық өзгерістерді, жинақтарды (қорлануды) ынталандырудың басты құралы және шаруашылық цикліне, жұмыспен қамту мен НИОКР-ге ықпал етудің маңызды инструменті болып саналады. Оның мәні – өндірілетін өнімдер мен көрсететін қызметтерге негізгі капиталдың заттық көздерінің құнын өндіріс шығындарына калькуляцияланатын машиналардың, жабдықтардың, ғимараттар мен қондырғылардың тозу физикалық процесіне ауыстыру.
  7. 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму Стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде республикада, машина жасау, құрылыс материалдары өндірісі, химия және мұнайхимия өнеркәсібі, ақпараттық технологиялар, металлургия, аэроғарыш аясындағы жаңа жоғары технологиялы өндірістерді дамыту жұмыстары басталды.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

  1. Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі ҒТП-ны мемлекеттік қолдаудың ерекшеліктерін бөліп көрсетіңдер.
  2. ЭМР құралы (инструменті) ретінде негізгі капиталды жедел амортизациялаудың маңызы қандай?
  3. 2003-2015 жылдарға арналған ҚР дамуының индустриалды-инновациялық стратегиясының негізгі бағыттарына сипаттама беріңдер.
  4. Венчурлық қорлар нені білдіреді?
  5. Қазақстан Республикасының технологиялық парктерінің жұмыс істеуінің тиімділігіне баға беруді қандай өлшемдер арқылы жүргізуге болады?

Тестілік сұрақтар

1. Бейтарап, еңбекті көп жұмсамайтын және капиталды көп жұмсамайтын техникалық прогресс жіктеуін қай автор ұсынды:

А) П.Самуэльсон;

В) И.Мэнкью;

С) А.Смит;

D) У. Пети;

Е) Дж. Хиксу.

2. Жоғарыда айтылғандардың қайсысы амортизациялық есептен шығару түріне жатпайды?

А) желілік немесе пропорцинал;

В) қосымша;

С) ерекше;

D) алдын-ала;

Е) өзгермелі.

3. Инновациялық жүйелерді құру мен дамытудың финдік тәжірибесіне келесі элемент кірмейді:

А) ғылыми әлеует;

В) инновациялық инфрақұрылым;

С) қаржылық инфрақұрылым;

D) әлемдік стандарттар деңгейінде жоғары сұранысқа ие бәсекеге қабілетті өнімдерді тезарада сериямен өндіруге қабілетті инновациялық кәсіпорындар;

Е) өндірістік қызметті ұйымдастырудың дәстүрлі формалары.

4. Технологиялық парктер жұмысының:

  • ондаған шағын фирмалар орналастыруға арналған ғимараттардың болуы (бұл ұжымдық қызмет көрсету жүйесінің бүкіл артықшылықтарын пайдаланатын жаңа шағын орта инновациялық кәсіпорындардың үлкен санын қалыптастыруға ықпал етеді);
  • фирмалардан таңдап алынатын, инновациялық кәсіпорындардың қалыптасқан құрамы үшін қажет қызмет көрсету секторын құратын, күрделі және қарапайым сервистен тұратын, қызмет көрсету жүйесі, мына үлгіге тән:

А) жапон үлгісіне;

В) корей үлгісіне;

С) қытай үлгісіне;

D) азиа үлгісіне;

Е) еуропа үлгісіне.

5. Шектеулі уақыт ішінде (2-ден 5 жылға дейін) жаңадан құрылған шағын кәсіпорындар ғимаратты жалға алатын және осы уақытта экономикалық жағынан өзін көрсете білген фирма технопарктен тысқары шығып кететін ғимарат немесе бірнеше ғимараттар қалай аталады?

А) конгломераттар;

В) концерндер;

С) корпорациялар;

D) бизнес-орталықтар;

Е) бизнес-инкубаторлар.

8-ТАҚЫРЫП. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

8.1 Жұмыссыздықтың экономикалық мәні

8.2 Жұмыспен қамтуды және еңбек нарығын мемлекеттік реттеу әдістері

8.3 Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары

8.4 Әлеуметтік аяны мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері

Студент, тақырыпты зерделегеннен кейін:

  • жұмыссыздықтың мәнін;
  • еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің әдістерін;
  • мемлекеттің әлеуметтік саясатының бағыттарын;
  • халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ерекшеліктерін білуі тиіс.

Әдебиеттер: 6-12, 23-25

8.1

Жұмыссыздықтың экономикалық мәні

8.2

Жұмыспен қамтуды және еңбек нарығын мемлекеттік реттеу әдістері

8.3

Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары

8.4

Әлеуметтік аяларды мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері

Түйін

  1. Қазіргі жағдайда жұмыссыздықты түсіндіру үшін жиі түрде жұмыссыздықтың кейнсиандық үлгісі пайдаланылады. Неоклассикалық үлгіде жұмыссыздық, еңбек бағасы ретінде нақты жалақы қатысатын, жұмыс күшіне сұраныс функциясы мен оның ұсыныс функциясы арқылы айқындалады.
  2. Жұмыссыздықтың кейнсиандық үлгісі макроэкономикалық тұрақсыздық формасы ретінде көрінеді және тауарлар мен қызмет көрсетулерге жиынтық сұраныстың жетіспеушілігінен тікелей туындайды, соның салдарынан фирмалар жұмыс күшіне деген сұранысты қысқартады.
  3. Жұмыспен қамту мен еңбек нарығын мемлекеттік реттеу тетігі нарықтық экономикалық елдер үшін ортақ болып саналады және оған әдістердің үш тобы: экономикалық әдістер, ұйымдық әдістер, әкімшілік-заңнамалық әдістер кіреді.
  4. Мемлекеттік саясат іс-шаралары сондай-ақ келесі түрде саралануы (дифференциалануы) мүмкін:
  • негізінен, бос жұмыс орындарын толтыруға және жұмыспен қамту органдарының шектеулі қаржылық мүмкіндіктері шегінде жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар төлеуге жәрдемдесуге саятын, енжар (пассивті) жұмыспен қамту саясаты;
  • жаппай жұмыссыздықты жоюға бағытталған, инвестициялық, қаржылық, несие, салық саясатының көмегімен жүзеге асырылатын, белсенді жұмыспен қамту саясаты.
  1. Бағдарламалық – мақсатты әдіс, нормативтік әдіс, баланстық әдіс, жұмыспен қамту мен еңбек нарығын перспективалық болжамдық негіздеудің нақты әдістері болып саналады.
  2. Дамыған елдердегі еңбек нарығын мемлекеттік реттеу тәжірибесі көрсетіп отырғандай, реттеудің ортақ, тұрақты қолданылатын тетіктері жоқ. Олар қандай да бір елдердің әлеуметтік-экономикалық және саяси даму деңгейіне, мәдени дәстүрлеріне, еңбек нарығын қалыптастырудың ерекшеліктеріне, мемлекеттің рөліне және т.б. қатысты бір-бірінен ажыратылады.
  3. Әлеуметтік аяда, оның ауқымы әлеуметтік саясаттың ауқымын айқындайтын мемлекеттік сектор үстемдік етеді. Кеңейтілген әлеуметтік саясат әлеуметтік бағдарламалардың жалпыға бірдей қолжетімділігін, әлеуметтік төлемдердің әмбебаптығын, мемлекеттің қайта бөлу қызметінің тегіс қамтитын сипатын білдіреді. Шектеуші әлеуметтік саясат, әлеуметтік аяның дәстүрлі институттарын толықтыру функцияларын барынша азайтуға саятынын білдіреді.
  4. Қазақстан Рпесубликасының заңдары, Республика Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Үкіметінің Қаулылары, ведомствовалық нұсқаулықтар, ережелер мен ұсынымдар, әлеуметтік процестерді мемлекеттік реттеудің аса маңызды тұтқалары болып саналады.

Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

  1. Еңбек нарығы түсінігі, оның негізгі ерекшелігі.
  2. Еңбек нарығының негізгі элементтерін атаңдар, оларға сипаттама беріңдер.
  3. Мемлекет – еңбек нарығының субъектісі ретінде және еңбек нарығындағы қатынастарды реттейтін орган ретінде.
  4. Жұмыссызздықтың табиғи нормасы және жұмыссыздықтың нақты деңгейі, олардың арақатынастары.
  5. Еңбек нарығының жағдайын талдау, оны құрайтындар, жұмыссыздықтың абсолютті және относителді көрсеткіштері.
  6. Жұмыс күші сұранысы мен ұсынысының балансы, еңбекақы деңгейі.
  7. Еңбек нарығын реттеудің тікелей және жанама әдістері.

Тестілік сұрақтар

1. Циклдік жұмыссыздық байланысы мен ҰЖӨ-нің нақты деңгейін көрсететін заң, ... заң деп аталады:

А) еңбек өнімділігін азайтатын;

В) Энгеля;

С) Паретто;

D) Хикс;

Е) Оукен.

2. Жұмыс күшіне сұраныстың артуы және жұмыссыздықтың төмендеуі жағдайында, экономикадағы баға деңгейінің көтерілетінін көрсететін қисық ... деп аталады:

А) сұраныс;

В) ұсыныс;

С) өндірістік мүмкіндіктер;

D) Энгеля;

Е) Филипс.

3. Әлемдік ғылымда қалыптасқан екі үлгі (объективті және психологиялық) ... үлгісі болып саналады:

А) әлеуметтік сақтандыру;

В) әлеуметтік қорғау;

С) тиімді жұмыспен қамту;

D) өмір деңгейі;

Е) өмір сапасы.

4. Аталған компоненттердің қайсысы дамыған елдерде қолданылатын әлеуметтік қорғаудың аралас жүйесіне жатпайды:

А) мемлекеттік жәрдемақы – әлеуметтік қорғауға жататын, қолайсыз мән-жағдайлар болған жағдайда барлық азаматтарға төленетін әлеуметтік трансферттер;

В) әлеуметтік тәуекелдер болған жағдайда жарналар (аударымдар) мөлшері шегінде әлеуметтік көмек алу құқығын иеленетін жұмыскерлердің және жұмыс берушілердің жарналары есебінен қаржыландырылатын міндетті әлеуметтік сақтандыру;

С) жинақтаушы зейнеақымен қамтамасыз ету – азаматтарды дербес зейнетақымен қамтамасыз етуге арналған жүйе;

D) ерікті әлеуметтік сақтандыру;

Е) ерікті медициналық сақтандыру.

5. Отандық әлеуметтік саясаттың басымдықтарына мыналар жатпайды:

А) жұмыспен қамту шебін кеңейтуге, перспективалық жұмыс орындарын сақтауға, сондай-ақ тұтыну және инвестициялық сұраныстың белсенділігін арттыруға, өндірісті жандандыруға жәрдемдесу;

В) тиімді еңбек нарығын қалыптастыру, өзін-өзі ақтамаған төмен еңбек бағасын жою, ұлттық экономиканың өсуіне қарай оның деңгейін көтеру;

С) өмір деңгейін көтеру, халықтың мүліктік жікке бөлінуін қысқарту, әлеуметтік кепілдіктер (еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы, стипендиялар, медициналық қызмет көрсету) жүйесі мен деңгейлерін қалыптастыру;

D) әлеуметтік аядағы салаларды қалпына келтіру, дамыту және жұмыс істеу тиімділігін арттыру;

Е) экономикалық жағынан құлдыраған өңірлерді дамыту.

9-ТАҚЫРЫП. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

9.1 Инвестициялық қызметтің мәні

9.2 Қолайлы инвестициялық ортаны қалыптастырудың ерекшеліктері

9.3 Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу

Студент, тақырыпты зерделеу арқылы:

  • инвестициялардың мәнін;
  • инвестициялық саясаттың ерекшеліктерін;
  • қолайлы инвестициялық орта қалыптастыруды;
  • Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеудің ерекшеліктерін білуі тиіс.

Әдебиеттер: 9-13,20-25

9.1

Инвестициялық қызметтің мәні

9.2

Қолайлы инвестициялық орта қалыптастырудың ерекшеліктері

9.3

Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу

Түйін

  1. Ұлттық немесе мемлекеттің инвестициялық саясаты – бұл шектеулі инвестициялық ресурстарды өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну себебі бойынша мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өндірістік қатынастардың жиынтығы. Мемлекеттің инвестициялық саясатын қалыптастыру инвестициялық стратегия мен тактиканы әзірлеуді болжайды. Олар ұлттық инвестициялық саясаттың негізгі өзарабайланысты және өзаратолықтыратын элементтері болып саналады.
  2. Шектеулі инвестициялық ресурстарды жұмсау жолымен белгіленген қызмет бағыттарын дәйекті жүзеге асыру, белгілі бір мерзімге алдыға қойылған мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін ірі ауқымды шешімдер жүйесін мемлекеттің инвестициялық стратегиясы деп түсіну қажет.
  3. Әлемдік тәжірибеде, елдің экономикасына инвестициялар тартудың және пайдаланудың динамикасы, құрылымы және тиімділігі бойынша принципті түрде өзгешеленетін инвестициялық саясаттың: экстенсивті және интенсивті екі түрі ажыратылады. Инвестициялық саясаттың экстенсивті түрі жағдайында капитал жинақтау және өрістету негізінен өндірістік активтердің техникалық деңгейінің түбегейлі өзгеруінсіз болады. Интенсивті инвестициялық саясат инновациялық процестердің басым болуы, ең жаңа технологиялар мен техниканы пайдалану жағдайында капитал тарту мен пайдалануды білдіреді. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің инвестициялық саясаты тұтастай алғанда интенсивті түрде дамуы тиіс.
  4. Инвестициялық белсенділікті арттыруға өндіргіш күштерді реконструкциялау мен жаңғырту үшін жеке отандық және шетел инвестицияларын тартуға оң ықпал ететін қолайлы орта қалыптастыру инвестициялық саясаттың негізгі бағытына айналуы тиіс.
  5. Инвесторларды ынталандыру тетігіне салық, бюджет және қаржылық-несиелік реттеу құралдарының бүкіл жиынтығы енуі, экономиканы инвестициялау үшін қажет қаржы құралдарын ұлғайтуға ықпал етуі, коммерциялық-делдалдық қызметке жұмсалатын шығыстарға қарағанда, өндіріске қаржы салуға артықшылықтар беру үшін жағдайлар жасауы, барлық деңгейлердегі және әртүрлі меншік нысандарындағы экономикалық агенттердің мүдделерін ескеруі тиіс.
  6. Қазақстандағы инвестициялық процестердің дамуын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады: бірінші кезең – 1991-1996 жылдар, екінші кезең – 1997-2001 жылдар, үшінші кезең- 2002 жылдан бүгінгі уақытқа дейін.

Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

  1. Өтпелі кезеңдегі мемлекеттің инвестициялық саясаттының ерекшеліктері қандай?
  2. Инвестициялардың басты көздері қандай?
  3. Инвестициялық сұраныс факторларын атаңдар.
  4. Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеудің формалары мен әдістерін атаңдар.
  5. Шетел инвестицияларын мемлекеттік реттеудің әдістері қандай?

Тестілік сұрақтар

1. Айтылғандардың қайсысы инвестициялық тәртіптерге (режимдерге) жатпайды:

А) неғұрлым қолайлы жағдай туғызу тәртібі;

В) ұлттық тәртіп;

С) транспоренттілік тәртібі;

Е) қатаң тәртіп.

2. Барлық шетелдік инвесторларға бірдей бәсекелестік артықшылықтар жасау қай тәртіптің мәні болып табылады:

А) ұлттық тәртіп;

В) әділетті тәртіп;

С) теңқұқылы тәртіп;

D) транспоренттілік тәртібі;

Е) көбірек қолайлы жағдай жасау тәртібі.

3. Инвестициялық саясаттың әлеуметтік бағытталушылығы, мемлекеттің ... инвестициялауға баса назар аударуы тиіс екендігінен көрінеді:

А) заттай капиталға;

В) еңбек капиталына;

С) қаржы капиталына;

D) негізгі капиталға;

Е) адам капиталына

4. Қазақстандағы инвестициялық процестердің дамуын шартты түрде неше кезеңге бөлуге болады:

А) 4;

В) 2;

С) 5;

D) 1;

Е) 3.

5. ҚР-дағы тікелей шетел инвестицияларының неғұрлым көбірек үлесі ... келеді:

А) өңдеуші өнеркәсіпке;

В) қозғалмайтын мүлікпен жасалатын операцияларға, жалгерлікке және кәсіпорындарға қызмет көрсетулерге;

С) металлургия өнеркәсібіне;

D) жеңіл және тамақ өнеркәсібіне;

Е) тау-кен өндірісіне.

10-ТАҚЫРЫП. ЖЕР РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

  1. Рационалды табиғат пайдаланудың мәні және оны мемлекеттік реттеудің қажеттілігі.
    1. Қазақстан Республикасының аграрлық саясатының ерекшеліктері: бағыты, тетіктері, әдістері.
    2. Ауыл шаруашылық өндірушілерін қолдау жөніндегі мемлекеттік саясат.

Студент, тақырыпты зерделеп шығып:

  • табиғат ресурстарын рационалды пайдалану жөніндегі мемлекеттік реттеудің мәнін;
  • Қазақстан Республикасының аргарлық саясатының бағытын, тетіктерін, әдістерін;
  • Ауылшаруашылық өндірушілерін қолдау жөніндегі мемлекеттік саясаттың ерекшеліктерін білуі тиіс.

Әдебиеттер: 4-9, 21-23.

10.1

Рационалды табиғат пайдаланудың мәні және оны мемлекеттік реттеудің қажеттілігі

10.2

Қазақстан Республикасының аграрлық саясатының ерекшеліктері: бағыты, тетіктері, әдістері

10.3

Ауылшаруашылық өндірушілерін қолдау жөніндегі мемлекет саясаты

Түйін

1. Рационалды табиғат пайдаланудың негізгі мақсаттарына мыналар жатады:

- қалпына келтірілетін ресурстарды ұдайы өндіру;

- қалпына келтірілмейтін ресурстарды үнемді алу және жұмсау;

- қолайлы өмір сүру ортасын, жануарлар және өсімдіктер әлемін, ландшафтарды сақтау;

- қауіпті қалдықтарды сенімді көму немесе оларды өңдеу.

2. Қоршаған ортаны және табиғат ресурстарын пайдалануды мемлекеттік реттеу әкімшілік және экономикалық әдістердің үйлесуіне негізделеді.

3. Қазіргі батыс экономикасында мемлекет аграрлық секторды белсенді түрде қолдап отырады. Мемлекет аса маңызды ауылшаруашылық өнімдеріне ең төменгі бағаларды белгілеп, жыл сайын қарайды. Сол арқылы тауар өндірушілер бағалардың күрт түсуінен қорғалады. Сол уақытта ішкі нарық, қосымша сырттан әкелінетін тауарларға баж салығын салу жүйесінің көмегімен бағалардың шамадан тыс ауытқуы мен арзан қол импорттан сақтандырады.

4. Қазақстанда мемлекеттің реттеушілік функциялары келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

- заңнамалық база жасау, реттеуді құқықтық қамтамасыз ету;

- бүкіл аграрлық нарықтарда бәсекелестік орта қалыптастыру;

- агроөнеркәсіп кешенінің орнықты дамуын қолдау, тауар өндірушілердің нарықтық жағдайларға бейімделуі үшін жағдайлар жасау;

- мемлекет, агроөнеркәсіп кешені өнімдеріне, мемлекеттік тапсырысқа, өңірлік қорларға азық-түлік сатып алу бағалары жүйесін реттеу арқылы, халықтың негізгі топтарының кірістерін қалыптастыруға ықпал ете отырып, халықтың төлем қабілетті сұранысының пайда болуына әсерін тигізеді;

- парасатты протекционизм саясатын жүргізу, импортталатын азық-түлік тауарларына салықтар, кедендік тарифтер жүйесінің көмегімен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- шетелдік инвесторлар үшін қолайлы ахуал туғызу, агроөнеркәсіп кешенінің бірлескен кәсіпорындарын құру, озық технологиялар мен техникалар жағдайында шетелдік кредиторлар үшін мемлекеттік кепілдіктер беру;

- агроөнеркәсіп кешені проблемалары бойынша ғылымның негізгі бағыттарын қаржыландыру, әлемдік стандарттарға жауап беретін жаңа технологиялар жасау бойынша инвестициялық жобаларды қаржыландыруға қатысу.

Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1. Мемлекеттің агроөнеркәсіп кешеніндегі реттеушілік функциялары қандай бағыттар бойынша жүзеге асырылады?

2. Агроөнеркәсіп кешеніндегі монополияға қарсы саясаттың кемшіліктері неде?

3. АӨК, оның құрылымы, аграрлық сектордың көп укладтылығы.

4. Мемлекеттің агроөнеркәсіп өндірісінің негізгі бағыттары.

5. Дамыған елдердегі ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары.

6. ҚР агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі жағдайын қандай көрсеткіштермен бағалауға болады?

Тестілік сұрақтар

1. Әлемдік тәжірибеде ауыл шаруашылығына жеңілдікпен несие беру жүйесін ұйымдастырудың бірнеше тәсілі бар. Айтылған қаржы институттарының қайсысы несиелеу функцияларын орындамайды:

А) кооперативтік ауылшаруашылық банктері;

В) мемлекеттік банктер;

С) мемлекеттің бақылауы және қолдауы жағдайындағы мамандандырылған банктер;

Д) бюджеттік несиелеу;

Е) валюталық қорлар.

2. Агроөнеркәсіп кешенінің көпукладты экономикасын қалыптастыру және дамыту бірнеше кезеңде жүзеге асырылды:

А) 5;

В) 1;

С) 3;

Д) 2;

Е) 4.

3. Мемлекеттің агро азық-түлік бағдарламасының негізгі мақсаты:

А) ауыл халқын азық-түлікпен барынша қамтамасыз ету;

В) ауылдық жерлерді орнықты дамыту;

С) ауылдың дамыған инфрақұрылымын қалыптастыру;

Е) Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі.

4. Азық-түлік қауіпсіздігі ... болып бөлінеді:

А) тұрақты және өзгермелі;

В) икемді және қатаң;

С) қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді;

Д) жалпы және жеке;

Е) созылмалы және уақытша.

5. Қазақстан Республикасындағы егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы жалпы өнімдерінің үлесі қандай пропорцияларда болады:

А) 50:50;

В) 30:70;

С) 80:20;

Д) 40:60;

Е) 60:40.

11-ТАҚЫРЫП. ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ-БЮДЖЕТТІК ӘДІСТЕРІ

11.1 Мемлекеттік бюджеттің мәні мен құрылымы

11.2 Мемлекеттік борышты басқару стратегиясы

11.3 Мемлекеттің фискалдық саясаты

Студент, тақырыпты зерделеу арқылы:

  • мемлекеттік бюджеттің мәні мен құрылымын;
  • бюджет балансын;
  • бюджет тапшылығын;
  • мемлекеттік борышты басқару стратегиясын;
  • мемлекеттің фискалдық саясатын білуі тиіс.

Әдебиеттер: 3-8; 12, 23.

11.1

Мемлекеттік бюджеттің мәні мен құрылымы

11.2

Мемлекеттік қарызды басқару стратегиясы

11.3

Мемлекеттің фискалдық саясаты

Түйін

1.Бюджет тетігі – мемлекеттің ақша қаражатының орталықтандырылған қорының пайда болу және оны пайдалану формалары мен әдістерінің жиынтығы. Экономиканы реттеу ақша қаражатының орталықтандырылған қорының сандық мөлшерін белгілеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы ресурстарының пайда болу, оны пайдалану, қайта бөлу формалары мен әдістерін реттеу жолымен жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік бюджет – бұл:

- салыстырмалы (относителді) дербес экономикалық категория;

- мемлекеттің ақша қаражатының орталықтандырылған қоры;

- бюджет тетігі арқылы экономикаға ықпал ету құралы;

- мемлекеттің негізгі қаржы жоспары;

- заң.

3. Бюджет тапшылығы және профициті – бюджет жүйесінің пропорциялары, мемлекет кірістерінің ағындары мен мемлекеттік қаржыландыруға деген қажеттіліктер арасындағы өзарабайланыстар көрініс табатын күрделі қаржылық-экономикалық категориялар, бюджет-салық саясатының реттеуші және бақылаушы құралы болып саналады.

4. Бюджет тапшылығы мен профициті: бөлу, қор құру, ынталандыру, бақылау функцияларын орындайды.

5. Экономикалық саясатта мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландырудың:

- несие-ақша эмиссиясы (монетизация);

- займдар шығару;

- мемлекеттік бюджетке салық түсімдерін ұлғайту тәсілдері бөліп көрсетіледі.

6. Мемлекеттік қарыз – бұрынғы бюджеттік операциялар нәтижесінде шоғырландырылған, болашақтағы бюджет есебінен ол жабылуы тиіс, сыртқы әлем мен қалған экономика алдындағы үкіметтің тікелей міндеттемелерінің жиынтығы.

7. Заемшы, кредитор және кепілдік беруші ретінде оның қызметімен байланысты мемлекеттің қаржылық саясаты бағыттарының бірін қалыптастыру кең мағынасындағы мемлекеттік қарызды басқару болып түсіндіріледі. Кең мағынасындағы мемлекеттік қарызды басқару, қаржылық саясат бағыттарының бірі ретінде, мемлекеттің билік және басқару органдарының қалпында болады. Атап айтқанда олар бюджет тапшылығының жалпы көлемін, демек, оны қаржыландыру үшін қажет займдар көлемін, ақша айналысына, несиеге, өндіріске, жұмыспен қамтуға ықпал етудің негізгі бағыттары мен мақсаттарын және елдің жекелеген аудандарындағы шағын бизнесті қолдау жөніндегі жалпы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың дұрыстығын айқындайды.

8. Мемлекеттің қарыз міндеттемелерін шығаруға және орналастыруға дайындықпен, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын реттеумен және мемлекеттік қарызға қызмет көрсетумен және өтеумен, ссудалар және кепілдіктер берумен байланысты іс-қимылдардың жиынтығы тар (қасаң) мағынасындағы мемлекеттік қарызды басқару болып түсіндіріледі.

9. Мемлекеттік қарызды басқару стратегиясы мемлекеттің қарыз міндеттемелерін тарту, қызмет көрсету және өтеуді оңтайландыру жөніндегі шаралар мен тетіктер кешенін білдіреді.

10. Фискалдық саясат – мемлекеттік шығыстар мен салық салу көлемін өзгерту арқылы мемлекеттің экономикаға ықпал етуі.

Білімін өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар

1. Мемлекеттік бюджеттің реттеушілік функциялары неден тұрады?

