Ежелгі дәуір әдебиетінің зерттелу тарихынан (Б.Кежебаев, М.Жолдасбеков, Х.Сүйіншәлиев, Н.Келімбетов)

Территория рекламы

Кезінде бұл дәуір әдебиетінің түбегейлі зерттелуі керектігін қазақ әдебиеттану ғылымының алдына проблема етіп қойып берген ғалым Б.Кенжебаев екендігін айтқан А.Қыраубаева ежелгі әдебиетіміздің бұл дәуірін тұтас қарастыратын қазақ тілінде басылып шыққан арнайы зерттеудің жоқтығына тоқталған еді. Ол аталған дәуірдің жекелеген ескерткіштері 1967 жылы «Ертедегі әдебиет нұсқаларында», Б.Кенжебавтың «Қазақ әдебиет тарихының мәселелері» (1974) атты кітабында, Х.Сүйіншәлиевтің «Қазақ әдебиетінің қалыптасуы кезеңдерінде» (1969), «Ғасырлар поэзиясында» (1987) сөз болғандығын, сондай-ақ, ежелгі әдебиетіміздің айырым дәуірлерін арнайы зерттеген М.Мағауин, Н.Келімбетов, М.Жолдасбеков еңбектерінде құнды пікірлер кездесетіндігін алға тартып, аталмыш ғалымдардың еңбектерінің қатарын өзінің «Ғасырлар мұрасы» (1988), «Шығыстық қисса-дастандар» (1997) атты ғылыми зерттеулерімен, «Ежелгі әдебиет» (1996), «Ежелгі дәуір әдебиеті» (2001), «Махаббатнама» (1985), «Түркі әдебиеті» (1988) деген оқу құралдарымен толықтыруы өзіне кеңесші аға, кемел ұстаз болған профессор Б.Кенжебаевтың көне түркі әдебиетін зерттеуге қатысты айтқан ғылыми ұстанымының жалғастырушысы екендігін дәлелдеуі болса керек. Бұл туралы өзі де: «Еңбегімді проф Кенжебаевтың жадымда мәңгі сақталатын жарқын бейнесіне арнаймын» деген болатын.

Профессор Б.Кенжебаев қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірлерін зерттеу мақсатында бірнеше дарынды шәкірттер дайындады. Соның нәтижесінде М.Мағауин 1967 жылы «ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы ақын-жыраулар поэзиясы», М.Жолдасбеков 1969 жылы «Орхон жазба ескерткіштерінің көркемдік мәні», А.Қыраубаева 1974 жылы қыпшақ әдебиетінің жазба мұрасы «Мұхаббат-нама» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Көп ұзамай М.Мағауиннің «Қобыз сарыны» (1968) монографиясы мен «Ертедегі әдебиет нұсқалары» (1967), «Алдаспан» (1970) атты анатологиялық кітаптары, Б.Кенжебаевтың «Қазақ әдебиетінің көне дәуірі» (1970), «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері» (1973), М.Жолдасбековтің «Асыл арналар» (1986), Х.Сүйіншәлиевтің «Ғасырлар поэзиясы» (1987), Н.Келімбетовтің «Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі» (1986) атты еңбектері жарық көрді. Сондай-ақ осы топтағы бірнеше зерттеуші қатысқан «Ертедегі қазақ әдебиеті» (1967) хрестоматиясы да өз кезеңі үшін елеулі жаңалық болып саналды.

Ежелгі дәуір әдебиетіне б.з.д. VІІ – б.з. ІХ ғасырды және Х – ХІІ ғасырды қамтитын түрліәдеби мұралар мен жазба ескерткіштер жатады. Зерттеуші ғалымдар: Х.Сүйіншалиев, А.Қыраубаева, Н.Келімбетов, т.б. ежелгі дәуір әдебиетін төмендегідей дәуірге бөлген.

«Тәңірлік дәуір әдебиеті» – б.з.д. VІІ – б.з. ІХ ғасыр мұралары.

Орта түркі дәуірі – Х – ХІІ ғасыр мұралары – бұл дәуір 2 кезеңнен тұрады: 1) Қараханид кезеңі; 2) Алтын Орда кезеңі.

«Алып ер Тұңға» дастаны – б.з.д. VІІ ғасыр мұрасы. Алып ер Тұңға – өте көне заманда өмір сүрген түркілердің көсемі. Алып ер Тұңға қайтыс болғанда, артында қалған елі жоқтаушығарған. Жоқтауда опасыз дүниенің Алып ер Тұңғаны да аямағанын, түркілердің оның қазасына қайғырып, бөрідей ұлып, жағасын жыртып жылағаны жырда:

Бөрідей жұрт ұлысып,

Айқаймен жаға жыртысып,

Өкірген үнін өшіртіп,

Жылаған көзден жас өрер, –деген жолдармен берілген.

