Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары

Территория рекламы
Әдебиет пәні – шәкірттердің әдеби білік-дағдыларын жетілдіретін, адамгершілікке, әсемдікті сүйе, түсіне білуге тәрбиелейтін пән. Сондай-ақ, бұл пән өмірді, қоғамдық құбылыстарды, сол қоғамды жасаушы адамдар мінезіндегі, іс-әрекетіндегі ерекшеліктерді түсінуге көмектеседі. Әдебиет – адам мінезін, оның дүниеге көзқарасын, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейтін, өзгерте алатын қуатты құрал. Сонымен бірге, орыс мектебіндегі қазақ әдебиеті қазақ тілін меңгертуге, оны жетік білуге жетелейтін пән, дәлірек айтсақ, ол оқушының сөйлеу, жазу тілін ширатады. Пәннің осындай мүмкіндіктері мұғалім алдына жаңа, өскелең міндеттер жүктейді. Осыған орай, ұстаз жандардың қызығы да, қиындығы да мол жұмыстарына көмек болар деген үмітпен 6 және 10-сыныптарда қазақ әдебиетін оқытуға байланысты әдістемелік көмек ұсынамын. Бұл ұсыныстар оқулықты қарастырып, сараптай келе ең қиын, немесе оқытуда біршама қиындықтар туғызатын тақырыптарды қамтиды. «6-сыныпта қазақ әдебиетін оқыту» Тақырыптарды ашпас бұрын 6-сынып оқушылары әдибиет теориясы жағынан білімдерін шыңдауы қажет. Оқушылар әдебиеттегі үш жанрды: эпос, лирика, драма жанрын анықтай алып, олардың өз ішінара неше топқа бөлінетіндігін, оған қандай шығармалар жататынын білуі шарт. Бұл әдеби терминдерді сызба арқылы беру өте қолайлы. Мысалы: Жанр Эпос лирика драма Эпос Шағын көлемді эпикалық түр Орта көлемді эпикалық түр Кең көлемді эпикалық түр ертегі, мысал, әңгіме, аңыз аңыз, повесть, поэма роман, роман-эпопея Лирика арнау өлең жыр баллада махаббат лирикасы философиялық лирика табиғат лирикасы саяси лирика Лирика тақырыбына қарай драма трагедия комедия Бұл сызбалар Зейнолла Қабдоловтың «Қазақ әдебиетінің теориясы» оқулығын оқып, саралап жасалынды. Осы сызбаларды қолдана отырып, шығармамен танысқаннан кейін оқушыға «Семантикалық картаны» толықтыру ұсынылады. Семантикалық карта Шығарманың аты «Әл Фараби туралы аңыз» Авторы халық Жанры Эпос, шағын көлемді эпикалық түр, аңыз. Тақырыбы Әл Фараби жән музыка. Идеясы Ғалымның жан-жақтылығын, қарапайымдылығын көрсету және музыка әуенінің қуатын таныту. Басты кейіпкерлері Әл Фараби ІІІ тоқсан ХХ ғасыр әдебиетінен басталады. Оқушылар әдебиеттің ерекше жанры - «Мысал жанрымен» танысады. Мысал жанрын оқуда мұғалім нені ескеру керектігіне тоқталып өтелік: Ахмет Байтұрсынұлының «Аққу, шортан, һәм шаян» аудармасы. Бұл бөліммен танысу барысында бала мысалдың ерекшелігін ажыратып, шығармамен танысқаннан кейін түйінді ойды тауып, оқып, тәрбиелік мәнін ашып, автордың ойын айқындап өткені абзал. Мысалдың қазақша аудармасын оқығаннан кейін орысша нұсқасымен салыстырып, екі ақынның түйінді ойы, бірінікі басында, бірінікі аяғында жазылғанымен айтар ойы бір екендігін балаға жетізу қажет. Үнтаспаның көмегімен салыстыру әдісін пайдаланып, орысша нұсқасын тыңдатуға болады. Қазақ әдебиеті пәнін оқытуда үйірме жұмыстары үлкен септігін тигізеді. Мысал жанры қиын да, қызықты жанр екендігін түсіндіріп, М.