2. Сіз бюджет тапшылығын жоюдың қандай тәсілдерін білесіз?

3. Салық және салық жүйесінің анықтамасын беріңіз.

4. Салықтардың реттеушілік функциясы нені білдіреді?

5. Қазақстан экономикасына түсетін салық салмағы қандай және оны өзгерту перспективалары.

Тестілік сұрақтар

1. Принциптердің қайсысы, мемлекеттік бюджет негізделетін принциптерге жатпайды:

А) бірлік;

В) толықтық;

С) реалдылық;

Д) жариялылық;

Е) дәйектілік.

2. Қандай функция, бюджет тапшылығы мен профицит функцияларына жатпайды:

А) бөлу;

В) қор құрушы;

С) ынталандырушы;

Д) бақылау;

Е) әлеуметтік.

3. Бюджет тапшылығы (профициті) түрлеріне ... кірмейді:

А) циклділік;

В) құрылымдық;

С) ресми;

Д) жасырын;

Е) пролонгацияланған.

4. Ақша басып шығарудан мемлекет алатын кіріс – бұл:

А) дивиденд;

В) пайыз;

С) рента;

Д) жалгерлік;

Е) сеньораж.

5. Қарызды ішінара жою, қарыз міндеттемелерінің мерзімдерін ары қарай ұзарту; қызмет көрсету жөніндегі пайыз мөлшерлемелерін (ставкаларын) төмендету – бұл ... схемалары:

А) монополияландыру;

В) жекешелендіру;

С) құрылымдау;

Д) орталықтандыру;

Е) қайта құрылымдау.

12-ТАҚЫРЫП. МЕМЛЕКЕТТІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ

НЕГІЗГІ ТЕТІКТЕРІ

12.1 Ақша-несие саясатының мәні, құралдары

12.2 Ақша-несие аясын реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қызметінің негізгі бағыттары

Студент, тақырыпты зерделеу арқылы:

  • ақша-несие саясатының мәнін;
  • ақша-несие саясатының (АНС) құралдарын;
  • ақша-несие аясын мемлекеттік реттеудің ерекшеліктерін білуі тиіс.

Әдебиеттер: 4-8, 21-24

12.1

Ақша-несие саясатының мәні, құралдары

12.2

Ақша-несие аясын реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметінің негізгі бағыттары

Түйін

1. Ақша-несие саясаты несие мен ақша айналысы жағдайына жоспарланған іс-қимыл жолымен жиынтық сұранысты реттеу мақсатындағы Орталық Банк қолданатын өзарабайланысты шаралар кешенін білдіреді.

2. Міндетті резервтер – бұл коммерциялық банктер елдің орталық банкінде пайызсыз салымдар түрінде сақтауы тиіс депозиттер сомасының бір бөлігі. Міндетті резервтердің нормалары депозиттер көлемінен пайыздармен белгіленеді. Олар салымдардың түрлеріне қатысты көлемі бойынша ажыратылады.

3. Егер есептік мөлшерлеме көтерілетін болса, онда Орталық Банктен қарыз (займ) алу қысқарады, демек, ссудалар беру жөніндегі коммерциялық банктердің операциялары азаяды. Орталық Банктің есептік мөлшерлемелерді (ставкаларды) өзгертуін Орталық Банк саясатының индикаторы ретінде қарастыруға болады.

4. Ашық нарықтағы операциялар – бағалы қағаздар нарығы дамыған елдерде кеңінен қолданылады. Ақша мен реттеудің бұл құралы Орталық Банктің мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу-сатуын болжайды.

5. ҚР Ұлттық Банкі негізгі мақсаттарды орындау үшін:

- мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеу және жүзеге асыру;

- төлемжүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

- валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;

- қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу міндеттерін жүзеге асыруды болжайды.

6. Ақша-несие саясатын әлемдік стандарттарға, нақтылай айтқанда, еуропалық стандарттарға барынша жақындату ҚР ақша-несие саясаты саласындағы басым бағыттар болып қала береді.

Білімін өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар

1. Ақша-несиемен реттеудің негізгі бағыттарын атаңдар.

2. Орталық Банктің міндеттері қандай?

3. Орталық Банктің негізгі функциялары қандай?

4. Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі (ставкасы) ақша-несиемен реттеуде қандай рөл атқарады?

5. Коммерциялық банктердің міндетті резервтер нормалары қандай мақсатпен белгіленеді?

6. Ақша-несие саясатының тиімділігін арттырудың негізгі шартын атаңдар.

Тестілік сұрақтар

1. Ақша-несие саясаты құралдарының көмегімен ақша массасын белгілі бір деңгейде ұстап тұруға бағытталған ақша-несие саясаты ... деп аталады:

А) дифференцияланған;

В) тұрақтандырушы;

С) уақытша;

Д) икемді;

Е) қатаң.

2. Пайыздық мөлшерлемелерді (ставкаларды) белгілі бір деңгейде ұстап тұруға бағытталған ақша-несие саясаты ... деп аталады:

А) дифференцияланған;

В) тұрақтандырушы;

С) уақытша;

Д) қатаң;

Е) икемді.

3. Ақшамен реттеудің осындай құралы Орталық Банктің мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу-сатуын болжайды:

А) міндетті резервтер;

В) есептік мөлшерлемені (ставканы) өзгерту (қайта қаржыландыру мөлшерлемелері);

С) қор нарығындағы операциялар;

Д) дилерлік операциялар;

Е) ашық нарықтағы операциялар.

4. Атап көрсетілген міндеттердің қайсысы, Ұлттық Банктің негізгі мақсаттарын орындау үшін қажет міндеттерді жүзеге асыру тізбесіне кірмейді:

А) мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу;

В) төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

С) валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

Д) қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу;

Е) фискалдық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу.

5. Коммерциялық банктер елдің орталық банкінде пайызсыз салымдар түрінде сақтауы тиіс депозиттер сомасының бөлігі:

А) алтын валюта резервтері;

В) бағалы қағаздар резервтері;

С) кассалық резервтер;

Д) тұрақты резервтер;

Е) міндетті резервтер.

13-ТАҚЫРЫП. ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРЛЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

13.1 Қазақстан Республикасының өңірлік экономикасының ерекшеліктері

13.2 Қазақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы және мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері

Студент, тақырыпты зерделеу арқылы:

  • Қазақстан Республикасының өңірлік экономикасының проблемаларын;
  • өңірлердің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасын;
  • Қазақстан Республикасының өңірлерін мемлекеттік реттеудің ерекшеліктерін білуі тиіс.

Әдебиеттер: 4-9, 21-25

13.1

Қазақстан Республикасының өңірлік экономикасының ерекшеліктері

13.2

Қазақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы және мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері

Түйін

1. Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар, оның әрбір өңірінде шаруашылық субьектілері мен ірі кешендер құру бойынша экономиканы аумақтық ұйымдастыруға жаңа түбегейлі талаптар қояды. Осыдан келіп, республиканың әрбір өңірінде экономикалық, ұйымдық және әлеуметтік факторлар мен құбылыстарды жиынтық түрде зерттеу қажеттілігі туындайды. Осындай жағдайларда егеменді мемлекет ретінде Қазақстан үшін өңірлік экономиканың рөлі өсе түседі.

2. Әр өңірдің өзіндік табиғи, ұйымдық-құрылымдық ерекшелігі бар, әрбірінің өңірдің шаруашылық бейінін айқындайтын экономикалық және әлеуметтік қалыптасу жағдайы да өзгеше.

3. Қазақстанның өңірлік экономикасының проблемаларын шешу, республиканың өндіргіш күштерін орналастырудың бас схемаларын әзірлеуді талап етеді, оған мыналар кіреді:

- экономиканы дамытудың оңтайлы аумақтық пропорцияларын айқындау;

- жалпы республикалық аумақтық еңбек бөлінісін жетілдіру негізінде өндірістің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету;

- Қазақстанның жекелеген өңірлерінің шаруашылықтарын қалыптастыруға және өндіріс салаларын орналастыруға, экономикалық жағынан тиімді дамуына қол жеткізу.

Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1. Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар ұлттық экономиканы аумақтық ұйымдастыруға қандай талаптар қояды?

2. Аумақтық еңбек бөлінісінің заңдылықтарын тануға және ашуға негізделген, өндіргіш күштерді рационалды (тиімді) орналастырудың рөлі қандай?

3. Өңірдің бөлінуінің негізгі өлшемдері болып не қызмет етеді?

4. Республиканың өндіргіш күштерін орналастырудың бас схемасының негізгі элементтерін атаңдар.

5. Республика ішілік еңбек бөлінісінде қанша экономикалық өңірлер бөлінеді?

Тестілік сұрақтар

1. Экономикалық өңірлердің құрамы мен шекараларын қандай факторлар айқындайды:

А) Табиғи жағдайлар, көлік-экономикалық байланыстар, облысаралық шаруашылық байланыстары, өңірдің халық шаруашылығы құрылымы, ел экономикасындағы өңірлердің рөлі;

В) Ел экономикасындағы өңірлердің рөлі, өңірлерге жоспарлы тапсырмалар, әкімшілік шекаралар, облыстардың саны, республика аралық байланыстар;

С) Көлік-экономикалық байланыстар, облыстардың саны, басқаруды орталықтандырудың қажеттілігі, өңірдің халық шаруашылығы құрылымы;

Д) Ел экономикасындағы өңірдің рөлі, басқарудың салалық принципін күшейту қажеттілігі, облыстардың саны, облысаралық шаруашылық байланыстары;

Е) Табиғат жағдайы, өңірдің халық шаруашылығының құрылымы, басқаруды орталықтандырудың қажеттілігі, облыстар саны.

2. Шығыс Қазақстанның шаруашылық бейінін (профилін) негізінен қандай салалар айқындайды?

А) Машина жасау, көмір өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі;

В) Химия өнеркәсібі, электр энергетикасы, жеңіл және тамақ өнеркәсібі;

С) Агроөндірістік кешені, қара металлургия, жеңіл және тамақ өнеркәсібі;

Д) Түсті металлургия, жеңіл және тамақ өнеркәсібі;

С) Агроөнеркәсіп кешені, жеңіл және тамақ өнеркәсібі.

3. Солтүстік-Шығыс Қазақстанның шаруашылық бейінін (профилін) негізінен қай салалар айқындайды?

А) Электрэнергетикасы, көмір өнеркәсібі, металлургия, машина жасау, мұнай өңдеу;

В) Электрэнергетикасы, химия өнеркәсібі, машина жасау, ауыл шаруашылығы, мүнай өндіру;

С) Металлургия, машина жасау, ауыл шаруашылығы, мұнай өндіру, химия өнеркәсібі;

Д) Машина жасау, химия өнеркәсібі, металлургия, ауыл шаруашылығы, мұнай өңдеу;

Е) Көмір өнеркәсібі, өнеркәсіп материалдары өндірісі, хромиттер өндіру, ауыл шаруашылығы, фосфориттер өндіру.

4. Солтүстік Қазақстанның шаруашылық бейінін (профилиін) экономиканың қандай салалары айқындайды?

А) Мұнай өңдеу, электр энергетикасы, темір рудаларын өндіру, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, агро өнеркәсіп кешені;

С) Жеңіл және тамақ өнеркәсібі, темір рудаларын, асбест, бокситтер өндіру, агроөнеркәсіп кешені;

Д) Темір рудаларын, асбест өндіру, электр энергетикасы,көмір өнеркәсібі;

Е) Агроөнеркәсіп кешені, машина жасау, жеңіл және тамақ, көмір өнеркәсібі.

5. Орталық Қазақстанда бастапқыда өнеркәсіптің қандай салалары қалыптасты?

А) Мыс және көмір өнеркәсібі;

В) Көмір және химия өнеркәсібі;

С) Мыс және мұнай өнеркәсібі;

Д) Машина жасау және мұнай өңдеу;

Е) Көмір өнеркәсібі және хромиттер өндіру.

14-ТАҚЫРЫП. ӨНЕРКӘСІПТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

14.1 Өнеркәсіптің ұлттық экономикадағы рөлі және оны тиімді мемлекеттік реттеудің қажеттілігі

14.2 Өнеркәсіпті мемлекеттік реттеудің мәні

14.3 Қазақстан Республикасының өнеркәсібін мемлекеттік қолдаудың жалпы және селективті экономикалық шаралары.

Студент, тақырыпты зерделеу арқылы:

  • өнеркәсіптің ұлттық экономикадағы рөлін;
  • өнеркәсіпті мемлекеттік реттеудің мәнін;
  • Қазақстан Республикасының өнеркәсібін мемлекеттік қолдаудың жалпы және селективті экономикалық шараларын білуі тиіс.

Әдебиеттер: 4-9, 23-26

14.1

Өнеркәсіптің ұлттық экономикадағы рөлі және оны тиімді мемлекеттік реттеудің қажеттілігі

14.2

Өнеркәсіпті мемлекеттік реттеудің мәні

14.3

Қазақстан Республикасының өнеркәсібін мемлекеттік қолдаудың жалпы және селективті экономикалық шаралары

Түйін

1. Кез келген елдің экономикалық жағдайы көп ретте оның өнеркәсібінің даму деңгейіне қатысты болады. Атап айтқанда өнеркәсіп кешенінің даму жағдайы мен динамикасы экономикалық тәуелсіздікті, ұлттық қауіпсіздікті нығайту, халықтың лайықты өмір деңгейін қамтамасыз ету, өмір сүретін ортаны экономикалық сауықтыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық міндеттерді ойдағыдай шешу мүмкіндіктерін айқындайды.

