Әдебиеттану ғылымы. Текстология

Территория рекламы

Әдебиеттану - көркем әдебиет мәселелерін зерттейтін ғылым. Сөз өнерінің түп төркінін, тегін, туу, қалыптасу тарихын, даму заңдылықтарын, көркемдік және эстетикалық ерекшеліктерін зерттейді. Негізгі салалары үшеу: әдебиет теориясы, әдебиет тарихы, әдебиет сыны. Жанама тараулары — текстология,тарихнама, библиография. Әдебиет теориясы әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыптайды. Сөз өнерінің ерекшеліктерін, қоғамдық рөлін, көркем шығарманы танудың принциптерін, талдауын, әдістері мен методологиясын, әдеби жанрлар мен оның түрлерін, өлең жүйелерін, тіл мен стиль, әдеби ағым мен ағыс мәселелерін тексереді, талдайды. Сонда әдебиет теориясының зерттеу объектісі де үшеу болғаны — әдебиет, әдеби шығарма, әдеби процесс. Әдебиет дегенде, оның тағы да үш түрлі яки, таным тарапындағы, тәрбие саласындағы және эстетикалық мәні мен мәнісі дара-дара сараланады. Әсіресе эстетикалық табиғатына ерекше назар аударылады. Әдеби шығарма дегенде, мәселен, роман яки поэма талдана қалған жағдайда оның мазмұны мен пішініне айналған шындық оқиғадан туатын кем дегенде бес түрлі сауалға жауап беру шарт: Қандай оқиға болды? Оқиға қалайша болды? Оқиға кімдердің басында болды? Оқиға қалай баяндалған? Болған оқиғаға автордың көзқарасы қандай? Осы сұрақтарға жауап беру барысында шығарманың тақырыбы мен идеясын, сюжет пен композициясын, типі мен характерін, суреткердің тілі мен стилін, дүниетанымы мен көркемдік әдісін талдап-тексеру арқылы әдеби шығарманың сыры мен сипатын тұтас танып-білуге болады. Ал әдеби процеске келсек, мұндағы ең басты мәселе — жанр және жанрлық түрлер, мұны тексерудегі негізгі принцип — тарихилық. Нәтижесінде — сөз өнеріндегі тек пен түрді, бет пен бағытты айқындау.

Әдебиет сыны әрқашан дәл өз тұсындағы әдебиеттің тірі процесіне белсене араласып, нақты әдеби туындыны жан-жақты талдау, оның идеялық-көркемдік құнын белгілеу, өз кезінің эстетикасы үшін мәні мен маңызын анықтау арқылы, бір жағынан, жазушыға жазғандарының бағалы қасиеттерін, ерекшеліктері мен кемшіліктерін көрсетіп, оның шығармашылық өсуіне тікелей қолқабыс жасаса, екінші жағынан, оқырманды оқығандарының байыбына барып, оны жете түсініп, дұрыс бағалауға баулиды. Бұл ретте, сыншыны жазушы мен оқырманның екеуіне ортақ ара дәнекер десе де болар еді. Бірақ бұл аз. Сыншы — қалың оқырманның өскелең талабы мен талғамының жаршысы, әдеби құбылысты жалпы мемлекеттік мүдде тұрғысынан пайымдайтын қоғамдық ой-пікірдің озғын өкілі. Олай болса, жалпы әдебиетті дамытудағы сыншының күші, жазушыға деген сынның ықпалы оның оқырманға тигізер әсеріне, қалың көпшіліктің көркемдік талғамын қалыптастыруына тығыз байланысты. Сын тек жазушы үшін ғана емес, оқырман үшін де жазылады. Оның көркем шығармаға қосалқы комментарий емес, өз алдына жеке шығарма болып табылатыны да сондықтан. Әдеби сында көркем шығарманы бағалаудың жолдары, тәсілдері, шарттары бар. Мұны білу, игеру сыншының берік принципін, зор мәдениетін, нәзік түсінігін, өрелі ойын, терең білімін, биік талғамын керек етеді. В.Белинскийдің анықтауынша “сыншы таланты-сирек талант, сыншы жолы — тайғақ һәм қатерлі жол” да, шын мәніндегі әдеби сын — қимыл, қозғалыс үстіндегі эстетика. Ал эстетика — әдемілік туралы ілім болуының үстіне қоғамдағы көркемдік даму тәжірбиесінің теорияcын жинақталуы. Сыншының өзіндік сыры, сынның өзгеше сипаты осы арада жатыр (қазақ Әдебиет сыны). Сонымен қатар әдебиет туралы ғылымның жоғарыда аталған негізгі үш саласы (теориясы, тарихы, сыны) өзара тығыз бірлікте: әдебиеттің теориясын нәзік түсінбей тұрып тарихы жайлы әңгіме қозғау, тарихын білмей тұрып сынын өрбіту мүмкін емес.

