С.Торайғырұлы поэмаларындағы Алаш идеясы(«Айтыс», «Таныстыру»)

Территория рекламы

Алаш партиясының ұранын, Алаш үкіметінің бостандық жолымен елді көгерту мақсатын өз жанына жақын санап, бар ықыласымен, құптаған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық мұрасынан ойып орын алатын екі поэмасы «Айтыс» (қала ақыны мен дала ақынының айтысы) пен

«Таныстыру» поэмасына «Алашорда басшыларын дәріптейтін шығарма» деген ат тағылса, «Айтыс» поэмасы байшылдық-ұлтшылдық пиғылды әспеттейтін зиянды жақтары мол деген желеумен жарыққа шығарылмады.Әдебиет тарихындағы ақтаңдақтар жойылған бүгінгі күн көзқарасымен қарар болсақ, «Таныстыру» мен «Айтыс» поэмалары нағыз ұлттығымызды ұлықтайтын, елдігімізді дәріптейтін, халықтық құндылықтарымызды құрметтеуге бағыттайтын асыл мұралар болып табылады.

«Таныстыру» 1917 жылдың күзі мен 1918 жылдың қысында Сұлтанмахмұт Абай елінде болған кезде жазылған. Ақпан төңкерісінен кейін Орынборда (1917 ж. шілде) Советтердің Бүкілқазақстандық І съезі, сол жылдың желтоқсанында тағы да Орынборда ІІ съезі өтті. Қазақстан облыстарында қазақ (қырғыз) комитеттерін сайлауға қызу дайындық жүріп жатты. Семей облысы қазақтарының съезі 1918 жылдың 14 наурызына белгіленді. «Төңкерістен кейін елді жаңа жолға бастайтын азаматтар кімдер?» деген сұрақ тұрды. С.Торайғыровтың «Таныстыру» поэмасы тура осы сауалға жауап бергендей еді. Поэманы жазу барысындағы ақынның таңдап алған формасы қызық та тартымды.

Поэманың ұзын арқауы екі адамның диалогы арқылы берілген.Диалогты пайдалану арқылы жеке адамның қоғамдық құбылыстарға деген қатынасын, ой-сезімін анықтайды. Диалог «оқыған», яғни зиялы азамат пен «оқымаған» қара қазақ арасында құрылған. Бір қазақты бұлай бөле-жара қараудың түп негізінде ақиқатқа бастар ақ жолды тану, болашағы бұлдыр қазақ қоғамына дұрыс бағыт-бағдарды анықтау жатыр.

Сұлтанмахмұт суреттеуінде «қара қазақтың» соншалықты қаражаяу емесі байқалады. Ол алашқа белгілі тұлғаларға деген көзқарасын ашық танытып, оқыған қазақтың ойына қосылып қана қоймай, оны толықтырып отырады. Ақын зиялы қауымды таныстыру барысында іштей екіге бөлінеді: ішкі жан дүниесі екіге жарылады, екі түрлі адамның кейпіне енеді. Ғасыр басындағы қазақ зиялыларына баға бергенде өзі өмір сүріп отырған заманын сараптап, іштей өз-өзімен сөйлеседі, сырласады. Бірақ екі адам кейпінде, екі адам тұрпатында көрініс береді. Сауал тастап отырған «қара қазақ» өзімен жасы шамалас жас жігіт емес, егде тартқан, тіпті қарт адам деуге келеді.

Ақын қаншалықты «қара қазақ» десе де, оның сұрақ қойып, сауал тастауында ойлылық, салмақтылық басым екені аңғарылады. 

Поэманы оқығанда, өлеңмен жазылған мінездемелермен танысып отырғандай әсерге бөленесіз. Есімдері поэмада аталатын қазақ зиялыларының жарқын бейнелері іс-қимылымен, кескін-келбетімен, мінез-құлқымен көз алдыңа келіп тұра қалады. «Бірі – Күн, бірі – Шолпан, бірі – Ай» Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М. Дулатов ел-жұрты тарыққанда жол сілтейтін көсем, халық тағдыры безбенге түскенде көмекейлері бүлкілдеген шешен, тар заманда тәуекелге бел байлайтын перзенттер екендігін қара қазақ айтқызбай-ақ ұғады. Алты миллион қазақты соңдарынан ерте алатындықтарына кәміл сенеді

Поэма арқылы Әлімхан Ермекұлымен, Халел Ғаббасұлымен, Райымжан Мәрсеков, Жақып Ақбайұлы жүздесеміз. Поэмада қазақтың кемеңгер ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлы ерекше ілтипатпен, үлкен сый-құрметпен оқырман қуанышына бөленіп жырланады.

