ХХ ғасыр басындағы діни-ағартушылық бағыт (Шәді төре Жәңгірұлы, Нұржан Наушабайұлы, Мақыш Қалтайұлы)

Территория рекламы

Шәді Жәңгірұлы – Шығыс тақырыбынан молынан игерген ақын. Шаян, Қарнақ, Бұхарадағы Көкелташ медреселерінде оқыған. Ақын нәзира дәстүрі бойынша Шығыс сюжетіндегі елеулі оқиғалар мен тұлғаларды дастан етіп жырлайды. Оның біразын кітап етіп бастырады. «Хайбар хиссасы» (Қазан, 1910), «Хикаят Қамар-уз-заман» (Ташкент, 1910), «Русия падишаһлығында Романов нәсілінен хөкманлық қылған падишаһлардың тарихтары һәм Ақтабан шұбырыншылық заманына бері қазақ халқының ахуалы» (Орынбор, 1912), «Хикаят Уәрәқа Гүлша ғашық уә мағшуқ» (Ташкент, 1913), «Назым Сыяр Шәриф» (Ташкент, 1913), «Назым түркі фики Қайдани» (Ташкент, 1913-1914) т.б. кітаптары тарихтан мәлім. Ақын шығармаларында ислам құндылықтарына ерекше екпін түсіріп отырады. Мысалы, істеген ісі насырға шапқан әрі онысына өкінген «Орқа-Күлшедегі» кейіпкер Халал бүй дейді:

Ажыратып қанша ренжіттім,

Опасыз дүние бұл үшін.

Мұсылман қылмас іс қылдым,

Азғырғандардың тілі үшін.

Құтылмаққа себеп жоқ,

Жатқызып айтып тігісін.

Өлімге лайық күнәм бар,

Ойлаған уақытта дұрысын.

Шәді өлеңдерінде ой, пәлсапа, адамның жан дүниесінің сыры мен сыны қатар өріліп отырады. Өмірдің өтпелі екені туралы ақын:

Болғанмен қанша күші тіреуленген,

Адамның әрекеті құралмайды.

Хадисі Апылатондай болса-дағы,

Бәрібір бір қалыпта тұра алмайды,-

деп жазады. Қалай дегенде Шығыс тұлғалары мен ислам қасиеттерін, ұлттың асыл мінезін ерекше жырлаған Шәді дәстүр мәселесін көбірек байыптады. Мақыш Қалтайұлы заманында мұсылманша жетiк оқып, Шығыс пен Батыстың бар құндылығын халқына жеткiзуге тырысып көп кiтап жариялаған, жаңалық атаулыны елiм бiлсе, меңгерсе деп армандаған. Ұлт рухы аяққа тапталған шақта соны көтермек ниетте Һәм халқын ағарту мақсатында «Қазақ ахуалынан бахыс еткен манзума» (1909-1910), «Бір ғибрат сөз», «Қазақтың айнасы» (1910), «Насихат қазахия» (1911), «Бар уақиға», «Тура жол» (1912) атты кітаптар жариялап, Ғ.Рашидидің «Сақ сұқ халлері», З.Каримидің «Айна» жинақтарын (1913) аударып бастыртты. Дiндар Мақыштың сөзiне дәйек болған өнер – кең ұғым (бүгiнгi “искусствоның” баламасындай емес). Шығыс түсiнiгiн сiңiрген ақын үшiн адам игiлiгiн жасалынғанның бәрi – өнер, сонымен қатар адамның күн көру мақсатындағы қарапайымнан күрделi амал-тәсiлдерiне дейiнгiнiң күллiсi – өнер.

Әдебиетiміздің елшілдік-милләтшiлдiк кезеңінде Мақыш Қалтайұлы шығармашылығы да ерекше көрiнді. Көшбасшы iздеу сарыны, “қазақ кiмнен кем” деген ұстаным Мақышқа да тән.

…Көз де бар, құлақ та бар бiзде-дағы.

Ол бiлгендi сен де бiл, iзде-дағы.

Адамбыз айтарлық сөз ақылменен,

Табылар талап қылсаң сiзде-дағы, -

дейдi ол. Ақын дiн мен ғылым – милләт iсiнiң iлгерiлеуiне себепшi деп есептейдi. Сондықтан мал-дүниеңдi дiн мен ғылымға шаш деп кеңес бередi. М.Қалтайұлы ұлт – халықтың жай бiрлестiгi емес, айрандай ұйыған, тәрбиелi, иманды отбасылардан құралған жамағат екенiн дәлелдейдi.