Текстология 1917 жылдан кейін ғана библиографиядан бөлініп шығып, методология тұрғысынан танылды. Текстология терминін ғылыми айналымға Б.М.Томашевский енгізді (1920). Батыс әдебиеттануында бұл ғылым саласы “мәтіннің сыны” деп аталады (Р.Бентли, Ф.Вольф). Текстология мәтінді тарихилық тұрғысынан қарастырып, оның шынайылығын анықтайды. Текстологияның басты міндеті авторлық мәтіннің нағыз, дәл нұсқасын айқындап, ешбір қоспасыз, қатесіз жариялау болып табылады. Текстология әдебиет теориясы мен сынының тарихымен, мәтіннің қайта қалпына келтірілуімен тікелей байланысты.Көркем шығарманың түпкі мәтінін анықтауда тексеру тәсілдері пайдаланыла отырып, қосымша нұсқалар мен басылымдар зерттеледі. Текстология бұрын тек мәтіндерді тексеріп, жарыққа шығару үшін пайдаланылса, текстолог маман Д.С. Лихачев мәтіндерді жарыққа шығару оны тәжірибеде қолданудың бір ғана саласы деп таныды. Текстология библиографиямен, түпнұсқа туралы іліммен, палеографиямен, археографиямен байланысты шығармашылық психологиясын зерттеуге сүйенеді. Кейде Текстология “автор еркіндігі” деген ұғыммен байланыста қолданылады. Транскрипция, пунктуация, мәтіннің абзацқа бөлінуі, басқа тілдерден енген сөздер, автордың қолтаңбасы, т.б. мәселелер мәтінтануда айрықша қызмет атқарады. Кеңестік әдебиетте автордың еркінен тыс редакторлық жұмыс нәтижесінде мәтіннің өзгеріске түсуі (цензура) немесе автордың өзінің қатысуымен қайта қаралуы (автоцензура) қалып алды. Мұндай жағдайда мәтіннің ең алғашқы нұсқасы не қолжазбасы зерттеуге негіз бола алады. Осындай текстол. салыстырулар арқылы Ахмет Байтұрсынұлының 5 томдық толық шығармалар жинағы, М.Әуезовтің 50 томдық шығармалар жинағы жарық көріп келеді. Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқыш” еңбегіндегі бұрын басылмай қалған сөйлемдер, мәтіндер қалпына келтіріліп, ғылыми түсініктемесі жазылып, тұңғыш рет толығымен жарияланды. Ежелден жалғасқан бай әдеби мұра мен ақын-жыраулар поэзиясын, бүгінгі күнге дейінгі қазақ қаламгерлері шығармаларының мәтіндерін салыстыра зерттеу – текстологияның негізгі міндеті

← Предыдущая
Страница 1
Следующая →

Скачать

adebiet.docx

adebiet.docx
Размер: 309.4 Кб

Бесплатно Скачать

Пожаловаться на материал

Ғасыр басындағы көркем аударма. Көркем аударма – әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы. Жаңа технология. Жыраулар поэзиясы. Абыл. Әдебиеттегі өзгешеліктердің бірі. Педагогика ғылымы. Әдеби жанр. Әдебиет пәні.

У нас самая большая информационная база в рунете, поэтому Вы всегда можете найти походите запросы

Искать ещё по теме...

Эта тема принадлежит разделу:

Көркем аударма

Ғасыр басындағы көркем аударма. Көркем аударма – әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы. Жаңа технология. Жыраулар поэзиясы. Абыл. Әдебиеттегі өзгешеліктердің бірі. Педагогика ғылымы. Әдеби жанр. Әдебиет пәні.

К данному материалу относятся разделы:

Әдебиеттану ғылымы. Текстология

Жыраулар поэзиясын оқытудың тиімді жолдары

Сал – серілер поэзиясының сұлулық әлемі

«Зар – заман» ақындары шығармашылығындағы отаршылдық дәуір көрінісі

Зар заман ақындарының өлеңдерінің мәні

Ақындарының шығармаларына тиым салынуы

Тұрмыс – салт жырларының түрлері

Оқытудың жаңаша түрлері

Авторлық ауыз әдебиеті: жыраулар поэзиясы

Абайдың ақындық мектебі

ХХ ғасыр басындағы діни-ағартушылық бағыт (Шәді төре Жәңгірұлы, Нұржан Наушабайұлы, Мақыш Қалтайұлы)

