Роман жанрын оқыту

Территория рекламы

Қазақ романы туралы айтқанда, ең алдымен ұлы суреткер М.Әуезовтің “Абай жолы” эпопеясы ойға оралады. Жазушы Абай туралы роман жазуға үлкен дайындықпен кіріседі. 1932 жылы Абай өлеңдерінің жинағын шығарады. 1934 жылы Абайдың қайтыс болуының отыз жылдығына арнап, “Абайдың ақындық айналасы” деген еңбек жазады. 1939-1940 жылдары Абайдың екі томдығын дайындау ісіне қатысады. Абай туралы деректер жинайды, Абайды көргенбілген адамдармен тілдеседі, естеліктерін тыңдайды. Болашақ шығармасын бастап, үзінділер жазып отырады. “Татьянаның қырдағы әнін” тудырады. Л.Соболевпен бірігіп, ұлы ақынның алғашқы сахналық бейнесін – “Абай” трагедиясын сомдайды. Әрине, М.Әуезовтің романының алдында қазақ әдебиетінде ірі прозалық шығармалар болды. Мысалы, С.Мұқановтың “Ботагөз”, Ғ.Мұстафиннің “Өлім мен өмір”, С.Ерубаевтың “Менің құрдастарым” т.б. романдар туды. М.Әуезов: “Абай” және “Абай жолы” романын жазу менің бүкіл творчестволық тіршілігімдегі түбегейлі әрекетім” деген. “Абай” романының бірінші кітабы 1942 жылы, екінші кітабы 1947 жылы жарыққа шығады. 1949 жылы дилогияға мемлекеттік сыйлық беріледі. Одан кейін, 1952 жылы “Абай жолының бірінші кітабы, 1956 жылы екінші кітабы жарыққа шығады. Бұдан соң, төрт кітапқа Лениндік сыйлық беріледі. 1943 жылы Ғ.Мүсірепов Жазушылар ұйымында болған жиналыста сөйлеген сөзінде М.Әуезовтің романы туралы баяндама жасайды. “Романдаы жас Абайдың қоғамдық қоршауы, дарынды жастық ішкі сыры, мінездері, ойтілегінің өсу беті, әр оқиғаны сезінуі мен бағалауы солжастағы жас Мұхтардың өз өскен ортасы, өз мінезі, өз тілегімен соншалықты шектесіп, соншаақ іргелес тұрғандай көрінеді. Екеуін айыратын нәрсе – мәнмағынасы тұтас, өзгерген дәуір, екі түрлі заман ғой деп ұғамын. “Абай” романын неше рет қайталап оқысам, сонша әрдайым жаңа бір ой, жаңа бір көркемдік, бұрын оқығанда байқалмай кеткен тереңдік табам” дейді. Осы еңбегінде Ғ.Мүсірепов “Абай” қазақ кеңес әдебиетінде “роман” деген үлкен мағынаға толық жауап беретін бірінші роман дей келе, мынадай ерекшеліктерін көрсетеді:

- Үлкен бір дәуірдің бар тұлғасын, адамдардың ішкітысқы ерекшеліктерін, қазақ деген елдің елдік дәрежесі қандай, тарихтың қандай саласында тұрған ел еді, осының бәрін “Абайдан” толық көресің, толық түсінесің. Бұл ең алдымен қазақ халқының елдігі жайындағы роман.

- Абай арқылы сол дәуірдің өзін де, ол дәуірдің арғыберісін де жете ұғынуға болады.

- Төңкерістен бұрынғы қазақ халқының әр тобыда қандай жақсылық, қандай бейшаралық бар еді. Мұхтар соны әділ сыншының, үлкен жазушының дәл таразысына салған, дәл көрсете алған.

- Абайдың жас кезін суреттеу арқылы жаңа келе жатқан жас ақын, жас ел қамқорын көріп, бағалау арқылы бір елдің ішітысын түгел көрсетіп, болашақ үшін айнымас, бұлжымас қор жасауға тырысқан.

“Абай жолы” романына бұдан да басқа берілге бағалар пікірлер мол. Қазақ әдебиеті өкілдерінен басқа, әлем әдебиеті қаламгерлері мен зерттеушілерінің берген бағасы бір белес.