Нұржан Наушабайұлы (1859-1919). “Манзумат қазақия” (1903), “Алаш” (1910) жинақтарын жариялаған Нұржан дәстүрлi өлеңмен-ақ халқын оятуға жұмылды. Ол назым-термелерiнде ислам құндылықтарына қатысты ой-түйiндермен қазақ тұрмысын түсiндiруге талаптанады. Н.Наушабайұлының әдеби-эстетикалық пайымы көбiне дидактикалық пiкiрлерiмен астасып жатады. Ағарып үлгермеген халыққа, сөз жоқ, ақыл-кеңес, насихат керек едi. Сондықтан бұл ақын қаламдастарын “адамның құлқы тегiс дауға айналған” заманда елге қалқан болуға шақырды. Шығармашылықта “ықлас-ниетiңде хаққа бер” деп тұжырымдады.

Діни ағартушылық және әдебиеттегі тұлғатану мәселесі бізде негізсіз көтерілген жоқ. Елді ағарту үшін және дәстүрге сай имандылықпен жаңа өмірге аяқ басу үшін діннің – жүйелі, көшбасшының халыққа адал болмағы қажет-тін. Н.Наушабаев та Шәкәрiм сынды ғылым мен дiндi бiртұтас қарап:

Шарғыны жүргiзуге ғылым керек,

Даһиды, зейiнiңдi бөлу керек.

Мағыналы ұлағатпен тiзiп қойып,

Байлауға сөздi қысқа бiлiм керек,-

дейдi. Дiн мен өмiр байланысы мәселесiнде Нұржан әл-Маржани пайымымен таныс секiлдi. Өйткенi ол: “Ислам жолы түзелмес ыждағатсыз” деп жазады

Ұйықтама, оян, Алашым!

Қолыңда жоқ заманның

Амал қылар құралы,-

деген Н.Наушабайұлы сөзсiз “амал қылар құралды” бiлiм мен бiлiктен iздесе керек. Ақын пайдалы бiлiмге ғана мойынұсынады. Оның тұсында өмiрге жолдама алған жәдит – халыққа төтеден олжа салудың жолы едi.

Жәдитшiлдiктi атын атап, түсiн түстеп қолдаған ақындардың бiрi – Мақыш Қалтайұлы. Ол – дiндар ақын. Бiрақ Мақыш – бiржақты емес, “Ең әуелi ғылым парыз құп бiлiңiз, Ғылымсыз ғибадат та болмайды тез” деген көзқарастағы кемел дiндар.

← Предыдущая
Страница 1
Следующая →

Скачать

adebiet.docx

adebiet.docx
Размер: 309.4 Кб

Бесплатно Скачать

Пожаловаться на материал

Ғасыр басындағы көркем аударма. Көркем аударма – әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы. Жаңа технология. Жыраулар поэзиясы. Абыл. Әдебиеттегі өзгешеліктердің бірі. Педагогика ғылымы. Әдеби жанр. Әдебиет пәні.

У нас самая большая информационная база в рунете, поэтому Вы всегда можете найти походите запросы

Искать ещё по теме...

Эта тема принадлежит разделу:

Көркем аударма

Ғасыр басындағы көркем аударма. Көркем аударма – әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы. Жаңа технология. Жыраулар поэзиясы. Абыл. Әдебиеттегі өзгешеліктердің бірі. Педагогика ғылымы. Әдеби жанр. Әдебиет пәні.

К данному материалу относятся разделы:

Әдебиеттану ғылымы. Текстология

Жыраулар поэзиясын оқытудың тиімді жолдары

Сал – серілер поэзиясының сұлулық әлемі

«Зар – заман» ақындары шығармашылығындағы отаршылдық дәуір көрінісі

Зар заман ақындарының өлеңдерінің мәні

Ақындарының шығармаларына тиым салынуы

Тұрмыс – салт жырларының түрлері

Оқытудың жаңаша түрлері

Авторлық ауыз әдебиеті: жыраулар поэзиясы

Абайдың ақындық мектебі

ХХ ғасыр басындағы діни-ағартушылық бағыт (Шәді төре Жәңгірұлы, Нұржан Наушабайұлы, Мақыш Қалтайұлы)

