Әбу Насыр әл-Фарабидің поэзия өнері туралы трактаттары

Территория рекламы

Зерттеушілердің айтуынша қарағанда, ғұлама жерлес атамыз ғылымның сан тарауларында із қалдыра отырып, филология, коллиграфия, риторика мәселелерімен де айналысқан көрінеді. “Поэзия өнері хақындағы қағидалар”, “Өлең өнері жөніндегі трактаты”, “Ырғақтар классификациясы туралы” еңбектері осы сөзімізге жақсы дәлел бола алады.

Әл-Фарабидің ақындығын әңгіме еткенде, ең алдымен, әдебиетшілігі, өлең теоретигі екендігі алдына түсіп кете береді. Ғалымдардың айтуынша, ұлы атамыз заманында поэзия падишасы атаныпты. “Өмірге деген махаббаттың өзі қайырымдылықтың ұлы қайнар бұлағы болмақ” деп Отырар ойшылы айтқандай, ол Аристотельдің “Поэтикасын” түсіндіру, дамыту тұсында поэзияға, оның өкілдеріне ересен міндеттер жүктейді. Өрен істерге ұмтылдыратын өлеңнің өлмес қайрат, қасиетін ғалым бабамыз шебер жеткізеді.

Әл-Фараби Аристотель “Поэтикасының” жетіспейтін жақтарын да ашық айтып, қадір-халінше ұстаз ойларын өрістете түседі. Егер Аристотель байымдаудың үш түрін ғана атаса, шәкірті оған және екі түрін: риторикалық, поэтикалық пайымдауды әкеліп қосады. Поэтикалық пайымдау үйлестіктен, яғни заттардың, ұғым, құбылыстарды өзара ұқсастығынан барып туатындығын дәлелдейді.

Әл-Фараби ақындарды үш топқа бөліп қарады. Бірінші топқа суырып салма, ағып тұрған табиғи дарындарды жатқызады, бұлардың көңілі түскен тақырыпқа теңеу, метафоралармен әсем мүсіндеп бере алатын қасиетіне тоқталады. Екінші топқа өлең түрлеріне, қағидаларына жетік, поэтикалық құралдардың қисынын кәміл келтіретін ойшыл ақындарды айырады. Үшінші топқа еліктеушілерді тізеді. Алдыңғы екі топтағы қасиеттің бірі бұлардың бойынан ұшырамайды. Не табиғи таланты, не ізденімпаздығы, ойшылдығы жоқ дейді. Арадағы өткен он ғасырға қарамастан кемеңгер бабамыздың поэтика жөніндегі еңбегі бүгінгі поэзияға қойылып отырған талап, тілектермен терең үндесіп кетеді.

Әдебиетші атамыздың екінші трактаты “Китаби-алишир” немесе “поэзия кітабы” деп аталады. Поэзия шындыққа еліктеуден, соның бейнесін сомдаудан туады. Бір зат арқылы екінші затты түсіндіреді, сөздің қуаты, күші адам мінін, мінезін түзеуге дейін апарады дейді ғалым. Әл-Фараби араб поэзиясының ерекшелігіне сүйене келе, өлеңнің өлеңдік ерекшелігіне, шешендік сөзден айырмашылықтарына тоқталады, әуезділігі болмаса өлең өлшемі бұзылғандығын білдіреді, ритмикаға айрықша мән береді. Егер сөзде өлеңнің шама-мөлшері, ырғағы болмаса оны поэтикалық қара сөзге жатқызу керектігін ескертеді. Сөйтіп, ғалым шешендік сөз бен өлеңнің арасына шекара қояды.

Ұлы атамыздың парасат куәсіндей болған поэтика хақында ұлағатты пікірлері күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Әрдайым адамның санасына сәуле сеуіп тұрады. Әбу Нәсір әл-Фарабидің ғылыми мұрасы – Шығыс халықтарына ортақ, халықтар достығын онан сайын нығайта беретін асыл қазына. Егемендік туын тік ұстаған әл-Фараби ұрпағы сол бай қазынадан әманда сусындай бермек.

