Қазақ драматуогиясындағы алғашқы пьесалар (К.Төгісов, К.Кемеңгеров)

Территория рекламы

1915 жылы К.Тоғысовтың “Надандық құрбаны” драмасы жеке кітап болып Уфада басылып шықты. Төңкеріс қарсаңында және одан кейін Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Қ.Кемеңгеров, М.Әуезов, С.Сейфуллин, Ж.Шанин, т.б-дың алғашқы драма шығармалары ұлттық драматургия жанрының негізін қалады. Еуропа үлгідегі драматургияның қыры мен сырын меңгеруге қазақ топырағында алғаш рет ден қойған Аймауытов. Оның тұңғыш үш пьесасы (“Рәбиға”, “Мансапқорлар”, “Қанапия — Шәрбану”) 19161917 жылы, ал “Ел қорғаны”, “Шернияз”, “Сылаң қыз” 19201925 жылдар ішінде жазылған. Бұларда сол уақыттағы қазақ қоғамындағы тұрмыс-салттан бастап, әлеуметтік оқиғалар суреттелген. Аймауытов қазақтың ауыз әдебиетін жетік біле тұра, көне дәуірді бейнелейтін пьеса жазбаған. Оның пьесаларының барлығында өз кезеңінің болмысы суреттелген. Және басқа драматургтердің шығармаларына ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктері де айқын. Барлық пьесаларының шымылдығы жеке кейіпкерлердің психология толғанысынан бастау алады. Аймауытов пьесалары сол жылдары жеке-жеке кітап болып басылып шыққан.

К. Төгісовтің өмірбаянына үңілсек, ол 1879 жылы Семей облысы Зайсан уезінің Шорға болысында дәулетті жанұяда дүниеге келген. Найманның Қаракерей руының ішіндегі Байжігіттен тараған арғы аталары Сарыарқаға әйгілі болған Ұлтарақ би, тобықты Бөжейдің нағашы атасы Бөжей, Сара ақын өлеңіне қосқан құт Шаянбай, Абаймен араласқан Төгіс пен Бөгіс. Шаянбай ұрпақтарынан сегіз адам қажылыққа Меккеге барған. 