С. Торайғыров өмірінің соңында жазып, аяқтай алмай кеткен «Айтыс» поэмасы – ақынның азаматтық рухын, алаштық үнін, ұлтжандылық сезімін танытатын жоғары пафоспен жазылған туынды. Әрқашан ізденгіш, жаңалыққа құштар С. Торайғыров «Айтыс» поэмасын жазуда да төтенше суреткерлік әдісті пайдаланған. Қазақ фольклорындағы көне де құнарлы жанр, айтыс поэтикасына ден қойған. Дала ақыны мен қала ақынын айтыстыра келіп, қоғамдағы, қоршаған ортадағы, өмірдегі сан қырлы әлеуметтік, адамгершілік, этикалық проблемаларды көтерген. Поэмада екі кейіпкер бар – дала ақыны және қала ақыны.

«Айтыс» поэмасы біз өмір сүріп отырған бүгінгі күннің көкейкесті мәселелерін қозғайды. Халық тағдыры таразыға түсіп, жан экологиясы, тіл қасіреті басты проблемаға ұласып, адамгершілікке, имандылыққа жүгіну әрбір саналы азаматтың көкірегіндегі көксеген арманымен тоғысқан беймаза кезеңде «Айтысты» ой жүгіртіп оқу, тереңіне үңілу бүгінгі күндегі кезек күттірмес іргелі істің бірі болуға тиіс. Айтысты бастаған қала ақыны менмендік танытып, білгішсініп:

Сен кімсің толық, семіз тән жағынан,

Өгіздей бар шығарсың әл жағынан.

Көрінген көрнегіңнен, жүрісіңнен,

Топастығың білінген әр жағынан, – деп, дала ақынын менсінбей сөйлейді.

Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,

Ұранға алаш деген атты аламын.

Сүйгенім қазақ өмірі, өзім – қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын?, – дей келе, дала ақыны шалқып сөйлейді. Сұлтанмахмұт дала ақынының шабытына қанат бітіріп, жырды көсілте, нөсерлете төккізеді. Себебі дала тынысы, дала тірлігі Сарыарқаның төсінде өскен ақынға ыстық, әрі, жақын еді.

С. Торайғыров «Айтыс» поэмасында тіл құдіретіне, тіл тағдырына терең мән берген. Туған тілге перзенттік махаббатын С. Торайғыров мынандай тебіреністі жолдармен жеткізеді:

Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім. Туған тілді ту ғып ұстап, іштегі бұла сезім өлең-жырға, мақал-мәтелге, шешендік толғауға айналып, Сұлтанмахмұт дала ақынын көсілте сөйлеткен.

Ақын лирикалық қаһармандарының жан дүниесін ақтара ашып, әлеуметтік, адамгершілік проблемаларын бүкіладамзаттық деңгейге көтере қозғады және бұл бағыттағы ізденісі жемісті болды. Ақын көтерген тіл мәселесі, имандылық, парасаттылық, жан экологиясы бүгінгі күнде өз жалғасын табуда.

С. Торайғыровтың «Таныстыру», «Айтыс» туындылары – қазақ поэмасы тарихындағы жаңа беттер ғана емес, әдебиетіміздегі бедерлі белес, үрдісті үлес, шоқтығы биік шығармалар. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Алаш қозғалысы басшыларына өлеңмен берген бағасы қазіргі зерттеуші тарихшылырдың ғылыми-дерек тұрғыдағы пікірлерімен сәйкес келетіндігі.

Ендеше, ұлттық сөз өнерінде соны сүрлеу іздеп, сол ізгі мақсат жолында көзінің тірісінде-ақ «ұлтшыл», «алашшыл», «алашордашыл» атанып, орынсыз сынға ұшыраған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Таныстыру», «Айтыс» поэмалары, «Алаш ұраны» өлеңі, «Әлиханның Семейге келуі» мақаласы – оның көркем туындыларының ішіндегі ерекше маңызды шығармалары.

← Предыдущая
Страница 1
Следующая →

Скачать

adebiet.docx

adebiet.docx
Размер: 309.4 Кб

Бесплатно Скачать

Пожаловаться на материал

Ғасыр басындағы көркем аударма. Көркем аударма – әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы. Жаңа технология. Жыраулар поэзиясы. Абыл. Әдебиеттегі өзгешеліктердің бірі. Педагогика ғылымы. Әдеби жанр. Әдебиет пәні.

У нас самая большая информационная база в рунете, поэтому Вы всегда можете найти походите запросы

Искать ещё по теме...

Эта тема принадлежит разделу:

Көркем аударма

Ғасыр басындағы көркем аударма. Көркем аударма – әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы. Жаңа технология. Жыраулар поэзиясы. Абыл. Әдебиеттегі өзгешеліктердің бірі. Педагогика ғылымы. Әдеби жанр. Әдебиет пәні.