2. Ұлттың экономикалық өміріндегі өнеркәсіп кешенінің маңызы мен рөлі келесі факторлармен айқындалады:

- өнеркәсіп өндірісі ІЖӨ-ні, ішкі тұтыну мен экспорт үшін бүкіл тауар массасын өндірудің обьективті түрде негізгі көзі болып саналады;

- экономиканың аса маңызды саласы ретіндегі өнеркәсіптің жетекші рөлі тағы, атап айтқанда оның қоғамдық өндірістің бүкіл қалған салалары мен аяларын индустриаландырудың шешуші факторы болып қатысатындығымен, олардың техникалық-технологиялық деңгейін анықтайтындығымен айқындалады;

- көп салалы өнеркәсіп кешені қоғамдық өндірістің бүкіл өзге салалары мен аяларының өнімдері мен қызмет көрсетулерінің негізгі тұтынушылары болып қатысады, сол арқылы қоғамдағы төлем қабілетті сұранысты генерациялайды және оларды шапшаң дамыту есебінен ІЖӨ-нің өсуін ынталандырады.

3. 2003 жылы осы құжатты дамыту үшін «2003-2015 жылдарға арналған ҚР индустриалды-инновациялық даму стратегиясы» қабылданған болатын, онда:

- экономика салаларын әртараптандыру (диверсификациялау) жолымен елдің орнықты дамуына қол жеткізу;

- шикізатқа бағытталушылықтан бас тарту;

- ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға көшу үшін оған даярлық жасау сияқты басты мақсаттар белгіленеді.

4. Қазақстан Республикасы дамудың қазіргі кезеңінде өнеркәсіпті тиімді реформалау мен тең құқылы және өзара тиімді жағдайларда дүниежүзілік экономикаға ықпалдасу жолдарын іздеу үстінде.

Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1. Өнеркәсіптің ел экономикасындағы жетекші рөлі қандай факторлармен айқындалады?

2. Өнеркәсіптің елдегі болашақ құрылымдарын қалыптастыруға қандай факторлар әсерін тигізеді?

3. ҚР-дағы тиімді өнеркәсіп саясатын қалыптастыру қажеттілігі немен байланысты туындап отыр?

4. Өңірлер деңгейінде өнеркәсіп саясатын қалыптастыру неге қажет?

5. Өнеркәсіп саясатын қалыптастырудың негізгі принциптерін атаңдар.

6. Өнеркәсіп саясатын жүзеге асырудың сізге қандай құралдары белгілі?

7. Сіз өнеркәсіп саясатының қандай типтерін білесіз?

8. Өнеркәсіптің дамуына мемлекеттік қолдау көрсетудің Сізге қандай шаралары белгілі?

Тестілік сұрақтар

1. Ұлттың экономикалық өміріндегі өнеркәсіп кешенінің маңызы мен рөлі келесі факторлармен айқындалмайды:

А) ІЖӨ-ні, ішкі тұтыну мен экспорт үшін бүкіл тауар массасын өндірудің негізгі көзі;

В) қоғамдық өндірістің қалған бүкіл салалары мен аяларын индустриаландыру;

С) қоғамдық өндірістің бүкіл басқа салалары мен аяларының өнімдері мен көрсететін қызметтерін негізгі тұтынушы;

Д) қоғамдағы төлем қабілетті сұранысты генерациялау;

Е) қоғамның іс-әрекетке қабілетсіз мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек көрсету.

2. Өнеркәсіп саясатын әзірлеудің бірінші тәжірибесін ҚР Үкіметі ... жылы қабылдаған болатын:

А) 1992 жылы;

В) 1994 жылы;

С) 1996 жылы;

Д) 1997 жылы;

Е) 1998 жылы.

3. Жоғарыдағы айтылған мақсаттардың қайсысы «ҚР өнеркәсіп саясаты» мемлекеттік бағдарламасында әзірленген мақсаттарға жатпайды:

А) өнеркәсіптің бүкіл салаларын пропорционал және тиімді дамыту;

В) техникалық жаңалау және жаңа ғылым сыйымды өндірістерді дамыту;

С) ішкі және сыртқы нарықтардағы Қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

Д) экспортты және импорт алмасуды дамыту;

Е) ең төменгі жалақы мөлшерін көтеру.

4. Өнеркәсіп саясаты экономикалық өсу сипаты бойынша келесі типтерге жіктеледі:

А) қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді;

В) нақты және болжанатын;

С) жалпы ұлттық және өңірлік;

Д) экспортқа бағдарланған және импорт алмасушы;

Е) теңдестірілген және теңдестірілмеген.

5. Өнеркәсіп кешеніне ықпал ету тәсілі бойынша өнеркәсіп саясаты келесі типтерге жіктеледі:

А) жалпы ұлттық және өңірлік;

В) экспортқа бағдарланған және импорт алмасушы;

С) теңдестірілген және теңдестірілмеген;

Д) жалпы жүйелік және селективті;

Е) белсенді және белсенді емес.

15-ТАҚЫРЫП. СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

15.1 Сыртқы сауданы, капиталдар миграциясын және валюта-қаржы аясын мемлекеттік реттеу

15.2 Төлем балансы және валюталық реттеу негіздері

15.3 Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеудің ерекшеліктері

15.4 Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарын қалыптастыру және дамыту

Студент, тақырыпты зерделеу арқылы:

  • сыртқы сауданы, капиталдар миграциясын және валюта-қаржы аяларын мемлекеттік реттеуді;
  • төлем балансын және валюталық реттеуді;
  • Қазақстан Республикасының валюталық ерекшеліктерін;
  • Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарын қалыптастыру және дамытуды білуі тиіс.

Әдебиеттер: 2-7, 21-24.

15.1

Сыртқы сауданы, капиталдар миграциясын және валюта-қаржы аясын мемлекеттік реттеу

15.2

Төлем балансы және валюталық реттеу негіздері

15.3

Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеудің ерекшеліктері

15.4

Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарын қалыптастыру және дамыту

Түйін

  1. Дүниежүзілік сауда – бұл ұлттық шаруашылықтар арасында тауарлармен және қызмет көрсетулермен айырбас жасау, терең халықаралық еңбек бөлінісінің нәтижесі, елдердің техникалық-экономикалық даму деңгейіне және табиғи-географиялық жағдайға сәйкес тауарлардың жекелеген түрлерін өндіруге мамандануы.
  2. Сыртқыэкономикалық қызметті (СЭҚ) реттеу, ұлттық экономиканың кеңейтілген ұдайыөндірісінің сыртқы жағдайларын қамтамасыз етуге және отандық капиталдың кірістерін өсіруге бағытталған, экономикалық және саяси шаралар кешенін қамтиды.
  3. Қазіргі уақытта валюта бағамдары халықаралық қатынастардың бүкіл жүйесінің және елдердің, валюта бағамының динамикасына әсерін тигізетін, экономикалық дамуын айқындайтын ішкі және сыртқы факторлардың бүкіл кешенінің аса маңызды көрсеткіштері болып саналады.
  4. Төлем балансын мемлекеттік реттеу әдістері:
  • Тікелей бақылау, оның ішінде импорттық, кедендік және өзге алымдардың тәртібін реттеу, шетел инвестициялары бойынша кірістерді шетелге аударуды шектеу, ақысыз (өтеусіз) көмекті қысқарту және т.б.
  • Инфляциямен күрес. Капиталдың құйылуын ұлғайтады, импортты азайтады, бірақ та экспорттың өрістеуін ауыздықтайды.
  • Айырбас бағамын өзгерту.
  1. Валюталық саясат – бұл валюталық қатынастар және ақша айналымы аясындағы мемлекеттің және орталық банктің жүргізетін, ел экономикасына және ұлттық валютаның сатып алу күшіне ықпал ету түпкі мақсаты болып саналатын бүкіл шаралардың жиынтығы, яғни валюталық саясат – мақсат емес, экономикалық реформаларды жүргізу құралы болып саналады. Валюталық саясат ұлттық және әлемдік экономика тоғысындағы өтпелі көпір рөлін атқарады. Валюталық саясат – елдің жалпы экономикалық саясатының, оның ішінде ақша-несие саясатының салыстырмалы дербес бөлігі.
  2. Республикадан валюталық құндылықтардың негізсіз жылыстауын шектеу, басқалай айтсақ, «капиталдың сыртқа шығуымен» күрес Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу мен бақылаудың негізгі мақсаты болып саналады.

Білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

  1. Жаһандану процесіндегі қайшылықтар неден көрінеді?
  2. Ұлттық экономиканың экономикалық қауіпсіздігіне төнетін негізгі қатерлерге не жатады?
  3. Экспорттық сектор ел экономикасында қандай рөл атқарады?
  4. Экспорт пен импорт құрылымын қандай бағытта жақсарту қажет?
  5. Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) кіруінің артықшылықтары мен қиындықтары қандай?
  6. Сыртқы сауда қызметін реттеуде қандай әдістер қолданылады?

Тестілік сұрақтар

1. Реэкспорт – бұл:

А) индустриалды – дамыған елдер тауарларының елдер аумағы арқылы экспорты;

В) трансұлттық компаниялар (ТҰК) тауарларының елдер аумағы арқылы экспорты;

С) олигополиялар тауарларының елдер аумағы арқылы экспорты;

D) нарықтық экономикасы дамыған елдер тауарларының елдер аумағы арқылы экспорты;

Е) үшінші елдер тауарларының елдер аумағы арқылы экспорты.

2. Капиталдар қозғалысының формаларына жаптайды:

А) халықаралық ұйымдардың жеке және мемлекеттік капиталдары;

В) ақша және тауар формасы;

С) қысқамерзімді және ұзақмерзімді форма;

D) ссудалық және кәсіпкерлік форма (тікелей және портфельдік инвестициялар; тікелей инвестор капитал салатын объектінің үстінен басқара отырып бақылау жасайды);

Е) халықтың аз қамтамасыз етілген топтарына мемлекеттік бюджеттен зейнетақы, жәрдемақы төлеу.

3. Теориялардың қайсысы төлем балансын реттеу кезінде мемлекет соған сүйенетін теорияларға жаптайды:

А) авоматты тепе-теңдіктің классикалық теориясы;

В) иекемді тәсіл;

С) кейнсиандық тәсіл;

D) монетарлық тәсіл;

Е) индустриалдық емес тәсіл.

4. Валюталық қатынастар мен ақша айналымы аясында мемлекет пен орталық банк жүргізетін, ел экономикасына және ұлттық валютаның сатып алу күшіне әсер ету түпкі мақсаты болып саналатын, бүкіл шаралардың жиынтығы - бұл:

А) әлеуметтік саясат;

В) ақша-несие саясаты;

С) экспорттық саясат;

D) сыртқыэкономикалық саясат;

Е) валюталық саясат.

5. Нарықтық экономикаға өту жағдайындағы елдің валюталық саясаты неге бағытталмаған:

А) өндірістің құлдыруын жою;

В) экономикалық өсуді қамтамасыз ету;

С) инфляцияны және жұмыссыздықты ауыздықтау;

D) төлем балансының тепе-теңдігін ұстап тұру;

Е) фирмалардың экономикалық қызметін үйлестіру.

ТҮСІНІКТЕМЕ СӨЗДІК

Әкімшілік әдістер – құқықтық инфрақұрылымдарды қамтамасыз етумен байланысты іс-әрекеттерді қамтитын әкімшілік тұтқалардың жиынтығы. Олар тыйым салуға, рұқсат беруге, мәжбүрлеуге бөлінеді.

Атаулы әлеуметтік қолдау – халықтың аз қамтамасыз етілген жіктерінің нақты топтары үшін мемлекет тарапынан жасалатын қолдау.

Бюджет сыныптамасы – мемлекеттің қаржылық органдарының бүкіл бюджет қызметінің негізі болып қаланған бірыңғай белгілері бойынша бюджет кірістері мен шығыстарын жүйелі топтастыру.

Баланстық әдіс – халық шаруашылығы пропорцияларын айқындау кезіндегі мемлекеттік жоспардың тұтастай алғандағы жекелеген бөліктерінің маңызды байланыстарының бірі.

Бюджеттік әдіс – халықтың өмір деңгейіне статистикалық бақылау жүргізілетін үй шаруашылықтары бюджеттерін зерттеуді білдіреді.

Бюджеттік тетік – мемлекеттің ақша қаражатының орталықтандырылған қорын құру және пайдалану формалары мен әдістерінің жиынтығы.

Төрешілдік (бюрократия) – қоғамдық өмірді ұйымдастыруда оның нақты қызметтерінен (функцияларынан) қол үзген, мемлекет құрылымында өзінің өктемдігін ұстап тұруды мақсат еткен, мемлекеттік аппараттың бір бөлігі.

Жалпы мемлекеттік қарыз – сыртқы және ішкі мемлекеттік қарыз схемасы.

Валюталық шектеулер – резиденттердің немесе резидент еместердің мемлекет аумағында және/немесе резидент еместердің шетелде валюталық операцияларды жүзеге асыру кезіндегі құқықтарының әртүрлі нормативтік-бекітілген шектеулері.

Валюталық саясат – бұл валюталық қатынастар және ақша айналымы аясындағы мемлекеттің және орталық банктің жүргізетін, ел экономикасына және ұлттық валютаның сатып алу күшіне әсерін тигізу түпкі мақсаты болып саналатын бүкіл шаралардың жиынтығы, яғни валюталық саясат-мақсат емес экономикалық реформалар құралы.