Оның қазақ драматургиясы тарихында өзіндік орны бар туындысы- «Надандық құрбаны» пьесасы. Үш перделі пьеса 1915 жылы Уфа қаласында «Тұрмыш» баспаханасынан жеке кітап болып басылып шықты. Кітапшаның алғы беттерінде Көлбайдың «Зармыз», «Құрбыма», «Қайғы», және тағы басқа өлеңдері басылды. Пьесасының сөз басында ол «Қырда болып жатқан көп надандықтың бірер жарымын қолдан келгенше жазып, қазақ жастарына ұсынамын. Егер де ұнаса һәр шаһарда, һәр ауылда ойнап қазақтың өз көздеріне көрсетсе мұндай жолдан тиылар еді деп үміт қылам»,- деп қазақ халқын ілгері бастырмай жүрген надандықтан, қараңғылықтан арылып, ақ жолға түссе деген ниетін білдіреді.Пьесаның негізгі идеясы – қазақ халқын ілгері бастырмай, аяғына тұсау болып келген рулық-патриахалдық салт-дәстүрді жою. Бұл тұста Көлбай ел арасында сараңдықты, пасықтықты, надандықты ашып көрсетпек болады. Пьесаның «Надандық құрбаны» аталуы да сондықтан.Пьесаны жұртшылық қуана қарсы алып, қалаларда, ауылдарда «ойнады». Омбыдағы Қазақ оқушыларының демократиялық советі (Ә.Досанов, Т.Арыстанбеков, Ж. Сәдуақасов әдеби кеш ұйымдастырғанда осы пьесаны қояды. Алайда, пьеса кітап болып шыға салысымен бірден сынға ұшырады. Міржақып Дулатов Көлбайдың бұл пьесасының мазмұнын талдап, оның мағынасына тіптен келіспейтіндігін 1916 жылы «Қазақ» газетінің 170 санында жарияланды. Міржақыптың ойынша, бұл пьеса- «байқаусыз-мақтаусыз құр сөз, біріре – бірі қалаф оқиғалар. Кітап 40 бет. Мұның 26 беті өлеңмен толған, 16 беті ғана драмаға арналған». М.Дулатов көрсеткендей, бұл пьеса мазмұны жағынан кемшілікті болса да, тақырыбы қарапайым, халық тұрмысындағы келеңсіз көріністерді сынға алған өз кезеңіндегі бірден-бір туынды еді.Ғылыми зерттеулерде, саяси әдебиеттер мен көркем шығармаларда «Үш жүз» партиясы жөнінде буржуазиялық ұлтшылдар деп жаппай қаралаған пікірлер жазылып келді. Негізінде «Үш жүз» партиясының құрылуы, оның саяси және экономикалық, әлеуметтік мақсат-мүддесі, бағыты жөнінде сол кездің өзінде-ақ әр түрлі тілде, баспасөз беттерінде жариялана бастады. Мәселен, Омбы кеңес депутаттарының органы болған «Революционная мысль» газетінде де көптеген мәселелер көтерілді.« Үш жүз» партиясы жөнінде іле-шала «Алаш» партиясының органы «Қазақ» Х. Ғаббасов, И. Әлімбековтердің ұйымдастыруымен шыққан «Сарыарқа», Қызылжарда шығатын жастардың «Жас азамат» газетінде әр түрлі пиғылда жазылған бірнеше мақала жарияланған. Әрине, көпшілігі «Үш жүзді» мақтай емес, даттай жазды.1990-шы жылдары «Үш жүз» партиясының тарихын арнайы зерттеген тарихшы Б. Елкеевтің мақалалары «Қазақстан коммунисі, «Жұлдыз», «Алматы ақшамы» басылымдарында жарық көрді. Ғалым «Алаш» партиясымен бір мезгілде дүниеге келген партияның негізгі бағыт- бағдарын талдап, «Үш жүз» жетекшілерінің бірі К. Төгісовтің саяси қызметіне тоқталады.Алаштанушы К. Нұрпейіс «Үш жүз» партиясының құрылуы, олардың көтерген әлеуметтік- экономикалық мәселелері, «Үш жүз» бен «Алаш» арасындағы автономия, ұлтаралық қатынас мәселелері жөніндегі көзқарастары бірде қайшы, бірде жақын екендігін, «Үш жүз» партиясының басшыларының бірі К. Төгісовтің жүргізген қызметі жөнінде нақтылай көрсете келе: «Үш жүз» 1917 жылғы қазан – қараша ай ларында пайда болды. Әуел баста ол «Алашпен»бірлесе әрекет жасау мүмкіндігі туралы мәлімдегенімен, ол ойынан тез қайтты да, көп кешікпей Қазақстанның қоғамдық- саяси мәселелері жөнінде «Алаштың» бәрі де басты сынаушысына айналды», -деп жазса, ал М. Қойгелдиев «Үш жүз» өзінің пайда болу негізі жағынан да, әлеуметтік жағынан да толық қалыптасып үлгермеген, бірақ ықпалды саяси күшке айналу ниеті бар ұйым деп көрсетті.Жаңа партияның орталық комитетінің төрағалығына М. Әйтпенов, төрағаның жолдасы болып К. Төгісов, хатшылыққа Ы. Кәбеков, ал Ә. Қылышбаев қазынашы қызметін атқарушы боп сайланды.«Үш жүз» партиясы 1917 жылдың желтоқсанының соңғы күндерінде жұмысшы және солдат депутаттар кеңесінің толығымен қолдайтынын мәлімдеді, кеңестік өкіметті жақтайтындарын білдіріп жеделхат жолдады. К.