ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасындағы әлеуметтік романдар («Бақытсыз Жамал», «Қамар сұлу»)

Территория рекламы

Халық тағдыры М. Дулатұлының прозалық шығармаларына да арқау болды. 1910 жылы оның "Бақытсыз Жамал" атты романы жарық көрді. Бұл роман жазушының шығармашылық жолындағы ірі табыс қана емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі елеулі көркем туынды болды. "Бақытсыз Жамал" қазақ әдебиетінде көркем прозалық үлгіде жазылған тұңғыш роман еді. Міржақып осы шығармасы арқылы бұдан кейін жазылған Т.Жомартбаевтың "Қыз көрелік", С.Көбеевтің "Қалың мал", С.Торайғыровтың "Қамар cұлу", т.б. романдарына жол ашты. Бұлардың бәрі де сол кезектегі аса маңызды әлеуметтік мәселеге арналды. Қазақ ауылының тұрмысы жайында жазылды. Әйелдердің бас еркі, қоғамдағы жағдайы туралы баяндады.

"Бақытсыз Жамал" романының оқиғасына арқау болған мәселе де осы, ескі әдет- ғұрыптың қыспағына түскен қазақ қызының тағдыры. Сүйгеніне қосылып, бақытты өмір сүруді армандаған бойжеткеннің трагедиялық жолы. Шығарма сол кезеңдегі қазақ даласының шынайы тыныс-тіршілігін көрсететін эпизодтан басталады. ... Жайлауға жаңа көшіп қонған ауыл. Саумалкөл маңына жағалай тігілген киіз үйлер. Бие байлап, қымыз сапырған жайма-шуақ ауыл адамдары. Қыстай араласа алмай, сағынысқан жұрт енді бірін-бірі қонаққа шақырып мәз. Үй жағалап қымыз ішкен жастар... Осылайша жайбарақат жатқан ауылға патша ұлықтары келе жатқаны туралы хабар тарайды. Абыр-сабыр басталады. Ауыл сыртына үй тігіледі. Арнайы үйге келіп түскен екі ұлықты "ләббай, тақсыр" деп күткен ауылнайдың сөзінде де ерекше бір мақтаныш сезіледі. Міржақып Дулатұлы осы шағын көріністі суреттеу арқылы өз заманының тұрмыс-жағдайын, адамдардың психологиясын дәлме-дел береді. Ауыл адамдарының өзара әңгімелерінен, ауылнай бастаған белсенділердің іс-әрекет, мінез-құлықтарынан жазушы мол сыр ұқтырады. ...Дәл осындай абыр-сабыр сәтте ауыл қазағы Сәрсенбайдын әйелі босанып, дүниеге қыз бала келгені туралы қуанышты хабар жетеді. Дүниеге келген бұл сәби романның бас кейіпкері Жамал болатын. Табиғатынан зерек жаратылған Жамал молдадан ескіше, жаңаша оқып, хат таниды. Түрлі хисса-дастандарды көп оқиды. Бірқатарын жатқа да айтатын болады. Сөйтіп елдің көзіне түсіп, қыз айттырам деушілердің назарына ілігеді. Жамал он бес жасқа келді. Сұлулық, ақыл, салтанат үшеуі бір-біріне муафиқ келіп, Жамал сол елдің қызының алды болды. Бұл айтылмыш артықшылығының үстіне сөзге бек ұста болып, өз ойынан шығарып өлең де жазатын болды. Олай-бұлай қалжыңмен сөйлескен бозбаланы сөйлетпейтін еді. Ел ішінде тілді бозбалалардың көзі түсе бастап, шет елдерге де "Сәрсенбайда бек көркем бір ақын қыз бар" деген лақап жайыла бастады. Көркіне ақылы сай болып бойжеткен Жамалды Байжан деген бай баласы Жұманға айттырады. Қыз шешесінің қарсылығына қарамастан, Сәрсенбай болашақ құдасының байлығына қызығып, құдалыққа келіседі. Бірақ бай баласы топас, нашар болады. Жамал оны менсінбейді. Сөйтіп жүргенде бір тойда оқыған, мәдениетті, жаңаша киінген, сыпайы, әдепті Ғали деген жігітпен танысын, көңілдері жарасады. Арада біраз уақыт өтіп, қыздың Жұманға ұзатылар шағы туғанда, Жамал Ғалимен қол ұстасып қашып кетеді. Жастарды қудалау басталады. Сөйтіп жүргенде аяқ астынан Ғали ауырып қайтыс болады. Қайғыға батқан Жамал көп ұзамай Жұманға ұзатылады. Көрмеген қорлықты көреді. Ақыр аяғында бір боранды күні Ғалидың қабірінің басына барып, жылап жатып қайтыс болады. Романда оқиға желісі—суреттелетін ауыл өмірі, әр түрлі әлеуметтік топтар өкілдері арасындағы қарым-қатынастар мен жекелеген адамдар түсінігіндегі қайшылықтар шырмауына түскен Жамал мен Ғалидың мөлдір махаббаты, өз еркіндіктеріне жету жолындағы үмтылысы осы арнада өрбиді. Ақыр аяғында трагедиямен аяқталады. М. Дулатұлы бұл оқиғаны кездейсоқ болған бірді-екілі жай ретінде қарамайды. Ғашықтар трагедиясын ол қазақ даласындағы әлеуметтік мәселе дәрежесіне көтереді. Сол арқылы қазақ қыздарының бас еркі, жастардың өз қалауымен өмір сүру қажеттігі туралы ой ұсынады. Жазушы үшін әйелдің бас бостандығы, өзінің сүйгеніне қосылып, өмір сүруге мүмкіндік алуы ең бір түйінді мәселе болды. Ол әйелдің арын аяққа басатын ескі әдет-ғұрыпқа үзілді-кесілді қарсы шығады. Міржақып Дулатұлының романдағы Жамал бейнесін сомдаудағы жаңалығы да өзінің осы идеясына негізделеді. Романдағы Ғали — сол замандағы оқыған, мәдениетті жастарының жиынтық бейнесі. Сырт келбетіне ақылы сай жігіт Ғалидың әрбір іс-әрекетінен, сөйлеген , жазған хаттарынан бұл қасиет айқын аңғарылады. Ал шығармадағы Байжан бай, оның баласы Жұман, сондай-ақ Жамалдың әкесі Сәрсенбай, үлкен шешесі Қалампыр — ескі психологияның адамдары. Оларға адамгершіліктен гөрі байлық, шен мақтанышы қымбатырақ. Тұтастай алғанда, "Бақытсыз Жамал" романы сол кездегі тарихи-әлеуметтік шындықты шынайы да көркем бейнелеуімен, авторлық идеяның айқындығымен өзінен кейінгі қазақ прозасының өркендеуіне дәстүрлі жол көрсетті, үлгі болды.