Зерттеуші Ж.Әлмашев: ”...біздің әдебиетімізде үлкен тұлғалар кімдер десек, солардың алдыңғы легінде А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Б.Майлин, Ғ.Мүсірепов т.б. тұратны рас Ал, енді осылардың ішінде әсіресе, көзге ерекше жақырап көзге түсері, әлемдік әдебиетте есімі аталып жүрген жазушы деп Мұхтар Омарханұлы Әуезовті айтамыз. Себеп – оның көркем мұраларының құндылығында, мәнділігінде, ұлт өмірімен, ұлттық ойсанамен астасып, үндесіп жатқандығында. Ең бастысы – М.Әуезов өзінің басты шығармасы “Абай жолы” секілді төрт кітаптан тұратын романэпопея жаза алды”,дейді. “Абай жолында” әлеуметтік, философиялық, психологиялық сипаттардың негізінде табиғат, адам, орта, өмір болмысы шынайы ашылады. Яни, бұл жалғанның өткіншілігі, адам табиғатының құбылмалығы, сезімкүйдің алмасуы, жақсылық пен жамандық, озбырлық пен ізгілікті таныптаразылаудың баршасы романда кең ашылады.

Романдағы жүздеген кейіпкерлерге автор кескінкелбет, мінезқасиет тұрғысынан қысқаша да нақты сипаттама беріп отырған. Әр кейіпкер өзінше дара суреттеліп, басты қаһармандар төңірегіндегі әрекет пен тартысты кеңейте түседі. Романдағы Құнанбайға қатысты ісәрекеттер шексіз әміршіл, зорлықшыл сипатта суреттеледі. Бірақ, жазушы бейнелеуіндегі болыс, аға сұлтанболған Құнанбайды ашық ғайбаттамайды. Осы ретте, поляк зерттеушісі А.Янушкевич: “Құнанбай сөйлеу үшін жаратылған машина ғана емес, ол тек бұрамағанда ғана тоқтайтын сағат дерсің. Төсектен тұрысыменақ, сөйлей бастайды, содан көзі ұйқыға кеткенше толассыз сөйлеп береді. Минут сайын ақыл сұрап барған қазақтар келіп жатады. Екіүш сөзден кейінақ, шариғаттан үзінді келтіріп, абызша сұңқылдап кетеді. Оның жадында сақтау қабілеті таң қаларлық, үкіметтің барлық указдары мен жарлықтарын кітаптан оқып отырған адамша жатқа айтады”, дейді (Күнделіктер мен хаттар. А., Жалын. 1979, 188бет). Зерттеуші Құнанбай ауырғанда, бүкіл жұрт құдайға жалбарынып, амандық тілегенін тамсана жазады. Ендеше, осындай өзге жұрт өкілін таңқалдырған Құнанбайға ар сарында өлшеммен қарауға болмайды. Роман тек Абай мен әке арасындағы ренішті, қақтығысты көрсетуге ғана құрылмаған. Құнанбайдың Абайды, Абайдың әкесін бағалайтын тұстар да бар.

М.Әуезов романдағы кейіпкерлерінің киім киіс, жүрістұрыс, сырт пішіндеріне ерекше назар аударып, кең түрде этнографиялық суреттер жасайды. Жазушы кейбір қосалқы роман қаһармандарын істер кәсібі, күшқайраты жағынан ыңғайлас, топтастыра суреттейді. Көлемді романды оқытудың өз қиындығы бар. Оқушылар оны толық оқымайды да, сабақ үстінде оның игертілуі де ойдағыдай шықпайды. Сондықтан, мұғалім көлемді шығармаларды оқытуды оқушыларға алдынала ұсыну керек. Сонда сабақ үстіндегі талдау кезінде мұғалім өзіне тірек оқушылардың көмегіне сүйенеді. Одан кейінгі оқушыларды мәтінді оқытуға жетелейтін әдістің бірі – мәтінге жоспар құру. Егер мұғалім оқушыарға шығарма мазмұнын ашатындай мәселелердің тізбесінен тұратын жоспар жасауды үйретіп, сол бойынша нақты жауаптар алуға дағдыландырса, оқушы жоспардағы мәселелерді ашу үстінде, мәтін мазмұнын игеруге талпынады. Біз “Абай жолы” романының бірінші кітабы бойынша, жоспар үлгісін берейік.

“Қайтқанда”

1. Абайдың елге оралуы.

2. Үлкендермен қауышуы.

3. Құнанбай кеңесі.

4. Қодар мен Қамқаға кесілген жаза.