Төгісов қол қойған жеделхатта Семей өңіріне қазақ демократиясын ұйымдастыруға «Үш жүз» партиясының өкілдері келді деп хабарлайды. Семей облыстық қазақ комитетін қалай да тарату қажет көрсетеді. Партия 1918 жылдың қаңтар айынан бастап жергілікті кеңестермен бірлесе жұмыс істеді және өздері қабылдаған қаулы-қарарларында қазақ даласында үкімет билігін халыққа беруді талап етті. 1917 жылы желтоқсанда «Дело Сибири» газетіне жарияланған «Ответ органу киргизской партии» атты мақаласында Көлбай Төгісов «Алаш» партиясының өкілдері мен оның басшысы Ә. Бөкейхановтың қызметін сынға алады. Үшжүзшілер өздерінің алға қойған ең негізгі мәселелерінің бірі «Алаш» партиясымен ашық күрес жүргізу деп есептеді. Ол үшін «Үш жүз» партиясының Омбы орталық комитеті алашордашыларға қарсы облыстық қазақ революциялық комитетін құрып, өздерінің солшыл социалист-революционерлерді, халық комиссарлар кеңесі, жұмысшы және солдат депутаттары кеңесінің бағдарламасын қолдайтындықтарын білдіріп, Омбы большевиктік газетіне жариялайды.К. Төгісов биліктен ғылым мен мәдениетті жоғары қояды, қаруға емес, білімге табылады.Көлбайдың «Сорлы қыздар» деп аталатын еңбегінде әйел теңсіздігін терең ой тастап жазады. Қазақтың қыз-келіншектерінің хал-ахуалы, адамшылық дәрежесі қандай аяныш, қандай қоршылдықта екені ешбір талассыз әр адамға мағлұм. Осы күнге дейін бейшара қазақ қыздары саудагердің дүкендеріндегі кездемедей сатылып, әр адамның қолына ойыншық болып, ғұмыры гүлдей сөніп, суық қара жерге барады. Алмадай жаңа ғана басқан қазақтың жас қыздары қайдағы намыссыз біреуге кете барады. Көлбайдың қабырғасына қатты батқандықтан осы мәселеге ерекше тоқтала кеткен. Оны мына жерден көреміз: « Қыз сорлылар өздері сүйіп сондай сұмдарға бармайды, ықтиярсыз қолға салған жүзіктей сатылып кетеді. Қалың малдың алды келіп белдеуге байланған соң махаббатсыз жүрегі қара, көңілі соқыр.Ата-анасы сы қыздың көз жасына қарамайды. 15-16 жасқа жаңа шығып, сұм дүниенің дәмін татып, ыстығына күйіп, суығына тоңған, ақ жүрек, ақ көңіл қыздарды қартайған, жақсылық, жамандықтың бәріне тойған, мұздай суық, тастай қатты махаббатсыз ата-ана жеңбей қоя ма?» Осы жолдарға біз зерделей қарайтын болсақ, оның қазақтардың сол кездегі салт-дәстүріне қарсы болғанын байқаймыз. Оның көтерген мәселесі- қыз теңсіздігі. «Алаш» газетіне келіп түскен хаттарды газет бетіне жиі жариялап отырған.«Граф Игнатьев» деген мақаласында оқу-білімге баса назар аударады. Граф Игнатьев барша жанға бірдей ауырлық түсіп тұрған кезде оқу тізгінін қолға алып,Россия елінің әр бұрышынан щам жағып, қараңғылықты қуа бастап еді.Оқу министрі Граф Игнатьев сол елдің балаларын білім нәрімен сусындатқан асыл азаматтардың бірі болған. Ол кісі адамдарды ұлтына, нәсіліне бөліп жармай, барлығын өз ұлтының азаматындай көріп, өнер-білімге шақырған. Дүние жүзіне ауырлығы білінген қалың соғыс уақытында граф Игнатьевтің еліне істеген қызметін, халқыеш уақытта ұмытатпаған. Россияның әр жерінен университет ашып, жаға гүлденіп келе жатқанда ісін шала тастап, қызметтен шығып қалған графтың еңбегін зор ынтамен жазады. Осындай бір суық уақытта граф Игнатьевтің мемлекет кемесінен кеткені саяси жағынан қарағанда тарихта бір жол болып қалса керек. Мемлекеттің әр бұрышынан шам жағып, қараңғылықты қуа бастаған көзі ашық көкірегі ояу асыл азаматты үлкен сүйіспеншілікпен жазады. Бір жағынан өзін де соған ұқсатады.«Қазіргі күйіміз» мақаласында сол кездегі халықтың ішкі саяси жағдайын ашып көрсетеді. Мемлекет басшыларының жиі-жиі қызметінен ауыса беруін, әр басшының әр түрлі жүргізген саясатына наразылық танытады.Оның «Оян» атты әңгімесінде елдің сауатсыздығын жою басты мәселеболған. Халықтың көкірегінен орын алған сауатсыздықты жою, халықтың көзін ашу мақсатымен осы мақаланы жариялайды.Онда: «Түркістан жаққа да сәуле көрініп, ғылым шүмегінің құмды жарып шыққандай көзі ашылып, халыққа сусын боларлық құдық орнамақ. Міне, мұндай жақсы хабарды естіп, оқу дариясының қадірін білетін, бізден гөрі көздері бұрынырақ ашылған орыс халқының ақ жарқын зиялылары « темірді қызған кезінде соғу керек» деген пікірді қолға алып, дереу іске кірісті.Түркістан жаққа ашылмақ болған жаңа білім ордасын ашпақшы болған ақ жүрек азаматтарға рахмет»,-деп өз ризашылығын білдіреді.Россия мемлекеті – зор мемлекет. Бұл мемлекет алға бармаса, кейін кетпейді. Россия мемлекеті алға кетіп, өсіп жасаған сайын, Россияға қарап мұсылиандар, біздер өсіп, жасап,гүлденеміз, бірақ біздің сол өсіп жасағанымызға, жоқ болып кетпесімізге бір-ақ нәрсе жолдас. Ол- жалғыз оқу.