«Қамар сұлу» романының тақырыбы әйел мәселесі: қазақ әйелінің бас бостандығы, теңдігі, әлеумет қайраткері болу мәселесі. Бұл роман қазақ қауымындағы жаңалықты көре білді. Оның «Қамар сұлу» романындағы кейіпкерлері: Қамар, Ахмет, Омар, Хасен – бәрі де ақылды, ұстамды, ескілікке қарсы жандар, сол кездегі қазақ ауылындағы жаңа адамдар.

Автордың айтуынша, Қамар сұлу болуы үстіне ақылды, алды-артын ойлайтын паймды, аздап оқыған, сөзге ұста, ақындығы да бар қыз.Сол сипаттарымен ол көзге түседі, ауызға ілінеді, ел ішінде оның жақсы атағы жайылады: сұлу Қамар, ақылды Қамар, ақын Қамар аталады. Оны ата-ана, аға, ақсақал, өыз біткенге үлгі етеді. Сол сияқты Ахмет те оқыған, зерек, ақылды, ел аузына ерте ілінген жігіт. «... Ахмет ақыл-ой зеректігі үстіне, сұңқардың баласындай, бітімі жақсы, көзге түсерлік көркі де бар, сөзге шешен, ойдан шығарғыш ақын, жарып салма өткір еді. Той секілді жұрт жиналған жерде өлең болсын, ойын болсын, газет-журнал, кітап оқып, насихат айту болсын, ең арты, біреуді сықақтаған қулық болсын, бас бәйгі Ахметтікі еді. Сол үшін де ауылдың атқамінерлері: «Оқыды деп Жәукенің баласын айт. Қамарды қызға үлгі қылатыны сықылды, боз балаға Ахметті үлгі қылып тұрушы еді..»