Алып ер Тұңға ХІ ғасырда Иранның ұлы ақыны Фирдоусидің «Шахнама» кітабындаТұранның патшасы Афрасияп болып суреттелген.

Орхон ескерткіштері – Түркі қағанатының тәуелсіздігі, елге қорған болған батырлар мен көсемдерді дәріптеу негізінде туған. Олар: Түркі қағанатының негізін құраған Бұмын қаған, Елтеріс қаған, Елтерістің ақылшы, кеңесшісі Тонұқұқ жырау, әкесі Елтеріс өлгеннен соң жиырма төрт жылдан кейін таққа отырған Білге қаған, әскербасы Күлтегін. Орхон ескерткіштері – осы тарихи тұлғаларға арнап тасқа қашалып жазылған әдеби мұралар. Жырда түркі халқының тауғаштарға – қытайға қараған түркі тайпаларына – тәуелді болу себебі ел ішінде береке-бірліктің болмауынан екені баса айтылған.

Жырда әскербасы болған Күлтегін тұлғасы да ерекше жырланған. Күлтегін 47 жаста қайтысболғанда, оның қазасына халықтың қайғыруы да барынша нанымды берілген.

«Оғызнама» дастаны – ІХ ғасырда Жетісу, Сыр өңіріне кеңінен тараған, қырықтан астам хикаядан тұратын түркі халықтарына ортақ туынды. Дастанның негізгі кейіпкері –Оғыз, оның анасы – Айқаған, Оғыздың ақылшысы – Ұлық Түрік, Оғыздың балалары – Күн, Ай, Жұлдыз, Көк, Тау, Теңіз. «Оғызнаманың» ұйғыр әрпімен жазылған нұсқасы Париж кітапханасында сақтаулы. «Оғызнама» дастанының негізгі идеясы – түркі елін бірлікке шақыру, достық пен адамгершілікке үндеу, сыртқы жауға қарсы күресу. «Оғызнама» дастанының өзіндік ерекшелігі – мифологиялық суреттердің мол кездесуі.

Қорқыт – ҮІІІ ғасырда Сыр бойындағы Жанкент қаласында өмір сүрген түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, күйшілік, жыраулық өнердің атасы. Қорқыт айтқан жырлар ХҮ ғасырда қара сөзбен хатқа түскен. «Қорқыт ата» кітабында он екі жыр бар. Олар: «Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр», «Байбөрі баласы Алып Бамсы», «Тоқа баласы Ержүрек Темірұлы», «Төбекөз биді өлтірген Бисат батыр», «Қазан бектің ауылын жау шапқаны туралы жыр», т.б. «Қорқыт ата» кітабының екі нұсқасы сақталған: 1) он екі жырдан тұратын Дрезден нұсқасы; 2) алты жырдан тұратын Ватикан нұсқасы. Қорқыттың артына қалдырған көптеген нақыл сөздері бар

Ахмет Йасауи ХІ – ХІІ ғасырда өмір сүрген, ислам дінінің атақты қайраткері, философ, ғұлама ғалым, ақын. Ахмет Йасауи өзінің сопылық-философиялық дүниетанымын «Диуани хикмет» – «Даналық кітабы» еңбегінде жан-жақты баян етеді. «Диуан» – жинақ, «хикмет» – Алланың ақ жолы деген ұғымды білдіреді. Йасауидің 90 мың шәкірті ұстазының сопылық ілімін Орта Азияға, Түркияғатаратқан.

Әбунасыр әл-Фараби – 870-950 жылдары өмір сүрген, музыка, математика, логика, философия, астрономия, әдебиеттану ғылымдарымен айналысқан, Шығыстың «Екінші ұстазы» атанған ұлы ғұлама. Әбунасыр әл-Фарабидің «Музыканың үлкен кітабы», «Қайырлы қала тұрғындарының көзқарасы», «Өлең өнерінің қағидалары», т.б. трактаттары мен еңбектері бар.

Әбунасыр әл-Фараби Отырар қаласында туып, оқу іздеп Бағдатқа барған. Ол 150-ге тарта ғылыми еңбек жазып қалдырған. Әбунасыр әл-Фараби мұрасы Орта түркі дәуірінің Сыр бойы әдебиетіне жатады. Әбунасыр әл-Фараби туған жер, өмірдің өтпелі екендігі, адамның ішкі сезімі туралы лирикалық өлеңдер жазған.