ХІХ ғасыр әдебиетідегі Қоқан езгісіне қарсы күрес сарыны

Көркем шығарманың сюжеті мен композициясы

Қазіргі қазақ фольклортануы

Поэма жанрын оқыту жолдары

ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасындағы әлеуметтік романдар («Бақытсыз Жамал», «Қамар сұлу»)

ХIX ғасырдағы айтыс өнері

Лиро-эпостық жырлардың жанрлық сипаты

Әдебиет пәнін оқытудағы әдіс-тәсілдер

Көркем шығарманы талдау жолдары

Әдеби бағыт, ағым және көркемдік әдіс

Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» толғауы

Мектепте әдебиет пәнін оқытудың өзіндік ерекшеліктері

Лирика жанры, оның түрлері

Драма жанры, оның түрлері

А.Байтұрсынұлының «қырық мысал» жинағы

Қобыланды жырының әдеби нұсқалары

Ежелгі дәуір әдебиетінің зерттелу тарихынан (Б.Кежебаев, М.Жолдасбеков, Х.Сүйіншәлиев, Н.Келімбетов)

Абайдың табиғат лирикасын оқыту

Аңыздық проза және оның түрлері

С.Торайғырұлы поэмаларындағы Алаш идеясы(«Айтыс», «Таныстыру»)

Мысал жанрын оқыту

Роман жанрын оқыту

Қазақ драматуогиясындағы алғашқы пьесалар (К.Төгісов, К.Кемеңгеров)

«Зар заман» ақындары поэзиясының стилі

М.Ж.Көпейұлының қисса дастандары

М.Жұмабайұлы және қазақ символизмі

Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары

Абай аудармалырының шеберлік қырлары

Әбу Насыр әл-Фарабидің поэзия өнері туралы трактаттары

Мәнерлеп оқу

М.Әуезов шығармаларын оқыту жолдары

“Қыз Жібек” жырындағы халықтық салт-дәстүр көріністері

Көркем шығарманы проблемалық талдау жолдары

Алтын Орда – Қыпшақ дәуіріндегі әдебиет

Абай қара сөздеріндегі философиялық-дидактикалық толғамдар

Әдебиет сабағында сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар

Қорқыт ата кітабының нұсқалары,зерттелуі

Шәкәрім Құдайбердіұлының “Қалқаман-Мамыр” поэмасындағы тартыс

Жыраулар поэзиясы және мемлекетшілдік сана

Эпикалық шығармаларды оқыту жолдары

Мақал-мәтелдердің тәрбиелік-тағылымдық мәні, тақырыптық түрлері

Айтыс жанрлық ерекшелігі, түрлері

І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасындағы Ақан сері бейнесі

Сабақты шығармашылық түрде ұйымдастыру

Ж.Аймауытұлының «Ақбілек» романындағы психологизм

Ы.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы» және қазақ ағартушылығы

Шығарма жаздыру

Дулат Бабатайұлының отаршылдыққа қарсы шығармалары

Ертегі жанрын оқыту

Әдебиет сабағында әдеби теориялық ұғымдармен танысу

Көркем шығарманы талдау жолдары

ХХ ғасыр бас кезіндегі ұлт әдебиетіндегі Алаш идеясы

Жыраулар поэзиясының болжалдық сипаты

1980-90 жылдардағы қазақ әдеби сыны

Поэзиялық шығармаларды оқыту жолдары

Похожие материалы:

Резина как технический материал. Учебная (ознакомительная) практика

индивидуальное задание Кафедра «Химическая технология» Факультет «Химический»

Исследование сложения взаимно перпендикулярных колебаний с помощью осциллографа.

Отчет по лабораторной работе Ознакомление с помощью осциллографа с видом траектории точки, участвующей в двух колебательных движениях, происходящих во взаимно перпендикулярных направлениях.  Градуировка генератора с помощью фигур Лиссажу.

Пищеварение  в  желудке

ель: сформировать знания об изменении пищи  в  желудке, о составе и свойствах желудочного сока,  его отделении на разные питательные вещества, регуляции отделения желудочного сока.  Учить  работать в группе  и  принимать правильные решения,  обсуждать,  сравнивать и делать выводы.

Антиаритмические средства. Классификация

Антиаритмические средства- фармакологические вещества различного химического строения, которые уменьшают или устраняют нарушения ритма и применяются для профилактики и лечения аритмий.

Исковое заявление о признании мнимой сделки недействительной

Целью заключения этого договора было формальное получение денежных средств с последующим выводом в денежном выражении средств материнского капитала.