ХІХ ғасыр әдебиетідегі Қоқан езгісіне қарсы күрес сарыны

Көркем шығарманың сюжеті мен композициясы

Қазіргі қазақ фольклортануы

Поэма жанрын оқыту жолдары

ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасындағы әлеуметтік романдар («Бақытсыз Жамал», «Қамар сұлу»)

ХIX ғасырдағы айтыс өнері

Лиро-эпостық жырлардың жанрлық сипаты

Әдебиет пәнін оқытудағы әдіс-тәсілдер

Көркем шығарманы талдау жолдары

Әдеби бағыт, ағым және көркемдік әдіс

Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» толғауы

Мектепте әдебиет пәнін оқытудың өзіндік ерекшеліктері

Лирика жанры, оның түрлері

Драма жанры, оның түрлері

А.Байтұрсынұлының «қырық мысал» жинағы

Қобыланды жырының әдеби нұсқалары

Ежелгі дәуір әдебиетінің зерттелу тарихынан (Б.Кежебаев, М.Жолдасбеков, Х.Сүйіншәлиев, Н.Келімбетов)

Абайдың табиғат лирикасын оқыту

Аңыздық проза және оның түрлері

С.Торайғырұлы поэмаларындағы Алаш идеясы(«Айтыс», «Таныстыру»)

Мысал жанрын оқыту

Роман жанрын оқыту

Қазақ драматуогиясындағы алғашқы пьесалар (К.Төгісов, К.Кемеңгеров)

«Зар заман» ақындары поэзиясының стилі

М.Ж.Көпейұлының қисса дастандары

М.Жұмабайұлы және қазақ символизмі

Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары

Абай аудармалырының шеберлік қырлары

Әбу Насыр әл-Фарабидің поэзия өнері туралы трактаттары

Мәнерлеп оқу

М.Әуезов шығармаларын оқыту жолдары

“Қыз Жібек” жырындағы халықтық салт-дәстүр көріністері

Көркем шығарманы проблемалық талдау жолдары

Алтын Орда – Қыпшақ дәуіріндегі әдебиет

Абай қара сөздеріндегі философиялық-дидактикалық толғамдар

Әдебиет сабағында сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар

Қорқыт ата кітабының нұсқалары,зерттелуі

Шәкәрім Құдайбердіұлының “Қалқаман-Мамыр” поэмасындағы тартыс

Жыраулар поэзиясы және мемлекетшілдік сана

Эпикалық шығармаларды оқыту жолдары

Мақал-мәтелдердің тәрбиелік-тағылымдық мәні, тақырыптық түрлері

Айтыс жанрлық ерекшелігі, түрлері

І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасындағы Ақан сері бейнесі

Сабақты шығармашылық түрде ұйымдастыру

Ж.Аймауытұлының «Ақбілек» романындағы психологизм

Ы.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы» және қазақ ағартушылығы

Шығарма жаздыру

Дулат Бабатайұлының отаршылдыққа қарсы шығармалары

Ертегі жанрын оқыту

Әдебиет сабағында әдеби теориялық ұғымдармен танысу

Көркем шығарманы талдау жолдары

ХХ ғасыр бас кезіндегі ұлт әдебиетіндегі Алаш идеясы

Жыраулар поэзиясының болжалдық сипаты

1980-90 жылдардағы қазақ әдеби сыны

Поэзиялық шығармаларды оқыту жолдары

Похожие материалы:

Основы лечебно-эвакуационного обеспечения населения в чрезвычайной ситуации (ЧС) мирного времени

На сегодняшний день обстановка на территории Российской Федерации с потенциальными опасностями остаётся сложной.

Интеллектуальная собственность. Международно-правовая охрана авторского права

Интеллектуальная собственность: территориальный характер и особенности ее правовой охраны за рубежом. Бернская конвенция 1886 г. Всемирная конвенция 1952 г. Международно-правовая охрана смежных прав. Женевская конвенция. Римская конвенция.

Психология старшего школьника

Социальная ситуация развития старшего школьника. Развитие личности старшеклассника. Проявления особенностей старшеклассников в познавательной и учебной деятельности.

ОТЧЕТ по работе «Отделение стронция-90 от дочернего иттрия-90 осаждением сульфата стронция»

ЛАБОРАТОРНЫЙ ПРАКТИКУМ ПО РАДИОХИМИИ ОТЧЕТ по работе ««Отделение стронция-90 от дочернего иттрия-90 осаждением сульфата стронция»

Государственное регулирование цен. Курсовая работа