Әлімбаевтың төмендегі өлең жолдарын мысалға ала отырып Абай Құнанбаевтың аудармаларына да көңіл бөлугізген жөн: Қазақтың Гётесы жоқ, Пушкині жоқ, Қазақтың – деме бірақ , ешкімі жоқ, Есесіне өзгенің Абайы жоқ, Халқының мәңгі жасар кескіні боп Деу жөнсіз: « Өз баласы - өзіне ұлы», Ұлылар – ойдың шыңы, көздің нұры, Тең бірдей өлшем де жоқ ұлылыққа Әрқайсысы өзінше ұлы – сезін мұны. – дей келе қазақ халқының да өз мысалшылары бар екендігін айта кеткен жөн. Үйірме жұмысын жүргізу барысында А. Қунанбаевтың аудармасы «Қарға мен түлкі» мысылынан қойылым дайындауға болады. Орыс халқында мысалшы Крылов бар болса, қазақ халқында Асқар Тоқмағанбетов деген ақынның бар екендігін тілге тиек етіп, хрестоматия оқулығын пайдалына отырып, үйірме сабақтарында «Бидай мен қаңбақ» мысалын оқытуға болады. 6-сынып оқулығында лирикалық өлеңдер, соның ішінде табиғат лирикасы көптеп кездеседі: Жамбыл Жабаевтың «Алатау», Сәкен Сейфулиннің «Дала», «Наурыз», Ілияс Жансүгіровтың «Көкшетау» Сырбай Мәуленовтың «Менің Республикам» өлеңдері. Бұл арада айтып кететін жайт, оқушылардың танымдық, шығармашылық қасиеттерін дамыту мақсатымен өлеңге байланысты сюжетті картиналар салғызу, табиғат сұлулығын сомдаған ақынның позициясын ұстанып оқу сияқты жұмыстар жүргізуге болады. Менің тоқталып өтейін деп отырғаным Сәкен Сейфулиннің «Дала» өлеңі. Бұл өлең сөз көркемдігіне тұнып тұрған шығарма. Оқушыларды өлеңмен таныстырмас бұын әдибиет теориясынан теңеу, кейіптеу ұғымдарын қайталап өткен дұрыс. Теңеуді қарастырғанда -дай/-дей, -тай/-тей жұрнақтарының қызметін анықтап өткен жөн. Теңеулерді тауып, бала қалай түсінетіндігін сұрап кету қажет. Мысалы: төсін ашқан анадай - как мать раскрывшая объятия; жас баладай-как ребёнок. Кішкене бала анасының кеудесіне қалай талпынса, боз бала, жігіт те сондай сезіммен туған жеріне талпынады. Кейіптеуге келетін болсақ – «Құшағын жайған кең дала» -деп туған жерді сағынған адамдай суреттейді. Көк шалғынның өзі сөйлейді «Кетпе» - бұл құбылыс та кейіптеу. Гүлдер де майысып, бұралып, жібермей бөгейді. Мұның барлығы ақынның сезімі, көкірек тілі. Осы әдістер балалардың Сәкеннің ұлылығын, шебер ақындығын мойындап, дәріптеуіне септігін тигізеді. «10-сыныпта қазақ әдебиетін оқыту» Бүгінгі таңда 10-сынып оқулығымен жұмыс істеу көп қиындықтар туғызуда. Аптасына бір сағат уақыт көлемінде материалды толық меңгеру мүмкін емес, берілген оқулық осындай болғандықтан бағдарлама көлемінде жұмыс атқаруға тура келеді, бұл ретте өз іс-тәжірибемнен мұғалімдерге көмек болар деген оймен төмендегідей жұмыс түрлерін ұсынамын. Сабақ жоспарын құрғанда Марал Жанпейісованың технологиясы бойынша сабақтарыма топтық және жұптық жұмыс түрлерін әр сабаққа енгізуді жөн көрдім, өйткені бұл тәсілдер сабақтың ұтымды өтілуіне көп септігін тигізеді. Мысалы, Шоқан Уалихановты оқытуға 2 сағат беріледі, ал тақырып көлемі 8 бет. Осы ретте топтық жұмыс түрін жүргізу өте қолайлы, бір ескеретін жайт сұрақтарды құрастыруда мұғалім оқушы нені анық білу қажеттігін іріктеп алуы қажет. Оқушылардың санына орай топтарға бөліп, тапсырмалар үлестіріледі. Сіздерге ұсынылып отырған тапсырма үш топқа бөлінген, егер көз жүгіртіп өтсеңіздер тапсырмадағы сұрақтардың саны әр түрлі, өйткені сауалдар деңгейлік тапсырма көлемінде құрылған, бірақ тапсырмалар реті материалдың мазмұнының жүйелігіне байланысты деңгейлік талаптарына сәйкес болмаса да, мұғалім өзі топтың шамасына қарай бөліп беруіне болады. Келесі тапсырманың бір түрі жұптық жұмыс тәсілі бойынша сұрақтар құрастыру. Бұл тапсырманың ерекшілігі 1- сұрақ ақын-жазушының өмірі мен шығармашылығынан, ал 2-сұрақ тікелей шығармаларға байланысты құрылуы шарт, ол оқушының нақты білімі мен дайындық дәрежесін тексеруге септігін тигізеді. Сіздерге мысал ретінде Қашаған