Б. Елкейұлының Көлбайдың қызметі жөнінде былай дейді: « К. Төгісов басқарған «Алаш» газеті «үлкен саяси» саласында да «бостандық», «теңдік» туралы мәселелер көтерді. К. Төгісов қазақ жастарын әскер қатарына шақыруға да тікелей қарсылық білдірмеді, сондағы мұның көздеген мақсаты, қарапайым түсінігі қазақ жастарын орыс, украин балаларымен бірге әскерге алып, қазақ халқының правосы басқалармен тең болар еді,- деген болатын. «Алаш» газетінің редакторы К. Төгісов.К. Төгісовтің «Надандық құрбаны» атты драмасында қазақ халқының қиын- қыстау күндері суреттеледі. Болыстардың халықты билеген кездегі көрсеткен озбырлықтары, аранын ашқан билердің халықты қан қақсатуы, аса бір қиын кездер көрсетілген. Надандық құрбаны деп аталуының өзі өмірде орын алып жүрген үстем тап өкілдері мен төменгі тап өкілдері арасындағы талас-тартыс. Дүниеде орын алған озбырлық үстем тап пен төменгі тап өкілдері арасындағы татулықты, бейбіт өмірді аңсайды. Сондай-ақ жастарды өнер-білімге шақырады. Оқу-білімге құштарлық танытқан адамның бойында надандық тұрмайды,- деген. Надандықты жауызға теңеп одан бойды аулақ ұстауды үндейді.Сор маңдай боп қалың малға сатылып, қор болған қыздардың тағдырларына да тоқталып кеткен. Қазақтарды надандықтан құтқарудың жолын іздейді. Ұйқыда жатқан қазақтарды оятады:«Ұйқыда жатқандардың көзін ашып,Құлыңды оята гөр, бар құдайым!» деген тіркестер арқылы танытқан.«Біздің қазақтан басқа алға кеткен жұрттың арасында да неше түрлі надандық, жауыздық, соқырлық, қиянат істер көп болған Һәм қазір де азырақ бар деп айтсақ болады.Бірақ сондай істердің азаюына, халықтың көзі ашылуына, алға басуына себепші болған 1,2 оқу арқасында жетіліп жұрттың қамын ойлап, неше түрлі өнер, білімнің кілтін алып есік ашқан жігіттер»,- деп жариялайды. Надандықтың ұшқынын біз жиі кездестіреміз. « Ауырып өлгелі тұрған әйелді бақсы сабап, «міне албасты, әне албасты!». Мұндай надан бақсылар қанша әйелдің ажалына қалған. Қырда балаларға шешек егем деген фельдшерлер шықса, қазақ қатындары баласын төсек астына тығады. Сөйтіп шешектен қанша бала ажалдан бұрын өлгеніне ншкім таласпас.Міне, осындай қырда болып жатқан көп надандықтың бірер жарымын қолдан келгенінше халыққа айтқан.Қазақтың туысы ешбір жаннан төмен емес. Бірақ бізді ақсатып, соқыр қып тұрған оқу дариясынан татпағандық,- деді Көлбай Төгісов.Қорыта айтқанда, ХХ ғасыр басындағы аумалы- төкпелі аласапыран заманда ел теңдігі үшін атқа қонған, партия құрған, газет шығарған, қуғын-сүргінге ұшыраған, ақыр соңында жат қолынан қаза тапқан Алаш қайраткері, қаламгер – Көлбай Төгісов еді.Иә, «Алаш қайраткері» деген сөз тіл ұшына бекер оралып отырған жоқ. Жарты ғасыр бойы «Алаш» деген атаудан алапестей үріккен, айтуға, жазуға тыйым салынған заманда һәм бүгінгі тәуелсіздік жылдарындағы оларды «ағарту», насихаттау, дәріптеу тұсында «алғашқы оқығандар», «қазақ зиялылары», «алаш қайраткерлері» сынды теңеу-баламалар тек «Алаш» партиясы басшылары мен «Алашорда Уақытша үкіметіне қатысты ғана қолданылумен келеді. Ал олармен саяси күресте бағыт – бағдарламалары, жолдары түйіспеген, дүнияуи тірлікте өзара тіл табыспаған Бақытжан Қаратаев, К. Төгісұлы, Әліби Жангелдин және тағысын тағылар туралы «Алаш қайраткерлері» не Алаш көсемі» деген баға ауызға алынған емес.Ақиқат жалғыз- дара болғанымен, оған жетер жол - тарам-тарам, бірнешеу. Сол себепті де ел мен жер тағдыры, ұлт азаттығы мен тәуелсіздігі үшін бел шешіп күрескен, сол жолда құрбан болған зиялыларымызды ұлықтауды мақсұт тұтқан ұрпақтары ескеретіні анық.Өткен ғасырдағы замана сахнасына шыққан ұлттық саяси элитаның тарихи рөлін толыққанды танып-білу үшін, олардың араларындағы кейбір текетірес, басарсыздық анатомиясын түсіну үшін, ең бастысы, азаттықтың азапты күндерінің үлгі-тәжірибесі мен өкініш сабақтарын ұмытпау үшін- барша мұрамызды түгелдеп, тиянақтап, жарыққа шығару - басты міндетіміз. Газет бетінде жарық көрген мақалаларының барлығы дерлік замана болмысын ашық әшкерелеген құнды мұра болып табылады. Елім, жұртым деп соққан жүректен шыққан жырларды келер ұрпақ дұрыс түсініп, қабылдауы шарт. К. Төгісовтің асыл мұралары әлі де толығымен зерттеліп, әдебиеттен өз орнын тапқан туынды болары анық.