Осындай зерек, ақылды, оқыған, пайымды, ұстамды болғандығынан олар – Қамар мен Ахмет – өздерінің хал-жайларын айқын аңғарады; екеуінің екі тап өкілі екенін; бірі байдың қызы, екіншісі кедейдің баласы екенін бірін-бірі қанша сүйсе де екеуінің қосыла алмайтындарын қосылауларына үстем тап, ескілік қалып, әдет заңы жол бермейтінін әбден біледі. Бірақ сол ақылдылардың ескі тәртіпке, әдет заңына қарсы тұруға болатынына, сол жолда өздерінің табанды құлшынып күресу керек екеніне ақылдары жетпейді, батылдары бармайды. Екеуміз ғашықпыз, теңбіз, қосылуға лайқыпыз. Тек қосыла алмаймыз. Ескілік, әдет заңы жол бермейді деп, аһ ұрып, тек отырады. Ескілік: Нұрым, Қалтан, Оспандарөздеріне не істесе соған көне береді.

Жазушы баста Қамардың әкесі Омарды да, ағасы Хасенді де көзі, көңілі ашық, ақылды, жігерлі адамдар етіп, екеуін де Қамарды Нұрымға беруге қарсы етіп суреттейді. Бірақ, артынша, неліктен екені белгісіз, Омар ол бетінен сөзінен қайтып қалады. Нұрымның, Оспан, Қалтандардың айтқандарына көніп, айдауларына жүре береді. Нұрым, қожа-молда қызына қанша азап көрсетсе де мыңқ етпейді.

Қамар мен Ахмет ақылды, оқыған, жігерлі, шешен ақын бола тұрып, бәрін біліп, түсініп отырып, ескі тәртіпке, әдет заңына қарсы күресуге, оларды бұзуға ақылы жетпеуі,батылы бармауы нанымсыз, біріне бірі қайшы. Сондай-ақ Омардың Нұрымды сонша жек көріп, әшкерелеп, балағаттап отырып, Қамарды оған беруге сонша қарсы болып, жігерлі, ашулы сөздер айтып отырып, лезде тектен тек жуасығаны, Нұрымның айтқанына көніп, айдауына жүргені нанымсыз, біріне бірі қайшы. Осыны жазушы, терең ойлай отырып, әлеуметтік мәселені көтере білген.

← Предыдущая
Страница 1
Следующая →

Скачать

adebiet.docx

adebiet.docx
Размер: 309.4 Кб

Бесплатно Скачать

Пожаловаться на материал

Ғасыр басындағы көркем аударма. Көркем аударма – әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы. Жаңа технология. Жыраулар поэзиясы. Абыл. Әдебиеттегі өзгешеліктердің бірі. Педагогика ғылымы. Әдеби жанр. Әдебиет пәні.

У нас самая большая информационная база в рунете, поэтому Вы всегда можете найти походите запросы

Искать ещё по теме...

Эта тема принадлежит разделу:

Көркем аударма

Ғасыр басындағы көркем аударма. Көркем аударма – әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы. Жаңа технология. Жыраулар поэзиясы. Абыл. Әдебиеттегі өзгешеліктердің бірі. Педагогика ғылымы. Әдеби жанр. Әдебиет пәні.

К данному материалу относятся разделы:

Әдебиеттану ғылымы. Текстология

Жыраулар поэзиясын оқытудың тиімді жолдары

Сал – серілер поэзиясының сұлулық әлемі

«Зар – заман» ақындары шығармашылығындағы отаршылдық дәуір көрінісі

Зар заман ақындарының өлеңдерінің мәні

Ақындарының шығармаларына тиым салынуы

Тұрмыс – салт жырларының түрлері

Оқытудың жаңаша түрлері

Авторлық ауыз әдебиеті: жыраулар поэзиясы

Абайдың ақындық мектебі

ХХ ғасыр басындағы діни-ағартушылық бағыт (Шәді төре Жәңгірұлы, Нұржан Наушабайұлы, Мақыш Қалтайұлы)