Күржіманұлының өмірі мен шығармашылығы бойынша жасалған жұптық тапсырма ұсынылды. Оқулықта ауқымы өте кең шығармалар бар, бұл оқыту үрдісі кезінде қиындықтар туғызады, осы ретте жұптық жұмыстың тағы бір түрінің берер септігі көп. Мысалы, Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына 6 сағат уақыт беріледі, ал парақ саны 39 бет, бірінші сағатты оқыту барысында біз алты мәтінмен бірақ жұмыс істеуіміз керек. Мәселені шешу үшін балаларды ең алдымен алты жұпқа бөліп, оларға тапсырмалар тараттым, әр тапсырма бір бөлімге байланысты алынды, осы бөлім көлемінде ең қажетті деп танылған сұрақтар қойылды, тапсырмаға міндетті түрде қаралатын бөлімнің тақырыбы мен бетінің нөмірірі жазылды. Белгіленген уақыт көлемінде жұптар берілген тапсырмаларға бөлім ретіне сәйкес жауап беріп, бір-бірін тыңдап, негізгісін дәптерлеріне түртіп алып отырды. Бұл әдіс баланың алтын уақытты үнемдеп, материалды толық меңгеруіне көмегін тигізді. Тағы қосарым, әр сабағымды сабақтың айдарынан бастауды дәстүрге айналдырдым, бұл әдіс мұғалімге үш мәселені шешуге септігін тигізеді, 1- өтілетін тақырыптың мазмұнынашады, 2 - тәрбиелік мақсатын шешеді, 3- оқушы әр сабақта мақал-мәтел , нақыл сөз, қанатты сөз, немесе естеліктерді жаттап, әдеби сөздік қорын дамытуға ықпалын тигізеді. Осы ұсынылған әдістер оқушының көркем шығарманың идеялық мазмұнын, тақырыбын дұрыс ұғынуы үшін өте қажет деп ойлаймын. Бұл әдіс – амалдарыды орындау шарт емес. Айтылған жұмыс түрлері мұғалімдерді өзіндік ізденіске жетелейді деген ойлйамын. Қай тақырыпты оқытуда болмасын мұғалімнің ойы, шеберлігі қажет деп сөзімді аяқтағым келеді. Өскемен қаласы №24 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Закарьянова Айнұр Қызырбекқызы Орыс мектебінің қазақ әдебиеті пәнін оқытуда меңгеруге ауыр тақырыптарды оқытудың тиімді жолдары Әдебиет пәні – шәкірттердің әдеби білік-дағдыларын жетілдіретін, адамгершілікке, әсемдікті сүйе, түсіне білуге тәрбиелейтін пән. Сондай-ақ, бұл пән өмірді, қоғамдық құбылыстарды, сол қоғамды жасаушы адамдар мінезіндегі, іс-әрекетіндегі ерекшеліктерді түсінуге көмектеседі. Әдебиет – адам мінезін, оның дүниеге көзқарасын, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейтін, өзгерте алатын қуатты құрал. Сонымен бірге, орыс мектебіндегі қазақ әдебиеті қазақ тілін меңгертуге, оны жетік білуге жетелейтін пән, дәлірек айтсақ, ол оқушының сөйлеу, жазу тілін ширатады. Пәннің осындай мүмкіндіктері мұғалім алдына жаңа, өскелең міндеттер жүктейді. Осыған орай, ұстаз жандардың қызығы да, қиындығы да мол жұмыстарына көмек болар деген үмітпен 6 және 10-сыныптарда қазақ әдебиетін оқытуға байланысты әдістемелік көмек ұсынамын. Бұл ұсыныстар оқулықты қарастырып, сараптай келе ең қиын, немесе оқытуда біршама қиындықтар туғызатын тақырыптарды қамтиды. «6-сыныпта қазақ әдебиетін оқыту» Тақырыптарды ашпас бұрын 6-сынып оқушылары әдибиет теориясы жағынан білімдерін шыңдауы қажет. Оқушылар әдебиеттегі үш жанрды: эпос, лирика, драма жанрын анықтай алып, олардың өз ішінара неше топқа бөлінетіндігін, оған қандай шығармалар жататынын білуі шарт. Бұл әдеби терминдерді сызба арқылы беру өте қолайлы. Мысалы Жанр Эпос лирика драма Эпос Шағын көлемді эпикалық түр Орта көлемді эпикалық түр Кең көлемді эпикалық түр ертегі, мысал, әңгіме, аңыз аңыз, повесть, поэма роман, роман-эпопея Лирика арнау өлең жыр баллада махаббат лирикасы философиялық лирика табиғат