Қошке Кемеңгерұлы 1896 жылы 15 шілдеде сол кездегі территориялық бөлініс бойынша Ақмола облысы, Омбы уезінің Қаржас ауылында дүниеге келді. Ата-бабасы мұнда Баянауылдың Сарытауынан қоныс аударған болатын. Деректерге қарағанда, Шорман би “Омбыға барғанда тамақ ішетін, намаз оқитын жерім жоқ” деп, баласы Мұса оқыған кадет корпусы көрінетін Ертістің сол жақ бетінен 250 сомға жер сатып алып, сол жерге 1849 жылы сенімді ағайыны Атанұлы Кемеңгерге, өзіне арнайы үй салдырып, қызметшілері үшін тұрғын жай, малы үшін қора-қопсы тұрғызады. Кемеңгер Дүйсенбай, Дүйсебай есімді екі ұл сүйген. Дүйсебайдан тарайтын Қошмұхамбет есейе келе қалам ұстағанда, жазғандарына “Қошке Кемеңгерұлы” деп қол қояды.

Діндар Дүйсебай ерте жастан хақ жолына түсіп, бойдақ күнінде-ақ Меккеге барып келіп, қажы атанады. Осы қасиетті Меккеге барарда ол Атығайдың беделді мырзасы Қартабаймен сапарлас болады. Жас Дүйсебайды Қартабай қатты ұнатып, елге келгенде оған Жәмила есімді қызын өз қолымен ұзатады. Сонымен болашақ қаламгер көзі ашық, ауқатты, берекелі отбасында туып, жан-жақты тәрбие алды