Энциклопедист ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің әдебиет теориясы, соның ішінде поэтика жайлы көзқарастары немесе оның жан-жақты мұрасының поэтикаға қатысты қырлары дегенде оның бұл салаға арнаған бүгінгі ғылымға белгілі екі зерттеу еңбегінің бар екенін айту қажет. Оның біріншісі – «Поэзия өнері жайлы» (джауами‘у аш-ши‘р («جوامع الشعر», ал екіншісі – «Поэзия өнерінің қағидалары» (қауанину сина‘ати аш-ши‘р («قوانين صناعة الشعر» трактаттары.

Әл-Фарабидің бұл салаға арналған зерттеулерінің бар екенін қазақ тілінде алғаш рет жазып, оны ғылыми айналымға енгізген белгілі шығыстанушы ғалым Ә.Дербісәлі болатын. Мәскеудегі Шығыстану институтының аспирантурасында оқып жүріп ол «Лениншіл жас» газетінде «Әл-Фараби және оның «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактаты» атты зерттеуін қазақ тіліне аударып жариялады /1/. Кейіннен бұл еңбек «Сөзстан» жинағында қайта жарық көрді /2/ және ғалым-ұстаздың университет студенттеріне арнап құрастырған арнайы курсы – «Әл-Фарабидің эстетикасы» атты еңбегінің мазмұнына да енді /3/. Бұл еңбек өз уақытында елімізде әл-Фараби мұрасын университет қабырғасында арнайы пән ретінде оқыту барысында жасалған алғашқы қадам болатын.

Әл-Фарабидің «Поэзия өнерінің қағидалары» жайлы трактаты араб зерттеушілері мен оқырмандарына ғалым Абд-ар-Рахман Бәдәуидің «Поэзия өнері» («Фәнну-ш-Ши‘р»الشعر» «فن) еңбегі арқылы жетті /6/. Ғалымның деректанулық ізденістеріне қарап оның әл-Фарабидің бұл трактатын есімі жоғарыда аталған италиандық ғалым Дж.Арберридің Үндістанға барған сапарында тауып, «Ориэнте Модернода» журналында (1937) жариялаған нұсқасынан алғанын түсінуге болады. Абд-ар-Рахман Бәдәуи Аристотельдің «Поэтикасына» арнаған зерттеуінің мазмұнында әл-Фарабидің осы «Поэзия өнерінің қағидалары» жайлы трактатын Мысырда 1953 жылы жариялаған. Италияда жарық көрген араб тіліндегі сол нұсқаны ғалым Ә. Дербісәлі отандық зерттеушілер мен оқырмандарға 1973 жылы жеткізген.

Әл-Фарабидің поэзия мен ол жайлы ғылым поэтика тақырыбында қалдырған келесі жазба мұрасы – «Поэзия өнері жайлы» трактатын екінші бір мысырлық ғалым Мухаммад Сәлим Сәлим Чехославакияның Братислава кітапханасының қолжазба қорынан тауып, оған алғысөз жазып, ортағасырлық тағы бір ойшыл, отырарлық ғалымның ізін басқан шәкірті Ибн Рушдтің Аристотель ілімін зерттеуге арнаған еңбегімен бірге жариялады. Солайша, «Поэзия өнері жайлы» трактат ( («جوامع الشعر» 1971 ж. Каир қаласында Ислам істері Жоғары Кеңесінің ислам ғалымдары мұрасын жинақтап, зерттеумен айналысатын Комитет тарапынан «Талхису Китабин ли-Аристуталис ли-Ибн Рушди» жинағының мазмұнында жарық көрді /5/.

Мысырлық зерттеуші Мухаммад Сәлим аталған алғысөзде әл-Фарабидің бұл еңбегінің қолжазбасы Братислава университетінің кітапханасында 231 нөмірмен сақтаулы тұрғанын және бұған дейін жарияланбағанын айта келіп, ол нұсқадан енді екі микрофильмдік көшірме жасалып, бірі Мысырдың Ұлттық кітапханасына, ал екіншісі Айн Шамс университетінің (Мысыр Араб Республикасы) кітапханасына тапсырылғаны жайлы құнды мәлімет береді.