5. Абайдың сырқаттануы.

6. Абай ауылына Барлас пен Байкөкшенің келуі.

7. Барлас ақынның батасы.

“Қатқабатта”

1. Қыстауға көшу. Құнанбайдан жеткен бұйрық.

2. Жер дауы.

3. Құнанбайға елдің наразылығы.

4. Үркімбай ауылына келген бұйрық.

5. Бөжей ауылымен қақтығыс.

“Жолда”

1. Смағұл мен Оспан таласы.

2. Абайдың Қарқаралыда болуы.

3. Құнанбай мен Алшынбай келісімі.

4. Абайдың Шөжемен жүздесуі.

5. Құнанбай мен Бөжейдің бітісуі.

Тұжырымдама. Роман жанрына байланысты зерттеулер бізге оның салыстырмалы – талдау принципі тұрғысынан қарастырылып, бұл тұрғыда іргелі зерттеулердің бар екенін көрсетті. Орыс әдебиеттануында В.М.Жирмунский, Н.И.Конрад, М.П.Алексеев, Г.Н.Поспелов, М.Б.Храпченко, Н.Г.Неупокоева, В.И.Кулешов, И.Ф.Волков, П.А.Николаев, шетел зерттеушілерінен А.Дима, Д.Дюришин т.б. атауға болады. Бұл зерттеушілер романның мазмұн формасын, жанрлық ерекшелігін, кейіпкерлер жүйесі мен құрылымдық жағын қарастырды. Роман жанрының даму және зерттеу тәжірибесі көрсеткендей, оның проблемасы көркемдікидеялық құрылымынан, кейіпкерлер жүйесінен байқалады. Қазақ әдебиеттануында роман жанры жанжақты аспектіде зерттелді. Атап айтсақ, З.Қабдолов, С.Қирабаев, Т.Кәкішев, Р.Нұрғали, Р.Бердібай, Ж.Дәдебаев, З.Бисенғали, Қ.Әбдезұлы, Т.Есембеков, Қ.Алпысбаев, А.Ісімақова, Б.Майтанов, Т.Рақымжанов т.б. зерттеушілерді атауға болады.

← Предыдущая
Страница 1
Следующая →

Скачать

adebiet.docx

adebiet.docx
Размер: 309.4 Кб

Бесплатно Скачать

Пожаловаться на материал

Ғасыр басындағы көркем аударма. Көркем аударма – әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы. Жаңа технология. Жыраулар поэзиясы. Абыл. Әдебиеттегі өзгешеліктердің бірі. Педагогика ғылымы. Әдеби жанр. Әдебиет пәні.

У нас самая большая информационная база в рунете, поэтому Вы всегда можете найти походите запросы

Искать ещё по теме...

Эта тема принадлежит разделу:

Көркем аударма

Ғасыр басындағы көркем аударма. Көркем аударма – әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы. Жаңа технология. Жыраулар поэзиясы. Абыл. Әдебиеттегі өзгешеліктердің бірі. Педагогика ғылымы. Әдеби жанр. Әдебиет пәні.

К данному материалу относятся разделы:

Әдебиеттану ғылымы. Текстология

Жыраулар поэзиясын оқытудың тиімді жолдары

Сал – серілер поэзиясының сұлулық әлемі

«Зар – заман» ақындары шығармашылығындағы отаршылдық дәуір көрінісі

Зар заман ақындарының өлеңдерінің мәні

Ақындарының шығармаларына тиым салынуы

Тұрмыс – салт жырларының түрлері

Оқытудың жаңаша түрлері

Авторлық ауыз әдебиеті: жыраулар поэзиясы

Абайдың ақындық мектебі

ХХ ғасыр басындағы діни-ағартушылық бағыт (Шәді төре Жәңгірұлы, Нұржан Наушабайұлы, Мақыш Қалтайұлы)

ХІХ ғасыр әдебиетідегі Қоқан езгісіне қарсы күрес сарыны

Көркем шығарманың сюжеті мен композициясы

Қазіргі қазақ фольклортануы

Поэма жанрын оқыту жолдары

ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасындағы әлеуметтік романдар («Бақытсыз Жамал», «Қамар сұлу»)