← Предыдущая
Страница 1
Следующая →

Скачать

adebiet.docx

adebiet.docx
Размер: 309.4 Кб

Бесплатно Скачать

Пожаловаться на материал

Ғасыр басындағы көркем аударма. Көркем аударма – әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы. Жаңа технология. Жыраулар поэзиясы. Абыл. Әдебиеттегі өзгешеліктердің бірі. Педагогика ғылымы. Әдеби жанр. Әдебиет пәні.

У нас самая большая информационная база в рунете, поэтому Вы всегда можете найти походите запросы

Искать ещё по теме...

Эта тема принадлежит разделу:

Көркем аударма

Ғасыр басындағы көркем аударма. Көркем аударма – әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы. Жаңа технология. Жыраулар поэзиясы. Абыл. Әдебиеттегі өзгешеліктердің бірі. Педагогика ғылымы. Әдеби жанр. Әдебиет пәні.

К данному материалу относятся разделы:

Әдебиеттану ғылымы. Текстология

Жыраулар поэзиясын оқытудың тиімді жолдары

Сал – серілер поэзиясының сұлулық әлемі

«Зар – заман» ақындары шығармашылығындағы отаршылдық дәуір көрінісі

Зар заман ақындарының өлеңдерінің мәні

Ақындарының шығармаларына тиым салынуы

Тұрмыс – салт жырларының түрлері

Оқытудың жаңаша түрлері

Авторлық ауыз әдебиеті: жыраулар поэзиясы

Абайдың ақындық мектебі

ХХ ғасыр басындағы діни-ағартушылық бағыт (Шәді төре Жәңгірұлы, Нұржан Наушабайұлы, Мақыш Қалтайұлы)

ХІХ ғасыр әдебиетідегі Қоқан езгісіне қарсы күрес сарыны

Көркем шығарманың сюжеті мен композициясы

Қазіргі қазақ фольклортануы

Поэма жанрын оқыту жолдары

ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасындағы әлеуметтік романдар («Бақытсыз Жамал», «Қамар сұлу»)