Әл-Фарабидің «Поэзия өнерінің қағидалары» және «Поэзия өнері жайлы» трактаттарының аудармасы өз елімізде алғаш рет 1975 жылы орыс тілінде жарық көрді. Олардың біріншісі – «Поэзия өнерінің қағидалары» ғалымдар Б.Я.Ошерович пен Е.Д.Харенко тарапынан /7, 362-369/ және екіншісі – «Поэзия өнері жайлы» трактат ғалым Н.Н.Караев тарапынан аударылып жарияланды /7, 356-361/. Н.Н.Караев аудармасы әл-Фарабидің логикалық туындылары қолжазбасының Братиславалық нұсқасынан тікелей жасалды.

Әл-Фарабидің «Поэзия өнерінің қағидалары» және «Поэзия өнері жайлы» екі трактаты олардың атауына қарағанда өзара ұқсас туындылар көрінгенмен олардың мәтінімен жақын танысу екеуінің бір-бірінен бөлек нысанды, дербес мазмұнды еңбектер екенін айқындауға мүмкіндік береді. Олардың алғашқысы – «Поэзия өнерінің қағидалары» Аристотельдің «Поэзия өнері жайлы» еңбегін талдауға арналған туынды. Әл-Фараби бұл туындысында өзі «хакім» деп атаған Аристотельдің поэтика бойынша тұжырымдары мен ілімін түсіндіреді, оның ізімен грек поэзиясының түрлерін жіктеп, оның әрқайсысына (трагедия, дифирамб, комедия, ямб, драма, айнос және т.б.) – жиыны он екі жанрға анықтама береді және ақындарды табиғи дарыны мен шеберлігі тұрғысынан үш топқа бөледі.

Ал әл-Фарабидің екінші еңбегі «Поэзия өнері жайлы» трактаты Араб жазирасында көне, Исламға дейінгі дәуірде ауызша туып, өте кең тараған, араб халқының сұлу, қайталанбас ұлттық мұрасы – поэзия өнері жайында жазылған дербес, авторлық туынды. Әл-Фараби бұл трактатында негізінен араб метрикасына сәйкес мәселелерге – бәйіттің соңғы соңғы дыбысы, ұйқас, бір бунақ немесе жолдағы қысқа дауыстылар саны, олардың өлең өлшеміне қатысы және т.б. тек араб поэзиясының өзіне ғана тән сұрақтарын талдап, сонымен қатар поэзияның оған жақын өнер – риторикада қолданылу ерекшеліктеріне қатысты тұжырым жасайды, әдебиет теориясының «еліктеу» теориясына жан-жақты, әрі терең талдау жүргізеді.

← Предыдущая
Страница 1
Следующая →

Скачать

adebiet.docx

adebiet.docx
Размер: 309.4 Кб

Бесплатно Скачать

Пожаловаться на материал

Ғасыр басындағы көркем аударма. Көркем аударма – әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы. Жаңа технология. Жыраулар поэзиясы. Абыл. Әдебиеттегі өзгешеліктердің бірі. Педагогика ғылымы. Әдеби жанр. Әдебиет пәні.

У нас самая большая информационная база в рунете, поэтому Вы всегда можете найти походите запросы

Искать ещё по теме...

Эта тема принадлежит разделу:

Көркем аударма

Ғасыр басындағы көркем аударма. Көркем аударма – әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы. Жаңа технология. Жыраулар поэзиясы. Абыл. Әдебиеттегі өзгешеліктердің бірі. Педагогика ғылымы. Әдеби жанр. Әдебиет пәні.

К данному материалу относятся разделы:

Әдебиеттану ғылымы. Текстология

Жыраулар поэзиясын оқытудың тиімді жолдары

Сал – серілер поэзиясының сұлулық әлемі

«Зар – заман» ақындары шығармашылығындағы отаршылдық дәуір көрінісі

Зар заман ақындарының өлеңдерінің мәні

Ақындарының шығармаларына тиым салынуы

Тұрмыс – салт жырларының түрлері

Оқытудың жаңаша түрлері

Авторлық ауыз әдебиеті: жыраулар поэзиясы

Абайдың ақындық мектебі

ХХ ғасыр басындағы діни-ағартушылық бағыт (Шәді төре Жәңгірұлы, Нұржан Наушабайұлы, Мақыш Қалтайұлы)