лирикасы саяси лирика Лирика тақырыбына қарай драма трагедия комедия Бұл сызбалар Зейнолла Қабдоловтың «Қазақ әдебиетінің теориясы» оқулығын оқып, саралап жасалынды. Осы сызбаларды қолдана отырып, шығармамен танысқаннан кейін оқушыға «Семантикалық картаны» толықтыру ұсынылады. Семантикалық карта Шығарманың аты «Әл Фараби туралы аңыз» Авторы халық Жанры Эпос, шағын көлемді эпикалық түр, аңыз. Тақырыбы Әл Фараби жән музыка. Идеясы Ғалымның жан-жақтылығын, қарапайымдылығын көрсету және музыка әуенінің қуатын таныту. Басты кейіпкерлері Әл Фараби ІІІ тоқсан ХХ ғасыр әдебиетінен басталады. Оқушылар әдебиеттің ерекше жанры - «Мысал жанрымен» танысады. Мысал жанрын оқуда мұғалім нені ескеру керектігіне тоқталып өтелік: Ахмет Байтұрсынұлының «Аққу, шортан, һәм шаян» аудармасы. Бұл бөліммен танысу барысында бала мысалдың ерекшелігін ажыратып, шығармамен танысқаннан кейін түйінді ойды тауып, оқып, тәрбиелік мәнін ашып, автордың ойын айқындап өткені абзал. Мысалдың қазақша аудармасын оқығаннан кейін орысша нұсқасымен салыстырып, екі ақынның түйінді ойы, бірінікі басында, бірінікі аяғында жазылғанымен айтар ойы бір екендігін балаға жетізу қажет. Үнтаспаның көмегімен салыстыру әдісін пайдаланып, орысша нұсқасын тыңдатуға болады. Қазақ әдебиеті пәнін оқытуда үйірме жұмыстары үлкен септігін тигізеді. Мысал жанры қиын да, қызықты жанр екендігін түсіндіріп, М.Әлімбаевтың төмендегі өлең жолдарын мысалға ала отырып Абай Құнанбаевтың аудармаларына да көңіл бөлугізген жөн: Қазақтың Гётесы жоқ, Пушкині жоқ, Қазақтың – деме бірақ , ешкімі жоқ, Есесіне өзгенің Абайы жоқ, Халқының мәңгі жасар кескіні боп Деу жөнсіз: « Өз баласы - өзіне ұлы», Ұлылар – ойдың шыңы, көздің нұры, Тең бірдей өлшем де жоқ ұлылыққа Әрқайсысы өзінше ұлы – сезін мұны. – дей келе қазақ халқының да өз мысалшылары бар екендігін айта кеткен жөн. Үйірме жұмысын жүргізу барысында А. Қунанбаевтың аудармасы «Қарға мен түлкі» мысылынан қойылым дайындауға болады. Орыс халқында мысалшы Крылов бар болса, қазақ халқында Асқар Тоқмағанбетов деген ақынның бар екендігін тілге тиек етіп, хрестоматия оқулығын пайдалына отырып, үйірме сабақтарында «Бидай мен қаңбақ» мысалын оқытуға болады. 6-сынып оқулығында лирикалық өлеңдер, соның ішінде табиғат лирикасы көптеп кездеседі: Жамбыл Жабаевтың «Алатау», Сәкен Сейфулиннің «Дала», «Наурыз», Ілияс Жансүгіровтың «Көкшетау» Сырбай Мәуленовтың «Менің Республикам» өлеңдері. Бұл арада айтып кететін жайт, оқушылардың танымдық, шығармашылық қасиеттерін дамыту мақсатымен өлеңге байланысты сюжетті картиналар салғызу, табиғат сұлулығын сомдаған ақынның позициясын ұстанып оқу сияқты жұмыстар жүргізуге болады. Менің тоқталып өтейін деп отырғаным Сәкен Сейфулиннің «Дала» өлеңі. Бұл өлең сөз көркемдігіне тұнып тұрған шығарма. Оқушыларды өлеңмен таныстырмас бұын әдибиет теориясынан теңеу, кейіптеу ұғымдарын қайталап өткен дұрыс. Теңеуді қарастырғанда -дай/-дей, -тай/-тей жұрнақтарының қызметін анықтап өткен жөн. Теңеулерді тауып, бала қалай түсінетіндігін сұрап кету қажет. Мысалы: төсін ашқан анадай - как мать раскрывшая объятия; жас баладай-как ребёнок. Кішкене бала анасының кеудесіне қалай талпынса, боз бала, жігіт те сондай сезіммен туған жеріне талпынады. Кейіптеуге келетін болсақ – «Құшағын жайған кең дала» -деп туған жерді сағынған адамдай суреттейді. Көк шалғынның өзі сөйлейді «Кетпе» - бұл құбылыс та кейіптеу. Гүлдер де