ХІХ ғасыр әдебиетідегі Қоқан езгісіне қарсы күрес сарыны

Көркем шығарманың сюжеті мен композициясы

Қазіргі қазақ фольклортануы

Поэма жанрын оқыту жолдары

ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасындағы әлеуметтік романдар («Бақытсыз Жамал», «Қамар сұлу»)

ХIX ғасырдағы айтыс өнері

Лиро-эпостық жырлардың жанрлық сипаты

Әдебиет пәнін оқытудағы әдіс-тәсілдер

Көркем шығарманы талдау жолдары

Әдеби бағыт, ағым және көркемдік әдіс

Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» толғауы

Мектепте әдебиет пәнін оқытудың өзіндік ерекшеліктері

Лирика жанры, оның түрлері

Драма жанры, оның түрлері

А.Байтұрсынұлының «қырық мысал» жинағы

Қобыланды жырының әдеби нұсқалары

Ежелгі дәуір әдебиетінің зерттелу тарихынан (Б.Кежебаев, М.Жолдасбеков, Х.Сүйіншәлиев, Н.Келімбетов)

Абайдың табиғат лирикасын оқыту

Аңыздық проза және оның түрлері

С.Торайғырұлы поэмаларындағы Алаш идеясы(«Айтыс», «Таныстыру»)

Мысал жанрын оқыту

Роман жанрын оқыту

Қазақ драматуогиясындағы алғашқы пьесалар (К.Төгісов, К.Кемеңгеров)

«Зар заман» ақындары поэзиясының стилі

М.Ж.Көпейұлының қисса дастандары

М.Жұмабайұлы және қазақ символизмі

Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары

Абай аудармалырының шеберлік қырлары

Әбу Насыр әл-Фарабидің поэзия өнері туралы трактаттары

Мәнерлеп оқу

М.Әуезов шығармаларын оқыту жолдары

“Қыз Жібек” жырындағы халықтық салт-дәстүр көріністері

Көркем шығарманы проблемалық талдау жолдары

Алтын Орда – Қыпшақ дәуіріндегі әдебиет

Абай қара сөздеріндегі философиялық-дидактикалық толғамдар

Әдебиет сабағында сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар

Қорқыт ата кітабының нұсқалары,зерттелуі

Шәкәрім Құдайбердіұлының “Қалқаман-Мамыр” поэмасындағы тартыс

Жыраулар поэзиясы және мемлекетшілдік сана

Эпикалық шығармаларды оқыту жолдары

Мақал-мәтелдердің тәрбиелік-тағылымдық мәні, тақырыптық түрлері

Айтыс жанрлық ерекшелігі, түрлері

І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасындағы Ақан сері бейнесі

Сабақты шығармашылық түрде ұйымдастыру

Ж.Аймауытұлының «Ақбілек» романындағы психологизм

Ы.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы» және қазақ ағартушылығы

Шығарма жаздыру

Дулат Бабатайұлының отаршылдыққа қарсы шығармалары

Ертегі жанрын оқыту

Әдебиет сабағында әдеби теориялық ұғымдармен танысу

Көркем шығарманы талдау жолдары

ХХ ғасыр бас кезіндегі ұлт әдебиетіндегі Алаш идеясы

Жыраулар поэзиясының болжалдық сипаты

1980-90 жылдардағы қазақ әдеби сыны

Поэзиялық шығармаларды оқыту жолдары

Похожие материалы:

Перечень экзаменационных вопросов по курсу «Эксплуатация и ремонт машин и оборудования нефтяных и газовых промыслов»

Учебный набросок фигуры человека

Набросок в самом широком его понимании – это изображение, быстро исполненное рисовальщиком, каким-либо художественным материалом (графитным карандашом, углем, тушью, акварелью, гуашью и т.п.) в каком-либо виде изобразительного искусства (рисунок, живопись или небольшая скульптура)

Фіксування кримінального провадження.

 Форми фіксування кримінального провадження.  Протокол.  Запис за допомогою технічних засобів.  Журнал судового засідання.  Реєстр матеріалів досудового розслідування.  Процесуальні рішення.  Повідомлення.

Дослідження асортименту страв із пісочного тіста

Дипломна робота З предмету: «Технологія приготування борошняних виробів».

Богодухновенность Священного Писания

Отличительным видовым признаком книг Священного Писания является их богодухновенность (2 Тим. 3, 16), то есть единственным подлинным автором этих книг является Сам Бог.