ХІХ ғасыр әдебиетідегі Қоқан езгісіне қарсы күрес сарыны

Көркем шығарманың сюжеті мен композициясы

Қазіргі қазақ фольклортануы

Поэма жанрын оқыту жолдары

ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасындағы әлеуметтік романдар («Бақытсыз Жамал», «Қамар сұлу»)

ХIX ғасырдағы айтыс өнері

Лиро-эпостық жырлардың жанрлық сипаты

Әдебиет пәнін оқытудағы әдіс-тәсілдер

Көркем шығарманы талдау жолдары

Әдеби бағыт, ағым және көркемдік әдіс

Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» толғауы

Мектепте әдебиет пәнін оқытудың өзіндік ерекшеліктері

Лирика жанры, оның түрлері

Драма жанры, оның түрлері

А.Байтұрсынұлының «қырық мысал» жинағы

Қобыланды жырының әдеби нұсқалары

Ежелгі дәуір әдебиетінің зерттелу тарихынан (Б.Кежебаев, М.Жолдасбеков, Х.Сүйіншәлиев, Н.Келімбетов)

Абайдың табиғат лирикасын оқыту

Аңыздық проза және оның түрлері

С.Торайғырұлы поэмаларындағы Алаш идеясы(«Айтыс», «Таныстыру»)

Мысал жанрын оқыту

Роман жанрын оқыту

Қазақ драматуогиясындағы алғашқы пьесалар (К.Төгісов, К.Кемеңгеров)

«Зар заман» ақындары поэзиясының стилі

М.Ж.Көпейұлының қисса дастандары

М.Жұмабайұлы және қазақ символизмі

Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары

Абай аудармалырының шеберлік қырлары

Әбу Насыр әл-Фарабидің поэзия өнері туралы трактаттары

Мәнерлеп оқу

М.Әуезов шығармаларын оқыту жолдары

“Қыз Жібек” жырындағы халықтық салт-дәстүр көріністері

Көркем шығарманы проблемалық талдау жолдары

Алтын Орда – Қыпшақ дәуіріндегі әдебиет

Абай қара сөздеріндегі философиялық-дидактикалық толғамдар

Әдебиет сабағында сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар

Қорқыт ата кітабының нұсқалары,зерттелуі

Шәкәрім Құдайбердіұлының “Қалқаман-Мамыр” поэмасындағы тартыс

Жыраулар поэзиясы және мемлекетшілдік сана

Эпикалық шығармаларды оқыту жолдары

Мақал-мәтелдердің тәрбиелік-тағылымдық мәні, тақырыптық түрлері

Айтыс жанрлық ерекшелігі, түрлері

І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасындағы Ақан сері бейнесі

Сабақты шығармашылық түрде ұйымдастыру

Ж.Аймауытұлының «Ақбілек» романындағы психологизм

Ы.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы» және қазақ ағартушылығы

Шығарма жаздыру

Дулат Бабатайұлының отаршылдыққа қарсы шығармалары

Ертегі жанрын оқыту

Әдебиет сабағында әдеби теориялық ұғымдармен танысу

Көркем шығарманы талдау жолдары

ХХ ғасыр бас кезіндегі ұлт әдебиетіндегі Алаш идеясы

Жыраулар поэзиясының болжалдық сипаты

1980-90 жылдардағы қазақ әдеби сыны

Поэзиялық шығармаларды оқыту жолдары

Похожие материалы:

Экономическая оценка инвестиций. Задачи с решениями

Определить будущую стоимость денежных средств на момент года. Определить текущую стоимость денежных средств. Определить сумму будущей и текущей стоимости денежных потоков. Экономическая оценка инвестиций основывается на расчете четырех показателей.

Вопросы к теоретическому курсу по дисциплине ТПС

Товароведение продовольственных товаров

Российское гражданское право. Ответы

Гражданско-правовое регулирование. Сокращения: ГК - гражданский кодекс; ГП - гражданское право; РФ - Российская Федерация; ЮЛ - юридическое лицо; ФЛ - физические лица; ФЗ - Федеральный закон; ГЗ - гражданский закон;

Типология Личко

Обозначьте психолого-педагогические подходы к организации деятельности обучающегося, на основе учета его индивидуальных особенностей. Комплекс упражнений, применяемых при освоении техники классического лыжного хода