Аллергиялық реакциялар.Анафилактикалық шок

1

Аллергиялық реакциялар.Анафилактикалық шок

Аллергия түрлері

Не медленный тип IgE риоагенді

Гумаральды иммунды

Иммунокомплексті

Баяу түрі Т-лимфоциттер көптеп бөлінеді

Анафилактикалық шок - АШ жедел дамитын негізінде аллергиялық реакциялар жататын қан айналым, тыныс алу, ОЖЖ ауыр бұзылыстармен сипатталатын адам өміріне қауіпті процесс.

Клиникалық түрлеріне қарай

Найзағай тәрізді- тез басталады АҚ үдемелі төмендейді тыныс алудың өршімелі нашарлаумен жүретін түрі.Терапияға резистенттілік байқалады Науқас жағдайы күрт нашарлап комаға дейін жету мүмкін.Бұл түрінде өлім бірнеше мин және сағ ішінде байқалады

Рецидивті-бірнеше сағ не тәулік өткеннен кейін шок жағдайы қайталанады. Осы рецидив ауырлау өтеді және терапияға резистенті болып келед

Абортивті ағымы- АШ- тың асфиксиялық варианты науқастағы клиникалык белгілер оңай жойылады кейде емді қажет етпейді.

Қауіп факторлары науқас анамнезінде дәрілік аллергия болса. Дәрілік препараттарды ұзақ уақыт не қайталама курстармен қолданса.

Депо препараттар қолданса

Полипрагмазия

Дәрілік препараттың сенсебилизациялаушы белсенділігінің жоғары болуы

Дәрілік препараттармен ұзақ контакт болса

Дерматомикоздар

Диагностикалық критерийлер

Найзағай тәрізді- болса науқас шағым айтпай есінен танады.Шокқа тән симптом: тері түсінің өзгеруі, гиперимия, цианоз, тері бетінде экзантема болады, бет қабақ, шырышты қабаттардың ісінуі, сулы жабысқак тер, жөтел, денесінің қышуы, көзінен жас ағу ,клоникалық тырысулар ,қозғалысты қозу, пульс жіп тәрізді, жиі тахикардия, АҚ тез арада төмендейді, тыныстың бұзылуы, қарашықтың кеңеуі.

Гемадинамикалық түрі-жүрек қан тамыр жүйесі бұзылады, жүрек тұсында ауырсыну ,ырғақ бұзылысы, әлсіз пульс, ҚҚ төмендейді, жүрек тондарының тұйықталуы , перефериялық тамырлардың спазмы немесе кеңуі.

Асфексиялық түрі- тыныс жеткіліксіздік белгілері алдыңғы орында тыныс жеткіліксіздігі көмей ісінуі бронх қабықтарының ісінуі бронхтардың тарылуы өкпе ісінуіне байланысты ауырлық дәрежесі тыныс жеткіліксіздік дәрежесіне байланысты респираторлы дисстрес синдромы дамуы мүмкін.

Церебралды түрі- сирек кездеседі ОЖЖ зақымдалу белгілері алдыңғы орынға шығад қозу есін жоғалту ми ісінуі тыныс алу және жүрек жұмысы тоқтауменен эпилепсиялық статус дамиды.

Абдоминалды түрі- алдыңғы қатарда өткір іш белгілері шығады эпигастрий аймағында,іште ауру сезімі, құсу,ішінің бұрауы.Мұндай АШ-ң түрімен науқастар операционды стөлге жеткен уақыттары болған.

Шоктың патофизиологиялық фазалары

Эректилді

Торпидтік

АШ-тың эректилді фазасы:

20-30 мин созылады церебралды кардио васкулярлы синдромдармен көрінеді. Церебралды синдром: қозу, эйфория,рефлекстер,гиперсезімталдық,қарашық кеңуі байқалады

Науқас есін жоғалтпайды, қозған,тынышсыз,өлім қорқынышы сезім

Кардиоваскулярлы синдром: 120/110 жоғарлайды не қалыпты қан қысымы, тахикардия немесе пульстің баяулауымен, бозаруменб сирек гиперемиямен көрінеді.

АШ-тың торпидті фазасы:

Шоққа тән негізгі патогенетикалық механизмдер қосылады бірнеше сағ созылып, көмек көрсетілмеген жағдайда өліммен аяқталады. Торпидтік фазасы 3 дәрежемен қарастырылады:

1дәрежесі компенсация :возоконстрикция басым,жалпы жағдайы ауыр,тері бозарған,ерні, тырнақ ұштары цианозды тынысы беткей, гипотермия ОНЖ жағынан әлсіздік, қарашықтары тарылған.

Кардиоваскулярлы: АҚ төмендеген баяу пульс .

2 дәрежесі субкомпенсация: вазодилатация белгілері басым,науқас жағдайы өте ауыр,цианоз жайылған ,жіті беткей тыныс гипотермия,олигоанурия.

Церебральді синдром: тежелу,есенгіреу, қарашықтардың кеңеу,фотореакция әлсіз.