майысып, бұралып, жібермей бөгейді. Мұның барлығы ақынның сезімі, көкірек тілі. Осы әдістер балалардың Сәкеннің ұлылығын, шебер ақындығын мойындап, дәріптеуіне септігін тигізеді. «10-сыныпта қазақ әдебиетін оқыту» Бүгінгі таңда 10-сынып оқулығымен жұмыс істеу көп қиындықтар туғызуда. Аптасына бір сағат уақыт көлемінде материалды толық меңгеру мүмкін емес, берілген оқулық осындай болғандықтан бағдарлама көлемінде жұмыс атқаруға тура келеді, бұл ретте өз іс-тәжірибемнен мұғалімдерге көмек болар деген оймен төмендегідей жұмыс түрлерін ұсынамын. Сабақ жоспарын құрғанда Марал Жанпейісованың технологиясы бойынша сабақтарыма топтық және жұптық жұмыс түрлерін әр сабаққа енгізуді жөн көрдім, өйткені бұл тәсілдер сабақтың ұтымды өтілуіне көп септігін тигізеді. Мысалы, Шоқан Уалихановты оқытуға 2 сағат беріледі, ал тақырып көлемі 8 бет. Осы ретте топтық жұмыс түрін жүргізу өте қолайлы, бір ескеретін жайт сұрақтарды құрастыруда мұғалім оқушы нені анық білу қажеттігін іріктеп алуы қажет. Оқушылардың санына орай топтарға бөліп, тапсырмалар үлестіріледі. Сіздерге ұсынылып отырған тапсырма үш топқа бөлінген, егер көз жүгіртіп өтсеңіздер тапсырмадағы сұрақтардың саны әр түрлі, өйткені сауалдар деңгейлік тапсырма көлемінде құрылған, бірақ тапсырмалар реті материалдың мазмұнының жүйелігіне байланысты деңгейлік талаптарына сәйкес болмаса да, мұғалім өзі топтың шамасына қарай бөліп беруіне болады. Келесі тапсырманың бір түрі жұптық жұмыс тәсілі бойынша сұрақтар құрастыру. Бұл тапсырманың ерекшілігі 1- сұрақ ақын-жазушының өмірі мен шығармашылығынан, ал 2-сұрақ тікелей шығармаларға байланысты құрылуы шарт, ол оқушының нақты білімі мен дайындық дәрежесін тексеруге септігін тигізеді. Сіздерге мысал ретінде Қашаған Күржіманұлының өмірі мен шығармашылығы бойынша жасалған жұптық тапсырма ұсынылды. Оқулықта ауқымы өте кең шығармалар бар, бұл оқыту үрдісі кезінде қиындықтар туғызады, осы ретте жұптық жұмыстың тағы бір түрінің берер септігі көп. Мысалы, Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына 6 сағат уақыт беріледі, ал парақ саны 39 бет, бірінші сағатты оқыту барысында біз алты мәтінмен бірақ жұмыс істеуіміз керек. Мәселені шешу үшін балаларды ең алдымен алты жұпқа бөліп, оларға тапсырмалар тараттым, әр тапсырма бір бөлімге байланысты алынды, осы бөлім көлемінде ең қажетті деп танылған сұрақтар қойылды, тапсырмаға міндетті түрде қаралатын бөлімнің тақырыбы мен бетінің нөмірірі жазылды. Белгіленген уақыт көлемінде жұптар берілген тапсырмаларға бөлім ретіне сәйкес жауап беріп, бір-бірін тыңдап, негізгісін дәптерлеріне түртіп алып отырды. Бұл әдіс баланың алтын уақытты үнемдеп, материалды толық меңгеруіне көмегін тигізді. Тағы қосарым, әр сабағымды сабақтың айдарынан бастауды дәстүрге айналдырдым, бұл әдіс мұғалімге үш мәселені шешуге септігін тигізеді, 1- өтілетін тақырыптың мазмұнынашады, 2 - тәрбиелік мақсатын шешеді, 3- оқушы әр сабақта мақал-мәтел , нақыл сөз, қанатты сөз, немесе естеліктерді жаттап, әдеби сөздік қорын дамытуға ықпалын тигізеді. Осы ұсынылған әдістер оқушының көркем шығарманың идеялық мазмұнын, тақырыбын дұрыс ұғынуы үшін өте қажет деп ойлаймын. Бұл әдіс – амалдарыды орындау шарт емес. Айтылған жұмыс түрлері мұғалімдерді өзіндік ізденіске жетелейді деген ойлйамын. Қай тақырыпты оқытуда болмасын мұғалімнің ойы, шеберлігі қажет деп сөзімді аяқтағым келеді.
← Предыдущая
Страница 1
Следующая →