Валюталық реттеу – мемлекетаралық және өңірлік деңгейлерде жүзеге асырылатын валюталық операцияларды жүргізу тәртібі мен халықаралық есеп айырысуларды мемлекеттік реттеу. Тікелей валюталық реттеу заң актілері мен атқарушы органдардың іс-қимыл жасау жолымен жүзеге асырылады, ал жанама реттеу – экономикалық, атап айтқанда, нарықтың экономикалық агенттерінің мінез-құлқына (тәртібіне) ықпал етудің валюталық-несиелік әдістерін пайдалана отырып жүзеге асырылады.

Валюталық бақылау – заң негізінде арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар немесе өзге органдар жүзеге асыратын, бекітілген нормативтік әкімшілік және ұйымдық шаралар кешені.

Валюта тепе-теңдігі – бұл заң тәртібінде белгіленген, екі валюта арасындағы қатынас. СДР немесе әлемдік тұрақты валюталардың (немесе валюталар мөлшерінің) базасында, валюталар бірлігіндегі алтынның ресми құрамы негізінде белгіленетін қатынас. Валюта тепе-теңдігі валюта бағамын қалыптастыру үшін негіз болып қызмет етеді.

Сыртқы қарыз – бұл шет мемлекеттерге, фирмаларға, ұйымдарға қарыз. Сыртқы үкімет қарызы: халықаралық даму банкіне (ХБ, ЕДҚБ, АДБ және т.б.); шет мемлекеттер үкіметінен; шетел банктерінен, үкіметтің шетелден несиеге тауарлар мен қызметтер көрсетуді сатып алу нәтижесі ретінде алынатын, шетел валютасындағы займдар нәтижесінде туындауы мүмкін.

Сыртқы мемлекеттік инвестициялық саясат – отандық экономикаға шетелдік инвесторлардың, сол сияқты ұлттық инвесторлардың шетелге инвестиция салуы ретінде, шетел инвестицияларының құрылымы мен ауқымдарын белгілеу түрінде мемлекет жүргізетін сыртқы экономикалық саясаттың бір бөлігі. Елдің сыртқы инвестициялық саясаты капиталдың құйылуы мен жылыстауының үстінен бақылау жасауды, оны реттеу мен оған қолдау жасауды қамтиды.

Ішкі инвестициялық саясат – ішкі капитал құйылуы мен жылыстауын реттейді. Инвестициялаудың басым бағыттарын айқындау, отандық инвесторларды көтермелеу, ішкі инвестициялық сұраныстың өсуін қамтамасыз ету, институционалды инвесторлардың тиімді бәсекеге қабілетті нарығын қалыптастыру, сақтық жинақтарын инвестицияларға айналдыруды трансформациялауды қамтамасыз ету оның негізгі мақсаты болып саналады.

Ішкі қарыз – бұл өз елінің азаматтарына үкіметтің қарызы.

Автоматты тұрақтандырғыш (стабилизатор) - үкіметтің экономикалық саясатын жиі өзгертуді болдырмай-ақ, экономиканың циклдік ауытқуының амплитудасын төмендетуге мүмкіндік беретін, экономикалық тетік. Салық салудың прогрессивтік жүйесі, мемлекеттік трансферттер жүйесі, пайдаларға қатысу жүйесі осындай тұрақтандырғыштар болып қатысады.

Қарызды құнын өтеп сатып алу – қарыз (борышкер) елге өзінің қарыз міндеттемелерін бағалы қағаздардың қайталама нарығында құнын өтеп сатып алуға мүмкіндік беру.

Мемлекеттік қарыз – бюджеттік операциялардың өзіндік өлшемін білдіреді, бірақ та, олардан өзгешелігі, ақша қаражатының ағындарын емес, қорларын өлшейді. Мемлекеттік қарыз өткен уақыттағы бюджеттік операциялар нәтижесінде жұмылдырылған, болашақта ол бюджет есебінен жабылуы тиіс, сыртқы әлем мен қалған экономика алдындағы үкіметтің тікелей міндеттемелерінің жиынтығы.

Мемлекеттік бюджет - мемлекеттің ақша қаражатының орталықтандырылған қорын құру және ұдайы өндірісті кеңейту мен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына оны пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесіндегі мемлекет пен қоғамдық өндірістің өзге қатысушылары арасында туындайтын ақша қатынастарын білдіреді.

Генетикалық әдіс – экономикалық жүйенің осы үлгісінің пайда болуын, оның өзге неғұрлым прогрессивті үлгісіне тарихи тұрғыда көшуін зерделеумен байланысты.

Әлеуметтік мағынасындағы мемлекеттік реттеу – бұл ұлттық шаруашылық субьектілеріне саяси құрылымдардың ықпал етуі.

Мемлекеттік жәрдемақы - әлеуметтік қорғауға жататын қолайсыз мән-жағдайлар болған жағдайда бүкіл азаматтарға төленетін әлеуметтік трансферттер.

Мемлекеттік өнеркәсіп саясаты – жекелеген индустриалды өндірістерді немесе олардың топтарын жаңарту (модернизациялау) құралы емес, бұл өзге, салалық немесе корпоративтік тәсілдердің басты белгілері, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін индустриалды кешеннің және тұтастай түрде материалдық өндірістің динамикасын басқару жөніндегі заңнамалық, әкімшілік, қаржылық-экономикалық мемлекеттік шешімдердің, шаралар мен іс-қимылдардың тұтас жүйесі.

Экономиканың мемлекеттік секторы – тұтастай немесе ішінара орталық және жергілікті мемлекеттік билік органдарына жататын шаруашылық обьектілерінің кешенін білдіреді.

Қос валюта нарығы – белгіленген және өзгермелі валюта бағамдарының тәртібі (режимі) арасындағы аралық орынды иеленетін валюта саясатының формасы. Валюта нарығының екі бөлікке бөлінуі оның мәні болып табылады: коммерциялық операциялар мен қызмет көрсетулер бойынша ресми валюта бағамы қолданылады, ал коммерциялық мәмілелер бойынша төмен көрсетіліп белгіленген бағам тауарлар мен қызмет көрсетулер экспортын қолдау және төлем балансын теңестіру үшін пайдаланылады; ал қаржылық операциялар бойынша – нарықтық бағам қолданылады. Қос валюта резервтерінің кейбір үнемделуін қамтамасыз етеді, өйткені валюталық өктемдік жүргізулерге деген қажеттілік бәсеңдейді.

Девиздік валюта саясаты – мемлекеттік органдардың шетел валюталарын (дивиздерін) сатып алу-сату жолымен ұлттық валюта бағамына ықпал ету әдісі. Ұлттық валютаның бағамын көтеру мақсатында – оны сатады, ал бағамды төмендету үшін – шетел валютасын сатып алады. Девиздік саясат валюталық өктемдік жүргізу, яғни шетел валютасын сатып алу-сату жолымен шетел валютасының бағамына ықпал ету мақсатымен Орталық Банктің валюта нарығындағы операцияларға араласу жолымен жүзеге асырылады.

Нұсқаулық (директивалық) жоспарлау – заңдық күші бар, жоспарларды әзірлеу процесі мен олардың атқарылуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін білдіреді. Олар атаулы сипатқа ие, бүкіл атқарушылар үшін міндетті, ал лауазымды тұлғалар олардың атқарылуына жауап береді.

Дирижизм – экономикалық шешімдер қабылдауда ортақ мүддеге кепіл ретінде мемлекетке жетекші рөл беретін экономикалық саясат.

Дисконттық валюталық саясат – валюта бағамы мен төлем балансын реттеуге бағытталған орталық банктің есептік ставкаларын (мөлшерлемелерін) өзгерту. Валюта саясатының осы түрін жүзеге асыру үшін банктер: қысқа мерзімді капиталдардың қозғалысына; ішкі несиелердің динамикасына; ақша массасының динамикасына; жиынтық төлем сұранысының мөлшеріне ықпал етеді.

Ақша-несие саясаты – несие мен ақша айналымының жағдайына жоспарлы түрде ықпал ету жолымен жиынтық сұранысты реттеу мақсатында Орталық Банк қабылдайтын өзара байланысты шаралар кешенін білдіреді. Қатаң ақша-несие саясаты ақша-несие саясаты құралдарының көмегімен ақша массасын белгілі бір деңгейде ұстап тұруға бағытталған ақша-несие саясаты. Икемді ақша несие саясаты – пайыздық ставкаларды (мөлшерлемелерді) белгілі бір деңгейде ұстап тұруға бағытталған ақша-несие саясаты. Инфляциялық тергеттеу – инфляция индексін белгілі бір деңгейде ұстап тұруға бағытталған ақша-несие саясаты. Ақша-несие өктемдігін жүргізу – елдегі ақша массасын ұлғайтуға бағытталған ақша-несие саясаты.

Ақша-несие рестрикциясы – елдегі ақша массасын азайтуға бағытталған ақша-несие саясаты.

Децилді коэффициент – неғұрлым көбірек табыс табатын азаматтардың 10%-ның орташа кірістері мен одан аздау қамтамасыз етілген азаматтардың 10%-ның орташа кірістері арасындағы қатынасты білдіреді.

Дискрециялық немесе белсенді (активті) фискалдық саясат – жұмыспен қамту деңгейін, өндіріс көлемін, инфляция қарқынын және төлем балансының жағдайын өзгертуге бағытталған үкіметтің арнайы шешімдерінің нәтижесінде мемлекеттік шығыстардың көлемін, салықтарды және мемлекеттік бюджет сальдосын мақсатты бағытталған түрде өзгерту.

Құрылымдық түзетулер жасаудың ұзақ мерзімді бағдарламасы – ұзақтығы 3-4 жылға арналған, әдетте жекешелендіру, демонополизациялау, экономиканы реттеу тетіктерін өзгертуді қамтитын, экономикадағы терең құрылымдық сәйкессіздіктерді түзеуге бағытталған бағдарлама.

Орналастырылғанға дейін – АҚШ-та неғұрлым көбірек таралған, мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясының стандартты әдісі. Мәселен, 90-шы жылдары АҚШ-та 10 жылдық ноттарды және 30 жылдық облигацияларды сату бойынша аукциондардың 20%-ы орналастырғанға дейінгі болып саналды. Орналастырғанға дейінгінің экономикалық мәні мынада: ескі қарызға бұрынғы сипаттарымен жаңа қарызды қосады; тиімді жорамалдарды арттырады, бұл сауданы ұлғайтады және өтімділікті арттырады.

Кіріс – белгілі бір уақыт аралығында үй шаруашылықтары алатын немесе өндірілген және жеке тұтыну үшін қызметтер көрсету мен игіліктерге ие болуға арналған ақша қаражаты мен материалдық игіліктер сомасы.

Халықтың өмір деңгейі – халықтың материалдық тұтыну деңгейін сипаттайтын көрсеткіштердің жиынтығы, мысалы, халықтың жан басына шаққандағы өнімдерді тұтынуы, бір отбасына немесе 100 отбасына есептегендегі осы өнімдермен қамтамасыз етушілік, тұтыну құрылымы.

Оукен Заңы: циклдік жұмыссыздық 1%-ға ұлғаятын болса, онда нақты ҰЖӨ әлеуетті өнімнен -%-ға артта қалады.

Осыған дейінгі қарыз міндеттемелерін жаңа міндеттемелермен (ұлттық немесе шетел валютасында) алмастыру. Бұл ретте жаңа бағалы қағаздар бойынша пайыз ставкасы (мөлшерлемесі), облигациялардың номинал құнын сақтау жағдайында ескілерден төмен болуы мүмкін.

Индикативті жоспарлау – бұл экономиканың жұмыс істеуіне ықпал етудің негізгі әдісі, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүзеге асыру құралы. Ол мемлекеттік экономикалық саясатқа сәйкес келетіндей, экономиканың жағдайы мен дамуын сипаттайтын параметрлер жүйесін қалыптастыру процесін білдіреді.

Институционалды әдістер – ұйымдық-ресімделген іс-қимылдар жүйесі. Бұл іс-қимылдар ұзақ уақыт өмір сүруші құбылыстармен байланысты, мысалы, «құқық институты», «меншік институты».

Құралдар (инструменттер) – яки үкіметтің билігінде тікелей болатын, яки ол жанама ықпал етуі мүмкін экономикалық тұтқалардың жиыны.

Болжамдаудың интуитивті әдістері – күрделі проблемаларды шешу үшін пайдаланылады, ақпараттық қамтамасыз етушілікке қатыссыз, болашақтағы обьектінің жағдайына болжамдық баға алуға мүмкіндік береді.

Инфляция – ақшаның сатып алу қабілетінің төмен түсу процесі.

Басы артық (избыточные) резервтер – міндетті резервтерден артық резервтердің кейбір сомалары, мысалы, алдын-ала болжап білуге болмайтын жағдайлар, өтімді құралдарға қажеттіліктің ұлғаюы алдын-ала болжап білуге болмайтын жағдайлары үшін.

Инвестициялар – бұл кіріс алу мақсатымен, материалдық және материалдық емес активтерді өндіру (ұдайы өндіру) процесінде оның физикалық (материалдық-заттық) және ақшалай формаларында тікелей және орталықтандырылған түрде капитал жұмсау.

Инвестициялық ахуал – экономикалық, саяси, әлеуметтік, ұйымдық-құқықтық, әлеуметік-мәдени, географиялық, сыртқы және өзге факторлардың жиынтығы.