ХIX ғасырдағы айтыс өнері

Лиро-эпостық жырлардың жанрлық сипаты

Әдебиет пәнін оқытудағы әдіс-тәсілдер

Көркем шығарманы талдау жолдары

Әдеби бағыт, ағым және көркемдік әдіс

Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» толғауы

Мектепте әдебиет пәнін оқытудың өзіндік ерекшеліктері

Лирика жанры, оның түрлері

Драма жанры, оның түрлері

А.Байтұрсынұлының «қырық мысал» жинағы

Қобыланды жырының әдеби нұсқалары

Ежелгі дәуір әдебиетінің зерттелу тарихынан (Б.Кежебаев, М.Жолдасбеков, Х.Сүйіншәлиев, Н.Келімбетов)

Абайдың табиғат лирикасын оқыту

Аңыздық проза және оның түрлері

С.Торайғырұлы поэмаларындағы Алаш идеясы(«Айтыс», «Таныстыру»)

Мысал жанрын оқыту

Роман жанрын оқыту

Қазақ драматуогиясындағы алғашқы пьесалар (К.Төгісов, К.Кемеңгеров)

«Зар заман» ақындары поэзиясының стилі

М.Ж.Көпейұлының қисса дастандары

М.Жұмабайұлы және қазақ символизмі

Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары

Абай аудармалырының шеберлік қырлары

Әбу Насыр әл-Фарабидің поэзия өнері туралы трактаттары

Мәнерлеп оқу

М.Әуезов шығармаларын оқыту жолдары

“Қыз Жібек” жырындағы халықтық салт-дәстүр көріністері

Көркем шығарманы проблемалық талдау жолдары

Алтын Орда – Қыпшақ дәуіріндегі әдебиет

Абай қара сөздеріндегі философиялық-дидактикалық толғамдар

Әдебиет сабағында сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар

Қорқыт ата кітабының нұсқалары,зерттелуі

Шәкәрім Құдайбердіұлының “Қалқаман-Мамыр” поэмасындағы тартыс

Жыраулар поэзиясы және мемлекетшілдік сана

Эпикалық шығармаларды оқыту жолдары

Мақал-мәтелдердің тәрбиелік-тағылымдық мәні, тақырыптық түрлері

Айтыс жанрлық ерекшелігі, түрлері

І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасындағы Ақан сері бейнесі

Сабақты шығармашылық түрде ұйымдастыру

Ж.Аймауытұлының «Ақбілек» романындағы психологизм

Ы.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы» және қазақ ағартушылығы

Шығарма жаздыру

Дулат Бабатайұлының отаршылдыққа қарсы шығармалары

Ертегі жанрын оқыту

Әдебиет сабағында әдеби теориялық ұғымдармен танысу

Көркем шығарманы талдау жолдары

ХХ ғасыр бас кезіндегі ұлт әдебиетіндегі Алаш идеясы

Жыраулар поэзиясының болжалдық сипаты

1980-90 жылдардағы қазақ әдеби сыны

Поэзиялық шығармаларды оқыту жолдары

Похожие материалы:

Первобытная культура

Основные черты культуры: консерватизм, коллективизм, символизм, отсутствие письменности, синкретизм. Духовная культура первобытности.

Дифференциалды психология

Жануарлар мен адамға ортақ жүйке жүйесінің қасиеттері. Гиппократ пен Павловтың типологияларының ортақтығы және айырмашылығы.

Социология. Учебно-методический комплекс

Учебно-методический комплекс по дисциплине социология. Специальность «Государственное и муниципальное управление». Специальность «Управление персоналом»

Применение законов Ома и Кирхгофа к расчету линейных электрических цепей постоянного тока

Практическое занятие. Закон Ома. Основные теоретические сведения. Законы Кирхгофа. Замкнутый контур электрической цепи. Примеры решения задач. Закон Ома для участка цепи, не содержащего источника ЭДС

Отчет по лабораторной работе «Цикл Карно»