Кардиоваскулярлы: жүрек тондары тұйық, гипотония,тахикардия, экстрасистолия, перефериялық веналардың босауы,пульстің нашар пальпациялануы

Қанда метаболикалық ацидоз гипокалемия гипоксия.

3 дәрежесі декомпенсация: вазоатония белгілері басым жағдайы өте ауыр тотальді цианоз,гипотермия, беткей немесе Чейн Стокс типті тыныс, анурия.

Церебральі синдром: есінің жоғалуы,толық аденамия, қарашықтары кеңейген,жарыққа реакция мүлдем жоқ.

Кардиоваскулярлы: пульс анықталмайды немесе жіп тәрізді АҚ 50 мм сын бағ төмендеген жүрек тондары тұйық аритмия

тіндер мен мүшелерде қайтымсыз өзгерістер.

Шоктық индекс Альгов индекс пульс/сист АҚ=N-0,5

І. Дәрежелі шокта=1 ге

ІІ. Дәрежелі= 1-1,5 дейін

ІІІ. Дәрежелі шокта=1,5жоғарлайд

Дифференцация:

Шоктың басқа түрлерімен

Аллергиялық реакциялардың генерализденген түрлерімен

Емі:

Аллергияның түсуін тежеу

Иньекция орнына жоғарыдан жгут салу 30мин қа

Венаны қысамыз ал артерияны болмайды әр 10 мин сайын 2 мин босатамыз жгутты обкалывание 0,18% адреналин 5мл NaCL ертіндісіне ерітіп ,сол орынған айналдыра укол саламыз

Ара шаққан болса араның инесін арнайы шприцпен алып тастаймыз

Антигистаминдік препараттар қолданбаймыз

Аллергияға қарсы терапия:

Ең бірінші көмек адреналин 0,18% қан тамырлары табылмаса бұлшық еттке 1 мм енгіземіз.

Преднизалон 90-150мг ауыр жағдайда 300мг дейін

2- 12 ай балаға 2-3мг/кг 1-14 жастағы балаға 1-2мг/кг

Шоққа қарсы терапия:

Тынысты қалыптастыру науқасты тегіс жерге жатқызу, басын бір жаққа бұру тісте протез болса алып тастау.

Қан тамырға катетер қоямыз NаCL не басқа тұзды ертіндіні 20мг/кгсалмағына енгізімезім

Симпотоматикалық терапия:

АҚ төмендеген болса симпатомиметиктер допамин 5-15мкг/кг қажет жағдайда бұл мөлшер жоғарлатамыз немесе 2ші симпотомиметик тағайындалады.

Брадикардия болса 0,5 мл атропин тағайындаймыз бронхоспазм белгілері болса B адреномиметиктер небулайзер арқылы 5-10 мин сальбутомол енгіземіз.

Цианоз болса оттегі терапиясы қажет жағдайда тыныс жодарын протездеу жасанды вентиляцияға жасау.

АШ кезінде көмек көрсеткен дәрігер жүрек өкпе ми реанимациясын жасауға дайын болуы керек.

АШ пен науқастар міндетті түрде госпитализацияланады

Стационарға алдын ала хабар беріліп науқастар реанимация бөлімшесіне жатқызылады.

Квинке ісінуі

Кезек күттірмейтін көмек:

Антигистаминді препаратар аккомистин, ауыр жағдайда глюкокортикоидтар 90-120 мг

Балалар 2-12 ай 2-3 мг/кг

1-14 жас балаларға 1-2 мг/кг

Ісіну көмейде болса тыныс жеткіліксіздігі дамиды сондықтан коникотомия жүргізілу тиіс.

← Предыдущая
Страница 1
Следующая →

Файл

ALLERGIYaLY_1178_REAKTsIYaLAR.docx

ALLERGIYaLY_1178_REAKTsIYaLAR.docx
Размер: 18.2 Кб

.

Пожаловаться на материал

Описание к данному материалу отсутствует

У нас самая большая информационная база в рунете, поэтому Вы всегда можете найти походите запросы

Искать ещё по теме...

Похожие материалы:

Желудочно-кишечный тракт. Ответ на тест

Пищеварительные функции ЖКТ, процессв переработки пищи в различных отделах ЖКТ

Физиология

Физиология дословно - это учение о природе. История развития физиологии. Цель, задачи, предмет физиологии. Шпоры по физиологии. Физиология и биофизика возбудимых клеток. Физиология мышц. Физиология процессов межклеточной передачи возбуждения. Центральная нервная система, система крови.

Контрольная работа по дисциплине «Информатика»

Для построения таблицы будем использовать табличный процессор Microsoft Excel 2003

Социологическая теория Дж. Морено

Курсовой проект по дисциплине «Современные социологические теории» Цель: анализ основных положений социологической теории Дж.Морено, в частности концепции социометрии.

Кредит в ринковій економіці

Поняття і види кредитів. Принципи кредитування. Порядок отримання кредиту. Порядок погашення позики і відсотків. Поняття депозитних рахунків.

Сохранить?

Пропустить...

Введите код

Ok