Инвестициялық процесс – инвестициялық құралдарды ұстап тұруға, ұлғайтуға және қалпына келтіруге бағытталған экономикалық қатынастардың жиынтығы. Инвестициялық ресурстардың материалдық байлыққа және қоғамдық игілікке айналуы инвестициялық процестің экономикалық мәні болып табылады. Инвестициялау процесін «инвестициялық ресурстар - өндіріс факторлары – инвестициялық қызмет өнімі» схемасы түрінде сипаттауға болады.

Адам дамуының индексі (АДИ) – адам әлеуеті дамуының үш негізгі компоненттерінің деңгейін бірдей салмақпен өлшейді: өмір жасының ұзақтығы мен денсаулық және халықтың жан басына шаққандағы нақты ІЖӨ-мен. Бірінші компонент өмір жасының ұзақтығын 85 жылға жақындату дәрежесімен (85 жасқа дейін өмір сүру 1 индексімен бағаланады, 25 жыл өмір жасының ұзақтығы 0 индексімен бағаланады). Екінші компонент 2/3 салмақпен (өлшеммен) алынған, халықтың сауаттылық көрсеткішімен және 1/3 өлшеммен алынған, 25 жасқа дейінгілерді қоса алғанда бастауыш, орта оқу орындарында, одан жоғары білім беру сатысында оқитындардың жиынтық коэфициент көрсеткішімен бағаланады. Осы көрсеткіштердің 100% ең жоғары ықтимал мәні 1 индексін береді, ал ең төменгі ықтимал мәні - 0%. Үшінші компонент салыстыру базасы үшін қабылданған кейбір шекті шамаға халықтың жан басына шаққандағы ІЖӨ қатынасымен айқындалады. БҰҰ даму бағдарламасы (БҰҰДБ) методологиясына сәйкес, адам дамуы индексі (АДИ) 0,8-ге тең елдер адам әлеуетінің дамуы жоғары деңгейдегі мемлекеттерге жатады; 0,5-тен 0,8-ге дейін орта; 0,5-тен төмен – деңгейі төмен елдер болып саналады.

Мемлекеттің инвестициялық стратегиясы – шектеулі инвестициялық ресурстарды жұмсау жолымен дәйекті жүзеге асыру белгілі бір мерзімге алдыға қойған мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін, ірі ауқымды шешімдер мен белгіленген қызмет бағыттарының жүйесі.

Инвестициялық тактика – инвестициялық стратегияның қандай да бір нақты кезеңіндегі мақсаттарға жетуге және міндеттерді шешуге бағытталған экономикалық саяси қызмет формалары тәсілдерінің, әдістерінің жиынтығы.

Капиталды көп жұмсамайтын техникалық прогресс – капиталды және еңбекті, ең алдымен капиталды пайдаланудың тиімділігін арттыратын процесс.

Өмір сапасы – жеке адамдардың әлеуметтік өзін-өзі сезінуіне, халықтың әл ауқатына түбегейлі әсерін тигізетін, экономикалық-әлеуметтік, табиғи экологиялық және адамның өмірлік қызметінің өзге де белгілі бір жағдайларын үйлестіретін күрделі және шегі кең категория.

Джини Коэффициенті халықтың топтары арасында жиынтық кірісті бөлуді сипаттайды. 1912 жылы оны бірінші болып енгізген итальян статистигінің атымен аталған. Джини коэффициенті агрегатталған көрсеткішті білдіреді және 0-ден (абсолюттік теңдік) 1-ге дейін (абсолютті теңсіздік) өзгеруі мүмкін. Нақтысында кірістердің бөлінуі аз түрде біркелкі болатын елдер үшін Джини коэффициенті 0,50-ден 0,70-ке дейін ауытқиды, ал кірістері оларға қатысты біркелкі бөлінетін елдерде – 0,20-дан 0,35-ке дейін ауытқиды. Бұл коэффициент неғұрлым үлкен болса, теңсіздік те соғұрлым күшті болады, яғни кірістер деңгейі бойынша қоғамды белдеулерге бөлу (поляризациялау) дәрежесі жоғары болса, бұл коэффициент соғұрлым 1-ге жақын. Қоғамдағы кірістерді теңестіру кезінде бұл көрсеткіштер нөлге жақындайды.

Лаг – бейімделуге қажетті уақыт аралығы; экономика мен саясат аралығындағы күрделі байланыстарды білдіретін көп немесе аз уақытқа созылған кезеңдер. Саяси лагтар проблемасы көп өлшемді. Оған «лагты анықтау» қауіптілік (дағдарыс, коньюнктураның қызып кету және т.б.) симптомдарының пайда болуы және оларды саяси органдардың анықтауы арасындағы уақыт; оны анықтау мен шешім қабылдау; шешім қабылдау мен іс-қимыл аралығы. Содан кейін екінші акт – оған әлеуметтік ортаның бейімделуі, қоғамдық келісім дәрежесі басталады.

Лоббизим – бұл саяси мағынаға және құқықтық негіздеуге ие және демократиялық саяси жүйенің интегралды элементі болып саналатын жоғары білікті қызмет.

Лобби, лоббизм – бұл мемлекеттік органдардың заң шығару және әкімшілік қызметіне ұйымдасқан түрде ықпал ету жолымен азаматтардың әртүрлі топтарының мүдделерін жүзеге асыру жүйесі мен тәжірибесі.

Лоббистер – кәсіби негізде ұйымдасқан және саясаткерлер мен шенеуніктер арқылы түбегейлі саяси және орталанған түрде ықпал етуге ие, жаңа саяси институт.

Макроэкономикалық түзету жасау – ашық экономика заңдарының автоматты қолданылуы, сол сияқты белгілі бір экономикалық саясатты мақсатты бағытталған түрде жүзеге асыру нәтижесінде сыртқы және ішкі жағдайлардың өзгеруіне экономиканың бейімделу процесі.

Макроэкономикалық бағдарламалау - өмір сүруші экономикалық жағдайлардың, алдыға қойған экономикалық мақсаттар мен оларға жету құралдарының жиынтығы.

Болжам жасау әдістері – ретроспективалық мәліметтерді, экзогенді және эндогенді өзгермелі мәліметтерді талдау, сондай-ақ қарастырылып отырған құбылыс шеңберінде өзгерістерді есепке алу негізінде, оның болашақ дамуына қатысты белгілі бір дәрежеде пайым жасауға мүмкіндік беретін, ойлау амалдары мен тәсілдерінің жиынтығы.

Экстрополяция әдістері – құбылыстың бір бөлігінің үстінен оның өзге бөлігіне бақылау жасаудан алынған қорытындыларды (тұжырымдарды) қолданудан тұратын, ғылыми зерттеу әдістері.

Ең төменгі тұтыну деңгейі – оны кеміту тұтынушыны өзінің өмір сүру қалыпты жағдайларын қамтамасыз ету шегіне қоятын, тұтыну жиыны.

Салықтар – бұл бюджетке түсетін жеке және заңды тұлғалардың міндетті төлемдері. Салық салу – кірістер мен мемлекеттік қаражатты толықтыру көздерін реттеу тәсілі. Салықтар сыныптамасы. Салықтар алу тәсілдері бойынша тікелей және жанама салықтар болып бөлінеді. Тікелей салықтар кіріс алушылардан немесе мүліктен тікелей алынады. Жанама салықтар тауар бағасына қосылады және тауарды сату кезінде алынады. Анықтау тәсілі бойынша салықтар пропорционал, прогрессивті және регрессивті болып бөлінеді. Пропорционал салықта – салық мөлшерлемесі (ставкасы) кірістердің мөлшеріне қатыссыз өзгеріссіз қалады. Прогрессивті салықта – салық мөлшерлемесі (ставкасы) кірістің ұлғаюына қарай өседі. Регрессивті салықта – салық мөлшерлемесі (ставкасы) кірістің ұлғаюына қарай төмендейді. Бюджет деңгейі бойынша – жалпы мемлекеттік және жергілікті болып бөлінеді. Пайдалану тәртібі бойынша – жалпы және мақсатты. Жалпы салық бірыңғай қазынаға түседі. Мақсатты салық – белгілі бір мақсатқа пайдаланылады.

Ұлттық немесе мемлекеттік инвестициялық саясат – бұл шектеулі инвестициялық ресурстарды өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну себебі бойынша мемлекет пен шаруашылық субьектілері арасындағы өндірістік қатынастардың жиынтығы.

Ұлттық болжам жасау экономиканы дамыту бағыттары туралы ғылыми-негізделген түсініктер жүйесін қалыптастыруды білдіреді. Оның мазмұны оңтайлы шешім қабылдау үшін ықтимал нұсқалар спектрін айқындаумен байланысты.

Бейтарап техникалық прогресс – еңбек өнімділігі мен капиталдың бірдей артуын қамтамасыз ететін процесс.

Норматив – бұл ресурсты пайдалануды немесе өлшем бірлігіне оның үлестік шығысының дәрежесін сипаттайтын, элементтер бойынша оның басты бөліктерінің нормалары.

Ұлттық тәртіп (режим) шетелдік және отандық инвесторларға бірдей қызмет жағдайын беруді болжайды. Бұл тәртіп (режим) бірдей бәсекелестік артықшылықтарды қамтамасыз етуге ұмтылады. Бірақ та, нақты әлемдік тәжірибеде 100% ұлттық тәртіп (режим) мысалдары бізге белгісіз, яғни белгілі бір ерекшеліктерді болжамайтын тәртіп (режим) бізге беймәлім. Мексика заңдары бойынша, мысалы, стратегиялық салалар – мұнай өндіру, мұнай химия индустриясы, атом қуатын, радиоактивті материалдар өндіру, пошта, радио, телеграф, ақша банкноттарын шығару, монеталар өндірісі, порттар, әуежайлар, оның ішінде тікұшақтар қызметіне бақылау және басшылық жасау ұлттық тәртіптегі (режимдегі) ерекшеліктерге кіреді.

Дискрециялық емес фискалдық саясат – жиынтық кірістің циклдік ауытқуы нәтижесінде мемлекеттік шығыстар көлемінің, салықтар мен мемлекеттік бюджет сальдосының автоматты түрде өзгеруі. Дискрециялық емес фискалдық саясат ҰЖӨ-нің өсу (азаю) кезеңдерінде мемлекеттік бюджетке түсетін таза салық түсімдерінің автоматты түрде ұлғаюын болжайды, бұл экономикаға тұрақтандырушылық әсерін тигізеді.

Номинал кіріс – белгілі бір уақыт ішінде алынатын ақшалай кірістер сомасы, ол баға динамикасын ескереді.

Міндетті резервтер нормалары – депозиттер көлемінен пайыздармен белгіленеді. Олар салымдардың түрлеріне қатысты көлемі (мөлшері) бойынша ажыратылады.

Экономикалық саясат обьектісі – ұлттық мемлекеттік шекаралар шеңберіндегі экономикалық жүйе.

Міндетті резервтер – бұл комерциялық банктер елдің орталық банкінде пайызсыз салымдар түрінде сақтауы тиіс депозиттер сомасының бір бөлігі.

Ашық нарықтағы операциялар – бұл ақшаны реттеу құралы Орталық Банктің мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу-сатуын болжайды.

Сыртқы қарыздың салыстырмалы параметрлері сыртқы қарызды төлеумен байланысты әлеуетті қауіп-қатерлердің (тәуекелдердің) индикаторы болып қызмет етеді және елдің төлем қабілеттілігі мен өтімділігін бағалайды, осылайша сыртқы қарызды басқару бойынша ақылға қонымды саясат жүргізуге мүмкіндік береді.

Зерттеу пәні (предметі) - әлеуметтік-экономикалық ақпараттарды жүйелеу, талдау және бағалау тәсілдері және осы негізде экономикалық саяси шешімдер қабылдау; әлемдік экономикалық теория мен мемлекеттік реттеу тәжірибесімен тұжырымдалған экономикалық саясаттың әдістері мен құралдары, сондай-ақ оларды жүзеге асыру тәсілдері.

Тұрақтандырушы бағдарлама – экономиканың терең құрылымдық проблемаларымен байланысты емес баланстардың бұзылуын бір реттік түзету жасауға бағытталған, 1-1,5 жылға созылатын бағдарлама.

Ағымдағы бағдарлама – елдің макроэкономикалық дамуын орта мерзімді жоспарлау немесе болжам жасау бағдарламасы.

Қоғамдық таңдау теориясы – экономиканың және экономикалық саясаттың саяси, құқықтық, психологиялық факторлармен өзара байланысын қарастырады және осымен байланысты мемлекеттік аппаратқа оның сапасы мен қызметіне үлкен назар аударады. Қоғамдық таңдау теориясы, үкіметтің әртүрлі жағдайларда үкімет не істеуі тиіс екенін ескертуге талпыныс жасаудан гөрі іс жүзінде не атқаратынын және атқаруға ұмтылатынын түсіндіруге ұмтылыс жасайды.

Сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі – олардың әрбірінің сатып алу қабілетін теңестіретін валюталардың айырбастау бағамының деңгейі.

Жоспар – дәл белгілі бір мақсаттардың қойылысын және зерттелетін обьектінің егжей-тегжейлі оқиғаларын топшылауды білдіреді. Оның басты белгісі – көрсеткіштердің нақтылығы, уақыт және саны бойынша олардың белгілігі.