ХIX ғасырдағы айтыс өнері

Лиро-эпостық жырлардың жанрлық сипаты

Әдебиет пәнін оқытудағы әдіс-тәсілдер

Көркем шығарманы талдау жолдары

Әдеби бағыт, ағым және көркемдік әдіс

Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» толғауы

Мектепте әдебиет пәнін оқытудың өзіндік ерекшеліктері

Лирика жанры, оның түрлері

Драма жанры, оның түрлері

А.Байтұрсынұлының «қырық мысал» жинағы

Қобыланды жырының әдеби нұсқалары

Ежелгі дәуір әдебиетінің зерттелу тарихынан (Б.Кежебаев, М.Жолдасбеков, Х.Сүйіншәлиев, Н.Келімбетов)

Абайдың табиғат лирикасын оқыту

Аңыздық проза және оның түрлері

С.Торайғырұлы поэмаларындағы Алаш идеясы(«Айтыс», «Таныстыру»)

Мысал жанрын оқыту

Роман жанрын оқыту

Қазақ драматуогиясындағы алғашқы пьесалар (К.Төгісов, К.Кемеңгеров)

«Зар заман» ақындары поэзиясының стилі

М.Ж.Көпейұлының қисса дастандары

М.Жұмабайұлы және қазақ символизмі

Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары

Абай аудармалырының шеберлік қырлары

Әбу Насыр әл-Фарабидің поэзия өнері туралы трактаттары

Мәнерлеп оқу

М.Әуезов шығармаларын оқыту жолдары

“Қыз Жібек” жырындағы халықтық салт-дәстүр көріністері

Көркем шығарманы проблемалық талдау жолдары

Алтын Орда – Қыпшақ дәуіріндегі әдебиет

Абай қара сөздеріндегі философиялық-дидактикалық толғамдар

Әдебиет сабағында сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар

Қорқыт ата кітабының нұсқалары,зерттелуі

Шәкәрім Құдайбердіұлының “Қалқаман-Мамыр” поэмасындағы тартыс

Жыраулар поэзиясы және мемлекетшілдік сана

Эпикалық шығармаларды оқыту жолдары

Мақал-мәтелдердің тәрбиелік-тағылымдық мәні, тақырыптық түрлері

Айтыс жанрлық ерекшелігі, түрлері

І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасындағы Ақан сері бейнесі

Сабақты шығармашылық түрде ұйымдастыру

Ж.Аймауытұлының «Ақбілек» романындағы психологизм

Ы.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы» және қазақ ағартушылығы

Шығарма жаздыру

Дулат Бабатайұлының отаршылдыққа қарсы шығармалары

Ертегі жанрын оқыту

Әдебиет сабағында әдеби теориялық ұғымдармен танысу

Көркем шығарманы талдау жолдары

ХХ ғасыр бас кезіндегі ұлт әдебиетіндегі Алаш идеясы

Жыраулар поэзиясының болжалдық сипаты

1980-90 жылдардағы қазақ әдеби сыны

Поэзиялық шығармаларды оқыту жолдары

Похожие материалы:

Педагогика. Экзаменационные ответы

Предмет и задачи педагогики как науки и учебной дисциплины. Ответы на экзаменационные вопросы

Тесты по дисциплине «Управление человеческими ресурсами»

Ответы на тесты по дисциплине «Управление персоналом организации». Персонал как объект управления, его роль в управлении радикальными нововведениями. Мотивация. Адаптация персонала в организации. Анализ работы. Аттестация и оценка персонала. Управление карьерой, формирование резерва кадров. управление конфликтами. Набор и отбор персонала. Управление компенсациями. Концепции и подходы к управлению персоналом. Организационная структура управления персоналом. Развитие, обучение, переподготовка и переобучение, тренинг, высвобождение. Оценка потенциала работников и организации. Организация работы с персоналом: служба персонала, кадровые технологии, принятие кадровых решений, расчет эффективности.

Отчет по производственной практике направления подготовки «Менеджмент»

Кафедра управления в экономических и социальных системах

Полимеры в нашей жизни

Полимеры - это слово кажется нам современным, пришедшим к нам в индустриальный век развитых технологий, часто мы связываем полимеры со словом пластик.

Понятие и предмет политологии

Шпаргалка по политологии. Уровни знания в политологии. Методы, применяемые в политологии. Социологический, Нормативно-ценностный, Бихевиористский метод. Структурно-функциональный анализ и системный подход. Понятие либерализма. Понятие и структура политики. Основные концепции власти. Понятие легитимности власти.