Скачать

adebiet.docx

adebiet.docx
Размер: 309.4 Кб

Бесплатно Скачать

Пожаловаться на материал

Ғасыр басындағы көркем аударма. Көркем аударма – әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы. Жаңа технология. Жыраулар поэзиясы. Абыл. Әдебиеттегі өзгешеліктердің бірі. Педагогика ғылымы. Әдеби жанр. Әдебиет пәні.

У нас самая большая информационная база в рунете, поэтому Вы всегда можете найти походите запросы

Искать ещё по теме...

Эта тема принадлежит разделу:

Көркем аударма

Ғасыр басындағы көркем аударма. Көркем аударма – әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы. Жаңа технология. Жыраулар поэзиясы. Абыл. Әдебиеттегі өзгешеліктердің бірі. Педагогика ғылымы. Әдеби жанр. Әдебиет пәні.

К данному материалу относятся разделы:

Әдебиеттану ғылымы. Текстология

Жыраулар поэзиясын оқытудың тиімді жолдары

Сал – серілер поэзиясының сұлулық әлемі

«Зар – заман» ақындары шығармашылығындағы отаршылдық дәуір көрінісі

Зар заман ақындарының өлеңдерінің мәні

Ақындарының шығармаларына тиым салынуы

Тұрмыс – салт жырларының түрлері

Оқытудың жаңаша түрлері

Авторлық ауыз әдебиеті: жыраулар поэзиясы

Абайдың ақындық мектебі

ХХ ғасыр басындағы діни-ағартушылық бағыт (Шәді төре Жәңгірұлы, Нұржан Наушабайұлы, Мақыш Қалтайұлы)

ХІХ ғасыр әдебиетідегі Қоқан езгісіне қарсы күрес сарыны

Көркем шығарманың сюжеті мен композициясы

Қазіргі қазақ фольклортануы

Поэма жанрын оқыту жолдары

ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасындағы әлеуметтік романдар («Бақытсыз Жамал», «Қамар сұлу»)