К данному материалу относятся разделы:

Әдебиеттану ғылымы. Текстология

Жыраулар поэзиясын оқытудың тиімді жолдары

Сал – серілер поэзиясының сұлулық әлемі

«Зар – заман» ақындары шығармашылығындағы отаршылдық дәуір көрінісі

Зар заман ақындарының өлеңдерінің мәні

Ақындарының шығармаларына тиым салынуы

Тұрмыс – салт жырларының түрлері

Оқытудың жаңаша түрлері

Авторлық ауыз әдебиеті: жыраулар поэзиясы

Абайдың ақындық мектебі

ХХ ғасыр басындағы діни-ағартушылық бағыт (Шәді төре Жәңгірұлы, Нұржан Наушабайұлы, Мақыш Қалтайұлы)

ХІХ ғасыр әдебиетідегі Қоқан езгісіне қарсы күрес сарыны

Көркем шығарманың сюжеті мен композициясы

Қазіргі қазақ фольклортануы

Поэма жанрын оқыту жолдары

ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасындағы әлеуметтік романдар («Бақытсыз Жамал», «Қамар сұлу»)

ХIX ғасырдағы айтыс өнері

Лиро-эпостық жырлардың жанрлық сипаты

Әдебиет пәнін оқытудағы әдіс-тәсілдер

Көркем шығарманы талдау жолдары

Әдеби бағыт, ағым және көркемдік әдіс

Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» толғауы

Мектепте әдебиет пәнін оқытудың өзіндік ерекшеліктері

Лирика жанры, оның түрлері

Драма жанры, оның түрлері

А.Байтұрсынұлының «қырық мысал» жинағы

Қобыланды жырының әдеби нұсқалары

Ежелгі дәуір әдебиетінің зерттелу тарихынан (Б.Кежебаев, М.Жолдасбеков, Х.Сүйіншәлиев, Н.Келімбетов)

Абайдың табиғат лирикасын оқыту

Аңыздық проза және оның түрлері

С.Торайғырұлы поэмаларындағы Алаш идеясы(«Айтыс», «Таныстыру»)

Мысал жанрын оқыту

Роман жанрын оқыту

Қазақ драматуогиясындағы алғашқы пьесалар (К.Төгісов, К.Кемеңгеров)

«Зар заман» ақындары поэзиясының стилі

М.Ж.Көпейұлының қисса дастандары

М.Жұмабайұлы және қазақ символизмі

Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары

Абай аудармалырының шеберлік қырлары

Әбу Насыр әл-Фарабидің поэзия өнері туралы трактаттары

Мәнерлеп оқу

М.Әуезов шығармаларын оқыту жолдары

“Қыз Жібек” жырындағы халықтық салт-дәстүр көріністері

Көркем шығарманы проблемалық талдау жолдары

Алтын Орда – Қыпшақ дәуіріндегі әдебиет

Абай қара сөздеріндегі философиялық-дидактикалық толғамдар

Әдебиет сабағында сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар

Қорқыт ата кітабының нұсқалары,зерттелуі

Шәкәрім Құдайбердіұлының “Қалқаман-Мамыр” поэмасындағы тартыс

Жыраулар поэзиясы және мемлекетшілдік сана

Эпикалық шығармаларды оқыту жолдары

Мақал-мәтелдердің тәрбиелік-тағылымдық мәні, тақырыптық түрлері

Айтыс жанрлық ерекшелігі, түрлері

І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасындағы Ақан сері бейнесі

Сабақты шығармашылық түрде ұйымдастыру

Ж.Аймауытұлының «Ақбілек» романындағы психологизм

Ы.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы» және қазақ ағартушылығы

Шығарма жаздыру

Дулат Бабатайұлының отаршылдыққа қарсы шығармалары

Ертегі жанрын оқыту

Әдебиет сабағында әдеби теориялық ұғымдармен танысу

Көркем шығарманы талдау жолдары

ХХ ғасыр бас кезіндегі ұлт әдебиетіндегі Алаш идеясы

Жыраулар поэзиясының болжалдық сипаты

1980-90 жылдардағы қазақ әдеби сыны

Поэзиялық шығармаларды оқыту жолдары

Похожие материалы:

Сочинение по обществознанию

Клинико-анатомический  анализ

Медицинский диагноз (принципы построения и оформления). Алгоритм действий врача в случаях смерти больного.Основы клинико-анатомического анализа. О проведении аутопсий.  Алгоритм работы с биопсиями

Тестовые вопросы (и ответы) для госэкзаменов по предмету «коммунальная гигиена»

Для студентов 5 курса специальности «Общественное здравоохранение». Правильные ответы помечены.

Уголовное право. Основная часть

Субъективные признаки легализации (отмывания) денежных средств или иного имущества приобретённых незаконным путём

История экономики

Экономическая мысль Древнего Рима. Классическая политическая экономка. Экономические учения, воззрения и взгляды. Исторические школы Германии. Концепции.