Әлеуетті өсу – экономика өсуі тиіс жылдамдық.

Жекешелендіру – бұл мемлекеттік меншік нысандарының жекеменшікке өтуі.

Экономиканың дамуын болжау – сандық және сапалық тұрғыдан көрсетілген және ұлттық экономиканың даму болашақ параметрлері туралы түсінік беретін, дәлелді жорамалдар кешені.

Бағдарламалық-мақсатты әдіс – бұл ірі проблемалардың жоспарлы шешімдер жүйесін қалыптастыру тәсілі. Әлеуметтік, экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың негізгі мақсаттарын таңдау, ресурстармен теңдестірілімді қамтамасыз ету жағдайында белгіленген мерзімдерде оған жетудің өзара байланыстырылған іс-шараларын әзірлеу оның мәні болып табылады.

Шетел инвестицияларын көтермелеу (ынталандыру) саясаты – мүмкіндігінше инвестициялардың неғұрлым көбірек көлемін тартуға бағытталған, яғни мұнда оның сапалық жағы емес, саны көбірек маңызды.

Капиталдың құйылуын бақылау саясаты – отандық экономиканы капиталдардың әлемдік нарығының тұрақсыздығы мен сілкіністерден қорғауға бағытталған. Елден капиталдың «қашуына» жол бермеу капиталдың жылыстауын бақылау саясатының негізгі мақсаты болып саналады.

Азық-түлік қауіпсіздігі – бүкіл адамдар және кез келген уақытта өзінің диеталық қажеттіліктерін және белсенді, салауатты өмір салты үшін оған дәмдік артықшылықтар беруін қанағаттандыру үшін саны жеткілікті қауіпсіз және жұғымды (нәрлі) тамаққа деген физикалық және экономикалық қол жетімді болған кезде өмір сүреді. Бүкіл дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Рим декларациясында «өмір сүруге негізгі құқық пен тепе-тең тамақтану құқына сәйкес әрбір адамның денсаулыққа қауіпсіз және толыққанды тамақ өнімдеріне қол жетімді болу құқығын» кез келген ұлттық мемлекеттің қамтамасыз ету міндеттілігі туралы сөз болып отыр.

Протекционизм – сауда саясатының тарифтік және тарифтік емес құралдарын пайдалану жолымен ішкі нарықты шетелдік бәсекелестерден қорғаудың мемлекеттік саясаты. Протекционистік үрдістерді дамыту протекционизмнің бірнеше формаларын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді: селективті протекционизм – жекелеген елдерге немесе жекелеген тауарларға бағытталған; салалық протекционизм – белгілі бір салаларды, ең алдымен ауылшаруашылығын қорғайды.

Кірістер саясаты – жеке ақшалай кірістерге (жұмыскерлердің жалақысына) және тауарлар мен қызмет көрсетулер бағаларына және сол арқылы жеке нақты кірістерге ықпал етудің үкіметтік саясаты.

«Тұтыну себеті» - тұтынудың белгілі бір деңгейін қамтамасыз ететін игіліктер мен қызмет көрсетулердің жиыны. «Тұтыну себеті» құнының өзгеруі халықтың кірісін қалыптастыру саясатын жүргізу үшін негіз болып қызмет етеді.

Принциптің ортақтығы бюджет жүйесін ұйымдық-экономикалық орталықтандыру дәрежесін білдіреді. Орталық мемлекетте бірыңғай (ортақ) бюджет жүйесінің мемлекеттік кірістердің, шығыстардың, қаржылық құжаттардың бюджеттік сыныптаманың бірыңғай (ортақ) жүйесінің қолданылатынын білдіреді. Мемлекет тарапынан бюджет қаражатының қозғалысына тиімді бақылау белгілеу ортақтық (бірыңғайлық) принципінің міндеттері болып саналады.

Толықтық принципі үкіметтің барлық қаржылық операцияларының, барлық жиналатын кірістердің және жұмсалатын шығыстардың бюджетте шоғырлануын білдіреді.

Шынайылық принципі мемлекеттің қаржылық операцияларының бюджетте шынайы көрсетілуін, бекітілген сомалардың өз мақсаты бойынша бюджеттік атқарылуына сәйкестігін көздейді.

Жариялылық принципі бюджеттің кірістері мен шығыстары туралы мәліметтерді тапшылық (дифицит) мөлшерімен және оны жабу тәсілдерімен бұқаралық ақпарат құралдарында БАҚ) жариялау талабын білдіреді.

Болжам – есептеу мен тарихи және ағымдағы ақпараттарды талдау негізінде болашақтағы экономикалық үрдістерді топшылау.

Мемлекеттік көмек бағдарламалары – бұл өзінің өмірін қамтамасыз ету үшін табыс табуға қабілетсіз және сақтандыру жарналарын төлеу мүмкіндіктеріне ие емес (мүгедектер және ата-аналарының асырауындағы балалар) тұлғаларға жәрдемақы төлеу бағдарламалары; білім және медициналық көмек алу мүмкіндігі. Мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдерінен қаржыландырылады.

Иелік ететін кіріс – жеке тұтынуға және жеке салым жасауға жұмсалатын шығыстар үшін пайдаланылуы мүмкін; жеке кіріс жеке салықтарды шегергендегі кіріс.

Нақты кіріс – жеке тұлға немесе тұлғалар тобы белгілі бір кезең ішінде өзінің номинал кірісіне сатып алуы мүмкін тауарлар мен қызмет көрсетулердің саны; баға деңгейінің өзгеруіне түзетілген номинал кіріс.

Тұтынудың рационалды деңгейі – жеке адам (индивид) үшін неғұрлым қолайлы тұтыну саны мен құрылымы. Тұтынудың ең төменгі деңгейі «кедейлік шегін» анықтайды. «Кедейлік шегінде» өмір сүретін халықтың үлесі аталған елдегі өмір деңгейін сипаттайтын аса маңызды көрсеткіштердің бірі болып саналады. Осы көрсеткішті төмендету, кедейшілікпен күрес - әлеуметтік саясаттың басты міндеттерінің бірі болып саналады.

Қарызды қайта құрылымдау (қайта ресімдеу) қарыз (борышкер) елдің экономикалық жағдайына және кредитор елдің талаптарына: қарызды ішінара жою; қарыз міндеттемелерінің мерзімдерін одан әрі созу; қызмет көрсету бойынша пайыз мөлшерлемесін(ставкасын) төмендетуге қатысты әртүрлі схемалар базасы шеңберлерінде жүзеге асырылады.

Нақты валюта бағамы – екі елде шығарылған тауарлардың салыстырмалы бағасы. Нақты валюта бағамы, бір елдің тауарлары екінші бір елдің тауарына айырбасқа сатылуы мүмкін арақатынас. Нақты валюта бағамы кейде сауда шарты ретінде айқындалады.

Көбірек қолайлы жағдай жасау тәртібі (режимі) – капиталдың реципиент-елі бір мемлекеттің инвесторларына өзге инвесторларға қарағанда одан аз емес қолайлы жағдай жасау. Яғни барлық шетел инвесторларына бірдей бәсекелестік артықшылықтар жасау оның мәні болып саналады.

Әлеуметтік әділеттіліктің роулсиандық принципі – неғұрлым аз қамтамасыз етілген тұлғалардың пайдалылығы арттырылады.

Әлеуметтік әділеттіліктің нарықтық принципі - әділеттілікті нарық орнатады.

Ауыздықтаушы (фискалдық рестрикция) саясат – бюджет шығыстарын шектеу (бюджет тапшылығын азайту немесе оны толық жою), салықтарды ұлғайту немесе осы шараларды аралас жүзеге асыру жолымен экономиканың циклдік құлдырауын (басылуын) шектеу. Қысқа мерзімді перспективада бұл жұмыссыздықтың өсу және өндірістің құлдырауымен (басылуымен) сұраныс инфляциясын төмендетуге мүмкіндік береді.

Сеньораж – ақша басып шығарудан алатын мемлекет кірісі. Сенвораж нақтылы ҰЖӨ-нің өсу қарқынынан ақша массасының өсу қарқынының асып кетуінен туындайды, бұл бағаның орташа деңгейінің көтерілуіне әкеледі.

Жасырын бюджет тапшылығы – Орталық Банктің квазифискалдық (квазибюджеттік) қызметімен, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар мен коммерциялық банктердің қызметімен байланысты тапшылық. Квазифискалдық операциялардың қатарына мыналар жатады:

а) мемлекеттік кәсіпорындардың артық-жұмыспен қамтуды қаржыландыруы және банк ссудалары есебінен немесе өзара қарыздарды жинақтау жолымен жалақы мөлшерлемелерін (ставкаларын) нарықтық мөлшерлерден жоғары төлеуі;

б) экономикалық реформалардың бастапқы сатыларында Орталық Банктен бөлініп шыққан коммерциялық банктерде жұмыс істемейтін ссудалардың (мемлекеттік кәсіпорындардың кешіктірілген қарыз міндеттемелерінің, үй шаруашылықтарына, фирмаларға және т.б. жеңілдік несиелердің) үлкен портфелінің жинақталуы. Бұл несиелер, негізінен, Орталық Банктің жеңілдік несиелерінің есебінен төленеді, әрі өтпелі экономикадағы «жаман қарыздар» («плохих долгов») портфелдерінің көлемі аса елеулі;

в) Орталық Банктің (өтпелі экономикада) үкіметке пайызсыз және жеңілдікпен несиелер беру (бидай, күріш, кофе және т.б. сатып алуға және т.б.) және жұмыс істемейтін ссаудаларға қызмет көрсетуге коммерциялық банктерге қайта қаржыландыру несиелерін беру валюталарының айырбас бағамын тұрақтандыру жөніндегі шаралардан келген шығындарды қаржыландыру, сондай-ақ Орталық Банктің ауылшаруашылық, өнеркәсіп және тұрғын үй бағдарламаларын жеңілдік мөлшерлемелер (ставкалар) бойынша қаржыландыруы және т.б.

Ынталандырушы (көтермелеуші) (фискалдық өктемдік жүргізу) саясат – экономиканың циклдік құлдырауын (басылуын) жою және мемлекеттік шығыстардың ұлғаюын, салықтардың азаюын немесе осы шаралардың аралас қолданылуын болжайды. Ұзақ мерзімді кезеңде салықтарды төмендету саясаты бюджет әлеуетінің өсуіне әкелуі мүмкін.

Сыртқы қарызды (берешекті) басқару стратегиясы – экономикалық, саяси шаралардың, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың жиынтығы. Елдегі саяси тұрақтылықты және сыртқы кредиторлармен жақсы қатынастарды ұстап тұру саяси шаралардың мәні болып саналады. Әлеуметтік шаралар - әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Экономикалық шаралардың қатарына: қарызды құнын өтеп сатып алуды; акционерлік капиталға қарызды айырбастауды; осыған дейінгі қарыз міндеттемелерін жаңа міндеттемелермен алмастыруды; қарызды қайта құрылымдауды жатқызуға болады.

Құрылымдық тапшылық – бұл экономиканы дамытуға ірі мемлекеттік салымдарды жүзеге асыру қажеттілігі салдарынан немесе төтенше мән-жағдайлар (лаңкестерге қарсы операциялар жүргізу, табиғат аппаттарын немесе өзге де төтенше жағдайларды жою) нәтижесінде туындайтын бюджет тапшылығы.

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты - әлеуметтік процестерді реттеу және қажетті нәтиже алу мақсатында оған реттеушілік ықпал етуге бағытталған шаралар жиынтығы.

Әлеуметтік қорғау – халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын және қоғамдық өндіріске қосылмағандарды қолдау, сондай-ақ еңбек тәртібін мемлекеттің реттеуі арқылы жалданып жұмыс істейтін тұлғаларды және оларға ақы төлеуді, жұмыскерлердің құқықтарын қорғау. Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) ұсынатын тұжырымдарға сәйкес, әлеуметтік қорғау жүйесі шараларының кешеніне мыналар кіреді: тұрақты, ақы төленетін еңбек қызметін ынталандыру; негізгі әлеуметтік қауіп-қатерлер (тәуекелдер) туындаған жағдайларда әлеуметтік сақтандыру тетіктерінің көмегімен оны жою және еңбек кірістерінің бір бөлігін өтеу; әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып саналмайтын халықтың әлсіз топтарына арналған әлеуметтік көмек тетіктерін беру; азаматтардың білім беру және медициналық көмек сияқты негізгі құқықтар мен қызметтер алуына қолжетімділік.

Әлеуметтік көмек – бюджет қаражаты есебінен халықтың белгілі бір сипаттарын қосымша қорғауға арналған жүйе.

Әлеуметтік қызмет көрсетулер жүйесі (денсаулық сақтау, білім беру, кәсіби даярлық, жұмыспен қамту қызметі), олардың әрбірінде жеке кәсіпорындардың бар екендігіне қарамастан әлеуметтік инфрақұрылымдар саласының мемлекеттік секторына сүйенеді. Мемлекет өндірісті қаржыландыруға және сол арқылы халыққа олардың қол жетімділігін ұлғайта отырып әлеуметтік қызмет көрсетулерді бөлуге қатысады.

Құрылымдық валюталық саясат – валюта жүйесіндегі құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруға бағытталған үзақ мерзімді шаралар жиынтығы.

Сауда еркіндігі – сұраныс пен ұсынысқа еркін нарықтық күштер негізінде дамитын мемлекеттің сыртқы саудаға барынша аз араласу саясаты.