Сыр бойы әдебиетінің көрнекті өкілінің бірі Жүсіп Баласағұни – Талас Шу бойындағы Баласағұн қаласында туып-өскен ақын, ойшыл, данышпан ақын, білікті қоғам қайраткері.Баласағұни 85 тараудан тұратын «Құтадғу біліг» дастанын 54 жасында 18 айда жазып бітіріп, Қарахан мемлекетінің билеушісі Табғаш Арслан хан Боғратегіне тарту еткен. Осы кітабы үшін ханнан «Хас Хажиб» – «сарай министрі» деген атақ алған. Кітапта төрт кейіпкер бар: 1) Күнтуды бек(Әділет); 2) Айтолды уәзір(Бақыт); 3) Өгдүлміш – уәзірдің баласы(Ақыл-сана бейнесі); 4) Одғұрмыш – уәзірдің бауыры(Қанағат бейнесі).

Сыр бойы әдебиетінің көрнекті өкілі, білімпаз тілші-ғалым, әдебиет үлгілерінжинаушы Махмұт Қашқари ХІ ғасырда өмір сүрген. Қашқари араб тілін, грамматикасынжетік білген. Махмұт Қашқари 1070 жылы «Диуани лұғати-т-түрк» атты үш кітаптан тұратын еңбегін жазған. Сөздікте 29 түркі тайпасының аты аталып, алты жарым мыңғажуық түркі сөзіне арабша түсінік берген. Кітапта әдебиетке, түркі тіліне, тарихына, географиясына, тұрмыс-тіршілігіне қатысты көптеген мәліметтер келтірілген. Махмұт Қашқари қазақ жерінің дөңгелек картасын жасаған. Махмұт Қашқари түркі қалалары мен даласын аралап жинаған 260-тан астам мақалдың алпыстан астамы қазіргі күнде тілімізде өзгеріссіз қолданылып жүр.

Махмұт Қашқари өлеңдерінде ақыл-білім жинау, өмірдің мәнін түсіну, өткінші өмірді өз дәрежесінде өткізу туралы айтқан. Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғати-т-түрік»еңбегі қазір Стамбұлдағы Фатих кітапханасында сақтаулы тұр.

ХІV ғасырда өмір сүрген Рабғузидің «Қиссасул-әнбия» кітабы 1370 жылы түркі тілінде жазылған. Рабғузидің «Қиссасул-әнбия» кітабын қазақ тіліне әдебиеттанушы ғалым Алма Қыраубаевааударған.

Сәйф Сараи – 1320-1396 жылдары өмір сүрген Алтын Орда мемлекетінің көрнекті ақыны. Оның «Гүлстан би-т-түрки» кітабы парсы ақыны Сағдидің «Гүлстан кітабынан» түркі тіліндегі аударма нұсқасы. Кітап сегіз тараудан, кіріспе мен қорытындыдан тұрады. Кітаптың бастапқы жеті тарауы бөлек-бөлек қысқа әңгімелерден, сегізінші тарауы нақыл, мақал-мәтелдерден құралған. Кітапта қара сөз бен өлең аралас жазылған.

← Предыдущая
Страница 1
Следующая →

Скачать

adebiet.docx

adebiet.docx
Размер: 309.4 Кб

Бесплатно Скачать

Пожаловаться на материал

Ғасыр басындағы көркем аударма. Көркем аударма – әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы. Жаңа технология. Жыраулар поэзиясы. Абыл. Әдебиеттегі өзгешеліктердің бірі. Педагогика ғылымы. Әдеби жанр. Әдебиет пәні.

У нас самая большая информационная база в рунете, поэтому Вы всегда можете найти походите запросы

Искать ещё по теме...

Эта тема принадлежит разделу:

Көркем аударма

Ғасыр басындағы көркем аударма. Көркем аударма – әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы. Жаңа технология. Жыраулар поэзиясы. Абыл. Әдебиеттегі өзгешеліктердің бірі. Педагогика ғылымы. Әдеби жанр. Әдебиет пәні.