ХIX ғасырдағы айтыс өнері

Лиро-эпостық жырлардың жанрлық сипаты

Әдебиет пәнін оқытудағы әдіс-тәсілдер

Көркем шығарманы талдау жолдары

Әдеби бағыт, ағым және көркемдік әдіс

Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» толғауы

Мектепте әдебиет пәнін оқытудың өзіндік ерекшеліктері

Лирика жанры, оның түрлері

Драма жанры, оның түрлері

А.Байтұрсынұлының «қырық мысал» жинағы

Қобыланды жырының әдеби нұсқалары

Ежелгі дәуір әдебиетінің зерттелу тарихынан (Б.Кежебаев, М.Жолдасбеков, Х.Сүйіншәлиев, Н.Келімбетов)

Абайдың табиғат лирикасын оқыту

Аңыздық проза және оның түрлері

С.Торайғырұлы поэмаларындағы Алаш идеясы(«Айтыс», «Таныстыру»)

Мысал жанрын оқыту

Роман жанрын оқыту

Қазақ драматуогиясындағы алғашқы пьесалар (К.Төгісов, К.Кемеңгеров)

«Зар заман» ақындары поэзиясының стилі

М.Ж.Көпейұлының қисса дастандары

М.Жұмабайұлы және қазақ символизмі

Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары

Абай аудармалырының шеберлік қырлары

Әбу Насыр әл-Фарабидің поэзия өнері туралы трактаттары

Мәнерлеп оқу

М.Әуезов шығармаларын оқыту жолдары

“Қыз Жібек” жырындағы халықтық салт-дәстүр көріністері

Көркем шығарманы проблемалық талдау жолдары

Алтын Орда – Қыпшақ дәуіріндегі әдебиет

Абай қара сөздеріндегі философиялық-дидактикалық толғамдар

Әдебиет сабағында сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар

Қорқыт ата кітабының нұсқалары,зерттелуі

Шәкәрім Құдайбердіұлының “Қалқаман-Мамыр” поэмасындағы тартыс

Жыраулар поэзиясы және мемлекетшілдік сана

Эпикалық шығармаларды оқыту жолдары

Мақал-мәтелдердің тәрбиелік-тағылымдық мәні, тақырыптық түрлері

Айтыс жанрлық ерекшелігі, түрлері

І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасындағы Ақан сері бейнесі

Сабақты шығармашылық түрде ұйымдастыру

Ж.Аймауытұлының «Ақбілек» романындағы психологизм

Ы.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы» және қазақ ағартушылығы

Шығарма жаздыру

Дулат Бабатайұлының отаршылдыққа қарсы шығармалары

Ертегі жанрын оқыту

Әдебиет сабағында әдеби теориялық ұғымдармен танысу

Көркем шығарманы талдау жолдары

ХХ ғасыр бас кезіндегі ұлт әдебиетіндегі Алаш идеясы

Жыраулар поэзиясының болжалдық сипаты

1980-90 жылдардағы қазақ әдеби сыны

Поэзиялық шығармаларды оқыту жолдары

Похожие материалы:

Электромагнитная индукция. Магнитный поток. Закон электромагнитной индукции. Правило Ленца

1. Опыты по электромагнитной индукции. 2. Магнитный поток. 3. Закон электромагнитной индукции. 4. Правило Ленца.

Аналіз виробничої потужністі підприємства

Курсова робота. Ціль роботи: проаналізувати виробничу потужність підприємства. У курсовій роботі будуть розглянуті основні показники виробничої потужності підприємства, а також буде розрахована виробнича потужність підприємства ТОВ «КРОНОС-ИНВЕСТ».

История отечественного государства и права

Государственный строй России. Конституция РСФСР. Советская судебная система. Предпосылки гражданской войны. Новая экономическая политика (НЭП). Образование СССР. Конституция СССР. Кодекс законов о труде. Земельный кодекс РСФСР. Социальное, экономическое и политическое развитие государства. Признаки правового государства РФ.

Физика. Имтихан җаваплар

Тесты по дисциплине «Управление человеческими ресурсами»

Ответы на тесты по дисциплине «Управление персоналом организации». Персонал как объект управления, его роль в управлении радикальными нововведениями. Мотивация. Адаптация персонала в организации. Анализ работы. Аттестация и оценка персонала. Управление карьерой, формирование резерва кадров. управление конфликтами. Набор и отбор персонала. Управление компенсациями. Концепции и подходы к управлению персоналом. Организационная структура управления персоналом. Развитие, обучение, переподготовка и переобучение, тренинг, высвобождение. Оценка потенциала работников и организации. Организация работы с персоналом: служба персонала, кадровые технологии, принятие кадровых решений, расчет эффективности.