Сауда саясаты – импорт пен экспортқа тікелей шектеу және салықтар, субсидиялар арқылы сыртқы сауда көлемін реттеуге бағытталған үкіметтің саясаты. Мемлекеттің сыртқы саудаға араласу ауқымына қатысты протекционистік сауда саясаты және еркін сауда саясаты болып ажыратылады.

Мемлекеттік қарызды (борышты) басқару кең мағынасында – заем алушы, кредитор және кепіл ретіндегі оның қызметімен байланысты, мемлекеттің қаржылық саясаты бағыттарының бірін қалыптастыру. Тар мағынасындағы мемлекеттік қарызды (борышты) басқару – мемлекеттің қарыз (борыш) міндеттемелерін шығаруға және орналастыруға дайындықпен және мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын реттеумен, мемлекеттік қарызға (борышқа) қызмет көрсетумен және борышты өтеумен, ссудалар мен кепілдіктер берумен байланысты іс-қимылдардың жиынтығы.

Жедел амортизация – оларды пайдаланудың нақты мерзіміне қарағанда, құралдарды неғұрлым қысқа мерзімде амортизациялық қорға есептен шығару.

Әлеуметтік әділеттіліктің утилитарлы принципі – қоғамның барлық мүшелерінің жалпы пайдалылығы артады.

Ағымдағы валюта саясаты – валюта нарығындағы валюта бағамын, валюта операцияларын және қызметін күнделікті жедел реттеуде пайдаланылатын қысқа мерзімді шаралардың жиынтығы.

Еңбекті үнемдейтін техникалық прогресс – еңбекті, капиталды, дегенменен еңбекті үнемдеуді қамтамасыз ететін процесс.

Федералдық резервтік жүйе (ФРЖ) – бүкіл елде орналастырылған және мемлекеттік билікке толықтай тәуелді, 12 федералдық банктер арқылы таныстырылған, АҚШ-тың орталық банкі.

Фискалдық саясат – бұл мемлекеттік шығыстардың және салық салудың көлемін өзгерту арқылы экономикаға ықпал ету.

Функционалдық әдіс – нақты экономикалық тетіктің қолданылуымен, «жұмыс жасауымен», экономиканың сол тарихи кезінде тұтастай түрде қалыптасқан ұдайы өндірісімен байланысты.

Циклдік тапшылық (профицит) – салық түсімдерінің автоматты түрде қысқаруынан (ұлғаюынан) және іскерлік белсенділіктің басылуынан, мемлекеттік трансферттердің ұлғаюынан (қысқаруынан) туындаған мемлекеттік бюджеттің тапшылығы (профициті).

Әлеуметтік әділеттіліктің эгалитарлы принципі – қоғамның барлық мүшелері бірдей игілікке ие болады.

Экономикалық шаралар – бұл нарықтық процестердің дамуын мемлекетке қажетті сүрлеуге (атап айтқанда, жиынтық сұраныс пен ұсынысқа, капиталды орталықтандыру дәрежесіне, экономиканың құрылымдық аспектілеріне) бағыттау үшін соның көмегімен белгілі бір жағдай жасалатын мемлекеттік ықпал ету шаралары. Қаржылық және ақша-несие саясаты, бағдарламалау және болжам жасау экономикалық шаралар қатарына жатады.

Экономикалық саясат – үкімет әзірлеген бағдарлама бойынша мемлекет жүзеге асыратын, экономикалық жүйенің бір динамикалық жағдайынан екіншісіне саналы түрде өтуі.

Экономикалық өсу – экономика ауқымының ұзақ мерзімді тұрлаулы өсуі, яғни абсолютті түрде, сол сияқты халықтың жан басына шаққанда – ҰЖӨ-нің немесе ұлттық табыстың (ҰТ) үдемелі өсу процесі.

Мемлекеттің экономикалық стратегиясы – шектеулі ресурстарды жұмсау жолымен дәйекті жүзеге асыру белгілі бір мерзімге алдыға қойған негізгі міндеттерге жетуді қамтамасыз ететін, ірі ауқымды шешімдер мен белгіленген қызмет бағыттарының жүйесі.

Экономикалық тактика – экономикалық стратегияның қандай да бір нақты кезеңіндегі мақсаттарға жетуге және міндеттерді шешуге бағытталған экономикалық-саяси қызмет тәсілдерінің, әдістерінің және формаларының жиынтығы.

Ығыстырып шығару күшті әсері (эффектісі) бюджеттің өктемдік ету салдарынан туындаған пайыздық мөлшерлемелердің көтерілуінен сұраныстың кемуі.

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның дүниежүзінің барынша бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына ену стратегиясы. Астана, 2006.
  2. 2003-2015 жылдарға арналған елдің индустриалды-инновациялық даму Тұжырымдамасы.
  3. 1995 жылдың 30 тамызындағы Қазақстан Республикасының Конституциясы.
  4. 1992 жылғы 4 маусымдағы № 1543 Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» Заңы.
  5. 1998 жылдың 2 шілдесіндегі № 267-1 Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы (23.07. 1999 жылғы № 454 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген 28.04.2000ж № 46 өзгерістермен).
  6. 2000 жылғы 5 маусымдағы № 839 Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы көмек туралы» Заңы.
  7. 2000 жылғы 24 сәуірдегі № 2235 Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке түсетін өзге де міндетті төлемдер туралы» Заңы.
  8. «Қазақстан Республикасының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. «Казахстанская правда» 2005 жылғы 26 желтоқсан.
  9. 1998 жылғы № 213-1 Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңы.
  10. Аттапханов К.А. Фискальная система государства: роль и вопросы совершенствования. Международная экономическая академия Евразии. Алматы. Гылым, 1999 г.
  11. Балансы ресурсов и использования важнейших видов сырья продукции производственно-технического назначения и потребления товаров по Республике Казахстан: статистический справочник /Агентство РК по статистике. Алматы, 2006 г.
  12. Владимирова Л.П. Прогнозирование и планирование условиях рынка. Москва, «Дашков и К». 2006 г. 24.Государственная экономическая политика: опыт перехода к рынку/под ред. д.э.н., проф. Сидоровича А.В. Москва, 1998 г.
  13. Государственное регулирование рыночной экономики. Под общ.ред. д.э.н., проф. В.И. Кушлина и д.э.н., проф. Н.А.Волгина. Москва «Экономика». 2000 г.
  14. Государственное регулирование рыночной экономики. Под редакцией Петрова Р.П. Санкт-Петербург, 1999г.
  15. Государственное регулирование экономической деятельности. Коллектив авторов А.Аганов и д.р. Москва, Юрист, 1998г.
  16. Гуревичев М.М. Государственное регулирование переходной экономики. Харьков 1999г.
  17. Долан Э.Дж., Линдсей Д. Макроэкономика / Пер.с англ.- СПб.: АО "Санкт-Петербург оркестр" , 1994. 405 с.
  18. Пикулькин А.В. Система государственного управления: Учебник. М.: Закон и право, Юнити , 1997. 352 с.
  19. Сабденов О. Экономическая политика переходного периода на рубеже XXI века. Алматы: Казахстан, 1997.368 с.
  20. Самуэльссон П. Экономика. В 2 томах /Пер. с англ. М.: НПО "АЛГОН", ВНИСИ, 1992. 748 с. 9. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика /Пер. с англ. - М.: "Дело ЛТД", 1993, - 864с.
  21. Экономика. Учебник. Под ред. Булатова А.С. М.: Издательство БЕК, 1996. - 632 с.
  22. Елемесов Р., Жатканбаев Е. Государство и рынок: Учебное пособие. Алматы: Каржы-Каражат, 1997г.
  23. Каренов Р.С. Государственное регулирование экономики. Алматы: Гылым, 1999-254с.

24 Зайдель X., Теммен Р. Основы учения об экономике / Пер.с нем. - М. "Дело ЛТД", 2004. 400 с.

  1. Государственное регулирование рыночной экономики. (Под ред. Петрова Р.П.). Санкт-Петербург, 2003.
  2. Государственная экономическая политика: опыт перехода к рынку (Под ред. Сидоровича А.В.). М.: 2005.
← Предыдущая
Страница 1
Следующая →

Скачать

Экон мем реттеу.doc

Экон мем реттеу.doc
Размер: 1.5 Мб

Бесплатно Скачать

Пожаловаться на материал

Экономиканы мемлекеттік реттеу түсінігі, міндеттері және. Экономиканы мемлекеттік реттеу методологиясы. Экономиканы мемлекеттік реттеудің ұйымдық негіздері және. Өтпелі экономикадағы мемлекеттің рөлі. Экономикалық өсу: оны қамтамасыз ету жөніндегі негізгі. Әлеуметтік-экономикалық болжам жасау және жоспарлау – экономиканы реттеу жөніндегі мемлекет қызметінің бастапқы кезеңі ретінде. Ғылыми-техникалық прогрестің бағыты және мемлекеттің оны жеделдетудегі рөлі.

У нас самая большая информационная база в рунете, поэтому Вы всегда можете найти походите запросы

Искать ещё по теме...

К данному материалу относятся разделы:

Нарықтың жетілмегендігі және экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі

Мемлекеттік реттеудің әлеуметтік-экономикалық мақсаттары

Экономиканы мемлекеттік реттеу субьектілері мен обьектілері

Мемлекеттің экономикалық функциялары

Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі туралы ғылыми бағыттар

Экономиканы мемлекеттік реттеудің методологиялық негіздері

Экономикалық процестерді тікелей және жанама мемлекеттік реттеу әдістері

Ұйымдық-институционалдық әдістер

Статистикалық әдістер

Арнаулы әдістер

Экономикалық нормативтер

Мемлекеттік сектор – экономикалық қатынастар жүйесі ретінде. Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі жекешелендіру

Қазақстанда мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігі

Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері

АҚШ экономикасын мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері

Дүниежүзілік экономиканы жаһандандырудың ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеуге тигізетін әсері

Қоғамның экономикалық жүйесі және оның негізгі элементтері

Әміршілдік-әкімшілік экономикалық жүйенің нарықтық жүйеге трансформациялану проблемалары

Өтпелі экономиканы мемлекеттік реттеу

Экономикалық өсу түсінігі мен факторлары

Макроэкономикалық саясаттың түрлері

Экономикалық өсуді мемлекеттік реттеу

Ұлттық экономиканың әлеуметтік-экономикалық динамикасына болжам жасау

Ұлттық экономиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау

Ғылыми-техникалық прогресс – аса маңызды экономикалық ресурс ретінде

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде ҒТП-ны мемлекеттік қолдаудың ерекшеліктері

Негізгі капиталды жедел амортизациялау тетігінің маңызы – ЭМР құралы (инструменті) ретінде

2003-2015 жылдардағы Қазақстан Республикасының даму индустриалды-инновациялық стратегиясы

Жұмыссыздықтың экономикалық мәні

Жұмыспен қамтуды және еңбек нарығын мемлекеттік реттеу әдістері

Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары

Әлеуметтік аяларды мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері

Инвестициялық қызметтің мәні

Қолайлы инвестициялық орта қалыптастырудың ерекшеліктері

Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу

Рационалды табиғат пайдаланудың мәні және оны мемлекеттік реттеудің қажеттілігі

Қазақстан Республикасының аграрлық саясатының ерекшеліктері: бағыты, тетіктері, әдістері

Ауылшаруашылық өндірушілерін қолдау жөніндегі мемлекет саясаты

Мемлекеттік бюджеттің мәні мен құрылымы

Мемлекеттік қарызды басқару стратегиясы

Мемлекеттің фискалдық саясаты

Ақша-несие саясатының мәні, құралдары

Ақша-несие аясын реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметінің негізгі бағыттары

Қазақстан Республикасының өңірлік экономикасының ерекшеліктері

Қазақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы және мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері

Өнеркәсіптің ұлттық экономикадағы рөлі және оны тиімді мемлекеттік реттеудің қажеттілігі

Өнеркәсіпті мемлекеттік реттеудің мәні

Қазақстан Республикасының өнеркәсібін мемлекеттік қолдаудың жалпы және селективті экономикалық шаралары

Сыртқы сауданы, капиталдар миграциясын және валюта-қаржы аясын мемлекеттік реттеу

Төлем балансы және валюталық реттеу негіздері

Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеудің ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарын қалыптастыру және дамыту

Похожие материалы:

Практична психологія

Поняття про мислення, проблемна ситуація, розумові дії та операції мислення. Основні форми мислення. Судження і речення. Умовивід як вища форма мислення. Процес розуміння. Індивідуальні особливості мислення. Класифікація мислення. Поняття про уяву. Емоції, переживання та почуття: сутність, види, форми їх характеристика. Концепції емоцій; волі. Мовлення та мова.

Практические  навыки по хирургии

Метод паранефральной блокады Наложение шин. Определение группы крови, кровотечения, симптомы, дыхание, массажа сердца, перикардит

Українська культура в другій половині XIX ст.

Реферат З історії України. У другій половині XIX ст. відбулося територіальне роз\'єднання українських земель, завершилося формування української нації

Дневник студента-практиканта

План прохождения ознакомительной практики Планирование содержания и видов работы

Радиоактивная безопасность

Отбор проб продукции растениеводства. Влияние ионизирующей радиации на иммунитет. Степень изменения в кроветворных органах и в крови сосудов находится в прямой зависимости от дозы радиации. Организация радиологического контроля в ветеринарии

Сохранить?

Пропустить...

Введите код

Ok