К данному материалу относятся разделы:

Әдебиеттану ғылымы. Текстология

Жыраулар поэзиясын оқытудың тиімді жолдары

Сал – серілер поэзиясының сұлулық әлемі

«Зар – заман» ақындары шығармашылығындағы отаршылдық дәуір көрінісі

Зар заман ақындарының өлеңдерінің мәні

Ақындарының шығармаларына тиым салынуы

Тұрмыс – салт жырларының түрлері

Оқытудың жаңаша түрлері

Авторлық ауыз әдебиеті: жыраулар поэзиясы

Абайдың ақындық мектебі

ХХ ғасыр басындағы діни-ағартушылық бағыт (Шәді төре Жәңгірұлы, Нұржан Наушабайұлы, Мақыш Қалтайұлы)

ХІХ ғасыр әдебиетідегі Қоқан езгісіне қарсы күрес сарыны

Көркем шығарманың сюжеті мен композициясы

Қазіргі қазақ фольклортануы

Поэма жанрын оқыту жолдары

ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасындағы әлеуметтік романдар («Бақытсыз Жамал», «Қамар сұлу»)

ХIX ғасырдағы айтыс өнері

Лиро-эпостық жырлардың жанрлық сипаты

Әдебиет пәнін оқытудағы әдіс-тәсілдер

Көркем шығарманы талдау жолдары

Әдеби бағыт, ағым және көркемдік әдіс

Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» толғауы

Мектепте әдебиет пәнін оқытудың өзіндік ерекшеліктері

Лирика жанры, оның түрлері

Драма жанры, оның түрлері

А.Байтұрсынұлының «қырық мысал» жинағы

Қобыланды жырының әдеби нұсқалары

Ежелгі дәуір әдебиетінің зерттелу тарихынан (Б.Кежебаев, М.Жолдасбеков, Х.Сүйіншәлиев, Н.Келімбетов)

Абайдың табиғат лирикасын оқыту

Аңыздық проза және оның түрлері

С.Торайғырұлы поэмаларындағы Алаш идеясы(«Айтыс», «Таныстыру»)

Мысал жанрын оқыту

Роман жанрын оқыту

Қазақ драматуогиясындағы алғашқы пьесалар (К.Төгісов, К.Кемеңгеров)

«Зар заман» ақындары поэзиясының стилі

М.Ж.Көпейұлының қисса дастандары

М.Жұмабайұлы және қазақ символизмі

Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары

Абай аудармалырының шеберлік қырлары

Әбу Насыр әл-Фарабидің поэзия өнері туралы трактаттары

Мәнерлеп оқу

М.Әуезов шығармаларын оқыту жолдары

“Қыз Жібек” жырындағы халықтық салт-дәстүр көріністері

Көркем шығарманы проблемалық талдау жолдары

Алтын Орда – Қыпшақ дәуіріндегі әдебиет

Абай қара сөздеріндегі философиялық-дидактикалық толғамдар

Әдебиет сабағында сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар

Қорқыт ата кітабының нұсқалары,зерттелуі

Шәкәрім Құдайбердіұлының “Қалқаман-Мамыр” поэмасындағы тартыс

Жыраулар поэзиясы және мемлекетшілдік сана

Эпикалық шығармаларды оқыту жолдары

Мақал-мәтелдердің тәрбиелік-тағылымдық мәні, тақырыптық түрлері

Айтыс жанрлық ерекшелігі, түрлері

І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасындағы Ақан сері бейнесі

Сабақты шығармашылық түрде ұйымдастыру

Ж.Аймауытұлының «Ақбілек» романындағы психологизм

Ы.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы» және қазақ ағартушылығы

Шығарма жаздыру

Дулат Бабатайұлының отаршылдыққа қарсы шығармалары

Ертегі жанрын оқыту

Әдебиет сабағында әдеби теориялық ұғымдармен танысу

Көркем шығарманы талдау жолдары

ХХ ғасыр бас кезіндегі ұлт әдебиетіндегі Алаш идеясы

Жыраулар поэзиясының болжалдық сипаты

1980-90 жылдардағы қазақ әдеби сыны

Поэзиялық шығармаларды оқыту жолдары

Похожие материалы:

Преступления против интересов службы в коммерческих и иных организациях

Общая характеристика и виды преступлений против интересов службы в коммерческих и иных организациях. Злоупотребление полномочиями (ст. 201 УК РФ)

Валютні відносини і валютні системи. Поняття валюти, валютний курс і конвертованість валют

Валютний ринок: суть та основи функціонування. Суть і необхідність валютного регулювання. Структура платіжного балансу. Валютні системи, їх призначення. Термінологічний словник. Платіжна картка

Правописание гласных в падежных окончаниях существительных в единственном числе

Урок по теме. Метод проблемного изложения. Постановка учебной задачи. Решение учебной задачи. Первичное обобщение. Точечная диагностика

Анализ реформаторских проектов

Целью курсовой работы, является анализ реформаторских проектов М.М. Сперанского, рассмотрение его проектов и записок, которые он создал в начале карьеры, а также проведение им кодификационной работы.

Вопросы к экзамену по дисциплине: «Финансы, денежное обращение и кредит»